Кешірімділік және надандардан (білместерден) алшақтау жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр” “Ағраф” сүресі, 199 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“…Сондықтан көркем, жұмсақ сыңай байқат.” “Хыжыр” сүресі, 85 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“…Ғапу етіп, кешірсін. Аллаһтың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме?…” “Нұр” сүресі, 22 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“…Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер…” “Аль-Имран” сүресі, 34 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы.” “Шура” сүресі, 43 аят.
643. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:
“Сен үшін Ухуд соғысынан1 да ауыр болған күн болды ма?”, - деп сұрағанында, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Мен сенің руластарыңнан2 көп жәбір көрдім, бірақ Ақаба күні3 менің жаныма қатты батты, сол жерде мен Ибн Абд Йаляйлю бин Абд Кулялға4 маған еруді ұсынғанымда, ол маған мен күткен жауапты бермеді5. Сонда мен жабырқап кері қайттым, ал сонда менің ренжігенімді, түріме қарап білуге болушы еді. Мен (сол жерден шыққаннан) Карн ас Салиб (тауының)6 жанында өз-өзіме келдім. Басымды көтерсем төбемде, маған көлеңкесі түскен бұлтты байқадым. Оның ішінде Жебірейіл (періште), оған Аллаһтың сәлемі болсын, бар екен, ол маған: “Расында, Аллаһ Тағала саған сенің руластарыңның не дегенін және қандай жауап бергенін естіді, сондықтан Ол саған тау періштелерін жіберіп, оларға қалағаныңды бұйыр, деді”, - деді. Ал сосын тау періштесі менімен сәлемдесті де: “Иә Мухаммад, расында, Аллаһ сенің руластарыңның саған не дегенін естіді. Ал мен – тау періштесімін, сонымен не қалайсың? Қаласаң мен оларға ал-Ахшабейін (тауын) құлатайын!”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жоқ, мен Аллаһтан, олардан тек қана Өзіне табынатын және Өзінен басқа ешкімге табынбайтын ұрпақ шығарсын, деп сұраймын!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
644. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһ жолындағы соғыстарды есептемегенде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өз қолымен ешнәрсені1 соққан (ұрған) емес, ол не әйелдерді, не малайларды ұрған емес, оны қаншама ренжіткенмен, егер де сол уақытта Аллаһтың тыйым салынған нәрселері бұзылмаса, ол өзі үшін ешкімге кек қайтарған емес, ал егер Аллаһ Тағаланың тыйым салған нәрселерін кім аттап өтсе, ол кезде ол Аллаһ Тағала үшін кек алатын. Муслим.
645. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде, мен үстіне дөрекі (қатқыл) жимекті Нажранда (тоқылған) шапанды жамылған Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір жерге кетіп бара жатқанымда, бір бәдәуи оны қуып жетіп шапанының жиегінен қатты тартты. Оның қатты тартқаны соншалық Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, иығында шапанның астарының ізі қалғанын көрдім, ал бәдәуи болса: “Иә Мухаммад, өзіңдегі Аллаһтың байлығынан маған бір нәрсе беруін бұйыр”, - деді. Бұны естіген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұрылып қарап күлді де, оған бір нәрсе берілуіне әмір етті. Аль-Бухари, Муслим.
646. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір пайғамбарлардан біреуі жайлы әңгіме айтып, оны руластары ұрып ал ол болса бетіндегі қанын сүртіп: “Иә Аллаһ, менің руластарымды кешір, олар не істеп жатқандарын білмейді”, - дегенін айтып жатқаны әлі де көз алдымда. Аль-Бухари, Муслим.
647. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Көпті жеңген мықты емес, өз-өзін ызаланғанда ұстай алған мықты. Аль-Бухари, Муслим.
76 ТАРАУ
(Қолайсыздыққа), реніштерге төзу жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“…олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді.” “Аль-Имран” сүресі, 134 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы.” “Шура” сүресі, 43 аят.
648. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, менің туысқандарым бар. Мен олармен туысқандық байланысымды үзбеймін, ал олар болса араласқысы келмейді, мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар болса маған залымдық жасайды, мен оларды сыйлайымын, ал олар болса менімен надан адамдар секілді сөйлеседі», – деді. Бұған ол: «Егер жағдай, шынымен-ақ сен айтқандай болса, онда сен олардың аузын ыстық күлмен толтырып жатырсың, және Аллаһтан саған оларға қарсы көмекші болады!», – деді. Муслим.
«Олардың ауыздарын ыстық күлмен толтырасың», деген сөз, ол «сен оларды ыстық күлмен тамақтандырасың», дегені. Сонымен оларға сол істеген күнәләрі үшін жіберілетін жаза, ауызға салынған ыстық күлмен тең болғаны. Және де оларға біреу жақсылық жасағаннан жақсылық жасаушыға ештеңе болмайды, ал олар болса оны ренжіткені үшін үлкен күнәға батады, ал Аллаһ болса бұл туралы жақсырақ біледі».
77 ТАРАУ
Аллаһтың шегінен шығушыларға ашулану және Аллаһ Тағаланың дінінде көмек көрсету жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Міне осы, кім Аллаһтың ардақтағандарын жоғары бағаласа, сонда оған Раббыларының қасында хайырлы…” “Хаж” сүресі, 30 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Әй мүминдер! Егер Аллаһқа (дінінде) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді.” “Хұжрат” сүресі, 9 аят.
649. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын келіп: «Расында, пәленше имам намазды ұзақ өткізетіндіктен, таң намазы мені бөгейді», - деді. Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сол күндегідей адамдарға насихат айтып ашуланғанын ешқашан көрген емеспін. Ол: «Иә адамдар! Расында, сендерден кейбіреуің адамдарды діннен қашырасыңдар! Адамдармен намаз өткізуші намазын созбасын, өйткені оның артында кәрілер мен жастар және шұғыл шаруалары барлар болады!» аль-Бухари, Муслим.
650. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, Мединаға бір жорықтан қайтып оралды, ал мен болсам түкпір бөлмеге суреті бар перде іліп қойдым, бұны көрген Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болын, түрі өзгеріп, оны жартып тастады да: “Иә Айша, Ахіретте Аллаһтың жарату сипатына еліктегендерді, Аллаһ ең ауыр жазаға тартады!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
651. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Кезінде, махзум руынан ұрлық жасаған әйелдің ісімен бастары қатқан құрайыштар: “Кім бұл әйел жайында Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөйлеседі?”1, - деп сұрастыра бастады. Сонда басқалар: “Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүйіктісі Усама бин Зайдтан басқа кімнің бұған дәті барады?”, - дей бастады. Бірақта Усама оған бұл мәселемен барғанда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Шыныменақ сен, Аллаһтың үкімі бар істе біреуге болыспақшысың ба!?”, - деді. Содан соң ол орнынан тұрда да адамдарға насихатпен былай деді: “Расында, сендерге дейін өмір сүргендердің опат болуына мына жай себепкер болған, егер олардың арасынан әйгілі (құрметті) адамдар ұрлық жасаған болса, оған олар тиіспейтін де, ал ұрлықты әлсіздерінен біреу жасаған болса, онда олар оны шариғаттың үкіміне сай жазалайтын. Аллаһтың атымен ант етемін, егерде Мухаммадтың қызы Фатима ұрлық жасаған болса, онда мен міндетті түрде оның да қолын кестірген болар едім!” Аль-Бухари, Муслим.
652. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мешіттің қибла жағындағы қабырғасынан сілекейді көріп, қатты ренжігенін оның түрінен байқадық. Ол орнынан тұрып өз қолымен сол жерді сүртті де: “Расында, әр қайсысың намазға кіріскенде өзінің Тәңірімен құпия сұхбатта болады, және де, расында, Оның Тәңірі, онымен қибланың арасында, сондықтан сендерден ешкімге ешуақытта қибла бағытында түкірулеріңе рұқсат жоқ, (түкіргісі келсе) тек қана өзінен солға не аяғының астына түкірсін!”, - деді. Содан кейін ол шапанының бір ұшын алды да оған түкіріп, оны шапанының екінші ұшымен жауып: “Не болмаса осылай істесін!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл жердегі солға және аяғының астына түкірудің міндеттілігі мешіттен тысқары жерде істейтін амалға жатады, ал егер адам мешітте болса, онда тек қана киіміне ғана түкіруіне болады.
78 ТАРАУ
Биліктегілерге өзінің қарамағындағы адамдарға байланысты жұмсақ, мейірбан, оларға қарасулары және оларды алдамау, тым қатал болмау, оларға және олардың ісіне байыпсыздық көрсетпеуі жайында.
Аллаһ Тағала айтты:
“Мүминдерге саған ергендерге қанатыңды жай” “Шұғара” сүресі, 215 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Негізінде Аллаһ әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыйады. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер” “Нахыл” сүресі, 90 аят.
653. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Сендердің әр-қайсыларың бақташысыңдар және сендердің әр-қайсыларың баққандарыңа жауап бересіңдер: әмірші бақташы саналады және өзінің баққанына жауапкер, еркек өзінің жанұясының бақташысы және өзінің баққанына жауапкер, әйел де күйеуінің үйі мен балаларының бақташысы саналады және өзінің баққанына жауапкер, қызметші өз иесінің дүнесіне бақташы және өзінің баққанына жауапкер. Сонымен әр-қайсысың бақташысыңдар және әр-қайсысың баққандарыңа жауапкерсіңдер. Аль-Бухари, Муслим.
654. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ кімнің қарамағына Өзінің құлдарын тапсырып, ал ол болса өзіне өлім келген күні, оларды алдап өлсе, онда Аллаһ оған Жәннәтті харам етеді. Аль-Бухари, Муслим.
Ал бұл хадистің тек қана аль-Бухари келтірген нұскқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, былай деп йтқаны келтріледі:
… және ол оларға шын жүректен ақ пейілдік танытпаса, онда ол Жәннәтің жұпар иісін сезінбейді.
Ал бұл хадистің тек қана аль-Бухари келтірген нұскқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, былай деп йтқаны келтріледі:
Мұсылмандарға өкім жүргізуші кез келген әмірші, өзінің қарамағындағылардың игілігі үшін еңбек етпесе, не оларға шын жүректен ақ пейілдік танытпаса, олармен бірге Жәннәтқа кірмейді.
655. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің үйімде болған уақытында, былай деп айтқанын естідім: “Иә Аллаһ, менің үмметімнің үстінен кімде-кім әмір жүргізіп, олармен қатал болса Сен де оған қатал бол, ал менің үмметімнің үстінен кімде-кім әмір жүргізіп, олармен жұмсақ болса Сен де оған жұмсақ бол!” Муслим
656. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
“Бұрын израйлдықтармен пайғамбарлар басқаратын, және әрдайым қай бір пайғамбар дүниеден өтпесін оның орнын басқа пайғамбар басатын. Ал мен жайлы айттын болсақ, онда менен кейін пайғамбар болмайды, бірақта көптеген халифтар болады.” Сонда адамдар: “Бізге не бұйырасың?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Оларға ант берілгендердің алғашқысына адал болыңдар, олардың хақыларын орындаңдар1 және Аллаһтан өздеріңе тиесілісін сұраңдар, ал Аллаһ болса оларға сеніп тапсырылғандарынан міндетті түрде сұрайды”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
657. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Хасана аль-Басри айтуымен:
Бірде Ъаиз бин Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Убайдуллаһ бин Зайдқа келіп былай деді: «Иә балам, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бақташылардың ең жаманы қаттылары (мейірімсіздері)», – деп айтқанын естідім, сондықтан солардың бірі болудан сақтан»1. Аль-Бухари, Муслим.
658. Хабар бойынша, бірде Абу Марйам аль-Азди, оған Аллаһтың ризашылығ болсын, Муъавияға, оған Алаһтың ризашылығ болсын, былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: «Егер Аллаһ біреуге бір істе болса да мұсылмандардың үстінен әмір жүргізуді берсе, ал ол болса олардың мұқтаждары мен керектерінен тасаланса, Аллаһ Ақыретте оның мұқтаждары мен керектерінен тасаланады», - деді. Содан кейін Муъавийа бір адамға, адамдардың мұқтаждықтарымен айналысуын әмір етті. Абу Дауд, ат-Тирмизи.
79 ТАРАУ
Әділ әмірші жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Негізінде Аллаһ әділеттілік пен игілікті ұстанып және ағайынға қайырласуды бұйырады….” “Нахыл” сүресі, 90 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“…Расында, Аллаһ туралық істеушілерді жақсы көреді.” “Хұжрат” сүресі, 9 аят.
659. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһтан басқа ешкімнің көлеңкесі болмаған күні, Аллаһ Тағала жеті (түрлі) адамды Өзінің көлеңкесіне алады: Әділ басқарушыны, Ұлы Аллаһ Тағалаға құлшылық етумен есейген жасты, жүрегі мешіттерде байланғанды2, тек қана Аллаһ Тағала үшін кездесіп-қоштасатын және бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көргендерді, абыройлы әрі әдемі әйел қалап шақырып, бірақ ол: «Расында, Мен Аллаһтан қорқамын», - деп бармаған еркекті, садақаны жасырын бергені сонша, оның сол қолы оң қолының бергенін көрмейтінді, оңашада Аллаһ Тағаланы еске алғанда көзіне жас толатын (адамдарды). Аль-Бухари, Муслим.
660. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, алаламаушылар, Аллаһ алдындағы нұрдан жасалған мінберлерден өз орындарын табады, ал олардың қатарына жататындар, олар өздерінің жанұясына байланысты және барлық өздерінің әмірі жүретіндерге байланысты шешімдерінде әділдікті ұстанатындар. Муслим.
661. Хабар бойынша, Ауф бин Малик, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: “Сендердің әміршілеріңнің ішіндегілерден жақсылары болып, оларды сендер жақсы көріп және олар сендерді жақсы көретін, олар үшін сендер Аллаһтын сұрап дұға жасайтын және олар сендер үшін Аллаһтан сұрап дұға жасайтын әміршілер болады, ал нашарлары – ол сендер оларды жек көретін және олар сендерді жек көретін, сендер оларды қарғайтын және олар сендерді қарғайтын әміршілер болады”, - сонда біз: “Иә Аллаһтың елшісі, бізге сондайларға бағынбау керек болады ма?”, - деп сұрадық. Ол: “Олар сендердің араларыңда намаз оқып жүргенше олай істеулеріңе болмайды”, - деді. Муслим.
662. Хабар бойынша, ЪИйад бин Химар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Үш (түрлі) адам Жәннәт тұрғындарынан болады: жәрдем көрсетілген әділ әмірші1, өзінің туыстарына және барлық мұсылмандарға рахымшылық танытатын рахымды адам және (сұрамшылықтан) ұстамдылық танытатын және ұстамдылыққа тырысатын балалары бар адам2. Муслим.
80 ТАРАУ
Күнәсіз істерде әмршілерге бағынудың міндеттілігі және күнәлі істерде әміршілерге бағынбаудың міндеттілігі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Әй мүминлер! Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар…” “Ниса” сүресі, 59 аят.
663. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Егер күнәсі болмаса, өздеріңе ұнасын ұнамасын әмірлеріңді тыңдап бой ұсынуларың керек, ал күнәсі болса, онда оны тыңдамаңдар да, орындамаңдар да. аль-Бухари, Муслим.
664. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Біз Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тыңдап және бой ұсынамыз, деп оған ант бергенде, ол әдетте: “Күштерің жететінінде”, - дейтін. аль-Бухари, Муслим.
665. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Әміршісіне бой ұсынудан бас тартқан, Ахіретте Аллаһты, ақталуына еш бір айғақсыз кездестіреді, ал әміршісіне ант бермей өлген, жаһил заманында өлгенмен теңеседі!3 Муслим.
Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізеді:
… және басқа мұсылмандардан бөлектенгендер1, жаһил заманында өлгенмен теңеседі!
666. Хабар бойынша, Анас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Басы (қара) мейізге ұқсаған эфиопиялық құл сендерге әмірші болса да оны тыңдап бағыныңдар. Аль-Бухари.
667. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кедейлікте де байлықта да, саған ұнайтында да ұнамайтында да және сені құр қалдырса да2 әміршіңді тыңдап, оған бағынуға тиістісің. Муслим.
668. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге сапарда болған кезімізде, біз бір жерге тоқтадық, сонда бірі шатырларын орната бастады, бірі жебе атып жарыса бастады, ал енді бірі малдарын оттатуға асығып кетті, арада біраз уақыт өтісімен азаншы: “Жамағат намазы!”, - деп хабарлады. Сонда бәріміз бізге былай деп айтқан Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанына жинала қалдық: “Расында, маған дейін өмір сүрген пайғамбарлардың міндетіне, өзіне мәлім болған олар үшін қайырлы деген істерді хабарлау мен өзіне мәлім болған олар ұшін зұлымдықққа апаратын істерден тыйу болған. Ал менің үмметім жайлы айтатын болсақ, оның алғашқы уақытында хайыр болады да, ал соңында түрлі қайғалар келіп және сендер жақтырмайтын істер бола бастайды3. Содан соң алғашқысы соңғысына қарағанда жеңіл көрінетін сынақтар келеді, сонда имандылар: “Бұл мені құртады”, - дейтін сынақ келеді, - сосын ол тоқтатылады да, имандалар; “Осы, осы!”4, - дейтін сынақ келеді. Сондықтан кімде-кім өзін Тозақтан алыстатып және Жәннәтқа кіргізілуін қаласа, өлім келген уақытта Аллаһқа және Ақірет күніне иман келтіргендерден болсын және адамдармен қарым-қатынасында өзіне адамдардың қандай қарым-қатынас жасауын қаласа, өзі де сондай қарым-қатынаста болсын. Және кім әміршісіне ант беріп алақанын соғып онымен шын жүректен адал болып, әміршісіне қолынан келгенше бағынса, ал егер басқа біреу келіп онымен билік үшін таласатын болса, онда оның басын шабыңдар. Муслим.
669. Хабар бойынша, Абу Хунайд Уайль бин Худжр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Салама бин Йазид бин Худжр, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, келіп: “Иә Аллаһтың пайғамбары, айтшы, егер бізге өздерінің бізден талап ететін істерінде табандылық көрсететін, ал өздерінің бізге қатысты талаптарын орындамайтын әміршілер келсе, біз не істеуіміз керек?”, - деп сұраған кезді, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, теріс айналып кетті1, ал ол сұрағын кешірек тағы да қайталаған кезінде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Тыңдаңдар да бой ұсыныңдар, өйткені олар өздеріне тапсырылғанға жауап береді, ал сендер - өздеріңе тапсырылғанға жауап бересіңдер2. Муслим.
670. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
“Менен кейін сендерді алалайтын болады3, және сендерге ұнамайтын амалдар істеліне бастайды”. Сонда адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, бізге не бұйырасың?”, - деп сұрады. Ол: “Сендер беруге тиісті нәрселеріңді берулерің керек те, ал сендерге тиесіліні Аллаһтан сұрауларың керек”, аль-Бухари, Муслим.
671. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Маған бағынған Аллаһқа бағынғаны, ал маған бағынбаған Аллаһқа бағынбағаны, ал әміршісіне бағынбаған маған бағынбағаны. Аль-Бухари, Муслим.
672. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімге әміршісінің бір ісі ұнамаса шыдамдылық танытсын, өйткені, расында, әміршісінің бұйырғанынан бір қарысқа болса да ауытқығанның өлімі жәхил заманында өлгенмен теңеседі! Аль-Бухари, Муслим.
673. Хабар бойынша, Абу Бакра (Нуфаъи бин аль-Харис), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Өзінің әміршісін қорлағанды Аллаһ қорлайды. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
Бұл тарауға бұның алдындағы тарауда келтірілген “Сахихтердің” бір бөлігі де жатады.
81 ТАРАУ
Егер адам тағайындалған не болмаса солай істеудің қажеттілігі болмаса (не мәжбүр болмаса), билікке таласуға рұқсаттың жоқтығы және әмір болудан бас тартудың үстемдігі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Міне ахірет жұрты: Оны, жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бүліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңғы табыс тақуалар үшін” “Қасас” сүресі, 83 аят.
674. Хабар бойынша, Абу Саъид Абд ар-Рахман бин Самур, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған былай деді: “Иә Абд ар-Рахман бин Самура, билікке таласпа, өйткені ол (билік) саған сенің өтінішіңсіз келетін болса, онда Аллаһ саған бұл ісіңде көмектеседі, ал егер саған (билік) сенің өтінішіңмен бұйыратын болса, онда сол билікке тапсырыласың1. Егер сен бір нәрсеге ант берсең, ал одан кейін сенің ант бергеніңнен басқа бір нәрсенің жақсырақ екенін көрсең онда антыңның күнәсін өте де, сол жақсырақ істі жаса. Аль-Бухари, Муслим.
675. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Иә Абу Зарр, расында, мен сенің әлсіз екендігіңді көремін, және де мен өзіме қалағанымды саған да қалаймын, сондықтан саған ақыл айтамын: ешқашан екі адамға болса да билік жүргізбе, және жетімнің дүниесімен басқарма!” Муслим.
676. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Брде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, мені бір-нәрсеге әмірші етіп тағайындамайсың ба?”, - деп сұрағанымда, ол менің иығымнан қағып: “Иә Абу Зарр, расында сен әлсізсің, ал әмірлік болса ол бір тапсырылған аманат саналады, ал Ахіретте оны өз хақымен иеленгендер2 мен әмірші ретінде ісін дұрыс орындағандардан басқаларының бәріне, ол (әмірлік) өкініш пен сұмдық болып орлады”, - деді.
677. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, сендер билікке ұмтыласыңдар, ал Ахіретте ол өкініштердің себебі болады! Аль-Бухари.
82 ТАРАУ
Әміршілерге, қазыларға және басқа да биліктегі адамдарға жақсы уәзір1 таңдуларына талпындыру және оларды жаман достар мен жаман насихаттардан сақатндыру жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Сол күні тақуалардан басқа достар бір-біріне дұшпан болады” “Зұхрұф” сүресі, 67 аят.
678. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри мен Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Қай бір пайғамбарды Аллаһ адамдарға жібермесін және олардың қайсы бірі өзінің артынан уәкілін қалдырмасын, сол уәкілдің міндетті түрде екі топ ақылшылары пайда болатын: олардың бірі оны жақсылыққа шақырып соған ұмтылдырса, екіншісі жауыздыққа шақырып соған ұмтылдыратын, ал бұдан қорғалатындар Аллаһтың сақтағандары ғана. Аль-Бухари.
679. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер Аллаһ қай бір әміршіге игілік қаласа оған ұмытқанын есіне салатын және есінде болса оған көмек көрсететін турашыл уәзір береді. Ал егер Аллаһ оған (игіліктен) басқаны қаласа, оған ұмытқанын есіне салмайтын және есінде болса оған көмек көрсетпейтін нашар уәзір береді. Бұл хадисті Муслимнің шарттарын қанағаттандыратын жақсы иснадымен Абу Дауд келтіреді.
83 ТАРАУ
Әміршінің, қазының және басқа да билікке қатысы бар қызметке өзін ұсынып соған ұмтылғандарды не болмаса соны қалағандарды тағайындауға рұқсаттың жоқтығы жайлы.
680. Хабар бойынша, Абу Муса аль*Ашъари, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен өзімнің бөле бауырларымның екеуімен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, келіп, олардың бірі: “Иә Аллаһтың елшісі, Ұлы Аллаһ Тағаланың саған тәуелді еткендеріңнің бір бөлігіне мен әмірші етіп тағайында”, - деді және екіншісі де осыған ұқсас сөздерді айтты. Оларды тыңдап болған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһтың атымен ант етемін, расында, біз бұл істі бұны сұрағанға да және оған ұмтылғанға да тапсырмаймыз!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
ӘДЕП ЖАЙЛЫ КІТАП
84 ТАРАУ
Ұялшақтық және оның дәрежесі мен мұндай қасиетті қабылдауға ұмтылдыру жайлы.
681. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұят жайлы өзінің бауырына ақыл айтып жатқан1 бір ансардың жанынан өтіп бара жатып, оған: “Оны қой, өйткені, расында, ұялшақтық – ол иманнан!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
682. Хабар бойынша, Имран бин Хусайн, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ұялшақтық игіліктен басқа ешнәрсеге алып келмейді. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің тек қана Муслим келтірген нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
Ұялшақтықта игіліктен басқа ешнәрсе жоқ.
683. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Иманның жетпістен астам тармақтары бар, оның ішіндегі ең жақсысы болып: “Аллаһтан басқа құдай жоқ! /Лә иләһәа илла-аллаһу/”, - деп айту жатады, ал ең кішісіне – жолдан кедергі жасайтынды алып тастау жатады, және ұялшақтық та иманның тармақтарының біріне жатады. Аль-Бухари, Муслим.
684. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, перденің артында отырған қыздың ұялшақтығынан да артық ұялшақ мінезімен ерекшеленетін. Егер оның жан дүниесіне ұнамайтын іс жасалса, біз оны оның бет әлпетінің өзгергенінен байқайтынбыз. Аль-Бухари, Муслим.
Ғалымдар: “Ұялақтықтың түп нұсқасына, бүкіл жағымсыз нәрселерден бас тарту мен адамдардың хақысы бар (кез-келген) істе олардың хақына қол сұқпау жатады”, - деп айтады. Ал бізге Абуль-Қасым аль-Жунайдтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны жетті: “Ұят дегеніміз ол Аллаһтың игіліктерін тану мен өз кемшіліктерін көре алу, мінеки осылардың арасында ұят деп аталатын сезім туады.”
85 ТАРАУ
Сыр сақтау жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Сертті орындаңдар, сөз жоқ, уәде сұралады.” “Ісра” сүресі, 34 аят.
685. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Түнімен әйелімен төсекті бөлісіп, ал таңертең екеуінің арасында не болғаны жөнінде адамдарға жария қылған еркек, Ахіретте адамдардың ішінен, Аллаһтың алдында ең жаманы болады. Муслим.
686. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Омар бин аль-Хаттабтың қызы Хафса, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, жесір қалған кезде1, Омар мынаны айтты:
Мен Осман бин Аффанмен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кездесіп, оған: “Егер қаласаң Омардың қызы Хафсаға үйлен”, - деп (қызым) Хафсаны ұсындым. Ол жауап ретінде маған: “Мен бұл жөнінде ойланайын”, - деді. Мен бірнеше күн күттім, сосын маған келіп: “Мен қазір үйленбейтін шығармын”, - деді. Арада біраз уақыт өтісімен Абу Бакр ас-Сиддиқты, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кездестіріп: “Егер қаласаң Омардың қызы Хафсаға үйлен”, - дедім, бірақ та Абу Бакр еш нәрсе айтпай үндемеді де, мен оған Османнан да қатты ренжідім. Сонымен арада тағы бірнеше күн өтісімен оған (қызыма) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, құда түсті де мен оған қызымды үйлендірдім. Сосын мені Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кездестірді де: “Сен маған Хафсаны ұсынған уақытта менің жауап бермегеніме ренжіген шығарсың?”, - деп сұрады. Мен: “Иә”, - дедім. Ол: “Сенің ұсынысыңа жауап бермеуіме Аллаһтың елшісінің (сенің қызың жайлы) еске алғаны кедергі болды, өәткені мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, сырын айта алмаймын, егерде ол сенің қызыңа үйленбегенде, онда оған мен міндетті түрде үйленер едім!”, - деді. Аль-Бухари.
687. Хабар бойынша, Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдері онымен бірге болған уақытында, жүрісі Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, жүрісінен айнымайтын Фатима, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келді. Қызын көріп, ол сәлемдесті де: “Менің қызым қош келдің!”, - деп өзнің оң /не: …сол/ жағына отырғызды, сосын құлағына бір нәрсе айтып еді, (қызы) жылап жіберді. Оның тұнжырағанын көріп, тағы да құлағына бір нәрселер айтты да, (қызы) күле бастады, ал мен болсам оған (қызына): “Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, әйелдерінің жанында саған ғана бір нәрсе айтады да, ал сен болсаң содан кейін жылайсың!”, - дедім. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тұрып кеткен соң, оған: “Саған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, не айтты?”, - деп сұрадым. Ол: “Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сырын айтпаймын!”, - деді. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын қайтыс болған соң, мен (Фатимаға): “Мен өз хақыммен сенен сұраймын2, саған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, не айтты?”,- дедім. Ол: “Иә, енді айта аламын. Бірінші ретінде ол, оған Жәбірейіл (періште), оған Аллаһтың игілігі болсын, жылда онымен Құранды бір рет тексеріп салыстыратындығын1, ал бұл жолы онымен екі рет тексергенін айтып: “Расында, оның бұлай істегені менің өмірімнің соңы тақалғандығының белгісі деп ойлаймын. Аллаһтан қорқып шыда, өйткені мен сенің алдын ала білдіруші хабаршың боламын2”, - деді - сонда мен өзің көргендей жылап жібердім. Ал ол менің тұнжырағанымды көргенде: “Иә Фатима, сен Жәннәтта діндар әйелдірдің /не: …осы үммет әйелдерінің/ ханымы болатындығыңа қуанбайсың ба?” – дегенде, сен өзің көргендей, қуанып күлдім”. Аль-Бухари, Муслим, бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп тұр.
688. Хабар бойынша, Сәбит, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Анастың, оған Аллаһтың ризашылығ болсын, былай деді:
Бірде мен басқа балалармен ойнап жүрген кезімде, маған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, бізге сәлем берді де мені бір тапсырмамен жіберді. Содан мен анама кеш оралдым, ал мен үйге оралған кезімде, (анам): “Неге кешіктің?”, - деп сұрады. Мен: “Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған бір іс тапсырды”, - дедім. (Анам): “Оған не керек болды?”, - деп сұрады. Мен: “Бұл құпия”, - дедім. Сонда ол: “Ешқашан ешкімге Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сырын айтушы болма!”, - деді.
Сосын Анас была деді: “Аллаһтың атымен ант етемін, егер мен бұны біреуге айтқан болсам еді, онда бұны Сәбит саған да айтқан болар едім!” Бұл хадисті Муслим келтіреді, ал аль-Бухари болса бұның бөлігін ғана келтіреді.
86 ТАРАУ
Шартты бұзбау және уәдені орындау жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“ Сертті орындаңдар, сөз жоқ, уәде сұралады.” “Ісра” сүресі, 34 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Қашан серттессеңдер, Аллаһқа берген серттеріңді орындаңдар...” “Нахыл” сүресі, 91 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Әй мүминдер уәделеріңді орындаңдар...” “Мәида” сүресі, 1 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Әй мүминдер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар. Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Аллаһтың қасында зор ашуға себеп болады.” “Саф” сүресі, 2-3 аяттар.
689. Хабар бойынша, Абу Хурайры, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Екі жүздіні үш белгісімен айыруға болады: ол бір нәрсе айтса - өтірік айтады; бір нәрсе уәде етсе – оны орындамайды; ал оған сеніп тапсырылса - ол опасыздық етеді. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің басқа нұсқасында былай делінеді:
…керек десеңіз ол ораза ұстап, намаз оқып және өзін мұсылманмын, деп есептесе де.
690. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Төрт түрлі белгісімен ерекшеленетіндер (толығымен) екі жүзді есептеледі, ал кімнің бойында осылардың бірі болса, одан құтылмайынша оның бойында екі жүзділіктің бір белгісі болады. Бұндай белгілер мына адамдарда болады: оған сеніп тапсырылса опасыздық жасайды, әңгіме айтса өтірік айтады, шарттасса шартын орындамайды, ал егер біреумен бір істе ортақ шешім таппаса заңсыз түрде шектен шығады. Аль-Бухари, Муслим.
691. Хабар бойынша, Ибн Жәбір, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Егерде Бахрейіннен ақша түссе мен саған мынынша, мынынша және мынанша ақша бергізер едім,» – деді, бірақта Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде Бахрейіннен ақша түспеді. Ал ол жерден ақша түскен кезде Абу Бакрдің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірімен: «Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кімге бір нәрсе уәде берсе не болса кімге бір нәрсе берешек болса, бізге келсін», - деп хабарландырды. Сонда мен (Абу Бакрге) келдім де: «Расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған мұншама беремін, деп уәде еткен», - дедім, сонда ол бір уыс тенге салды, мен оларды санап шыққанымда бес жұз дана болып шықты, содан соң ол маған: «Және екі рет соншама ал», - деді. Аль-Бухари, Муслим.
87 ТАРАУ
Адамға дағды болған игілікті істерді мүмкіндігінше әрдайым орындау жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“…Расында бір қауым өзін өзгертпейінше, Аллаһ оны өзгертпейді.” “Рағыд ” сүресі, 11 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“…жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан әйел сияқты болмаңдар… ” “Нахыл ” сүресі, 92 аят.
692. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин ал-Ас, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған былай деді: “Иә Абдуллаһ, кезінде түндерде Аллаһқа құлшылық ететін, ал артынан онысын орындауды қойған пәленше секілді болма”.
88 ТАРАУ
Кездескенде игілігті сөздерді айту мен көңілді күйде болу жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Мұсылмандарға қанатыңды жай.” “Хыжыр” сүресі, 88 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді…” “Әль-Имран” сүресі, 159 аят.
693. Хабар бойынша, Ади бин Хатим, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Өзіңді құрманың жартысымен болса да Оттан қорға, ал мұны да таппаған – қайырымды сөздің көмегімен! Аль-Бухари, Муслим.
694. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
…қайырымды сөз де – садақа. Аль-Бухари, Муслим. Бұл сөздер жоғарыда келтірілген ұзын хадистің бөлігі ретінде келтіріледі.
695. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Маған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Бауырыңды Жар0ын ж8збен қарсы алу тұрғысында болса да, шариғаттың кез-келген қоштаған амалдарын орындауды ескерусіз қалдырушы болма”. Муслим.
89 ТАРАУ
Егер сұхбаттасушы адамың түсінбесе, онда оған анық сөйлеп және айтқаныңды қайталау жайлы.
696. Хабар бойынша, Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтң игілігі мен сәлемі болсын, егер бір нәрсе сөйлесе, айтқандарын адамдар түсіну үшін, үш рет қайталайтын, ал кімнің үйіне келсе үй иелеріне де үш реттен сәлем беретін1. Аль-Бухари.
697. Хабар бойынша, Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөздері анық болатын және оны естіген адамдардың бәрі түсінетін. Муслим.
90 ТАРАУ
Әңгімесінде тыйым салынбаған сөздері
жоқ сөйлеушінің бірі, екіншісінің сөздерін мұқият тыңдау және білімі бар насихат айтушы адамның, тыңдаушылардан тыныштық сақтап тыңдауларын талап етуі жайлы.
698. Хабар бойынша, Жарир бин Абдуллаһ, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Қоштасу қажылығы кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Адамдарға айт, үндемей мені тыңдасын!”, - деп бұйырды да, сосын: “Менен кейін1 бір-бірінің басын шапқан имансыздардан болмаңдар!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
91 ТАРАУ
Насихатта орташалықты2 ұстану жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр…” “Нахыл” сүресі, 125 аят.
699. Хабар бойынша, Абу Уайл Шакик бин Салам, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Ибн Масъудттың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, әр бейсенбі күндері адамдарға уағыз айтатын әдеті болатын. Бірде оған бір адам: “Иә Абу Абд ар-Рахман, сенің бізге күнде уағыз айтуыңды қалаймыз!”, - деді. Сонда Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Расында, мен сендерді жалықтырып жіберуді қаламаймын, мен сендерге насихатты жалықтырып жіберуден сақтанатын Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, насихатындай уағыздаймын”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
700. Хабар бойынша, Абуль-Йакзан Аммар бин Йасир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, адамның уағызын қысқартып, ал намазын ұзартуы, оның білімінің көрсеткіші, сондықтан намаздарыңды ұзартып уағыздарыңды қысқартыңдар. Муслим.
701. Хабар бойынша, Муъавиа бин аль-Хакам ас-Сулами, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге намаз оқығанымда, (сапта тұрғандардың) бірі түшкірді де мен: “Аллаһ саған рахым етсін!”, - дедім. Сонда маған адамдар айыптаушы көздерімен қарай бастады да мен: “Менен менің шешем айрылсын! Неге маған бұлай қарап жатырсыңдар?”, - дедім. (Осыны айтуым мұң екен) олар қолдарымен сандарын соға бастады да, мен олардың менен тынышталуды талап етіп жатқандарын түсінгенімде, оларға ашулы болсам да, сөйлегенімді қойдым. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің әкем мен шешем оған құтқару ақысы болғыр, намазын оқып болысымен, менімен сөйлесті, ал мен болсам бұрын-соңды ондай ақылшыны кездестірмедім! Аллаһтың атымен ант етемін, ол маған айқайламастан, мені ұрмастан және ұрыспастан жәй ғана: “Расында, бұл намаз уақытында адамдардың жәйда айтатын сөздерін сөйлеуге болмайды! Намаз – бұл тек қана Аллаһқты мақтап, мадақтау мен Құран оқу ғана!”, - деді, не болмаса осыған ұқсас сөздерді айтты. Содан соң мен оған: “Иә Аллаһтың елшісі жақында ғана мен пұтқа табынушылардан едім, ал артынан Аллаһ бізге Исламды сыйлады, бірақта әлі күнге дейін біздің арамызда көріпкелдерге баратындар бар”, - дедім. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ал сен оларға барма”, - деді. Мен тағы да: “Және біздің арамызда жаман ырымдарға сенетіндер де бар”, - дедім. Бұған ол: “Олар соған ұқсасты жүректерімен ғана сезінеді, бірақта бұл оларды тоқтатпау керек1”, - деді.
702. Хабар бойынша, аль-ЪИрбад ин Сарийа, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге уағыз айтып, оның сөздерінен біздің жүрегімізге қорқыныш ұялады, ал көздерімізге жас толды… Артынан бұл хадисті, “Сүннәтті әрдайым ұстану жайлы” тарауда, жеткізушінің аяғына дейін айтқанын келтіргенбіз. Бұл халисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
92 ТАРАУ
Абыройлық пен сыпайылық жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік”, деп дұрыс жауап береді”. “Фұрқан” сүресі, 63 аят.
703. Хабар бойынша, Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тамағындағы тілшігі көрінгенше аузын ашып күлгенін көрген емеспін. Аль-Бухари, Муслим.
93 ТАРАУ
Намаз оқу үшін, білім алу үшін шақыру және осыған ұқсас құлшылық етуді абыроймен және сабырлы (асықпай) орындау жайлы.
704. Хабар бойынша, Абу Хурайры, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Намаздың басталуы жарияланып, (қамат түсірлгеннен кейін) оған жүгіріп келмеңдер, бірақта оған әдеттегі жүрістеріңмен келіңдер де, тыныштық сақтап (үлгерген ракағаттарыңнан бастап) намаз оқыңдар, ал үлгермегендеріңді артынан толтырасыңдар. Аль-Бухари, Муслим.
Ал бұл хадистің Муслим ғана келтірген нұсқасында, ол келесі сөздермен толықтырады:
…өйткені кез-келгендерің намазға қарай жүрген уақыттарыңнан бастап намазда саналасыңдар1.
705. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Арафаттан бірге оралып келе жатқанымызда артымыздан айқау-шу, гүрсілдер мен түйенің өкіргенін естідік. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қамшысымен белгі берді де: “Иә адамдар, сендерге сабыр сақтау керек, өйткені игілік (тақуалық) асықпаушылықта аңғарылады. Бұл хадисті аль-Бухари толығымен келтірсе, Муслим бір бөлігін ғана келтіреді.
94 ТАРАУ
Қонаққа сый-құрмет көрсету жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
«Саған Ибраһимнің ардақты қонақтарының әңгімесі келді ме? Олар Ибраһимге кіргенде «Сәлем» десті. Ибраһим де оларға: «Сәлем бөгде қауым», - деді. Дереу үйіне барып семіз бір бұзау әкелді. Оны оларға жақындатып: «Жемейсіңдер ме?», - деді.» «Зәрят» сүресі, 24-27 аяттар.
Аллаһ Тағала айтты:
“Қауымы оған жүгірісіп келді. Сондай-ақ олар бұрыннан да жаман істер істейтін еді. (Лұт:) “Иә халқым! Міне қыздарым, олар сендер үшін тағы таза. Енді Аллаһтан қорқыңдар! Қонақтарым жайында мені қорламаңдар. Іштеріңде бір де есті кісі жоқ па?”, - деді.” “Һұд” сүресі, 78 аят.
706. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда қонағын жақсылап күтсін. Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін. Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда жақсылықты сөйлесін не болмаса үндемесін. Муслим, аль-Бухари.
707. Хабар бойынша, Абу Шурайх Хувайлид бин Амр аль-Хузаъи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
“Кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда сый ретінде қонағына құрмет көрсетсін.” Сонда адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, оның сыйының көлемі қандай болу керек?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Күн мен түн1, ал қонақжайлықты үш күн ішінде көрсетуге болады, ал бұдан артығы ол үшін садақа саналады2”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
Ал бұл хадистің Муслим ғана келтірген нұсқасында Аллаһтың елшісінің оғн Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
“Мұсылманға өзінің бауырының үйінде, оны күнәғә апаратындай ұзақ қалуына болмайды”, - деді. Сонда адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, ол оны қалайша күнәғә апарады?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың иілігі мен сәлемі болсын: “Егер ол үй иесінің беруіне (қонақты күтуіне) ешнәрсесі қалмайынша қала берсе”, - деді.
95 ТАРАУ
Қуанышты хабар жеткізу
мен құттықтаудың керектігі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“…сондай-ақ Аллаһқа ынтамен бой ұсынғандар, олар үшін қуаныш бар, сонда құлдарымды сүйіншіле. Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілестіңдер, міне солар, Аллаһ өздерін тура жолға салғандар…» «Зүмәр» сүресі, 16-17 аяттар.
Аллаһ Тағала айтты:
“Оларды Раббылары өзінің мәрхеметімен және ризалығымен сондай-ақ тұрақты нығметке ие жәннәттәрімен қуантады.” “Тәубе” сүресі, 21 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Оны өте мүләйім бір ұлмен қуанттық” “Саффат” сүресі, 101 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Расында Ибраһимге елшілеріміз хош хабармен сәлем берді. “Худ” сүресі, 69 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Оның түрегеп тұрған әйелі күліп жіберді. Сонда оны Исхақ және артынан Яқұппен қуандырдық”“Худ” сүресі, 71 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Ол хұжырада намаз оқып тұрғанда, періштелер оған: “Расында, Аллаһ саған, Аллаһтан болған әмірді растаушы, ел ағасы, нәпсісіне ие, игілерден бір пайғамбар болатын Яхьямен қуанышқа бөлейді, - деп дуыстады.” “Әль Имран” сресі, 39 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Сол уақытта періштелер: “Иә Мериәм! Расында, Аллаһ сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих…” “Әль Имран” сресі, 45 аят.
Ал хадистер жайлы айтатын болсақ олар көп және “Сахихтерден” белгілі. Олардың қатарына төмендегі хадистер жатады:
708. Хабар бойынша, Абу Ибраһим Абдуллаһ бин абу Ауф (сондай-ақ оның лақаб аты – Абу Мухаммад және Абу Муъайвиа, делінеді) , оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хадишаны, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Жәннәттағы інжуден жасалған сараймен қуандырғанын жеткізді. Аль-Бухари, Муслим.
709. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен өз үйімде дәрет алып болысымен өз-өзіме: “Мен бүгін Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қызмет етіп күні бойы жанында боламын!”, - дедім. Сосын мен мешітке келіп, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы сұрадым, ал адамдар маған: “Ол мына бағытта кетті”, - деді.
Абу Муса аль-Ашъари, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол сөзін былай жалғастырды:
Сосын мен ол туралы адамдардан сұрастырып, оның Бир Арис1 деген жерде екендігін білгенше, оның артынан жүріп отырдым. Сонда мен қақпаның жанында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің табиғи қажетін қанағаттандырып және дәрет алып болғанша күттім. Сосын мен оған қарай жылжыдам, келсем ол киімінің етегін тізесіне дейін көтеріп, аяғын құдыққа салып Арис құдығының жиегінің ортасында отыр екен. Мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, амандасып қайтадан қақпаның жанына келіп өз-өзіме: “Расында, мен бүгін Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қақпашысы болмын”, - дедім. Арада біраз уақыт өтісімен Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келіп қақпаны итерді. Мен: “Кім ол?”, -деп сұрадым. Ол: “Абу Бакр”, - деді. Мен: “Күте тұр”, - дедім де, өзім Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, барып: “Иә Аллаһтың елшісі, Абу Бакр кіруге рұқсат сұрап жатыр”, - дедім. Ол: “Кіргіз де, оны Жәннәт күтіп тұрғаны жайлы хабармен қуант!”, - деді. Сонда мен қайта оралып Абу Бакрге: “Кір және Аллаһтың елшісі сені Жәннәт жайлы қуанышты хабармен қуандырып жатқанын біл!”, - дедім. Абу Бакр кірді де, құдықтың сол жиегіне келіп Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оң жағынан дәл Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, секілді киімінің етегін тізесіне дейін көтеріп, аяғын құдыққа салып отырды, ал мен болсам қақпаға қайта оралып сол жерге келіп отырдым. Ал менімен ергісі келіп, бірақ ол дәрет алып жатқан уақытта айырылысқан менің бауырым жайлы айтатын болсам, ол туралы: “Егер Аллаһ пәленшеге игілік қаласа, онда ол оны осында алып келеді“, - деп, ойлап тұрғанымда бір адам келіп қақпаны итерді. Мен: “Кім ол?”, - деп сұрадым. Келген адам: “Омар бин аль-Хаттаб”, - деп жауап берді. Мен: “Күте тұр”, - дедім де, өзім Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, Омар кіруге рұқсат сұрап жатыр”, - дедім. Ол: “Кіргіз де, оны Жәннәт күтіп тұрғаны жайлы хабармен қуант!”, - деді. Сонда мен қайта оралып Омарға: “Кір және Аллаһтың елшісі сені Жәннәт жайлы қуанышты хабармен қуандырып жатқанын біл!”, - дедім. Омар кірді де, құдықтың сол жиегіне келіп Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сол жағынан аяғын құдыққа салып отырды, ал мен болсам қақпаға қайта оралып сол жерге келіп отырдым. Сонда мен тағы да өз-өзіме: “Егер Аллаһ пәленшеге игілік қаласа, онда Ол оны осында алып келеді“, - дедім. Арада біраз уақыт өтісімен бір адам келіп қақпаны итерді. Мен: “Кім ол?”, - деп сұрадым. Келген адам: “Осман бин Аффан”, - деп жауап берді. Мен: “Күте тұр”, - дедім де, өзім Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, Осман кіруге рұқсат сұрап жатыр”, - дедім. Ол: “Кіргіз де, оны ол қайғыға ұрынғаннан кейін, Жәннәтқа кіретіндігі жайлы айтып қуандыр!”, - деді. Сонда мен қайта оралып Османға: “Кір және Аллаһтың елшісі сені сен қайғыға ұрынғаннан кейін Жәннәтқа кіретіндігің жайлы қуанышты хабармен қуандырып жатқанын біл!”, - дедім. Сосын Осман кірді де құдықтың олар отырған жиегінде орынның жоғын көріп, оларға қарама-қарсы басқа жиегінен отырды.
Саъд бин аль-Мусайб былай деді:
Олардың құдықты жағалап отыруларының мәнісін, олардың қаза болғанынан кейін мазарда да қабырлері солай орналасады, деп жорыдым1. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің тек қана аль-Бухари келтірген нұсқасында Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын былай дейді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын маған қақпаларды (күзетуімді) бұйырды.
Және де хадистің осы нұсқасында Османды, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Жәннәтпен қуандырғанда ол, Аллаһқа мақтаулар айтып: “Жәрдемді тек қана Аллаһтан сұрау керек”, - деді, дегені келтіріледі.
710. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде біз арамызда Абу Бакр мен Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, бірнеше адамдармен отырған кезімізде, кенеттен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, орнынан тұрды да бізді тастап кетіп қалды. Ол бізге көп уақыт ішінде қайта оралмады да, біз не болып қалды екен деп уайымдай бастадық. Одан кейін бізді үрей биледі де, орнымыздан тұрдық. Мен болсам қорқып, бірінші болып оны іздеп шығып, ансарлардың бірінің бағының дуалына кезіккенімше жүрдім. Мен бақтың қақпаларын таба алмай дуалды айналып шыққанымда, бақтан тысқары жердегі құдықтан аққан жылғаның (баққа кіріп) дуалдың артында көрінбей кететінін байқадым. Сонда мен түлкі секілді бір уыс болып бүктеліп (сол тесіктен) бақтың ішіне кірсем Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сонда екен. Ол маған: “Абу Хурайра?”, - деді. Мен: “(Менмін), иә Аллаһтың елшісі”, - дедім. Ол: “Не болып қалды?”, - деп сұрады. Мен: “Сен біздің арамызда болдың да, сосын бізді тастап кетіп қалдың және көпке дейін оралмадың, ал біз болсақ саған не болып қалды деп, қорқа бастадық, ал мен бірінші болып қорқа бастадым. Сосын мен осы баққа кіріп түлкі секілді бүктеліп (ішіне кірдім), ал басқалары менің артымнан келе жатыр”, - дедім. Сонда ол: “Ия Абу Хурайра”, - деп маған өзінің сандалын беріп: “Менің сандалымды ал да барып осы бақтың сыртында кезіктірген кез келген, Аллаһтан басқа құдай жоқ, деп жүрегімен нық сеніп куәлік берген адамға, Жұмақты хабарлап қуандыр!”, - деді. Соңынан бұл хадисті (Абу Хурайра) аяғына дейін айтып келтірді1. Муслим.
711. Хабар бойынша, Ибн Шумаса, ол былай деді:
Біз Амр бин аль-Аспен2, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол жан тапсырар алдында бірге болдық. Оның дуалға бұрылып көп жылағаны соншалық, оның баласы оған: «Ия әкетай, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сені қуанышты хабармен қуандырмап па еді? Ия әкетай, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сені қуанышты хабармен қуандырмап па еді?», - дей бастады. Сонда ол бізге бұрылып былай деді: «Расында, (адамның Ахіретке) жинаған қорының ішіндегі ең жақсысы, Алаһтан басқа Құдай жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі, деген куәлік жатады. Расында, мен (өмірімнің) үш түрлі сатысынан өттім: (алдымен) мен менен артық Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаек көретін және ұстап алып оны өлтіруді қалайтын адам жоқ шығар, деп ойлайтынмын, ал егерде осындай күйде өлген болсам, онда мен Тозақ отының тұрғындарының ішінде болған болар едім. Аллаһ менің жүрегіме исламға деген махабатты кіргізген кезде, мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлмі болсын, келдім де: «Мен саған ант беруім үшін оң қолыңды бер!», - дедім. Сонда ол маған қолын созды да, ал мен болсам оған қолымды бермедім, сонда ол: «Саған не болды, иә Амр?», - деп сұрады. Мен: «Менің қойғым келетін шартым бар», - дедім. Ол: «Қандай шарт?», - деп сұрады. Мен: «Менің күнәләрімнің кешірілуі», - дедім. Сонда ол: «Ислам бүкіл алдыңғы күнәләрді, хижра алдыңғы күнәләрді, қажылық алдыңғы күнәләрді өшіретіндігі, саған мәлім емес пе?», - деді. Осыдан кейін мен үшін Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, артық жақсы көретін және одан жоғары қоятын адам болған жоқ. Менің оған деген құрметімнің тереңдігі соншалық, мен оның көзіне қарауға дәтім бармайтын, ал егер маған оны сүйреттеп берші десе, мен оны істей аламас едім, неге десең мен оған ешқашан тесіліп қараған емеспін, ал егер мен осындай күйде өлген болсам, онда Жәннәт тұрғындарынан болуға үміттенер едім. Ал одан кейін бізге берілген тапсырмаларының көптігі сонша, солардың кесірінен өзімнің қандай күйде екендігімді білмеймін! Ал мен өлгеннен кейін мені (мазараға) не (жоқтап) жылаушы, не от шығарып салмасын, ал мені жерлеген уақытта топырақты аз-аздан тастап көміңдер де, одан кейін менің қабырымның жанында түйені сойып оның етін таратуға қанша уақыт кететін болса сонша уақыт мен сендерге қуанып және Раббымның елшілеріне на жауап беретінімді көруім үшін тұра тұрыңдар3. Муслим.
96 ТАРАУ
Жолдастарыңмен қоштасу және онымен
ол сапарға аттанып қоштасқанда не болмаса басқа жағдайларда оған кеңес беру
және ол үшін Аллаһтан сұрап дұға жасау
және оның да сен үшін Аллаһтан сұрап дұға жасауы жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Ибраһим бұны ұлдарына өсиет етті және Яқұп та: “Иә ұлдарым! Әрине Аллаһ сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтан сендер нағыз мұсылман болып өліңдер”, - деді. Яқұпқа өлім келген сәтте, балаларына: “Неменеге құлшылық қыласыңдар?”, - дегенде, бар ма едіңдер? Сонда олар: “Сенің Құдайына, аталарыңның Құдайына: Исмаил, Исхақтың бр-ақ Құдайына құлшылық қыламыз. Сондай-ақ Соған бой ұсынамыз”, - деген еді.” “Бақара” сүресі 132-133 аяттар.
Ал хадистер жайлы айтатын болсақ, оларға келесі хадистер жатады:
712. Зайд бин Аркамның, оған Аллаһтың ризашылығ болсын, «Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанұясына құрметтеу жайлы тарауында», хабарлаған хадисте, Аль-Аркамның былай дегені келтіріледі:
Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Меке мен Мединаның арасындағы судың бастауы Хумда болған уақытта, ол орнынан тұрды да бізге хұтпа айта бастады. Ол Аллаһқа мақтау айтып, оған шүкірлік айтып болған соң, адамдарға уағыз айтып естеріне сала бастады!1 Сосын ол былай деді: «Содан соң: «Иә адамдар, расында, мен - тек адам ғанамын, жақын бір күндерде маған менің Раббымның елшісі келеді де мен оны қабыл аламын!2 Сендерге артымнан екі асылды қалдырамын. Олардың біріншісі өзіне басшылық пен нұрды сіңірген Аллаһтың Кітабы, сондықтан оның айтқанымен жүріңдер және оны мықты ұстаныңдар!», - деді де, адамдарды Аллаһтың Кітабымен жүруге шақырып, оларды оған ынталандыра бастады. Содан соң ол: «Ал екінші асыл ол, менің жанұямның мүшелері болып табылады, мен сендерге Аллаһтың, менің жан ұямның мүшелеріне қатысты айтқан әмірлерін естеріңе саламын, мен сендерге Аллаһтың, менің жан ұямның мүшелеріне қатысты айтқан әмірлерін естеріңе саламын!3», - деді. Муслим.
713. Хабар бойынша, Малик бин аль-Хувайрис, ол былай деді:
Кезінде біз Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келдік ол кезде біз бәріміз бір рудан және жас шамасында тететелес жас жігіттер болатынбыз. Біз Аллаһтың елшісінде, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жиырма күн тұрдық, сол аралықта ол бізбен жұмсақ әрі сыпайы болды және біздің үйімізді сағанап жүргенімізді сезіп жанұямыз жайлы онда кімнің қалғандығын сұрады, біз бәрін айтып бердік. Сонда ол бізге: «Жанұяларыңа қайтыңдар, олармен бірге тұрыңдар, оларға дінді үйретіңдер де оларға игілікті істерді жасауды бұйырыңдар. Ал пәлен намазды пәлен уақытта оқыңдар және пәлен намазды – пәлен уақытта оқыңдар, ал намаздың уақыты келген кезде бірің намазға шақырып (қамат түсіріңдер де), ал араларыңдағы жас тұрғысында үлкенің намаздарыңда (имамдарың болып) басқарсын. Муслим.
Бұл хадистің аль-Бухари келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
…және намазды сендердің көз алдарыңда мен қалай орындасам, сендер де дәл солай орындаңдар.
714. Хабар бойынша, Омар бин аль-Хаттаб, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Кезінде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, умра жасау үшін рұқсат сұрап бардым. Ол Маған рұқсат берді де: «Иә бауырым, өзіңнің дұғаңда бізді де ұмытпа!», - деді. Мен бұл сөздерді бүкіл дүниеге ауыстырмас едім!
Бұл хадистің басқа нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:
Иә бауырым, бізді де дұғаңа қос! Абу Дауд пен ат-Тирмизидің «Жақсы хадис» деп келтірген сенімді хадис.1
715. Хабар бойынша, Салим бин Абдуллаһ бин Омар, ол әрдайым Абдуллах бин Омар, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, сапарға аттанайын деп тұрған адамға былай деп айтатынын жеткізді:
Мен сенімен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, секілді қоштасуым үшін, маған жақында дейтін де, мынаны айтатын: «Дініңді, аманатыңды2 және амалыңның соңын Аллаһқа тапсырамын!» /Астаудиъу-Ллаһа динака, уа аманатака, уа хауатима амалика!/3 Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
716. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Йазид ал-Хатми, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әскерді жорыққа аттандырып олармен қоштасқысы келсе былай дейтін: «Дініңді, аманатыңды және амалыңның соңын Аллаһқа тапсырамын!» /Астаудиъу-Ллаһа динака, уа аманатака, уа хауатима амалика!/ Сенімді хадис, сенімді иснадтарымен Абу Дауд және басқа мұхаддистер келтіреді.
717. Хабар бойынша, Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам келіп: “Мен сапарға аттанғалы жатырмын, маған жол батасын берші”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһ саған тақуалық нәсіп етсін!” /Зауадака-Ллаһу-т-тақуа/, - деді. Ол адам: «Бұған тағы да мен үшін қосшы», - деді де – Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол сенің күнәләріңді кешірсін» /Уа ғаффара занбака/, - деді. Ол адам: «Бұған тағы да мен үшін қосшы», - деді де – Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен қай жерде болсаң да, Ол сенің игілікке жетуіңді жеңілдетсін!» /Уа иассара лакаль-хайра хайсума кунта!/ Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.
97 ТАРАУ
Игілік сұрау (истихара) және кеңес сұрау жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“…іс жөнінде олармен кеңес қыл…” “Аль-Имран сүресі 159 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“…сондай-ақ істерін кеңеспен жүргізгендер…” “Шура” сүресі, 38 аят.
718. Хабар бойынша, Жәбір, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге Аллаһтан сұрап дұға жасауды, Құранның сүрелерін үйреткендей үйрететін және былай дейтін: “Сендерден қайсыларың бір іс істегің келсе екі ракағат (нәфіл) намаз оқысын да, былай десін: “Иә Аллаһ! Маған іліміңнен игілік бергейсің, құдіретіңмен мені қуатты еткейсің, кең пейіліңмен мені қуанышты еткейсің. Расында, менің күш-құдіретім (түкке) жетпейді. Мен (еш нәрсені) білмеймін. Ал Сен барлық нәрсені білесің. Әрі сен көместерді (ғайыпты) де толық көрушісің. Иә Аллаһ, егер бұл істің1 дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында, (немесе былай дейді: “Қзіргі (өмір) тіршілігімде немесе келешекте бұл істің) мен үшін қайырлы екендігін білсең, оны маған нәсіп ете көр! Әрі (ол істі) маған оңтайлы етіп, кейін оны мен үшін берекелі ет! Ал егер бұл істің дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында, (немесе былай дейді: “Қазіргі (өмір) тіршілігімде немесе келешекте бұл істің) мен үшін жаман екендігін білсең, онда (оны) менен алыстат! Әрі мені де одан аулақ ет! Қай жерде болса да мен үшін жақсылықты нәсіп ет те, мені сол жақсылықпен разы ете көр!” /Аллуһумма, инни астахирука би-ильмика уа астағдирука би қудратика уа асалука мин фадликаль-ъазими, фа-иннака тақдиру, уа ла ақдиру, уа таъламу, уа ла аъламу уа анта ъламул ғуюб, Аллаһумма ин кунта таъламу анна һазал амра хойрун ли фи дини, уа маъаши уа ъақибати амри (ъажалиһи уа ажалиһи) фақдурһу лий уа яссирһу лий сумма барик лий фиһ, уа ин кунтә таһламу анна һазал амра шаррун лий фий диний уа маъаший уа ъақибати амрий (ъажилиһи уа ажилиһи) фасрифһу ъанний уасрифний ъанһу уақбур-лиал-хайра хайсу каана сумма ардый-ний биһ./2 аль-Бухари.
98 ТАРАУ
Мерекелерге барудың дұрыстығы, ауру адамдардың көңілін сұрау, Хажге барудың, әскери жорықтарға барудың, жерлеу рәсімне және басқа да рәсімдерге қатысудың және де құлшылық еткен жердің көбейуі үшін онда барғанда бір жолмен барып, ал одан қайтқанда басқа жолмен келудің артықшылығы жайлы.
719. Хабар бойынша, Жәбір, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мейрам күні Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте намаздан, онда барған жолынан бөлек басқа жолмен қайтатын. Аль-Бухари.
720. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (Мединадан) аттанғанда, әдетте аш-Шаджар1 арқылы өтетін, ал одан қайтқанда аль-Муъарис2 арқылы оралатын. Ал Меккеге кіргенде оның жоғарғы жағынан кіретін де, ал одан шыққанда төменгі жағынан шығатын. Аль-Бухари, Муслим.
99 ТАРАУ
Барлық жақсы амалдарды орындағанда оң жақтан бастауға көңіл бөлу жайында, мысалыға, дәрет алғанда, ғұсыл құйынғанда, таяммум алғанда, аяқ киім шалбар (басқа да) киімдерді кигенде, мешітке кіргенде, тіс тазалағышты қолданғанда, көзді сүрмемен бояғанда, тырнақ алағанда, мұртты басқанда, қолтықтың астын тазалағанда, бастағы шашты қырғанда, намаздан кейін сәлем бергенде, тамақ-су ішкенде, қол алысқанда, Қара тасты ұстағанда, әжетханадан шыққанда, бір нәрсені алғанда, бергенде және де осыған ұқсас істерді істегенде (оң жақтан бастау жайында). Ал бұдан өзге қарама-қарсы жағдайларда сол жақтан бастауға көңіл бөлу жайында, мысалыға, сіңбіргенде, түкіргенде, әжетханаға кіргенде және мешіттен шыққанда (сол аяқпен бастап шығу), аяқ киім шалбар, т.б. киімдерді шешкенде (сол жақтан бастап шешу), ұятты жерлерін жуғанда, таза емес нәрселерді ұстағанда және осыған ұқсас істерді істегенде (сол қолмен) істеу жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Сонда енді кімнің кітабі оңынан берілсе: “Алыңдар кітабімді оқыңдар”, - дейді. “Хаққа” сүресі, 19 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“(Амал дәптерлері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар. (Амал дәптерлері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар“. “Уақиға” сүресі, 7-8 аяттар.
721. Хабар бойынша, Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол не істесе де бәрінде, ол мейлін дәрет алуда, тарануда, аяқ-киім киуде болсын оң жаққа көңіл бөлу ұнайтын. Аль-Бухари, Мулим.
722. Хабар бойынша, Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оң қолымен дәрет алатын және тамақ жейтін, ал әжетханада және сол сияқты жерлерде1 амалдарын сол қолымен жасайтын. Бұл сенімді хадисті, сенімді иснадпен Абу Дауд және басқа да мухаддистер келтіреді.
723. Хабар бойынша, Умм Атыийй, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (қайтыс болған) қызының2, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, денесін жуып жатқанда, ол: “Жууды оң жағынан бастап, дәрет алғанда қай жерлерін жуу керек сол жерлерінен бастап жуыңдар”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
724. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден кім аяқ киімін киетін болса оң аяғынан бастасын, ал оны шешкен уақытында сол аяғынан бастасын, қорытып келгенде оң аяқты бірінші киіп соңғы шешетіндей болу керек. Аль-Бухари, Муслим.
725. Хабар бойынша, Хафса, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оң қолымен ішіп жейтін және киінетін, ал қалған істерді сол қолымен істейтін. Бұл хадисті Абу Дауд, ат-Тирмизи және басқа да мұхаддистер келтіреді.
726. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Киім киіп, дәрет алғанда оң жақтарыңнан бастаңдар. Бұл сенімді хадисті, сенімді иснадпен Абу Дауд және ат-Тирмизи сенімді иснадпен келтіреді.
727. Хабар бойынша, Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Минаға оралғанда, ол бағаналарға келіп тас ата бастады3, сосын Минадағы тоқтаған жеріне қайта оралды да құрбан шалды, сосын шаштаразшысына: “Ал4”, - деді де, бірінші басының оң жағын көрсетті де, сосын сол жағын көрсетті де, артына (қырылған) шашын адамдарға тарата бастады. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің Муслим ғана келтірген нұсқасында Анастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бағаналарға тас атып және құрбан шалып болған соң, ол шатаразшыға басының оң жағын ұсынды да, ол оны қырып тастады, осыдан кейін ол өзіне Абу Тальха аль-Ансарды шақырып алды да, ол оған қырылған шашты берді. Ал содан соң ол оған басының сол жағын ұсынды да : “Қыр!”, - деді, қырып болған соң, Абу Тальхаға: “Адамдарға тарат”, - деді.
ТАМАҚ ІШУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
ЖАЙЛЫ КІТАП.
(Исламдағы тамақ ішу мәдениеті)
100 ТАРАУ
Тамақ ішуді Аллаһтың атмен (бисми-Ллаһи) деп бастау және тамақ ішіп болған соң Аллаһқа мақтау (шүкірліктер) айту жайлы.
728. Хабар бойынша, Омар бин Абу Салам, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Маған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “”Иә балақай, Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен”, - деп баста да, оң колыңмен өзіңе жақын болғаннан же!” Аль-Бухари, Муслим.
729. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Тамақ жердің алдында сендерден кез келгенің Аллаһ Тағаланың есімін айтсын, ал егер де ол Аллаһтың есімін тамақтың алдында айтуды ұмытып кетсе онда: “Аллаһтың атымен тамақтың алдында және соңында!” /Бисмилляһи фи аууалаһи уа ахираһи!/1, - десін. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
730. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адам үйіне кіргенде және тамақ ішер алдында Аллаһ Тағаланың есімін айтса, шайтан өзінің нөкерлеріне: “Бұл жерде сендерге пана да, тамақ та жоқ!”, - дейді. Ал егер де ол кірерде Аллаһ Тағаланың есімін аузына алмаса, онда шайтан өзінің нөкерлеріне: “Сендер пана таптыңдар”, - дейді, ал егер ол тамақ ішер кезде де Аллаһ Тағаланы есіне алып айтпаса, шайтан: “Сендер пана да, тамақ та таптыңдар”, - дейді. Муслим.
731. Хабар бойынша, Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге тамақ ішкен уақытымызда біз ешқашан одан бұрын, ол өзі тамақ жеуді бастамайынша, тамаққа қол салып еш нәрсе алмайтынбыз. Бірде біз бәріміз дастархан басында отырғанымызда, асығыс оны біреу қуып келе жатқандай бір қыз келді де, бірден тамаққа қол созды, бірақта Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны қолынан шап беріп ұстады. Оның артынша дәл солай біреу қуып келе жатқандай, бір бәдәуи келді, оны да Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолынан ұстап былай деді: “Расында, шайтан Аллаһ Тағаланың есімінсіз бастап жеген тамақты өзіне тиесілі санайды, сондықтан ол мына қыздың көмегімен өзіне тамақты тиесілі ету үшін оны алып келді, бірақта мен оны қолынан шап беріп ұстап қалдым. Содан кейін өзіне тамақты тиесілі ету үшін мына бәдәуиді алып келді, бірақта мен оның да қолынан ұстап алдым! Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, мына екеуінің қолын ұстағанымда шайтанның қолы менің қолымда болды!” Осыдан кейін Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ Тағаланың есімін айтып тамаққа кірісті. Муслим.
732. Хабар бойынша, Умаййа бин Махши, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам жанында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болған уақытта тамақ жеп отырды да, ол тамақтан бір түйірі қалғанша Аллаһтың есімін айтпады. (Тамақтың соңғы түйірін) аузына салайын деп жатып: “Аллаһтың атымен тамақтың алдында және соңында!” /Бисмилляһи фи аууалаһи уа ахираһи!/, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, күліп: “Осы уақыт бойы шайтан онымен бірге тамақ жеп отырда, ал ол Аллаһтың есімін еске алуы мұң еді, шайтан ішіндегісінің бәрін құсып тастады”, - деді. Абу Дауд ан-Насаи1.
733. Хабар бойынша, Аиша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының алтауының ортасында тамақ жеп отыр еді, бір бәдәуи келді де (қолына тамақтың екі түйірін алып) тамақты жеп бітірді, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, егер де ол Аллаһтың есімін айтқанда, тамақ бәрімізге жетер еді», - деді. Ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп жеткізді.
734. Хабар бойынша, Абу Умама, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте тамақ жеп болысымен былай дейтін жеткізді:
Аллаһқа көп, хош, берекелі, әрдайым айтылатын, үздіксіз мақтау-мадақтар болсын, иә біздің Раббымыз! /Әлхамду лилләһи хамдан касиран таййбан мубаракан фийһи, ғойро (мәкфий уә лә) мууаддәъин, уә ләә мустәғнән ъанһу роббәнә/2 Аль-Бухари.
735. Хабар бойынша, Муъаз бин Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімде-кім тамақтан кейін: “Менен ешқандай күш-қуат талап етпей мені тамақтандырып, рызықтандырған Аллаһқа шүкір!” /Әльхамду лилләһил-ләзий ат-ъамәний һәзәә, уә разақаниһи, мин ғойри хаулим-миний уә ләә қутин!/3, - десе, оның алдыңғы кішігірім күнәләрі кешіріледі.
101 ТАРАУ
Тамақты жамандамай, оны мақтаудың керектігі жайлы.
736. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ешқандай тамақты жамандаған емес, егер ол оны қаласа жейтін де, ал егер ол оған ұнмаса жемейтін. Аль-Бухари, Муслим.
737. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйіндегі адамдардан тұздық сұрады, оған: “Бізде сірке суынан басқа тұздық жоқ”, - деді. Сонда ол сірке суын алдырды да: “Сірке суы тамаша тұздық, сірке суы тамаша тұздық!”, - деп (тамағын) жей бстады. Муслим.
102 ТАРАУ
Ораза ұстаушыға егер ол аузын ашпаса не айту керектігі жайлы.
738. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер қайсы біріңді қонаққа шақырса1, онда қабыл алсын, егер оның аузы ораза болса, онда дұға жасасын, ал егер ораза болмаса, онда тамақ жесін. Муслим.
Ғалымдар: “Бұл жердегі “Дұға жасасын”, дегені, ол Аллаһ Тағаладан (ол адам үшін) тілек тілеп дұға жасасын дегені.
103 ТАРАУ
Тамаққа шақырылған адам, егерде онымен бірге тағы біреу келген болса не деу керектігі жайлы.
739. Хабар бойынша, Абу Масъуд аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Ансарлардан бір адам Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және онымен бірге төрт адамды үйіне тамақ беруге қонаққа шақырды, сонда олармен бірге тағы бір адам ілесті де, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйдің есігінің алдына келген уақытта, үй иесіне: “Мына адам бізге еріп келді, егер қаласаң, оны кіргізесің де, ал егер қаламасаң ол артқа қайтады”, - дегенде ол: “Жоқ, мен оған кіруге рұқсат беремін, иә Аллаһтың елшісі!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
104 ТАРАУ
Жанында отырған адамның қалай жеу керектігі және дұрыс жей алмайтын адамға үйретіп көмектесу жайлы.
740. Хабар бойынша, Омар бин Абу Салама1, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:
Бала кезімде мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолында (тәрбиесінде) болдым. Әдетте мен қолымды ортадағы тамақтың әр шетіне созатынмын. Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Иә балақай: “Аллаһтың атымен!” /Бисмил-Лаһи!/, - деп айт та, оң қолыңмен же және тамақтан өзіңе жақынынан ғана ал!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
741. Хабар бойынша, Салама бин Ақуаъ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:
Бір адам Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында сол қолымен жей бастады, бұны көрген ол: «Оң қолыңмен же!», - деді. Бұған ол: «Жей алмаймын», - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, «Жей алмай қал!», деді. Өйткені оған такаппарлықтан басқа еш нәрсе кедергі жасамайтын. Осыдан кейін ол, шынымен-ақ, сол қолын аузына апара алмайтын болды. Муслим.
105 ТАРАУ
Көпшілік арасында тамақ жеп отырған адамның құрманы екіден не болмаса басқа тамақты екіден алып жеуді, тек қана сондағы адамдардың рұқсатымен ғана жасауға болатындығы жайлы.
742. Хабар бойынша, Жабал бин Сухайым, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:
Біз ибн аз-Зубайрмен бірге болған кезімізде, құрғақшылық болды да бізге құрма берілетін. Ал Абдуллаһ бин Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жайлы айтатын болсақ, ол тамақ жеп отырған біздің жанымыздан өтіп бара жатып: “Екіден алмаңдар, өйткені Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, олай істеуге тыйым салатын”, - дейтін де, артынан: “…егерде оған олай істеуге оның бауыры рұқсат бермесе”, - деп қосатын. Аль-Бухари, Муслим.
106 ТАРАУ
Тамақ жеп, бірақ тоймайтын адамға не деп, не істеу керектігі жайлы.
743. Хабар бойынша, Уақш бин Харб былай дейді:
Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған: “Иә Аллаһтың елшісі, расында біз тамақ жеп тойына алмаймыз!”, - деді. Ол: “Сендер бөлек тамақ ішетін шығарсыңдар”, - деді. Олар: “Иә”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда тамаққа жиналып, Аллаһтың есімін айтып жеңдер, сонда сендерге тамақтың берекесі болады”, - деді. Абу Дауд.
107 ТАРАУ
Тамақты шетінен бастап жеу және ортасынан жеуге рұқсаттың жоқтығы жайлы.
Бұл тарауға Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “…өзіңе жақын болған жерден ғана же!”, - деген сөздері жатады.
744. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Тамақтың берекесі, оның ортасында болады, сондықтан оның шетінен бастап жеңдер де, жеуді ортасынан бастамаңдар. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
745. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Буср оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, “Аль-Ғарра”1, деп аталатын үлкен және оны төрт адам көтеретін ыдысы болатын. Бірде таң ертең намаз оқып болған соң, ішіне нан турап оны алып келді де, оны айнала адамдар жинала бастады, ал оның жанына көп адам жиналған соң Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның алдына тізерледі. Бір бәдәуи: “Сен неге бұлай отырсың?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында Аллаһ мені рақымсыз билеуші етіп жаратқан жоқ, мен шүкірлік етушілерден етті!”, - деді де, артынан: “Шетінен жеңдер де, төбесіне тиіспеңдер, сонда осының бәрі берекелі болады”, - деді. Бұл хадисті Абу Дауд жақсы иснадпен келтіреді.
108 ТАРАУ
Шынтаққа сүйеніп тамақ ішудің жақсы еместігі жайлы.
746. Хабар бойынша, Абу Жухайф Уахуа бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Мен тамақ ішкенде еш нәрсеге сүйенбеймін. Аль-Бухари.
Аль Хттаби былай дейді:
“Бұл жердегі ”Шынтаққа сүйенуші” , дегені ол “отырушының өзі отырған төсекке сүйенгені”. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мен төсекте және жастықта тамақты көп жегісі келген адам секілді отырмаймын, керісінше тек керекті мөлшерде ғана және кез келген уақытта тұрып кететін адамның отырысымен отырамын, деп айтпақшы болған”.
Ал Аль-Хаттабидің бұл сөздерін басқалар “Шынтаққа сүенуші”, ол жантайып жартылай жатқан адамды айтады, деген, ал бәрін білуші бір Аллаһ қана.
747. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:
Мен Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір тізесін көтеріп жерде отырып құрма жегенін көрдім. Муслим.
109 ТАРАУ
Тамақты үш саусақпен жеп оны жалаудың дұрыстығы, ал оны жаламай сүртудің жақсы еместігі жайлы және ыдыстағы (тамақты) жалап жеп қою, жерге түскен тамақты көтеріп жеу және де саусақтарды жалаған соң оны білекке, өкшеге сүртуге болатындығы жайында.
748. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден қайсыларың тамақ жеп болған соң саусағын жалап қоймай, не оны басқа біреуге жалатпай1 сүртпесін. Аль-Бухари, Муслим.
749. Хабар бойынша, Қаъб бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:
Мен Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты үш саусағымен жеп, ал жеп болған соң оны жалап қойғанын көрдім. Муслим.
750. Хабар бойынша, Жабір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, саусақтармен ыдысты жалап қоюды әмір етіп, былай деді: “Расында, сендер тамақтың қай бөлігінде берекенің жасарынғанын білмейсіңдер”. Муслим.
751. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Егер қайсы біріңнің бір түйір тамағың түсіп қалса, оны шайтанға қалдырмай қыл-қоқымын алып тастап жеп қойсын және қолын жаламағанша шүберкпен сүртпесін, өйткені ол асының берекесі қай бөлігінде екенін білмейді. Муслим.
752. Хабар бойынша, Жәбір, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, шайтан сендердің әр қайсыларыңның қасында болып, ол не істесе де жанынан кетпей тамақ ішіп жатқан кезде де болады, егер қайсы біріңде бір тілім (түйір болса да) тамағың түсіп қалса, оны шайтанға қалдырмай қыл-қоқымын алып тастап жеп қойсын және қолын жаламағанша шүберкепен сүртпесін, өйткені ол асының берекесі қай бөлігінде екенін білмейді. Муслим.
753. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Тамақ жеп болысымен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, саусақтарын жалап былай дейтін: “Егер қайсы біріңде тамағыңнан бір түйірі (болса да) түсіп қалса, оны шайтанға қалдырмай қыл-қоқымын алып тастап жеп қойсын“ Және ол бізге ыдыстағы тамақты жалап жеп қоюды әмір етіп, былай дейтін: “Расында, сендер астарыңның қай бөлігінде береке жасырынғанын білмейсіңдер”. Муслим.
754. Хабар бойынша, Саъид бин Харис, ол бірде Жәбірден, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, отқа тиген тамақты жегеннен кейін дәрет алу керек пе?, днп сұрағанда1. Ол: “Жоқ. Бұндай тамақ Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, уақытында бізге сирек бұйыратын, ал ондай тамақ тигенде біздің орамалымыз болмайтын, қолымызды білегімізге, окшелерімізге сүртетінбіз де, одан кейін намазды дәрет аламастан оқитынбыз2. Аль-Бухари.
110 ТАРАУ
Тамаққа көп қол созылғанының
жақсы екендігі жайлы.
755. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Екеудің тамағы үшеуге де жетеді, ал үшеудің тамағы төртеуге де жетеді. аЛь-Бухари, Муслим.
766. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Бір адамның тамағы екі адамға жетеді, екі адамның тамағы төрт адамға жетеді, ал төрт адамның тамағы сегіз адмға да жетеді. Муслим.
111 ТАРАУ
Су ішу жайлы және су ішкен уақытта ыдысты ауыздан алып үш рет демалғанның жақсы екендігі, және ыдысты ауыздан алмай демалғанның дұрыс еместігі және де ыдысты, беру суды бірінші ішіп болған адамнан соң оның оң жағына қарай беру керектігі жайлы.
757. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір ыдыстан су ішкен уақытында, әдетте үш рет дем алатын. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл дегеніміз, ол ыдысты аузынан алып дем алатын.
758. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Түйе секілді бірден бәрін ішпеңдер, ішкенде екі не үш рет дем алып ішіңдер және ішер алдында “Аллаһтың атымен!”/Бисми-Ллаһи!/, - деп бастаңдар да, ішуді аяқтағанда Аллаһқа мақтаулар айтыңдар1. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.2
759. Хабар бойынша, Абу Катада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, ыдсты ауыздан алмай дем алуға тыйым салатын. Аль-Бухари, Муслим.
Яғни, ыдыстағы суға дем алу.
760. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, су араластырған сүт алып келгенде, оның оң жағында бір бәдәуи тұрды да, ал сол жағында Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, тұрды. Ол сүтті ішіп болды да, ыдысын бәдуиге беріп: “Оң жақтағының артық хақысы бар”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
761. Хабар бойынша, Сахл бин Съад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сусын алып келді, ол оны ыдыстан ішті. Сонда оның оң жағында бір жасөспірім3 отырды да, ал сол жағында қариялар отырды. Ол жасөспірімнен: «Сен маған мына ыдысты алдымен мыналарға беруге рұқсат бересің бе?», - деді. Жасөспірім: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен сенен маған тиесіліні ешкімге бермеймін!», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол ыдысты оған берді. Аль-Бухари, Муслим.
112 ТАРАУ
Шанаштың4 не болмаса басқа ыдыстардың тікелей аузынан ішудің жақсы еместігі жайлы және жақсы емес дегеннің толығымен рұқсат емеске жатпайтындығы жайлы.
762. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
“Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шанаштарды бүктеуге тыйым салатын”, - яғни, оны бүктеп аузынан ішуге, тыйым салатын. Аль-Бухари, Муслим.
763. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үлкен болсын, /…кіші болсын/ шанаштың тікелей аузынан ішуге тыйым салатын. Аль-Бухари, Муслим.
764. Хабар бойынша, Хасан бин Сәбиттің апасы Умм Сәбит Қабша бинт Сәбит, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған кірді де, тұрып менде ілулі тұрған шанаштың аузынан су ішті. Сосын мен ол шанаштың аузын кесіп алдым. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
Оның шанышқының аузын кесіп алғандағы мақсаты, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсвн, аузы тиген нәрсені, кұтіп ұстап сол арқылы иглікке жету болған. Бұл хадистен алатынымыз, дегенмен аузы бар ыдыстардан тікелей аузынын ішуге Шариғат толығымен тыйым салмайды, бірақта алдыңғы хадистерге сұйенетін болсақ олай істегеннің жақсы емес екендігі айқындалады, ал бәрін білуші бір Аллаһ қана1.
113 ТАРАУ
Суға үрлеудің жақсы еместігі жайлы.
765. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, суға үрлеуге тыйым салған уақытта, бір адам: “Дегенмен мен кей-кездері онда қиқым көремін”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “(Қиқымды) төгіп таста”, - деді. Ол адам: “Мен бір деммен сусынымды қандыра алмаймын”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда ыдысты аузыңнан ал2”, - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
766. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ыдысқа үрлеуді және одан ауызды алмай дем алуға тыйым салды. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
114 ТАРАУ
Тұрып ішуге болатындығы, бырақ отырып ішкеннің жақсырақ екендігі жайлы.
Бұл тарауға (112 тарауда) келтірілген (№764 хадис) Қабыштың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келтірген хедисі жатады.
767. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Зәмзәм суын бердім, ол оны тұрған бойда ішті. Аль-Бухари, Муслим.
768. Хабар бойынша, ан-Назаль бин Сабр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мешіт қақпаларының жанына келіп, тұрып су ішті де: “Қазір мен не істесем, расында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, соны істегенін көрдім1”, - деді. Аль-Бухари.
769. Хабар бойынша, Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде біз жүріп жеп және тұрып су ішуге жиі мәжбүр болатынбыз. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
770. Хабар бойынша, Амр бин Шуъайбқа әкесі оның атасының, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деп айтқанын жеткізді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тұрып та отырып та ішкенін көрдім. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
771. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тұрып ішуге тыйым салғанын жеткізді, Қатада айтты:
Біз Анастан: “Ал жеуге ше?”, - деп сұрағанда, ол: “Бұл одан да нашар”, /”…не одан да жиренішті”/, - деп жауап берді. Муслим.
Бұл хадистің тағі бір нұсқасында Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға тұрып ішуге рұқсат бермейтін, делінеді.
772. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден еш қайсысың тұрып ішуші болмаңдар, ал егер ұмытып кетіп ішіп қойса, онда ішкенін құсып тастасын. Муслим.
115 ТАРАУ
Су үлестіруші адамның өзі суды соңынан ішуі жайлы.
773. Хабар бойынша, Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Су үлестіруші адам, өзі суды бәрінен кейін ішсін. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
116 ТАРАУ
Тікелей өзеннен не болмаса тағы (осыған ұқсас) жерлерден ыдыссыз қолдың көмегінсіз ішуге болатындығы сияқты кез келген алтын мен күмістен басқа таза ыдыстардан ішуге болатындығы жайлы және алтын мен күмістен жасалған ыдыстардан ішіп-жеуге дәрет алуға және басқа да істерде қолдануға болмайтындығы жайлы.
774. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде намаздың уақыты келген уақытта мешіттің жанында тұратындар дәрет алуға үйлеріне кетті, ал қалғандары қалды. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы айтатын болсақ, оған тастан жасалған ыдыспен су алып келді, ол ыдыстың кішкентайлығы сонша, онда саусақтарды ашып салуға қол симас еді, бірақта сол ыдыстағы сумен сол жерде қалған барлық адам дәрет алды.
Бұл хадисті жеткізушілердің бірі былай деді:
Біз Анастан: “Сендер неше адам болып едіңдер?”, - деп сұрадық. Ол: “Сексеннен астам адам”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим, бұл жерде Аль-Бухаридің нұсқасы келтіріліп тұр.
Бұл хадистің Аль-Бухари, Муслим келтірген тағы бір нұсқасында Анастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, су әкелуге әмір берді де, оған бір таяз ыдыспен су алып келді, ал мен оның саусақтарының арасынан (ыдыстан) су аққанын көрдім, ал дәрет алушылардың санын айтатын болсақ олар жетпіс пен сексеннің аралығында болды.
775. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Зайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бізге Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді, біз оған мыс ыдыспен су алып шақтық, ол сол сумен дәрет алды. Аль-Бухари.
776. Хабар бойынша, Жәбір бин Абдуллаһ, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларының бірімен бір ансардың үйіне кірді де: «Сенің шанашыңда түннен қалған су бар ма, егер болмаса онда біз суаттың1 өзінен ішеміз», - деді. Аль-Бухари.
777. Хабар бойынша, Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге жібектен және дибадждан жасалған киімді киуге2 және алтын мен күмістен жасалған ыдыстардан ішуге тыйым салып былай дейтін: “Расында, бұның бәрі олар1 үшін осы дүниеде бұйрады да, ал біздер үшін о дүниеде бұйырады” аль-Бухари, Муслим.
778. Хабар бойынша, Умм Салама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Күміс ыдыстан ішкеннің қарнында Тозақ отының жалыны шулайды. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
Расында, кім күмістен жасалған ыдыстан ішсе, жесе…
Бұл хадистің тек қана Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
Күміс не алтын ыдыстан ішкеннің қарнында Тозақ отының жалыны шулайды.
КИІМ КІТАБЫ
117 ТАРАУ
Ақ түсті киім кигеннің дұрысырақ екендігі және қызыл, жасыл, сары, қара түсті киімді киуге болатындығы, сондай-ақ киімнің матасы мақтадан, шаштан, жүннен, зығырдан және т.б. жібектен басқаның бәрінен болса киуге болатыныдығы жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәнді бұйым түсірдік (жарттық). Негізінде тақуалық киім жақсы. Солар Аллаһтың белгілері. Әрине түсінерсіңдер“. «Ағраф» сүресі, 26 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“…Сондай-ақ сендер үшін ыстықтан қорғайтын киімдер және соғыста қорғанатын сауыттар пайда қылды. Әрине бой ұсынарсыңдар”. “Нахыл” сүресі, 81 аят.
779. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімдеріңнің ішінен ағын киіңдер, өйткені, расында, олар жақсырақ болып саналады, сондай-ақ мәйіттеріңді ақ матаға ораңдар. Бұл хадисті ат-тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис” деп келтіреді.
780. Хабар бойынша, Самур, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ақ киіңдер, өйткені, расында, ол таза және жақсырақ, сондай-ақ мәйіттеріңді аққа ораңдар. Бұл хадисті ан-Насай және аль-Хакам “Сенімді хадис” деп келтіреді.
781. Хабар бойынша, Аль-Бари бинЪазиб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсы, орта бойлы болатын. Бірде мен оны қызыл түсті киімде көрдім, сондай-ақ сырт пішіні одан сүйкімді (әдемі) ешкімді көрген емеспін. Аль-Бухари, Муслим.
782. Хабар бойынша, Абу Жахайфа Ухф бин Абдуллуһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол Мекке (төңірегіндегі) Аль-Абтах деген жерде, қызыл түсті терімен қапталған өзінің шатырында көрдім. Биляль Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дәрет алу үшін су алып шықты да, одан кейбіреулерге бірнеше тамшы бұйырды да, ал кейбіреулері онымен денелерінің кей жерлерін сулауға мүмкіншілік алды1. Одан кейін сыртқа үстіне қызыл түсті киімі киген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шықты, әлі күнге дейін оның балтырының ақтығы менің көз алдымда. Содан соң ол дәрет алды, ал Биляль азан айта бастады, мен болсам ол оңға және солға бұрылып “Намазға асығыңдар!” /Хаййа ъляс-солят!/ “Құтылу жолына асығыңдар!” /Хаййа ълял-флях/, деген уақытында оның сөздерін қайталап отырдым. Содан соң Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үшін ұшы ұшталған ағашты жерге қадады2 да, ол алдыға шығып намаз оқыды, намаз кезінде оның алдынан еш кедергісіз иттер мен есектер өтіп жатты. Аль-Бухари, Муслим.
783. Хабар бойынша, Абу Римса Рифаъа ат-Тайми, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үстінде жасылдан екі кіиімі болған кезінде көрдім. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд пен ат-Тирмизи келтіреді.
784. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Меккені алған күні, мен Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қара сәлдемен болғанын көрдім. Муслим.
785. Хабар бойынша, Абу Саъид Амр бин Хурайс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен ұштарын жауырынының ортасына түсірген қара сәлделі Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әлі күнге дейін көз алдымда көріп тұрғандаймын. Муслим.
Бұл хадистің Муслим келтірген Жәбірден жеткізген нұсқасында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардың алдына құтпа айтуға қара сәлдемен шыққаны хабарланады.
786. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мәйіті Иеменнен алынған үш бөлек Сахулдік шыт матамен1 оралды, сонда оның арасында не жиде, не сәлде болған жоқ. Аль-Бухари, Муслим.
787. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйінен, түйенің ері секілді оюлармен жүннен оюланып тоқылған киіммен2 шықты. Муслим.
788. Хабар бойынша, аль-Муғира бин Шуъба, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сапарда бірге болған кезімде, ол менен: “Сенде су бар ма?”, - деді. Мен: “Иә”, - дедім. Осыдан кейін ол түйесінен түсті де, қараңғы түнекке кіріп көрінбей кетті. Сосын ол қайтып келді де мен ыдысымнан оған суды ағыза бастадым да, ол бетін жуды. Осы кезде оның үстінде жүннен тоқылған жубба3 болды, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолдарының білегін жалаңаштата алмағаннан кейін, қолын (киімінің) астынан шығаруға тура келді4. Сосын қолдарын шынтақтарына дейін жуды да, су қолдарымен басын сүртті, ал сосын мен оған аяқ киімдерін /хуффайн/5 шешуге қолымды создым, бірақ ол: “Оларды қоя ғой, өйткені оларды мен таза аяғыма кидім”, - деді де, содан кейін аяғын сүртті. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің басқа бір нұсқасында аль-Муғира бин Шуъайбтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
…оның үстінде Шамнан алынған тар жеңді жубба болды.
Бұл хадистің үшінші нұсқасында былай делінеді:
Осының бәрі Табук жорығы кезінде болды.
,
118 ТАРАУ
Көйлек кигеннің жақсы екендігі жайлы.
789. Хабар бойынша, Умм Салама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүйікті киімі көйлек болатын. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
119 ТАРАУ
Көйлектің, жеңінің, изардың және сәлденің ұштарының ұзындығы, сондай-ақ осылардың бәрін көкіретіктен ұзартуға тыйым салынатындығы және басқа себептермен де олай істеудің
дұрыс еместігі жайлы.
790. Хабар бойынша, Асма бинт Йазид аль-Ансарийа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көйлегінің жеңі білегіне дейін жетіп тұратын. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.1
791. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “ Ахірет күні Аллаһ, киімін өр-көкіректіктен артында сүйретіп жүргенге, назар салмайды”, - деді. Бұны естіген Абу Бакр: “Иә Аллаһтың елшісі, егер мен қарамасам менің изарым кей кездері (белімнен) түсіп жерде сүйретіледі!”, - деді. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, сен оны өр-көкіректіктен істейтіндерден емессің!», - деді. Бұл хадисті аль-Бухари толығымен келтіреді, ал Муслим бөлігін ғана келтіреді.
792. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Киімін өр-көкіректіктен артында сүйретіп жүргенге, Ахірет күні Аллаһ назар салмайды! Аль-Бухари, Муслим.
793. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Қызыл асықтан төмен түскен изардың бөлігі Оттан орын алады2. Аль-Бухари, Муслим.
794. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Үшеумен Аллаһ Ахірет күні сөйлеспейді, оларға қарамайды, оларды (күнәләрінан) тазартпайды және оларға ауыр азап дайындалған!
Абу Зарр айтты:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл сөздерін үш рет қайталады.
Сонда Абу Зарр: “Олар сәтсіздікке тап болып шығынға ұшырайды! Иә Аллаһтың елшісі, олар кімдер?”, - деп сұрады. Ол: “Киімдерінің соңын жерге түсірушілер, өзінің игілікті істерімен адамдарға міндетсінетіндер және (саудада) өзінің заттарын жалған антпен сатушылар”, - деді. Муслим.
Бұл хадистің басқа бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:
…изарын төмен түсіруші…
795. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Өр-көкіректіктен изарының, көйлегінің және сәлдесінің ұштарын тым түсіргендерге Аллаһ Ахірет күні қарамайды. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд және ан-Насаи келтіреді.
796. Хабар бойынша, Абу Журайй Жәбір бин Суляым, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен, оның ойына мән беріп және оның айтқанына ешкім қарсы шықпайтын, бір адамды көрдім. Мен: «Бұл кім?», - деп сұрадым. Адамдар: «Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын», - деді. Сонда мен, екі рет: «Саған сәлем /Алейка-с-саляму/, иә Аллаһтың елшісі!», - дедім. Бұныма ол: «“Саған сәлем”, - деме, өткені “Саған сәлем” деп өлген адамдарға айтады1, бірақта “Сәлем саған” /Ассаляму-аалейка/, - деп айт», - деді. Сосын мен: «Аллаһтың елшісі сенсің бе?», - деп сұрадым. Ол: «Мен – егер саған қайғы келсе, сен Оған дұға жасап, оны сенен Қайтаратын, сондай-ақ сенің отырғызғаныңа құрғақшылық жылы келіп, сен Оған дұға жасап сұрағаныңда сенің отырғызғаныңды Өсіретін және шөл далада жоғалтқан түйеңді сенің дұғаңнан кейін тауып Беретін, Аллаһтың - елшісімін», - деді. Сосын2 мен: «Маған өсиет айтшы», - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ешкімді балағаттаушы (ұрсушы) болма», - деді. Мен сол кезден бері бірде бір рет не құлды, не бас бостандығы бар адамды, не түйені, не қойды (ешкімді) балағаттаған емеспін. Содан кейін Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бауырыңмен сөйлескенде оған жылы лебіз таныту тұрғысында болса да Шариғаттың барлық қолдаған амалдарын орындауға тырыс, өйткені бұнда (сауап бар). Сондай-ақ изарыңды балтырыңның ортасына дейін көтер, не болмаса қызыл асықтарыңа дейін көтер де, одан төмен түсіруші болма, өйткені олай тек көкіректіктен ғана істейді, ал Аллаһ болса, расында өр-көкректікті жақтырмайды! Ал егер қай бір адам сені, сендегі білетін бір ісіңмен, масқаралап сөгетін болса, онда сен оны ол туралы білетін істерімен сөгіп масқаралаушы болма, сонда бұл күнәнің жазасын ол жалғыз тартады», - деді. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
797. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде изарын тым төмен түсірген бір адам намаз оқыған кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған: «Бар да дәрет ал!», - деп әмір берді. Ол адам барып дәрет алды да қайтып келді, бірақ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған тағы да: «Бар да дәрет ал!», - деп әмір берді. Сол жерде болғандардың бірі: «Иә Аллаһтың елшісі, сен неге оған дәрет ал дейсің де, одан кейін ол туралы еш нәрсе айтпайсың?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, ол намазды изарын төмен түсіріп оқыды, ал Аллаһ төмен түсірушінің дұғасына жауап бермейді1!», - деді. Бұл хадисті Муслимді қанағаттандыратын сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.2
798. Хабар бойынша, әкесі Абу Дардамен3 әңгімелескен Қайса бин Бишра ат-Тағлиби былай деді:
Дамаскіде Ибн аль-Ханзалййа атты Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларыннан бір адам болды. Ол көп намаз оқитын болғандықтан жекешеленуді жақсы көріп адамдармен аз сөйлесетін, ал намаз оқып болған соң Аллаһты мадақтап Оған мақтау айтумен айналысатын, осылай үйіне қайтқанша күндерін өткізетін. Бірде біз Абу Дардамен бірге болған кезімізде, ол жанымыздан өтті де, Абу Дарда оған: “Бізге пайдалы болып және саған нұқсан келтірмейтін әңгіме айтшы”, - деді. Сонда ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жорыққа қарулы жасақ аттандырды да, ал олар қайтып келген кезде, жасақтың ішінен бір адам, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болған жерге келіп, отырды да, сонда жанында отырған бір адамға: “Сен бізді жаумен кездескен кезімізде көрмегенің өкінішті-ақ! Пәленше оларға лап беріп, біреуін найзамен шаншыды да: “Менен осы соққыны ал, ал мен – ғифар руының жігітімін!”, - деді. Сен бұл сөздер туралы не дейсің?”, - деді. Ол адам: “Мен оның бұл сөздерінің кесірінен оның сауабы жоғалады, деп ойлаймын”, - деді. Оның сөзін басқа бір адам естіді де: “Мен бұл сөздерден еш жамандық көріп тұрған жоқпын”, - деді де, олар өзара тартыса бастады. Бұл әңгіменің бәрін естіп отырған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһқа мақтау! Оған Аллаһтың да сауабын алуға және мақтау сөздерін естуге де ешкім кедергі жасай алмайды!”, - деді.
Мен бұл әңгіменің: “Сен шынымен-ақ бұны Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, естідің бе?”, - деп, басын көтеріп, сұрақ қойып жатқан Абу Дардаға ұнағанын байқадым. Ал Ибн Ханзалийа: “Ия”, - деп жауап берді. Ал Абу Дарда болса, мен: “Бұл тізерлеп тұрудан тайынбайды4”, - деп ойлағанымша, сұрақ беруін жалғастыра берді.
Сосын, тағы бір күні Абу Ханзалйиа жанымыздан өткен кезде Абу Дарда оған: “Бізге пайдалы болып және саған нұқсан келтірмейтін әңгіме айтшы”, - деді. Сонда ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге: “Аллаһ жолында жылқыларға қаржы жұмсайтын5, үздіксіз садақа берушімен тең”, - деді.
Сосын, тағы бір күні Абу Ханзалйиа жанымыздан өткен кезде Абу Дарда оған тағы да: “Бізге пайдалы болып және саған нұқсан келтірмейтін әңгіме айтшы”, - деді. Сонда ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Хурайма аль-Усайда туралы, егер ол шашын тым ұзын өсірмесе және изарын тым төмен түсірмесе, тамаша адам, деп айтуға болушы еді”, - деді. Бұны естіген Хурайма ұстара алып шашын құлағына дейін қысқартып, ал изарын балтырының ортасына дейін көтеруге асықты.
Сосын, тағы бір күні Абу Ханзалйиа жанымыздан өткен кезде Абу Дарда оған тағы да: “Бізге пайдалы болып және саған нұқсан келтірмейтін әңгіме айтшы”, - деді. Сонда ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, сендер жақын арада бауырларыңа келесіңдер1, сондықтан адамдардың арасындағы меңге ұқсау үшін2, ерлерің мен киімдеріңді реттеңдер, өйкені, расында Аллаһ ұятсызды және ұятсыз істерді жасаушыны жақтырмайды”, - дегенін естідім. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді. Бұл хадисті жеткізушілер жайлы айтатын болсақ, онда олардың ішінде Қайса бин Башир жайлы ғана түрлі көз қарастар бар. Оны кейбірі сенімге тұралық десе, ал екіншілері әлсіз дейді. Оған хадисті Муслим жеткізген.3
799. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Мұсылманға изарын балтырының ортасынан төмен түсіріп киу оғаштық болып табылады, егер ол изарын қызыл асықтарына дейін түсіретін болса, онда тұрған ештеңе жоқ, дегенмен қызыл асықтарынан төменгісі Оттан орын алады, кім изарын көкіректіктен жерде сүйретіп жүрсе, оған Аллаһ Ахірет күні назар салмайды. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
800. Хабар бойынша, Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен ұштары тым төмен түскен изар киіп Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанынан өткенімде, ол маған: “Иә Абдуллаһ изарыңды көтер!”, - деді де, мен көтердім, осыдан кейін ол: “Және (көтер)!”, - деді де, мен одан да жоғары көтердім. Содан бері мен оны солай киуге тырысамын.
Біреу: “Қай жерге дейін?”, - деп сұрағанда ол: “Балтырымның ортасына дейін”, - деп жауап берді. Муслим.
801. Хабар бойынша, Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім киімін көкіректіктен жерде сүйретіп жүрсе, оған Аллаһ Ахірет күні назар салмайды»,- деген кезде, Умм Салама: «Ал әйелдердің көйлектерінің етегімен не істейміз?», - деп сұрады. Ол: «Онда бір алақан түсірсін», - деді. Умм Салама: «Онда олардың өкшелері көрінеді», - деді. Ол: «Онда етектерін (бір) білекке түсірсін, бірақ одан төмендетпесін!», - деді. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді» хадис деп келтіреді.
120 ТАРАУ
Бой ұсыну мақсатында тым қымбат киімдерден бас тарту жайында.
Бұл тарауға қытысы бар хадистердің бөлігі № 56 “Аштықтың, қатаң өмірдің, аста, суда, киімде және басқа да барлық адамның жанына қуаныш әкелетін істерде азға қанағат етудің, және де нәпсінің артынан еруден бас тартудың мәртебесі жайлы тарауда“ келтірілген.
802. Хабар бойынша, Муъаз бин Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Мүмкіншілігі бола тұра, Аллаһқа бой ұсыну мақсатында, қымбат киім киуден бас тарқан адамды, Аллаһ Ахірет күні бүкіл жаратылыстарының көзінше оған иман киімдерінің кез келгенін таңдап киуін ұсынады. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
121 ТАРАУ
Киім кигенде мүмкіншілігі болса тым адамдар күлетіндей нашар киінбеу жайында, әрине егер оның әрекеті осыған мұқтаж болғандықтан не болмаса Шариғаттың басқа да рұқсат етілген амалдарының ішіндегі бір мақсаттарға жетуімен байланысты болмаса.
803. Хабар бойынша, Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, Аллаһ Өзінің (құлына берген) игілігінің іздерін Өзінің құлының үстінде көргенді жақсы көреді1. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
122 ТАРАУ
Еркектерге жібектен киім киуге, оған отыруға, оған сүйенуге болмайтындығы және әйелдерге жібектен киім киуге рұқсат екендігі жайында.
804. Хабар бойынша, Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Жібектен киім кимеңдер, өйткені, расында жібекті осы дүниеде кигендер, оны о дүниеде кие алмайды. Аль-Бухари, Муслим.
805. Хабар бойынша, Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Жібекті үлесі болмағандар ғана киеді. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің тек қана аль-Бухари келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
…мәңгілік дүниеде үлесі болмаған киеді.
806. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Жібекті осы дүниеде кигендер о дүниеде кие алмайды. Аль-Бухари, Муслим.
807. Хабар бойынша, Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолына жібек алып оны оң қолына салып, сосын қолына алтын алып, оны сол қолына салып: “Расында мынау мен мынау менің үмметімнің еркектеріне харам”, - дегенін естідім. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
808. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, жібек пен алтын киу менің үмметімнің еркектері үшін харам, ал әйелдері үшін халал (рұқсат). Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
809. Хабар бойынша, Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге алтын мен күміс ыдыстардан ішуге, жібектен және негізі жібектен жасалған киімдерді киуге және оған отыруға тыйым салатын. Аль-Бухари.
123 ТАРАУ
Қотырмен ауыратындарға жібек киім
киуге болатындығы жайлы.
810. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аз-Зубайр мен Абд ар-Рахман бин Ауф қотырмен ауыратын болғандықтан, оларға жібек киім киуге рұқсат берді. Аль-Бухари, Муслим.
124 ТАРАУ
Жолбарыстың терсін төсекке жабуға және онымен жабылған ердің үстіне отыруға болмайтындығы жайлы.
811. Хабар бойынша, Муъавий, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Жолбарыстың терісі жабылған және жібек жабылған көлікке отырмаңдар. Абу Дауд және басқа да мухаддистер “Жақсы хадис”, деп жақсы иснадпен келтіреді.
812. Хабар бойынша, Усама бин Умайр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы (жыртқыш) аңдардың терісін қолдануға тыйым салатын. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд ат-Тирмизи және ан-Насаи келтіреді.
Бұл хадистің ат-Тирмизи келтірген нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы (жыртқыш) аңдардың терісімен төсектерді жабуға тыйым салатындығы айтылады.
125 ТАРАУ
Адам жаңа киім кигенде
не деу керектігі жайында.
813. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаңа киім киген кезде оның атын атайтын да (мысалыға) “сәлде”, не “көйлек”, не “шапан” (деп), сосын былай дейтін: “Иә Аллаһ! Саған мақтау-мадақтар болсын! Сен маған (киім) кигіздің. Мен сенен оның берекетін тілеймін және қандай жақсылыққа арналса, оның игілігін сұраймын, қандай жаманшылыққа арналса, оның жамандығынан Өзіңе сыйынамын”. /Аллаһумма ләкәл-хамду анта касаутаниһ асәлукә мин хойриһи уә хойри мә суниъа ләһ, уә әъузубика мин шарриһи уа шарри мәә суниъа ләһ/1 Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
126 ТАРАУ
Киім кигенде оң жақтан бастау керектігі жайлы.
Бұл тарауға байланысты хадистер №99 барлық жақсы амалдарды орындағанда оң жақтан бастауға көңіл бөлу жайындағы тарауда келтірілген.
ҚАЛАЙ ҰЙҚТАУ КЕРЕКТІГІ
ЖАЙЛЫ КІТАП
127 ТАРАУ
Қалай ұйықтап, қалай жату керектігі жайлы.
814. Хабар бойынша, Аль-Бара бин ъАзиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұйқыға жатқанда, оң жағына (бүйіріне) жатып, былай дейтін: “Иә Аллаһ! Өз нәпсімді Саған бойұсындырдым және ісімді Өзіңе тапсырдым. Әрі жүзімді саған қараттым және (сауабыңды) үміт етіп, әрі (азабыңнан) қорқып, Саған арқа сүйедім. Сенен қашып өзгеден пана табу мүмкін емес, тек Саған қашып Өзіңнен ғана пана тілейміз. Түсірген Кітабіңа әрі жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім.” /Аллаһумма асламта нафси иләйк, уә фәу-уадту әмри иләйк(ә), уә уәж-жәһту уәжһий иләйк(ә), уә әлжәъту зоһрий иләйк(ә) рағбәтән уә раһбәтән иләйк(ә), ләә мәлжә-ә уә ләә мәнжәә минкә иләә иләйк(ә), әмәнту би китабикәл-ләзий әнзәлтә уә би нәбий-икәл-ләзий әрсәлт/1 Осы күйде өзінің «Сахих» кітабында Аль-Бухари келтіреді.
815. Хабар бойынша, аль-Бара бин ъАзиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған былай деді: “Ұйықтауға жатқың келген кезде намаз оқырдың алдында қалай дәрет аласың, солай дәрет ал да оң бүйіріңе жатып былай де…”
Осыдан кейін аль-Бара жоғарыда келтірілген хадистегі дұға секілді дұғаны оқыды да мынаны айтты:
Осыдан кейін (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын,): “Осы сөздері өткізген күніңнің соңғысы қыл”, - деді.
816. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде он бір ракағаттан тұратын нәфіл намаз оқитын, ал таң сөгіле бастаған уақытта жеңіл екі ракағат намаз2 оқитын, сосын азаншы парыз намазының уақытының кіргенін хабарлап азан айтқанша оң бүйіріне жататын. Аль-Бухари, Муслим.
817. Хабар бойынша, Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде төсекке жатқанда бетін қолына қойып: “Иә Аллаһ, Сенің есіміңмен өліп (ұйықтап), Сенің есіміңмен тірілемін (оянамын)” /Бисмикал-лаһумма амуту уа ахийа/3, - дейтін де – ал оянған кезде: “Бізді өлтіргеннен соң қайта тірілткен Аллаһқа шүкір! Әрі біз оған қайтушымыз” Әльхамдули-Ллаһи алләзии Ахиана баъда ма аматна уа илайһин-нушуру/4, - дейтін. Аль-Бухари.
818. Хабар бойынша, Йаъиш бин Тихфа аль-Ғифари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол өзінің әкесінің былай деп айтқанын жеткізді:
Бірде мен етбетіммен мешітте жатқан кезімде, кенет бір адам мені аяғымен түртіп: “Расында, Аллаһ бұлай жатқанды жеккөреді!”, - деді. Мен жоғары қарасам ол адам Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екен. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
819. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһтың кегі /тира/ Аллаһтың есімін айтпай жатқанға қалай тиетін болса, Аллаһтың есімін айтпай отырғанға да солай тиеді. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
“Тира”, дегеніміз “кему (азаю, тартылу)”, деген мағынаны да білдіреді. Және оның мағанасын жауапкершілік деп те айтады.
128 ТАРАУ
Егер көрінбеуге тиісті (аурат) жерлері көрініп қалу қаупі болмаса шалқайып аяқты-аяққа қойып ұйықтауға болатындығы және аяқтарды айқастырып оны қолмен құшақтап отыруға болатындығы жайында.
820. Хабар бойынша, Абдуллаъ бин Зайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мешітте шалқасынан аяғын аяғына қойып жатқанын көргенін жеткізді. Аль-Бухари, Муслим.
821. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң намазынан кейін күн ағарып шыққанша мешітте аяғын айқастырып отыратын. Бұл сенімді хадисті Абу Дауд және басқа да мухаддистер сенімді иснадпен келтіреді.
822. Хабар бойынша, Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
“Мен Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Қаъбаның ауласында қолымен аяқтарын құшақтап жүресінен1 отырғанын көрдім”, - деп өзі қолдарының көмегімен аяқтарын құшақтап жүресінен отырып Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қалай отырғанын көрсетті. Аль-Бухари.
823. Хабар бойынша, Қайла бинт Махрама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолдарымен аяқтарын құшақтап жүре отырғанын көрдім, сонда мен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, солай бойұсынып отырғанын көргенде қорыққаннан тітірендім. Абу Дауд, ат-Тирмизи.
824. Хабар бойынша, аш-Ширрид бин Сувайт, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен сол қолымды артыма жіберіп бас бармағыма таянып шалқалап отырғанымда, жанымнан өтіп бара жатқан Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Шынымен-ақ саған Аллаһтың қаһарында болғандар секілді отыру ұнайды ма не?!”2, - деді. Бұл хадисті сеімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
129 ТАРАУ
Жиналыста өзін-өзі ұстаудың әдебі және сұхбаттасушы адамман өзін қалай ұстау керектігі жайында.
825. Хабар бойынша, Ибн Омар, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден ешқайсысың оның орнына отыру үшін басқаны отырған жерінен тұрғызбасын! Бұлай істемеңдер, бірақ жылжып (араларына отырғызсын да) еркін отыруға тырысыңдар.
Ал Ибн Омардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзі жайлы айтатын болсақ, ол келген жиналыстарда егер оған біреу орнынан тұрып өз орнын ұсынатын болса, оған отырмайтын болған. Аль-Бухари, Муслим.
826. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер сендерден біреуің өз орнынан тұрып, одан кейін ол жерге қайта оралса, онда ол орынға оның хақысы артығырақ болады. Муслим.
827. Хабар бойынша, Жәбір бин Самура, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Біз Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келген уақытымызда біз әрқайсысымыз соңынан (бос жерге) отыратынбыз1. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
828. Хабар бойынша, Абу Абдуллаһ Сальман аль-Фариси, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адам жұма күні ғұсыл құйынып, қолынан келгенше тазаланып, шашына(, денесіне) үйінде табылған хош иістер жағып жұма намазына шықса, сосын мешітте жанында отырғандарды итермелемесе, сосын Аллаһтың оған орындауға бұйырған намаздарын орындаса2, сосын имам сөйлегенде тыныш отырса, оған міндетті түрде осы жұма мен алдыңғы жұманың алдында жасаған күнәләрі кешіріледі. Аль-Бухари.
829. Хабар бойынша, Әмр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Адамға басқа екі адамды тек олардың рұқсатымен ғана арасын бөлуге болады. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
Бұл хадистің Абу Дауд қана келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:
Адамдардың арасына, тек олардың рұқсатымен ғана отыруға болады.
830. Хабар бойынша, Хузайфа бин аль-Йаман, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардың ортасына отырушыларға лағынет айтатын1. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
Ат-Тирмизи Абу Мижляздің хабарымен бір адам ортаға отырып алған кезде, Хузайфаның былай деп айтқанын келтіреді:
“Мұндай (адам) Мұхаммад, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы қарғалған!”, - дегенін, не болмаса: “Аллаһ, Мухаммад, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы ортаға отырушыға қарғыс айтқан!”, - деді. Ат-Тирмизи “Жақсы сенімді хадис”, деді.2
831. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жиналыс өткізетін жерлердің жақсысы болып олардың кең жерлері саналады”, - дегенін естідім.
832. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адам көп шулаған жиналыста болып3, бірақ орнынан кетер кезде: “Иә Аллаһ! Сен пәксің! Сенен басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін. Сенен кешірім сұраймын және Саған тәубе етемін!” /Субханака-Ллаһумма уа бихамдика, ашһаду әллә илаһа иллә әнта, астағфирука уа атубу илайка/4, - десе, оған міндетті түрде сол жиналыста болған күнәләр кешіріледі. Ат-Тирмизи “Жақсы сенімді хадис”, деді.
833. Хабар бойынша, Абу Барза, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Отырған жерінен кетпекші болып Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “ Иә Аллаһ! Сен пәксің! Сенен басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін. Сенен кешірім сұраймын және Саған тәубе етемін!”, - дей бастады. Сонда бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, сен бұрындары айтпаған сөздерді айта бастадың”, - деді. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл – жиналсытарда болатынға өтем5”, - деді. Бұл хадисті Абу Дауд Айшаның, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтуымен өзінің “Аль-Мустадарак” кітабінда келтіреді, сондай-ақ аль-Хакам Абу Абдуллаһ бұл хадистің иснадын сенімді, деген.
834. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, орнынан мына дұғаны айтпай сирек тұратын: “Иә Аллаһ, бізге Өзіңе бағынбаудан бізді алыстататын Өзіңнің Жәннәтіңа кіруге жеткілікті болатындай Өзіңнен қорқуды бер және осы өмірдің тауқыметтері біз үшін кішігірім көрінетіндей, жеткілікті иман бер! Иә Аллаһ, бізден (жанымыз) кетпейінше бізден есту қабілетін, көру қабілетін және күштен айырма, сондай-ақ бұны біздің мұрагерлерімізге де нәсіп ет, сондай-ақ бізге жәбір көрсетушілерден өшімізді алып бер, және бізге қарсы күресушілермен біздің күресуімізге жәрдемші бол, сондай-ақ біздің дінімізге қай бір опаттың келуіне жол берме, сондай-ақ бұл өмірді біздің басты мақсатымыз не басты біліміміз етіп қойма және бізге, бізге рақымшылық жасамайтындарға әмір билігін беріп қойма!” Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.
835. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Адамдар Аллаһтың есімі аталмаған жиындардан шыққанда, есектің өлексесін қалдырғандай болады және сол істері үшін өкінулер1 сезінеді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
836. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адамдар Аллаһ Тағаланы еске алмаған және Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, салауат айтылмған жиындарда болған болса, онда оларға әлбетте кек түседі, сонда оларды Аллаһ қаласа жазалайды, қаласа кешіреді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.
837. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһтың кегі /тира/ Аллаһтың есімін айтпай жатқанға қалай тиетін болса, Аллаһтың есімін айтпай отырғанға да солай тиеді! Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
“Тира”, дегеніміз “кему (азаю, тартылу)”, деген мағынаны да білдіреді. Және оның мағанасын жауапкершілік деп те айтады.
130 ТАРАУ
Түс көру мен соған қатысы
бар жайлар туралы.
Аллаһ Тағала айтты:
“ Күндіз-түні ұйықтауларың, сондай-ақ Аллаһтың кеңшілігін іздеулерің де, Оның белгілерінен…” “Рұм” сүресі, 23 аят.
838. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
“Қуанышты хабарлардан /мубашшират/ басқа, пайғамбарлықтан еш нәрсе қалған жоқ”. Сонда адамдар: “Ал қунышты хабарлар, дегеніміз не?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қайырлы түстер”, - деді. Аль-Бухари.
839. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Бұл уақыттың жақындауымен, имандының түсі өзінің бекімін (туралығын, шындығын) тауып отырады, өйткені имандының түсі пайғамбарлықтың қырық алтыды бөлігінің бірі болып табылады. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің тек Муслим келтірген нұсқасында, ПАйғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:
Ең шыншыл түстерді, аралырыңдағы сөзінде шыншылдарың көретін болады.
840. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Мені түсінде көргендер мені өңінде де көреді1 /…не болмаса мені өңінде көргенмен тең/, өйткені шайтан менің келбетіме кіре алмайды. Аль-Бухри, Муслим.
841. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер сендерден кім де кім өзіне ұнайтын түстер көрсе, демек ол Аллаһ Тағаладан, сондықтан Аллаһқа мақтаулар айтсын және оны басқаларға айтсын.
Бұл хадистің Мулим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
…ол туралы өзі жақсы көретіндерден басқа ешкімге айтпасын. Ал егер ол (жақсы түстен басқа жаман) түс көрген болса – ол тек шайтаннан ғана, онда Аллаһтан шайтанның кесірінен сыйынсын2 да, бұл туралы ешкімге айтпасын, сонда оған (жаман) түстің зияны тимейді. Аль-Бухари, Муслим.
842. Хабар бойынша, Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Қайырлы түс /басқа нұсқада: жақсы түс…/ - Аллаһтан, ал жаман түс – шайтаннан, сондықтан өзіне ұнамағанды көрген сол жағына үш рет түкірсін3 де Аллаһқа шайтаннан сыйынсын, сонда, расында, оның түсінде көргенінен оған зияны тимейді. Аль-Бухари, Муслим.
843. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер сендерден кім өзіне ұнамайтын түс көрсе, онда үш рет сол жағына түкірсін де, үш рет шайтанның кесірінен Аллаһқа сыйынсын, сосын басқа бүйіріне (жамбасына) аунап жатсын. Муслим.
844. Хабар бойынша, Абуль-Асқаъ Усаиля бин аль-Асқаъ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, өтірік айтудың ішіндегі ұлығына адамның өзінің әкесі емес адамның баласымын, деп жариялауы, не болмаса көрмеген түсін көрдім деп айтуы, не Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтпаған сөздерін айтты деп хабарлауы жатады. Аль-Бухари.
СӘЛЕМДЕСУ ТУРАЛЫ КІТАП
131 ТАРАУ
Сәлемдесудің қасиеті және оны таратудың міндеттілігі жайында.
Аллаһ Тағала айтты:
“Әй мүминдер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер.” “Нұр” сүресі, 27 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“…Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (бір-біріңді) Аллаһ тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер!” “Нұр” сүресі, 61 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ не соның өзін қайтарыңдар…” “Ниса” сүресі, 86 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Саған Ибраһимнің ардақты қонақтарының (періштелер) әңгімесі келді ме? Олар Ибраһимге кіргенде: “Сәлем!”, - десті. Ибраһим да оларға Сәлем, бөгде қауым!”, - деді.” “Зәрят” сүресі, 24-25 аяттар.
845. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бір адам Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Исламның қай көрінісі ең жақсы саналады?», - деп сұрады. Ол: «Исламның ең жақсы көрінісі - ол адамдарға тамақ беру мен танитын және танымайтын адамдармен сәлемдесу», - деді. Аль-Бухари, Муслим.
846. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ Тағала Адамды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаратқанда оны бірнеше періштеге жіберіп: “Бар да оларға сәлем бер және олардың саған қалай жауап бергенін ұғып ал, өйткені сен үшін және сенің ұрпағың үшін сәлем беру - олардың саған айтқан жауабы болады”, – деді. Сосын ол оларға: “Ас-саляму алейкум” (сендерге сәлем), - деді, ал олар жауап ретінде: “Ас-саляму алека уа рахматуллаһи!” (саған сәлем және Аллаһтың рахымы болсын!), - деп, оның сәлеміне: “…және Аллаһтың рахымы!”, - деген сөздерді қосты. Аль-Бухари, Муслим.
847. Хабар бойынша, Омар аль-Бара бин Ъазиб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге жеті түрлі нәрселерді орындауды міндеттеді: ауырған адамның көңілін сұрауды, мәйітті шығарып салуды, түшкіргенге игілік тілеуді1, әлсізді қорғауды, жәбірленушіге көмек көрсетуді, сәлем беруді көбейтуді (жәйуді, таратуды)2, шақырған жерге баруды, сондай-ақ ант берушінің антын орындауға жағдай жасауды (көмектесуді)3. Аль-Бухари, Муслим, бұл жерде аль-Бұхаридің нұсқаларының бірі беріліп тұр.
848. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Иман келтірмейінше Жәннәтқа кірмейсіңдер, ал бір-біріңді жақсы көрмейінше иман келтірмейсіңдер, сондықтан сендерге, араларыңда, егер оны ұстанатын болсаңдар, сүйіспеншілік тудыратын амал үйретейін бе? Бір-бірлеріңе сәлем беруді көбейтіңдер! Муслим.
849. Хабар бойынша, Абу Йусуф Абдуллаһ бин Салям, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Иә адамдар, сәлем таратыңдар, басқаларға тамақ беріңдер, туысқандық қатынасты ұстаныңдар, басқалар ұйықтап жатқанда намаз оқыңдар, сонда Жәннәтқа сәлеммен (жақсылықпен) кіресіңдер. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
850. Хабар бойынша, ат-Туфайля бин Убаййа бин Қаъаб, ол әдетте таң ертең Абдуллаһ бин Омарға келіп онымен бірге базарға беретын.
Ат-Туфайля бин Убаййа бин Қаъаб айтты:
Сонда біз таңертең базарға барғанда, Абдуллаһ әр-бір қалдықтарды сатушыға, саудегерге, жарлыға, сондағы жанынан өткен барлық адамға сәлем беретін. Бірде мен әдеттегідей Абдуллаһ бин Омарға келгенімде, ол маған базарға баруды ұсынды, ал мен оған: “Сен базарда не істемексің, бәрібір сен онда бір нәрсе сатып алу үшін кідірмейсің, заттар жайлы сұрамайсың, өзіңнің затыңа құн тағайындамайсың және ондағы жиналғандарға қосылмайсың? Оданда мен саған, осында қалып әңгімелесуді ұсынамын”, - дедім. Сонда ол маған жауап ретінде: “Иә қабақ4, расында, біз базарға тек сәлем тарту үшін ғана барамыз және сондағы барлық кездескенмен сәлемдесеміз”, - деді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Малик “Аль-Муттада” келтіреді.
132 ТАРАУ
Сәлемді қалай беру керектігі жайында.
Сөйлеушіге бірінші болып: “Ассаляму алейкум уа-рахматуллаһи уа-баракатуһ” /Сендерге сәлем мен Аллаһтың рахымы мен берекесі болсын/, - деп сөздерін біріктіріп көпше түрде сәлемдескен дұрыс1. Ал сәлемге жауап беруші адам: “Уа-алейкум-ус-салям уа-рахматуллаһи уа баракатуһ” /Саған да сәлем және Аллаһтың рахымы мен берекесі болсын/, - деп, сәлем қайтаруын: “уа-алекум” /саған да”/, - деп бастауы керек.
851. Хабар бойынша, Имран бин аль-Хусейн, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бір адам Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәілемі болсын, келді де: “Сендерге сәлем!” /Ас-саляму алейкум!/, - деді де, ол оның сәлеміне жауап берді, сосын (келген) отырды, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Он”, - деді. Артынша басқа адам келді де: “Сендерге сәлем және Аллаһтың рахымы болсын” /Ас-саляму алейкум уа рахматуллаһи/, - деді де, ол оның сәлеміне жауап берді, сосын (келген) отырды, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жиырма”, - деді. Соңынан басқа адам келді де: “Сендерге сәлем және Аллаһтың рахымы және берекесі болсын” /Ас-саляму алейкум уа рахматуллаһи уа-баракатуһ/, - деді де, ол оның сәлеміне жауап берді, сосын (келген) отырды, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Отыз”, - деді2. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
852. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Иә Айша! Мінеки Жебірейіл саған сәлем беріп жатыр”, - деді. Сонда мен: Оған да сәлем және Аллаһтың рахымы және берекесі болсын”, - дедім. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің “Сахихтерде” келтірілген кейбір нұсқаларында: “берекесі болсын”, - деген сөздер бар да, ал кейбіреулерінде ол сөздер жоқ.
853. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға бір нәрсе айтатын болса, онда адамдардың оның айтқан сөзін түсінулері үшін, айтқанын үш реттен қайталайтын ал біреуге келген болса, онад үй иелеріне де үш реттен сәлем беретін3. Аль-Бухари.
854. Хабар бойынша, аль-Микдадтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген ұзын хадистің бір бөлігінде, оның былай дегені келтіріледі:
Әдетте Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүттен оған сыбағасын қалдыратынбыз, ал ол түнде келіп сәлем сөздерін ұйықтап жатқан адам оянбайтындай, ал ұйытамаған адам еститіндей ақырын айтатын. Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оралып әдеттегідей сәлем сөздерін айтты. Муслим.
855. Хабар бойынша, Асма бинт Йазид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллһтың игілігі мен сәлемі болсын, мешітте отырған бір топ әйелдердің жанынан өтіп бара жатып сәлемдеспекші болып оларға қолымен (ымдап) сәлемдесу ишарасын жасады. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
Бұл жерде ол сәлем айтып әрі қолымен сәлемдесу ишарасын жасады деп түсінеміз, өйткені олай болғаны Абу Дудтың былай деп айтқанымен дәлелденеді:
…және олармен сәлемдесті.
856. Хабар бойынша, Абу Джурай аль-Худжайми, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Саған сәлем /Алейка-с-саляму/, иә Аллаһтың елшісі!», - дедім. Бұныма ол: «“Саған сәлем”, - деме, өткені “Саған сәлем”, - деп өлген адамдарға айтады1. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді. Бұл хадис толығымен алдында келтірілді. (№796 хадисті қара, аударушыдан.)
133 ТАРАУ
Сәлемдесудің ережелері жайлы.
857. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аттылы жаяуға бірінші сәлем беруі керек, ал жүріп келе жатқан – отырғанға, ал азшылық – көпшілікке. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің тек қана Аль-Бухари келтірген нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын және былай деп айтқаны келтіріледі:
…ал жасы кішісі, жасы үлкенге бірінші сәлем беруі керек.
858. Хабар бойынша, Абу Умама Судайй бин Ъаджлян аль-Бахилий, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, Аллаһқа ең жақын адамдар - ол сәлемді (басқаларға) бірінші болып берушілер саналады. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
Бұл хадисті ат-Тирмизи келтіреді. Оның нұсқасында Абу Умаманың былай дейді:
Бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, екі адамның қайсысы бірінші сәлем беруі керек?”, - деп сұрағанда, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһ Тағалаға жақын болғаны (бірінші сәлем) береді”, - деді. Ат-Тирмизи бұны “Жақсы хадис”, деді.
134 ТАРАУ
Бірнеше рет кезіккен адммен ол бір жерге кіріп шыққанда не болмаса олардың
арасын бір ағаш не басқа бір кедергі бөлгенде онымен жаңадан сәлемдесудің дұрыстығы жайында.
859. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, намазды нашар оқыған адам жайлы жеткізген хадисінде былай дейді:
Бірде бір адам мешітке келіп намаз оқыды да, Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп сәлем берді, ол оның берген сәлеміне жауап беріп: “Қайта орал да жаңадан намаз оқы, өйткені, расында, сен намаз орындамадың!”, - деді. Сонда ол орнына оралып, қайтадан намаз оқыды да, Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп (және) сәлем берді, сонда осы жай үш рет қайталанды. Абу Дауд.
860. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімде-км өзінің бауырын кезіктірсе, оған сәлем берсін, егер сол кезде ол екуінің арасын тал, не дуал, не тас бөлсе, онда қайта жүздескенде (сәлемін жаңартып) тағы да амандассын. Абу Дауд.
135 ТАРАУ
Өз үйіне кіргенде сәлем айтып
(кірудің) керектігі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“…Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (бір-біріңді) Аллаһ тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер!” “Нұр” сүресі, 61 аят.
861. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Иә балам үйіңе кіргенде, үйіңдегі жанұя мүшелеріне сәлем айтып кір, өйткені бұнда сен үшін және сенің жанұяң үшін игілік бар”, - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.1
136 ТАРАУ
Балаларға сәлем беру жайлы.
862. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бірде далада жиналған бір топ балалардың жанынан өтіп бара жатып оларға сәлем берді де:
“Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, осылай істейтін”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
137 ТАРАУ
Ер кісіге әйелін және өзінің туыстарының ішіндегі әйелдірге қалай сәлем беруі керектігі жайында және де бөтен әйелді не бірнеше әйедерге арада жаман пиғыл тумас үшін қалай сәлемдесу керектігі және әйел адамға да еркісілермен қалай сәлемдесуі керектігі жайында.
863. Хабар бойынша, Сахль бин Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Біздің арамызда бір әйел болатын /…басқа нұсқада кемпір/, ол қызылшаны қазанда қайнатып, оның ішіне арпа қосып көже пісіретін, ал біз жұма намазынан тараған кезімізде оған сәлем беретінбіз де, ал ол болса бізге пісіргенін ұсынатын. Аль-Бухари.
864. Хабар бойынша, Умм Хани Фахита бинт Абу Талиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Меккені жаулап алған күні мен, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ғұсыл құйынып, ал Фатима оны киімімен жауып тұрған кезінде келіп, онымен амандастым, сонда ол менің сәлеміме жауап беріп амандасты. Муслим.
865. Хабар бойынша, Асма бинт Йазид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біз басқа әйелдермен тұрған уақытымыза, жанымыздан өтіп бара жатып бізге сәлем берді. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
Бұл жерде Абу Даудтың нұсқасы келтіріледі, ал ат-тирмизидің нұұсқасы жайлы айтатын болсақ, онда былай делінеді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллһтың игілігі мен сәлемі болсын, мешітте отырған бір топ әйелдердің жанынан өтіп бара жатып олармен сәлемдеспекші болып қолымен (ымдап) сәлемдесу ишарасын жасады.
138ТАРАУ
Имансызға бірінші сәлем беру біз үшін рұқсат еместігі және олардың сәлеміне қалай жауап беру керектігі, сондай-ақ
ішінде мұсылмандар да, имансыздар
да бар көпшілікке сәлем бергеннің дұрыстығы жайында.
866. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Бірінші болып не яһудиге, не христианға сәлем бермеңдер, ал егер оларды жол бойында кездестірсеңдер, онда оларды жолдың шетіне қарай ығыстырыңдар. Муслим.
867. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер сендерге Кітап иелерінің ішіндегі адамдардан1 бірі сәлем беретін болса, оларға: “Сендерге де” /Уа алейкум/,- деп жауап беріңдер2. Аль-Бухари, Муслим.
868. Хабар бойынша, Усама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, арасында мұсылмандар да, бұтқа табынушы көпқұдайшылдар да және яһудилер де болғын топтың жанынан өтіп бара жатып оларға сәлем берді. Аль-Бухари, Муслим.
139 ТАРАУ
Жиындардан кетушіге не болмаса өзінің сұхбаттасып жатқан адамымен қоштасқанда сәлем сөздерін айту жайында.
869. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден кім жиынға келсе ондағыларға сәлем берсін және егерде ол сол жерден кеткісі келсе, онда тағы да сәлем берсін, өйткені екінші рет сәлем берудің міндеттілігі бірінші ретінен кем емес. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
140 ТАРАУ
Кіруге қалай рұқсат сұрау керектігі жайында.
Аллаһ Тағала айтты:
“Әй мүминдер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер.” “Нұр” сүресі, 27 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
“Ер жеткен балаларың,, бұрынғылар рұқсат сұрағандай рұқсат сұрап кірсін… ” “Нұр” сүресі, 59 аят.
870. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кіруге рұқсат сұрауды үш рет қайталау керек, егер сонда рұқсат берілсе кіресің де, ал берілмесе кірмей кері қайтасың. Аль-Бухари, Муслим.
871. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кіруге рұқсат сұраудың себебі, ұятсыз көз салулурдың кесірінен болды. Аль-Бухари, Муслим.
872. Хабар бойынша, Рабъи бин Хираш ол Бану амр руынан бір адамның мынаны айтқанын жеткізді:
Бірде ол өзінің үйінде болған Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Мен кірсем бола ма?”, - деп кіруге рұқсат сұрады. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын қызметшісіне: “Келген адамға шық та дұрыстап рұқсат сұрауды үйретіп, оның былай деп айтуына әмір бер: “Сендерге сәлем, кіруге рұқсат па?”, - десін”, - деді. Келген адам айтқанын тыңдап алды да: “Сендерге сәлем, кіруге рұқсат па?”, - деді, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын, оған рұқсат беріп, ол адам кірді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
873. Хабар бойынша, Қалида бин аль-Хабаль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған сәлем берместен кірдім, сонда ол маған: “Орал да: “Сендерге сәлем, кіруге рұқсат па?”, - де”, - деді. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
141 ТАРАУ
Егер кіруге рұқсат сұраушы адамнан: «Бұл кім?», - деп сұраса, ол: «Пәленшемін», - деп өз атын не болмаса бәрі білетін лақап атын айтуы керектігі жайында, сондай сұрақ қойғанда: «Менмін», - деп, не болмаса осыған ұқсас сөздерді айтудың дұрыс еместігі жайында.
874. Хабар бойынша, Бәріне белгілі миғраж жайлы хадисте Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: “Сосын мені төменгі көкке көтерді де, оның ашыуын сұрады, сонда одан: “Бұл кім?”, - деп сұрады. Ол: “Жебірейіл”, - деді. Одан: “Жаныңдағы кім?”, - деп сұрады. Ол: “Мухаммад”, - деді. Сосын ол мені екінші, үшінші, төртінші және басқа көктерге көтерді де, әр көктің қақпасында: “Бұл кім?”, - деп сұрап отырды да, ол: “Жебірейіл”, - деп жауап беріп отырды. Аль-Бухари, Муслим.
875. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен түнде үйімнен шыққанымда жалғыз кетіп бара жатқан Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көрдім, сосын айдың сәулесінен жасырынып оның артынан жүре бастадым1, ал ол болса бұрылып мені көрді де: “Бұл кім?”, - деп сұрады, мен: “Абу Зарр”, - деп жауап бердім. Аль-Бухари, Муслим.
876. Хабар бойынша, Умм Хани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол ғұсыл құйынып, ал Фатима оны жауып тұрған кезінде келдім. Ол: “Бұл қай әйел?”, - деп сұрады. Мен: “Умм Ханимін”, - деп жауап бердім. Аль-Бухари, Муслим.
877. Хабар бойынша, Ибн Жәбір, олардың екуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келдім де, есігін қақтым. Ол: “Бұл кім?”, - деп сұрады. Мен болсам: “Менімін”, - деп жауап бердім. Сонда ол: “Менмі, менмін”, - деп менің берген жауабымды жақтырмаған адамның кейпімен қайталаған сияқты болды. Аль-Бухри, Муслим.
142 ТАРАУ
Адам түшкіріп, Аллаһ Тағалаға мақтаулар айтса, оған игілік тілеу керектігі және егер де ол Аллаһ Тағалаға мақтаулар айтпаса, онда оған игілік тілеудің дұрыс еместігі жайында, сондай-ақ түшкірген адамға игілікті қалай тілеу керектігі жайында.
878. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, Аллаһ Тағала түшкірушіні жақсы көреді де, есінеушіні жақтырмайды. Егер адам түшкіріп Аллаһ Тағалаға мақтаулар айтатын болса, онда осыны естіген әр-бір мұсылманға: “Аллаһ саған рахым етсін!” /Йархамука-Ллаһу!/, - деп айту жүктеледі. Ал есінеу жайлы айтатын болсақ, расында ол - шайтаннан, сондай-ақ сендерден қайсыларың есінегілерің келсе оны келгенше тежесін, өйткені ол есінеген кезде шайтан оған күледі. Аль-Бухари.
879. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден кім түшкірсе: “Әльхамдули-Лаләһи”, - деп Аллаһқа мақтаулар айтсын, ал оның бауыры /…не серігі/ оған: “Иярхамука-Ллаһу!” /Саған Аллаһ рахым етсін/, - десін – ал егер де ол (осыны айтса, яғни): “Иярхамука-Ллаһу!” /Саған Аллаһ рахым етсін/, - десе, онда түшкіруші жауап ретінде: «Йахдикуму-Лаһу уа йуслиһу балякум!» /Аллаһ сендерге дұрыс жолды көрсетіп істеріңнің бәрін реттеп берсін!/, - десін1. Аль-Бухари.
880. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер сендерден бірің түшкіріп Аллаһқа мақтаулар айтса, онда ол адам үшін Аллаһтан сұрап дұға айтыңдар2, ал егер ол Аллаһқа мақтаулар айтпаса, онда олай істемеңдер. Муслим.
881. Хабар бойынша, Анас бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында екі алам түшкіріп, олардың біріне Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иярхамука-Ллаһу!” /Саған Аллаһ рахым етсін/, - деді де екіншісіне олай айтпады. Осы тілек айтылмаған: “Сен неге пәленше түшкіргенде: “Иярхамука-Ллаһу!” /Саған Аллаһ рахым етсін/, - дедің де, ал мен түшкіргенде оны айтпадың?”, - деп сұрады. Жауап ретінде оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. “Ол Аллаһқа мақтаулар айтты да, ал сен болсаң Аллаһқа мақтаулар айтпадың!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
882. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түшкірген кезінде қолымен /…не киімімен/ аузын жауып, түшкіргенде шығатын дыбыстың даусын басатын. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
883. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Яһудилер Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзінше одан: “Иярхамука-Ллаһу!” /Саған Аллаһ рахым етсін/, - деген сөздерді есту үшін, өтірік түшкіретіндері аз кездеспейтін – бірақта ол оларға тек: «Йахдикуму-Лаһу уа йуслиһу балякум!» /Аллаһ сендерге дұрыс жолды көрсетіп істеріңнің бәрін реттеп берсін!/, - дейтін. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
884. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Хадри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер сендерден кім есінегісі келсе қолын аузымен жапсын, олай істемесе шайтан міндетті түрде оның ішіне енеді. Муслим.
143 ТАРАУ
Кездескенде амандасып қол алысу керектігі, жақсы көңіл-күй таныту, тақуа адамның қолын сүйу және өзіңнің балаңды оны жақсы көріп айналғанның белгісі ретінде сүйудің және сапардан келген адамды құшақтап қарсы алудың дұрыстығы жайында.
885. Хабар бойынша, Абуль-Хаттаб Қатада айтты:
Мен Анастан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары бірі-бірінің қолдарын алушы ма еді?"» - деп сұрадым. Ол: «Иә!», - деп жауап берді. Аль-Бухари.
886. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бізге иемендіктер келген кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендерге қол алысып амандасуды бірінші бастаған иемендіктер келді”, - деді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
887. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Екі мұсылман кездесіп қол алысқанда олар айырылысқанша міндетті түрде (кішігірім) күнәләрі кешіріледі. Абу Дауд.
888. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, бізден біріміз өзінің бауырын, не болмаса досын кездестірсе оған (сәлем ретінде) иілуі керек пе?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жоқ”, - деді. (Ол адам): “Ал құшақтап сүйуге ше?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы да: “Жоқ”, - деді. Ол адам: “Ал қолынан ұстап қысуға ше?”, - деп сұрады. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә”, - деп жауап берді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис” деп келтіреді.
889. Хабар бойынша, Аъфуан бин Ассаль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде яһидилердің бірі өзінің жолдасына: “Мені сол Пайғамбарға алып баршы”, - деді де, келген соң Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын тоғыз белгі (кереметтер) жайлы сұрақ қойды1.
Сосын Сафуан бұл хадситі толығымен келтіріп, соңнан была деді:
Осыдан кейін олар оның қолын және аяғын сүйіп. “Сенің Пайғамбар екендігіңе куәлік береміз”, - деді. Бұл хадисті сенімді иснадымен ат-Тирмизи және басқа да мухаддистер келтіреді.2
890. Хабар бойынша, Ибн Омар, олардың екеуінен де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Сонда біз Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келдік те оның қолын сүйдік. Абу Дауд.1
891. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Зайд бин Харис Мединаға Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің үйімде болған уақытында келді. Ол есік қақты да, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған қарай киімін сүйретіп асықты, сосын оны құшақтады және сүйді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис” , деп келтіреді.2
892. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Бауырыңды жылы жүзбен қарсы алу тұрғысында болса да, шариғаттың барлық дұрыстаған амалдарын орындауды кішісінбе (ұмытпа). Муслим.
893. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аль-Акра бин Хабистің көзінше (немересі) аль-Хасан бин Алиді сүйді, сонда аль-Акра: “Расында, менің он балам бар, бірақ олардың бірде бірін бір рет те сүйген емеспін!”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Өзгені аямайтынға рахымшылық жасалынбайды!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
АУЫРҒАННЫҢ КӨҢІЛІН СҰРАУ, СОНДАЙ-АҚ МӘЙІТТІ ШЫҒАРЫП САЛУ, ОҒАН ЖАНАЗА НАМАЗЫН ОҚУ, ОНЫ ЖЕРЛЕГЕНДЕ ЖАНЫНДА БОЛУ ЖӘНЕ ЖАРЛЕП БОЛҒАН СОҢ ҚАБІРІНІҢ ЖАНЫНДА БОЛА ТҰРУ ЖАЙЫНДАҒЫ КІТАП.
144 ТАРАУ
Ауырғанның көңлін сұрап бару жайлы.
894. Хабар бойынша, Омар аль-Бара бин Ъазиб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге мыналарды орындауды міндеттеді: ауырған адамның көңілін сұрауды, мәйітті шығарып салуды, түшкіргенге игілік тілеуді3, әлсізді қорғауды, жәбірленушіге көмек көрсетуді, сәлем беруді көбейтуді (жайуды, таратуды)4, шақырған жерге баруды, сондай-ақ ант берушінің антын орындауға жағдай жасауды (көмектесуді)5. Аль-Бухари, Муслим.
895. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Бүкіл мұсылманның бір-бірінің алдында бес түрлі парызы бар: сәлемге жауап беру, ауырғанның көңілін сұрау, мәйітті шығарып салу, шақырған жерге бару және түшкіргенге игілік тілеу. Аль-Бухари, Муслим.
896. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ахірет күні Ұлы Аллаһ Тағала айтады: “Иә Адам баласы, Мен ауырдым, ал сен болсаң Менің көңілімді сұрап келмедің!”. Ал адам болса: “Иә менің Раббым, Сен - бүкіл Әлемнің Раббысың, ал мен Сенің көңліңді қалай сұраймын?», - дейді. Сонда Аллаһ айтады: «Сен менің пәленше құлымның ауырғанын білмеп пе едің, ал сен болсаң оның көңілін сұрап бармадың? Егер сен оған барсаң, жанынан Мені табатыныңды білмеп пе едің? Иә Адам баласы, Мен сенен, Мені тамақтандыруды сұрап едім, ал сен болсаң Мені тамақтандырмадың?», - дейді. Ал адам болса: “Иә менің Раббым, Сен - бүкіл Әлемнің Раббысың, ал мен Сені қалайша тамақтандырар едім?», - дейді. Сонда Аллаһ айтады: «Сен менің пәленше құлымның сенен тамақ сұрағанын білмеп пе едің, ал сен болсаң оған тамақ бермедің? Егер сен оған тамақ берсең, онда бергеніңді әлбетте Менен табатыныңды білмеп пе едің1? Иә Адам баласы, Мен сенен су сұрап едім, ал сен болсаң Маған су бермедің?, - дейді. Ал адам болса: “Иә менің Раббым, Сен - бүкіл Әлемнің Раббысың, ал мен Саған қалайша су берер едім?», - дейді. Сонда Аллаһ айтады: «Сен менің пәленше құлымның сенен су сұрағанын білмеп пе едің, ал сен болсаң оған су бермедің? Егер сен оған су берсең, онда бергеніңді әлбетте Менен табатыныңды білмеп пе едің?, - дейді. Муслим.
897. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аурудың көңілін сұраңдар, ашты тамақтандырыңдар және қиындыққа душар болғандарды босатыңдар2. Аль-Бухари.
898. Хабар бойынша, Саубан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
“Расында, өзінің бауырының көңілін сұрап барған мұсылман оралғанша Хурфатул-жаннада болады”. Сонда адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, Хурфатул-жанна, деген не?”, - деп сұрады да – ол: “Жәннәт жемісі”, - деп жауап берді. Муслим.
899. Хабар бойынша, Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Өзінің ауру бауырының көңілін таңертең сұрап барған кез-келген мұсылман үшін жетпіс мың періште кешке дейін Аллаһтан (күнәләрінің кешіруін сұрап) ол үшін дұға жасайды, ал егер ол ауру бауырының көңілін кешке сұрап барса, онда жетпіс мың періште таң атқанша Аллаһтан (күнәләрінің кешіруін сұрап) ол үшін дұға жасайды, ал Жәннәтта оған жемістер дайындалады. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
900. Хабар бойынша, Анас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қызмет етіп жүрген бір жасөспірім ауырып қалып, оның көңілін сұрауға Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді. Ол оның бас жағына отырып: “Ислам қабылда!”, - деді. Ол жанында отырған әкесіне қарады да, әкесі: “Абуль-Қасымға бағын”, - деді. Сонда ол Ислам қабылдады. Осыдан кейін Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол жерден: “Оны Оттан құтқарған Аллаһқа мақтау!”, - деп шықты. Аль-Бухари.
145 ТАРАУ
Ауырған адам үшін Аллһтан қалай дұға сұрау жайлы.
901. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Егер адам оны қинап жатқан кеселіне, не жарасына, не ойығына шағымданатын болса, әдетте, Пайғамбар саусақтарымен былай істейтін (деп, бұл хадисті жеткізуші Суфйан бин Ъйуййна екінші саусағымын жерді шұқып, сосын көтеріп, артынан былай дейтін,) деді: «Аллаһтың атымен, Біздің елдің жері сендердің біріңнің сілекейлеріңмен, осымен Аллаһтың көмегі арқылы біздің ауру жазылады!» /Бисми-Ллаһи! Турбату ардина бирикати баъдина, йушфа сақимуна бизни Раббина!/ аль-Бухари, Муслим.
902. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанұясынан бірі ауырса олардың көңілін сұрап, оң қолымен денесін сипап былай дейтін: “Адамдардың Раббысы, осы ауруды кетір де сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа, шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр!” /Азхибил-баъса, Раббаннаси, шфи уа Анташ-Шафи, лә шифаъа шифъука шифаъан лә йуғадиру сакаман!/ Аль-Бухари, Муслим.
903. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бірде ол Сәбиттен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:
“Саған Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (ауырған адамға) оқитын дұғасын оқиын ба?“, - деп сұрады. Ол: «Әрине», - деді, Сонда Анас: “Иә Аллаһ, адамдардың Раббысы, кеселдерді кетіруші, сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа, шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр!” /Аллаһумма, Раббаннаси, музхибаль-баъси, шфи Анташ-Шафи, лә шафийа иллә Анта шафиъан лй йуғадиру сакаман!/- деді. Аль-Бухари,
904. Хабар бойынша, Саъд бин Абу-Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мен ауырып жатқанда көңілімді сұрап келіп, былай деді: “Иә Аллаһ, Саъдты сауықтыр, Иә Аллаһ Саъдты сауықтыр!”/Аллаһумма-шфи Саъдан, Аллаһумма-шфи Саъдан!/ Муслим.
905. Хабар бойынша, бірде Абу Абдуллаһ Осман бин Абдуль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, денесіндегі ауруға шағымданады, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игшілігі мен сәлемі болсын былай дейді:
Денеңнің ауырып жатқан жеріне қолыңды қой да: “Аллаһтың атымен!” /Бисми-Ллаһи!/, - деп үш рет айт, сосын жеті рет мынаны айт: “Мен сезініп және қауіптеніп жатқанымнан Аллаһтың құдіреті мен Оның қуатына сыйнамын!” /Аъуза би-ъиззати-Лаһи уа қудратиһи мин шарри ма аджиду уа ухазиру!/, - деді. Муслим.
906. Хабар бойынша, Ибн Аббас, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер кімде-кім ажалы келмеген аурудың көңілін сұрап барып жеті рет: “Ұлы Күрсінің Раббысы, Ұлы Аллаһтан сені сауықтыруды сұраймын!” /Асъалю-Ллаһа-ль-Ъзыма, Раббал-ършиль-ъзыма, ан йашфийа-кя!/1, - десе, Аллаһ оны әлбетте кеселінен айықтырды. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді. Ал Аль Хакам болса: “Аль-Бухаридің шарттарын қанағаттандыратын, сенімді хадис”, - деді.
907. Хабар бойынша, Ибн Аббас, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ауырып қалған бәдәуидің көңілін сұрап барды, ал ауырған адамға барғанда әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қапаланба, Аллаһ қаласа, бұл кесел сені тазартады2” /Ля баъса, тахурун ин шаъаЛлаһу/3, - дейтін. Аль-Бухари.
908. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Жебірейіл (періште) келді де: “Иә Мухаммад, сен ауруыңа шағымданасың ба?”, - деп сұрады да, ол: “Иә?”, - деп жауап берді. Сонда Жебірейіл былай деді: “Саған барлық ауыртпашылықтарды туғызушыдан, кез келген адамның зұлымдығынан және жаман көзден сен үшін Аллаһтың атымен сыйынамын! Аллаһтың сені сауықтыруы үшін, Аллаһтың атымен сыйынамын!” /Бисми-Ллаһи арқи-кә мин кулли шаййъин йуъзука, мин шарри кулли нафсин ау ъайни хасидин! Аллуһу йашфикә, бисми-Ллаһи арқи-кә!/ Муслим.
909. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри және Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанына куәлік берді:
Адам: “Аллаһтан басқа құдай жоқ” /Лә иләһә иллә-Ллаһу/ және “Аллаһ Ұлық” /Аллаһу акбар/, - деген уақытында, оның Раббы оның айтқан сөздерін растап: “Менен басқа, құдай жоқ және Мен Ұлықпын”, - дейді. Адам: “Серігі болмаған Аллаһтан басқа, құдай жоқ” /Лә иләһә иллә-Лаһу уахдәһу лә шарикәләһу/, - деген уақытында, - оның Раббы: “Жалғыз Менен басқа, құдай жоқ және Менің серігім жоқ”, - дейді. Адам: “Аллаһтан басқа, құдай жоқ, (бүкіл) билік оныңке және Оған – мақтау” /Лә иләһә иллә-Лаһу, ләһуль-мульку, уә ләһуль-хамду/ - деген кезде, оның Раббы: “Мене басқа, құдай жоқ, (бүкіл) билік Меніке және Маған – мақтау”, - дейді. Адам: “Аллаһтан басқа, құдай жоқ,,Аллаһтан басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ” /Лә иләһә иллә-Лаһу, уә лә хаулә, уә лә қууата иллә би-Ллаһи/, - деген кезде, оның Раббы: “Менен басқа, құдай жоқ және Менен басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ”, - дейді.
Сонда олар Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанына куәлік берді:
Кімде-кім өзінің ауырып жатқан кезінде осы сөздерді айтса, ал сосын жан тапсырса, онда оны От шалмайды. Бұл хадисті ат-тирмизи “Жқсы хадис”, деп келтіреді.
146 ТАРАУ
Ауырған адамның жанұясынан оның халін біліп тұру жайында.
910. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Али бин Абу Талиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, осы дүниеден өтуіне келген ауруымен жатқан Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шыққан уақытында, адамдар: “Иә Абул-Хасан1, осы таңда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзін қалай сезінуде?”, - деп сұрағанда ол: “Аллаһқа мақтау, бүгінгі таңда ол жақсырақ!”, - деді. Аль-Бухари.
147 ТАРАУ
Сауығудан күдерін үзген адам үшін не деу керектігі жайында.
911. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсы, маған сүйеніп: "Иә Аллаһ, мені кешіріп мені рахым ет және мені жоғарғы қоғамға қос" /Аллаһумма-ғфирли, урхамни уал-хақни бир-рафикыл-аъля!/, - деп айтқнын естідім. Муслим.
912. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен өлім аузында болған Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында су құйылған кесе болып, соған қолын салып, одан кейін су қолымен бетін сүртіп: “Иә Аллаһ, маған өлімнің ауырпашылықтары мен өлім жанталасынан өтуіме көмектес!” /Аллаһумма, аъинни ъаля ғамаратил-маути уа сакартиль-маути!/, - деп айтқанын көрдім. Ат-Тирмизи.1
148 ТАРАУ
Науқастанып жатқан адамның жанұясының мүшелеріне және оған қызмет етушілерге, оған жақсы-қарым қатынас танытып және оның көрсеткен ауырпашылықтарына шыдамдық таныту керектігін айту жайында, сондай-ақ бұның түрлі қылмыстарының салдарынан өлім жазасы кесілгендіктен, өлім аузында тұрған адамадар үшін де қатысы барлығы жайында.
913. Хабар бойынша, Абу Нуджайда Имран бин аль-Хусайна аль-Хузаъи, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:
Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Джухайн руынан, ойнаспен жүкті болған бір әйел келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, мен жазаға лайықты күнә жасадым, сондықтан мені, менің күнәмә сәйкес жазала!”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол әйелдің қамқоршысын өзіне шақырып: “Онымен жақсы қарым-қатынаста бол, ал ол босанғаннан кейін маған алып кел”, - деді. Қамқоршысы солай істеп, ол босанғаннан кейін алып келді. Пайғамбар керек нұсқауларды беріп, киімінің шеттерін байлап0, тас боранмен жазалаған соң, оған өзі жаназа намазын оқыды2. Муслим.
149 ТАРАУ
Егер науқастанған адам: «ауырсынамын», «жаныма батты», «мен қатты ауырып жатырмын», - деген сияқты сөздерді шыдамсыздықтан, не болмса наразылықтан айтып жатпаса, онда оны айтуға болатындығы және онда тұрған ештеңенің жоқтығы жайында.
914. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен қатты қызуынан қиналып жатқан Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кіріп оның (денесінен) ұстап: “Иә Аллаһтың елшісі, сенің қызуың қатты ғой!”, - дедім. Бұны естіген ол: “Иә, расында, мен сендердің екеуің ауырғандай ауырамын!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
915. Хабар бойынша, Саъд бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен қатты ауырып қалған кезімде, менің көңілімді сұрап, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын келді де, мен оған: “Расында, ауру менің діңкемді құртты! Мен баймын, ал мұрагерлерімнен менің қызымнан басқа ешкімім жоқ…”
Бұл хадисті Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, соңына дейін айтып шықты. Аль-Бухари, Муслим.
916. Хабар бойынша, Аль-Қасым бин Мухаммад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде басы ауырып жатқан Айша: “Иә менің басым!”, - деді, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жоқ, мен: “Иә басым!”, - деймін!” 1, - деді.
Сосын Аль-Қасым бұл хадисті аяғына дейін айтып шықты. Аль-Бухари.
150 ТАРАУ
Өлім аузындағы адамға: «Аллаһтан басқа құдай жоқ» /Лә илаһа илла-Ллаһу/, - деген сөздерді айтуды есіне салу жайында.
917. Хабар бойынша, Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Соңғы сөздері: “Аллаһтан басқа құдай жоқ”, - болған адам, Жәннәтқа кіреді. Бұл хадисті Абу Дауд пен аль-Хакам: “Иснады жақсы”, - деп келтіреді.
918. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллһаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Өлім аузындағыларға: “Аллаһтан басқа құдай жоқ”, - деген сөздерді айтуды естеріне салыңдар” Муслим.
151 ТАРАУ
Мәйіттің көзін жапқаннан кейін не деу керектігі жайында.
919. Хабар бойынша, Умм Салам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Абу Саламға, оның жанары сөнгеннен кейін келді. Ол оның көзін жапты да: “Расында, жанды алғанда, оның назары соның артынан ереді”, - деді. Өлгеннің жақындары дауыстап жоқтау айта бастады, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Өздеріңе игіліктен басқа еш нәрсе тілемеңдео, өйткені періштелер, сендерлдің кез-келген сөздеріңе: “Аминь”, - дейді”, - деді. Сосын ол: “Иә Аллаһ! Абу Саламның күнәләрін кешір. Оның дәрежесін тура жолда болғандардың арасында жоғарылат, әрі оның артында қалғандарға Өзің қамқор бол. Иә Әлемдердің Раббы! Бізді әрі оны жарылқа. Оның қабірін кең етіп, оны нұрға бөле” /Аллаһуммағфирли-Аби Саламауарфаъ даражатаһу филь-махдийина, уа хлюфху фи ақибаһи филь-ғабирина, уағфирлана уа ләһу, йа Раббаль ъламина, уа фсах ләһу фи қабриһи уа наууир ләһу фихи!/ Муслим.
152 ТАРАУ
Мәйіттің жанында тұрған адамға не деу керектігі және жақыны өлген адамға не деу керектігі жайында.
920. Хабар бойынша, Умм Салам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Науқастың төсегінің жанында болған кезде тек жақсылық айтыңдар, өйткені сендердің бүкіл айтқан сөздеріңнен кейін періштелер: «Амин», - деп отырады», - деді. Ал Абу Салама қайтыс болғаннан кейін мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, расында Абу Салама өлді!», - дегенімде, ол маған: «”Иә Аллаһ оны да мені де кешіріп маған оның орнына жақсысын бер! ” /Аллаһумма-ғфирли уа ләһу, уа аъқибни минһу ъуқба хасанатан!/, - деп айт», - деді. Сонда мен оның айт, деген сөздерін айттым да, артынан Аллаһ маған оның орнына жақсысын – Мухаммадты, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, берді1. Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында: «Науқастың /… не мәйіттің/ төсегінің жанында болған уақытта», - делінеді. Ал Абу Дауд пен басқа да мухаддистер «мәйіттің», деген сөзді келтіріп, ол жөнінде күмәндәнбайды.
921. Хабар бойынша, Умм Салам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер Аллаһтың құлдарының бірі қайғыға тап болып: «Расында, біз Аллаһқа тиесіліміз және Аллаһқа қайтарыламыз! Иә Аллаһ, мені қайғымда сауабты ет те, маған одан жақсысын бер!» /Инна ли-Лаһи уа ина иләйһи ражиъуна! Аллаһумма-журни фи мусыбати уа хлюф ли хайран минха!/, - десе Аллаһ Тағала міндетті түрде оның қайғысы үшін сауаб жазады және оған (айрылғанының) орнына одан да жақсысын береді», - деді. Абу Салама өлген кезде, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айт дегенін айттым, сонда Аллаһ оны маған одан да жақсысымен ауыстырды - (яғни) Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Муслим.
922. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ құлының баласы өлген кезде, Аллаһ Тағала, Өзінің періштелерінен: “Менің құлымның баласын сендер алдыңдар ма?”, - деп сұрайды, сонда ол: “Иә”, - деп жауап береді. Сонда ол: “Менің құлым не деді?”, - деп сұрайды. Оған олар: “Ол Саған мақтаулар айтып: “Расында біз Аллаһқа тиесіліміз және оған ораламыз!”, - деп айтты”, - дейді. Сонда Аллаһ Тағала: “Менің құлыма Жәннәттан үй салыңдар да, ол үйді “Мадақ үйі”, деп атаңдар”, - дейді. Бұл хадисті ат-тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
923. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ Тағала айтты: “Егер Мен Өзімнің иман келтірген құлымнан, осы дүниедегі жақсы көретіндерінен бірін алсам, ал ол болса Аллаһтың сауабынан үміттеніп келген қасыретке көніп шыдаса, оған Менен Жәннәттан басқа сый болмайды” аль-Бухари.
924. Хабар бойынша, Усама бин Зайд, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Кезінде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қыздарының бірі1, оған оны шақырып және оған баласының2 өлім аузында жатқанын хабарлау үшін бір адамды жібереді, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын хабаршыға: “Оған орал да оған, Аллаһ Тағалаға, Оның бергені де, Оның алғаны да тиесілі және Ол бәріне белгілі бір өлшем белгіледі, сондықтан ол сабыр сақтап Аллаһтың сауабынан үміт етсін, де”, - деді. Сосын Абу Хурайра бұл хадисті соңына дейін айтып шықты. Аль-Бухари, Муслим.
153 ТАРАУ
Өлген адамның артынан қатты дауыстамай және жоқтамай жылауға болатындығы жайлы.
Жақтау жайлы айтатын болсақ, оған рұқсат жоқ /харам/, ол туралы Аллаһ Тағала жазса “Харам жйлы кітапта” сөз болады. Ал жылау жайлы айтатын болсақ, көптеген хадистерде олай істеуге болмайтындығы жайлы және өлген адамға ауыртпашылықтар тудыратындығы жайлы хабарланады, дегенмен кейбірі өлген адам жылауды өзі өсиет еткен кезде ғана қиналады, дейді. Ал жылауға рұқсаттың жоқтығы жайлы айтатын болсақ, онда қатты дауыстап жылауға ғана рұқсат жоқ, ал ақырын сыңсып жылауға рұқсат, ол туралы төменде келтірілген хадистер дәлел:
925. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ауырып қалған Саъд бин Убадқа3 көңіл сұрап барды, сонда онымен бірге Абд Аррахман бин Ауф, Саъд бин Абу Уақас, Абдуллаһ бин Масъуд, олардың бәріне Аллаһтың ризашылығы болсын, болды. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жылады, оның жылағанын көрген басқалар да жылап қоя берді, сонда Аллаһтың елшісі: “Сендер естімеп пе едіңдер? Расында, Аллаһ не көзден аққан жас үшін, не жүректегі қайғы үшін жазаламайды, бірақта ол мынау үшін азаптап, жазалайды”, - деп өзінің тілін көрсетті. Аль-Бухари, Муслим.
926. Хабар бойынша, Усама бин Зайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өлім аузында жатқан қызының баласын алып келген кезде, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзі жасқа толды. Бұны көрген Саъд: “Иә Аллаһтың елшісі, бұл не?”, - деп сұрады. Ол: “Бұл – Аллаһ Тағаланың құлдарының жүрегіне салған мейірімі және Аллаһ Өзінің мейірімді құлдарына ғана Өзінің Мейірімін көрсетеді”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.
927. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өлім аузында жатқан баласы Ибраһимге, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кірген кезінде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзінен жас ағып қоя берді, сонда Абд ар-Рахман бин Ауф: “Сен жылап жатырсың ба, иә Аллаһтың елшісі?”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, көз жылайды, ал жүрек қайғырады, бірақ біз тек біздің Раббымызға ұнайтын сөздерді ғана айтамыз! Расында, біз сенімен айырылысқанымызға қайғырамыз, иә Ибраһим!”, - деді. Бұл хадисті Аль-Бухари толығымен келтіреді де, ал Муслим – бөлігін ғана келтіреді.
“Сахихтарда” бұл тарауға қатысты хадистер көп келтіріледі, ал бұл жөнінде Аллаһ жақсырақ біледі.
154 ТАРАУ
Мәйіттің түрінің өзгергендігі туралы мағлұматты таратудан өзін-өзі үстау жайлы.
928. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, босатқан құлы Абу Рафиъ, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім мәйітті жуып, онда көргенін басқалардан жасырса, оны Аллаһ қырық рет кешіреді. Бұл хадисті Аль-Хакам "“услимнің шарттары бойынша сенімді", деп келтіреді
155 ТАРАУ
Мәйітке дұға айту, оны шығарып салу,
оны жерлегенде болу және жерлеу рәсімдеріне әйел баласына қатынасудың жақсы еместігі жайында.
Жерлеу рәсіміне қатынасудың дұрыс екендігі жайында өткен тарауларда айтылған.
929. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімде-кім жаназа намазы біткенше қатынасса, оған бір қарат сауб бар, ал жерленіп қойылғанға дейін қатынасқанға – екі қарат. Сонда адамадар: “Бұл қандай екі қарат?”, - деп сұрады. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол екі үлкен тау секілді”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
930. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, кім Аллаһтың сауабынан үміт етіп мұсылманның жерлеу рәсіміне қатысып оның жаназасында болып, сосын жерлегенде (қабірінің басында) тұрып келсе, онда ол әр қайсысы үлкендігі Ухуд тауына тең келетін, екі қарат сауап алып қайтады, ал кім жаназасына ғана қатысып, жерлеген кезде (қабірінің басында) болмаса, онда бір қарат сауап тауып қайтады. Аль-Бухари.
931. Хабар бойынша, Умм Ъатыйа, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бізге (яғни әйелдерге) мәйітті шығарып салуға тыйым салынатын, бірақ бұл мәселеде қатаңдық танытпайтын (яғни, қатаң тыйым салмайтын). Аль-Бухари, Муслим.
Яғни, бұл тыйым басқа харам нәрселер сияқты қатаң орындауға міндеттемейтін.
156 ТАРАУ
Жаназа намазына көп адамның қатысқанының жақсы екендігі және оларды үш және одан да көп қатарға тұрғызу керектігі жайында.
932. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Саны бойынша жүз адамға жететін мұсылман жамағаттың, мәйіт үшін сұрап оқыған жаназа намазында олардың әр-қайсысының сұрағаны міндетті түрде қабыл болады. Муслим.
933. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер кез-келген мұсылман қаза тауып, оның жаназа намазына, Аллаһтан басқа ешнәрсеге құлшылық етпеген қырық адам қатынасатын болса, онда олардың шапағаты (болысуы) қабыл болады. Муслим.
934. Хабар бойынша, Марсад бин Абдуллаһ аль-Йазанни былай деді:
Малик бин Хубайр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жаназа намазын өткізгенде жиналған адамдар аз болатын болса, онда келген адамдарды үш қатарға тұрғызып, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:
“Кімнің жаназа намазын үш қатар сапқа тұрып өткізсе, сол адам міндетті түрде Жәннәтқа кіреді”, - дейтін. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы хадис” деп келтіреді.1
157 ТАРАУ
Жаназа намазында не оқу керектігі туралы.
Бұндай намазды өткізуші адамға “Аллаһу акбар”, деген сөзді төрт рет айту керек. Бірінші рет бұл сөзді айтқаннан кейін Аллаһтан қорған сұрап дұға айтқан жақсы1, ал содан кейін “Фатиха” сүресін оқу керек. Осыдан кейін Аллаһу акбар”, деп екінші рет айту керек те, одан кейін Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп: «Аллаһумма солли ъаля Мухаммадин уа ъалә али Мухаммадин, камә солейта ъала Иьроһима уа ъалә али Иброһима иннака Хамидун Мажид!», - салауат айту керек.
Көп жәй адамдар секілді: “Расында, Аллаһ Пайғамбарға рахым етеді және періштелер салауат айтады…”, - деген сөздері бар аятты оқу дұрыс емес, расында, осыны оқып шектелген адамның намазы жарамсыз болады.
Осыдан кейін “Аллаһу акбар”, деген сөзді үшінші рет айту керек те, сосын Аллаһтан мәйіт үшін, мұсылмандар үшін дұға жасап сұрау керек, ол жайында Аллаһ Тағала жазса хадистер келтіріп тоқталамыз.
Осыдан кейін “Аллаһу акбар”, деген сөзді төртінші рет айту керек те, сосын Аллаһтан сұрап дұға айтып, бәрінен де мына сөздерді айтқан жақсы: “Иә Аллаһ, ол үшін бізді сауабымыздан айырма және одан кейін бізді сынақтарға салма, сондай-ақ бізді және оны кешір!” /Аллаһумма лә тахримна ажраһу, уа лә тафтинна баъдаһу уағфил ләнә уә ләһу!/.
Ибн Абу Ауфтың жеткізген хадисіне сүйенсек, “Аллаһу акбар”, деп төртінші рет айтқан соң Аллаһқа көбірек жалбарынып дұға жасау керек, ол туралы Аллаһ Тағала жазса кешірек тоқталамыз.
Ал Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүннеті бойынша үшінші рет “Аллаһу акбар”, деп айтқан соң айтылатын сөздерге төмендегі дұғалар жатады:
935. Хабар бойынша, Абу Абд ар-Рахман Ауф ьин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаназа намазын өткізді, ал мен болсам оның Аллаһтан сұрап дұға жасаған кезінде мынадай сөздер айтқанын есімде сақтап қалдым: "Иә Аллаһ! Оны жарылқа! Әрі оған рахым ет. Әрі оны (қабір азабынан) сақта, оны кешір, оның Жәннәттағы орнын несібелі ет! Оның кірер жерін кең ет, әрі оны су, қар, бұршақпен жу, аппақ киім кірден тазаланғандай, оны да қателерден тазарт. Оған өз үйінен жақсы үй, өз жанұясынан жақсы жанұя, өз әйелінен жақсы әйелмен ауыстырып, оны Жәннәтқа кіргіз. Әрі оны қабір азабынан (және тозақ азабынан) сақта!” /Аллаһумма-ғфирлә-һу, уа-рахам-һу, уә-ъфаһи, уә ъафуъан-һу уә-акрим нузулә-һу, уә уәссиъ мадхаләһу, уәғсиль-һу2 ьиль-маъи уә-ссалджә уаль баради, уә наққыһи мин аль хатайа кәма наққайта саубаль-абйада мин ад-данаси, уа абдльһу даран хайран мин дарихһи уә-ахлән хайран мин ахлиһи, уә заужан хайран мин зажиһи, уа адхильһу-жәннәта уә аъузуһу мин ъазабиль қабри уә ъазабин-нари!/1, - осы сөздерді айтқанда мен жатқан мәйіттің орнында болғым келіп кетті2.
936. Хабар бойынша, Абу Хурайра және Абу Қатада оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, сондай-ақ Абу Ибраһим ал-Ашъали сахаба болған әкесінен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаназа намазын өткізгенде былай деп айтқанын жеткізді:
Иә Аллаһ! Біздің тірілеріміз бен өлілерімізді, үлкендеріміз бен кішілерімізді, ерлеріміз бен әйелдерімізді, (жаназаға) қатынасушылар мен қатынаспағандарды Өзің жарылқа. Иә Аллаһ! Егер бізден кімде-кімге өмір берсең, оны Ислам дінінде ет, ал бізден кімде-кімнің жанын алатын болсаң, оның жанын иманымен ал! Иә Аллаһ, бізді осы сауаптан махрұм етпе әрі одан кейін бізді адастырма! /Аллаһуммағфирли хаййина уә маййитина, уә сағирина уә кәбирина, уа заәкәринә уә унсана, уа шаһидина уә ъаибина! Аллаһумма, лә тахриана ажраһу, уә лә тафтинна баъдаһу!/3 Ат-тирмизи бұл хадистің Абу Хурайра және аль-Ашхали келтірген нұсқасын риуаят етеді, ал Абу Дауд болса Абу Хурайра мен Абу Қатад келтірген нұсқасын риуаят етеді. Аль-Хакам: «Абу Хурайрадан хадис аль-Бухари мен Муслимнің талаптарын қанағаттандырады», - деді. Ат-Тирмизи бұл жайлы аль-Бухари былай деді: «Бұл хадистің ең сеніміді нұсқасы Аль-Ашхалидің келтірген нұсқасы», - дейді. Сондай-ақ аль-Бухари: «Ал бұл тарауға қатысы бар хадистерден ең сенімдісі Аф бин Маликтің хабарлағаны4», - деп айтты.
937. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер сендер Жаназа намазына қатынасатын болсаңдар, Аллаһтан мәйіт үшін сұрап дұға жасағанда ықыласпен (шын жүректен) сұраңдар. Абу Дауд.
938. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіні, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаназа намазын өткізіп былай дегені айтты:
Иә Аллаһ, Сен – оның Раббысың, әрі Сен оны жараттың, әрі Сен оны Исламға кіргіздің, әрі Сен оның жанын алдың және Сен оның барлық жасырын және ашық жасағандарының түгелін бәрінен жақсы білесің, ал біз болсақ оған шапағт етуге (болысуға) келдік, сондықтан оны кешір! /Аллаһумма Анта Раббуһа, уә Анта халактаһа, уә Анта хадайтаһа лиль-Иләми, уә Анта кабдта рухаһа уә Анта аъляму бисарриһа уә ъаләнийатиһа, жиънака шуфаъаа ләһу, фағфирләһу!/ Абу Дауд.5
939. Хабар бойынша, Уасилә бин аль-асқаъ былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір мұсылманға жаназа намазын оқыды да, мен оның былай деп айтқанын естідім: “Иә Аллаһ! Пәленшенің ұлы түгенше Сенің қорғауыңда. Өз кепілдігіңде. Оны қабір қиындығы мен Тозақ азабынан Өзің сақта! Сен Өз уәдеңді орындау мен әділдік Иесісің. Оны жарылқап, Өз мархеметіңе ал! Күдіксіз Сен - Жарылқаушы, Мейірімдісің! /Аллаһумма инни фуләнә-бна фуләнә би зммәтика уа хадли жифәрикә, фақиһи мин фитнатиль-қаьри уә азабин-нари, уә Анта ахлюль-уафаъи уаль-хамди! Аллаһумма, фағфир-ләһу, уархамһу, иннәкә Анталь-Ғафурур-Рахиму!/ Абу Дауд.
940. Хабар бойынша, кезінде өзінің қазының жаназасын шығарған Абдуллаһ бин Ауф, төрт рет тәкбір айтты, төртінші рет тәкбір айтқан соң екі тәкбірлердің арасында қанша тұрған болса сонша уақыт тұрып қызы үшін Аллаһқа жалбарынып дұға жасады да, сосын:
«Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, осылай істейтін», - деді.
Бұл хадистің басқа нұсқасында жеткізуші былай дейді:
Ол төрт рет “Аллаһу акбар” деген сөздерді айтты да, сосын орнында көп тұрғаны соншалық, біз бесінші рет “Аллаһу акбар”, деп айтады ма екен, деп қалдық, бірақ та ол оң және сол иықтарына сәлем беріп намазды аяқтады да біз одан: “Бұл не?”, - деп сұрадық. Жауап ретінде ол: “Расында, мен сендердің алдарыңда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің көз алдымда істегенінен артық ешнәрсе істеген жоқпын” /…немесе Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, осылай істейтін/, - деді. Бұл хдисті Аль Хакам “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
158 ТАРАУ
Табытты тезірек алып жүргеннің жақсырақ екендігі жайлы.
941. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Мәйітті тез алып жүріңдер, өйткені егер ол діндар болған болса, онда сендерге оны игілікке тезірек жеткізу міндет /фа хайрун тукаддимуна-һа иләйһи/, ал егер ол ондай болмаған болса, онда мойындарыңнан залымдықты тезірек алып тастауға мүмкіншілік болады. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсы, былай деп айтқанын жеткізді:
…фа хайрун тукадимунака-һа ъалайһи…1
942. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер жерлеуге дайындалған табытта жатқан мәйіт мүмин болған болса, онда сол табытты жайғастырып, ерлер иықтарына салған кезде ол (мәйіт): «Мені тезірек апарыңдар!», - дейді. Ал егер мәйіт мүмин болмаған болса, онда ол: «Мен құрыдым, мені қайда апара жатырсыңдар?», - дейді де оның даусын адамнан басқаларының бәрі естиді, ал егер оны (адамдар) естісе, естері шығып кетер еді. Аль-Бухари.
159 ТАРАУ
Кенеттен өліп оның өлімінде күмән тумағанша ұстай тұрғаннан басқа жағдайларда, қайтқан адамның
қарыздарын тезірек өтеп оны тезірек жерлеуге дайындау жайлы.
943. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаназа намазын өткізіп былай дегенін айтты:
Мүминнің жаны қарыздарын өтемейінше онымен байланып тұрады1. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис” деп келтіреді.
944. Хабар бойынша, Хусайн бин Уахуах, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Тальха бин аль-Бара, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ауырып қалған кезде оның көңілін сұрауға Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді. Ол оның жақындарына: “Расында, мен бұның өлімі жақын деп ойлаймын. Ол қайтқан соң маған хабарлаңдар және мүмкіншілігінше тезірек жерлеңдер, өйткені мұсылманның мәйітін жанұя мүшелерінің жанында көп ұстауға болмайды. Абу Дауд.2
160 ТАРАУ
Қабір басында насихат айту жайлы.
945. Хабар бойынша, Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Біз Бақиғ аль-Ғаркадта3 жерлеу рәсімінде болған уақытымзда, бізге Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді. Ол отырды, біз болсақ оны айнала отырдық, оның қолында кішігірім таяқ болды. Ол төмен қарап сол таяғымен жерді шұқылай бастады да біраз уақыт өткен соң: “Сендерден араларыңда орны Жәннәттан не Тозақтан белгіленбеген адам жоқ”, - деді. Адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, онда бізге пешенемізге жазылғанға, артына салсақ болмай ма?4”, - деп сұрады. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұйырылғанын істеңдер, ал пешенелеріңе жазылғанға апаратын істерді орындау, әр қайсысың үшін жеңілдетіледі”, - деді.
Соңынан Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, хадисті соңына дейін айтып шақты. Аль-Бухари, Муслим.
161 ТАРАУ
Жерлеп болған соң мәйіт үшін Аллаһтан сұрап дұға жасау және оның қабірінің басында оның күнәләрінң кешірілуін
сұрап дұға жасау және Құран оқу үшін
отыра тұру жайлы.
946. Хабар бойынша, Абу Амр (сондай-ақ оның лақаб аты – Абу Абдуллаһ, сондайақ – Абу Ләйлә, делінеді), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мәйітті жерлеп болған соң, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте біраз уақыт тұрып былай дейтін: “Сендердің бауырларың үшін, оны мықтауды Аллаһқа жалбарынып сұраңдар, өйткені қазір оған сұрақтар қойылып жатыр. Абу Дауд.
947. Хабар бойынша, Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
… мені жерлеп болған соң менің қабірімнің жанында түйені сойып оның етін таратуға қанша уақыт кететін болса сонша уақыт, мен сендерге қуанып және Раббымның елшілеріне не жауап беретінімді көруім үшін тұра тұрыңдар1. Бұл хадис алдыңғы тарауларда толығымен келтірілген болатын2. Муслим.
162 ТАРАУ
Қайтқан адам үшін садақа тарату және Аллаһтан ол үшін дұға жасау жайында.
Аллаһ Тағала айтты:
“Сондай олардан кейін келгендерге де Олар: «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай гөр!…» ” “Хашыр ” сүресі, 10 аят.
948. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бір адам Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Менің шешем кенеттен қайтып кетті, ал мен болсам, егер ол сөйлей алғанда3 садақа таратар еді, деп ойлаймын. Егер мен ол үшін садақа таратсам сауабын алады ма?”, - деп сұрағанда, жауап ретінде ол: “Иә”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
949. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Адам өлген кезінде оның үш амалынан басқасының бәрі тоқталады олар: үздіксіз садақа1, басқа адамдар қолдана алатын ілім2, не болмаса ол үшін дұға жасайтын тақуа балалары. Муслим.
163 ТАРАУ
Адамдардың қаза болған адамды мақтаулары туралы.
950. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде біздің жанымыздан жерлеуге мәйітті алып өткенде адамдар мәйітті мақтай бастады, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл міндеттелді”, - деді. Сосын тағы бір мәйітті жерлеуге алып өтті де, адамдар бұл жолы мәйіт туралы жаман лебіз білдірді, бірақ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы да: “Бұл міндеттелді”, - деді. Сонда Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Не міндеттелді?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендер біріншіні мақтадыңдар, енді ол міндетті түрде Жәннәтқа кіреді, ал келесісіне жаман лебіз білдірдіңдер, енді оған Тозақ міндеттелді, өйткені сендер – Аллаһтың жердегі куәгерлерісіңдер!”3, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
951. Хабар бойынша, Абу аль-Асуад былай деді:
Мен Мединаға келген кезімде Омар бин аль-Хаттабтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанына келіп отырдым, сонда жиналғандардың жанынан табытта жатқан мәйітті алып өтті. Адамдар мәйіт жайлы жақсы сөздер айтты, ал Омар болса: “Бұл міндеттелді”, деді. Сосын тағы да табытта жатқан басқа мәйітті алып өтті, адамдар тағы да мәйіт жайлы мақтау сөздерін айтты, ал Омар болса тағы да: “Бұл міндеттелді”, - деді. Сосын үшінші бір табытты мәйітімен алып өтты, бұл жолы адамдар мәйіт жайлы нашар сөздер айтты, ал Омар болса тағы да: “Бұл міндеттелді”, - деді. Мен: “Не міндеттелді? Иә діндарлардың басшысы?”, - деп сұрадым. Ол: “Мен тек қана былай деп айтқан Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөздерін қайталап жатырмын”, - деп Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: “Төрт мұсылман мақтаған мұсылманды Аллаһ міндетті түрде Жәннәтқа кіргізеді”, Біз: “Ал егер олар үшеу болған болса ше?”, - деп сұрадық. Ол: “Үшеу болса да”, - деді. Біз тағы да: “ал егер екеу болса ше?”, - деп сұрадық. Ол: “Екеу болса да”, - деді де, біз, егер біреу болса ше, деп сұрамадық. Аль-Бухари.
164 ТАРАУ
Жас балалары қайтқандардың артықшылығы жайлы.
952. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіні, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаназа намазын өткізіп былай дегенін айтты:
Қай бір мұсылманның кәмілетке толмаған үш баласы өлетін болса, онда Аллаһ оларға деген мейірімімен ол мұсылманды Жәннәтқа кіргізеді. Аль-Бухари, Муслим.
953. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін айтты:
Үш баласы өлген кез-келген мұсылманды, Отқа, анттың орындалуы үшін ғана тигізіледі. Аль-Бухари, Муслим.
Анттың орындалуы үшін ғана тигізіледі, деген сөздер жайлы айтатын болсақ, онда ол Аллаһ Тағаланың (Құранда): “Сендерден Тозаққа келмейтін ешкім болмайды”, - деген сөздері жайлы болып тұр. Бұл жердегі келмейтін делінгені, ол Тозақтың үстінен тартылған Сират көпірінен өту жайлы айтылып тұр, одан бізді Аллаһ құтқарсын!
954. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір әйел келді де: “Иә Аллаһтың елшісі, сенімен тек қана ер кісілер сөйлеседі, біздерге де, Аллаһтың саған үйреткендерін үйретуің үшін бір күн тағайындашы!”, - деді. Жауап ретінде ол: “Осындай күні жиналыңдар”, -деді де, өзі сол күні келіп оларға Аллаһтың өзіне үйреткенін айта бастап сөзінің арасында: “Сендерден кімнің үш өлген баласы болса, олар оны міндетті түрде Оттан қорғайды”, - деді. Сонда бір әйел: “Ал егер олар екеу болса ше?”, - деп сұрады, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Екеу болса да”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.
165 ТАРАУ
Әділетсіз (залым) адамдардың қабірінің не олардың қаза болған жерлерінің жанынан өтіп бара жатып жылау және үрей сезіну және Аллаһқа деген тәуелділікті сезіну және бұған мән бермеушілерді ескерту жайлы.
955. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аль-хижр деген, кезінде самуд қауымы өмір сүрген жерге жеткен кезде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларына: “Бұл азапталып жатқандарға тек қана жылап кіріңдер, ал егер жыламайтын болсаңар, онда сендерге де оларға жеткен жаза тимес үшін ол жерге кірмеңдер!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің Аль-Бухари келтірген нұсқасында, Ибн Омардың, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
Аль-Хижрден өтіп бара жатып, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Өз-өздерін ренжіткендердің тұрағына, сендерге де оларға тигені тимес үшін, жыламай кірмеңдер!”, - деді де, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, басын киімімен жапты да, ол жерді өткенше тезрек жүріп қадамдарын жиілетті.
САПАРДАҒЫ ӘДЕПТЕР ЖАЙЛЫ КІТАП.
166 ТАРАУ
Сапарға бейсенбі күні күннің басында (таң ертең) аттанғанның жақсы екендігі жайлы.
956. Хабар бойынша, Қаъб бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Табук жорығына бейсенбі күні аттанды және ол сапарға бейсенбі күндері аттануды жақсы көретін. Аль-Бухари, Муслим.
“Сахихтердің” екеуінде де келтірілген бұл хадистің басқа нұсқасында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бесенбіден басқа күндері жолға сирек аттанатын, делінеді.
957. Хабар бойынша, сахабалардан болған Сахр бин Уадаъа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһ, менің үметімнің таңына береке бер!” /Аллаһумма, барик ли уммати фи букури-һа/, - деді. Ал егер ол жорыққа әскер не жасақ аттандыратын болса, онда ол күннің басында аттандыратын.
Ал Сахрдың өзі жайлы айтатын болсақ, ол саудагер болатын және ол заттарын күннің басында жолға шығаратын да ол байып байлығы көбейген болатын. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
167 ТАРАУ
Серік іздеу және оларға арасынан біреуін (үлкенін) оған бағыну үшін басшы етіп тағайындау жайлы.
958. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізді:
Егер адамдар жалғыз жолда жүру туралы менің білетінімді білсе еді, онда бірде-бір аттылы түнделетіп жалғыз сапарға шықпас еді. Аль-Бухари.
959. Хабар бойынша, Амр бин Шуъайб өзінің әкесінің атасынан1, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізді:
Бір аттылы – шайтан, екі аттылы – екі шайтан2, ал үш аттылы болса, онда олар керуен. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд, ат-Тирмизи және ан-Насаи келтіреді, ал ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, дейді.
960. Хабар бойынша, Абу Саъид және Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізді:
Егер үшеу сапарға шықса, онда араларынан бірін басшы етіп тағайындасын. Жақсы хадис жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
961. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізді:
Серіктердің төртеу болғаны жақсы, жақсы жасақтың саны төрт жүз сарбаз, жақсы әскер – төрт мың, ал он екі мың сарбазды (әскерді), олардың санының аздығы себебінен жеңу мүмкін емес3. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
168 ТАРАУ
Сапарда жүргенде және сапарда дем алғанда және түнемекке тоқтағанда және ұйықтағанда не ұстану керктігі, сондай-ақ түнде жылжудың, сондай-ақ мініс малдарына аяушылық таныту және де егер мініс малы көтере алса артынан біреуді отырғызуға болатындығы және малдың хұқығымен санаспайтын адамдарға не бұйыру керектігі жайлы.
962. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін айтты:
Егер сендердің сапарларың шөп өсіп тұрған жерлерден өтетін болса, онда түйелеріңе (белгілі бір уақыт аралығында) оттауларына мүмкіншілік беріп отырыңдар, ал егер құнарсыз жерден өтетін болсаңдар, түйелеріңді болдыртып алмай тұрғанда көздеген жерлеріңе тез жетулерің үшін жылдамдатыңдар. Ал түнемекке тоқтаған кезде жолдан алыстап айалдаңдар, өйткені түнде ол жерге жануарлар келіп, құрт-құмырсқа үймелейді. Муслим.
963. Хабар бойынша, Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сапарда түнемекке жатқан кезде оң бүйіріне жататын, ал егерде бұл іс таң намазына жақындаған уақытта болғн болса, онда ол қолын көтеріп (бәлкім жоғарылатып) басын алақанына қоятын. Муслим.
Ғалымдар былай дейді:
Ол қолын, терең ұйқыға кетіп таң намазының уақтын не болмаса оның бастапқы уақытын өткізіп аламас үшін ғана көтеретін.
964. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізді:
Сендерге сапарға түнде аттану керек, өткені түндерде жер бүктелінеді1. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
965. Хабар бойынша, Абу Саъляб аль-Хушани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте сапарда дем алуға аялдаған кезде, адамдар жоталар мен сайларға тарап кететін, бірақ бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, сендердің жоталар мен сайларға тарайтындарың – шайтаннан ғана!”, - деді, осыдан кейін олар қай жерде болмасын бірге жайғасатын болды. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
966. Хабар бойынша, Сахль бин Амр, оның атын –Сахль бин ар-Рабиъ аль-Ансари деп те айтады және ол Ибн аль-Ханзалийа, деген атпен танымал, және ол Аллаһқа риза болған антын бергендерден, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аштықтан іші арқасына тартылған түйенің жанынан өтіп бара жатып: “Сөйлей алмайтын осы жануарларға қатысты Аллаһтан қорқыңдар! Олар сау болған кезде оларға мініңдер де, олар сау болған кезде оларды жеңдер. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
967. Хабар бойынша, Абу Жаъфар Абдуллаһ бин Жаъфар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мені (көлігінің) артына отырғызып маған құпия түрде, ол туралы мен ешкімге еш уақытта айтпайтын, бір сөздер айтты. Өзінің (табиғи) қажетін қанағаттандыру үшін әдетте үлкен әрі биік заттың артына жасырынғанды, не болмаса пальмалы тоғайға кіргенді жақсы көретін. Бұл хадисті қысқарған түрде Муслим келтіреді.
(Имам Абу Бакр Ахмад бин Ғалиб) аль-Баркани, Муслимнің келтірген иснадындай иснадпен келтіреді, бірақ “пальмалық тоғай”, деген сөздерден кейін мыналар айтылады:
Бірде ол ансарлардың бірінің тоғайына кіріп онда ойламаған жерден бір түйені кездестіріп, Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көрген түйе даусын шығарып көзі жасқа толып кетті. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған жақындап, өркешінен және басынан сипады да, түйе тынышталды, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мына түйенің иесі кім? Мына түйе кімдіке?», - деп сұрастыра бастады. Сонда оған ансарлардан бір жас жігіт келіп: «Ол меніңке, иә Аллаһтың елшісі», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен бұл жануардың иесі бола тұра, бұны саған тәуелді еткен Аллаһтан неліктен қорықпайсың? Расында, ол маған, сенің оны аштықтан қатырып күші жетпейтін жұмыс істететіндігіңе шағымданды!», - деді. Абу Дауд Аль барқанидің келтірген еұсқасын келтіреді.
968. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Біз қай бір жерде тоқтасақ та, Аллаһқа мадақты, малдардың ер тоқымын алғаннан кейін ғана, айтатынбыз. Бұл хадисті Муслимнің талаптарын қанағаттандыратын иснадпен Абу Дауд келтіреді.
Оның “Аллаһты мадақтауды”, деген сөздері “Нәфіл намаздарын орындауды”, деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздердің мағынасы келесіде: біздің намаз оқуға деген ұмтылысымыз күшті болғанымен, мініс малдарынан ерлерін алмағанша намаз оқымайтынбыз.
169 ТАРАУ
Серікке көмек көрсету жайлы.
Бұл тарауға байланысты хадистер алдыңғы тарауларда келтірілген болатын, мысалыға Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһ Өзінің құлына көмегін, ол (құлы) өзінің бауырына көмегін көрсеткенше жалғастырады” – деген хадисін, не болмаса: “Шариғаттың барлық дұрыс дегені, садақа”, - деген хадисін келтіруге болады.
969. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде біз сапарда болған уақытымза бізге өзінің түйесінде отырған бір кісі келді де, оң және сол жағына қарап жалтақтады, сол уақытта Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Кімде артық мініс малы болса, оны малы жоққа берсін, кімнің артық азығы болса, оны ештеңкесі жоққа берсін”, - деп, бізден ешкім артыққа хақысы жоқ екендігін түсінгенімізше, дүниелерден айтқанын айтты. Муслим.
970. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жорыққа атанбақ ниетімен былай деді: “Иә Мухажирлер мен ансарлар! Расында, сендердің бауырларыңның арасында, не қаржысы, не туыстары жоқтары бар, сондықтан сендерден әрқайсыларың өзімен екеуін, не үшеуін алсын, сондай-ақ малдары барлар, өздері малдарына қанша уақыт отырса, сонша уақыт оларды да отырғызулары керек.
Жәбір, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:
Сонда мен өзіммен екеуін /…не үшеуін/ алдым да, мінуге менің кезгім келген кезде, олар қанша отырса, сонша отыратынмын. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
971. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сапарда болған кезде, артқа жиі оралып, әлсіздерді өзімен отырғызып, олар үшін Аллаһтан кешірім сұрап дұға жасайтын. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
170 ТАРАУ
Сапарға аттанбақшы болған ниетпен көлікке отырған адамға не деу керектігі жайында.
Аллаһ Тағала айтты:
“…Сондай-ақ сендерге кемеден және хайуандардан мінетін көлік жаратты. Олардың үстіне мінесіңдер, сосын Раббыларыңның нығметін еске алып: “Бұны бізге бағындырған Аллаһ пәк. Өйткені біз бұған жақындаса алмайтын едік”, - дейсіңдер, “Күдіксіз Раббымызға қайтарыламыз”” “Зұхрұф” сүресі, 12-14 аяттар.
972. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің түйесіне сапарға аттанбақшы болып мінетін болса, онда үш рет: “Аллаһу акбар!”, - деп айтатын да, сосын былай дейтін:
Бұны бізге Бағындырушыға мадақ, өйткені біз үшін бұл, қолымыздан келмейтін іс, біз өзіміздің Раббымызға ораламыз! Иә Аллаһ, расында, біздің осы сапарымызда Сенен игілік пен тақуалықты, сондай-ақ Өзіңе ұнайтын амалдар жасауды сұраймыз! Иә Аллаһ, бізге осы саяхатымызды жеңілдет те, оның ұзақтығын қысқарт! Иә Аллаһ, Сен біздің сапардағы серігіміз боласың, әрі жанұямызда қалдырған уәкілімізсің, иә Аллаһ, расында, жолдың қиындығынан, (жолда) көргенімізден сары уайымға салынудан және барлық дүниемізге, жанұямызға тиетін жамандықтан Өзіңе сыйынамыз! /Субханәлләзи саххара ләнә хаза уа мә кунна ләһу мукринина, уа иннә илә Раббинә лә-мункалибуна! Аллаһумма инна насъалюка фи сафарина хазаль-бирра, уа-ттақуа уә мин аль-амали мә тарда! Аллһумма, Анта сахибу фиссафари уаль халифату филь-ахли, Аллһумма инни аъузу бика мин уаъсаъи-ссафари, уә қяабатиль-манзари уә суъиль-мунқаләьи филь-мали уәл-ахли!/
Оралғанда осы айтылғанға мынаны қосып айтатын:
Біз Раббымызға тәубе етіп, құлшылық жасап, әрі оған мадақ айтып оралып жатырмыз. /Аййибуна, таъибуна, ъабидуна ли-Раббинә хамидуна!/1 Муслим.
974. Хабар бойынша, Али бин Рабиъа былай деді:
Бірде Али бин Абу Талибқа отыруы үшін мініс малын алып келді. Аяғын үзеңгіге салып: “Бисми-Ллаһи!”, деп айтты да, ал ерге отырып жайғасқан соң: “Бұны бізге Бағындырушыға мадақ, өйткені біз үшін бұл қолымыздан келмейтін іс, біз өзіміздің Раббымызға ораламыз!”, - деді. Сосын ол үш рет: “Аллаһу акбар!”,- деген соң: “Саған мадақ! Расында, мен өз-өзіме зұлымдық жасадым, мені Өзің кешір, өйткені Сенен басқа ешкім күнәләрді кешірмейді!” /Субханәкә! Инни зәләмту нәфси, фағфирли, фа иннаһу лә иағфириззунуба иллә Анта!/1, - деді де, күлді. Одан: “Иә діндарлардың басшысы, неге күлдің?”, - деп сұрады. Ол: “Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мен қазір не істесем, соны істегенін көрдім, сонда ол күліп, мен: “Иә Аллаһтың елшісі, неге күлдің?”, - деп сұрағанымда, ол: “Расында, Сенің Раббың: “Менің күнәләрімді кешір!” /Иғфирли зунуби!/, - деген сөздерді Өзінің құлы айтқанда жақсы көреді – және Ол: “Ол, Менен басқа ешкім күнәләрді кешірмейтіндігін біледі”, - дейді”, - деді. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, - деп келтіреді – ал кейбір қолжазбаларда, оның: “Жақсы әрі сенімді хадис”, - деп айтқаны келтіріледі. Бұл ерде Абу Даудтың нұсқасы беріліп тұр.
171 ТАРАУ
Жолаушыға тауға көтерілгенде «Аллаһу акбар!», деп, ал төмен тұскенде «Субхана-Ллаһи!», деген сөздерді айтуы және «Аллаһу акбар!», деген сөзді тым қатты айтуға болмайтындығы жайлы.
,
975. Хабар бойынша, Жәбір бин Абдуллаһ, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Біз (тауға) көтерілген кезде: “Аллаһ Ұлы!”, - деп айтатынбыз да, ал төмен түскен кезде: “Аллаһқа мадақ!”, - деп айтатынбыз. Аль-Бухари.
976. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Тауға көтерілгенде, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сарбаздары: “Аллаһ Ұлы”, - дейтін, - ал төмен түскенде: “Аллаһқа мадақ!”, - дейтін. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
977. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хажден, не Умрадан Мединаға оралып келе жатқан кезінде тауға /…не болмаса төбешіктерге/ көтерілген кезде: “Аллаһ Ұлы!”, - дейтін де, сосын: “Өзінен басқа серігі болмаған Аллаһтан басқа құдай жоқ, бүкіл үстемдік оған тән, Оған мадақ, Ол бәрін істей алады! Біз ораламыз, тәубе келтіреміз, Раббымыздың алдында жерге дейін иілеміз және Оған Мақтаулар айтамыз! Аллаһ Өзінің уәдесін орындап Өзінің құлына көмектесті және жалғыз Өзі рулардың күл-талқанын шығарды!» /Лә иләһә иллә-Лаһу уахдаһу лә шарикә ләһу, ләһул-мульку, уә ләһуль-хамду уә һуә ъаля кулли шаййъин қадирун! Аййибуна. Таъибуна, ъабидуна, сжидуна ли-Раббина хамидуна! Садака-Ллаһу уаъдаһу, уә насара ъабдаһу уа хазамаль-ахзаба уахдаһу!/ Аль-Бухари, Муслим.
Хадистің Муслим келтірген нұсқасында Ибно Омардың, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (Мединаға әскери жорықтан) әскердің /… не жасақты /басқарып, Хажден не Умрадан оралған кезде…
978. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, мен сапарға аттанғалы жатырмын, маған кеңес берші!”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Саған Аллаһтан қорқу керек те, әрбір төбеге көтерілгенде “Аллаһ ұлы”, деген сөзді айту керек”, - деді, ал ол адам кеткен соң, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһ, оған жолдың ұзақтығын қысқарт және сапарын жеңілдет!” /Аллаһумма-туи ләһуль-буъда уә хаууин ъаләйһис-сафара!/, - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
979. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жорықтардың бірінде бірге болып, біз: “Лә иләһа илла-Ллаһ!”, - және әрбір төбенің үстіне көтерілгенде “Аллаһу акбар”, деп айқайлап отырдық, сонда шамалы уақыт өтісімен Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә адамдар, өздеріңді аяңдар, сендер керең мен мұнда жоққа айтып жатқан жоқсыңдар, расында, Ол сендермен бірге, расында, Ол – Естуші, Жақын!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
172 ТАРАУ
Аллаһқа сапарда жалбарыну жайлы.
980. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Үш түрлі дұғаның қабыл болатындығында шек жоқ: “Қыспақтағының дұғасы, жолаушының дұғасы және ата-ананың баласына айтқан қарғысы. Бұл хадисті Абу Дад пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді. Абу Даудтың келтірген нұсқасында: “баласына айтқан”, - деген сөздері жоқ.
173 ТАРАУ
Адамнан, не басқа бір нәрседен қорыққан адамға, Аллаһқа қалай жалбарыну керектігі жайлы.
981. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіні, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, егер адамдардың бірінен сескенсе, былай деп айтатынын жеткізді:
Иә Аллаһ, оларға қарсы Өзіңді көмекке шақырамыз және олардың залымдығынан Өзіңе сыйынамыз! /Аллаһумма, инна аджаъалюка фи нухриһим уә наъузу бика мин шуруриһим!/ Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд және ан-Насаи келтіреді.
174 ТАРАУ
Қайсы бір үйде тоқтаған адамға не деу керектігі жайлы.
982. Хабар бойынша, Хаулә бинт Хаким, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адам қай бір үйде қалып: “Аллаһтың кәміл сөздерімен жаратқан мақұлықтарының кесірінен оған сыйынамын” /Аъузу би-кәлимәти-Ллаһит-таммати мин шарри мә халәка!/1, - десе, ол үйден кеткенше оған еш нәрсенің жамандығы тимейді. Муслим.
983. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Сапарда жүргенде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түннің түсуі жақындағанда былай деп жиі айтатын: “Иә Жер, менің де Раббым, сенің де Раббың – Аллаһ; сенің зұлымдығыңнан, сондай-ақ сенде жаралғандардың зұлымдығынан және сенің үстіңде жылжитындардың зұлымдығынан Аллаһқа сыйынамын! Сондай-ақ арыстаннан және қара жыланнан, жәй жылан мен шаяннан, осы жердің тұрғындарынан2, сондай-ақ әкесі мен оның тұқымдарынан3, Өзіңе сыйынамын!” /Иә арду, Рабби уә Раббуки-Ллаһу, аъузу би-Ллаһи мин шаррикә, уә шарри-ма фики, уә шарри мә хуликә фики уа шарри ма йадиббу ъалейки! Уә аъузу бика мин шарри асадин уа асуада, уа мин аль-хаййати уаль-акраби, уә мин сакиниль-бәләди уа мин уалидин уа ма уаладә!/ Абу Дауд.4
175 ТАРАУ
Жолаушы өзіне керектің бәрін орындаған соң тезірек үйіне оралуы жайлы.
984. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Азаптың бөліктерінің бірі, сапар болып табылады, өйткені ол сендерге тамақтың, судың, ұйқының (толық рахатынан) айырады, сондықтан сендерден кім көздеген мақсатын орындап болса, өзінің жанұясына жетуге асықсын. Аль-Бухари, Муслим.
176 ТАРАУ
Үйге күндіз оралу керектігі және түнде оралудың жақсы еместігі жайлы.
985. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім көп уақыт үйінде болмаса, онда қандай себеп болмасын үйіне түнделетіп оралмасын!
Бұл хадистің басқа нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға үйлеріне түнделетіп оралуға тыйым салатындығы хабарланады. Аль-Бухари, Муслим.
986. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйіне түнделетіп оралмайтын, әдетте таңертең не кешке оралатын. Аль-Бухари, Муслим.
177 ТАРАУ
Оралғанда және өзінің қаласын көргенде не деу керектігі жайында.
Бұл тарауға Ибн Омардың “Жолаушыға тауға көтерілгенде «Аллаһу акбар!“, деп, ал төмен тұскенде «Сабхуна-Ллаһи!», деген сөздерді айтуы жайлы…» тарауда айтылған хадисті келтіруге болады1.
987. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде біз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге оралып, Медина көрінетін жерге жеткен кезімізде, ол: ”Біз Раббымызға тәубе етіп, құлшылық жасап, әрі Оған мадақ айтып келе жатырмыз” /Аййибуна, таһибуна, ъабидуна, ли-Раббина хамидуна!/, - деді де, осы айтуын Мединаға жаткенше қайталап отырды. Муслим.
178 ТАРАУ
Оралған адамға жақын жердегі мешітке кіріп намаз оқудың жақсы екендігі жайлы.
988. Хабар бойынша, Қаъб бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кай бір сапардан оралмасын алдымен мешітке кіріп екі ракат намаз оқитын. Аль-Бухари, Муслим.
179 ТАРАУ
Әйел баласына жалғыз сапарға шығуға рұқсаттың жоқтығы жайында.
989. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ұзақтығы күн мен түнге созылатын сапарға әйел баласына туысқанысыз аттануға рұқсат жоқ2. Аль-Бухари, Муслим.
990. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
“Ер кісіге ешбір жағдайда бөтен әйелмен, егер жанында жақын туысқаны болмаса жеке қалуға болмайды, сондай-ақ әйел баласына жақын туысқанысыз сапарға шығуға болмайды!”, - бұны естіген біреу, оған: “Иә Аллаһтың елшісі, менің әйелім Хаж жасауға дайындалып жатыр, ал мен болсам пәлен жорыққа қатысу үшін әскерге жазылдым”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Барда әйеліңмен бірге Хаж жаса”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
ҚАСИЕТТЕР КІТАБІ
180 ТАРАУ
Құран оқудың қасиеті жайлы.
991. Хабар бойынша, Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: “Құран оқыңдар, өйткені, расында, Ахірет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді1”. Муслим.
992. Хабар бойынша, ан-Наууас бин Самъан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім:
Ахірет күні Құранды және осы дүниеде оның бекіміне сай амал еткендерді алып келдіреді, ал сонда олардың алдында, өздерін ұстанғандардың пайдасына дәлелдерін айтып2 “Бақара” және “Аль-Имран” сүрелері болады3. Муслим.
993. Хабар бойынша, Усман бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Құран үренушілер мен оны үйретушілер, сендердің араларыңдағы жақсыларың болып табылады. Аль-Бухари.
994. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім Құран оқудың шебері болып,(оны әдемілеп) оқыса, ол абыройлы және бойұсынушы жазғыштармен бірге болады1, ал кім Құранды ежелеп оқып, сонысымен қиналатын болса, онда оған екі сауап бар2. Муслим.
995. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Құран оқушы мүмин, тамаша иісті және дәмді, тәтті лимон секілді, ал құран оқымайтын мүмин, иісі жоқ, бірақ дәмді, құрма секілді. Құран оқитын екіжүзді хош иісті, бірақ дәмі ащы райхан секілді, ал Құран оқымайтын екіжүзді, иісі де жоқ дәмі де ащы колоквинт3 секілді. Аль-Бухари, Муслим.
996. Хабар бойынша, Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, осы Кітап арқылы Аллаһ адамдардың бірін жоғарылатса, ал енді бірін - төмендетеді4. Муслим.
997. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Екі түрлі қасиеті бар адамнан басқа ешкімге қызығуға болмайды, (олар): Аллаһ оған Құран білімін нәсіп етіп, оны күндіз-түні оқыған адам және Аллаһ оған байлық нәсіп етіп, ал ол оны күндіз-түні (игілікке) жұмсаған адам. Аль-Бухари, Муслим.
998. Хабар бойынша, аль-Бара бин Азиб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам "Қеһф" сүресін оқып жатты, ал жанында екі жіппен байланған жылқысы тұрды, кенеттен оған қарай жылжыған бір бұлт пайда болып, ал оны көрген жылқы болса үрке бастады. Таң ертең ол адам болған жайды Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп айтып берді, ал Пайғамбар оған: “Бұл Құран оқығаныңның себебінен жоғарыдан саған түскен тыныштық (сакина) еді”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
999. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім Құраннан бір әріп оқыса оған бір жақсы амал жазылады, ал әр бір жақсы амал үшін он сауаб жазылады, мен: “Алиф, Ләм, Мим”, - бір әріп деп айтпаймын, жоқ, “Алиф” – (бір) әріп, “Ләм” – (бір) әріп және “Мим” – (бір) әріп, (деймін). Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
1000. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ішінде Құраннан еш нәрсе болмаған кісі, қираған үй секілді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.1
1001. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Құран білушіге былай деп, айтылады: “Оқы да, көтеріл2 және жердегі өміріңде қалай оқысаң солай әр сөзді анақ айтып оқы /раттиль/3, расында сенің орның, соңғы оқылған аятыңа сәйкес болады. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
181 ТАРАУ
Құранды әрдайым оқу керектігі және оны ұмытудан сақтану керектігі жайлы.
1002. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Құранды әрдайым оқып отырыңдар, Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, өйткені ол аяқтарын ораған жібінен құтылған түйелерден де тез сыдырылады4. Аль-Бухари, Муслим.
1003. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, Құранды жатқа білген адам, аяқтарын жіппен байлаған түйенің иесі секілді: егер ол түйелерін сол күйде ұстайтын болса, онда ол оларды ұстап қалады, ал егер жіберсе олар қашып кетеді. Аль-Бухари, Муслим.
182 ТАРАУ
Құранды әдемі дауыспен оқудың жақсы екендігі және жақсы оқитын адамдардан Құранды оқуларын сұрау жайлы.
1004. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ тамаша дауыстыны, ол Құранды ырғағымен оқығанда тыңдағандай, ешкімді тыңдамайды. Аль-Бухари, Муслим.
1005. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деп айтқанын жеткізді:
Иә Абу Муса, саған Абу Даудтың тұқымына берілген сыбызғыларының ішінен бір сыбызғы1 берілді. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Абу Мусаға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:
Сен кеше (Құран) оқығаныңда, мені көрсең еді!2
1006. Хабар бойынша, аль-Бара бин Азиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кешкі намазда: “Інжірге және зейтінге, Тұр Сина тауына, Осы бейбіт қалаға серт…“3, - дегенді оқыды, сонда мен оның даусынан көркем дауысты естіп көрген емеспін. Аль-Бухари, Муслим.
1007. Хабар бойынша, Абу Любаб Башир бин Абд аль-Мунзир оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Құранды ырғағымен оқымаған бізге жатпайды. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1008. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Маған Құран оқышы”, - деді. Мен: “Иә Аллаһтың елшісі, Құран саған түсірілген болса, мен оны өзіңе қалайша оқимын”, - дедім. Ол: “Расында, мен оны басқа біреуден естігім келеді”, - деді. Сонда мен оған “Ниса” сүресін оқи бастадым да: «Әр үмметке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?»4, - деген аятқа жеткен кезімде, - ол: «Енді болды», - деді, ал мен оған қарасам, оның көзі жасаурап жылап жатқанын көрдім. Аль-Бухари.
183 ТАРАУ
Бөлек сүрелер мен аяттарды оқуға талпындыру жайлы.
1009. Хабар бойынша, Абу Саъид Рафиъ бин аль-Муъаллә, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Саған мешіттен шыққаныңша Құранның ұлы сүресін үйретейін бе?”, - деп сұрады. Сосын менің қолымнан ұстады, ал артынан мешіттен шыға бергенде, мен: “Иә Аллаһтың елшісі, сен: “Саған мешіттен шыққаныңша Құранның ұлы сүресін үйретейін бе?”, - деп сұрадың”, - дедім. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Әльхәмдули-Ллаһи Робиль ъаламин…”: бұл - маған сыйланған қайталанатын жетеу және ұлы Құран (“Фатиха” сүресі)”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1010. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қульһу-Аллаһу Ахад…”1 сөздері жайлы былай деді:
Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, расында, бұл Құранның үштен біріне тең!
Бұл хадистің басқа бір нұсқасында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларынан: “Сендерден қайсы бірің түн ішінде Құранның үштен бірін оқып шыға алады?”, - деп сұрады. Бұл оларға қиын көрінді де, олар: “Бізден кімнің бұған шамасы келеді, иә Аллаһтың елшісі?”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қульһу-Аллаһу Ахад, Аллаһу-с-Сомад…”2, - осы құранның үштен бірі”, - деді. Аль-Бухари.
1011. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам басқа бір адамның: “Қульһу-Аллаһу Ахад…”, - ты жиі қайталай беретінін естіп, таң атысымен, ол адамның оқыған сүресін кішігірім санап, болған жайды Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтып келеді. Оның айтқанын тыңдап болып, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жаным қолында Болғанның Атымен ант етемін, ол Құранның үштен біріне тең!”, - деді. Аль-Бухари.
1012. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, “Қульһу-Аллаһу Ахад…”, сөздері жайлы былай деді: “Расында, олар Құранның үштен біріне тең!” Муслим.
1013. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, мен “Қульһу-Аллаһу Ахад…”, сүресін жақсы көремін”, - деді. Бұны естіген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, оған деген махаббат, сені Жәннәтқа кіргізеді!”, - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді. Сондай-ақ бұны Аль-Бухари келтіреді.
1014. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деп айтқанын жеткізді:
Сен, бүгінгі түнде түскен аяттардай аяттардың болмағанын, көрмей тұрсың ба? Бұлар – “Қул аъузу би-Робиль фалақ…” және “Қул аъузу би-Робин-нас…”3. Муслим.
1015. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екі қорғаушы сүре1 түскенше, Аллаһқа жындар мен жаман көздің кесірінен дұға жасап сыйынатын, ал осы екі сүре түсісімен басқа сздердің бәрін қойып, соларды ғана оқитын болды. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
1016. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Құранда отыз аяттан тұратын, адам үшін оның күнәләрі кешірілгенше шапағатшы болатын2, сүре бар, ол сүре – «Сондай бүкіл әкімшілік қолында болған Аллаһ, аса ұлы…» /Тәбәрәкәлләзи…/3 Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
1017. Хабар бойынша, Абу Масъуд аль-Бадри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
«Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқушыға, ол жеткілікті болады4. Аль-Бухари, Муслим.
1018. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар5, расында шайтан “Бақара” сүресі оқылған үйден қашады. Муслим.
1019. Хабар бойынша, Убайй бин Қаъаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менен: “Иә Абуль-Мунзир, Аллаһтың Кітаббіндағы қайсы аят ұлық болып саналады, сен білесің бе?”, - деп сұрады. Мен: “Бұл: “Аллаһу лә илаһа иләһу аль-Хаййуль, Қаййум…”6, - деп айтылған аят”, - деп жауап бердім, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолымен мені кеудемнен қақты да: “Іліміңде бақытты бол /Лә-йахникә-ль-ъильму/, иә Абуль-Мунзир!”, - деді. Муслим.
1020. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған Рамаданда жиылған зекетті тапсырды, ал арада шамалы уақыт өтісімен маған бір адам келді де, өзіне уыстап тамақ жинай бастады. Мен оны ұстап алып: “Расында, мен сені Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алып барамын!”, - дедім. Ол: “Расында, менің балаларым көп, сондай-ақ мен өте мұқтажбын!”, - деді. Сонда мен оны жібердім, ал таң ертең Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Абу Хурайра, сенің кешегі тұтқының не істеді?”, - деді. Мен: “Иә Аллаһтың елшісі, ол маған мұқтаждығына шағынып, балаларының көп екендігін айтты, сондықтан мен оны аяп босатып жібердім”, - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, ол саған өтірік айтты және саған бүгін тағы келеді”, - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, ол бүгін тағы келеді”, - деп айтқан соң мен оның келетінін алдын ала білдім, сондықтан оны күттім. Біраз уақыт өтісімен, шынымен-ақ ол келді де, өзіне уыстап тамақ жинай бастады. Мен оны ұстап алып: “Расында, мен сені Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алып барамын!”, - дедім. Ол: “Расында, менің балаларым көп, сондай-ақ мен өте мұқтажбын!”, - деді. Сонда мен оны жібердім, ал таң ертең Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Абу Хурайра, сенің кешегі тұтқының не істеді?”, - деді. Мен: “Иә Аллаһтың елшісі, ол маған мұқтаждығына шағынып, балаларының көп екендігін айтты, сондықтан мен оны аяп босатып жібердім”, - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, ол саған өтірік айтты және саған бүгін тағы келеді”, - деді. Сонымен мен оның үшінші келуін күтіпп, ол расында, келіп уыстап тамақты жинай бастаған кезде оны ұстап алдымда: “Расында, енді сені шынымен ақ Аллаһтың елшісіне, алып барамын, өйткені сен осымен үшінші рет келмеймін, дейсің де, келуіңді қоймайсың!”, - дедім. Сонда ол адам: “Егер мені жіберсең, мен саған Аллаһ сен үшін пайдалы қылатын сөздер үйрітімін!”, - деді. Мен: “Ол қандай сөздер?”, - деп сұрадым. Ол: “Жатар кезіңде аятуль-Курсиді: “Аллаһу лә иләһә иләһу аль-Хайиуль, Қйиум…”, - деп басынан аяғына дейін оқып шық, сонда сенің жаныңда Аллаһтан қорғаушы болып, таң атқанша саған шайтан жолай алмайды!”, - деді. Таң ертең Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Абу Хурайра, сенің кешегі тұтқының не істеді?”, - деді. Мен: “Иә Аллаһтың елшісі, ол маған пайдалы сөздер үйретемін, деді де, мен оны босатып жібердім”, - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол қандай сөздер?”, - деді. Мен: “Ол маған: “Жатар алдында аятуль-Курсиді: “Аллаһу лә иләһә иләһуаль-Хайиуль, Қайиум…”, - деп, басынан аяғын дейін оқып шық”, - деді, сосын маған: “Сенімен бірге Аллаһтан қорғаушы болады, ал шайтан саған жолай алмайды”, - деді”, - дедім. Менің айтқандарымды тыңдап болған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол өзі – нағыз суайттың өзі болса да, саған шындықты айтты! Сенмен үш күн бойына кім әңгімелескенін білесің бе, иә Абу Хурайра!”, - деді. Мен: “Жоқ”, - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол болған шайтан”, - деді. Аль-Бухари.
1021. Хабар бойынша, Абу Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
“Қеһф” сүресінің бірінші он аятын жаттап алған Даджалдан қорғалынады.
Бұл хадистің басқа нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
“Қеһф” сүресінің соңғы он аятын… Осы екі нұсқаны да Муслим келтіреді.
1022. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Жебірейіл, оған Аллаһтың сәлемі болсын, Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, отырғанда, ол жоғарыдан шыққан бір дауысты естіп, басын көтерді де: “Бұл дауыс, бүгін ашылған төменгі көктегі ашылған қақпадан шықты, ал бүгінгі күнге дейін ешқашан ашылмаған болатын, сондай-ақ ол қақпадан бүгінгі күнге дейін жерге түспеген періште түсті. Ол сәлем сөздерін айтты да: “Саған дейін ешбір пайғамбарға сыйланбаған екі нұр сыйланды, оларға қуана бер! Бұл “Фатиха” сүресі мен “Бқара” сүресінің аяқтаушы бөлігі, сондай-ақ олрадың қайсысын оқысаңда, саған ондағы сыйланады!”, - деді. Муслим.
184 ТАРАУ
Құранды бірге оқуға жиналудың
жақсылығы жайлы.
1023. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Қай уақытта болмасын, адамдар Аллаһтың үйлерінің бірінде жиналып, онда Аллаһтың Кітабін оқыса, оларға әлбетте тыныштық түседі (орнайды), сондай-ақ оларды мейірім орайды, сондай-ақ оларды періштелер қоршайды және Аллаһ оларды, Өзінің алдарындағылардың ішінде еске алады1. Муслим.
185 ТАРАУ
Дәрет алудың қасиеттері жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“Иә мүминдер! Қашан намазға тұрсаңдар, жүздеріңді және шынтақтарыңа дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа масих тартыңдар. Және екі тобықтарыңа дейін аяқтарыңды жуыңдар. Егер де жүніп болсаңдар (бой дәретсіз болсаңдар), толық тазаланыңдар (шомылыңдар). Егер науқас не сапарда болсаңдар немесе сендерден біреу түзге отырып келсе не әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар таза жерге таяммум соғыңдар; онымен бет-қолдарыңды сипаңдар. Өйткені Аллаһ сендерге ауыршылық қаламайды. Бірақ сендерді тазартуды сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауды қалайды.” “Мәида” сүресі 6 аят.
1024. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, Ахіретте менің ұмметімнің мүшелеріне, олардың дәрет алған іздерінің себебінен “гурран мухаджалинна”2, деп атайтын болады, сондықтан кім жұлдызын үлкейткісі келсе, оны істесін. Аль-Бухари, Муслим.
1025. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен сүйікті досымның1, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім:
Жәннәтта мүминнің әшекейлері оның дәрет алған жерлерін жабады. Муслим.
1026. Хабар бойынша, Усман бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімде-кім дәретті дұрыстап алса, онда оның денесінен күнәләрі кетеді, керек десеңіз тырнақтың астынын болса да кетеді. Муслим.
1027. Хабар бойынша, Усман бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тура осылай мен дәрет алғандай дәрет алғанын көрдім, сонда ол (дәрет алып болған соң): “Кімде-кім осылай дәрет алатын болса, оның өткен күнәләрі кешіріледі2, ал оның намазы мен мешітке барғанына қосымша сауап табады. Муслим.
1028. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһтың Ислам дінін ұстанатын құлы дәрет алып бетін жуғанда, оның бетінен сумен бірге /…не судың соңғы тамшысымен/ бүкіл көзімен көрген (жасаған) күнәләрі кетеді, қолын жуғанда сумен бірге /…не судың соңғы тамшысымен/ бүкіл қолымен істеген күнәләрі кетеді, аяғын жуғанда сумен бірге /…не судың соңғы тамшысымен/ бүкіл аяғымен барған күнәләрі кетеді, осылай ол бүкіл күнәләрінен босап шыққанша жалғасады. Муслим.
1029. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде молаға келген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сәлем сендерге, иә имандылар тұрағындағылар, ал біз Аллаһ қаласа, сендерге қосыламыз /Ас-саләму ъалейкум, дара каумин муъминина, уә инна ин шаъа-Ллаһу бикум ләхикуна/, сондай-ақ, мен бауырларымызды көрсек, деп қалар едім!”, - деді. Адамдар: “Біз сенің бауырларың саналмаймыз ба, иә Аллаһтың елшісі?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендер – менің сахабаларымсыңдар, ал менің бауырларым болып, әлі туылмағандар саналады”, - деді. Олар: “Сенің бұл дүниеге келмеген уметтеріңді біз қалай танимыз, иә Аллаһтың елшісі?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Маған айтыңдаршы ешқандай дағы жоқ қара түсті жылқылардың ішінде, маңдайларында жарқыраған жұлдызы бар және аяқтарында ақ сақиналары бар жылқыларын танып айырып алуға бола ма?”, - деп сұрады. Олар: “Әрине таниды, иә Аллаһтың елшісі!”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, дәрет алғанның арқасында, олар маңдайларында жарқыраған жұлдыздарымен, ал аяқтары мен қолдарында ақ сақиналарымен келеді, ал мен болсам оларды көлдің жанында күтіп тұрамын”, - деді. Муслим.
1030. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан: “Сендерге не арқылы Аллаһ күнәләрді кешіріп, дәрежелерді көтеретінін айтайын ба?”, - деп сұрады. Олар. “Әрина, иә Аллаһтың елшісі!”, - деді. Ол: “Бұл – қиындықтарына қарамай толығымен алынған дәрет1, мешітке қарай жүрілген көп қадамдар, сондай-ақ намаздан кейін келесі намазды күту, және бұл сендер үшін рибат2”, - деді. Муслим.
1031. Хабар бойынша, Абу Малик аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Тазалық – діннің жартысы. Муслим.
Хадис толығымен, “Шыдамдылық жайлы” тарауда келтіріледі.
Бұл тарауға және Амр бин Аббастың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткізген, “Үміт жайлы” тараудың соңында келтірілген хадис жатады. Ол хадис игіліктің бірнеше түрін қамтитын, ұлы хадис саналады.(№ 438 хадис)
1032. Хабар бойынша, Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендердің кез-келгенің дұрыстап дәрет алып, сосын: “Серігі болмған Аллаһтан басқа құдайдың жоқтығына куәмін және Мухаммад – оның құлы және Оның елшісі екендігіне куәмін” /Әшһаду әллә иләһә иллә-Лаһу ухдаһу лә шарикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммадан ъабдуһу уә расулюһу/, - десе, оның алдынан міндетті түрде Жәннәттің сегіз қақпасы ашылып, ол оның қалағанынан кіреді. Муслим.
Бұл хадистің ат-Тирмизи келтірген нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деп айтқаны келтіріледі:
Иә Аллаһ мені тәубеге келушелердің бірі және тазарушылардың бірі қыл. /Аллаһумма джаъальни мин ат-тауабина уә джаъальни мин аль-мутаттаһһарина/3.
186 ТАРАУ
Азанның қасиеттері жайлы.
1033. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адамдар азан шақырғанның және намазда бірінші сапта тұрғанның қадірін білсе еді, онда кім азан айтып, кім бірінші сапқа тұратындығын шешуге садақтың оғымен жеребе тартқаннан басқа жол таппаса, соны істер еді! Егер олар намазға бірінші келгеннің сауабын білсе еді, онда олар оған келуге жарысар еді! Егер олар жамағатпен оқылған таң намазы мен түнгі намазға қатынасудың сауабын білсе еді, онда оған қатынасу үшін мешітке еңбектеп болса да міндетті түрде келер еді! аль-Бухари, Муслим.
1034. Хабар бойынша, Муъауйа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ахіретте мойындардың ең ұзыны азаншыларда болады.1 Муслим.
1035. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Абд ар-Рахман Абу Саъсаъа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Абу Саъид аль-Худридің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, мен сенің шөл дала мен қойларды жақсы көретініңді байқаймын, сонда сен өзіңнің қойларыңмен /…не шөліңде / болған кезде азан шақыратын болсаң, дауыстап шақыр, өйткені, расында, азаншының даусын кім естісе де, ол мейлін жын, адам, не болмаса басқа бір жаратылыс болсын, олар бұл туралы Ахіретте куәлік береді.
Абу Саъид айтты:
Мен бұны Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, естідім.
1036. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Азан айтылған уақытта, шайтан азанның даусын естімес үшін дауыстап жел шығарып тұрып қашады, ал азан айтылып болған соң қайтадан келеді. Сондай-ақ ол қамат айтылған уақытта да кетіп, ол бітісімен адам мен оның жанының арасына келіп: “Ананы есіңе ал, мынаны есіңе ал”, - деп ол ойлағысы келмеген нәрселерді есіне салып, ол неше ракағат намаз оқығанын ұмыттыру үшін, қайта оралады. Аль-Бухари, Муслим.
1037. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Азан естігенде азаншы не десе соны қайталаңдар да, содан кейін маған салауат айтыңдар, өйткені мен үшін салауат айтқанға Аллаһ он игілік нәсіп етеді. Содан кейін Аллаһтан мен үшін, Жәннәттағы Аллаһтың жалғыз құлына бұйыратын “аль-Уасиләні” сұраңдар, сол құл мен боламын ба, деген үмітім бар, ал кім мен үшін “аль-Уасиләні” сұрайтын болса, мен оған міндетті түрде шпағатшы боламын. Муслим.
1038. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Азан даусын естігінде азаншының айтқанын қайталап отырыңдар. Аль-Бухари, Муслим.
1039. Хабар бойынша, Жәбір бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Азан сөздерін есітіп былай деп айтқанға, Ахіретте менің шапағатым уәжіп болады: “Иә Аллаһ, осы айтылған кәміл азанның және осы орындалатын намаздың Раббысы, Мухаммадты “аль-уасильге” және жоғары дәрежеге алып кел, әрі оны Өзің уәде еткен мақтулы орынға бағытта!” /Аллаһумма, Рабба һазиһид-даъуатит-тамма уәс-сәләтиль-қаимә, ати Мухаммадан аль-уасилә уәль-фадилә уә-абъасһу мақаман махмудан әлләзи уәъадтаһу!/1 Аль-Бухари.
1040. Хабар бойынша, Саъд бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім азан сөздерін есіген соң: “Аллаһтан басқа құдай жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ екендігіне және Мухаммад Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін. Аллаһты – Раббым, Мухаммадты – Пайғамбарым, Исламды – дінім деп ризалық білдіремін” /Әшһәду әллә иләһа иллә-Ллаһу уахдаһу лә шарикә ләһу уә әшһаду әннә Мухаммадан ъбдуһу уә расулуһу, радыйту би-Лләһи Раббан, уә би Мухаммадин расулән уә би Исләми динән/2, - деп айтса, оның күнәләрі кешіріледі. Муслим.
1041. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Азан мен қаматтың арасында Аллаһтан сұрап жасалынған дұға қайтарылмайды. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
187 ТАРАУ
Намаздың қасиеттері жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
“…Күдіксіз намаз, арсыздықтан, жамандықтан тыяады…” “Ғанкабут” сүресі 45 аят.
1042. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардан: “Айтыңдаршы, егер сендердің біреулеріңнің үйлеріңнің алдынан өзен ағып жатса, ал ол болса онда күніне бес реттен шомылса, осыдан кейін оның үстінде кір қалар ма еді?”, - деп сұрады. Олар: “Кірдің ізі де қалмас еді”, - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ал бұл болса күніне бес рет оқылатын намаз сияқты, ол арқылы Аллаһ кішігірім күнәләрді жуады”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1043. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Бес уақыт намаз, күніне бе уақыт шомылатын, кез-келгеніңнің есігіңнің алдында ағып жатқан өзен секілді. Муслим.
1044. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам (бөтен) әйелді сүйіп, сосын Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, болған жайдың бәрін айтты, сонда Аллаһ мына аятты түсірді: “Күндіздің екі жағында, түннің күндізге таяау кезінде намазды толық орында. Расында, жақсылықтар, жамандықтарды жояды…”1. Ол адам: “Иә Аллаһтың елшісі, бұл маған ғана қатысты ма?”, - деп сұрады. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл – менің үметтімдегілердің бәріне”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.
1045. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Күнделікті оқылған бес уақыт намаз және әр аптада оқылған жұма намазы, осылардың арасында жасалған кішігірім күнәләрдің кешірілуіне себеп болады, әрин егер олардың арасында ауыр күнәләр болмаса. Муслим.
1046. Хабар бойынша, Осман бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Парыз намаздың уақыты кірісімен дұрыстап дәрет алып, ал намаз кезінде дұрыс бой ұсынып және барлық бүгілуді (рукух) дұрыстап орындаса, бұл намаз кез келген мұсылман үшін оған дейін жасалған күнәләрдің кешірілуіне себеп болады, (әрине) егер олардың ішінде ауыр күнәлірдің бірі болмаса болды, және бұл әруақытта солай болады. Муслим.
188 ТАРАУ
Таң және екінді намаздарының
қасиеттері жайлы.
1047. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Жәннәтқа салқын уақытта екі намаз оқыған кірді2. Аль-Бухари, Муслим.
1048. Хабар бойынша, Абу Зухайр Омар бин Рууайба, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
“Күн шыққанша және кұн батқанша намаз оқыған ешқашан Отқа кірмейді“, - деп, таң және екінді намаздарын нұсқады. Муслим.
1049. Хабар бойынша, Жундуба бин Суфйан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Таң намазын орындаушы1 Аллаһтың қорғанында болады, Аллаһ Өзінің қорғаны үшін ешнәрсе талап етпесін, абайла , иә Адам баласы!2 Муслим.
1050. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендердің араларыңда күндіз болатын періштелер, сендердің араларыңда түнде болатын періштелерді бір-бірімен таң және екінді намаздары кезінде кездесіп, ауыстырады. Осыдан кейін сендермен түнді өткізген періштелер көкке көтеріледі, сонда Өзінің құлдарының жағдайын жақсы білетін Аллаһ періштелерден: “Секндер менің құлдарымды қандай күйде қалдырдыңдар?”, - деп сұрайды да, олар: “Біз оларды намаз оқып жатқан кездерінде қалдырдық, ал біз оларға оралған кезде де олар намаздарын оқып жатты. Аль-Бухари, Муслим.
1051. Хабар бойынша, Жәрир бин Абдуллаһ аль-Баджали, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде біз түнде Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге болған кезімізде, ол толық айға қарады да: “Расында, сендер Раббыларыңды мына айды көргендей көресіңдер, және Оған назар салуды ренжітілмейсіңдер! Егер сендер күн шығар алдындағы және күн батар алдындағы намаздарды орындауға еш нәрсенің кедергі болмауына қол жеткізе алсаңдар, онда оны істеңдер. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің басқа нұсқасында Жәрирдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
…ол айға (сол айдың) он төртінші түнінде қарады…
1052. Хабар бойынша, Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Екінді намазын оқымағанның істері пайдасыз болып қалады. Аль-Бухари.
189 ТАРАУ
Мешітке жайау барудің қаситтері жайлы.
1053. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Мешітке барушыға не болмаса ол жерден оралушыға Аллаһ Жәннәтта оған тамақ дайындайды. Аль-Бухари, Муслим.
1054. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімде-кім үйінде тазаланып1, сосын Аллаһтың үйлерінің бірінен Аллаһтың парыздаған амалдарының бірін орындау үшін баратын болса, оның жасаған қадамдарының бірі үшін оның күнәләрәнің жазасы түседі, ал басқасы үшін жоғарылайды. Муслим.
1055. Хабар бойынша, Убайй бин Қаъб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ансарлардың арасынан бір адам болатын, мен мешіттен, ол адамнан алыс тұратын адамды білмейтінмін. Бірақ ол соған қарамай ол мешітте жамағатпен оқылатын бірде-бір намазды жібермейтін. Бірде мен оған: «Сен өзіңе түнде жүруің үшін және ыстық жермен жүрмеуің үшін бір есек алсаң еді!», - дедім. Сонда ол маған жауап ретінде: «Менің үйім мешіттің жанында болса, мен оған қуанбас едім. Расында, менің үйден мешітке және мешіттен үйге жүргенімнің жазылуын қалаймын!», - деді. Сол кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ саған (сауабыңды) толығымен жинап қойды!», - деді. Муслим.
1056. Хабар бойынша, Жабір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:
Кезінде мешіт төңірегіндегі жерлер бос болатын, сонда абу салима руынан адамдар мешітке жақын жерге көшпекші болады. Бұл хабар Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткен кезде ол: «Маған седердің мешіттің жанына көшпекші болып жатқандарың жайлы хабар келді», - деді. Олар: «Иә Аллаһтың елшісі, біз солай істемекшіміз», - деді. Сонда ол: «Иә бану салама, үйлеріңде қала беріңдер, өйткені сендердің басқан іздерің жазылып жатыр, иә бану салама, үйлеріңде қала беріңдер, өйткені сендердің басқан іздерің жазылып жатыр!», - деді, сонда олар: «Біздің көшіміз бізге қуаныш әкелмес еді!», - деді. Бұл хадисті Муслим келтіреді, ал аль-Бухари болса мағынасы жағынан осыған ұқсас Айша арқылы хабарланған осыған ұқсас хадис елтіреді.
1057. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, намаз оқығанның көп сауабы, мешітке ұзақ жүруге мәжбүр болғанға жазылады, ал намазды имаммен бірге оқу үшін күткеннің сауабы, намазды оқып одан кейін ұйықтағанның сауабынан артық болады. Аль-Бухари, Муслим.
1058. Хабар бойынша, Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Мешітке қараңғы түнде барушыларды, Ахіреттегі кәміл нұр жайлы хабарлап қуандырыңдар1. Абу Дауд, ат-Тирмизи.
1059. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан: “Сендерге не Арқылы Аллаһ күнәләрді кешіріп, дәрежелерді көтеретінін айтайын ба?”, - деп сұрады. Олар. “Әрина, иә Аллаһтың елшісі!”, - деді. Ол: “Бұл – қиындықтарына қарамай толығымен алынған дәрет2, мешітке қарай жүрілген көп қадамдар, сондай-ақ намаздан кейін келесі намазды күту, және бұл сендер үшін рибат3”, - деді. Муслим.
1060. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адамның әрдайым мешітке келіп тұратынын көретін болсаңдар, онда оның иманды екеніне куәлік беріңдер, өйткені Ұлы Аллаһ Тағала: “Аллаһтың мешіттеріне келушілер олар, тек Аллаһқа және Ахірет күніне ….. иман келтіргендер”4, - деп айтты. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.5
190 ТАРАУ
Намазды күтудің қасиеттері жайлы.
1061. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден кез-келгеніңді намаз ұстап тұрғанша намазда саналасыңдар6, сонда өзінің жанұясына оралуына намаздан басқа оған еш нәрсе кедергі жасамайды. Аль-Бухари, Муслим.
1062. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден кез-келгендеріңнің намаз оқыған орындарыңнан дәретін бұзбай отырған барлық уақыт аралығында періштелер: “Иә Аллаһ, оны кешір, иә Аллаһ оған рахым ет!”, - деп дұға айтумен болады. Аль-Бухари, Муслим.
1063. Хабар бойынша, Әнәс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кешкі намазды (құтпан) оқуын түннің жартысына дейін созды, оны оқып болған соң бізге бұрылып: “Басқа адамдар намаздарын оқыды да жатып қалды, ал сендер болсаңдар намаз басталғанша намаз ішінде саналдыңдар1”, - деді. Аль-Бухари.
191 ТАРАУ
Жамағатпен оқылған намаздың
қасиеттері жайлы.
1064. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Жамағатпен оқылған намаз, жалғыз оқылған намаздан жиырма жеті саты жоғары. Аль-Бухари, Муслим.
1065. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Адамның жамағатапен оқыған намазы, оның үйде не болмаса базарда оқыған намазынан жиырма бес есе артық, әрине егер ол дәретін дұрыстап алып, сосын мештке тек намаз оқу үшін ғана барса. Сонда ол (мешітке қарай) жүрген әр бір қадамы үшін бір саты жоғарылап және бір кішігірім күнәсінан түсіп отырады, ал ол намаз оқыған кезде және намаз оқыған орындарыңнан дәретін бұзбай отырған барлық уақыт аралығында періштелер: “Иә Аллаһ, оны кешір, иә Аллаһ оған рахым ет!”, - деп дұға айтумен болады, ал ол болса намазды күткенше намаз орындап жатқан есебінде болады. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Аль-Бухаридің нұсқасы беріліп отыр.
1066. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, соқыр адам келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, мені мешітке апаратын жетектеушім жоқ!”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған үйде намаз оқуға рұқсат берді де, ол қайта орала бастаған кезде, Пайғамбар оған: “Сен азан даусын естисің бе?”, - деп сұрады. Ол: “Иә”, - деді, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда оған жауап бер!”, - деді. Муслим.
1067. Хабар бойынша, азаншы Ибн Умм Мақтум, деген атымен танымал Абдуллаһ (және оны бин Амр бин Қайс, деп те атаған дейді), оған Аллаһтың ризашылығы болсын,
бірде ол Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, расында, Мединада улы құрт-құмырсқалар мен жабайы аңдар көп”1, - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Егер сен: “Намазға асығыңдар! Құтылу жолына асығыңдар!”, - деген сөздерді естісең, онда намазға кел!”, - деді. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1068. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, менің, адамдарға отын жинауға әмір беріп, сосын намаз оқуға азан айттырып, сосын біреуді имам етіп тағайындап, ал өзім намазға келмеген адамдарға барып, олардың үйлерінің түгін қалдырмай жағып жібергім келген кездерім болды! Аль-Бухари, Муслим.
1069. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Сендерден кім ертең Аллаһты мұсылман болып кездестіргісі келсе, онда намазды ол туралы хабарлаған жерде2 оқысын, Расында, Аллаһ сендердің Пайғамбарларыңа, оған Аллаһтың игілігі мен сәлмі болсын, дұрыс жолдың ғұрыпын (яғни сүннетті) көрсетіп (бекітіп) берді, расында, бұл намаздар дұрыс жолдың ғұрыпына жатады, егер сендер өз үйінде қалған адам секілді, өз үйлеріңде намаз оқитын болсаңдар, онда бұларың Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен ауытқыған болып саналады, ал егер сендер Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетінен бас тартсаңдар, онда дұрыс жолдан адасасыңдар. Ал біз жайлы айтатын болсақ, намазды өзінің екіжүзділігімен белгілі болғандардан басақаларының бәрі жамағатпен оқылған намазды қалдырмайтын, сонда адамды намазға ол саптан өзінің орнына тұруы үшін, екі адам қолтықтап алып келетін кездер де болған. Муслим.
Бұл хадистің басқа бір нұсқасында былай делінеді:
Расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге дұрыс жол ғұрыптарын үйрететін, ал олардың қатарына азан айтылатын мешітте оқылатын намаз жатады.
1070. Хабар бойынша, Абу Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: “Шөлде не ауылда тұратын үш адам бірігіп намаз оқымаса, онда шайтан оларды өзіне бағындырады, өйткені қасқыр тек отардан бөлінген қойды ғана жейді. Бұл хадист Абу Дауд жақсы иснадпен келтіреді.
192 ТАРАУ
Жамағатпен оқылатын таң және құтпан намаздарына талпындыру жайлы.
1071. Хабар бойынша, Осман бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Құтпан намазын жамағатпен оқыған, түннің жартысын намаз оқып өткізген секілді, ал таң намазын жамағатпен оқыған, түнімен намаз оқыған секілді. Муслим.
Бұл хадистің Осман бин Аффанның айтуымен, ат-Тирмизидің келтірген нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын хабарланады:
Жамағатпен оқылған құтпан намзына қатысқанға түннің жартысын намазбен өткізген есебіндей (сауап) жазылады, ал басқа адамамдармен бірге құтпан намазын да, таң намазын да оқығанға, бүкіл түнді намазбен өткізген есебіндей (сауап) жазылады. Ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис” деді.
1072. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер олар таң намазы мен құтпан намазын жамағатпен оқығанның сауабын білсе еді, онда олар мешітке (ол намаздарды жамағатпен) оқу үшін еңбектеп болса да келер еді! Аль-Бухари Муслим.
Бұл хадмис толығымен бұның алдында келтірілген болатын. (№ 1033)
1073. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Екіжүзділер үшін таң намазы мен құтпан намазынан ауыр намаз жоқ, ал егер олар осы екі намазды орындағаннан қандай сауап бар екенін білсе еді, онда олар осы намаздарды орындау үшін мешітке еңбектеп болса да келер еді! аль-Бухари, Муслим.
193 ТАРАУ
Парыз намаздарын әрдайым орындауға бұйыру және бұл намаздардан бас тартуға тыйым салу, сондай-ақ бұл намаздарды орындамағандарға үлкен қатердің бар екендігі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
«Намаздарға сондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер…» «Бақара» сүресі, 238 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«…Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар…» «Тәубе» сүресі, 5 аят.
1074. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Аллаһтың елшсінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қандай амал жоғары бағаланады”, - деп сұрадым. Ол: “Белгіленген (өз) уақытында оқылған намаз”, - деді. Мен: «Ал бұдан кейін не?», - деп сұрадым. Ол: «Ата-анаға көрсетілген құрмет», - деді. Мен: «Ал бұдан кейін не?», - деп сұрадым. Ол: «Аллаһ жолындағы күрес», - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1075. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ислам бес діңгектен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі, деп куәлік беру, намаз оқу, зекет төлеу, Аллаһтың үйіне Қажылық жасау және Рамадан айында ораза ұстау. Аль-Бухари, Муслим.
1076. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Маған адамдармен, олар, Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллһтың елшісі, деп куәлік бергенше, сондай-ақ намаз оқып зекет төлегенше, күресу әмірленді, ал егер олар осылардың бәрін орындаса, онда менен, бұдан былай тек Исламның хақысымен ғана алына алатын, өмірлері мен дүниелерін қорғап қалады, сол кезде олардан есебті тек қана Аллаһ талап ете алады. Аль-Бухари, Муслим.
1077. Хабар бойынша, Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мені Иеменге аттандырып жатып1, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, сен Кітап иелері халықтарының біріне келесің, оларды Аллаһтан басқа құдай жоқ және мені – Аллаһтың елшісі, деп куәлік берулеріне шақыр, сонда егер олар бұған бағынса, Аллаһтың оларға күніне бес уақыт намаз парыздағанын мәлімде, егер олар бұған да бағынса, Аллаһтың оларға байларынан алып кедейлеріне бергіздіретін, садақа төлеулерін парыздағанын мәлімде, ал егер олар осыған да бағынса, онда олардың дүниелерінің ең қымбатына тиіспе (яғни зекет ретінде алма) және жәбір көргеннің қарғысынан сақтан (қорық), расында, онымен Аллаһтың арасында оның өтінішін естуге кедргі болатын перде болмайды!», Аль-Бухари, Муслим.
1078. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, көпқұдайшылық пен имансыздықтан, адамды, намаздан бас тарту айырады. Муслим.
1079. Хабар бойынша, Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Біз бен олардың (не сендердің) арамыздағы келісім шарттың негізіне намаз оқу жатады, кім бұдан бас тартса күпірлікке кіреді. Бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді” деп, ат-Тирмизи келтіреді.
1080. Хабар бойынша, сенімділігі көптің арасында танымал, Шакик бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың рахымы жаусын, былай деді:
Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары намаздан бас тартққаннан басқа ешнәрсені күпірлік санамайтын. Ат-Тирмизи сенімді иснадпен “Иман” кітбында келтіреді.
1081. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, Ахіретте Аллаһтың құлының есебі алдымен намазы үшін алынада, егер сонда намаздары жақсы болса, онда ол табысқа иеленіп көздеген мақсатына жетеді, ал егер намаздары жарамсыз болса, онда ол өкініп қасіретке тап болады. Егер оның осы парызының кемшіліктері болса, онда Ұлы Аллаһ Тағала: “Қараңдаршы1, Менің құлымның парыздарының кемшіліктерінің орынын толтыру үшін, оның өз еркімен жасаған амалдары2 бар ма екен”, - дейді – ал осыдан кейін оның барлық амалдарымен осылай істелінеді. Бұл хадисті “Жақсы хадис” деп, ат-Тирмизи келтіреді.
194 ТАРАУ
Бірінші саптың қасиеті және бірінші сапты толтырып бір-бірімен (иық тіресіп) тығыз тұру керектігі жайлы.
1082. Хабар бойынша, Жәбір бин Самура, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Сендер неге саптарыңда, өздерінің Раббыларының алданда тұрған періштелер сияқты тұрмайсыңдар?”, - деді. Біз: “Иә Аллаһтың елшісі, періштелер өздерінің Раббыларының алдында қалай сапқа тұрады?”, - деп сұрадық. Сонда ол: “Олар бірінші саптарды толтырады және сапта бір-бірімен тығыз тұрады”, - деді. Мслим.
1083. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адамдар азан шақырғанның және намазда бірінші сапта тұрғанның қадірін білсе еді, онда кім азан шақырып, кім бірінші сапқа тұратындығын шешуге садақтың оғымен жеребе тартқаннан басқа жол таппаса, соны істер еді! Егер олар намазға бірінші келгеннің сауабын білсе еді, онда олар оған келуге жарысар еді! Егер олар жамағатпен оқылған таң намазы мен түнгі намазға қатынасудың сауабын білсе еді, онда оған қатынасу үшін мешітке еңбектеп болса да міндетті түрде келер еді! аль-Бухари, Муслим.
1084. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Намаз уақытында ерлер үшін саптардың ең жақсысы бірінші, ал ең жаманы – соңғысы саналады, әйелдер үшін саптардың ең жақсысы соңғысы, ал ең жаманы – біріншісі саналады1. Муслим.
1085. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Кейбір сахабаларының артқы жақта тұруды қалайтынын көрген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларға: “Алдыға жылжып, менен үлгі алыңдар, ал сендердің артыңдағылар үлгіні сендерден алсын, өйткені адамдар артта тұруды2, Аллаһ оларды соңына ығыстырғанша жалғастырады!3”, - деді. Муслим.
1086. Хабар бойынша, Абу Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Жамағатпен оқылатын намаздың алдында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте бізді иығымыздан ұстап4 былай дейтін: «Түзеліңдер, араларыңда өзгешелік болмасын, олай істемесеңдер жүректерің бірлікті білмейтін болады және менің артымнан ақылы кірген үлкендерің тұрыңдар одан соң - кейінгілерің, одан соң – кейінгілерің.»5 Муслим.
1087. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Саптарыңды түзеңдер, өйткені, расында, сапты түзеу намаздың кәмілдігінің белгілерінің бірі болады. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің аль-Бухари келтірген нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
…өйткені, расында, саптарды түзеу намаз оқудың бөлігі саналады.
1088. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде, қамат түсіріліп болғн соң Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге бұрылып: “Саптарыңды түзеп, бір-біріңе тығыз тұрыңдар, өйткені, расында, мен артымда не болып жатқанын көремін!”, - деді. Осы күйінде бұл хадисті аль-Бухари келтіреді, ал Муслим бұның мағынасын келтіреді.
Бұл хадистің аль-Бухари келтірген тағы бір нұсқасында, Анастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
Сонда біздің әр қайсысымыз, иығымыз көршісінің иығына тиіп, ал табандарының (шеті) көршісінің табанының (шетіне) тиіп тұратын.
1089. Хабар бойынша, ан-Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен бірде, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: “Ант етемін, сендер саптарыңды түзеулерің керек, не болмаса Аллаһ міндетті түрде жүздеріңді өзгертеді!1” Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында ан-Нуъман бин Баширдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дегені келтіріледі:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның бізден не талап етіп жатқанын түсінгенімізше біздің сабымызды, садақ оғының түзулігін тексермекші болғандай тәптіштеп туралайтын. Бірде ол біздің алдымызға шығып өзінің орнынан енді “Аллаһу акбар”, деп такбір айтайын деп жатқанда, бір бәдәуидің кеудесінің алдыға шығып тұрғанын көріп: “Аллаһтың құлдары, сендер міндетті түрде саптарыңды түзеулерің керек, олай істемесеңдер Аллаһ сендердің жүздеріңді өзгертеді», - деді.
1090. Хабар бойынша, Аль-Бара бин Азиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, саптың бір шетінен екінші шетіне шығып, бізді иығымыздан ұстап және кеудемізге қолдарын тигізіп, сосын: “Біркелкілікті бұзбаңдар, олай істемесеңдер жүректерің бірлікті білмейтін болады”, - дейтін. Сондай-ақ ол жиі: “Расында, Аллаһ және Оның періштелері бірінші сапты игіліктейді!”, - дейтін. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1091. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Саптарыңда мұқият болыңдар, бір-біріңе иқтарыңды тигізіп тұрыңдар, араларыңда (бос орын болмасын) толтырыңдар, бауырларыңның қолдарына жол беріңдер2. Кім сапты толтырса3, Аллаһ оған сауап жазады, ал кім сапты үзсе, онымен Аллаһ үзеді4. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1092. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Саптарыңды біріктіріп бір-бірімен жақындатыңдар5 да мойындарыңды бір түзудің бойында ұстаңдар6, өйткені жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, мен араларыңдағы қуыстарға шайтан кішігірім қой секілді өтіп кеткенін көремін. Бұл хадисті Муслимді қанағаттандыратын иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1093. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Бірінші сапты толтырыңдар, одан кейін келесісін солай бүкіл жетіспеушілік соңғы сапқа жеткенше әр-бір келесі сапты толтырып отырыңдар. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1094. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, Аллаһ және періштелер саптың оң жағында тұрғандарды игіліктейді. Бұл хадисті Муслимді қанағаттандыратын иснадпен Абу Дауд келтіреді, дегенмен арасындағы бір жеткізушінің сенімділігіне бәрі келіспейді.1
1095. Хабар бойынша, Аль Бара, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Біз Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, артында намаз оқығанымызда, ол намаз біткенде бірінші бізге бұрылуы үшін, оның оң жағына отыратынбыз, сонда мен оның: “Раббым менің, Өзіңнің құлдарыңды тірілтетін /не: …тірілтетін/ Күні, мені Өзіңнің азабыңнан құтқар!” /Рабби, қына ъазабакә йаума табъасу (ау:…тажамаъу) ъибадакә!/, - деп айтқанын естігенмін. Муслим.
1096. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Имамды ортаға алыңдар да2, араларыңды толтырыңдар. Абу Дауд.
195 ТАРАУ
Парыз намаздарының алдында және одан кейін оқылатын бекітілген қосымша намаздардың (сүннет намаздары)
қасиеттері және олардың сандарының
ең көбі, азы және орташасы қанша болуы керектігі жайлы.
1097. Хабар бойынша, діндарлардың анасы Умм Хабиба Рамлә бинт Абу Суфиан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ислам дінін ұстанатын кез-келген Аллаһтың құлы парыз намаздарына қосымша өз еркімен он екі ракат намаз оқып Аллаһ Тағалаға құлшылық жасайтын болса3, Аллаһ ол үшін міндетті түрде Жәннәтта үй салып береді /не: …ол үшін Жәннәтта міндетті түрде үй салынады/. Муслим.
1098. Хабар бойынша, Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге менің бесін намазының парызына дейін екі ракат және одан кейін екі ракат, сондай-ақ жұма намазынан кейін екі ракат, сондай-ақ ақашам намазынан кейін екі ракат және құтпан намазынан кейін екі ракат намаз оқыған кездерім болды. Аль-Бухари, Муслим.
1099.Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Муғаффаль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Әр-бір екі шақырудың арасында1 – намаз, әр-бір екі шақырудың арасында – намаз, әр-бір екі шақырудың арасында – намаз”, - деді де, үшінші айтқанына: “егер қаласаңдар”, - деп қосты. Аль-Бухари, Муслим.
196 ТАРАУ
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте таң ертең екі ракат қосымша намаз оқитындығы жайлы.
1100. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бесін намазының парызының алдында әрдайым төрт ракат намаз оқитын және әрдайым таң намазының парызының алдында ек ракат намаз оқитын. Аль-Бухари.
1101. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң намазының екі ракат қосымша намазындай, еш-бір басқа намазды соншалық бұлжытпай орындамайтын. Аль-Бухари, Муслим.
1102. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Таң намазының екі ракаты осы дүние мен осы дүнеде бардың бәрінен артық. Муслим.
Бұл хадистің басқа нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:
Расында, мен оны бүкіл осы дүниеден артық жақсы көремін!
1103. Хабар бойынша, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, азаншысы Абу Абдуллаһ Биләль бин Рабаха, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде, ол Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң намазының уақытының кіргенін (азан айтып) хабарлайын, деп келген кезінде, оны Айша өзінің сұрақтарымен күн арайланып жарық болып кеткенше бөгеп қалды. Сонда Биляль орнынан тұрып намазға (азан айтып) шақыра бастады, ал Аллаһтың елшісі болса, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, азан сөздерін қайталап отырды, бірақ шықпады. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шығып адамдармен намаз оқығаннан кейін, Биляль өзін Айша сұрақтарымен жарық болып кеткенше бөгеп қалғанын айтып, сөзінің арасында оның намазға тез шыға қоймағаны жайлы сұрап өтті. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, мен таң намазының екі ракатын орындап жаттым”, - деп жауап берді. Биләль: “Иә Аллаһтың елшісі, сен тым жарық болып кеткенше шықпадың ғой?”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Егер маған одан да көп бөгелу керек болса, мен ол намазды жақсылап оқу үшін бөгелер едім!”, - деп жауап берді. Бұл хадисті Абу Дауд жақсы иснадпаен келтіреді.
197 ТАРАУ
Таң намазының парызының алдындағы оқылатын екі ракат намазды жеңілдету1, сондай-ақ сол екі ракатта не оқылатындығы және қай уақытта оқылатындығы жайлы.
1104. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Азан мен қаматтың арасында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екі ракат жеңіл намаз оқитын. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хаистің аль-Бухари мен Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:
Әдетте ол таң намазының парызының алдында екі ракат намазды қысқартып оқитыны соншлық мен өз-өзіме: “Ол “Фтиханы” оқыды ма екен?”, - дейтінмін.
Бұл хаистің тек Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:
Азан естісімен жеңілдетіп екі ракаттан тұратын намаз оқитын.
Бұл хаистің тағы бір нұсқасында, Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:
…таң арайланған уақытта.
1105. Хабар бойынша, Хафса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Азаншы таң намазына азан шақырып болып, ал далада жарық бола бастаған кезде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеңіл екі ракаттан тұратын намаз оқитын. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хаистің тек Муслим келтірген нұсқасында, Хафсаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:
Таң арайланып келе жатқан кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлмі болсын, екі жеңіл ракаттан тұратын намаздан басқа ешқандай қосымша намаз оқымайтын.
1106. Хабар бойынша, Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде намаз оқыған кезінде белгіленген мөлшердегі екі ракат намаздар болатын, ал ол намазын бір ракат намазбен аяқтайтын2, ал таң ертеңгі өз еркімен оқитын (сүннәт) екі ракат намазды, азан (қамат) сөздерін естіп (асыққан адам) секілді тез оқитын. Аль-Бухари, Муслим.
1107. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, таң намазының қосымша оқылатын екі ракат намазының бірінші ракатында “Бақара” сүресіндегі: “Және оларға: “Біз Аллаһқа бізге түсірілген Құранға әрі Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқұптарға ұрпақтарына тағы Мұса, Исаға берілген нәрселерге, сондай-ақ Раббылыры тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. Және біздер Оған (Аллаһқа) ғана бой ұсынушымыз”, - деңдер1”, - деген аятты оқитын, ал екінші ракатында: “…біздер Аллаһқа иман келтірдік, куә бол шынайы мұсылманбыз…2”, - деген сөздері бар аятты оқитын.
Ал бұл хадситің басқа нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екі ракатт “Аль-Имран” сүресінен: “”Әй Кітап иелері, Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаһқа құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Аллаһтан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық”, - деп айт3. “, - деген аятты оқитын. Бұл хадистің екі ұсқасын да Муслим келтіреді.
1108. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң намазының қосымша екі ракат намазында: “Айт: “Әй кәпірлер!”4, - дегенді, сондай-ақ: “Айт: “Ол Аллаһ, біреу…”5, - дегенді оқитын. Муслим.
1109. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен бүтін бір ай Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бақыладым, сонда ол таң намазының парызының алдында оқылатын екі ракатта: “Айт: “Әй кәпірлер!”6, - дегенді, сондай-ақ: “Айт: “Ол Аллаһ, біреу…”7, - дегенді оқыды. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
198 ТАРАУ
Қосымша оқылған екі ракат таң намазынан кейін оң бүйірінде жата тұру керектігі, сондай-ақ адам түнде намаз оқығандығына, не оқымағандығына қарамастан осыған (оң бүйіріне жата тұруға) талпыдыру жайлы.
1110. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң ертең қосымша ек ракат намаз оқып болған соң оң бүйіріне жататын. Аль-Бухари.
1111. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Құтпан намазы мен таң намазының арасында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әрбір екі ракаттың арасында сәлем беріп және соңынын бір ракат намаз қосып, бас аяғы он бір ракат намаз оқитын. Азаншы таңның арайланып келе жатқанын көріп, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, азан шақыратын, ол орнынан тұрып екі ракат жеңіл намаз оқып, сосын азаншы қамат түсіргенше оң бүйіріне жатып алатын. Муслим.
1112. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден қайсысың таң намазының қосымша екі ракат намазын оқып болса, оң бүйіріне жатсын. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд және ат-Тирмизи келтіреді. Ат-Тирмизи: “Жақсы хадис”, - деді.
199 ТАРАУ
Бесін намазының алдында және одан кейін қандай намаздар оқылатындығы жайлы.
1113. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Менің Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге бесін намазына дейін және одан кейін екі ракат намаз оқыған кездерім болды. Аль-Бухари, Муслим.
1114. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бесін намазының парызының алдында бұлжытпай төрт ракат намаз оқитын. Аль-Бухари.
1115. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бесін намазының парызына дейін менің үйіме1 келіп төрт ракаттын тұратын намазды жиі оқитын, сосын мешітке шығып адамдармен бірге бесін намазының парызын оқитын, ал сосын қайтадан кіріп екі ракаттан тұратын намаз оқитын. Сондай-ақ ол адамдармен бірге ақшам намазын оқитын, ал сосын маған кіріп екі ракат намаз оқитын, сондай-ақ ол адамдармен бірге құтпан намазын оқитын, ал сосын менің үйіме кіріп екі ракаттан тұратын намаз оқитын. Муслим.
1116. Хабар бойынша, Умм Хабиба, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім бесін намазына дейін және одан кейін төрт ракат намаз оқитын болса, оны Аллаһ Отқа харам етеді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд және ат-Тирмизи келтіреді. Ат-Тирмизи: “Жақсы хадис”, - деді.
1117. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Саъид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бесін намазының парызының алдында төрт ракат намаз оқитын, күн, батысқа қарай жылжысымен: “Расында, бұл көктердің қақпалары ашылатын уақыт, сондықтан мен осы уақытта менің игі амалым сол қақапаларға көтерілуін қалаймын”, - деп айтатын. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
1118. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Егер Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын төрт ракат намазды бесін намазының парызының алдында оқымаса, онда ол оны әрқашан одан кейін оқитын. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
200 ТАРАУ
Екінді (аср) намазына дейін қандай қосымша намаз оқылатындығы жайында.
1119. Хабар бойынша, Али бин Абу Талиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Екінді намазына дейін, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, періштелерге және өзінің артынан ерген мұсылмандар мен иман келтіргендерге арналған, арасын: “Ас-сәләму алейкум уә рахмату-Ллаһи”, - деген сөздермен бөлетін төрт ракат намаз оқитын. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
1120. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ, екінді намазының алдында төрт ракат намаз оқығанды, рахым етсін! Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, - деп келтіреді.
1121. Хабар бойынша, Али ибн Абу Талиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екінді намазының алдында әдетте екі ракаттан тұратын намаз оқитын. Бұл хадисті Абу Дауд жақсы иснадпен келтіреді.
201 ТАРАУ
Ақшам (мағриб)намазынан кейін және
оның алдында қандай намаздар оқылатындығы жайлы.
Алдыңғы тарауларда Ибн Омар1 мен Айшаның2, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізуімен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ақшам намазының парызынан кейін екі ракат намаз оқығандығы жайлы екі хадис келтірілген болатын.
1122. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Мутаффаль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ақшам намазының алдында намаз оқыңдар3”, - деп үш рет айтып, үшіншісінде: “Бұл – қалағандарың үшін”, - деп қосты. Аль-Бухари.
1123. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйгілі сахабаларының ақшам намазының уақыты кірісімен бір-бірімен жарыса тіректерге асыққанын көрдім4. Аль-Бухари.
1124. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:
“Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде біз ақшам намазының алдында күн батысымен екі ракат намаз оқитынбыз”, - деді. Сонда одан: “Ал бұл екі ракат (намазды) Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оқушы ма еді?”, - деп сұрады. Ол оларға: “Ол біздің оқығынымызды көріп оны оқымауға да әрі оқуға да әмір бермейтін”, - деп жауап берді. Муслим.
1125. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:
Біздің Мединада болған кездерімізде азаншы ақшам намазының парызына азан айтып болған соң, адамдар екі ракат намаз оқу үшін мешіт тіректеріне асығатын, ал сапармен (қалаға) келген адам жайлы айтатын болсақ, онда ол парыз намазы басталған екен, деп ойлайтын, өйткені көпшілік осы ек ракат намазды оқитын. Муслим.
202 ТАРАУ
Құтпан (ъиша) намазының алдында
және одан кейін қандай намаздар оқылатындығы жайлы.
Бұл тарауға Ибн Омардың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге менің… құтпан намазынан кейін екі ракат намаз оқыған кездерім болды”5, - деп жеткізген хадисін келтіруге, сондай-ақ Абдуллаһ бин Мутаффильдің Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Әр-бір екі шақырудың арасында1 – намаз…”2, - деп айтқанын, хабарлаған хадисін келтіруге болады.
203 ТАРАУ
Жұма намазының алдында және одан кейін қандай намаздар оқылатындығы жайлы.
Бұл тарауға да Ибн Омардың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге менің… жұма намазынан кейін екі ракат намаз оқыған кездерім болды”3, - деп жеткізген хадисін келтіруге болады.
1126. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден кім жұма намазын оқыса, одан кейін төрт ракат қосымша намаз оқысын. Муслим.
1127. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жұма намазынан кейін мешітте намаз оқымайтын, ал одан кейін үйіне барғанда екі ракат намаз оқитын. Муслим.
204 ТАРАУ
Барлық бекітілген және басқа да қосымша намаздарды үйде орындаудың жақсырақтығы, сондай-ақ парыз намазынан кейін қосымша намазды орындау үшін басқа жерге тұру керектігі, не болмаса парыз намазды қосымша намаздан сөйлеу арқылы бөлу керектігі жайында.
1128. Хабар бойынша, Зайд бин Сабит, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Иә адамдар, үйлеріңде намаз оқыңдар, өйткені, расында, парыз намаздарын есептемегенде намаздардың жақсысына үйде оқылған намаздар жатады. Аль-Бухари, Муслим.
1129. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Үйлеріңді мазарға айналдырмай, намаздарыңның бөлігін үйде оқыңдар. Аль-Бухари, Муслим.
1130. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер сендерден кімде-кім парыз намазын өзінің мешітінде оқыған болса, онда намазының бөлігінен өз үйіне де қалдырсын, өйткені, расында, оның намазының себебінен Аллаһ оның үйіне игілік енгізеді. Муслим.
1131. Амир бин Аттың жеткізуімен, бірде мені Нафиъ бин Жубайр оны әпкесінің баласыас-Саъбу Ибн Йазидке, кезінде оның намазы жайлы (, яғни ас-Саъбу Ибн Йазидтің намазы жайлы) Муъавианың не деп айтқанын беліп келуім үшін жұсады да, ас-Саъбу Ибн Йазид былай деді:
Бірде мен онымен бір бөлмеде жұма намазын оқығанымда, имам екі иығына сәлем беріп болған соң, мен орнымнан түрегелдім де, сол жерден қозғалмастан қосымша намаз оқыдым, ал Муъавия үйіне кірген соң: “Ендігәрі істеген ісіңді қайталама: жұма намазын оқып болып, біреуге сөйлемейінше, не орныңнан қозғалмайынша, қосымша намаз оқушы болма, расында, осылай істеуге, бір намаздан екінші намазға орнымыздан қозғалмайынша не біреумен сөйлеспейінше, ауыспауға бұйырған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болатын”, - деп айтуға, маған адам жіберді. Муслим.
205 ТАРАУ
Үтір намазын оқуға талпындыру және бұл намазды орындаудың сөссіз Сүннетке жататындығын түсіндіру сондай-ақ бұл намаз қай уақытта орындаудың жақсырақ екендігі жайлы.
1132. Хабар бойынша, Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:
Үтір намазының парыз намаздарынан айырмашылығы, сөссіз оның парыз намаздары қатарына жатпайтындығында, дегенмен бұл ғұрыптың (яғни сүннеттің) басын бастаушы, былай деп айтқан: «Расында, Аллаһтың жұбы (арабша үтірі) жоқ және ол әрбір жұбсызды жақсы көреді, сондықтан үтір намазын орындаңдар, ия Құран оқушылар!», - Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болатын. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
1133. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын үтір намазын түннің кез-келген бөлігінде: таң арайланғанша түнің басында болсын, ортасында болсын соңыда болсын оқитын. Аль-Бухари, Муслим.
1134. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Үтірді түнгі намаздарыңның соңы қылыңдар. Аль-Бухари, Муслим.
1134. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Үтір намазын таң атқанша оқыңдар. Муслим.
1135. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің түнгі намазын, мен оның алдында болғанымда орындайтын1, ал үтір намазы ғана қалған кезде, ол мені оятып, мен де сол намазды орындайтынмын. Муслим.
Ал бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында Айшаның былай деп айтқаны келтіріледі:
…ал үтір намазын ған орындайтын кезде, ол: “Иә Айша түрегел де үтір намазын орында!”, - дейтін.
1137. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Таң атқанша үтір намазын орындауға асығыңдар. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
1138. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімде-кім үтір намазына түннің соңында оянбаймын деп қорықса, онда оны түннің басында орындасын, ал кім түннің соңында орындаймын десе, солай істесін, өйткені, расында, түннің соңындағы намаздың куәгерлері болады2, сондай-ақ бұл жақсырақ. Муслим.
206 ТАРАУ
Таң ертеңгі қосымша намаздың (духа)3 қасиеті, оның ракат санының қаншасы көп, аз және орташа саны қанша болатындығы, сондай-ақ оны әрдайым орындауға ұмтылдыру жайлы.
1139. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Менің сүйікті досым4, маған айына үш күн ораза ұстауды, таңертең екі ракат таңертеңгілік (духа) намазын орындауды және ұйықтар алдында үтір намазын орындауды талап етті. Аль-Бухари, Муслим.
Үтір намазын ұйықтар алдында оқуға көңіл бөлудің дұрыстығы тек түнде ұйқысынан оянуға сенімділігі жоқтар үшін ғана, ал егер адам оны түннің соңғы бөлігінде оқи алатындығына сенімді болса, онда оны түннің соңғы бөлігінде оқығаны жақсы.
1140. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Күн шыққан әр күні, әр қайсысың денелеріңде неше буын болса сонша садақа беруге тиістісіңдер. Әр бір айтылған: «Субхана-Ллаһ», садақа болып табылады және: «Әлхамду ли-Лаһ», садақа болып табылады және әр бір айтылған: «Лә иләһә ила-Ллаһ» садақа болып табылады және әр бір айтылған: «Аллаһу акбар», садақа болып табылады, және жақсылыққа шақыру да садақа болып табылады, жамандықтан тыйу да садақа болып табылады, бірақ осының бәрін таңертіңгілік оқыған екі бас нәфіл намаз /духа/ ауыстыра алады. Муслим.
1141. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:
Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң ертеңгі қосымша намазды төрт ракаттан оқып, оған ракат санын Аллаһ қанша қаласа сонша қосатын1. Муслим.
1142. Хабар бойынша, Умм Хани Фахит бинт Абу Талиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:
Бірде мен, Мекке жаулап алған жылы Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келген кезімде, ол ғұсыл құйынып жатыр екен, оны бітірісімен ол сегіз ракаттты намаз оқыды, бұл жәй таң ертең болды (ад-духа). Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслим нұсқадарының бірінен қысқартылғаны берелеп тұр.
207 ТАРАУ
Қосымша таң ертеңгі намазды (духа намазын) күн найза бойына көтерілгеннен сәске түске дейін оқуға болатындығы, сондай-ақ ол намазды күннің көзі қыза түскен уақытта оқығанның жақсырақ
екендігі жайлы.
1143. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, бір адамдардың таң ертеңгілік қосымша намазды оқып жатқанын көріп, былай деді:
Расында, бұл намазды басқа уақытта оқудың жақсырақ екенін олар білді, өткені Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Тәубеге келушілердің намаздарының уақыты, боталар (табандарымен) қызуды сезіне бастаған уақытта кіреді”2, - деп айтқан. Муслим.
208 ТАРАУ
Мешітке сәлем намазын оқуға талпындыру, сондай-ақ мешітке кірген адам қай уақытта кіргеніне қарамастан мешітке сәлем намазы болсын, не парыз намаздарының бірі болсын, не қосымша намаз болсын екі
ракат намаз оқып болған соң ғана отыру керектігі жайлы.
1144. Хабар бойынша, Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден қайсысың мешітке кірсең екі ракат намаз оқымай отырмасын. Аль-Бухари, Муслим.
1145. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол мешітте болған уақытында келген кезімде ол маған: “Екі ракат намаз оқы”, - деді.
209 ТАРАУ
Дәрет алып болған соң екі ракат намаз оқығанның жақсы екендігі жайлы.
1146. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Биләлге: «Иә Биләл, маған айтшы, Исламда жасаған қайсы амалыңа сен көбірек үміт артасың, өткені, расында, мен Жәннәтта алдымнан сенің сандалыңның басқан жерлерінен шыққан тарсылды (дыбысты) естідім?», - деп сұрады. Жауап ретінде Биләл: «Күн мен түннің қай уақытында болмасын дәрет алсам сол дәретім бұзылмайынша маған міндеттелген намазды да оқитынмын, осы амалымнан артық, істегенімнің ешқайсысына көп үміт артпаймын», - деді. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде аль-Бухаридің нұсқасы беріліп тұр.
210 ТАРАУ
Жұманың қасиеті, жұма намазына қатынасудың парыз екендігі және жұма намазына ғұсыл құйынып келудің парыз екендігі, сондай-ақ ол намазға иіс май жағып ертерек келудің жақсырақ екендігі, сондай-ақ жұмада қандай дұғалар айту керектігі және бұл күні Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын қалай салауат айту керектігі, сондай-ақ қай уақытта дұғаға жауап берілетіндігі, сондай-ақ жұма намазынан кейін Аллаһты көбірек еске алып зікір ету керектігі жайында.
Аллаһ Тағала айтты:
«Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Аллаһтың мәрхеметінен несібе іздеңдер. Сондай-ақ Аллаһты көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар.» «Жұма» сүресі, 10 аят.
1147. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Күн көзінің көтерілген күнүндерінің ішіндегі жақсысы болып жұма саналады: бұл күні Адам жаратылған, бұл күні ол Жәннәқа кіргізілген және осы күні ол Жәннәттан шығарылған. Муслим.
1148. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімде-кім дұрыстап дәрет алып, сосын жұма намазына келіп тыныштық сақтап (мұқият) тыңдайтын болса, оның осы жұма мен өткен жұманың арасындағы және (кейінгі) үш күннің ішіндегі бүкіл жасаған кішігірім күнәләрі кешіріледі, ал тасты терушілер жайлы айтатын болсақ1, ол босқа отыр. Муслим.
1149. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Күнделікті оқылған бес уақыт намаз, әр-бір жұма намазына қатысу және әр-бір келесі Рамаданда ораза ұстау солардың арасындағы кішігірім күнәләрдің кешіріліуне себеп болады, әрине егер де олардың арасында ауыр күнәләр болмаса. Муслим.
1150. Хабар бойынша, Абу Хурайра мен Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ағаштан жасалған минберде тұрып былай деп айтқанын жеткізді:
Ант етемін, адамдар не жұма намазына қатыспауларын тоқтатады, не Аллаһ олардың жұректерін мөрлеп тастайды, сонда олар міндетті түрде елемеушілердің қатарында болады2. Муслим.
1151. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден кім жұма намазына келмекші болса, онда толығымен ғұсыл құйынсын. Аль-Бухари, Муслим.
1152. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Жұма күні ғұсыл құйыну әр-бір кәмілетке толған адамдар үшін парыз. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл жарде оның парызы, адамның өзінің досына: “Сенің құқығыңды қорғау мен үшін парыз”,- деген сияқты, оны орындау өз қалауында3 – ал Аллаһ бұл жөнінде жақсырақ біледі.
1153. Хабар бойынша, Самура, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адам жұмаға дәрет алса жақсы болады, ал егер кім ғұсыл құйынса одан да жақсы екенін білсін. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
1154. Хабар бойынша, Сальман (аль-Фариси), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адам жұма күні ғұсыл құйынып қолынан келгенше тазаланса, шаштарын майлап /не: …денесіне/ үйінде бар иіс майларын жағып, сосын жұма намазына барып, онда жанында отырғандарды итермелемей Аллаһ оған оқуға нәсіп еткен намаздарын оқыса, сондай-ақ имам сөйлеген кезде үндемей тыныш отыратын болса, онда оның осы жұма мен өткен жұмадағы күнәләрі кешіріледі. Аль-Бухари.
1155. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адам жүніп болған жағдайда қалай ғұсыл құйынады1, солай жұма күні ғұсыл құйынып, сосын мешіттегі намазға бірінші уақытында келген, (Аллаһқа) құрбандыққа түйе шалғанмен тең2, бұдан кейін келген құрбандыққа сыйыр шалғанмен тең, одан кейін келген құрбандыққа мүйізді қой шалғанмен тең, одан кейін келген құрбандыққа тауық шалғанмен тең, бұдан да кейін келген құрбандыққа жұмыртқа бергенмен тең болады, ал имам (минберге құтпа айтпаққа) шыққанда, періштелер имамның Аллаһты еске алуын тыңдауға келеді3. Аль-Бухари, Муслим.
1156. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жұманың қасиеттерін айтып отырып: “Жұма күні Аллаһтың, Өзінің Ислам дініндегі әрдайым Аллаһқа дұға жасап тұратын құлына міндетті түрде сұрағанына беретін бір уақыты бар”, - деп қолымен, ол уақыттың қысқа екендігіне нұсқайтын белгі көрсетті. Аль-Бухари, Муслим.
1157. Хабар бойынша, Абу Муса бин Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Абдуллаһ бин Омар, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, менен: “Сен әкеңнің, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөздерінен, жұманың сол уақыты туралы айтқанын естімедің бе?”, - деп сұрады. Мен: “Иә естігенмен, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол уақыт имам мінберге отырғаннан намаз аяқталғанша жалғасады”, - деп айтқанын естіген”, - деп жауап бердім. Муслим.
1158. Хабар бойынша, Аус бин Аус, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, жұма сендердің күндеріңнің ең жақсысының бірі саналады, сондықтан мен үшін көбірек дұға жасаңдар1, өйткені, расында, сендердің дұғаларың жайлы маған хабарланып отырады. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
211 ТАРАУ
Аллаһтың жәрдем жасағаны анық болған уақытта, не болмаса апаттан аман сақтап қалғанын анық сезген кезде,
Аллаһқа алғыс /не:…ризашылық/ ретінде сәжде жасау жайлы.
1159. Хабар бойынша, Саъид бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге Меккеден Мединаға шықтық, ал біз Азуарға2 жақындаған уақытымызда, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жылдамдатты, қолын көкке көтеріп біраз уақыт аралығында Аллаһқа дұға жасаумен болды, сосын ол сәжде жасап сол күйде көп уақыт жатты. Сосын тағы да қолын көкке көтеріп біраз уақыт аралығында Аллаһқа дұға жасаумен болды, сосын тағы да сәжде жасап сол күйде көп уақыт жатты. Осыны үш рет жасады да, сосын былай деді: “Расында, мен өзімнің Раббыма үмметім үшін дұға және шапағат жасап сұрадым да, Ол маған сұрағанымның үштен бірін сыйлады, сонда мен Раббыма алғыс ретінде сәжде жасап жығылдым. Сосын мен басымды көтеріп тағы да өзімнің Раббыма үмметім үшін дұға жасап сұрадым да, Ол маған сұрағанымның (және) үштен бірін сыйлады, сонда мен тағы Раббыма алғыс ретінде сәжде жасап жығылдым. Сосын мен басымды көтеріп тағы да өзімнің Раббыма үмметім үшін дұға жасап сұрадым да, Ол маған сұрағанымның (және) үштен бірін сыйлады, сонда мен тағы Раббыма алғыс ретінде сәжде жасап жығылдым”. Абу Дауд.3
212 ТАРАУ
Түнгі намазды оқығанның қасиеттері жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
«Түннен оянып өзіңе тән нәпіл (қосымша намаз) оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі» «Исра» сүресі, 79 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«Олардың жамбастары төсектерінен ажырап (түнде ұйқыдан тұрып), Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады…» «Сәжде» сүресі, 16 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді» «Зәриат» сүресі, 17 аят.
1160. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде ұзақ намаз оқитынын соншалық, оның өкшелері жарылып кететін, бірде мен одан: “Сен неге олай істейсің, Аллаһ сенің өткен және болашақтағы күнәләріңді кешпеп пе еді?”, - деп сұрадым. Ол маған: “Мен алғыс айтушы құл болуым керек емес пе?!”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим. Ол екеуі де мағынасы жағынан аль-Муғира бин Шуъба жеткізген бірдей хадис келтіреді.
1161. Хабар бойынша, Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде менімен Фатимаға келіп: “Сендер намаз оқып жатқан жоқсыңдар ма не?”, - деп сұрады. Аль-Бухари, Муслим.
1162. Хабар бойынша, Салим бин Абдуллаһ бин Омар бин аль-Хаттаб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Абдуллаһ – тамаша адам, бірақ түндерде намаз оқыса (одан да) жақсы болар еді”, - деді.
Салим сөзін былай жалғастырды:
Осыдан кейін Абдуллаһ түнде аз ұйықтайтын болды. Аль-Бухари, Муслим.
1163. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деп айтқанын жеткізді:
Иә Абдуллаһ, түндерде намаз оқып, сосын онысын қойғандар сияқты болма. Аль-Бухари, Муслим.
1164. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Пайғамбардың көзінше бір адам туралы біреу: “Ол таң атқанша ұйықтады”, - деп айтты. Бұны естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын: “Оның құлағына шайтан зәрін төкті”, - деп айтты. Аль-Бухари, Муслим.
1165. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден кез-келгенің ұйқтағанда, шайтан оның желкесіне үш түйін тйіп, әр қайсысына: “Сенің түнің ұзақ болады, ұйықта!”, - деп соғады. Егер адам оянып Аллаһты еске алса, онда бір түйіні шешіледі, ал егер дәрет алса, екінші түйіні шешіледі, ал егер намаз оқыса, онда үшінші түйіні шешіледі де, адам таңертең жақсы көңіл-күйде оянады, ал олай істемесе, онда көңіл күйі нашар болып, шаршап әлсіздік сезінген күйде оянады. Аль-Бухари, Муслим.
1166. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Сәләм, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Иә адамдар, сәлем таратыңдар, басқаларды тамақтандырыңдар, басқалар ұйықтап жатқан кезде, түнде намаз оқыңдар, сонда жәннәтқа бейбіт кіресіңдер. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
1167. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Рамаданнан кейінгі оразаға жақсы ай, Аллаһтың мухаррам айы саналады, ал парыз намазынан кейнгі жақсы намаз болып түнгі намаз саналады. Муслим.
1168. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Түнгі намаздың ракат сандары жұп болуы керек, егер сен жақын арада таң атып қалады деп қауіптенсең, онда намазыңды бір ракатпен аяқта. Аль-Бухари, Муслим.
1169. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнгі намаздарының ракат сандары әрдайым жұп болатын да, ал соңын бір ракатпен аяқтайтын. Аль-Бухари, Муслим.
1170. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Кейбір айларда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көп уақыт ораза ұстамағаны соншалық, біздің енді ол осы айда ораза ұстамайтын шығар деген ойға келген кездеріміз болатын1, ал кейбір кездері оның ұзақ ораза ұстағаны соншалық, ол енді аузын бұл айда ашпайтын шығар деп те ойлаған кездеріміз болатын. Сондай-ақ егер сен оны түнде намаз оқып жатқан күйде көргің келсе, оны түнгі намаз оқып жатқан күйде көре алатынсың, егер де оны ұйықтап жатқан күйде көргің келсе, оны ұйықтап жатқан күйде көре алатынсың. Аль-Бухари.
1171. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнгі намазды он бір ракат оқитын. Сонда оның сәждесінің ұзақтығы сендердің елу аят оқитын уақыт аралығындай созылатын да, содан кейін ғана ол басын жерден көтеретін. Сондай-ақ ол таң намазының парызының алдында екі ракат қосымша намаз оқып, сосын азаншы намаздың басталғанын хабарлап (қамат түсіргенше) оң бүйіріне жатып алатын. Аль-Бухари, Муслим.
1172. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Рамадан айында болсын, не басқа айларда болсын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнгі намаздағы ракат сандарын он бірден асырмайтын. Алдымен ол төрт ракатын орындайтын, ал сен болсаң олардың ғажаптығы мен ұзақтығы жайлы менен сұрама, сосын төрт ракатын орындайтын, олар жайлы да менен олардың ғажаптығы мен ұзақтығы жайлы сұрама, осыдан кейін және үш ракатын орындайтын. Бірде мен одан: “Иә Аллаһтың елшісі, үтір намазының алдында сен ұйықтайсың ба?”, - деп сұрадым. Ол маған: “Иә Айша, менің көзім ұйықтайды да, ал жүрегім ұйықтамайды!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1173. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түннің басында ұйықтайтын да, соңында намаз оқуға тұратын. Аль-Бухари, Муслим.
1174. Хабар бойынша, бірде Ибн Масъудтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
«Бірде мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде бірге (нафіл) намаз оқығанымда, оның (көп) тұрғаны соншалық, мен бір жағымсыз іс жасай жаздадым». Адамдар одан: “Ол жасай жаздағаның ісің не?”, – деп сұрады. Оларға ол: “Менің оны қалдырып отыра кеткім келді”, – деп жауап берді. Аль-Бухари. Муслим.
1175. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жазғышы ретінде танымал болған, Абу Хузайфа бин аль-Йаман аль-Ансари, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:
Бірде мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде бірге (нафіл) намаз оқыдым. Сонда ол (намаздың бірінші ракағатында) “Бақара” сүресін оқи бастады. Мен өз-өзіме: “Ол (осы сүренің) жүз аятын оқып рукуғқа барады”, – дедім, бірақ ол одан кейін де оқуын жалғастыра берді. Сонда мен өзіме: “Ол (сүрені) (намаздың бірінші ракағатында) толығымен оқып шығады», - дедім. Сосын мен өзіме: «Оны оқып бітірісімен рукуғ жасайды», – деп тұрғанымды, ол «Ниса» сүресін оқып бастап оны толығымен оқып шықты, сосын Аль-Имран» сүресін оқуға кірісті де, оны да толығымен әр әріпін шығарып мәнерлеп оқып бітірді. Сол кезде ол аяттың ішінде Аллаһты мақтау туралы сөздерді оқығанда, ол Аллаһты мақтады, ол аяттың ішінде Аллаһқа дұға жасау туралу аятты оқығанда, дұға жасады, ал Аллаһтан пана сұрау жайлы аятты оқығанда, ол Аллаһтан пана сұрады, содан соң ол иіліп рукуғқа кетті. Сол кезде: «Менің Ұлы Раббым кемшілік атаулыдан пәк!» /Субхана Раббиль-Азым!/ - деп айта бастады да, оның рукуғы, қыям кезінде қанша тұрса сонша уақытты алды. Сосын ол: «Аллаһ Тағала Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естиді. Раббым саған мақтау!» /Сами Аллаһу лиман хамидаһ. Раббана уалакль-хамд!/, - деп бойын түзеді де, осы күйде рукуғта қанша болса, соншама уақыт аралығында тұрды. Ал сосын ол: «Аса Жоғары Раббым пәк!» /Субхана Роббиль Аъля!/ - деп сәждеге жығылды да, сол қалпында, тік тұрған кезінде қаншама уақыт өткізсе, соншама уақыт болды. Муслим.
1176. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қай намаз ең жақсы саналады?”, - деп сұрағанда, ол: “Адам оны оқығанда ең ұзақ тұратыны”, - деді. Муслим.
1177. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ үшін ең жақсы намаз болып Дауд (пайғамбардың) намазы саналады және Аллаһ үшін ең жақсы ораза болып Дауд (пайғамбардың) оразасы саналады. Ол намазды түннің жартысын ұйықтап, сосын үштен бірін намазбен өткізетін, ал оразаны күнәрә ұстайтын. Аль-Бухари, Муслим.
1178. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: “Расында, түнде сондай бір уақыт бар, сол уақытта Аллаһ Тағаланың Ислам дініндегі құлы, Одан осы дүниенің не мәңгілік дүниенің игіліктерінің бірін сұрап дұға жасаса, ол адамға міндетті түрде сұрағанын береді және бұл (сәт, не уақыт) әр түнде болады”. Муслим.
1179. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден кім түнде намаз оқуға тұрса, онда намазын екі жеңіл ракат оқумен бастасын. Муслим.
1180. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде намазға тұрған уақытында, намаз оқуын жеңіл екі ракаттан бастайтын. Муслим.
1181. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, егер де түнгі намазын ауырып, не болмаса басқа да жағдайлармен (оқымай) өткізіп алған болса, онда күндіз он екі ракат намаз оқитын. Муслим.
1182. Хабар бойынша, Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адам Құраннан күнделікті түнде оқитынын, не болмаса оқитынының бөлігін оқымай ұйықтап қалса, ал сосын таң намазы мен бесін намазының арасында оқымағанының орнын толтырса, онда ол түнде оқығанның есебінде болады1. Муслим.
1183. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Түнде тұрып намаз оқып, сосын әйелін намаз оқуға оятқан, ал егер әйелі намаз оқуға тұрмаса бетіне су сепкен еркеті Аллаһ Тағала рахым етсін! Түнде тұрып намаз оқып, сосын ерін намаз оқуға оятқан, ал егер ері намаз оқуға тұрмаса бетіне су сепкен әйелді Аллаһ Тағала рахым етсін! Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1184. Хабар бойынша, Абу Хурайра және Абу Саъид, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер адам түнде өзінің әйелін оятып, сосын бірге намаз оқыса /не: …онымен бірге екі ракат намаз оқыса/, олар Аллаһты еске алушы еркектер мен әйелдердің қатарында жазылады. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1185. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер сендерден қайсысың түнгі намаз уақытында қалғи бастасаң, онда тыныққанша жатып ұйықтап алсын, өйткені, расында, егер ол қалғып отырып намаз оқитын болса, онда ол Аллаһтан кешірім сұраудың орнына өзіне қарғыс айтуы мүмкін. Аль-Бухари, Муслим.
1186. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер сендерден кім түнде тұрып, оған Құран оқу қиын болғаны анықталып, ал өзі не айтып жатқанын түсінбесе, онда тағы да ұйықтап алуға жатсын. Муслим.
213 ТАРАУ
Рамадан кезінде қосымша түнгі намаздарды оқу жайында.
1187. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім Рамадан кезінде Аллаһтың сауабынан үміт етіп және сенім артып намаз оқыса оның алдыңғы күнәләрі кешіріледі. Аль-Бухари, Муслим.
1188. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарды Рамадан кезінде қосмша түнгі намаздарды оқуға талпындыратын, бірақта оны қатаң бұйырмай тек: “Кім Рамадан кезінде Аллаһтың сауабынан үміт етіп және сенім артып түнде намаз оқыса, оның алдыңғы күнәләрі кешіріледі”, - дейтін. Аль-Бухари, Муслим.
214 ТАРАУ
Қадір түнінде намаз оқудың қасиеті және оның Рамаданның қай түні болу мүмкіндігі көбірек екендігі жайлы түсінік.
Аллаһ Тағала айтты:
«Негізінде Құранды Қадір түнінде тұсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан қадірлі. Періштелер мен Жебірейіл ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші таң рауандағанға дейін жалғасады» «Қадір» сүресі, 1-5 аяттар.
Аллаһ Тағала айтты:
«Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында, біз ескертушіміз. Ол кеште барлық хикметті істер айырылады. Бұл Өз жанымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз» «Дұхан» сүресі, 3-5 аяттар.
1189. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім Қадір түнін, Аллаһтың сауабынан үміт етіп және оған сенім артып намазбен өткізсе, оның алдыңғы күнәләрі кешіріледі. Аль-Бухари, Муслим.
1190. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан бірнешеуіне бір мезгілде түстеріне, Қадір түні Рамадан айының соңғы жеті түндерінің бірінде түсетіндігі жайлы аян келеді, расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын: “Мен сендердің түстеріңдегі (аянның) Рамаданның соңғы жеті түніне тірелетінін көріп тұрмын, сондықтан кім Қадір түнінің түсуін күтсе оны Рамаданның соңғы жеті түнінің ішінде күтсін”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1191. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Рамаданның соңғы он күнін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үздіксіз мешітте өткізетін және ол: “Қадір түнін Рамаданның соңғы он түнінің ішінде күтіңдер”, - дейтін. Аль-Бухари, Муслим.
1192. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Қадір түнін Рамаданның соңғы он күнінің ішндегі тақ күндерінің бірінде күтіңдер. Аль-Бухари.
1193. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Рамаданның соңғы он күні болған кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, түндерді намазбен өткзіп жанұя мүшелерін оятатын, құлшылықта ерекше ынталық танытатын және изарын бекем байлайтын. Аль-Бухари, Муслим.
1194. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Рамаданда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, басқа айларға қарағанда құлшылықта көбірек ынталық білдіретін, ал Рамаданның соңғы он күнінде Рамаданның басқа күндеріне қарағанда құлшылықтағы ынталылығын одан да көбейте түсетін. Муслим.
1195. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен: “Иә Аллаһтың елшісі, егер мен Қадір түнінің түскенін білсем, не айтуым керек?”, - деп сұрадым. Ол былай деп айт деді : “Иә Аллаһ, расында, Сен - Кешірушісің, Сен кешіргенді жақсы көресің, кешір мені!” /Аллаһумма, иннәкә ъАфуан тухиббуль ъафуа, фаъфуанни!/ Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
215 ТАРАУ
Тіс тазалағышты (мисуақ) қолдану және табиғатынан айқын нәрселер жайлы.
1196. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер менің үмметіме ауыр болады деп ойламасам еді, онда әр намаздың алдында тістерін тазалауды міндетті түрде бұйырар едім. Аль-Бухари, Муслим.
1197. Хабар бойынша, Абу Хузейфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұйқысынан тұрғанда, ол әрдайым аузын тіс тазалағышпен тазалайтын. Аль-Бухари, Муслим.
1198. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте біз Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тіс тазалағыш пен дәрет алуға су дайындайтынбыз, ал Аллаһ оны Өзінің қалаған уақытында ұйқысынан оятатын да, ол сол тіс тазалағышты қолданып тісін тазалап, дәрет алып намаз оқуға кірісетін. Муслим.
1199. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Мен сендерге тіз тазалағышты қолдану жайлы көп айтқанмын. Аль-Бухари.
1200. Хабар бойынша, Шурайх бин Хани былай деді:
Бірде мен Айшадан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте ең алдымен үйге кірісімен не істеуші еді”, - деп сұрадым. Ол: “Ол ең алдымен тіс тазалағышты алатын”, - деді. Муслим.
1201. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кіргенімде оның аузынан тіс тазалағыштың ұшын байқадым. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп отыр.
1202. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Тіс тазалағыш ауыз тазалау үшін қолданылады және Алаһқа ұнайтын іс болып табылады. Бұл хадисті сенімді иснадпен ан-Насаъи және Ибн Хузайма өзінің “Сахихінде” келтіреді.
1203. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Табиғатында үйреншікті болып бес нәрсе саналады: сүндеттеу (баланы сүндеттеу), шатты қыру, тырнақты алу, қолтықтың қылын жұлу және мұртты басу. Аль-Бухари, Муслим.
1204. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Табиғатында үйреншікті болып он нәрсе саналады: мұрт басу, сақал өсіру, тіс тазалығышты қолдану, мұрынға су жіберіп (сіңбіру), мұрт басу, бармақтардың арасын жуу, қолтықтың қылын жұлу, шатты қыру және әжеттенгенде сумен жуу.
Хадисті жеткізушілердің бірі былай деді:
Мен оныншы нәрсені ұмытып қалдым, дегенмен әңгіме ауызды сумен шайу жайында болды деп ойлаймын. Муслим.
1205. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Мұрттарыңды басыңдар және сақалдарыңды өсіріңдер (жіберіңдер). Аль-Бухари, Муслим.
216 ТАРАУ
Зекеттің парыз екендігін растау жайлы,
оның және оған қатысы бар заттардың қасиеттерін түсіндіру.
Аллаһ Тағала айтты:
«Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер…» «Бақара» сүресі, 43 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«Олар; ғибадатты нағыз Аллаһқа шынайы ынтамен бір беткей тура орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген, міне осы туп-тура дін» «Бәййна» сүресі, 5 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«Олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің…» «Тәубе» сүресі, 103 аят.
1206. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ислам бес дңігектен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі, деп куәлік беру, намаз оқу, зекет төлеу, Аллаһтың үйіне Қажылыққа бару және Рамадан айында ораза ұстау. Аль-Бухари, Муслим.
1207. Хабар бойынша, Тальха ибн Убайдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын Недждан шашы жалбыраған бір адам келді. Біз оның даусын естіген болатынбыз, бірақ оның не деп жатқанын ол Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жақындағанша түсінбедік, сөйтсек ол Ислам жайлы сұрап жатыр екен. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Күн мен түннің ішінде бес уақыт намаз орындау, парыз болып саналады», - деді. Ол: «Ал мен бұдан артық намаз оқуым керек пе?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жоқ, тек сен өзің ғана қосымша намаз (қосып) оқығың келмесе», - деп жауап берді. Сосын Пайғамбар, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын: «Рамадан айында ораза ұстау, парыз болып саналады», - деді. Ол: «Ал мен бұдан артық ораза ұстауым керек пе?», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жоқ, тек сен өзің қосымша ораза (қосып) ұстағың келмесе», - деп жауап берді.
Тальха сөзін былай жалғастырды:
Сосын Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, зекет беру керектігі жайлы айтты. Ол: «Мен бұдан артық зекет беруім керек пе?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жоқ, тек сен өзің оны қаламасаң», - деді. Осыдан кейін ол адам бұрылып шығатын жаққа қарай жүріп бара жатып: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен бұған еш нәрсені қоспаймын да, бұдан еш нәрсені алып тастамаймын», - деді, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер ол шын ықыласымен айтып тұрса, табысқа кенеледі!1», - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1208. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіің, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, Муъазды Иеменге жіберіп жатып былай дегенін жеткізді:
Оларды, Аллаһтан басқа құдай жоқ және мені Аллаһтың елшісі, деп куәлік беруге шақыр, егер олар бұған бағынса, онда Аллаһтың оларға бес уақыт намаз оқуды бұйырғандағын хабарла, егер олар бұған да бағынса, онда Аллаһ оларға, араларындағы байларының кедейлеріне садақа берулерін бұйырғанын, хабарла. Аль-Бухари, Муслим.
1209 Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Маған адамдармен олар, Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллһтың елшісі, деп куәлік бергенше, сондай-ақ намаз оқып зекет төлегенше, күресу әмірленді, ал егер олар осылардың бәрін орындаса, онда менен, бұдан былай тек Исламның хақысымен ғана алына алатын, өмірлері мен дүниелерін қорғап қалады, сол кезде олардан есебті тек қана Аллаһ талап ете алады. Аль-Бухари, Муслим.
1210. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл дүниеден кеткен кезде, Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, халиф болды, сол кезде арабтардан кейбіреулері күпірлікке қайта оралды, сонда Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, одан: «Сен бұл адамдармен қалайша соғыспақсың1, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Маған адамдармен олар, Аллаһтан басқа құдай жоқ, деп куәлік бергенше күресу әмірленді, ал егер осы сөздерді айтса, сондай-ақ дүниесі мен мүлкіне хақылы түрде алып қоя алатындай (күнәлі) іс жасмаса, онда менен өмірлері мен дүниелерін қорғап қалады, сол кезде олардан есебті тек қана Аллаһ талап ете алады”, - деп айтты ғой!”, - деді. Бұған Абу Бакр, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһтың атымен ант етемін, мен зекетті намаздан бөлектегендермен міндетті түрде соғысамын, неге десең дүниеден зекет алу парыз! Аллаһтың атымен ант етемін, егер олар Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, беріп жүрген түйенің тұсауын беруден бас тартса, онда мен сол үшін де соғысамын!”, - деп жауап берді. Сонда Омар: “Аллаһтың атымен ант етемін, Абу Бакрдің олармен соғысамын деп қабылдаған шешімін жүрегіне жеткізген Аллаһтан басқа ешкім емес, менің де ол шешімнің дұрыс екендігіне көзім жетті!” аль-Бухари, Муслим.
1211. Хабар бойынша, Абу Аййуб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам Пайғамбардан: «Маған Жәннәтқа кіруіме көмектесетін амал үйретші», - деді. Сонда Ол: «Аллаһқа ғана құлшылық етіп одан басқа ешкімге құлшылық етпе, намаз оқы, зекет төле және туысқандық қарым-қатынасты ұстан», - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1212. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір бәдәуи келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, маған егер оны орындасам Жәннәтқа кіретін амал айтшы», - деді. Оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһқа ешкімді ортақ қоспай құлшылық ет, намаз оқы, парыз зекетіңді төле және Рамаданда ораза ұста», - деп жауап берді. Бәдәуи: «Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, мен бұған еш нәрсе қоспаймын!», - деді. Сосын ол бұрылып кетпекші болып жатқан кезде, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кімге Жәннәт тұрғындарына қарау, (көзін) қуандыратын болса, онда ол, осы бәдәуиге қарасын», - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1213. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намаз оқимын, зекет төлеймін және әр бір мұсылманға ықыласты боламын, деп ант бердім. Аль-Бухари, Мулим.
1214. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Ахірет күні дүниесінен тиістісін бермеген алтын мен күміс иелері, иеленген күміс және алтындарынан жасалған от тіліктер арқылы азапталады, тіліктерді Тозақтың отында қыздырып, сосын онымен оның алды мен артын және екі бүйірін күйдіріп басады, ал олар суығанда соның бәрі, құлдарға жүргізілетін Сот аяқталып адамға оның Жәннәтқа не Тозаққа баратын жолы көрсетілгенше, ұзақтығы елу мың жылға татитын Ахіреттің күнінде қайталанып отырады».
Одан: «Иә Аллаһтың елшісі, ал түйелер жайлы не айтасың?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кез келген түйе иемденуші, дүниесінен тиістісін бермесе және сол берілетіндердің тиістісі саналатын түйелердің су ішуге келген күнінің сауылымын бермесе,1 Ахірет күні сол түйелерінің алдында жазық шөлдің үстінде етпетінен жатқызылады, ол кезде түйелері осы дүниедегісінен анағұрлым ірі екендігі анықталады, сосын олардың бәрі емшектен ажыратылған ботасына дейін, оны аяқтарымен басып, тістерімен тістейді, олардың артқысы өтіп болысымен алындағыларын қайтадан қайтарып, ал олар болса істегендерін қайталайды, осының бәрі, құлдарға жүргізілетін Сот аяқталып адамға оның Жәннәтқа не Тозаққа баратын жолы көрсетілгенше, ұзақтығы елу мың жылға татитын Ахіреттің күнінде қайталанып отырады», - деді.
Одан және: «Иә Аллаһтың елшісі, ал сиырлар мен қойлар жайлы не айтасың?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кез келген сиыр мен қой иемденуші, дүниесінен тиістісін бермесе, Ахірет күні сол сиырлары мен қойларының алдында жазық шөлдің үстінде етпетінен жатқызылады, сол кезде олардың бәрі қисық мүйіздісі, мүйіссізі және үшкір мүйіздісіне дейін бәрі оны сүзіп тұяқтарымен таптайды, олардың артқысы өтіп болысымен алындағыларын қайтадан қайтарып, ал олар болса істегендерін қайталайды, осының бәрі, құлдарға жүргізілетін Сот аяқталып адамға оның Жәннәтқа не Тозаққа баратын жолы көрсетілгенше, ұзақтығы елу мың жылға татитын Ахіреттің күнінде қайталанып отырады», - деді.
Одан және: «Иә Аллаһтың елшісі, ал жылқылар жайлы не айтасың?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жылқылардың үш түрі болады: олар адамға ауыртпалық2 әкелуі мүмкін, сондай-ақ олар қорған болуы мүмкін3, сондай-ақ олар сауап әкелуі мүмкін. Кімге ауыртпалық әкелетіндігі жайлы айтатын болсақ, ол жылқыларды мақтан үшін, тәкәппарлықтан ұстағандар не болмаса Ислам дініндегі адамдармен соғысу үшін ұстағандар: олар үшін ауыртпалық әкеледі. Ал кімге қорған болатындығы жайлы айтатын болсақ, ол жылқыларын Аллаһ жолында ұстап, олардың мойны мен арқасына қатысытысын4 беріп отырғандар, мінеки осындайға ол қорған болады. Ал кімге сауаб әкелетіндігі жайлы айтатын болсақ, ол жылқыларын Аллаһ жолында тоғай мен бақшаларда баққандар, ал оның сауабы жылқының тоғай мен бақшаларда жеген шөбіне тең болады, ал жылқа қанша қи тастап, несеп төксе оның иесіне, сонша жақсы амал жазылады, сондай-ақ егер ол өзінің жібін үзіп бір екі рет шауып өтсе, онда Аллаһ міндетті түрде оның басқан ізі мен тастаған қиы үшін иесіне жақсы амалдар жазады, ал егер де жылқының иесі жылқысын өзеннің жанынан алып өтіп, жылқы одан шөлін қандырып ішсе, ол адам жылқысын суғару ойында болмаса да, Аллаһ оған міндетті түрде жылқының ішкен суы қанша болса, сонша жақсы амалдар жазады».
Одан: «Иә Аллаһтың елшісі, ал есектер жайлы не айтасың?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Маған олар жайлы, ерекше әрі барлық іске қатысы бар мына аятты айтпағанда, ешқандай аян келмеді: «Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді1», - деді.
217 ТАРАУ
Рамадан айында ораза ұстаудың парыз екендігі және ораза мен оған қатысы бардың қасиеттері жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
«Әй мүминдер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар. Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіндер (ораза ұстаулары ауыр болған адамдар, мысалы, кәрі не аурулар), бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып, артық хайыр қылса, ол өзіне жақсы. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы. Рамадан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамадан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Әрі Аллаһты ұлықтаңдар» «Бақара» сүресі, 183-185 аятттар.
Бұл тарауға қатысты хадистер жайлы айтатын болсақ, олардың бөлігі бұның алдындағы тарауларда келтірілді.
1215. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ұлы Аллаһ Тағала айтты: Адам баласы оразадан басқа кез-келген амалын өзі үшін орындайды, ал Ораза - Мен үшін және оның сауабын Өзім беремін.
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және былай деді:
Ораза қалқан саналады, сендерден кім ораза ұстаса, ол күні өзін барлық әдепсіздіктен сақтасын және даусын көтермесін, егер оны біреу ұрысса немесе онымен таласқысы келсе, ол адамға: «Расында, мен ораза ұстаушы адаммын!», - деп айтсын. Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, ораза ұстаушының аузынан шыққан иіс, Аллаһ үшін иіс майдың жұпар иісінен де тәтті, ал ораза ұстаушының екі қуанышы бар: ол өзінің аузын ашқанда қуанады және өзінің Раббын кездестргенде ораза ұстағанына (тағы да) қуанады. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл жерде аль-Бухаридің нұсқасы беріліп тұр, ал бұл хадистің аль-Бухари келтірген тағы бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ Тағаланың былай деп айтқанын хабарлағаны, келтіріледі:
Ол тамақтан, судан және ләззәттанудан Мен үшін бас тартады. Ораза мен үшін ұсталады және ол үшін Мен сауабтаймын, ал игілікті істердің сауабы он есе беріледі.
Ал бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
Адам баласының әр-бір амалы көбейтіледі, игілікті амалдың сауабы кем дегенде он есеге көбейтіледі, сондай-ақ ол жеті жүзге дейін көбейтілуі мүмкін. Аллаһ Тағала айтты: «Бұған ораза кірмейді, өйткені, расында, ораза Мен үшін ұсталады және оның саубын Өзім беремін, өйткені адам Мен үшін өзінің тамағы мен ләззәттанудан бас тартады! Ораза ұстаушыны екі қуаныш күтіп тұр: бірі аузын ашқанда, ал екіншісі - өзінң Раббымен кездескенде, сондай-ақ, расында, ораза ұстаушының аузынан шыққан иіс Аллаһ үшін иіс майдың жұпар иісінен де ұнамды!»
1216. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ жолында екі затын жұмсағанды1 Жәннәттің қақпаларынан: «Иә Аллаһтың құлы! Бұл – игілік!», - деп шақырады. Сондай-ақ намаз оқығанды намаз қақпасы арқылы шақырады, жихадта болғанды жихад қақпасы арқылы шақырады, ораза ұстағандарды «Ар-Райан» қақпасы арқылы шақырады, ал садақа бергенді садақа қақпасы арқылы шақырады. Бұны естіген Абу Бакр, оған Аллаһтың рзашылығы болсын: «Менің әкем мен шешем сенің төлемің болғыр, иә Аллаһтың елшісі! Бұл қақпалардан шақырылған еш нәрсеге мұқтаж болмайды, дегенмен осы қақпалардың бәрінен шақырылатындар табылар ма екен?», - деп сұрады. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә (ондайлар болады) және сені, солардың арасында болады, деген үмітім бар», - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1217. Хабар бойынша, Сахля бин Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, Жәннәтта «Ар-Райан», деген қақпа бар, олар арқылы Ахіретте ораза ұстағандар кіреді де, ол арқылы басқа ешкім кірмейді. Сонда: «Ораза ұстағандар қайда?», - делінеді де, олар алдыға шығады, ал олардан басқа ол қақпа арқылы ешкім кірмейді. Олар өтіп болған соң ол қақпа жабылады да, одан кейін ол арқылы ешкім кірмейді. Аль-Бухари, Муслим.
1218. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ жолында ораза ұстағанның жүзін, Аллаһ міндетті түрде, сол күн үшін, Отты жетпіс мың жылдық жерге алыстатады. Аль-Бухари, Муслим.
1219. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Рамаданда Аллаһтың сауабынан үміттеніп және оған сеніп ораза ұстағанның, өткен күнәләрі кешіріледі. Аль-Бухари, Муслим.
1220. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Рамадан кіргенде Жәннәт есіктері ашылып, Тозақ есіктері жабылады, ал шайтандар кісенделеді. Аль-Бухари, Муслим.
1221. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Оны көріп ораза ұстауды бастаңдар1 және оны көріп ораза ұстауды тоқтатыңдар, егер ол сендерге көрінбесе (не сендерден таса болса), онда шағбанды отыз күнге толтырыңдар. Аль-Бухари, Муслим.
Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
…егер күн бұлтты болса, онда отыз күн ораза ұстаңдар.
218 ТАРАУ
Рамадан айында, әсіресе ол айдың соңғы он күнінде жомарттық таныту, Шариғаттың бүкіл қолдаған амалдарын көбірек жасау және игі істерді көбірек істеу жайлы.
1222. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардың ішіндегі ең жомарты болатын, ал жомарттықты онымен Жебірейіл кездескенде, (яғни) Рамадан айында ерекше танытатын. Рамадан кезінде Жебірейіл онымен әр түні кездесіп Құран оқып тексеретін2, сондай-ақ, расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Жебірейілмен кездескенде игі істерге, еркін желден3 де артық жомарт болатын. Аль-Бухари, Муслим.
1223. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Рамаданның соңғы он күні болған кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түндерді намазбен өткзіп жанұя мүшелерін оятатын, құлшылықта ерекше ынталық танытатын және изарын бекем байлайтын. Аль-Бухари, Муслим.
219 ТАРАУ
Бастаған оразасын ұстаушылардан басқа1 не болмаса әрдайым бейсенбі дүйсенбі күндері ораза ұстауды әдет қылушылардан басқа ешкімге шағбанның бірінші жартысынан кейін Рамаданды ораза ұстап қарсы алуға болмайтындығы жайында.
1224. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден ешкім өзінің әдетте ұстайтын оразасы болмаса Рамаданның алдында екі күн бұрын не бір күн бұрын ораза ұстамасын, ал (егер әрдайым ұстайтын оразасы болса), онда оны ұстасын. Аль-Бухари, Муслим.
1225. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Рамадан кіргенше ораза ұстамаңдар, бірақ оны көріп2 ораза тұтуды бастаңдар және оны көріп ораза тұтуды тоқтатыңдар, егер аспан бұлтты болса, онда оразаны отыз күн ұстаңдар. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
1226. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Шағбанның жартысы қалғанда ораза тұтпаңдар. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
1227. Хабар бойынша, Абул Йакзан Аммар бин Йасир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Күмән тудыратын күні ораза тұтқан, Абуль-Қасымның, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқанын орындамаған болып табылады3. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
220 ТАРАУ
Жаңа туған айды көргенде не деу керектігі жайлы.
1228. Хабар бойынша, Тальха бин Убайдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әдетте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, туған айды көргенде былай дейтін: «Иә Аллаһ оны бізге қауып-қатерсіз, иманды, саламатты және Ислам айы ете гөр! Иә игілік пен тура жолмен жүруші ай, менің де Раббым және сенің де Раббың – Аллаһ! /Аллаһумма, ахилләһу ъалейна биль-амни, уал-имани, уас-саламати уаль-ислами!/1» Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
221 ТАРАУ
Тамақ ішуді және ауыз бекітуді таң арайланғанша созудың қасиеттері жайлы.
1229. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Таң ағарардың алдында жеңдер, өйткені ауыз бекітетін уақытта береке бар. Аль-Бухари, Муслим.
1230. Хабар бойынша, Зайд бин Сабит, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге Рамаданда таң ағарардың алдында тамақ іштік те, сосын намазға тұрдық. Сонда Зайдтан, оған Аллаһтың ризышылығы болсын: «Олардың арасында қанша уақыт өтті2?», - деп сұрағанда, ол: «(Құраннан) елу аят оқырлық уақыт», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.
1231. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын Биләль және Ибн Умм Мактум атты екі азаншысы болатын, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Биләль азанды түнде айтады, ал сендер азанды Ибн Умм Мактум айтқанша, тамақ жеп ішуді жалғастыра беріңдер», - дейтін.
Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығ болсын, былай деді:
Екі азанның арасын, бірі түсіп екіншісі көтерлгенше дейін өтетін уақыт қана бөлетін3. Аль-Бухари, Муслим.
1232. Хабар бойынша, Амр Бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Таң ағарудың алдындағы ас, біз бен кітап иелерінің арасындағы оразаның айырмашылығы1. Муслим.
222 ТАРАУ
Ауыз ашуға мүмкіншілігінше ертерек кірісудің қасиеті және ауызды немен ашудың және ауыз ашқан соң қандай дұға айту керектігі жайында.
1233. Хабар бойынша, Сахл бин Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Адамдар ауыз ашуға асыққанын тоқтатпайынша инілікпен рахаттануларынан айырылмайды. Аль-Бухари, Муслим.
1234. Хабар бойынша, Абу Атыйа былай деді:
Бірде біз Масрук екеуіміз Айшаға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келіп, былай дедік: «Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан екі адам бар. Олар екуі де игілікті істерде еш нәрсені мүлт жібермейді, бірақ олардың бірі ауыз ашу мен ақшам намазын оқуды неғұрлым тез орындауға асығады, ал екіншісі болса намазы мен ауыз ашуды бастауын созады». Айша: «Кім ауыз ашу мен намаз оқуын тезірек бастауды қалайды?», - деп сұрады. Масрук: «Абдуллаһ», - деді Ибн Масъуд, сонда (Айша): «Аллаһтың елшісі де, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, солай істейтін», - деді. Муслим.
1235. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ұлы Аллаһ Тағала айтты: Бәрінен ерте ауыз ашуға кірісушілер, Мен үшін құлдарымның ішіндегі ең сүйіктілерім болып табылады. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.
1236. Хабар бойынша, Омар Бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Мына жақтан түн түскенде, мына жақтан күн кетіп батқанда, ораза ұстаушыға ауыз ашу керек. Аль-Бухари, Муслим.
1237. Хабар бойынша, Абу Ибраһим Абдуллаһ бин Абу Ауф, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде біз, Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге сапарда болдық, (сол сапарда) оның аузы ораза болатын. Күн батқан кезде ол бір адамға: «Иә пәленше, тезірек біз үшін асты араластыр2», - деді. Ол адам: «Иә Аллаһтың елшісі, сен үшін кешке дейін күткен жақсы емес пе?», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (және): «Иә пәленше, тезірек біз үшін асты араластыр», - деді. Ол адам: «Иә Аллаһтың елшісі, сен күні бойы ораза ұстауың керек емес пе?», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үшінші рет: «Иә пәленше, тезірек біз үшін асты араластыр», - дегенде ғана, ол адам тезінен олар үшін асты араластырды, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты жеп, сосын: «Мына жақтан түннің келе жатқанын көрсеңдер, ораза тұтушы аузын ашу керек», - деп саусағымен күн шығысты көрсетті. Аль-Бухари, Муслим.
1238. Хабар бойынша, Сальман бин Амир ад-Дааби, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден кім аузын ашатын болса, аузын құрмамен ашсын, ал егер құрма таппаса, онда сумен ашсын, өйткені, расында ол тазартады. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
1239. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аузын намаз оқырдың алдында жаңа піскен құрмадан бірнешеуін жеп, ал жаңа піскен құрма болмаса, кептірілген құрманың үшеуін жеп, ал кептірілген құрма болмаса, бір екі жұтым су ішіп ашатын. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.
223 ТАРАУ
Ораза ұстаушыға өзінің тілін және басқа да дене мүшелерін бағынбаушылықтан тыйу, сондай-ақ барлық балағат және осыған ұқсас істерден бас тарту жайлы.
1240. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерден кім ораза тұтса, ол жаман сөздер айтпасын және даусын көтермесін, ал егер кімде-кім оны балағаттап ұрсысуға итермелесе, ондайға: «Расында, мен оразамын!», - десін. Аль-Бухари, Муслим.
1241. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ораза кезінде адам өтірік айтуын және өтірік істерін тоқтатпайтын болса, онда Аллаһқа, ондай адамның тамақ пен судан бас тартқанының керегі жоқ. Аль-Бухари.
224 ТАРАУ
Оразаға байланысты кейбір сұрақтар жайлы.
1242. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер кімде-кім ұмытып тамақ жеп, су ішіп қоятын болса, онда оразасын соңына дейін жеткізсін, өйткені оны тамақтандырып және сусындатқан Аллаһтың Өзі. Аль-Бухари, Муслим.
1243. Хабар бойынша, Ләқыт бин Сабыр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, маған қалай дәрет алу керек, (соны) үйретші», - дедім, - сонда ол: «Дәретті дұрыс ал, саусақтың араларын жақсылап жу және егер ораза болмасаң мұрныңа (су жіберіп) жақсылап жу1» Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
1244. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң ағаруын, әйелімен қосылып болған соң, (яғни) жүніп жағдайда қарсы алған болса, онда ғұсыл құйынып сосын ораза ұстайтын. Аль-Бухари, Муслим.
1245. Хабар бойынша, Айша мен Умм Салама екеуі, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ораза кезінде таң ертең (әйелімен қосылу салдарынан) жүніп жағдайда тұрғаны бірнеше рет кездескен, сонда ол оразасын (үзбей) жалғастыратын. Аль-Бухари, Муслим.
225 ТАРАУ
Мухаррам мен Шағбан және қасиетті
айларда ораза ұстаудың қасиеттерін түсіндіру жайлы.
1246. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Рамаданнан кейін ораза үшін жақсы ай болып Аллаһтың мухаррам айы саналады, ал намаздардаың ішіндегі парыз етілген намаздан кейінгі ең жақсысы болып түнде орындалғандары саналады. Муслим.
1247. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оразаны шағбан айында ұстағандай, басқа ешбір айда ұстамайтын, кей-кездері шағбан айын толығымен ораза ұстап өткізетін2.
Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығ болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
…әдетте ол шағбанның кіші бөлігінен басқасын, оразамен өткізетін. Аль-Бухари, Муслим.
1248. Хабар бойынша, Муджиб аль-Бахалий өзінің әкесінен, оның былай дегенін жеткізген:
Кезінде ол Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, сосын артынан (еліне) кетеді. Жыл өткен соң оны халі мен түрі өзгереді, сосын ол Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, сен мені танымай тұрсың ба?», - дейді. (Сосын) ол: «Мен – саған жыл бұрын келіп кеткен аль-Бахилимін», - дейді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен әдемі едің, сені мұнша өзгеркен не?», - деп сұрады. Ол: «Сенімен қоштасқалы бері, мен тек түнде ғана ішіп жейтін болдым1», - деді. Бұнысына Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен өз-өзіңді қинадың!», - деді де, сосын: «Шыдамдылық айында2 ораза ұста да, сосын әр айда бір күннен ораза ұста», - деді. Аль-Бахили: «Маған және қос, расында, менің күшім жетеді», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Екі күннен ораза ұста», - деді. Аль-Бахили: «Маған қос», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Үш күннен ораза ұста», - деді. Аль-Бахили тағы да: «Маған қос», - деді – сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қасиетті айларда ораза ұста да, сосын оразаны тоқтат, қасиетті айларда ораза ұста да, сосын оразаңды тоқтат», - деп, үш саусағын алдымен біріктіріп, сосын саусақтарының араларын айырып үш саусағымен белгі көрсетті3. Абу Дауд.4
226 ТАРАУ
Зуль-хижжа айының алғашқы он күнінде ораза ұстаудың қасиеті жайлы.
1249. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
«Қайсы бір жақсы амал жасалмасын, Аллаһ Тағала олардың осы күні жасалғанын жақсы көреді», - деп зуль-хиджаның алғашқы он күні жайлы айтты. Сонда адамдар: «Сонда Аллаһ жолындағы Жихадты да ма?», - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ жолындағы Жихад та, әрине егер адам өзінің жанымен және дүниесімен Аллаһ жолында соғысып, онысын қайтадан алып келмеген адам жайлы айтылып тұрмаса5», - деді. Аль-Бухари.
227 ТАРАУ
Арафа күні және «ашура» мен «тасуъа»6 күндері ораза ұстағанның қасиеттері жайлы.
1250. Хабар бойынша, Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ашура күні ораза ұстаудың қасиеті жайлы сұрағанда, оның былай деп айтқанын жеткізді:
Бұл күнгі ораза өткен жылғы және келер жылғы жасалған күнәләрдің кешірілуіне себеп (өтем) болып табылады. Муслим.
1251. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзі Ашура күні ораза ұстайтын және басқаларға да соны бұйыратын. Аль-Бухари, Муслим.
1252. Хабар бойынша, Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ашура күнгі ораза жайлы сұрағанда ол: «Бұл күнгі ораза өткен жылдың күнәләрәнің кешірілуінің өтемі болып саналады», - деді. Муслим.
1253. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, ендігі жылға дейін тірі болсам, онда міндетті түрде тоғызыншы күні1 ораза ұстаймын.
228 ТАРАУ
Шаууаль айының алты күнінде ораза ұстағанның жақсылығы жайлы.
1254. Хабар бойынша, Абу Айиуб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Рамадан айында ораза ұстап оған шаууальдің алты күнін қосса, онда ол үздіксіз ораза ұстағандай болады. Муслим.
229 ТАРАУ
Дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстағанның жақсылығы жайлы.
1255. Хабар бойынша, Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дүйсенбі күні ұсталған ораза жайлы сұрағанда, ол: «Мен бұл күні туылдым және осы күні адамдарға жіберілдім /не: …осы күні маған алғашқы аяндар түскен/», - деп жауап берді. Муслим.
1256. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Адамдардың амалдары дүйсенбі мен бейсенбі күндері Аллаһқа тапсырылады, сондықтан мен амалдарымның ораза болған кезімде тапсырылуын қалаймын. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді. Муслим бұны ораза туралы айтпай келтіреді.
1257. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әрдайым дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстайтын. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.
230 ТАРАУ
Әр айда үш күннен ораза ұстаудың жақсылығы жайлы.
Бұл оразаны жарық кундері1, яғни әр айдың он үшінші, он төртінші және он бесінші күндері тұтқан жақсы2. Және он екінші, он үшінші және он төртінші күндер деп те айтылады, бірақта дұрысы алғашқысы.
1258. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Менің сүйікті досым3 айына үш күн ораза ұстауға, таңертең екі ракат таңертеңгілік (духа) намазын орындауға және ұйықтар алдында үтір намазын орындауды талап етті. Аль-Бухари, Муслим.
1259. Хабар бойынша, Абу Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Менің сүйікті Пайғамбарым, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған үш нәрсені міндеттеді, олардан мен ешқешан тайынбаймын: ай сайын үш күннен ораза ұстауды, қосымша таңертеңгілік намаз оқуды және үтір намазын оқымайынша ұйықтамауымды (талап етті). Муслим.
1260. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Әр айда үш күннен ораза ұстау әрдайым ораза ұстағанмен тең. Аль-Бухари, Муслим.
1261. Хабар бойынша, Муъаз бин Адуийа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Айшадан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ай сайын үш күндік оразаны ұстаушы ма еді?», - деп сұрағанымда – ол: «Иә», - деп жауап берді. Мен: «Оразаны айдың қай күнінен бастаушы еді?», - деп сұрағанымда – Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Ол бұл оразаны, айдың қай күнінен бастауына мән бермейтін», - деді. Муслим.
1262. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер айына үш күннен ораза ұстағың келсе, онда оразаны айдың он үшінші, он төртінші және он бесінші күндері ұста. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.
1263. Хабар бойынша, Катада бин Мильхан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге айдың он үшінші, он төртінші және он бесінші күндері ораза ұстауды талап етті. Абу Дауд.1
1264. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Ақ күндері (яғни ай толғанда) Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың иггілігі мен сәлемі болсын, үйде болса да, сапарда болса да ораза ұстайтын. Бұл хадисті жақсы иснадпен ан-Насаи келтіреді.
231 ТАРАУ
Ораза ұстаушы адамға ауызын ашуға тамақ бергеннің жақсылығы, ораза ұстаушының жанында басқа біреудің тамақ жегенінің ораза ұстаушыға тиетін жақсылығы және тамақ берушіге айтылатын дұға жайлы.
1265. Хабар бойынша, Зайд бин Халид аль-Джухани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ораза тұтқанды тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауаб табады, сондай-ақ оның сауабы ораза ұстаушының сауабын кемітпейді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
1266. Хабар бойынша, Умм Омар аль-Ансарий, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде маған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кіргенде, оған ас ұсынғанымда, (өзіме): «Же», - деді. Мен: «Расында, оразамын», - дедім. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, періштелер ораза ұстаушының үйінде басқалар тамақ жегенде, олар тамақ жеп болғанша /не: …тойынғанша/ ораза ұстаушыға игілік тілейді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.2
1267. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Саъид бин Убайға келеді, сонда ол оған нан мен май береді де, ол оны жейді, сосын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын былай дейді: «Үйлеріңде ораза тұтқандар ауыз ашсын, астарыңызды ізгі-жақсылар жесін әрі періштелер сендерге игілік тілесін! /Афтара ъиндакумас-саъимуна, уә әкәлә таъмакумуль-абрару уас-сәләт ъаләйкумульмәләъикәту!/1» Бұл хадисті Абу Дауд келтіреді.
ҮЗДІКСІЗ МЕШІТТЕ БОЛУ ТУРАЛЫ КІТАП (КИТАП АЛЬ-ИЪТИҚАФ)
232 ТАРАУ
Үздіксіз мешітте болудың қастиеті жайлы.
1268. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Рамаданның соңғы он күнінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі босын, мешіттен шықпайтын. Аль-Бухари, Муслим.
1269. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Рамаданның соңғы он күнінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі босын, үздіксіз мешітте болатын және бұл Аллаһ Тағала оның жанын алғанша жалғасты, ал одан кейін оның әйелдері де солай істейтін болды. Аль-Бухари, Муслим.
1270. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әр-бір Рамадан сайын, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үздіксіз мешітте он күннен болатын, ал қайтыс болатын жылы жиырма күн болды. Аль-Бухари.
ҚАЖЫЛЫҚ КІТАБІ
233 ТАРАУ
Қажылықтың парыз екендігі
Және оның қасиеті жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
«…Оның жолына шамасы келген кісілер, Аллаһ үшін Қағбаны зират ету (қажылық ету) керек. Ал кім қарсы клсе, Аллаһ барлық әлемнен бай». «Аль-Имран» сүресі, 97 аят.
1271. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ислам бес діңгектен құралған: Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі, деп куәлік беру, намаз оқу, зекет төлеу, (Аллаһтың) Үйіне қажылық жасау және Рамадан айында ораза ұстау. Аль-Бухари, Муслим.
1272. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге құтпа айтып, сөздерінің арасында: «Иә адамдар! Аллаһ сендерге қажылықты парыз қылды, сондықтан қажылық жасаңдар!», - деді. Бір адам: «Жылда ма, иә Аллаһтың елшісі?», - деп сұрады – бірақ адам сұраған үш рет қайталағанша Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үндемеді, сосын, ол: «Егер мен: «Иә», - десем сендерге бұл міндетті түрде парыз болып қалады, бірақ сендер бұны істей аламайсыңдар ғой!», - деді. Сосын ол: «Мен сендерге айтпаған нәрселерім жайлы сұрамаңдар, өйткені, расында, сендерге дейін өмір сүргендерді, пағамбарларына көп сұрақтар қойып, сосын онымен келіспеушілік құртқан! Егер мен сендерге бір нәрсені істеудге әмір етсем, одан қолдарыңнан келгенін істеңдар, ал бір нәрсеге тыйым салсам, одан бас тартыңдар!», - деді. Муслим.
1273. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қайсы амал ең жақсы саналады?», - деп сұрады. Ол: «Аллаһқа және Оның елшісіне иман», - деді. Одан: «Ал содан кейін ше?», - деп және сұрады. Ол: «Аллаһ жолындағы күрес», - деді. Одан: «Ал содан кейін ше?», - деп және сұрады. Ол: «Мінсіз жасалған қажылық», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.
Мінсіз жасалған қажылық дегеніміз, ол қажылық кезінде ешбір күнәлі істерді жасамау.
1274. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: «Кімде-кім қажылығын, балағат (жаман) сөздер айтпай және бүкіл күнәлі әрі ұятсыз істер жасамай орындаса, (онда ол) үйіне анасынан жаңа туған баладай (күнәсінен тазарып) оралады. Аль-Бухари, Муслим.
1275. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Әр-бір умрадан кейінгі умра, осы екуінің арасындағы күнәләрдің кешірілуіне себеп болады, ал мінсіз жасалған қажылық үшін Жәннәттан басқа сый болмайды. Аль-Бухари, Муслим.
1276. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, біз Жихадты ең жақсы амал ретінде санаймыз, сондықтан біздің оған қатысқанымыз (дұрыс секлді) емес пе?», - деп сұрадым. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жоқ сендер үшін1 Жихадтың жақсысы болып мінсіз орындалған қажылық саналады», - деді. Аль-Бухари.
1277. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһтың Өзінің құлдарын оттан құтқарған күндерінің ішінде, Арафат күніндей күн жоқ. Муслим.
1278. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Рамадан айында умраны1 орындау қажылық орындағанмен тең /не… қажылықты менімен орындағанға тең/. Аль-Бухари, Муслим.
1279. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір әйел: «Иә Аллаһтың елшісі, Аллаһ адамдарға қажылықты парыз етті, бірақ менің әкем кәртайып өздігімен ерде отыра ламайды, сондықтан ол үшін мен қажылықты орындай аламын ба?», - деп сұрағанда, - Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.
1280. Хабар бойынша, Лақыт бин Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Брде мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Расында, менің әкем не қажылыққа, не умраға, не басқа кез-келген сапарға шыдай алмайтын қаусаған шал», - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын: «Өзіңнің әкең үшін қажылық пен умраны орында», - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
1281. Хабар бойынша, Умм Омар аль-Ансарий, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен жеті жаста болғанымда әкем мені, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қоштасу қажылығын жасағанде, өзімен бірге алды. Аль-Бухари. Муслим.
1282. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Ар-Рухта керуен кездестіріп: «Неғылған адамдар?», - деп сұрады. Олар: «Мұсылманбыз», - деп, өздері: «Ал сен кімсің?», - деп сұрады. Ол: «Аллаһтың елшісімін», - деді – сонда оған бір әйел өзінің баласын көтеріп: «Мынау қажылық жасай алады ма?2», - деп сұрады. Сонда ол: «Иә, ал саған бұл үшін сауап бар», - деді. Муслим.
1283. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қажылық сапарында, өзінің (жолда қоректенетін) тамақтарын артқан түйесінің ерінде отырып жылжитын. Аль-Бухари.
1284. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Жахілет1 заманы кезінде Указда, Мажанда және Зуль-Мажазда жәрмеңке ұйымдастырылатын, ал сосын Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қажылық кезінде жәрмеңкені күнәлі іс, деп санайтын, да сосын бұл мына аят түскенше жалғасты: «Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін іздеулеріңнің (кәсіп етулеріңнің) оқасы жоқ…2»
ЖИХАД КІТАБІ
234 ТАРАУ
Жихадтың қасиеті жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
«Сондай-ақ мүшріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгел соғысыңдар. Әрі расында, Аллаһ тақуалармен бірге екенін біліңдер». «Тәубе» сүресі, 36 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«Сендерге сүйкімсіз болса да соғыс парыз қылынды. Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін хайырлы болуы мүмкін. Және сендер жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Аллаһ біледі сендер білмейсіңдер». «Бақара» сүресі, 216 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«Жеңіл әрі ауыр түрде соғысқа шығыңдар. Сондай-ақ Аллаһ жолында малдарыңмен, жандарыңмен соғысыңдар. Осыларың сендер үшін хайырлы, егер білген болсаңдар». «Тәубе» сүресі, 41 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«Күдіксіз Аллаһ мүминдердің жандарын, малдарын Жәннәтпен айырбастап алды. Олар Аллаһ жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тауратта, Інжілде және Құранда бар. Аллаһтан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне осы ірі қол жетушілік». «Тәубе» сүресі, 111 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«Мүминдерден себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылармен Аллаһ жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Аллаһ малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырады. Сондай-ақ барлығына игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді. Аллаһтан дәрежелер, жарылқау және мәрхемет бар. Аллаһ - Жарылқаушы, Мейірімді.». «Ниса» сүресі, 95-96 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«Әй мүминдер! Сендерге жан түршігерлік азаптан құтқратын бір сауда көрсетейін бе? Аллаһқа, елшісіне иман келтірсеңдер, малдарыңмен жандарыңмен Аллаһ жолында күресесіңдер. Егер білетін болсаңдар, осыларың сендер үшін хайырлы. Күнәләріңді жарылқайды. Сендерге астарынан өзендер ағатын Пейіштерге, Ғадын жәннәттарындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы. Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Аллаһ жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар, (осы хабармен) мүминдерді қуандыр». «Саф» сүресі, 10-13 аяттар.
Бұл тарауға байланысты басқа да бәріне мәлім аяттар бар.
Ал хадистер жайлы айтатын болсақ олар санаусыз көп, солардың ішінде мыналар:
1285. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қай амал ең жақсы саналады?», - деп сұрады. Ол: «Аллаһ пен Оның елшісіне иман», - деді. Одан: «Ал осыдан кейін ше?», - деп сұрады. Ол: «Аллаһ жолындағы күрес», - деді. Одан (тағы да): «Ал осыдан кейін ше?», - деп сұрады. Ол: «Мінсіз орындалған қажылық», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.
1286. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Брде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, Аллаһ Тағала қай амалды бәрінен артық жақсы көреді?», - деп сұрадым. Ол: «Уақытылы орындалған намазды», - деп жауп берді. Мен: «Ал осыдан кейін ше?», - деп сұрадым. Ол: «Ата-анаға құрмет көрсетуді», - деді. Мен: «Ал осыдан кейін ше?», - деп сұрадым. Ол: «Аллаһ жолындағы күрес», - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1287. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, қайсы амал ең жоғары бағаланады?», - деп сұрадым. Ол: «Аллаһқа иман мен Оның жолындағы күрес», - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1288. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, таң ертең не кешке қарай (жасалған) Аллаһ жолындағы күрес, осы дүние мен осы дүниенің ішіндегісінен артық! Аль-Бухари, Муслим.
1289. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бір адам Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Адамдардың ішіндегі ең жақсысы кім саналады?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ жолында өзін де, өзінің дүниесін де аямай күрескен иман келтіруші», - деді. Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ал одан кейін ше?», - деп сұрады. Ол: «Тау жоталарының бірінде Аллаһқа құлшылық ететін және онысымен адамдарды өзінің кесірінен сақтайтын иман келтіруші», - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1290. Хабар бойынша, Сахл бин Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ жолында күзетте болған, осы дүние мен осы дүниенің ішіндегісінің бәрінен абзал, сондай-ақ Жәннәттағы сендердің қамшыларыңның орнындай жер, осы дүние мен осы дүниенің ішіндегісінің бәрінен абзал, сондай-ақ Аллаһ жолында өткізген таң ертеңгі уақыт немесе кешкіліктегі уақыт, осы дүние мен осы дүниенің ішіндегісінің бәрінен абзал! Аль-Бухари, Муслим.
1291. Хабар бойынша, Сальман, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Күні-түні Аллаһ жолындағы күзет, ай бойы намаз оқып ораза ұстағаннан артық, ал егер адам осы жолда өлсе, онда оның амалдары жалғаса береді1, сондай-ақ оның ризық-несібесі белгіленеді2 және азғырушыдан құтылады3. Муслим.
1292. Хабар бойынша, Фадаля бин Убайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ жолында күзетте болғаннан басқаның бәрінің өлгеннен кейін амалдары тоқтатылады, өйткені, расында, Ахіретке дейін оның амалдары өсіп, ал өзі болса қабір азғыруынан құтылады. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
1293. Хабар бойынша, Осман, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ жолында күзетте болғанның бір күні, басқа жерде болғанның мың күнінен артық4. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
1294. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ, Оның жолында шайқасқа шаққанға кепіл болады және былай дейді: «Оны бұл іске, Маған және Менің елшілеріме деген сенімнен басқа еш нәрсе итермелемейді» - ал Оның кепілдігінің мәнісі келесіде, не Ол бұндай адамды Жәннәтқа кіргізеді, не болмаса оны суабымен және әскери олжасымен шыққан (жорыққа) аттанған үйіне қайтарады. Сондай-ақ Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, ол Аллаһ жолында қай бір жарақат алмасын, Ахіретте жараланғанда қандай күйде болса, дәл сол күйде болады: оның жарақаты қан түсті болады да, ал жұпар иісі хош иісті мускус болады. Сондай-ақ Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, егер бұл мұсылмандарға қиыншылық туғызбаса, мен бірде-бір Аллаһ жолында соғысқа қатысушы жорықтың артында қалмас едім, бірақ менің олардың бәрін көлікке отырғызатын мүмкіншілігім жоқ, сондай-ақ олардың өздерінің де бұған шамалары келмейді, ал қалғандарына, менің аттанғаным ауыр тиеді. Сондай-ақ Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, расында, мен Аллаһ жолында соғысып өлуді, сосын тағы Аллаһ жолында соғысып өлуді, сосын тағы Аллаһ жолында соғысып өлуді қалар едем. Бұл хадисті Муслим толығымен келтіреді, ал аль-Бухари бөлігін ғана келтіреді.
1295. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, Ахіретте Аллаһ жолында жарақат алған кез-келген, жұпар иісі хош иісті мускустай, түсі - қан түсті қансыраған жарасымен келеді. Аль-Бухари, Муслим.
1296. Хабар бойынша, Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кез-келген адам Аллаһ жолында түйе сауым уақыттай соғысса да оның сауабы міндетті түрде Жәннәт болады, ал Аллаһ жолында жарақат алған /не… қасыретке ұшыраған/, Ахіретте жарақатын жаңа ғана алғандай болып келеді, ал ол жарақаттың түсі запыран түсті болады, ал жұпар иісі мускустің жұпар иісіндей болады. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
1297. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының бірі дәмі тәтті бұлақтың көзі бар сайдың жанынан өтіп, ол сай оған ұнап қалады да, ол өз-өзіне: «Осы сайда өзіммен-өзім адамдардан оңашалансам, бірақ бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, рұқсат бермейінше ешқашан олай істемеймін!», - дейді. Сосын ол бұл ойын Аллһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын айтады да, ол: «Олай істеуші болма, өйткені, расында, сендерден кез-келгеніңнің Аллаһ жолында болуларың үйлеріңдегі жетпіс жыл бойы оқыған намаздарыңнан артық! Аллаһтың сендерді кешіріп Жәннәтқа кіргізуін қаламайсыңдар ма? Аллаһ жолында шайқасыңдар, өйткені кез-келген Аллаһ жолында түйе сауым уақыт аралығындай болса да шайқасқанның сауабы (сыйы) - Жәннәт. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.
1298. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, игілігті істердің қайсысы жихадпен теңесе алады?”, - деп сұрады. Жауап ретінде ол: “Ол, сендер орындай алмайтын іс”, - деді. Осыдан кейін олар сұрақтарын екі, не үш рет қайталады, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әр қайсысына: “Ол, сендер орындай алмайтын іс”, - деп айтып отырды да, сосын: “Аллаһ жолында шайқасушы - намаз оқитын, ораза ұстайтын, Құран аяттарын оқитын (адам), Аллаһ жолында шайқасушы оралғанша, үздіксіз ораза ұстап, үздіксіз намаз оқығанмен тең. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп тұр.
Бұл хадистің аль-Бухари Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, аоқылы келтірген нұсқасында былай делінеді:
Бірде бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, маған жихадқа тең келетін амалды нұсқашы?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен саған ондай амалды таба алмаймын», - деді де – сосын: «Жихадқа қатысушы шайқасқа кетісімен (ол оралғанша), сен өзіңінің мешітіңе барып босамастан намаз оқып және аузыңды ашпастан ораза ұстай алар ма едің?», - деп сұрады. Сонда әлгі адам: «Бұған кімнің шамасы келмек?», - деп (таңырқады).
1299. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Өмір сүрудің жақсы үлгісі болып, Аллаһ жолында атының тізгінін бекем ұстап, қай жерден жан түршігерлік шу шықса1 сол жерге қарай соғыс іздеп не болмаса өлімді табатын жерінен өлім іздеп2, ұшатын (яғни шабатын) адамның өмірі жатады. Не болмаса (жақсы өмір үлгісіне), өзінің азын-аулақ қойларымен сол биіктіктерде немесе жазықтықтарда, өзінің намазын оқып, зекетін төлеп, өзінің Раббына өлім келгенше құлшылық етіп, ал адамдармен тек қана игілікті істерімен ғана араласатын адамның өмірі жатады. Муслим.
1300. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, Аллаһтың, Жәннәтта Аллаһ жолында шайқасқандар үшін әзірлеген жүз сатылы дірежелері бар, сол дәреженің бір сатысынан екніші сатысына дейнгі аралық жер мен көктей. Аль-Бухари.
1301. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім Аллаһқа - Құдай ретінде, Исламға – дін ретінде, ал Мухаммадқа елші ретінде риза болса, оған міндетті түрде, сауап (сый) ретінде Жәннәт бұйырады3.
Сонда Абу Саъидқа бұл сөздер ұнап: «Бұл жайлы қайталашы, иә Аллаһтың елшісі», - дейді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол сөздерді қайталап, былай дейді: «Жәннәтта жүз сатылы дәреже бар, олардың сатылырының арасы жер мен көктей». Сонда Абу Саъид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Сонда ол не?», - деп сұрайды. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ жолындағы күрес, Аллаһ жолындағы күрес!», - деп жауап береді. Муслим.
1302. Хабар бойынша, Абу Бакр бин Абу Муса ал-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, әкесінің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жаумен бетпе-бет кездескенде, былай деп айтқанын естіген:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың иглігігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Расында, Жәннәттің қақпасы сендердің қылыштарыңның көлеңкеснде!»
Осыны естіген киімі тозық бір адам орнынан тұрып: «Иә Абу Муса, сен шынымен-ақ Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, солай айтқанын естідің бе?», - деп сұрады. Ол: «Иә»? – деп жауап берді. Сонда ол адам өзінің жолдастарына оралып: «Мен сендерге: «Ас-Саламуалейкум», - деп айтуға келдім», - деді де, сосын қылышының қынабын сындырып шетке лақтырып тастады да, жауға лап беріп өлгенше шайқасты. Муслим.
1303. Хабар бойынша, Абу ъАбс Абд ар-Рахман бин Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аяғы, Аллаһ жолында шаң басқан құлды, ешқашан от шалмайды. Аль-Бухари.
1304. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһтан қорқып жылаған адам, сауылған сүт қайтадан желініне кірмейінше, ол да отқа кірмейді1 және Аллаһ жолындағы шаң мен Тозақ отының түтінінің бір бірімен қосылуы мүмкін емес2. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
1305. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Екі көзді От шалмайды: Аллаһтан қорқып жылаған көзді және түнді Аллаһтың жолындағы күзетте өткізген көзді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
1306. Хабар бойынша, Зайд бин Халид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ жолындағы жорыққа жауынгерді саймандаған, жорыққа өзі қатысты3, сондай-ақ жорыққа аттанғанды, жанұясындағы тіршілікте ауыстырған жорыққа қатысты. Аль-Бухари, Муслим.
1307. Хабар бойынша, Абу Умама аль-Бахили, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ең жақсы амалдар болып мыналар саналады: Аллаһ жолындағы шатырдың көлеңкесіне беру1, сондай-ақ Аллаһ жолында қызметшімен қамтамасыздау2 және боталайтын ересек түйені Аллаһ жолына беру. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
1308. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аслам руынан бір жас жігіт: «Иә Аллаһтың елшісі, мен жорыққа қатынасқым келеді, бірақ менің оған қажетті ешнәрсем жоқ», - деді. Ол: «Жорыққа дайындалып, бірақ ауырып қалған пәленшеге бар», - деді. Жігіт ол адамға барып: «Саған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған бүкіл жорыққа дайындаған саймандарыңды беруді айтып жатыр», - деді. Сонда ол адам (әйеліне): «Иә пәленше, мен дайындағанның бәрін мынаған бер де, одан ешнәрсе қалдырма, Аллаһтың атымен ант етемін, ешнәрсе қалдырма, сонда Аллаһтан игілік табасың!», - деді. Муслим.
1309. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бану лихйан руына қарсы әскери жорық дайындап жатып былай деді: «Екі ер адамның бірі аттансын, ал саубы екеуіне бөлінеді. Муслим.
Бұл хадистің басқа нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
«Әр-бір екі ер адаманың бірі аттансын», - деді де, қалған адамдарға былай деді: «Сендерден кез-келгенің жорыққа аттанғанды, жанұясын игілікті істер істеп ауыстырса, саубтың жартысына ие болады».
1310. Хабар бойынша, Аль-Бара, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, беті темір (сайманмен қорғалған) жабылған бір адам келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, маған бірінші шайқасып, сосын Ислам қабылдаған дұрыс болады ма?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бірінші Ислам қабылда да, сосын шайқас», - деді. Ол адам Ислам қабылдап шайқасқа шықты да, сол шайқаста қаза тапты. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол аз істеп көп сауб тапты», - деді. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде аль-Бухаридің нұсқасы беріліп тұр.
1311. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Шахидтерден басқа, Жәннәтқа кіргендерден ешқайсысы, егер оған жердегі (дүниенің) бәрі ұсынылса да, бұл дүниеге оралғысы келмейді. Тек шахидтер ғана, оған көрсетілген құрметті көріп, бұл дүниеге оралып (Аллаһ жолында) он рет қаза болғысы келеді.
Бұл хадистің тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:
…шахид өлімнің дәрежесін көріп.
1312. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ шахидке өтелмеген қарызынан басқаның бәрін кешіреді. Муслим.
Бұл хадистің тағы бір нұысқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, была деп айтқаны келтіріледі:
Аллаһ жолындағы өлім, өтелмеген қарыздан басқа барлық күнәнің кешірілуінің себебі болады.
1313. Хабар бойынша, Абу Катада аль-Харис бин Рибъи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біздің алдымызда ең жақсы амалдар - ол Аллаһ жолындағы күрес және Аллаһқа иман екендігін құтпасының арасында айтып өтті. Бұны естіген бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, айтшы, егер мені Аллаһ жолында өлтірсе, бұл менің күнәләрімнің кешірілуіне себеп болады ма?», – деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә, егер сен сабыр сақтап, Аллаһтың сыйынан үміт етіп және артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһтың жолында өлген болсаң», - деді. Біраз уақыт өткеннен кейін, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әлгі адамнан: «Сен не дедің?», – деп сұрады. Ол тағы да: : «Ия Аллаһтың елшісі, айтшы, егер мені Аллаһ жолында өлтірсе, бұл менің күнәләрімнің кешірілуіне себеп болады ма?», – деді. Бұл жолы Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә, егер сен сабыр сақтап, Аллаһтың сыйынан үміт етіп және артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһтың жолында өлген болсаң, бірақта сенің қарызың болмау керек, расында бұл жөнінде маған Жабірейіл хабар берді», - деді. Муслим.
1314. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, егер мен өлсем қайда боламын?1», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жәннәтта», - деп айтты. Сонда ол адам қолындағы жеп тұрған құрмасын лақтырып жіберіді де, шайқасқа кіріп кетіп сонда қаза тапқанша шайқасты.
1315. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабалары жолға аттанып Бадырға көпқұдайшылдардан ерте келді, ал көпқұдайшылдар көрінген кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендерден ешқайсысың менен бұрын ештеңе жасаушы болмасын!2”, - деді. Көпқұдайшылдар жақындаған уақытта Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ені жер мен көкке тең Жәннәтқа асығыңдар”, - деді.
Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:
Умайр бин аль-Хумам аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Иә Аллаһтың елшісі, шынымен-ақ Жәннәттің ені жер мен көкке тең бе?!», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә!», - деп жауап бергенде, Умайр: «Тамаша, тамаша!» - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен неге: «Тамаша, тамаша!», - деп жатырсың?», - деп сұрады. Умайр: «Иә Аллаһтың елшісі, Аллаһтың атымен ант етемін, мен солардың бірінің тұрғыны боламын ба, деп үміттенгенімнен!», - деді. Оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, сен соның тұрғандарының бірі боласың!», - деді. Сонда Умайр қорамсабынан құрмалар алды да, оларды же бастап, аз уақыттан соң: «Расында, егер мен құрмаларымды жеп болғанша өмір сүрсем, менің өмірім тым ұзақ болып кетеді!», - деп өзінде бар құрмаларды лақтырып тастап, соғысқа кіріп кетті де, қаза болғанша шайқасты. Муслим.
1316. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адамдар келіп: “Бізге, бізді Құранға және Сүннетке үйрететін адмдар жіберші”, - деді де, Пайғамбар, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларға ансарлардың ішінен Құран қарилары, деп атайтын жетпіс адам жібереді, олардың ішінде менің нағашым Харам да болды. Бұл адамдар бірге Құран оқып, түнде оны зерттейтін, ал күндіз мешітке су әкеліп қоятын. Сондай-ақ олар отын жарып оны сатып, тапқан ақшаларына тамақ алып оны перде арты тұрғындары мен кедейлерге беретін. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларға, сол қариларды жібереді, бірақта жолда оларға жау шауып, олар көздеген жерлеріне жеткенше өлтіріледі1, сонда олар өлер алдында: “Иә Аллаһ, біз Сені кездестіріп Саған риза болғандығымызды және Сенің бізге риза болғандығыңды, біздің Пайғамбарымызға хабарла!”, - деп айтып қаза болады.
Осы хадисті жеткізуші былай деді:
Бір адам Анастың нағашысы Харамның артынан келіп найзамен шаншиды, сонда ол: «Қағбаның Раббысының атымен ант етемін, мен табсықа кенелдім!», - деді. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, сендердің бауырларыңды өлтірді жене, расында, олар: “Иә Аллаһ, біз Сені кездестіріп Саған риза болғандығымызды және Сенің бізге риза болғандығыңды, біздің Пайғамбарымызға хабарла!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп тұр.
1317. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде менің Бадр соғысына қатыспаған, әкеммен бауырлас ағам, Анас бин ан-Надр, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, мен сенің көпқұдайшылдармен соғысқан бірінші шайқасыңа қатысқан жоқпын, бірақ Аллаһтың атымен ант етемін, егер Аллаһ маған олармен шайқасуға нәсіп етсе, менің олармен не істейтінімді Аллаһтың өзі көреді”, - деді.
Артынан Ухуд соғысында, мұсылмандар өздерінің орындарынан кете бастағанда, ол (нағашым), орындарынан кетіп жатқандар жайлы: “Ия Аллаһ, бұлардың осылай істеп жатқандары үшін кешірім сұраймын және Менің олардың істеп жатқандарына қатысым жоқ екендігіне, Сені куәлікке шақырамын!”, – деп айқайлады. Ол осыны айтты да алдыға қарай жылжып, алдынан кезіккен Саъд бин Муъзға: “Иә Саъд бин Муъз, Мен Жәннәтқа және Қағбаның Раббына және ан-Надырдың Раббына асығамын! Ақиқат, мен оның аңқыған жұпар иісін Ухуд жақтан сезінемін. Артынан (бұл жайында) Саъд: “Иә Аллаһтың елшісі, мен оның істегенін істей алмадым!”, – деді.
Анас сөзін былай жалғастырды:
Ал соғыстан соң біз оны, көпқұдайшылдардың оның түрін қатыгездікпен бұзып тастаған өлі күйінде таптық. Сонда оның денеснен қылыш, найза және садақтың оғынан болған жетпістен астам жараны санап шықтық. Оны бұл күйінде апасы ғана саусақтарынан таныды.
Анас сөзін былай жалғастырды:
Жоғарыдан түсірілген мына аят сол және соған ұқсас адамдар жайлы болды деп ойладық: «Мүминдерден, Аллаһқа деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады.» («Ахзап» сүресі, 23 аят) аль-Бухари, Муслим.
1318. Хабар бойынша, Самура, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Бірде түнде түсімде, маған екі адам келіп мені мына ағашқа отырғызып бұдан да тамаша және әдемілігінен бұдан әдемі үйді көрмеген, үйге алып кірді. Сосын маған: “Бұл үй жайлы айтатын болсақ, бұл үй шахидтердің үйі”, - деді. Аль-Бухари. Бұл хадис, көптеген басқа да мәліметтер келтірілген ұзын хадистің бөлігі болып табылады, егер Аллаһ қаласы оны толығымен “Өтірікке тыйым жайлы тарауда” келтіреміз.
1319. Хабар бойынша, Анас бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Кезінде Харис бин Сурактың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, шешесі болған, Умм ар-Рубаййи бинт аль-Бара, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, маған Харис жайлы айтасың ба?», - деді, ол Бадрдағы соғыс болған күні қаза болған болатын – «Егер ол Жәннәттан орын тапқан болса, онда мен шыдамдылық танытамын, ал егер олай болмаса, онда мен тоқтамастан жылаймын!» Оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә Харистің анасы, расында, Жәннәтта көптеген бақтар бар, расында, сенің ұлыңа аль-Фирдауыстан ең құрметті орны бұйырды!1», - деді. Аль-Бухари.
1320. Хабар бойынша, Жәбір бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Имансыздардың қолынан қаза тапқан және олар ұсқынын қанішерлікпен бүлдірген әкемді Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдына алып келіп қойған кезде, мен келіп оның бетінен киімді көтергім келді. Менің руластарым маған бөгет жасамақшы болды, ал Пайғмабар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Періштелер әлі оның жүзін нұрлап жатыр», - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1321. Хабар бойынша, Сахл бин Хунайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімде-кім Аллаһтан шын жүректен Аллаһ жолында қаза болуды сұраса, Аллаһ оны, ол төсегінде өлсе де міндетті түрде шахидтердің дәрежесіне жеткізеді. Муслим.
1322. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім шын жүректен Аллаһ жолында өлуді сұраса, ол шахид болып өлмесе де, оған шахид болып өлгеннің саубы беріледі. Муслим.
1323. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Өлім аузындағы қиыншылықты айтатын болсақ, онда шахид (құмырсқаның) тістеуіндей ғана ауртпашылық сезінеді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.
1324. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Абу Ауф, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жауларды кездестіргенде, күн батуға тақалғанша күтті де сосын адамдардың арасында тұрып оларға: «Иә адамдар, дұшпандарыңмен кездесуді қаламаңдар, Аллаһтан құтылуды сұраңдар, ал егер олармен кездескен болсаңдар, онда Жәннәттің, сендердің қылыштарыңның панасында екенін біліңдер!», - деді.
Сосын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:
Кітап Түсіруші, бұлттарды қимылға Келтіруші, рулар одағын Жеңуші, иә Аллаһ, оларды талқандап, бізді жеңіске алып кел! /Аллаһумма Мунзиләль-китаби, уа Мужрйиас-сахаби, хазимиль-ахзаби-һум уа ансурна ъалей-һим!/1 аль-Бухари, Муслим.
1325. Хабар бойынша, Сахл бин Саъад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Екі дұға қайтарылмайды /…не өте аз қайтарылады/: намазға шақырып азан айтқанда оқылған дұға және жаумен бетпе-бет кездескен уақытта айтылған дұға. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1326. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Әскери жорыққа аттанып жатып Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейтін: “Иә Аллаһ, маған көмек көрсетуші Сенсің және Сен – Менің Қорғаушымсың, Сенің көмегіңмен ғана жылжимын, Сенің көмегіңмен ғана шабамын және Сенің көмегіңмен ғана шайқасамын!” /Аллаһумма, Анта ъабуди, уа Анта насыри, бика ахулю, уа бика асулю, уа бика акатилю!/ Бұлхадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
1327. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Егер Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біреуден қауіптенген болса былай дейтін: «Иә Аллаһ, біз Сені оларға қарсы көмекке шақырамыз және Саған Олардың зұлымдығынан сыйынамыз!» / Аллаһумма инни наджъалюка фи нухри-һим уа наъузу бикә мин шурури-һим!/1 Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1328. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ахіретке дейін жылқылардың кекілінен игілік /хайыр/ кетпейді2. Аль-Бухари, Муслим.
1329. Хабар бойынша, Урва аль-Барик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ахіретке дейін жылқылардың кекілінен, о дүние үшін сауб және осы дүние үшін әскери олжа әкеліп игілік кетпейді. Аль-Бухари, Муслим.
1330. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Ахіретте Аллаһқа иман келтіріп және Оның уәдесіне сеніп Аллаһ жолында жылқы ұстағанның Таразысына, сол (жылқының) бүкіл жегені мен ішкені және оның қиы мен несебі (зәрі) салынады. Аль-Бухари.
1331. Хабар бойынша, Абу Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ноқталы түйе алып келді де: «Мен мына түйені Аллаһ жолына беремін», - деді, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ахіретте бұл үшін саған жеті жүз түйе болады және олардың әр қайсысы ноқталы болады!», - деді. Муслим.
1332. Хабар бойынша, Абу Хаммад (сондай-ақ оның лақаб есімін – Абу Сауъад, сондай-ақ – Абу Әмір, сондай-ақ – Абу ЪАмир, сондай-ақ – Абуль-Асуад, сондай-ақ – Абу ЪАбс, делінеді), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің мінберде тұрып былай деп айтқанын естідім: «Және оларға қарсы қанша күш жинай аласыңдар, сонша күш жинаңдар, ал күш жайлы айтатын болсақ, онда, расында, ол - атыста, расында, ол - атыста, расында, ол – атыста!» Муслим.
1333. Хабар бойынша, Уқба бин Әмір аль-Джухфани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерге көп жерлер беріледі және Аллаһ сендерді дұшпандарыңнан қорғайды, сондықтан сендерден ешқайсысың садақтарымен ойнауларын (шынығуын) қоймасын! Муслим.
1334. Хабар бойынша, Уқба бин Әмір аль-Джухфани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Садақтан оқ атып үйреніп, содан кейін одан бас тартқан адам бізден емес /…не болмаса бағынбаушылық танытты/. Муслим.
1335. Хабар бойынша, Уқба бин Әмір аль-Джухфани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, бір оқ (жебе) үшін Аллаһ үшеуді Жәннәтқа кіргізеді: оны игіліктен үміттеніп жасағанды, оны атқанды, сондай-ақ оны атушыға берушіні. Садақтан оқ атыңдар және көлікпен жүріңдер, дегенмен сендердің атуларыңды көлікпен жүргендеріңнен артық жақсы көремін. Ал садақтан оқ атып үйреніп сосын оны қаламай бас тартқан адам жайлы айтатын болсақ, онда ол мейірімнен бас тартты /не: …ол үшін алғысын айтпады/ Абу Дауд.1
1336. Хабар бойынша, Салама бин аль-Ақуа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бріде, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оқ атумен жарысып жатқан адамдардың жанынынан өтіп бара жатып: «Атыңдар, иә Исмайылдың балалары, өйткені сендердің әкелерің атқыш болған!», - деді. Аль-Бухари.
1337. Хабар бойынша, Әмір бин Абс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ жолында оқ атқанның оғы құл азат еткенмен тең. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
1338. Хабар бойынша, Абу Йахй Хурайм бин Фатик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ жолында бір нәрсе жұмсағанға, ол үшін жеті жүз есе жазылады. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.
1339. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ жолында күні бойы ораза ұстағанның жүзін, Аллаһ міндетті түрде, сол күн үшін Оттан жеті жүз жылға алыстатады. Аль-Бухари, Муслим.
1340. Хабар бойынша, Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Аллаһ жолында күні бойы ораза ұстағанның жүзін, Аллаһ Тозақтың жалынынан, ұзындығы көк пен жердей ормен бөледі. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
1341. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім Аллаһ жолында шайқаспай, не болмаса өзіне Аллаһ жолында шайқасу керектігін айтпай (ойламай) өлсе, онда ол екі жүзділіктің бір көрініснен арылмай өлгені. Муслим.
1342. Хабар бойынша, Абу Абдаллаһ Жабір бин Абдаллаһ аль-Ансари, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:
Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге қатысқан бір жорықта, ол былай деді: “Шын мәнінде, сендер қай жолмен жүрсеңдер де, қандай қырдан ассаңдар да, Мединалықтардың арасында ауырып жорыққа шыға алмағандар, бәрібір сендермен бірге болды.
Бұл хадистің басқа хабарында оның былай деп айтқаны келтіріледі:
"...әрдайым сендермен бірге сауабты бөлісіп отырды". Муслим.
Аль-Бухаридің Анастан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген хабарында, оның былай деп айтқаны келтіріледі:
Біз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Табук соғысынан қайтып келе жатқанымызда, былай деді: "Шындығында, біздің артымызда, Мединада орынды себептермен қалған адамдар бар, бірақта олар біз қайсы бір таулы жолмен жүрсек те, қай бір қырдан ассақ та олар бізбен бірге болды1.
1343. Хабар бойынша, Абу Муса Абдуллаһ бин Каис аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір бәдәуи: “Иә Аллаһтың елшісі, бір адам әскери олжа үшін соғысады, басқасы атақ үшін, ал үшіншісі көрер-көзге…”
Бұл хадистің Сахихтердің екеуінде де келтірілген тағы бір нұсқасында, ол бәдәуи былай дейді:
…біреу өзінің батырлығы үшін шайқасады, әлде біреу ашу-ыза ықпалымен шайқасады, тағы біреу ынтасымен2 шайқасады…
Бұл хадистің үшінші бір нұсқасында, бәдәуидің былай дегені айтылады:
“…бұлардың бірі ашу-ыза ықпалымен шайқасады, сонда бұлардың қайсысы Аллаһ жолында саналады?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жауап берді: "Кім Аллаһтың сөзі жоғары болу үшін шайқасса, сол Аллаһтың жолында соғысқан болады." Аль-Бухари, Муслим.
1344. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Әмр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кез-келген жорықтың жауынгерлері сапарға шығып әскери олжаны алып түссе (аман есен келсе), оларға уәде етілген сыйдың үштен бірін алдын-ала (осы өмрлерінде-ақ) алады, ал кез-келген жорықтың сапарға шығып сәтсіздікке ұшырыған не болмаса жолы болмаған жауынгерлері жайлы айтатын болсақ, онда олар, өздеріне уәде етілген сыйды (сауабты) толығымен алады1. Муслим.
1345. Хабар бойынша, Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, маған сапарға шығуға рұқсат берші”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын; “Расында менің үмметім үшін сапар - ол Ұлы Аллаһ Тағалаынң жолындағы күрес!”, - деді. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1346. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Әмр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Оралу әскери жорыққа тең. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.
Бұл жерде біткен соң әскери жорықтан оралу жайлы айтылып жатыр. Яғни, әскери жорықтан оралғанның сауабы, сол жорыққа қатысқанның сауабымен тең, ол екеуі үшін де сауаб табады.
1347. Хабар бойынша, Ас-Саъиб бин Йазиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Табук жорығынан оралған кезде адамдар оны қарсы алып жатты, ал мен болсам оны басқа балалармен Санийат ал-Уадаъта2 қарсы алдым. Бұл хадисті дәл осы күйінде сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
Бұл хадисті аль-Бухари да келтіреді. Оның нұсқасында Ас-Саъиб бин Йазиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дейді:
Біз басқа балалармен бірге Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қарсы алуға Санийат ал-Уадаъқа бет алдық.
1348. Хабар бойынша, Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім әскери жорыққа өзі қатыспаса, не болмаса сондай жорыққа қатысушыны саймандамаса, не болмаса олардың жанұясына көмек жасамаса, Аллаһ (ондайларға) Ахірет күні келгенше апат жібереді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1349. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Көпқұдайшылдармен өздеріңнің дүниелеріңмен шақасыңдар, өздерің шайқасыңдар және тілдеріңмен шайқасыңдар. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.
1350. Хабар бойынша, Абу Әмір (сондай-ақ оның лақаб атын Абу Хаким, деп те айтады), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шайқасты күннің басында бастамай, оны күн ұясына қарай жылжығанша және жел көтерілгенше шегергенін көрдім, сонда оған көмек жіберілетін. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
1351. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Дұшпандарыңмен жолығуды қаламаңдар және Аллаһтан құтылуды сұраңдар, ал егер олармен кездесуге мәжбүр болсңдар, онда шыдамдылық танытыңдар. Аль-Бухари, Муслим.
1352. Хабар бойынша, Абу Хурайра және Жәбір, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Соғыс – ол алдау1. Аль-Бухари, Муслим.
235 ТАРАУ
О дүниеде шахидтердің дәрежесіне жететін адамдар жайлы, сондай-ақ ондай адамдардың шахидтерден өзгешелігі жерлегенде жуып жаназа намазы оқылатындығы жайлы.
1353. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Бесеуі шахид саналады: обадан өлген, іш ауыруынан өлген, суға батқан, үйдің құлауынан өлген және Аллаһ жолында өлген. Аль-Бухари, Муслим.
1354. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларынан: “Сендер кімді шахид санайсыңдар?”, - деп сұрады. Олар: “Иә Аллаһтың елшісі, кімді Аллаһ жолында өлтірсе, сол шахид саналады”, - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда менің үмметімде шахидтер аз болады!”, - деді. Олар: “Онда олар кімдер, иә Аллаһтың елшісі?”, - деп сұрады. Ол: “Аллаһ жолында өлтірілген шахид саналады, Аллаһ жолында өлген шахид саналады1, сондай-ақ обадан өлген шахид саналады, сондай-ақ іш ауруынан өлген шахид саналады, және суға батып өлген шахид саналады”, - деді. Муслим.
1355. Хабар бойынша, Абдуллаһ бмн Әмір бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Өзінің дүниесін қорғап өлген кез-келген шахид саналады. Аль-Бухари, Муслим.
1356. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Жәннәт туралы қуанышты хабарды естіген он адамның бірі Абуль Аъвар Саъид бин Зайд бин Әмір бин Нуфайль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімді өзінің дүниесін қорғап жатқан кезінде өлтірсе шахид саналады, сондай-ақ кім өзінің өмірін қорғап жатып өлсе шахид саналады, сондай-ақ кім өзінің дінін қорғап жатып өлсе шахид саналады, сондай-ақ кім өзінің жанұясын қорғап жатып өлсе шахид саналады. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
1357. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, маған айтшы, егер маған біреу келіп менің дүниемді тартып алмақшы болса, мен не істеуім керек?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Оған дүниеңді берме”, - деді. Адам: “Ал егер ол маған тап берсе ше?”, - деді. Ол: “Онымен шайқас”, - деді. Адам: “Айтшы, ал егер ол мені өлтірсе?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда сен шахид боласың”, - деді. Адам: “Ал егер мен оны өлтірсем ше?”, - деп сұрады. Ол: “Онда ол Тозаққа түседі”, - деді. Муслим.
236 ТАРАУ
Құл босатудың (азат етудің) қасиеті жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
«Сонда ол кедергіні асуға тырыспады. Кедергінің не екенін қайдан білесің? Ол, құл азат ету.» «Бәләд» сүресі, 11-13 аяттар.
1358. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде Аллаһтың елшісі. Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған былай деді: “Егер кімде-кім құл азат етсе, Аллаһ сол құлдың әр-бір дене мүшесі үшін оның дене мүшесін Оттан азат етеді, керек десеңіз ұятты жерлері үшін ұятты жерлерін”. Аль-Бухари, Муслим.
1359. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде мен Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә, Аллаһтың елшісі, қандай амал ең жоғары саналады?”, - деп сұрадым. Ол: “Аллаһқа иман және Аллаһ жолындағы күрес”, - деді. Мен: “Ал қандай құл бәрінен жақсы?1”, - деп сұрадым. Ол: “Иелері ең жоғары бағалайтын және иелеріне ең қымбат түскендері”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
237 ТАРАУ
Құлға жақсылық көрсетудің қасиеті жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
«Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астыңдағыларға2 жақсылық қылыңдар…»» «Ниса» сүресі, 36 аят.
1360. Хабар бойынша, аль-Маърур бин Суайд былай деді:
Бірде мен құлының киіміндей киім киіп алған Абу Зарды, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, көріп, одан оның себебін сұрадым, сонда ол маған Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде бір адамды шыққан тегіне қарай шешесін бетіне басып ұрысқанын айтып3, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның айтқан сөздерін есітіп, былай деп айтқанын айтты: “Расында сен – бойында жәһілеттің қалдықтарының бірі қалған адамсың! Расында, сендердің құлдарың Аллаһтың сендерге тәуелді еткен бауырларың және қызметшілерің болып табылады, сондықтан сендерден кім бауырларының бірімен иеленсе, онда оны өзі не жесе сонымен тамақтандырсын, сондай-ақ өзі не кисе соны оған да киіндірсін, сондай-ақ олардың күштері жетпейтін істі оларға тапсырмаңдар, ал егер тапсырсаңдар, онда оларға көмектесіңдер!" Аль-Бухари, Муслим.
1361. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Егер сендердің қайсыларыңв қызметшілерің тамақ алып келсе, оны дастархан басына отырғызбаса, онда кем дегенде тамақтан бір екі асам жегізсін, өйткені ол оны дайындадады. Аль-Бухари, Муслим.
238 ТАРАУ
Аллаһтың сондай-ақ қожайындарының хақысын орындайтын құлдың қасиеті жайлы.
1362. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Расында, егер құл өзінің қожйынына адал болса және Аллаһқа дұрыс құлшылық ететін болса, ол екі есе сауаб табады. Аль-Бухари, Муслим.
1363. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Діндар бас бостандығы жоқ құлға екі есе сауаб дайындалған.
Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:
Абу Храйрараның жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, егер Аллаһ жолындағы күрес, сондай-ақ Қажылық және менің шешеме байланысты жақсы қарым қатынас болмаса, онда, расында, мен құл болып өлуді қалар едім! Аль-Бухари, Муслим.
1364. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Раббысының алдында дұрыс құлшылық етіп және қожайынының хақысын адал әрі бұлжытпай орындаған бас еркіндігі жоқ (құлға) екі есе сауап дайындалған.
1365. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Үшеуге екі есе сауап дайындалған: өзінің Пайғамбарына, сосын Мухаммадқа иман келтірген Кітап иелерінің ішіндегі адамға, Аллаһқа және өзінің қожайынына қатысты хақыларын орындаған бас бостандығы жоқ құлға, сондай-ақ қол астында күңі болып, оны жақсылап тәрбиелеген, сондай-ақ оған білім берген, ал сосын оны босатып оған үйленген адамға, - осылардың бәріне екі есе сауап дайындалған. Аль-Бухари, Муслим.
239 ТАРАУ
Тыныш емес уақытта, ал дәллірек айтсақ тәртіпсіздік, фитна қаптаған уақытта және осыған ұқсас уақыттарда құлшылық етудің қасиеті жайлы.
1366. Хабар бойынша, Мқыл бин Йаср, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Тынышсыз уақытта құлшылық еткен маған хижра (көш) жасағанмен тең. Муслим.
240 ТАРАУ
Сауда жасаушы, алушы және беруші адмның кеңшілік жасағанның қасиеті, сондай-ақ қарызды төлеп оны талап еткенде кеңшілік көрсетудің қасиеті, сондай-ақ көбірек таразылу және көбірек өлшеудің жақсылығы, сондай-ақ таразылығында кемітуге тыйым салнығандығы, сондай-ақ мүмкіншілігі бар адамның қарыз өтеушіге қарыз өтеу уақытын созу және оны кешірудің қасиеті жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:
«Хайырдан не істесеңдер күдіксіз Аллаһ оны біледі» «Бақара» сүресі, 215 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«Иә елім! Өлшеуді таратуды толық орындаңдар, адамдардың нәрселерін кемітпеңдер!…» «Худ» сүресі, 85 аят.
Аллаһ Тағала айтты:
«Өлшеу тартуда кеміткендерге нендей өкініш! Олар қашан өлшеп алса толық өлшеп алады да. Қашан олар, өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді. Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма? Ол зор күн үшін? Ол күні адамдар, бүкіл әлемнің Раббының алдында тұрады.» «Мутаффифун» сүресі, 1-6 аяттар.
1367. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде бір адам Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, дөрекі түрде қарызының қайтарылуын талап ете бастады1. Сахабалар оны бұл қылығы үшін сазайын тарттырмақшы болды, бірақ Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Оны қойыңдар, расында хақысы бардың, сөйлеуге де хақысы бар”2, - деді. Сосын ол: “Оған оның түйесінің жасындай түйені қайтарып беріңдер”, - деді. Адамдар: “Біз тек қана оның түйесінен жасы үлкен түйені ғана қарастыра аламыз”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Оған ол түйені беріңдер, расында, қарызын жақсы түрде қайтаратындар, араларыңдағы жақсыларың болып саналады!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.
1368. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сатқанда, сатып алғанда және қарызын қайтаруын талап еткенде кеңшілік көрсеткен адамды, Аллаһ мейіріміне бөлесін! Аль-Бухари.
1369. Хабар бойынша, Абу Қатад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімді Аллаһтың Ахіретте қасіреттен құтқаруы қуандыратын болса, онда ол қиыншылыққа тап болғанға (көмек жасап) жеңілдетсін не оны кешірсін. Муслим.
1370. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Адамдарға жиі қарыз беруші бір адам, қызметшісіне: “Қиыншылыққа тап болған адамға келсең оны кешре сал, бәлкім Аллһ та бізді кешіреді”, - дейтін. Ол Адам Аллаһты кездестіргенде, Ол оны кешірді. Аль-Бухари, Муслим.
1371. Хабар бойынша, Абу Масъуд аль-Бадр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Сендерге дейін өмір сүрген бір адамнан есеп алған кезде, оның қаражатты адам болып адамдармен көп істер жасап сол кезде адамдар қиындыққа тап болған кезде, қызметшілеріне оларды кешіре салуын бұйырғаннан басқа игілігті істері болмапты, сонда Ұлы Аллаһ Та,ала: “Біздің мұндайға1, оған қарағанда хақымыз (қабілетіміз) көбірек, оны жайына қойыңдар!!. – деді. Муслим.
1372. Хабар бойынша, Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһ Тағалаға, Ол байлық нәсіп еткен құлын алып келеді де, Ол одан: “Сен жердегі өміріңде не істедің?”, - деп сұрайды, ал олар болса еш нәрсені жасыруға шамалары келмейді. Жауап ретінде ол: “Иә Раббым менің, Сен маған байлық сыйладың да, мен болсам адамдармен сауда істерін жүргіздім. Маған кешірім жасаушылық бейім болды және мен қаражатты адамдарға жеңілдік жасайтынмын және қиыншылыққа тап болған адамға қарызының мерзімін ұзартатынмын”, - деді. Сонда Аллаһ Тағала: “Менің ондайға, оған қарағанда хақым (қабілетім) көбірек, менің құлымды (еркіне) қойыңдар!”, - дейді.
Уқба бин ЪАмиір және Абу Масъуд, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дейтін:
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аузынан бұл сөздерді дәл осылай естігенбіз. Муслим.
1373. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кім қиыншылыққа тап болғанның қарызын өтеуге уақытын ұзартса, не болмаса оны кешірсе, ондай құлды Аллаһ тағала көлеңкелер болмаған күні Өзінің Күрсісінің (Тағының) төлеңкесіне алады. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы сенімді хадис”, деп келтіреді.
1374. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Кезінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менен түйе сатып алып оның ақшасын өлшеп бергенімен қоса оның үстінен кішкене қосып берді. Аль-Бухари, Муслим.
1375. Хабар бойынша, Абу Сафуан Сууайд бин Қайс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Бірде біз Махрама аль-Ъабдимен бірге Хаджардан киім алып келдік, сонда бізге Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп бізден сатып алмақшы болып (ауы кең) шалбар алатын болып келісті. Ал менде ақыға өзінің ісімен айналысатын таразшы болды, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сол таразшыға: “Көбірек өлше”, - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |