Имам Мухйиддин ан-Науауи Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!



жүктеу 12,07 Mb.
бет2/6
Дата25.12.2017
өлшемі12,07 Mb.
#6003
1   2   3   4   5   6
1 ТАРАУ

Құпия болсын, жария болсын - әрдайым және кез келген уақытта, барлық амалында және сөзінде адал (ықыласты) болу және ізгі ниетті ұстану жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Олар; ғибадатты, нағыз Аллаһқа шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы тұп-тура дін» «Бәййіна» сүресі, 5 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Ешқашан құрбанның еттері, қандары Аллаһқа үлгермейді (жетпейді) Бірақ сендердің тақуалықтарың үлгереді (жетеді).» «Хажж» сүресі, 37 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«(Мухаммад,) оларға: "Көңілдеріңде бір нәрсені жасырсаңдар Аллаһ оны біледі. Әрі Аллаһтың барлық нәрсеге толық күші жетуші", - де» «Аль-Имран» сүресі, 29 аят


1. Хабар бойынша, діндарлардың басшысы (халифа) Омар бин аль Хаттаб1 оған АллаҺтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шын мәнінде, әр амалдың ниетімен байланысы бар, шындығында адамға бұйыратыны, (сол амалдан) тек қана қалаған ниеті. Егер адамның көші2 Аллаһ және Аллаһтың елшісі үшін болса, онда ол Аллаһқа және Аллаһтың елшісіне көшеді, ал оның қалағаны дүние рахаты не болмаса бір әйелге үйлену мақсатында болса, онда сол көштің мақсатына көшеді. аль-Бухари, Муслим


2. Хабар бойынша, мұсылмандардың анасы, Умм Абдаллаһ Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

(Бірде) Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Қағбаға қарай жасақ аттанады, олар жердің шөлді жеріне жеткенде, жер оларды біріншісінен соңғысына дейін (бәрін) жұтады". Мен: "Я Аллаһтың елшісі, қалайша жер олардың бәрін жұтады, олардың арасында, жәй оларға қатысы жоқ адамдар да болады емес пе?”, - деп сұрадым. Ол: "Олар біріншісінен соңғысына дейін (бәрі) жұтылады, ал сосын қайта тірілгенде, оларға ниеттеріне қарай тиістісі беріледі”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.


3. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Жеңістен3 кейін көшудің (хижраның) керегі жоқ, бірақ ізгі ниет және Жихадқа4 қатысудың міндеті тоқтаған жоқ, егер сендерді (оған) шақырса, онда оған асығыңдар." Аль-Бухари, Муслим.



Бұл дегеніміз, Мекке төңірегі Ислам тараған мекен болғандықтан, одан көшудің қажеттілігі тоқтаған.
4. Хабар бойынша, Абу Абдаллаһ Жабір бин Абдаллаһ аль-Ансари, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге қатысқан бір жорықта, ол былай деді: “Шын мәнінде, сендер қай жолмен жүрсеңдер де, қандай қырдан ассаңдар да, Мединалықтардың арасында ауырып жорыққа шыға алмағандар, бәрібір сендермен бірге болды.



Бұл хадистің басқа хабарында оның былай деп айтқаны келтіріледі:

"...әрдайым сендермен бірге сауабты бөлісіп отырды". Муслим.



Аль-Бухаридің Анастан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген хабарында, оның былай деп айтқаны келтіріледі:

Біз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Табук соғысынан қайтып келе жатқанымызда, былай деді: "Шындығында, біздің артымызда, Мединада орынды себептермен қалған адамдар бар, бірақта олар біз қайсы бір таулы жолмен жүрсек те, қай бір қырдан ассақ та олар бізбен бірге болды1.


5. Хабар бойынша, өзінің әкесі және атасы өзі сияқты сахаба болған, Абу Йазид Маън бин Йазид бин аль-Ахнас, олардың бәріне Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бірде менің әкем Йазид, садақа тарату ниетімен, қалтасынан бірнеше динар алып, мешіттің қасындағы адамның (ол оны мұқтаждарға берсін, деп) жанына қойып кетті. Сосын ол жерге мен келдім де, ол ақшаны алып2 әкеме әкеліп бердім. Ол: "Аллаһтың атымен ант етемін, мен ол ақшаны саған беру үшін қойған жоқпын!", - деді. Бұдан кейін мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, біздің дауымызға төреші болуын сұрадым. Ол: "Я Йазид, - саған сенің тапқың келген ниетің, ал саған – сенің алғаның, я Маън”, - деді. Аль-Бухари.


6. Хабар бойынша, жәннәт жайлы қуанышты хабар естіген онның бірі, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, Абу Исхақ бин Абу Ваккас Малик бин Ухайб бин Абд Манаф Ибн Зухра бин Қиляб бин Мурра бин Қаъб бин Лууайй аль-Кураши аз-Зухри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

"Қоштасу қажылығы болған жылы, мен қатты ауырып, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған көңіл айтып келгенде, мен одан: “Шындығында, мені мына аурудың қандай жағадайға жеткізгенін, сен көріп тұрсың! Мен баймын, менің қызымнан басқа еш мұрагерлерім жоқ, сондықтан мен байлығымның үштен екі бөлігін кедейлерге таратсам болады ма?”, - деп сұрадым. Ол: “Жоқ”, - деді. Мен: “Ал жартысын ше, я Аллаһтың елшісі?”, - дедім. Ол: “Жоқ”, - деді. Мен: “Үштен бірін ше?”, –деп сұрадым. Ол: “Үштен бірін, бірақ үштен бірі де көп болады, шындығында, саған мұргерлеріңді дүниесіз, адамдарға мұқтаж етіп қалдырғаныңнан, оларды бай етіп қалдырғаның жақсы. Шындығында, сен Аллаһ жолында жаратқаныңның барлығы үшін сауаб табасың, керек десең, әйеліңнің аузына салған асың үшін де сауаб бар”, - деді. Сонда мен: “Я Аллаһтың елшісі, мені менің жолдастарым осы жерден кеткеннен кейін мұнда қалдырады ма?”1, – деп, сұрадым. Ол: “Сені бұл жерде ешқашан қалдырмайды. Сен қайбір сауабты амал жасасаң, ол сені әлбетте жоғарылатады. Бәлкім сен арқылы біреу жақсылық табу үшін және сен арқылы біреу соққы алу үшін, әлі көп өмір сүресің2. Иә Аллаһ, менің сахабаларымның көшін аяқта3 және оларды шегінуге мұқтаж еткізбе! Иә бейшара, Саъд бин Хауля!", - деп, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол адамның Меккеде өлгеніне өкініштерін білдіріп жатты. Аль-Бухари, Муслим.


7. Хабар бойынша, Абу Хурайра Абд Ар-Рахман бин Сахр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шындығында, Аллаһ Тағала сендердің денелеріңе, не сырт көріністеріңе қарамайды, бірақ Ол сендердің жүректеріңе қарайды. Муслим.


8. Хабар бойынша, Абу Муса Абдуллаһ бин Каис аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “мыналардың қайсысы Аллаһтың жолымен жүрген болады: оның батырлығы жайлы айтуы үшін шайқасушы ма, әлде ашу-ыза ықпалымен шайқасушы ма, не болмаса көрер көзге шайқасушы ма?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жауап берді: "Кім Аллаһтың сөзі жоғары болу үшін шайқасса, сол Аллаһтың жолында соғысқан болады." Аль-Бухари, Муслим.


9. Хабар бойынша, Абу Бакр Нуфайъ бин аль-Харис ас-Сакафи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Егер екі мұсылман қылыштарын айқастырып соғысса, онда өлген де, өлтірген де тозақта болады". Мен: "(Тозаққа) өлтірген түссе әділ болады, ал өлген неліктен түседі?!", - деп сұрадым. Ол: "Өлген де өзінің жолдасын өлтірмекші болған жоқ па", - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.


10. Хабар бойынша, Абу Хурайра Абд Ар-Рахман бин Сахр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамның жамағатпен оқыған намазы, үйінде, не базарда оқыған намазынан жиырма дәреже жоғары. Өйткені мұсылмандардың кез келгені, дұрыстап дәрет алса, ал одан кейін мешітке тек қана намаз оқу ниетімен ғана, одан басқа ешбір ниетпен келмеген болса, онда ол мешітке кіргенге дейінгі әр қадамы үшін міндетті түрде бір дәреже көтеріледі және одан кішігірім бір күнәдан түсіп отырады. Ол мешітке кіргеннен кейін, егер де ол онда тек қана намаз үшін қалса, онда ол сол жердегі болған барлық уақытында намаз үстінде болған есептеледі1, және періштелер, намаз орнында болған кез-келгенің үшін былай: "Иә Аллаһ оған рахым көрсет, иә Аллаһ, кешір оны, иә Аллаһ оның тәубесін қабыл ал!", - деп жалбарынады және бұл жағдай, ол үшін, сол жерде ешкімді ренжітпегенше және дәреті бұзлмағанша жалғасады. Аль-Бухари, Муслим.


11. Хабар бойынша, АбулАббас Абдуллаһ бин Аббас бин Абд аль-Мутталлиб, ол екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің Тәңірі Мәртебелі Аллаһ Тағаланың сөздерінен, былай деп айтқанын жеткізген:

Шындығында, Аллаһ Тағала жаман және жақсы амалдарды жазып, оны түсіндірді2: “Кімде-кім, бір жақсы амал орындамақшы болса (ниеттенсе), бірақ оны орындамаса (орындай алмаса), Мәртебелі Аллаһ Тағала Өзінде (ол адамға, сол амалды орындағанындай) толық бір амалдың сауабын жазады. Егер адам жақсы амалды орындамақшы болып, оны орындаса, Аллаһ Өзінде ол адам үшін, оннан жеті жүзге дейін, және одан да көп жақсы амалдың сауабын жазады. Егер адам бір жаман іс жасамақшы болып, бірақ оны жасамаса3, Аллаһ Өзінде ол адам үшін толық бір жақсы амалдың сауабын жазады. Егер адам бір жаман іс жасамақшы болып, оны орындаса, Аллаһ (ол адамға) бір күнә жазады." Аль-Бухари, Муслим.


12. Хабар бойынша, Абу Абд ар-Рахман Абдуллаһ бин Умар бин аль-Хаттаб, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естіген:

Бір кездері сіздерге дейін өмір сүрген үш адам жолға шығып, түнемекке бір үнгірге тоқтайды. Олар сол үңгірге кіргенде таудан бір үлкен тас құлап, үңгірдің шығар тесігі жабылып қалады. Сонда олар: "Шындығында, бұл тастан бізді, Аллаһ Тағалаға жақсы амалдарымызды айтып, жалбарыну ғана құтқара алады4", - десті.

Одан кейін, олардың бірі былай деді: "Я Аллаһ, менің қартайған ата-аналарым болды, мен кешке оларға сүт бермейінше, не үй ішіндегілерге, не құлдарға сүт бермейтінмін. Бірде мен ағаштарды5 іздеп жүріп үйден алысқа кетіп қалыппын, ал сосын үйге қайтып келсем, олар ұйықтап жатыр екен. Мен сүт сауып болған соң, олардың ұйықтап жатқанын көріп, оларды оятқым келмеді, және де олардан бұрын үй іші мен құлдарға да сүт бергім келмеді. Сонымен мен таң атқанша олардың оянғанын қолымдағы ыдыспен күтіп тұрдым. Сол уақыт бойы аяғымның жанында балаларым қарындары ашып жылап жатты. Сосын менің ата-анам оянып өздерінің кешкілік ішетіндерін ішті. Иә Аллаһ, егер осының бәрін мен Сенің ризалығың үшін істеген болсам, бізді осы тастың кесірінен болған жайымыздан құтқар!" Осыдан кейін тас орнынан кішкене қозғалды, бірақ олардың өтуіне әлі де орын босамады.

Басқасы былай деді: "Иә Аллаһ, менің адамдардың ішінен бәрінен де артық жақсы көретін (ғашық болған) бөле қарындасым болды..."



Бұл хадистің басқа нұсқасында оның былай деп айтқаны хабарланады:

"...еркектер әйелдерді қалай жақсы көреді, мен де оны сондай қатты жақсы көретінмін және қалайтынмын, бірақ ол маған қарсылық көрсететін. Бұл жағдай құрғақшылық жылы келгенше болды. (Сол жылы) ол маған келген кезде, мен оған менің еркіме көнуі үшін, жүз жиырма динар бердім. Сонымен ол менің дегеніме көнетін болды; ал мен болсам онымен жақындасуға мүмкіншілік алдым..."



Бұл хадистің басқа нұсқасында оның былай деп айтқаны хабарланады:

"... мен оның екі аяғының ортасына отырғанымда, ол: "Аллаһтан қорық, хақысыз бұл пердені бұзба”, - деді. Сол кезде мен оны қанша бәрінен де артық сүйсем де, берген алтынымды қалдырып, оған тиіспей кетіп қалдым. Иә Аллаһ, егер мен осыны, сенің ризалығыңды табу үшін істеген болсам, онда бізді қазіргі душар болған жағдайымыздан құтқар!” Осыдан кейін тас тағы да орнынан кішкене қозғалды, бірақ әлі де олардың өтуіне орын босамады.

Үшіншісі былай деді: "Иә Аллаһ, шындығында, мен жұмыскерлерді жұмысқа жалдап, олардан өзі қалдырып кеткен біреуінен басқасының бәріне еңбек ақыларын төледім. Ал мен болсам алмағанның ақшасын пайдаланып оны көбейттім. Сосын күндердің күнінде ол маған келіп: "Иә Аллаһтың құлы, менің ақымды бер”, - деді. Сонда мен оған: "Сенің ақың мына көріп тұрған бүкіл түйе, сиыр, қой және құлдар”, - дедім. Ол болса: «Сен менімен қалжыңдама, иә Аллаһтың құлы!», - деді. Мен: «Мен саған қалжыңдап тұрған жоқпын», - дедім. Содан соң ол маған ешнәрсе қалдырмай, соның бәрін алып, айдап кетті. Иә Аллаһ, егер мен осыны, Сенің ризалығыңды табу үшін істеген болсам, онда бізді қазіргі душар болған жағдайымыздан құтқар!” Содан кейін тас, олар өте алатындай қашықтықта орнынан жылжып, олар сыртқа шығып кетті. Аль-Бухари, Муслим.


2 ТАРАУ

Тәубе жайлы.
Ислам ғұламалары әр-бір жасалған күнәға тәубе келтіру керек, деген. Егерде жасалған күнә тек қана Аллаһ Тағаланың алдында ғана болып, ол күнәсінен басқа адамдар зардап шекпесе, онда тәубе мына үш жағдайды қанағаттандыруы керек:

біріншіден, адам ондай күнә жасаудан бас тартуы керек;

екіншіден, сол жасаған күнәсі үшін өкінуі керек;

үшіншіден, ондай күнәні ендігәрі қайталамауға бекем бел байлауы керек.

Егер тәубеге келуде, осы жоғарыда айтылған шарттардың бірі орындалмаса онда тәубе қабыл болмайды.

Егер жасалған күнәдан, басқа бір адам зардап шеккен болса, онда тәубеге келу, төртінші жағдайды қанағаттандыру керек.

Төртіншісі, ол зардап шеккен адамның алдында айыбын жууы. Күнә ұрланған, не болмаса тартып алынған және осыларға ұқсас түрде хақысыз алынғын ақша, не басқа да бағалы заттармен қатысы болса, онда ақысыз алынған дүние, зардап шеккен адамға қайтарылуы тиісті. Ал егер де жағдай жала жабу, не болмаса басқа, барлық Құранға және Сүннетке байланысты жазаға тартылуға тиісті күнәләр жайлы болса, онда айыпкер өзін, өз еркімен жазаға беруі керек, не болмаса зардап шеккен адамнан кешірім сұрауы керек. Ал егер күнә, біреудің артынан ғайбаттау жайлы болса, онда айыпкер сол адамнан, сондай сөздер айтуға рұқсат алуы тиісті1. Үлкен-кішісіне қарамай барлық жасалған күнә үшін таубе жасалуы керек. Егер адам жасалған күнәләрінің бір бөлігіне ғана тәубе келтірсе, онда Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетімен жүрушілердің ойынша, қабыл деп есептелінеді2. Дегенмен ол күнәләрінің басқа қалған бөлігі үшін де тәубе келтіруі тиісті, неге десеңіз тәубеге келудің міндеттілігіне, Құран мен Сүннет және ғұламалардың ойы дәлел.


Аллаһ Тағала айтты:

«…Әй мүминдер, түгел Аллаһқа тәубе қылыңдар! Әрине құтыласыңдар.» «Нұр» сүресі, 31 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң оған тәубе етіңдер….» «Һұд» сүресі, 3 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Аллаһқа шынайы тәубе қылыңдар…» «Тахрим» сүресі, 8 аят.


13. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: "Аллаһтың атымен ант етемін, мен Аллаһтан күніне жетпістен астам рет кешірім сұраймын3 және тәубеге келемін" Аль-Бухари.


14. Хабар бойынша, аль-Агарр бин Йасир аль-Музани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Иә адамдар, Аллаһқа тәубе келтіріңдер және Одан кешірім сұраңдар, мен болсам, Аллаһқа күніне жүз рет тәубе келтіремін." Муслим.


15. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қызметшісі Абу Хамза Анас бин Малик аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

«Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Расында, Аллаһ, Өзінің құлының тәубесіне, сендердің, шөлде жоғалтқан түйесін кенеттен тапқан, кез келегеніңнен де артық қуанады"» Аль-Бухари, Муслим.



Муслимнің нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны хабарланады:

«Сендерден біреу, шөл далада мініп келе жатқан, үстіне бүкіл тамағы және суы бар түйесі жұлынып қашып кетіп, ол оны табуға үміті үзіліп, бір талдың көлеңкесіне келіп жатты. Сондай жағдайда жатқанда кенеттен, оның түйесі, жоғалтқан бүкіл азығымен жанынан табылады, сонда ол түйесінің жібінен ұстап: "Иә Аллаһ, Сен – менің құлымсың, ал мен – сенің Тәңіріңмін!", - деп қуанғанынан бүкілін қалай шатастырып алғанын білмей қалған құл, қалай қуанса, шындығында, Аллаһ Өзінің құлының тәубесіне одан да артық қуанады.»


16. Хабар бойынша, Абу Муса Абдулла бин Кайс аль-Ашъри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала, күндіз қай бір жамандық жасағанның тәубесін қабыл алу үшін, оған түнде Өзінің қолын созады. Ал түнде қай бір жамандық жасағанның тәубесін қабыл алу үшін, оған күндіз Өзінің қолын созады2. Және бұл, күн бататын жағынан шықпайынша жалғасады3 Муслим.


17. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

«Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Аллаһ, күн, бататын жағынан шыққанша тәубеге келіп үлгергеннің, тәубесін қабыл алады”. Муслим.


18. Хабар бойынша, Абу абд ар-Рахман Абдуллаһ бин Омар бин аль-Хаттаб, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Мәртебелі Аллаһ Тағала Өзінің құлының тәубесін, ол өлер алдындағы соңғы қырылы шыққанша қабылдайды. Бұл хадисті жеткізуші ат-Тирмизи бұны «Жақсы хадис», деген.


19. Хабар бойынша, Зурр бин Хубайш былай деді:

«Бірде, мен аяқ киімге4 масих тарту жайлы сұрайын, деп Саффан бин Ассалға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келдім. Ол: "Сені алып келген не, иә Зарр?" -, деп сұрады. Мен: "Білімге деген талпыныс" – дедім. Ол: "Шындығында, өздерінің ризашылығын білдіру үшін періштелер, білім іздегендерге сол іздегендері үшін, қанаттарын тигізеді!", - деді. Одан кейін мен: "Мені, үлкен дәрет пен кіші дәретті сындырғаннан кейінгі, масих тарту жайлы сұрақ, тыным бермей жүр, сен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының бірі болдың ғой, сондықтан мен сенен осы туралы бір нәрсе естідің бе, деп сұрағалы келдім?", - дедім. Ол: "Иә, егер біз сапарда болған болсақ, ол бізге, аяқ киімді үш күн ішінде тек қана жүніп1 болған жағдайда ғана шешу керектігін, ал қалған жағдайда, яғни үлкен және кіші дәрет сындырғанда және ұйқыдан кейін шешудің керегі жоқтығын2, айтқан", - деді. Одан кейін мен: "Сен оның сүйіспеншілік жайлы айтқанын естідің бе?", - деп сұрадым. Ол: «Иә, бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сапарда болғанда, оған бір бәдәуи келіп: "Иә Мухаммад!", - деп дауыстады. Аллаһтың елшісі де, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған қатты дауыспен: "Мен мұндамын", - деп жауап берді. Мен: "Аллаһ саған рахым етсін, сен Аллаһтың елшісінің алдында тұрған жоқсың ба, даусыңды бәсеңдет, саған олай сөйлеуге тыйым салынады", - дедім. Бірақ ол: "Аллаһтың атымен ант етемін, мен ақырын сөлемеймін!", - деді де, ол бәдәуи Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Адам бұл адамдарды жақсы көреді, бірақ әлі оларға қосылған жоқ3". Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: "Қайта тірілетін күні ол адам, жақсы көрген адамдарымен бірге тіріледі", - деді».



Зурр бин Хубайш сөзін былай жалғастырды:

"Сосын ол сөзін, батыстағы енін аттылы қырық жыл, не жетпіс жыл шауып өтетін қақпалар жайлы айтқанша жалғастырды."



Бұл хадисті жеткізушілерінің бірі, Суфйан былай деді:

"Бұл қақпалар Шам бағытында (яғни батыста). Аллаһ Тағала оларды, көк пен жерді жаратқан кезде-ақ, тәубелерді қабыл алу үшін ашық қылап жаратқан, және олар сол жақтан (яғни батыстан) күн шықпайынша жабылмайды"». Ат-Тирмизи және басқа да мухаддистердің риуаяты бойынша. Ат-Тирмизи бұл хадисті «Жақсы әрі сенімді хадис», деген.


20. Хабар бойынша, Абу Саъид Саъда бин Малик бин Синана аль Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Сендерге дейін өмір сүрген адамадардың ішінен, тоқсан тоғыз адамды өлтірген біреу, жер бетіндегі ең білгір адамды іздепті. Оған Исрайл ұрпақтарынан бір машайық (монах) туралы айтыпты. Сонда ол, оған келіп, мен тоқсан тоғыз адамды өлтірдім, енді менің тәубеге келуімнен пайда бар ма?, - деп сұрапты. Ол (машайық) оған: "Жоқ", - деп жауап берген кезде, ол оны өлтіріп, өлтірген адамдарының санын жүзге жеткізіпті. Сосын ол тағы да жер бетінде білгір адамды іздепті. Сонда оған бір білгір адамды көрсетіпті. Ол онымен кездесіп, оған өзінің жүз адам өлтіргенін айтып, енді маған тәубеге келудің пайдасы бар ма?, - деп сұрағанда, ол оған: "Иә. Тәубеге келушіге, кім тәубеге келуіне кедергі жасай алады? Осындай да осындай жерге бар, сол жерде Аллаһ Тағалаға құлшылық етушілер тұрады, солармен бірге Аллаһқа құлшылық ет те, одан кейін өзіңнің жеріңе қайта оралушы болма, бұл жерде залымдық жасалып жатыр", - деп айтыпты. Сонымен ол сол жерге аттанады, бірақ жарты жолда ол баратын жеріне жете алмай ол қаза табады. Сол себепті мейірім періштелері мен қинау періштелері өзара тартыса бастайды. Мейірім періштелері: "Ол Аллаһ Тағалаға жүрегімен тәубе етуге келе жатты", - дейді. Ал қинау періштелері: "Шындығында, ол өмірінде бірде-бір ізгілік (жақсылық) жасамаған", - дейді. Сол кезде оларға адам кейіпінде бір періште келіп, оны олар өздерінің тартысына төреші етіп тағайындайды. Ол оларға: "Екі жердің1 арасын өлшеңдер, ол қай жағына жақын болса сол жердіңкі болып табылады", - дейді. Екі жақты өлшеп қарағанда, оның бара жатқан жағының жақын екені анықталып, оны2 мейірім періштелері өздерімен алып кетеді.» Аль-Бухари, Муслим.



Муслимнің "Сахихындағы” бұл хадистің басқа хабарында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

«Ол тақуалардың тұратын жеріне бір қарыс жақын болғандықтан оны сонда тұратындардың қатарына қосады».



Аль-Бухаридің "Сахихындағы” бұл хадистің басқа хабарында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

«Сонда Аллаһ Тағала жердің бір бөлігінің ұзаруына, ал екінші бөлігінің кемуіне әмір берді де: "Екі жақтың ара-қашықтығын өлшеңдер", - деді. Сонда олар оның бұл жағының3 қарысқа қысқа екендігін анықтап, оның бүкіл күнәләрі кешірілді».



Муслимнің "Сахихындағы” бұл хадистің тағы бір хабарында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

«...ол жүрегімен соған4 тырмысты»


21. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Қаъб бин Малик, Қъабтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, көзі көрмей қалғанда оған жетекші болған баласы, ол әкесінің Табук жорығына пайғамбармен, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бармай Мединада қалғаны жайлы әңгімесінде былай дейді:

Қаъб айтты:

«Мен Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қатысқан Табуктан басқа бірде бір жорықты қалдырған емеспін. Дегенмен, мен Бадр5 соғысына қатысқан жоқпын, бірақта ол жорыққа Пайғамбар басқа мұсылмандармен, соғыс үшін емес, құрайыштардың саудаға шыққан керуенін басып алу ниетімен аттанғанымен, Аллаһ оларды соғысуға шарттаспаған жауларымен кездестірді, сондықтан Пайғамбар ол соғысқа қатыспағандарды сөккен емес. Мен Исламға толығымен мойынсұнуға ант берген, Ақаба түнінде болғанмын. Бадр шайқасы адамдар арасында көп даңққа ие болғанымен, мен Ақабаны Бадр шайқасына айырбастамас едім. Ал енді менің Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Табук жорығына бармаған хикаямды айтатын болсам, ол кезде мен дәл сол кездегідей еш уақытта күшті әрі толығымен қамтамасыз етілген емес едім. Аллаһтың атымен ант етемін, менің сол кезге дейін еш уақытта екі түйем болған емес, ал жорық алдында менің екі түйем болды. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы айтатын болсақ, ол жорыққа шығар алдында қайда баратынын міндетті түрде жасыратын.6 Бұл жолы да жорыққа аттанатын уақыт жеткенше, дәл солай болды. Жорыққа Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аптаған ыстықта аттанды, әрі жорық жолы өте ұзақ, сусыз дала және көптеген жауларға толы еді. Мұсылмандардың жорыққа дайындалуына мүмкіншілігі болуы үшін, ол істің мәнін түсіндірді, ал сонан соң қайда баратынын жариялады. Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жиналған мұсылмандардың санының көптігі соншама, оның есебін білу қиын еді.



Қаъб сөзін былай жалғастырды:

Сол барғысы келмеген азын-аулақ жұрт, өздерінің жоқтығын ешкім байқамайды деп есептеді. Бірақ бұл жағдай Аллаһ Тағаладан уахи түскенше ғана жалғасты. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл жорыққа жемістер пісіп, ағаштардан мені қызықтыратын тамаша көлеңкелері түсетін уақытта аттанды. Сонымен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, басқа мұсылмандармен жорыққа дайындалып жатты, ал мен болсам олармен бірге таң ертең дайындалу ниетімен шығып, ал кешке қарай өз-өзіме: "Мен бұны кез-келген уақытта істегім келсе істеймін", - деп ештеңе істемей құр оралатын болдым. Басқалар дайындалып жатқанда мен осы ниетімнен таймадым. Сонымен ақыр аяғында бір күні таңертеңгілік Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, басқа мұсылмандармен бірге жолға аттанды, ал мен болсам сол дайындалмаған күйде қала бердім. Сол кезде мен тағы да таңертең шығып кешке жақын еш нәрсе жасамай қайта оралдым. Мен осындай ду-дамал күйде жүргенімде, жорықшылар жылдам қозғалған күйде алысқа кетіп қалды. Ал мен болсам, жолға шығып оларды қуып жетпекші болдым. Шіркін солай істей алсам еді! Бірақ та бұл маған нәсіп етілмеді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жорыққа аттанып кеткеннен кейін, екі жүзді, деп айып тағылатындар мен Аллаһ Тағаланың Өзі ақтаған әлсіздерден басқа, адамдардың арасынан өзім сияқтыларды7 кездестірмедім, мінеки осы жәй мені бәрінен де қатты өкіндіретін.

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы айтатын болсақ, ол Табукқа жетпейінше мені есіне алмады. Ал ол сол жерге жетіп адамдардың арасында отырғанда: "Ал Қаһб бин Малик не істеп жүр?", - деп сұрады. Бану салим руынан бір адам: "Ия Аллаһтың елшісі, оны онда екі киімі мен тәкәппарлығы ұстап қалды", - деді. Сол кезде Муъиз бин Жабал, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: "Сен нендей жаман сөз айттың! Аллаһтың атымен ант етемін, ия Аллаһтың елшісі, біз оның тек жақсылықтарын білеміз!", - деді. Аллаһтың елшісі ештеңе айтпады және сол уақытта түскілік күннің ыстығындағы сағымда ақ киімді бір адамды көріп: "Бұл Абу Хайсам болса керек", - деді. Шынымен-ақ, бұл екіжүзділіердің, оның бір саъ1 құрма садақа бергені үшін, мазақ қылған2 Абу Хайсам аль-Ансари еді.

Қаъб сөзін былай жалғастырды:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Табуктан келе жатқанын естігенімде, менің бойымды қатты қайғы биледі. Мен сасқанымнан: "Ертең оның ашуынан қалай құтылсам екен?", - деп өзімнің жанұямның әр-бір ақылды адамынан көмек сұрап, түрлі өтірік ақтаулар іздей бастадым. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Мединаға жақындап қалды дегенде, менің бойымдағы өтіріктің дымы да қалмады, жалғанмен оның ашуынан құтыла алмайтынымды біліп, тек қана шындықты айтуға бел будым.

Таңертеңгілік ол Мединаға оралды, ол әдетінше қай бір сапардан оралмасын ең бірінші мешітке кіріп екі ракағат намаз оқып, сонда адамдармен сұқбаттасатын. Ол осының бәрін орындап болған соң, оған өздерінің ақтауларын айтып және ақтауларын анттарымен растап, Мединада қалған адамдар келе бастады. Ол болса олардың ақтауларын қабыл алып, олар үшін Аллаһтан кешірім сұрап, ал олардың бүкіл ішкі жан дүниесіндегі ниетін Аллаһтың Өзіне тапсырп жатты. Мұндай адамдар саны сексеннен артық жиналды. Сосын оған мен келіп онымен амандастым, ол ашуын жасырған адамның жүзімен жымиып: "Кел!”, - деді. Мен оның жанына жақындап келіп отырдым, ол менен: "Сен түйелерді сатып алмап па едің, сені мұнда қалдырған не?", - деп сұрады.

Қаъб сөзін былай жалғастырды:

Мен: "Ия Аллаһтың елшісі! Аллаһтың атымен ант етемін, егерде мен қазір басқа адамның алдында отырсам, жалған ақтаулармен құтылар едім, олай айтатыным, менің шешендігім бар. Бірақ, Аллаһтың атымен ант етемін, егер қазір мен сенен жалған сөйлеп құтылсам, Аллаһ бәрібір жақын бір күндері сені маған ашуландырар еді. Ал егер саған шындықты қазір айтсам, онда сен маған қазір ашуланасың, бірақ осы арқылы Ұлы Аллаһ Тағала, бұның соңын игілікке әкеледі ме деген үмітім бар! Аллаһтың атымен ант етемін, мен қалған кезімде еш уақытта сондай күшті әрі бүкілімен жақсы қамтамасыз етілген емес едім, менің ақталатын ешқандай сылтауым жоқ!", - дедім.

Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: "Бұл жайлы айтатын болсақ, ол шындықты айтты. Тұр, енді Аллаһтың Өзі сен жайлы шешім қабылдағанша күт", - деді. Осыдан кейін маған абу Салима руынан адамдар келіп: "Біз сенің күнәлі істер істегеніңді көрген емеспіз, ал сен болсаң Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдында ақтала да алмадың. Сен үшін Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Ұлы Аллаһ Тағаладан қалғандарына кешірім сұрағанындай кешірім сұраса, саған жеткілікті болар еді!", – деп, айта бастады.

Қаъб сөзін былай жалғастырды:

Аллаһтың атымен ант етемін, олардың мені осылай кінәләй бергені соншалық, менің ойыма, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қайта оралып, мен өтірік айттым деп айтқым келген кездер де болды. Сондай кездердің бірінде, менің: "Мен сияқты халде жүрген біреулер бар ма екен?”, - деген сұрағыма олар: "Иә, сен сияқты айтқан екеу бар, саған айтылған жауап оларға да айтылды", - деді.



Қаъб сөзін былай жалғастырды:

Мен: “Ол екеуі кім?”, - деп сұрадым. Маған: “Олар Мурара бин Рабиъа аль-ъАмири және Хиляль бин Умаййа аль-Уакифи" -, деді.



Қаъб сөзін былай жалғастырды:

Олар осылай маған, Бадр соғысына қатысқан екі тақуа адамның атын атады. Мен болсам өз-өзіме: "Маған осылардан үлгі алу керек", - дедім.



Қаъб сөзін былай жалғастырды:

Маған осы екеуінің атын айтқан соң, мен бәрін сол қалпында қалдыруға бел байладым. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болса, Мединдағы қалғандардың ішінен осы үшеумізбен ғана адамдарға бізбен сөйлеспеуге әмір берді.



Қаъб сөзін былай жалғастырды:

Сонымен адамдар бізден қашқақтайтын болды, керек десеңіз жер де мен үшін бөтен болып кетті, өйткені бұл мен білетін жер емес еді. Осындай жағдайда біз елу күн өткіздік. Мен сияқты халдегі екеуі мойынсұнып үйлерініен шықпай жылап отырды. Ал мен болсам олардан гөрі жасырақ едім, сондықтан жамағатпен намаз оқуға қатысып және базарға барып жүрдім, бірақ менімен ешкім сөйлеспеді! Мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намаздан кейін отырған уақыттарында сәлем беріп жақындап жүрдім. Сол кездері, мен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің сәлемімді қабыл алғанын білу үшін: "Ол еріндерін жыбырлатты ма екен?", - деп қарайтынмын. Сосын мен оған тығылып қарап қасында намаз оқитынмын, ол мен намаз оқып жатқанымда маған қарайтын да, ал мен оған қарағанымда бұрылып кететін.

Сонымен осылай мұсылмандар менен қашқақтап жүрген кезінде, мен өзімнің адамдар арасында ең жақсы көретін бөле бауырым, Абу Қатадтың бағына қарай тарттым. Мен бақшасын қоршаған дуалына шығып онымен амандастым, Аллаһтың атымен ант етемін, ол менің сәлеміме жауап бермеді! Сонда мен оған: "Иә Абу Қатада, Аллаһтың атымен сұраймын, сен менің Аллаһты және Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жақсы көретінімді білесің бе?", - дедім. Ол үндемеді, сонда мен одан тағы да Аллаһтың атымен сұрай бастадым, бірақ ол сонда да сол үндемеуін жалғастыра берді. Мен өзімнің сөзімді тағы да қайталадым, сонда ғана ол маған: "Аллаһ пен Аллаһтың елшісі бұл туралы бәрінен жақсы біледі", - деді. Сол кезде менің көзім жасқа толып, сол шарбақтан қайта өтіп оралдым.

Біраз уақыт өтісімен, Медина базарының жанынан өтіп бара жатып: "Кім мені Каъб бин Маликке алып барады?", - деп сөйлеп келе жатқан Шамдық, Мединаға азық-түлік сатуға әкеліп жүрген христиан шаруаны естідім. Ол, гассаниттердің көсемінің сәлемдеме хатын маған тапсырғанша, адамдар мені көрсетіп отырды. Мен жазғыш (яғни сауатты) едім, сондықтан оның сәлемдемесіндегі хатты оқып шықтым, онда: "Содан соң1,шындығында, маған сенің досыңның сені оқшаулатып жатқаны жетті, шындығында сені жәбірлеуге Аллаһ жол бермейді, бізге қосыл, біз сені жұбатамыз!", - деп жазылыпты. Бұл сәлемдемені оқып болған соң өзіме: "Бұл да бір сынақ", - деп пешке от салып хатты жағып жібердім.

Аллаһтан уахи әлі келген жоқ болатын. Айтылған елу күннің қырық күні өткенде, Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір хабаршы келіп: "Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, саған әйеліңе жоламауыңа әмір берді!", - деді. Мен: “Мен әйеліммен ажырасуым керек пе, әлде басқа бір жолын табуым керек пе?”, - деп сұрадым. Ол: "Жоқ, одан алшақта және міндетті түрде онымен жақындасушы болма", - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің екі жолдасыма да осыны әмір етіпті. Сонда мен әйеліме: "Әке-шешеңе бар және Аллаһ осы іс жайлы Өзінің шешімін жібергенше, сонда бол", - дедім.

Содан соң Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хилял бин Умайдың әйелі келіп: "Ия Аллаһтың елшісі, Хилял бин Умай – қаусаған шал, менің оған жәрдем беруіме қарсы болмайсың ба?", - деді. Ол: "Сен оған қызмет ете аласың, бірақ ол саған жақындамауы керек", - деді. Ол (әйел) бұл айтылғанға: “Оның ешбір жаман ойы жоқ, Аллаһтың атымен ант етемін, осы жай басталғалы ол жылағаннан тыным таппайды!", - деді.

Осыдан кейін менің жан ұямнан біреуі маған: "Сен де Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сенің әйеліңе саған қызмет етуіне рұқсат сұрасайшы, анау Хилял бин Умайдың әйеліне рұқсат берілді ғой", - деді. Мен: “Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мұндай өтініш жасамаймын, өйткені Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұған не дейтінін білмеймін, мен әлі жас емеспін бе!", - деп жауап бердім.

Мінеки, осындай жағдайда мен тағы да он күн өткіздім. Адамдардың бізбен сөйлеспеуіне әмір берілген уақытынан елу күн өтті. Сонымен елуінші түннің аяқталып келе жатқанында, мен үйлеріміздің бірінің шатырына шығып таң намазын оқып бітіріп, тура Аллаһ Тағала (Құранда) айтқандай жаным қысылып, жер өзінің кеңдігіне қарамай мен үшін тарылып, отырғанымда, мен бір адамның Сальъа тауына шығып бар даусымсен: "Ия Қаъб бин Малик қуана бер!”, - деп, айқайлағанын естідім. Осыны ести салысымен мен жеңілдіктің келгенін біліп, дереу сәждеге құладым2. Шынымен-ақ, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң намазының уақытында адамдарға, Аллаһ Тағаланың біздің тәубемізді қабыл алғанын жариялапты. Осыдан кейін адамдар бізге қуанышты хабар жеткізу үшін асығыпты. Олардан біразі менің екі жолдасыма қарай асықса, маған қарай аттылы шауып шығыпты. Бірақта маған қарай Аслама руынан және бір адам жүгіріпті. Ол бір таудың үстіне шығып айғайлағанда, оның даусы аттылының шабысынан ертерек жетті. Даусын естіген адамым маған қуанышты хабарымен өзі келген кезде, оған сүйіншісіне үстімдегі екі киімімді шешіп оның үстіне киіндірдім. Аллаһтың атымен ант етемін, сол кезде менің екі киімімнен басқа киім болмады, сондықтан мен екі киімді одан кие тұруға сұрап алып, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қарай тарттым. Жол бойы адамдар мені топ-тобымен жиналып: "Аллаһтың сенің тәубеңді қабыл алғаны, сенің игілігіңе!", - деп қуанып қарсы алып жатты. Мешітке кіре Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардың ортасында отырғанын көрдім. Тальха бин Убайдуллаһ болса орнынан атып тұрып қолымнан қысып, мені құттықтай бастады. Аллаһтың атымен ант етемін, одан басқа мұхаджирлерден ешкім тұрмады, Қаъб, Убайдұллаһқа ол әрекетін ешқашан ұмытпайды1!



Қаъб сөзін былай жалғастырды:

Ал мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сәлемдесіп болған соң, оның жүзі күннің көзіндей күлімдеп былай деді: "Шешең сені туғаннан бергі ең қуанышты күніңе қуана бер!" Мен: "Бұл сенен бе ия Аллаһтың елшісі, әлде Аллаһтан ба?", - деп сұрадым. Бұл сұрағыма ол: "Бұл Ұлы Аллаһ Тағаладан!", - деп жауап берді. Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір нәрсеге қуанған уақытында, оның жүзі айдың бір бөлігінше жарқырайтын, бұл бәрімізге мәлім еді. Оның алдына отырып: "Ия Аллаһтың елшісі, тәубемнің қабыл болғанының ризашылығы ретінде, бүкіл дүниемді Аллаһ және Аллаһтың елшісі үшін кедейлерге таратқым келеді!", - дедім. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: "Оның бір бөлігін өзіңе қалдыр, бұл сен үшін жақсы болады", - деді. Сонда мен: "Мен өзіме Хайбардағы бөлігімді2 қалдырамын", - дедім. Сол уақытта мен және былай дедім: "Ия Аллаһтың елшісі, Аллаһ менің тәубемді, мен шындықты айтқаннан кейін қабыл алды, сондықтан мен соған ризашылығым ретінде, енді өлгенімше шындықтан басқа ештеңке айтпаймын!"

Аллаһтың атымен ант етемін, осыны Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқалы бері, мен Аллаһ Тағаланың маған көрсеткен игілігінен артық игілікті басқа бір адамға көрсетті дегенін естіген емеспін3. Аллаһтың атымен ант етемін, осыны Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқалы бері, мен осы күнге дейін біле тұра өтірік айтқан емеспін, және бұдан кейін де, Аллаһ Тағала мені өтірік айтудан сақтайды, деген үмітім бар!.

Қаъб сөзін былай жалғастырды:

Аллаһ Тағала мына аяттарды түсірді:

«Шынында Аллаһ, бір топтың жүректері ауытқуға таяған ауыршылықтан кейін Пайғамбарға ерген мұхажірлер мен ансардың, Пайғамбардың тәубелерін қабыл етті. Қалдырылған үшеуінің де тәубесін қабыл етті. Тіпті оларға жер кең бола тұра тар келген еді. Өздерінен өздері тарылып, Аллаһтан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан кейін Аллаһ оларға тәубе нәсіп етті. Шынында, ол Аллаһ, тым тәубе қабыл етуші, өте мейірімді. Әй мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар» «Тәубе сүресі» 117-119 аяттар.



Қаъб сөзін былай жалғастырды:

Аллаһтың атымен ант етемін, Аллаһтың мені Исламға кіргізген нығметінен кейінгі үлкен нығметі, ол менің Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шыншыл болып, оған өтірік айтпағаным. Егер өтірік айтқанымда, онда өтірік айтқан қалғандары секілді құрыр едім. Олар жайында Аллаһ Тағала бұрын-соңды ешкімге айтпаған сөздерді айтып аян түсірді.



Аллаһ Тағала айтты:

«Қашан олардың жанына қайта оралсаңдар, олар(ды айыптаудан) бет бұруларың үшін Аллаһтың атымен ант ішеді. Онда олардан бой тартыңдар. Өйткені, олар арам істегендерінің жазасы түрінде олардың орны тозақ. Олар сендердің өздерінен қош болуларың үшін ант-су ішеді. Егер сендер олардан қош болсаңдар да, расында Аллаһ бұзық елден разы болмайды.» «Тәубе» сүресі, 95-96 аяттар.

Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ атымен ант беріп, олар үшін Пайғамбар Аллаһ Тағаладан кешірім сұралғандардан бөлек, біз қалдырылған едік. Біздің ісімізді Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ Тағаланың Өзі шешім түсіргенше шегере берді.

Аллаһ Тағала былай деді:

«Қалдырылған үшеуінің де тәубесін қабыл етті...» «Тәубе сүресі» 118 аят.

Бұл аяттағы қалдырылғандар делінгені, жорыққа қатыспай Мединада қалғандықтары жайлы емес, ол Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ атымен ант беріп, олар үшін пайғамбар Аллаһ Тағаладан кешірім сұралғандардан бөлек, шешім қабылдау Аллаһ Тағалаға тапсырылып қалғандандары жайлы болып тұр. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің басқа бір нұсқасында Қаъбтың былай деп айтқаны хабарланады:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Табук жорығына бейсенбі күні аттанды және ол бейсенбі күндері сапарға шығуды жақсы көретін.



Бұл хадистің үшінші бір нұсқасында Қаъбтың былай деп айтқаны хабарланады:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сапарынан тек қана күндіз, ал дәлірек айтатын болсақ таңертеңгісін оралатын.


22. Хабар бойынша, Абу Нуджайда Имран бин аль-Хусайна аль-Хузаъи, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Джухайн руынан, ойнаспен жүкті болған бір әйел келіп: “Ия Аллаһтың елшісі, мен жазаға лайықты күнә жасадым, сондықтан мені, менің күнәмә сәйкес жазала!”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол әйелдің қамқоршысын өзіне шақырып: “Онымен жақсы қарым-қатынаста бол, ал ол босанғаннан кейін маған алып кел”, - деді. Қамқоршысы солай істеп, ол босанғаннан кейін алып келді. Пайғамбар керек нұсқауларды беріп, киімінің шеттерін байлап1, тас боранмен жазалаған соң, оған өзі жаназа намазын оқыды. Осыдан кейін Омар: “Ия Аллаһтың елшісі, ол әйел ойнас жасаса да сен оның жаназасын шығардың ба!?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған: “Егер оның тәубесін Медина жұртының жетпісінің арасында бөлсе, ол тәубе солардың бәріне жетер еді! Сен сол әйелдің, өзін Аллаһ Тағалаға құрбан қылғаннан артық бір нәрсе істей алады деп ойлайсың ба?!”, - деп жауап берді. Муслим.


23. Хабар бойынша, Ибн Аббас және Анас бин Малик, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естіген:

Егер адам іші алтынға толы бір сайды тапса, онда ол сондай сайдың екеуін тілер еді. Адам баласының ішін, топырақтан басқа еш нәрсе толтыра (қандыра) алмайды, ал Аллаһ Тағала тәубеге келушілердің тәубесін қабыл алады1. Аль-Бухари, Муслим


24. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естіген:

Ұлы Аллаһ Тағала біреуі екіншісін өлтіріп, сосын жәннәтқа кіретін екі адамға жымияды. Өлгені Аллаһ жолында соғысып өледі, екіншісі (өлтірушіні) Аллаһ кешіреді, (өйткені) ол да (артынан) Ислам қабылдап, дін үшін шайқаста өледі. Аль-Бухари, Муслим




3 ТАРАУ

Сабыр (шыдамдылық) жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Әр нәрсеге сабырлы, жауға шыдамды және қорғанысқа дайын болыңдар. Сондай-ақ Аллаһтан қорқыңдар әрине құтыласыңдар.» «Аль-Имран» сүресі, 200 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әрине сендерді қауіп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мухаммад, сондай жағдайларда) сабыр етушілірді қуандыр!» «Бақара» сүресі, 155 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады…» «Зүмәр» сүресі, 10 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы.» «Шура» сүресі, 43 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Сабыр және намазбен (Аллаһтан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Аллаһ сабыр етушілермен бірге» «Бақара» сүресі, 153 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әлбетте сендерден жауынгерлер мен сабырлыларды анықтағанға дейін сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз» «Мухаммад» сүресі, 31 аят.

Сабыр сақтаудың міндеттілігі жайлы және оның құндылығы жайлы басқа да көптеген аяттар бар.
25. Хабар бойынша, Абу Малик аль-Хариса бин Асима аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Тазалық – діннің жартысы, «Әль-хамду ли-Ллаһи», - деген сөз Таразыны толтырады, «Субхана-Ллаһи уал-хамду ли-Ллаһи», - деген сөз көк пен жердің арасын толтырады, намаз – нұр, садақа – дәлел, сабыр – жарқырау, ал Құран – сен үшін жақтаушы не қаралаушы дәлел. Барлық адамдар таңертең үйлерінен жандарын жақсылыққа, не қапасқа сату үшін шығады1.Муслим.


26. Хабар бойынша, Абу Саъид Саъд бин Малик бин Синана аль-Худри, ол екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол мына әңгімені айтады:

Бірде ансарлардың ішінен адамдар Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір нәрсе сұрады, ол оларға сұрағанын берді, сосын олар тағы да бір нәрсе сұрады, ол оларға сұрағандарын және берді, олар сосын тағы да бір нәрсе сұрады, ол оларға сұрағанын тағы да берді, соңында ол оларға өзінде барының бәрін берді. Сонымен ол өзінде барының бәрін таратып болған соң былай деді: “Маған не берілсе де, мен оны сендерден еш уақытта жасырмаймын. Дегенмен, естеріңде сақтаңдар, кімде-кім ұстамдылыққа2 тырысса, Аллаһ оны ұстамдылыққа алып келеді, кімде-кім өз күшімен ғана істеуге тырысса, Аллаһ оны басқа адамдарға жалбарынудан сақтайды, ал кім сабыр сақтаса, Аллаһ оған сабыр береді және ешкім сабырдан артық сый алған емес. Аль-Бухари, Муслим.


27. Хабар бойынша, Йахйа Сухайб бин Синан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылманның жайына таң қаласың! Шындығында, оның кез-келген жайында игілік бар, және бұл, мұсылманнан басқа ешкімге берілмеген: егер оған бір жақсылық келсе ол Аллаһқа шүкірлік айтады және оның сол айтқанында игілік бар, ал егер оған бір қайғы келсе, ол оған да сабыр етеді, оның бұл ісі де өзіне игілік болып оралады. Муслим.



28. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қатты қиналып (өлер сәтінде) есінен тана бастағанда, Фатима (қызы), оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Менің әкем қалай қиналып жатыр!”, - деп қысылды. Сонда Пайғамбар: “Осы күннен кейін сенің әкең еш уақытта қиналмайды”, - деді. Пайғамбар дүниеден өткеннен кейін, Фатима: “Менің әкем, Өзіне шақырған Раббына жауап берді! Енді әкемнің тұрақтаған жері жәннәт бақтары болды! Әкемнің қазасын Жебірейілге хабарлаймыз!”, - деді. Ал оны жерлеген кезде, Фатима: “Иә халайық, сендер Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жерлегеннен көңілдерің жай тапты ма?!”, - деді. Аль-Бухари.



29. Хабар бойынша, оның өзін де, әкесін де жақсы көрген Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, босатқан құлы Абу Зайд Усама бин Зайд бин Хариса, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Сол кездері Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қызы оған өзінің (қызының) баласының өлім аузында жатқанын хабарлап және оның келуін өтініп хабаршы жібереді. Бірақ, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол адамға, олар үшін: “Расында, Аллаһтың бергені де, алғаны да Өзіне тиесілі және Ол бәріне өзінің өлшемін берді, сондықтан сабыр сақтап Аллаһтың жәрдемінен үміттерін үзбесін”, - деп сәлемдеме айтып кері қайтарады. Бірақта қызы арада біраз уақыт өтісімен және адам жіберіп тағыда келуін сұрайды, сонда Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге орындарынан Саъд бин Убада, Муъаз бин Жабаль, Убай бин Қаъб, Зайд бин Сабит және басқа да адамдар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, тұрады. Қызының үйінде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, соңғы қырылы шығып жатқан баланы береді. Ол баланы кеудесіне қысып, көзіне жас алады. Бұны (жасты) көрген Саъд: “Иә Аллаһтың елшісі, бұл не1?”, - деп сұрады. Ол: “Бұл – Аллаһтың құлдарының жүрегіне салған рахымшылығы”, - деп жауап берді.



Бұл хадистің басқа хабарында оның былай дегені айтылады:

…Өзінің қалаған құлының жүрегіне салғаны, шындығында, Аллаһ Өзінің рахымды құлдарын кешіреді. Аль-Бухари, Муслим.


30. Хабар бойынша, Сухайба, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге дейін өмір сүрген бір патша болды, оның қарамағында оған қызмет еткен бақсы болды. Ол қартайып, патшаға: «Расында, мен қартайыппын, маған бір жас жігіт жібер, мен оны бақсылыққа үйретейін», - дейді. Патша оған бақсылықты үйрету үшін бір жігітті жібереді.

Бақсыға барар жолдың бойында жігітке бір машайық (монах) кездеседі. Ол оның жанына отырып оның әңгімесін тыңдайды да, оның айтқаны оған ұнайды. Осыдан кейін жігіт әр күні бақсыға бара жатып оның қасына әңгімесін тыңдау үшін отырып бөгелетін болды, ал бақсы болса жігіт кешіккен сайын ұрғанды шығарды. Жігіт осыны айтып машайыққа шағымданғанда, машайық оған: «Егер сен бақсыдан қорқатын болсаң оған: «Мені үйдегілер бөгеді», - де, ал үйдегілеріңнен қорқатын болсаң, оларға: «Мені бақсы бөгеп қалды», - де», - дейді.

Осындай жағдайда жүргенінде2, бір күні адамдарға өтулеріне жол бермей жатқан үлкен бір хайуанға жолықты. Сонда ол, өз-өзіне: «Мен бүгін кімдікі рас екенін білемін – бақсы ма әлде машайық па?», - деді. Осыдан кейін ол қолына тас алып: «Иә Аллаһ, егер сен машайықтың ісін, бақсының ісінен гөрі жақтырсаң, онда адамдардың жолын босату үшін мына хайуанды өлтір!», - деді. Сонда ол тасты лақтырып хайуанды өлтірді, ал адамдар болса ары-бері өтулеріне мүмкіншілік алды. Сосын ол болған жайды машайыққа айтып бергенде ол: «Балам, сен бүгін менен де асып түстің, ақиқат, енді сені сынақтар күтіп тұр, саған сол сынақтар жеткенде мен туралы айтушы болма», - дейді.

Осыдан кейін жігіт соқырлар мен алапесті және басқа да ауруларды сауықтыра бастады. Ол туралы сөз патшаның қарамағындағыларының бірі болған соқырға да жетеді. Ол жігітке көптеген сый-сыйапаттарымен келіп: «Егер сен мені сауықтырсаң, осының бәрі сенікі болады», - деді. Сонда ол оған: «Расында, мен ешкімді сауықтыра алмаймын. Сауықтырушы – Аллаһ Тағала ғана. Егер сен Оған иман келтірсең, онда мен сен үшін Аллаһтан сұраймын, сонда Ол сені сауықтырады», - деп жауап берді. Ол Аллаһқа иман келтірді, ал Аллаһ Тағала оның көзіне нұр берді. Сонан соң ол әдетінше патшаның алдына келіп отырды. Патша: «Сенің көзіңнің жанарын қайтарған кім?», - деп сұрады. Ол: «Менің Раббым», - деді. Патша одан: «Сенің менен басқа Раббың бар ма еді?», - деп сұрады. Ол: «Менің де Раббым, сенің де Раббың – Аллаһ», - депРаббымРРРРРРРРррр жауап берді. Сонда патша оны тұтқындауға әмір беріп, ол жігітті айтқанша қинайды. Жігітті алып келіп, патша одан: «Иә балам, сен бақсылығыңның биіктеріне жетіп, алапестер мен соқырларды емдейтін болыпсың», - деді. Бұған жігіт: «Мен емдеуші емеспін, емдеуші Аллаһ Тағала ғана», - дейді. Сонда патша оны да тұтқындауға әмір беріп, машайық жайлы айтқанынша қинайды.

Сосын оған машайықты алып келіп: «Дініңнен қайт!», - деп бұйырады. Бірақ ол бұдан бас тартады. Сонда патша ара әкелдіріп машайықтың басына араны қойып, денесінің екінші жағы құлап түскенше әрелейді. Сосын патшаға соқырлықтан айыққан қарамағындағысын шақырып оған да: «Дініңнен қайт!», - деп ұсынады, бірақ ол да оны істеуден бас тартады. Сонда оның да басының ортасына араны қойып, денесінің екінші бөлігі жерге құлап түскенше әрелейді. Осының бәрінен кейін жігітті алып келіп, оған да: «Иманыңнан қайт», - делінеді. Бірақ ол да оны істеуден бас тартады. Сонда патша өзінің қызметшілеріне: «Бұны пәленше деген тауға апарып, өзімен бірге көтеріліңдер, ал таудың шыңына жеткенде, егер ол дінінен қайтса, оны босатыңдар да, ал дінінен қайтпаса, сол шыңнан төмен қарай лақтырыңдар!», - дейді.

Олар сол жерге жеткенде, жігіт: «Иә Аллаһ, мені бұлардан Өзіңнің қалауыңша құтқар!1», - деді. Сол кезде тау тербеліп, олар таудан құлайды, ал жігіт патшаға қайтып келеді. Патша: «Сенімен болғандар не істеді?», - деп сұрайды. Жігіт: «Аллаһ Тағала мені олардан құтқарды», - деп жауап береді. Сонда патша басқа қызметшілеріне: «Бұны теңіздің ортасына апарыңдар, егер иманынан қайтса босатыңдар, ал егер қайтпаса, онда теңізге лақтырыңдар!», - деп әмір береді. Сонымен олар оны жеткіз деген жеріне жеткізгенде, жігіт: «Иә Аллаһ, мені бұлардан Өзіңнің қалауыңша құтқар!», - деді. Содан кеме төңкеріліп патшаның қызметшілері суға батады, ал жігіт болса патшаға қайта аман-есен оралады. Патша: «Сенімен болғандар не істеді?», - деп сұрайды. Жігіт: «Аллаһ Тағала мені олардан құтқарды», - деп жауап береді. Сосын жігіт патшаға: «Шындығында, сен мені өлтіре алмайсың, егер менің айтқанымды орындамасаң!», - дейді. Патша: «Ол не?», - деп сұрады. Жігіт: «Адамдарды бір жотаның үстіне жина да, мені бір ағашқа байла, сосын менің садағымды алып, қорамсағымнан бір оқты садақтың ортасына қойып: «Мына жігіттің Раббы – Аллаһтың атымен», - деп мені ат, сонда сен, шындығында осының бәрін істесең ғана мені өлтіре аласың», - дейді.

Сонымен патша адамдардың бәрін бір жотаның төбесіне жинап, жігітті сондағы бір ағашқа байлап, оның қорамсағынан бір оқты садағының ортасына қойып: «Осы жігіттің Раббы – Аллаһтың атымен!», - деп оқты жіберіп қалғанда, оқ жігіттің дәл маңдайының ортасына тиеді. Ол өзінің маңдайынан ұстап өледі. Сонда жұрт: «Мына жігіттің Раббына иман келтірдік», - дей бастайды. Осыдан кейін патшаға оның жанындағылары келіп: «Сен өзіңнің қауіптенгенің орындалғанына не дейсің? Аллаһтың атымен ант етеміз, сенің қауптенгенің орындалды, олай дейтініміз, адамдар Аллаһқа иман келтіріп жатыр!», - дейді. Сонда патша, қаланың қақпаларының жанында терең орлар қаздырып олардың ішіне от жағып: «Кімде-кім дінінен қайтпаса, отқа тастаңдар!», - деп әмір береді. Қызметшілер отқа балалы бір әйелге жақындағанша, бәрін отқа лақтырып патшаның әмірін орындап жатады. Балалы әйел отқа түсуге қорқып шегіншектегенде, баласы оған: «Анашым, шыда, сенің дінің ақиқат!», - деді. Муслим.



31. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қабірдің басында жылап тұрған бір әйелді көріп оған: “Аллаһтан қорық және шыдамды бол!”, - деді. Ол әйел Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түрін білмейтін, сондықтан: “Мені жайыма қалдыр, саған мұндай қайғы келген жоқ қой!”, - деп дауыстады. Содан кейін оған: “Бұл болған Пайғамбар ғой!”, - дейді. Сонда ол Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, есігінің алдына келіп, оның есігінің алдында қызметші жоқтығына таң қалды. Сосын әйел оған: “Мен сені танымай қалдым!”, - дегенде ол: “Шындығында, сабырды күйзелістің басында сақтау керек”, - деді. Аль-бухари, Муслим.



Муслимнің хабарында Анастің былай деп айтқаны келтіріледі:

…баласын жоқтап жатқан әйел…


32. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала айтты: «Егер Мен иманды құлымның жақсы көретін бір адамын алсам, ал ол Менің сыйымнан үміттеніп сабыр сақтайтын болса, онда Менің оған Жәннәттан басқа сыйым болмайды». Аль-Бухари, Муслим.
33. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бірде ол Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жұқпалы ауру (чума) туралы сұрағанда ол былай деп жауап берді:

Ол Аллаһ Тағаланың қалаған құлына жіберетін азабы. Оны Аллаһ Тағала имандыларға Өзінің рахымы ретінде жібереді, сондықтан ол ауру келген қаладағы мұсылман барлық жақсылық пен жамандық Аллаһтың жазуымен болады деп, Аллаһтың сауабынан үміт етіп еш жаққа қашпай отырған мұсылманға, Аллаһ жолындағы соғыста шаһид болғанның сауабындай сауаб жазады. Аль-Бухари.


34. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шындығында, Аллаһ Тағала айтты: «Егер Мен құлымның екі сүйіктісін алып сынасам, ал ол оған сабыр етсе, онда Менің тарапымнан ол үшін оның сауабы, жәннәт болады.» Аль-Бухари.

«Екі сүйіктісі», - дегені - ол екі көзі.

35. Хабар бойынша, Ата бин Абу Рабах, былай деді:

Бірде Ибн Аббас, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, маған: “Мен саған жәннәттық болған әйелді көрсетейін бе?”, - деді. Мен: “Иә”, - дедім. Ол: “Бұл қара әйел, кезінде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: Мен ауруым қозғанда есімнен танып құлап, денем ашылып қалады, мен үшін Аллаһқа дұға жасашы”, - деді. Оған ол: “Егер қаласаң шыда, бұл үшін саған жәннәт бар, ал егер қаласаң Аллаһтан, сені сауқтырсын деп дұға жасайын”, - деді. Ол: “Мен сабыр сақтаймын”, - деді де: “Шындығында, мен (құлаған кезде) ашылып қаламын, Аллаһтан мен ашылмас үшін дұға жасашы”, - деп өтінді. Сонда ол Аллаһқа сол өтінішпен ол әйел үшін дұға жасады. Аль-Бухари, Муслим.


36. Хабар бойынша, Абу Абд ар-Рахман Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Оны руластары қаны шыққанша ұрып, ал ол болса: “Иә Аллаһ, оларды кешір, олар не істеп жатқанын білмеді”, - деп, пайғамбарлардың, оларға Аллаһтың игілігі болсын, бірі туралы айтып жатқан Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дәл кәзір де көз алдымда көріп тұрғандаймын. Аль-Бухари, Муслим.


37. Хабар бойынша, Абу Сағид және Абу Хурайра, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылманға не кездіксе де, ол мейлін шаршау болсын, ұзақ ауру болсын, мазасыздану болсын, қайғы болсын, қолайсыздық болсын, керек десеңіз тікенектің шаншығаны болсын, Аллаһ Тағала ол үшін міндетті түрде күнәләрінің бірін кешіреді. Аль-Бухари, Муслим.


38. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, безгектің күштісінен қиналып жатқанын көріп: «Иә Аллаһтың елшісі, безгегің неткен ауыр!» -, дедім. Ол: «Мен безгегімнен сендер безгегтен қиналғандарыңнан екі есе қатты азаптанамын», - деді. Мен: «Бұл, саған берілетін сый да біздікінен екі есе жоғары болғандықтан ба?», - деп сұрадым. Ол: «Иә, ол солай», - деп жауап берді. Содан соң ол сөзін былай жалғастырды: «Тікенектің шаншығаны үшін де, не болмаса бұдан да жаман бір нәрсеге жолыққан мұсылман үшін, Аллаһ міндетті түрде, оның жаман амалын кешіреді, және (күзде) ағаш жапырақтарынан қалай арылса, ол да солай (көрген азабы үшін), күнәләрінан арылады. Аль-Бухари, Муслим.


39. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ кімге жақсылық қаласа, оған сынақтар (қиындықтар) жібереді. Аль-Бухари.


40. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден ешкім еш уақытта келген бақытсыздықтан өзіне өлім тілемесін, ал егер өлімнің келуі айқын болса, онда ол былай десін: «Иә Аллаһ, менің өмірімді мен үшін өмір сүру жақсы болғанға дейін ұзарт, ал мен үшін өлім жақсы болғанда мен үшін өлім жібер».

/Аллаһумма, ахййи-ни ма кянат аль-хаййату хайран ли, уа тауаффа-ни иза қянат аль-уафату хайран ли./ Аль-Бухари, Муслим.
41. Хабар бойынша, Абу Абдуллаһ Хаббаб бин аль-Аратт, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, айтуы бойынша:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Қағбаның көлеңкесінде шапанын басына қойып жатқан уақытында, біз келіп оған: «Біз үшін көмек сұрамайсың ба? Біз үшін Аллаһқа дұға жасамайсың ба?», – дедік. Ол бізге былай деп жауап берді: «Сендерге дейін өмір сүргендердің арасында адамды ұстап алып, оған жерден шұңқыр қазып, оны оған көметін де, басына ара қойып оны екіге бөліп әрелейтін, ал оның денесін сүйектеріне дейін бататын темір тырнамен бөлшектеген жағдайлар болса да, олар діндерінен қайтпаған! Аллаһтың атымен ант етемін, Аллаһ бұл істі аяғына дейін жеткізеді және де Саннан шыққан аттылы Хадрамутқа дейін еш қаперсіз тек қана Аллаһтан және қойлары үшін қасқырлардан ғана қорқатын болады, ал сендер тым асығыстық жасап жатырсыңдар!» Аль-Бухари.



Бұл хадистің басқа бір хабарында былай делінеді:

,,, басына шапанын қойып. Осы кезде біз қөпқұдайшылдардан көптеген қыспақтар көріп үлгергенбіз.


42. Хабар бойынша, Абу Абдуллаһ Хаббаб бин аль-Араат, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Хунайн шайқасынан кейін, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, соғыстан кейінгі олжаны бөлгенде кейбір адамдарға көбірек көңіл бөліп оларға олжаны артығымен берді, мысалыға ол Акраъ бин Хабисқа және Уйайн бин Хиснға жүз түйеден берді және кейбір атақты арабтарға да олжаны молымен берді. Сонда бір адам: «Аллаһтың атымен ант етемін, мұндай бөлісте әділдік жоқ, бұл Аллаһ жолындағы бөліс емес!», - деді. Мен: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен бұл жайында әлбетте Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткіземін”, - дедім де, оған келіп сол адамның айтқанын айттым. Менің сөзімді естігенде оның түсі өзгеріп, беті қызарып кетті, сосын: “Аллаһ пен Оның елшісі әділ болмаса, онда кім әділ?”, - деді де: “Мұсаға Аллаһтың рахымы жаусын, ол бұдан да үлкен жәбірлерден өтіп сабыр сақтаған!”, - деді. Мен болсам өзіміе-өзім: “Шындығында, бұдан былай мен оған бұндай сөздерді жеткізбеймін”, - деп сөз бердім!” Аль-Бухари, Муслим.


43. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер Аллаһ Өзінің құлына игілік қаласа, онда оның күнәләрінің жазасын осы дүниеде береді, ал егер жамандақ қаласа, онда оның күнәләрінің жазасын Қияметте толығымен беру үшін бұл дүниеде бермейді.



Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын және былай деп айтқанын жеткізді:

Шындығында үлкен сынаққа, үлкен сауаб бар, Егер Аллаһ Тағала адамдарды жақсы көрсе, Ол оларды сынақтарға салады да, одан кейін оларға ризалығы ретінде игілік жібереді, ал сол кезде наразылық білдіргендер Оның ашуына ұшырайды. Бұл хадисті Ат-Тирмизи «жақсы» хадис деп келтіреді.


44. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Абу Тальханың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ауырып жатқан баласы, Абу Тальханың өзі үйінде болмағанда өлді. Оралысымен, Абу Тальха: “Баламның жағдайы қалай?”, - деп сұрады. Баланың шешесі Умм Суляйм: “Ол әбден тынышталды (жағдайы жақсы)”, - деді де, күйеуіне кешкілік тамағын берді. Ол тамағын ішіп, әйелімен қосылып болған соң оған: “Баланы жерлеңдер”, - деді. Таң ертеңгісін Абу Тальха Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп болған жайды айтып берді. Ол: “Осы түнде сендер қосылдыңдар ма?”, - деп сұрады. Абу Тальха: “Иә” - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ия Аллаһ, бұларға игілік бер”, - деп дұға айтты, артынан Абу Тальханың әйелі бала туды.



Анас сөзін жалғастырды:

Абу Тальха маған: “Туған баланы Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, апарып бер”, - деп менен бірнеше құрма беріп жіберді.

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (мен баланы алып келісімен): “онымен бірге бірнәрсе бар ма?”, - деп сұрады. Мен: “Иә, құрма бар”, - дедім. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, құрманы алып шайнап, оны аузынан алып баланың аузына салды да, оның атын Абдуллаһ, деп қойды. Аль-Бухари, Муслим.

Бухаридің келтірген хадисінің бір хабарында Ибн Убай былай дейді:

Ансарлардың ішінен бір адам, артынан сол Абдуллаһ жайлы: «Мен оның әр-қайсысы қари болған тоғыз баласын көрдім», – дегенді айтады.



Муслимнің келтіретін хадисінің хабарында былай делінеді:

Абу Тальханың Умм Суляймнан туған баласы өлгенде, ол өзінің жақындарына: «Абу Тальхаға баласы жайлы мен өзім айтпайынша айтпаңдар», - деді де оған кешкілік тамағын берді. Ол тамағын ішіп-жеп болған соң, әйелі оның алдында өзін әдемілеп, жанына жатты. әйелі күйеуінің қарны тойып, көңлі көншігеннен кейін оған: «Абу Тальха, маған мынаны айтшы, егер бір отбасына бір нәрсе қарызға берілсе, одан ол нәрсені қайтарып беруін талап етсе, оны сол

отбасының мүшелерің қайтармай қарсыласуы керек пе?», - деп сұрады. Ол: «Жоқ», - деп жауап берді. Әйелі оған: «Онда сабыр сақта да, Аллаһтың сыйынан үміттен, сен балаңнан айрылдың», - деді.

Анас сөзін былай жалғастырды:

Ол ашуланып әйеліне: «Сен маған ұлым туралы сенімен қосылып болғаннан кейін айтып тұрғаның не!», - деді. Сосын Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, барып, болған жайды баяндап берді, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендердің өткізген түндеріңе Аллаһ игілік әкелсін!”, - деп дұға жасады.



Анас сөзін былай жалғастырды:

Осыдан кейін Умм Сулйма жүкті болды. Содан біраз уақыт өтісімен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір сапарға шықты, сол сапарға бірге шыққандардың ішінде Умм Суляйма да болды. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы айтатын болсақ, ол ешқашан Мединаға түнделетіп оралмайтын. Олар Мединаға жақындағанда Умм Суляйманың толғағы басталып, Абу Тальха әйелімен сол жерде қалады да, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ары қарай жылжиды. Сол кезде Абу Тальха: “Иә Раббым, шын мәнінде, Сен менің Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сапарға шыққанда да, оралғанда да, бірге болуды жақсы көретінімді білесің және Сен менің сол ісіме, не бөгет болып тұрғанын көріп тұрсың”, - деді. Бұны естіген Умм Саляйма: “Иә Абу Тальха, менің толғағым басылған тәрізді жүре берейік”, - деді. Сонымен олар ары қарай жылжыды да, Мединаға жеткен кезде толғақ қайтадан басталып ол ұл туды. Сонда шешем1 маған: “Иә Анас, сен таң атқанда, оны Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, апарғаныңша балаға ешкім емшек бермесін!”, - деді. Мен таң атысымен сәбиді Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, апарып бердім.


45. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Көпті жығып жеңген мықты емес, ашуланғанда сабыр сақтай білген мықты. Аль-Бухари, Муслим.


46. Хабар бойынша, Сүлеймен бин Сурад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болған көпшілітің ішінде отырғанымда екі кісі бір-бірімен ұрсыса бастады да, біреуінің мойнындағы қан тамырлары адырайып беті қызарып кетті. Бұны көрген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Мен бір сөз білемін, ол оны айтса, оның ашуы басылар еді. Егер ол: “Аллаһқа қуылған шайтаннан пана сұраймын” /Аъуузу би-лЛаһи мин аш-шайтани-р-ржиим/, - десе. Сол кезде оған: “Саған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қуылған шайттаннан Аллаһқа сиын”, - деп жатыр деді.


47. Хабар бойынша, Муъаз бин Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахірет күні Аллаһ Тағала, Ұлық Ол, Өзінің жаратылыстарының ішінде, мүмкіншілігі бола тұра, сабыр сақтап, ашуын төкпегендерге: «Хор қыздарының ішінен қалағаныңды ал», - дейді. Бұл хадисті Абу Дауд пен Ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.


48. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бір адам Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Маған кеңес бер”, - деді. Ол: “Ашуланба”, - деді. Осыдан кейін ол адам өзінің өтінішін үш рет қайталады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның әр-бір қайталағанына: “Ашуланба”, - деп кеңес беріп отырды.



49. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылман еркек пен мұсылман әйел, Аллаһ Тағаламен күнәсіз пәк болып кездескенше, өзіне байланысты, өзінің балаларына байланысыты және өзінің дүниесіне байланысты сыналады. Ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис» деп, келтіреді.


50. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтады:

Кезінде Убайна бин Хисн Мединаға келіп, өзінің ағасының баласы аль-Хурра бин Қайсаның үйінде тоқтайды. Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мәжіліс жасағанда үлкен-кішісіне қарамай Құран қариларын өзіне жақындататын. Аль-Хурра солардың бірі болатын. Убайна інісіне: «Иә ағамның баласы, сен қазіргі өкімет басшысының жанында жақсы орындасың ғой, маған онымен сұхбаттасуға рұқсат алып берші», - дейді. Ол ағасына Омармен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кездесуге рұқсат алып беріп келгенде, Убайна Омарға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Иә Ибн аль-Хаттаб, сен бізге аз беріп, бізбен әділсіз басқарасың”, - деді. Бұны естіген Омар ашуланып оны жазаламақшы болды. Сонда Аль-Хурра: “Иә діндарлардың басшысы, шындығында Аллаһ Тағала Өзінің елшісіне: «Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр.»1, - деді, ал менің бұл ағам туралы айтатын болсақ, ол сол білместерге (надандарға) жатады», - деді. Аллаһтың атымен ант етемін, ол осы аятты оқысымен Омар сол аятқа сәйкес келмейтін еш нәрсе істемеді (яғни райынан қайтып оны ұрғызбады), өйткені ол әр уақытта Аллаһтың Кітәбіне сүйенетін. Аль-Бухари.


51. Хабар бойынша, ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шындығында, менен кейін басқаларды жоғары тұтады және сендердің жақтырмайтын істеріңді істейтін болады. Адамдар: «Сол кезде біз не істеуіміз керек?», - деп сұрады. Ол: «Сендер өздеріңе жүктелгенді орындауларың керек болады, және Аллаһтан өздеріңе тиесілісіне дұға жасауларың керек». Аль-Бухари, Муслим.


52. Хабар бойынша, Муъаз бин Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Ансарлардың бірі Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, пәленшені басшы еткеніңдей мені де басшы етіп тағайндамайсың ба?”, - деді. Жауап ретінде ол: “Шындығында, менен кейін, менен басқаларды көбірек бағалайтын болады, сол кезде менің көлімнің жанында1 менімен кездескенше сабыр сақтаңдар”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.


53. Хабар бойынша, Муъаз бин Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жауларды кездестіргенде, ол күн батуға таянғанша күтті, содан кейін орнынан тұрып былай деді: “Иә халайық, жаумен кездесуді қаламаңдар және Аллаһтан барлық жамандықтан құтылуды сұраңдар. Ал егер кездесуге мәжбүр болсаңдар, онда сабыр сақтаңдар. Жәннәт қылыштардың көлеңкесінде екенін біліңдер”. Содан соң Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын былай деп дұға айтты: “Иә Кітапты түсірген, бұлттарды қимылға келтіретін және одақтас руларды жеңген Аллаһ, олардың күл-талқанын шығарып бізді жеңіске алып кел!”

/Аллуһумма, мунзилял китаби, уа муджрийа-с-сахаби, уа хазими-ль-ахзаби, хзимхум уа-нсур-на ъалейһим!/2 аль-Бухари, Муслим.

4 ТАРАУ

Шыншылдық (сыддық) жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар.» «Тәубе» сүресі», 119 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сөз жоқ, мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, мүмин ерлер және мүмин әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және ұятты жерлерін қорғаушы әйелдер, Аллаһты көп зікір етуші ерлер және әйелдер; Аллаһ бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі.» «Ахзап» сүресі, 35 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Бой ұсыну және дұрыс сөз керек еді. Іс бекіген сәтте, егер Аллаһ опа қылса, әрине олар үшін хайырлы болар еді.1» «Мухаммад» сүресі, 21 аят.


54. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, шыншылдық тақуалыққа апарады, ал тақуалық Жәннәтқа апарады. Адам тек қана шындықты сөйлеп, соңында Аллаһ алдында шыншыл деп жазылады. Шындығында өтірікшілік күнәһарлыққа апарады, ал күнәһарлық тозаққа апарады. Адам өтірік сөйлеген сайын, соңында Аллаһ алдында суайт өтірікші деп жазылады. Аль-Бухари, Муслим.


55. Хабар бойынша, Абу Мухаммад аль-Хасан бин Али бин Абу Талиб2, олардың екеуіне де Аллаһтың игілігі болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Саған күмән келтіретінді таста да, күмәнсіз нәрселерге ұмтыл, расында шындық ол тыныштық та, ал өтірік ол күмән. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Дұрыс хадис”, деп келтіреді.



Бұл дегеніміз; рұқсат етілген нәрселерден саған күмән келтіретінінен басыңды тарт та, көңіліңе күмән туғызбайтынына ұмтыл, деген сөз.
56. Хабар бойынша, Абу Суфиан Сахра бин Харба, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол ұзын хадис келтіреді, сол хадистегі ол Византияның императоры Ираклимен әңгімесінде, Ираклий одан: “Ол сендерге не істеуді бұйырады?”, - деп, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, туралы сұрағанда, Абу Суфиан былай жауап береді:

Ол бізге: “Бір Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпеңдер және сендердің ата-бабаларыңның айтқандарынан бас тартыңдар”, - дейді және бізге намаз оқуға, шындықты айтуға, ізгілікті болуға және туған-туысқандармен жақсы қарым-қатынас ұстаныңдар”, - деп бұйырады. Аль-Бухари, Муслим.


57. Хабар бойынша, Бадр шайқасының қатысушысы Абу Сабит, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім Аллаһ Тағаладан, шын ниетімен дін жолындағы соғыста шайқасып өлуін (мүмкіншілік беруін) сұрап дұға жасаса, Аллаһ Тағала оны, ол өзінің төсегінде өлсе де, дін жолында өлгендердің дәрежесіне көтереді. Муслим.


58. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Пайғамбарлардың бірі, оларға Аллаһтың игілігі болсын, әскери жорыққа аттанып жатып өзінің руластарына: «Үйленіп бірақ әйелімен қосылмаған, және үй салып төбесін жауып үлгермеген және қой не түйе алып олардан төл күтіп отырған адамдар менімен ермесін», - деді де, жорыққа шығып кетті. Жаулап алатын қаласына бесін уақыты кезінде, не сол шамада жақындап Күнге: «Сен Аллаһтың әміріне бой ұсынасың, мен де Аллаһтың әміріне бой ұсынамын, (иә Аллаһ) оны біз үшін тоқтат!», - деді. Сонда Аллаһ оларға жеңіс нәсіп еткенше, күн батпады. Осыдан кейін ол бүкіл олжаны жинаған соң, көктен олжаны күйдіру үшін от түсті, бірақ олжаны от шалмады1. Сонда Пайғамбар өзінің әскеріне: «Расында, сендерден біреуің өтірік іске барды, сендердің әр-бір руларыңнан бір адам (менің қолымды ұстап) маған ант берсін», - деді. Олар солай істеді де бір адамның қолы, оның қолына жабысып қалады. Сонда ол: «Расында, өтірікке барған сендердің араларыңда, сондықтан сенің руластарыңның бәрі маған ант берсін!», - деді. Бұл жолы оның қолына екеуінің не үшеуінің қолы жабысады, сонда ол: «Өтірікке барған сендерсіңдер!», - деді. Осыдан кейін олар алтыннан жасалған сиырдың басындай басты алып келеді. Содан кейін барып көктен түскен от олжаны шалып, (олардың құрбандары) қабыл болады. Сендерге дейін ешкімге олжа рұқсат етілмеген еді, бірақ Аллаһ бізге олжаны алуға рұқсат етті. Аллаһ сендердің әлсіздіктеріңді, шарасыздықтарыңды көріп оны рұқсат етті2. Аль-Бухар, Муслим.


59. Хабар бойынша, Абу Халид Хаким бин Хазим, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сатушы мен сатып алушы бірі-бірімен айырылысқанша өздерінің қалауларында ерікті болады. Егер олар (саудада шыншыл әрі бір-біріне заттарының ақауларын көрсетіп) түсіндірсе, онда олардың саудаларының берекесі болады. Ал егер олай істемей, бір-бірінен заттарының ақауларын жасырып алдаса, онда саудаларының берекесі жойылады. Аль-Бухари, Муслим.



5 ТАРАУ

Бақылаушылық (байқаушылық) жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Ол, сені тіке тұрған сәтте, көріп тұрады. Сәжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де. Түңгі (Таһажжут намазына тұруыңды да, басқа да таһажжут намазына тұрғандарға айналуыңды да немесе жеке не жамағатпен тіке тұрып, рукуғ, сәждеге көшіп, намаз оқуыңды Аллаһ көреді)3» «Шұғара» сүресі, 218-219 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Ол (Ааллаһ), қайда барсаңдар да, сендермен бірге…» «Хадид» сүресі, 4 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде Аллаһқа жердегі, көктегі еш нәрсе жасырын емес.» «Аль-Имран» сүресі, 5 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы» «Фажір» сүресі, 14 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһ көздердің қиянатын және көктердегі құпияны біледі» «Ғафыр» сүресі, 19 аят.

Бұл тақырыпқа байланысты аяттар көп және белгілі.
60. Хабар бойынша, Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

«Біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, отырған бір күні, біздің алдымызға ерекше ақ киімді және ерекше қара шашты кісі шықты. Оның үстінде сапар шеккен адамның ешбір ізі болмады, бірақ та біздің арамызда да оны танитын ешкім болмады. Ол Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдына келіп отырды. Тізелерін оның тізелеріне тигізіп және қолдарын өзінің аяғына қойып: «Иә, Мұхаммад, маған Ислам жайлы айтшы», деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ислам дегеніміз – ол Аллаһтан басқа Құдай жоқ екендігіне және Мұхаммад Аллаһтың елшісі екендігіне нану, намаз оқу, зекет төлеу, Рамадан айында ораза ұстау және мүмкіншілігің болса қажыға бару», - деп айтты. Ол (келген адам): «Сен дұрыс айттың», - деді. Біз оның Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сұрағанына және оның дұрыс айттың дегеніне таң қалдық. Ол (келген адам): «Енді маған Иман жайлы айт», - деді. Бұл: «Ол дегеніміз Аллаһқа, Оның періштелеріне, Оның кітаптарына, Оның елшілеріне, Қияметке, барлық жақсылық пен жамандық Аллаһ тарапынан жазмыш екендігіне сену», - деді. Ол: «Сен дұрыс айттың»,- деді. Ол (келген адам): «Маған Ихсан жайлы айтшы», - деді. Бұл: «Ол дегеніміз, Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық ету, өйткені, Оның сені көріп тұрғаны ақиқат», - деді. Ол (келген адам): «Енді маған Қиямет жайлы айтшы», - деді. Бұл: «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді», - деді. Ол: «Енді маған оның белгілерін (алдында не болатыны) айтып берші», - деді. Бұл: «Күң өзіне ханымын туады, сен аш-жалаңаш, бейшара қойшылардың биік ғимраттар салып жатқанын көресің», - деді. Содан соң ол (келген кісі) кетті, ал мен бірер уақытқа бөгелдім. Сонда ол: «Иә, Омар, сен кімнің сұрақ қойғанын білесің бе?», - деді. Мен: «Аллаһ және Аллаһтың елшісі бәрінен жақсы біледі», - дедім. Ол: «Бұл болған сендерді, сендердің діндеріңе үйретуге келген, Жебірейіл (періште)», - деді. Муслим

Мұндағы «Күң өзіне ханымын туады» деген ол күңдердің саны көбейіп өздерінің қожайындарынан қыздар туа бастайды, ал қожайынның қызы ханшайым болып табылады. Бұл туралы басқа да ойлар бар0.

61. Хабар бойынша, Абу Зарр Жундуб бин Жунад және Абу Абд ар-Рахман Муъаз Ибн Жабал, екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қайда болсаң да Аллаһтан қорық, жаман (күнәлі) істен кейін жақсылық (игілік) жаса, жаман ісіңді өшірсін және адамдармен қарым-қатынаста биязы (көркем мінезді) бол. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.


62. Хабар бойынша, ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен көлік үстінде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, артында отырғанымда ол маған былай деді: «Иә балақай, мен саған бірнеше сөздер үйретемін (ұғып ал): «Аллаһты (әрдайым) есіңде сақта, (сонда) Ол сені қорғайды. Аллаһты (әрдайым) есіңде сақта, (сонда) Оны алдыңнан көресің1. Егер бір нәрсе сұрағың келсе, Аллаһтан сұра, егер көмек сұрағың келсе, көмекті Аллаһтан сұра және біл, егер бүкіл адамзат жиналып саған бір жақсылық істегісі келсе, олар саған Аллаһтың пешенеңе жазған жақсылығынан артық жақсылық істей алмайды және де бүкілі жиналып саған бір жамандық істегісі келсе, олар Аллаһтың сенің пешенеңе жазған жамандағынан артығын істей алмайды, өйткені Аллаһтың жазғанының сиясы әдлдеқашан кеуіп үлгерген2» Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.

Ат-Тирмизидің риуаят етпеген хадисінің хабарында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Аллаһты есіңде ұста, сонда Оны алдыңнан табарсың, Аллаһты сәтті уақытыңда ізден, Ол да сені сәтсіздікке душар болғанда табады және де саған жолықпағанның саған жолығуының, ал саған жолыққанның саған жолықпауының мүмкін еместігін біл. Және де біл, көмек - сабырдан кейін, қуаныш – қайғыдан кейін, ал жеңілдік – қиындықтан кейін келеді.


63. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Расында, сендер сондай амал жасайсыңдар, ол сендердің көздеріңде шаштан да жіңішке, ал біз Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, уақытында ондай күнәға өлім күнәсіндай қарайтынбыз. Аль-Бухари.



Бұл хадистегі өлім күнәсі жайлы аль-Бухари, ол апатқа апаратын күнәләр деген.
64. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағалада қызғаныш сипты бар, Аллаһ әсіресе Өзінің харам еткен нәрселеріне қызғанышпен қарайды.


65. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бір кездері Аллаһ Тағала Исраил ұрпақтарынан алапеспен ауырғанды, басы тақыр тазды және соқырды - осы үшеуін сынамақ үшін оларға бір періштені жібереді. Періште алапеспен ауырғанға келеді де одан: «Сен бәрінен де нені қалайсың?», - деп сұрайды. Ол: «Мен ауруымнан жазылып, келбетімнің түсі кіріп, терімнің оңалуын қалаймын», - дейді. Сонда періште оның денесін қолымен сипап, ол бүкіл ауруынан жазылып, келбетіне түс еніп, терісі оңалады. Содан соң періште: «Саған дүниенің ішінен не ұнайды?», - деп сұрайды. Сонда ол: «Түйелер (не сиырлар)», - деп жауап береді. Оған буаз түйе беріліп, періште: «Аллаһ оны саған игілігті етсін!», - деп дұға айтып кетеді. Сосын періште басы тақыр тазға келіп: «Сен бәрінен де не қалайсың?», - деп сұрайды. Ол: «Мен ауруымнан жазылып, жақсы шашты болуды қалаймын», - деп жауап береді. Сонда періште оның денесін қолымен сипап, ол бәз баяғы қалпынша шашты болып шыға келеді. Содан соң періште: «Саған дүниенің ішінен не ұнайды?», - деп сұрайды. Сонда ол: «Сиырлар», - деп жауап береді. Сонымен оған буаз сиыр беріліп періште : «Аллаһ оны саған игілігті етсін!», - деп оған да, дұға айтып кетеді. Сосын періште соқырға келіп: «Сен бәрінен де не қалайсың?», - деп сұрайды. Ол: «Аллаһ менің жанарымды қайтарып, адамдарды көрсем», - деп жауап береді. Сонда періште оны қолымен сипағанда Аллаһ оның көзіне нұр беріп жанары кіреді. Содан соң періште: «Саған дүниенің ішінен не ұнайды?», - деп сұрайды. Сонда ол: «қойлар», - деп жауап береді. Сонда оған буаз қой беріледі. Осыдан кейін олардың малдары көбейіп бірінде бүтін табын түйе, екіншісінде бүтін табын сиыр, ал үшіншісінде үлкен қора қой болады. Содан соң періште бұрынғы алапеспен ауырғанға, соның бұрынғы түріне (яғни алапеспен ауырған адамның түсіне) еніп келеді де: «Мен – кедеймін, жолда бүкіл дүниемнен айрылдым. Бүгін Аллаһтан басқа, одан кейін сенен басқа сұрайтын ешкімім жоқ. Саған жақсы келбетті түр мен тері берген және байлық берген Аллаһтың атымен сұраймын, маған сапарымды аяқтауым үшін бір түйе берші», - дейді. Ол: «Менің қарызым көп», - деп оған ештеңке бермейді. Сонда періште одан: «Мен сені білетін секілдімін. Сен емес пе ауру болып, одан адамдар қашатын және сен емес пе кедей болып оны Аллаһ байытқан?», - деп сұрайды. Сонда ол: «Расында, бұл байлық, менің ата-бабаларымның қалдырған мұрасы», - деп жауап берді. Сонда періште: «Егер сен өтірік айтсаң, онда Аллаһ сені баяғы қалпыңа келтірсін!», - деп дұға айтады. Сосын періште бұрын шашы жоқ таз болғанға, соның бұрынғы кейпінде келіп, оған бұның алдындағы бұрынғы алапеспен ауырғанға айтқанын айтады. Ал ол болса дәл соның берген жауабындай жауап береді. Сонда періште оған да: «Егер сен өтірік айтсаң, онда Аллаһ сені баяғы қалпыңа келтірсін!», - деп дұға айтып кетеді. Сосын періште бұрын соқыр болғанға, соның бұрынғы кейпіне еніп келеді де, оған: «Мен – кедеймін, жолда бүкіл дүниемнен айрылдым. Бүгін Аллаһтан басқа, одан кейін сенен басқа сұрайтын ешкімім жоқ. Саған сенің жанарыңды қайтарған Аллаһтың атымен сұраймын, маған сапарымды аяқтауым үшін бір қой берсең жеткілікті болар еді», - дейді. Ол: «Расында мен, соқыр болдым, ал Аллаһ менің жанарымды қайтарды, не алғың келсе ал, нені қалдырғың келсе қалдыр және Аллаһтың атымен ант етемін, Ұлы Аллаһ Тағала үшін бүгін менен не алсаң да, сенен оны қайтарып беруіңді талап етпеймін!», - дейді. Сонда періште: «Дүниеңді өзіңе қалдыр, расында Аллаһ сендерді сынады да, Аллаһ саған риза болды, ал сенің екі жолдасыңа ашуланды», - дейді. Аль-Бухари, Муслим.

Аль-Бухаридің хадисінің хабарында бұрынғы соқырдың былай деп айтқаны келтіріледі: «…мен сені мақтамаймын…», яғни сен менен қалағаныңды алмасаң сені мақтамаймын, дегені.
66. Хабар бойынша, Абу Йаъля Шаддад бин Аус, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің жанынан (нәпсісінен) есеп алып отыратын және өлгеннен кейінгі қамын ойлап амал жасайтын - ақылды болып саналады. Ал Аллаһқа сеніп1, өзінің жанын нәпсісінің құлы еткендер - нашарлар болып табылады. Ат-Тирмизи бұл хадисті «Жақсы хадис», деп келтіред2і.


67. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ислам дінін жақсы ұстанғанның бір белгісі болып, адамның өзіне қатысы жоқ нәрселерге араласпауы жатады. Ат-Тирмизи және басқа мұхаддстер бұл хадисті «Жақсы хадис», деп келтіреді.


68. Хабар бойынша, Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ер кісіден еш қашан, әйелін не үшін ұрғандығы жайлы сұрауға болмайды. Бұл хадисті Абу Дауд және басқа да мұхаддистер келтіреді.



6 ТАРАУ

Тақуалық (Құдайдан қорқушылық) жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да мұсылман болған күйде өліңдер.» «Аль-Имарн» сүресі, 112 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сондықтан шамаларың келгенше Аллаһтан қорқыңдар» «Тағабун» сүресі, 16 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер» «Ахзап» сүресі, 70 аят.



Аллаһтан қорқуды нұсқайтын аяттар көп әрі бәріне белгілі.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Кім Аллаһтан қорықса. Оған бір шығар жол пайда қылады1. Оған Аллаһ ойламаған жерден ризық береді…» «Талақ» сүресі, 2-3 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Егер Аллаһтан қорықсаңдар, Ол сендерге жақсы, жаманды айыратын қабілет береді, әрі жамандықтарыңды жойып жарылқайды. Аллаһ зор кеңшілік иесі.» «Әнфал» сүресі, 29 аят.


69. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшсі, адамдардың ішіндегі ең құрметтісі кім?”, - деп сұрады. Сонда ол: ”Олардың ішіндегі ең құрметтісі ме?”, - деді. Адамдар: “Біз сені олар туралы сұрап жатқан жоқпыз”, - деді. Ол: “Онда - ол Йусуф, Аллаһтың елшісі, Аллаһтың елшісінің баласы, Аллаһтың елшісінің баласының баласы, Аллаһтың сүйіктісінің баласының баласының баласы1”, - деді. Адамдар тағы да: “Біз сенен олар туралы сұрап жатқан жоқпыз”, - деді. Ол: “Демек сендер менен арабтардың ата-бабалары туралы сұрап жатсыңдар ма? Жахилия2 кезінде жақсы болғандар, егер олар діннің міндеттерін жақсы түсінген болса, онда Исламда да жақсылар болып қала береді”, - деді. Аль-Бухар, Муслим.


70. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, бұл дүние тәтті әрі көк, Аллаһ сендерді қайтер екен деп, жер бетінде Өзінің уәкілі етті. Бұл дүниеден сақ болыңдар және әйелдерден сақ болыңдар, өйткені Исрайл ұрпағының бірінші азғырылуы әйелдермен байланысты болған. Муслим.


71. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатынын естіген:

Иә Аллаһ, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, ұстамдылықты және баршылықты сұраймын. /Аллаһумма, инни асъалюкаль-худа, уа тақуа, уаль-ъафафа уальғина/ Муслим.


72. Хабар бойынша, Абу Тариф Ади бин Хатим ат-Таъи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құлшылық етуші бір амал істеп, одан кейін тақуалыққа жақын бір амалды көрсе, онда ол соны (яғни тақуалыққа жақын амалды) істесін. Муслим.


73. Хабар бойынша, Абу Умам Судайй бин Ажлян аль-Бахили, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қоштасу қажылығы кезінде былай деп айтқанын естідім: “Аллаһтан қорқыңдар, бес уақыт намаздарыңды оқыңдар, (ораза ұстайтын) айларыңда ораза ұстаңдар, дүниелеріңнен зекет төлеңдер, басшыларыңа бой ұсыныңдар, сонда Раббыларыңның Жәннәтіна кіресіңдер. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.



7 ТАРАУ

Терең сенім және тәуекел (тәуәккәл) ету жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Мүминдер жау топтарын көрген сәтте: «Міне бізге Аллаһтың да, Елшісінің де уәде еткен нәрсесі. Аллаһ та Елшісі де рас айтқан» – десті. Сондай-ақ олардың сенімдерін, бой ұсынуларын одан ары арттыра түсті». «Ахзап» сүресі,22 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Оларға адамдар: «Сендер үшін ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», - деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды да олар: «Бізге Аллаһ жетіп асады, Ол нендей жақсы Ие», - деді. Сондықтан олар Аллаһтың нығметі және кеңшілігімен бір сәтсіздікке ұшырамай Аллаһтың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Аллаһ зор кеңшілік иесі». «аль-Имран» сүресі, 173-174 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай еш өлмейтін тірі Аллаһқа тәуекел ет. Оны дәріптей мақта. Ол, құлдарының күнәләрінан хабар алуға жетіп асады». «Фұрқан» сүресі», 59 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Мүминдер Аллаһқа ғана тәуекел етсін…» «Ибраһим» сүресі, 11 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Сонда қашан қарар берсең, Аллаһқа тәуекел ет. Негізінен Аллаһ тәуекелшілерді жақсы көреді». «аль-Имран» сүресі, 159 аят.

Аллаһқа тәуекел ету жайлы аяттар көп, әрі белгілі.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Ал кім Аллаһқа тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады…» «Талақ» сүресі, 3 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сөзсіз мүминдер; Аллаһ еске алынса, жүректері қобалжиды да оларға Аллаһтың аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тәуекел қылады». «Әнфал» сүресі, 2 аят.


74. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Маған бүкіл халықтар көрсетілген болатын, сонда мен жанында бірнеше ғана адам болған пайғамбарды көрдім және жанында екі не болмаса бір ғана адам болған пайғамбарды да көрдім, және жанында бірді-бір адам болмаған пайғамбарды да көрдім. Бір кезде маған көптеген адамдарды көрсетті. Мен оларды менің үмметім екен деп ойладым, бірақ маған: «Бұл Мұса мен оның халқы, бірақ басқа жаққа қара», - деді. Мен қара деген жағына қарап едім, онда көптеген адамдарды көрдім. Одан соң маған: «Ал енді мына жағыңа қара», - деді. Ол жақта да көптеген адамдар болды. Содан соң маған: «Бұл сенің үмметің және бұлардың ішінде есепсіз және азапсыз Жәннәтқа кіретін жетпіс мың адам бар»,- деді. Содан соң Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тұрды да үйіне кіріп кетті, ал біз болсақ Жәннәтқа есепсіз және азапсыз кіретіндер жайлы сөйлесе бастадық. Арамыздан біреу: “Бәлкім бұл Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары шығар”, - деді. Басқасы: “Бәлкім олар ислам дінінде туылып Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпегендер”, - деді. Осылай әр қайсысы өз ойын айтып жатты. Арада шамалы уақыт өтісімен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді де: “Сендер не жайлы әңгімелесіп жатырсыңдар?”, - деп сұрады. Біз не жайлы сөйлесіп жатқанымызды айттық. Сонда ол: “Олар - өздері дем салмайтын және өздеріне де дем салдырмайтын1, Құстың ұшқанымен ырымдамайтын және өздерінің Раббыларына тәуекел ететін адамдар», - деді. Осы кезде өзінің орнынан Уккяша бин Михсан аль-Асади тұрды да: «Аллаһтан мені солардың қатарына қосуын сұрашы», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сен солардансың”, - деді. Сонда орнынан басқа бір адам тұрып: “Аллаһтан мені солардың қатарынан қылуын сұрашы”, - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл сұраумен Уккяш сенен озып кетті”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.


75. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жиі айтатын деді:

Иә Аллаһ, Саған берілдім, Саған иман келтірдім, және Сенен үміттенемін, Саған ықылас білдіремін және Сенің арқаңда талас жүргіземін. Иә Аллаһ Сенің даңқыңа сүйеніп - Сенен басқа Тәңір жоқ, – деп Өзіңе адасып кетуден сыйынамын. Сен –Тірісің, Өлмейсің, ал жындар мен адамдар өледі. /Аллаһумма, ля-ка аслямту, уа бика аманту, уа ъалейка тауаккальту, уа иляй-ка анабту уа бика хасамту. Аллаһумма, аъузу би-ъиззати-ка, -ля иләһа илла Анта, - ан тудылля-ни, Анта-льХаййу аллязи ля ймуту, уа-ль-жинну уа-ль-инси йамутуна./ аль-Бухари, Муслим.


76. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

«Ибраһимді, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, отқа тастағанда ол: «Бізге, Тамаша Қамқоршы болған, Аллаһ жеткілікті!», - деген. Бұл сөздерді Мухаммад та, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқан. Оған: “Расында, сендерге қарсы адамдар жиналды, олардан қорқыңдар!”, - дегенде, олардың имандары артып: «Бізге, Тамаша Қамқоршы болған, Аллаһ жеткілікті!»1, - деген. Аль-Бухари.



Осы хадистің аль-Бухари келтірген басқа хабарында, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Ибраһимді, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, отқа тастағанда, оның соңғы сөзі мынау болды: «Бізге Тамаша Қамқоршы болған, Аллаһ жеткілікті!»


77. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жәннәтқа кіретіндер олар жүректері, құстың жүректері сияқты болған адамдар. Муслим.



Жүректері құстың жүрегі сияқты, дегенді біреулер Аллаһқа тәуекел еткен жүректер десе, енді біреулері жұмсақ жүректер, дейді.
78. Хабар бойынша, Жабірдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, айтуы бойынша:

Ол Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге Надж жорығында болған. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сол жорықтан артқа қайтқанда да онымен бірге болған. Түскілікті демалыс уақытында олар қалың тікенмен бұталанған ағаштар өскен жазықтыққа жолығып, әр-қайсысы ағаштардың көлеңкесін іздеп жайылып кетті, Аллаһтың елшісі де, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, демалуға асықты. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір қара ағашқа өзінің қаруын іліп, соның көлеңкесіне орналасты. Кішкене ұйықтаған соң, біз Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізді шақырып жатқанын естіп келсек, оның жанында бір бадауи тұр екен. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Мына адам, мен ұйықтап жатқанда менің ілулі тұрған қылышымды қынабынан суырып алды да, маған көтерді, ал мен оянған кезде ол жалаңаштанған қылышты қолында ұстап тұрып: “Енді сені менен кім құтқарады?”, – деді ал мен болсам үш қайтара: “Аллаһ!”, – дедім”, - деді де оны жазаламай отыра кетті. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің басқа хабарында Жабір былай дейді:

Бір кездері біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Зат ар-Рика жорығына қатыстық. Қалың көлеңкесі түсіп тұрған бір ағашқа жетісімен, ол орынды Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұсындық. Содан кейін көпқұдайшылдардың ішінен біреуі келіп, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қылышының ілулі тұрғанын көріп, оны қынабынан суырып алып: “Менен қорқасың ба?”, - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жоқ”, – деді. Ол адам: “Енді сені менен кім құтқарады?”, – дегенде, ол: “Аллаһ!”, - деп жауап берді.



Бұл хадистің Абу Бакр аль-Исмаил «Сахихіндегі» нұсқасында былай делінеді:

Сонымен ол адам: «Сені менен кім қорғайды?», - деп сұрады. Аллаһтың елшісі: «Аллаһ!», – деген кезде, ол адамның қолынан қылыш құлап түсті. Аллаһтың елшісі қылышты қолына алып: «Ал енді сені менен кім құтқарады», - деді. Ол адам: «Қайырым ет!», - деп өтінді. Оған Аллаһтың елшісі: «Аллаһтан басқа Тәңір жоқтығына және менің Аллаһтың елшісі екендігіме, куәлік бересің бе?», - деді. Ол: «Жоқ, бірақ мен сенімен ендігәрі соғыспаймын және сенімен соғысатындарға да қосылмаймын, деп уәде беремін», - деген соң, оны босатып жібереді. Ал ол адам өзінің жолдастарына қайтып келгенде: «Мен сендерге адамдардың ішіндегі ең жақсысынан келдім!»,- деді.


79. Хабар бойынша, Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естіген:

Егер сендер Аллаһқа дұрыс тәуекел етсеңдер еді, онда Ол сендерді, таңертең аш кетіп кешке қарындары тойып қайтатын құстарды қалай ризықтандырады, сендерді де солай ризықтандырар еді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.


80. Хабар бойынша, Абу Омар аль-Бар бин Азиб, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адамға былай деп айтқанын естіген:

Иә пәленше, егер төсекке жатқың келсе: «Иә Аллаһ! Нәпсімді Саған бойұсындырдым және ісімді Өзіңе тапсырдым. Әрі жүзімді саған қараттым және (сауабыңды) үміт етіп, әрі (азабыңнан) қорқып, Саған арқа сүйедім. Сенен қашып өзгеден пана табу мүмкін емес, тек Саған қашып Өзіңнен ғана пана тілейміз. Түсірген Кітабыңа әрі жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім», - де, сонда егерде, расында осы түнде өлсең, онда жаңа туған баладай (күнәдән пәк) күйіңде өлесің, ал егер таң атқанша тірі қалсаң онда үлкен игілік табасың. /Аллаһмма әсләмту нәфсий иләйк, уә фәуәдту әмри иләйкә, уә уәж-әһту уәжһий иләйкә, уә әлжаъату зоһрий иләйкә роғбәтән уә роһбәтән иләйкә, ләә мәлжә-ә уә ләә мәнжәә минкә иләә иләйкә, әмнтә би китәбикәл-ләзий әнзәлтә уә би нәбий-икәл-ләзий әрсәлт/0 Аль-Бухари, Муслим.


81. Хабар бойынша, әкесі де шешесі де сахаба болған Абу Бакр ас-Сиддик1, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Біз үңгірде тығылып жатқан кезімізде2, мен көпқұдайшылдардың аяқтарын көріп: “Иә Аллаһтың елшісі, егер олардың біреуі аяғының астына қараса, олар бізді әлбетте көріп қояды”, – дедім. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің абыржуыма: “Абу Бакр, үшіншісі Аллаһ болған екеу жайлы сен не дейсің?”, – деді. Аль-Бухари, Муслим.


82. Хабар бойынша, діндарлардың анасы Умм Салама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді, Аллһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйден шығарды әдетте былай дейтін:

Аллаһтың атымен, Аллаһқа тәуекел етемін, расында, мен адасудан, не болмаса адастырылудан, және де қателесуден, не болмаса қателестірілуден, және де әділсіз болудан не болмаса маған біреудің әділсіздік көрсетуінен және де надан болудан, не болмаса мені біреудің надандықта ұстауынан Саған сыйынамын. /Би-сми-Ллаһи, тауаккальту ъля-Ллаһи, Аллаһумма, инни аъузу би-ка ан адылля ау удалля, ау азилля ау узалла ау азлима ау узлима, ау ажһаля ау йуджһаля ъляййа./1 ат-Тирмизи бұл хадисті Абу Дауд Арқылы “Жақсы хадис” деп келтіреді.


83. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім үйінен шығар кезде: “Аллаһтың атымен, Аллаһқа тәуекел еттім. Аллаһтың күш-қуатына жететін ешқандай күш қуат жоқ” /Бисмилляһи, тәуәккәлту ъләллаһу, уә ләә хаулә уә ләә қууатә иллә билләһи/2 - десе. Оған: “Сен тура жолмен жүргізілудесің, (екі дүниенің жамандағанан) құтқарылдың және (кез-келген жаудың зұлымдығынан) қорғауға алындың” – делінеді1 де, шайтан одан алыстайды. Бұл хадисті Абу Дауд, ат-Тирмизи, ан-Насаъи және басқа да мұхаддистер келтіреді. Және де ат-Тирмизи бұны “Жақсы хадис” деген.



Абу Даудтың келтірген хабарында былай делінеді:

Бір шайтан екіншісінен: “Сен қалайша дұрыс жолға салынған, құтқарылған және қорғалған адамды өз дегеніңе көндіре аласың?!”, - дейді екен.


84. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмір сүрген уақытында Мединада екі ағайынды жігіт тұратын, солардың біреуі әрдайым Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп тұратын, ал екіншісі өзінің кәсібімен нан табатын. Бірде кәсібімен нан табушы Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, өзі ғана жұмыс істейтіндігі жайлы айтып шағымданады. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған: “Бәлкім, саған сенің ризығың сол сенің бауырың үшін келіп жатыр”, – деді. Ат-Тирмизи риуаяты бойынша. Муслимнің хадистерінің иснадына қоятын шарты бойынша “Сенімді хадис” болып табылады.



8 ТАРАУ

Туралық жайлы (истикама)
Аллаһ Тағала айтты:

«Бұйырылғанындай туралықты ұстан (тура бол)!…» «Һуд» сүресі, 112 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Расында: «Раббымыз Аллаһ» деп, сосын мықты (туралықты ұстанғандар) тұрғандар, оларға періштелер түседі де: «Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жәннәт арқылы қуанышқа бөленіңдер» дейді. «Біз дүние тіршілігінде де Ақыретте де достарыңбыз. Сендерге ол жәннәтта көңілдерің көксеген нәрселер бар. Сондай-ақ сендерге не тілесеңдер бар». Бұл аса Жарылқаушы, тым Мейірімді Аллаһ тарапынан бір сыйлық.» «Фұссилат» сүресі, 30-32 аяттар.

85. Хабар бойынша, Абу Амр Суфйан бин Абдаллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: “Иә Аллаһтың елшісі, маған өзіңнен басқа ешкімнен сұрамайтындай Ислам жайлы бір сөз айтшы”, - дедім. Сонда ол: «“Аллаһқа иман келтірдім”, – де, де сосын туралықты ұстан», – деді. Муслим.


86. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын: “Дұрыстыққа жақындаңдар әрі оны ұстаныңдар. Және де біліңдер, сендердің ешқайсыларың тек қана амалдарыңмен құтыла алмайсыңдар”, - деді. Адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, сенде ме?”, – деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын: “Мен де, егер маған Аллаһ Өзінің рахымшылығын білдіріп, Өзінің мейірімін жасамаса”, - деп жауап берді1. Муслим.



Хадистегі сөздерге түсінік. Жақындау (мукараба) деген сөз, ол біркелкі, шамадан тысы да жетіспейтіні де жоқ, деген болып табылады. Дұрыстық (садад) деген сөз туралық және табысқа жету деген мағынаны білдіреді. Исламдаға ғалымдар: “Дұрыстық, Аллаһ Тағалаға біркелкі бағынуды білдеріді”, - дейді. Олар және: “Ол сөз, Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дарыған аз сөйлеп көп мағына сыйдыратын сөздер жайлы болып тұр және дұрыстық бүкіл істі реттейді”, – деп те айтады.

9 ТАРАУ

Аллаһтың жаратуда ұлылығы жайлы, бұл дүниенің кетпелігі жайлы, мәңгілік өмірдегі күтіліп тұрған азаптар және екі өмірдің басқа да мәселелері жайлы, жанның болашаққа көп үміттенуіне болмайтындығы және рухты тәрбиелеп оған туралықты ұстауға бейімдеу жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«(Мухаммад,) оларға: «Шын мәнінде сендерге бір үгіт беремін; Аллаһ үшін екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар да сосын ойланыңдар…» «Саба» сүресі, 46 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Шексіз көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар. Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Аллаһты еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!»». «аль-Имран» сүресі, 190-191 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Олар, түйеге қарамай ма, қайтіп жаратылған? Олар аспанға қарамай ма, қайтіп көтерілген? Олар, тауларға қарамай ма қайтіп тігілген? Олар жерге қарамай ма қайтіп төселген? (Мухаммад,) ал енді насихат ет; негізінен сен бір насихатшысың». «Ғашия» сүресі, 19-21 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«…олар өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын жер жүзін кезіп көрмей ме?…» «Юсуф» сүресі, 109 аят.

Бұл жөнінде аяттар жетерлік. Ал хадистер жайлы айтатын болсақ осы кітаптағы 66-хадисте келтірілген Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқананын келтіруге болады:

Өзінің жанынан (нәпсісінен) есеп алып отыратын және өлгеннен кейінгі қамын ойлап амал жасайтын - ақылды болып саналады. Ал Аллаһқа сеніп өзінің жанын нәпсісінің құлы еткендер - әлсіздер болып табылады. Ат-Тирмизи бұл хадисті «Жақсы хадис», деп келтіреді.




10 ТАРАУ

Игілікке асығу және игілікке қарағандарды оған мүлтіксіз және бар ынтасымен талпынуға шақыру жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Сонда жақсылыққа жарысыңдар…» «Бақара» сүресі, 149 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі жер мен көктей жәннәтқа жарысыңдар...». «аль-Имран» сүресі, 133 аят.


87. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сауабты істер істеуге асығыңдар, әлбетте сендерге қараңғы түннің бөлігіндей сынақтар уақыты келеді, ол кезде адам таңертең иманды болып ал кешке жақын иманынан айрылады, ал кешке жақын иманда болса, онда таң ертең имансыз болып өзінің дінін осы дүниенің игілігіне сататын болады. Муслим.



88. Хабар бойынша, Абу Сирваъа Укба Ибн аль-Харис, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Мединада Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, артынан бесін намазын оқыдым. Сол намазда ол екі жағына сәлем беріп болған соң тез орнынан тұрды да асығып адамдардың қатарынан өтіп әйелдерінің бір бөлмесіне кіріп кетті. Адамдар оның бұл асығыстығынан шошыды, ал ол болса біраз уақыт өтісімен қайтадан арамызға келді де, біздің, оның асығыстығына таңырқағанымызды көріп былай деді: “Мен үйде алтын бар екені есіме түсіп, бұдан былай да оның мені алаңдатпауы үшін таратып жіберуіне әмір бердім”. Аль-Бухари.



Бұл хадистің басқа хабарында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

«Мен үйде садақаның (зекеттің) бір бөлігі болған алтынды қалдырғанмын, мен оның үйде қала беруін қаламадым».


89. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Ухуд соғысында бір адам Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә Аллаһтың елшісі, айтшы маған, егер мені өлтірсе, мен қайда боламын?», - деп сұрады. Ол: «Жәннәтта», – деді. Сол кезде ол адам қолындағы жеп тұрған құрмасын лақтырып жіберді де, соғысқа кіріп жан тапсырғанша шайқасты. Аль-Бухари, Муслим.


90. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келген бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, кандай садақаға үлкен сауап бар?”, – деп сұрады. Ол оған былай деп жауап берді: “Сенің денің сау болып және байимын деп, сараң күйде жүрген уақытыңдағы берген садақаң. Садақа беруді, жаның қысылып өлер алдында: “Мұншасы мынаған, аншасы анаған”, – деген уақытқа дейін созба, өйткені сен олай айтпасаң да өлгеніңнен кейін дүниең солардіке болады.” Аль-Бухари, Муслим.



91. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Ухуд соғысы болған күні, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сіәлемі болсын, қолына қылыш алды да: «Кім менен мынаны алады?», – деді, сонда адамдардың бәрі: «Мен, мен», – деп, қолдарын соза бастады. Сонда ол: «Менен бұны кім дұрыстап алады?1», - дегенде, адамдар толғанып қалды. Ал Абу Дуджана, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, болса: «Мен оны дұрыстап аламын»,– деді де, қылышты алып, көпқұдайшылдардың басын шаба бастады. Муслим.


92. Хабар бойынша, Абу Зубайр бин Ади айтты:

Кезінде біз Анас бин Малікке, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келіп аль-Хажаждің басынушылығына шағындық. Ол бұған: «Шыдаңдар, қандай заман келмесе де, оның артынан одан да жаман уақыттар келеді және бұл өздеріңнің Раббыларыңды кездестіргенше жалғасады. Мен бұны сендердің Пайғамбарларыңнан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, естідім. Аль-Бухари.


93. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге жеті бәле жолыққанша, сауабты амалдарыңды жасап алыңдар. Сендерге бәрін ұмыттыратын кедейлік, не болмаса азғындырушы байлық, не болмаса қапыда қалдыратын кесел, не болмаса сөздеріңнің мәнін кетіріп алжытантын кәрілік, не болмаса бәлелердің үлкені болып табылатын мәсіх Дажалдің келуі, не болмаса бұл дүниенің барлық бәлесінің бәрінен де ащы да ауыр болатын Қияметтен артық не жолығуы мүмкін. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.


94. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хайбар шайқасында болған күні былай деп айтқанын естіген:

Мен осы туды Аллаһ пен Оның елшісін жақсы көретін және сол арқылы Аллаһ бізді жеңіске алып келетін адамға тапсырамын!

Омар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:

Осы күнді санамағанда мен ешқашан, басқаруға ынтам болмап еді, ал бұл жолы туға мені шақырар ма екен деген үмітпен одан дәмелендім, бырақ Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзіне Али бин Абу Талибты, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, шақырды. Туды оның қолына ұстатып: «Аллаһ саған жеңіс жібергенше еш нәрсеге көңіл бөлме (алаңдама)!» Али біраз жерге ұзады да, сосын тоқтап, бірақ бұрылмай: «Иә Аллаһтың елшісі, бұл адамдармен мен не үшін шайқасайын?», – деп айқайлады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Олар, Аллаһтан басқа Тәңір жоқ және Мухаммад – Оның елшісі екендігіне куәлік бергенше соғыс. Егер олар куәлік берсе, онда онысымен сенен өздерінің жандарын және дүниелерін сақтап қалады да, одан кейін олардың жандары да дүниелері де басқаларға тек қана хақыларымен ғана тиесілі бола алады1, ал Аллаһ олардың есебін толық береді2. Муслим.



11 ТАРАУ

Ынталылық жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз. Рас Аллаһ жақсылық істеушілермен бірге» «Ғанкабут» сүресі, 69 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңа, саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл» «Хыжыр» сүресі, 99 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңның атын дәріптеп, әр нәрседен аулақ болып, Оған нағыз (толығымен) жөнел. «Мүззәміл» сүресі, 8 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді.» «Зілзал» сүресі, 7 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Және өздерің үшін, алдын ала хайыр істесеңдер, оның Аллаһтың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар….» «Мүззәміл» сүресі, 20 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Сендер не қайыр берсеңдер, Аллаһ оны біледі…» «Бақара» сүресі, 273 аят.


95. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала айтты: Кімде-кім Менімен жақын болған адаммен1 жауласса Мен оған соғыс жариялаймын. Маған жақындамақшы болып істеген амалдардың ішінде маған ең ұнайтыны, ол Менің оған міндеттеген амалдарым. Менің құлым Менің міндеттеген амалдарымнан бөлек одан артық амалдар жасап, Мен оған ғашық болғанша жақындай береді. Ал Мен оған ғашық болғанда, оның еститін құлағы боламын, көретін көзі боламын, ұстайтын қолы боламын, жүретін аяғы боламын. Егер ол Менен бір нәрсе сұраса, оған сұрағанын міндетті түрде беремін, ал егер Менен қорған сұраса, оған міндетті түрде қорған боламын. Аль-Бухари.
96. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала айтты: Егер құлым Маған бір алақан жақындаса, Мен оған бір білек жақындаймын, егер ол Маған бір білек жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын, ал егер ол маған ақырын жүрсе, онда Мен оған қарай жүгіре жөнелемін. Аль-Бухари.
97. Хабар бойынша, Ибн Аббас, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың

елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Көп адамдар екі қайырымнан құр қалған, олар денсаулық пен бос уақыт2. Аль-Бухари.
98. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Әдетте Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнгі намазды ұзақ оқығандығы соншалық тобықтары жарылып кететін. Бірде мен одан: «Иә Аллаһтың елшісі, сен неліктен сонша құлшылық етесің, сенің өткен әрі алдағы күнәләріңінің бәрін Аллаһ кешпеп пе еді?», – дедім. Ол маған: «Мен Аллаһқа ризашылығын білдіретін құл болуым керек емес пе?», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.


99. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

(Рамаданның) соңғы он күндігінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзі ұйықтамай және үй ішіндегілерді оятып ерекше ынта (ықылас) білдіріп, изарын1 бекем байлайтын2. Аль-Бухари, Муслим.


100. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мықты діндар, Аллаһ алдында әлсіз діндардан жақсы әрі Аллаһқа сүйкімді, дегенмен екеуінде де хайыр (игілік) бар. Өзіңе пайда әкелетінге талпын да, әлсіз болмай Аллаһқтан көмек сұра. Егер саған бір қайғы келсе: «Әттеген-ай осылай да осылай істесем еді..» – деме, бірақ: «Бұл Аллаһтың жазмышы, Аллаһ қалағанын істеді», - де. Өйткені «егер де..», деген сөзің шайтанның ісіне жол ашады. Муслим.


101. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

От (тозақ) құмарлықтың артына жасырынған, ал Жұмақ – (сен) жақтырмайтын (қиындықтардың) артында. Аль-Бухари, Муслим.



Муслим келтірген хадистің нұсқасында «жасырынған», деген сөздің орнына «қоршалған», деген сөз қолданылады. Одан хадистің мағанасы өзгермеді. Ол деген, адамды жәннәтан не болмаса тозақтан сол шегара бөледі, егер қайсысының жанындағыны орындаса сонда тап болады (жәннәт не тозақ).
102. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жазғышы ретінде танымал болған, Абу Хузайфа бин аль-Йаман аль-Ансари, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде бірге (нафіл) намаз оқыдым. Сонда ол (намаздың бірінші ракағатында) “Бақара” сүресін оқи бастады. Мен өз-өзіме: “Ол (осы сүренің) жүз аятын оқып рукуғқа барады”, – дедім, бірақ ол одан кейін де оқуын жалғастыра берді. Сонда мен өзіме: “Ол (сүрені) (намаздың бірінші ракағатында) толығымен оқып шығады», - дедім. Сосын мен өзіме: «Оны оқып бітірісімен рукуғ жасайды», – деп тұрғанымды, ол «Ниса» сүресін оқып бастап оны толығымен оқып шықты, сосын Аль-Имран» сүресін оқуға кірісті де, оны да толығымен әр әріпін шығарып мәнерлеп оқып бітірді. Сол кезде ол аяттың ішінде Аллаһты мақтау туралы сөздерді оқығанда, ол Аллаһты мақтады, ол аяттың ішінде Аллаһқа дұға жасау туралу аятты оқығанда, дұға жасады, ал Аллаһтан пана сұрау жайлы аятты оқығанда, ол Аллаһтан пана сұрады, содан соң ол иіліп рукухқа кетті. Сол кезде: «Менің Ұлы Раббым кемшілік атаулыдан пәк!» /Субхана Раббиль-Азым!/ - деп айта бастады да, оның рукуғы, қыям кезінде қанша тұрса сонша уақытты алды. Сосын ол: «Аллаһ Тағала Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естиді. Раббым саған мақтау!» /Сами Аллаһу лиман хамидаһ. Раббана уалакль-хамд!/, - деп бойын түзеді де, осы күйде рукухта қанша болса, соншама уақыт аралығында тұрды. Ал сосын ол: «Аса Жоғары Раббым пәк!» /Субхана Роббиль Аъля!/ - деп сәждеге жығылды да, сол қалпында, тік тұрған кезінде қаншама уақыт өткізсе, соншама уақыт болды. Муслим.


103. Хабар бойынша, бірде Ибн Масъудтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

«Бірде мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде бірге (нафіл) намаз оқығанымда, оның (көп) тұрғаны соншалық, мен бір жағымсыз іс жасай жаздадым». Адамдар одан: “Ол жасай жаздағаның ісің не?”, – деп сұрады. Оларға ол: “Менің оны қалдырып отыра кеткім келді”, – деп жауап берді. Аль-Бухари. Муслим.


104. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

(Қабірге) өлген адамның артынан үшеуі ереді, олар: от басы мүшелері, оның дүниесі және амалдары. Олардың екеуі қайтады да, ал біреуі өзімен қалады. Қайтатындары, от басы мүшелері мен дүниесі, ал амалдары болса өзімен қалады. Аль-Бухари, Муслим.


105. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге Жәннәт аяқ киімдеріңнің баулрынан да жақын және Тозақ та әр қайсысыңа сондай жақындықта болып табылады. Аль-Бухари.


106. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қызметшісі болған және перденің артында тұрғандардың бірі болған1 Абу Фирас Рабиъа бин Қаъб аль Аслами, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, дәрет алуы үшін су әкеліп және де басқа керекті нәрселерін әкеліп түндерді Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, алдында өткізетінмін. Сондай күндердің бірінде ол маған: “Менен бір нәрсе сұрашы”, – деді, сонда мен: “Мен сенен, сенімен Жәннәтта бірге болуды сұраймын!”, – дедім. Ол: “Бәлкім сен менен басқа нәрсе сұрайсың?”, – деді. Мен: “Жоқ, тек қана осыны қалаймын!”, – дедім. Сонда ол: “Онда сенің нәпсіңмен күресте, көп сәжде жасап, маған көмектес2”, – деді.


107. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, босатқан құлы Абу Абдаллаһ Саубан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сен көп сәжде жасауың керек, расында, Аллаһ үшін жасаған әр сәждеңе, Аллаһ сені бір сатыға көтереді және сенің мойныңнан бір (кіші) күнәні түсіреді. Муслим.


108. Хабар бойынша, Абу Сафуан Абдуллаһ бин Бусра аль-Аслами, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдардың ішіндегі ең жақсылары болып саналатындар, олар көп өмір сүріп амалдары жақсы болғандар. Ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.


109. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде менің Бадр соғысына қатыспаған нағашым (не болмаса әкеснің бауыры), Анас бин ан-Надр, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, мен сенің көпқұдайшылдармен соғысқан бірінші шайқасыңа қатысқан жоқпын, бірақ Аллаһтың атымен ант етемін, егер Аллаһ маған олармен шайқасуды нәсіп етсе, менің олармен не істейтінімді Аллаһтың өзі көреді”, - деді.

Артынан Ухуд соғысында, мұсылмандар өздерінің орындарынан кете бастағанда, ол (нағашым), орындарынан кетіп жатқандар жайлы: “Иә Аллаһ, бұлардың осылай істеп жатқандары үшін кешірім сұраймын және Менің олардың істеп жатқандарына қатысым жоқ екендігіне, Сені куәлікке шақырамын!”, – деп айқайлады. Ол осыны айтты да алдыға қарай жылжып, алдынан кезіккен Саъд бин Муъзға: “Иә Саъд бин Муъз, Мен Жәннәтқа және Қағбаның Раббына және ан-Надырдың Раббына асығамын! Ақиқат, мен оның аңқыған жұпар иісін Ухуд жақтан сезінемін. Артынан (бұл жайында) Саъд: “Иә Аллаһтың елшісі, мен оның істегенін істей алмадым!”, – деді.

Анас сөзін былай жалғастырды:

Ал соғыстан соң біз оны, көпқұдайшылдардың оның түрін қатыгездікпен бұзып тастаған өлі күйінде таптық. Сонда оның денеснен қылыш, найза және садақтың оғынан болған жетпістен астам жараны санап шықтық. Оны бұл күйінде апасы ғана саусақтарынан таныды.



Анас сөзін былай жалғастырды:

Жоғарыдан түсірілген мына аят сол және соған ұқсас адамдар жайлы болды деп ойладық: «Мүминдерден, Аллаһқа деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды.Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады.» («Ахзап» сүресі, 23 аят) аль-Бухари, Муслим.


110. Хабар бойынша, Абу Масъуд Укба бин Амр аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Қайыр-садақа жайлы аят түскеннен кейін біз, жүктер таси бастадық1. Бір адам келіп қайыр-садақа ретінде көп ақша берді. Сол кезде екі жүзділер: «Ол бұны көрер-көзге (мақтанып) істеп жатыр», - десе, артынан келіп бір саъ құрма қайыр-садақа берген адамға: «Расында, Аллаһ сенің бұндай қайыр-садақаңа мұқтаж емес!», - деп мазақтай бастады. Сол кезде осыған байланысты мынадай аят түсті: «Сондай мүминдерден садақаларда, ынталы болушыларды айыптағандар, тағы тырысып тапқанын ғана бергендерді тәлкектегендерді, Аллаһ мазаққа ұшыратады. Әрі олар үшін жан түршігерлік қинау бар.» («Тәубе» сүресі, 79 аят) аль-Бухари, Муслим.


111. Хабар бойынша, Абу Зарра аль-Гифари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала айтты:

Иә Менің құлдарым, расында мен Өзімді әділсіздіктен тыйдым және сендерге оны рұқсат етпеймін, сондықтан бір-біріңе қысымшылық көрсетпеңдер! Иә Менің құлдарым, Мен дұрыс жол көрсетпегендерімнен басқаларыңнан барлығың адасуда едіңдер, сондықтан Менен дұрыс жол сұраңдар, Мен сендерді дұрыс жолға саламын! Иә Менің құлдарым, Мен тамақ бермегендерімнен басқаларыңның барлығың аш қаласыңдар, сондықтан менен тамақтандыруды сұраңдар, Мен сендерді тамақтандырамын! Иә Менің құлдарым, Мен киіндіргендерден басқаларыңнан барлығың жалаңаш қаласыңдар, сондықтан менен киіндіруді сұраңдар, Мен сендерді киіндіремін! Иә Менің құлдарым, сендер күндіз-түні күнә жасайсыңдар, ал Мен барлық күнәләрді кешіремін, сондықтан Менен кешірім сұраңдар, Мен сендерді кешіремін! Иә Менің құлдарым, сендер Маған ешбір жамандық та, ешбір жақсылық та жасай алмайсыңдар! Иә құлдарым Менің, егер адамдарың бар жындарың бар, бәрің араларыңдағы ең тақуаның жүрегінің тақуалығындай тақуа болсаңдар, одан Маған келіп-кетер еш нәрсе болмас еді! Иә Менің құлдарым, егер адамдарың бар жындарың бар, бәрің араларыңдағы ең нашардың жүрегінің нашарлығындай нашар болсаңдар, одан да Маған келіп-кетер еш нәрсе болмас еді! Иә Менің құлдарым, егер адамдарың бар жындарың бар, бәрің бір жерге жиналып Менен бір нәрсе сұрасаңдар, ал Мен болсам Сендердің бәріңнің сұрағандарыңды берсем, теңізге түскен ине ондағы судың көлемін қалай азайтпайтын болса, Менің де байлығым бергенімнен азаймас еді! Ия Менің құлдарым, ақиқат, сендердің жасаған амалдарың тек өздерің үшін ғана, оны мен артынан есептеп сауабын өздеріңе толығымен беремін, сол кезде кім игілік тапса1, Аллаһқа мақтау айтсын, ал кім бұдан басқасын тапса, өзінен басқа ешкімді кінәләмай-ақ қойсын! Муслим.



Саъид былай деп айтты: «Абу Идрис бұл хадисті жеткізгенде тізерлеп тұрып айтты. Біз бұл хадис жайлы: «Шам тұрғындары үшін бұл хадистен құрметтісі жоқ», – деген, Ахмад бин Ханбалдің2, оған Аллаһтың рахымы болсын, айтуымен жеткіздік.

12 ТАРАУ

Әсіресе өмірдің соңында көп

сауапты істер жасау жайында.
Аллаһ Тағала айтты:

«Олар тозақта: «Бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан басқа жақсы амал істейік», - деп шыңғырады. «Сендерге үгіт алғысы (ойланғысы) келген кісі (үшін), үгіт алатын (ойланатын) өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар, залымдар үшін ешбір көмекші жоқ» «Фатыр» сүресі, 37 аят.

Ибн Аббас және басқа да тәпсірлешілер бұл аят жайлы былай деген: «Бұл дегеніміз: Біз саған алпысқа дейін өмір сүретін уақыт бермеп пе едік?» Бұл түсіндірменің дұрыстығын төменде келтірілген, Аллаһ жазса соңынан біз келтіретін (және сіз оқитын) хадис дәлел. Бұл жайында: «Бұл қырық жас» не болмаса: «он сегіз жас», - деп те ойлағандар болған. Бұлай деп аль-Хасан, аль-Кальби және Масрук айтқан, делінеді. Және де бұлай ибн Аббас та айтқан делінеді. Егер Мединалық тұрғындардың бірі қырық жасқа жетсе, ол өзін құлшылық ісіне толығымен арнаған, деген хабарлар да бар. Және де: «Бұл жас кәмлет жасы», - деген ойлар да бар.

Аллаһ Тағаланың: «Әрі сендерге ескертуші де келген еді», - сөзі жайлы Ибн Аббас және басқа да ғалымдар: «Бұл – Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын», – деген. Ал Икрима, Иьн Уйаййна және басқалары: «Бұл – ақ шаш», – деген. Ал Аллаһ бұл туралы жақсы біледі.



112. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ адамға, алпыс жасқа жеткенінше кешірімін созып отырады. Аль-Бухари.



Ғалымдар бұл жайлы: «Аллаһ оның, осыншама уақытқа шегергендіктен, оның ақталуына мүмкіншілік бермейді», - деген. Арабтар: «Ақталу белгілі бір уақытқа дейін қабыл», - дейді.
113. Хабар бойынша, Ибн Аббас, екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Омар мені Бадр шайқасына қатысқан ақсақалдармен бірге өзіне1 шақыратын. Соңында бұл солардың біреуінің ашуын туғызса керек, ол: «Бұл бала неге саған бізбен бірге кіреді, ол біздің балдарымыздан да жас қой?!», - деді. Жауап ретінде Омар: «Сендер оның жайын2 (тегін) білесіңдер ғой!», - деді. Бірде ол мені сол қарттармен бірге тағы да өзіне шақырды. Бұл жолы ол мұны әдейі істеді деп ойлаймын. Өйткені Омар: «Сендер Аллаһтың былай деп айтқанына не дейсіңдер: «Аллаһтың жәрдемі және жеңіс келген кезде; Адамдардың, Аллаһтың дініне топ-тобымен кіргенін көресің. Енді Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен Аллаһ, тәубені өте қабыл етуші3», - деді. Сонда отырғандардың бірі: «Бізге жәрдем беріліп жеңіске жеткен кезде Аллаһқа мақтау айтыңдар, деп әмір берілген еді», - деді, ал қалғандары еш нәрсе айтпай үндемеді. Сонда ол маған қарап: «Сен де осынын айтасың ба, иә Ибн Аббас?», – деді. Мен: «Жоқ», – дедім. Ол: «Онда сен не айтасың?» – деп сұрады. Мен: «Бұл жерде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірінің өлшемі, яғни соңының таяп қалғандығы жайлы Аллаһ хабарлап жатыр. Аллаһтың: «Аллаһтың көмегі мен жеңіс келген кезде», - дегені, Ол сенің өміріңнің соңы таяп қалды (осы уақыт саған белгі): «…енді Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен Аллаһ тәубені өте қабыл етуші», - дейді.», - дедім. Менің айтқандарымды тыңдап болып, Омар: «Мен де бұл сүре жайлы, сенің айтқаныңнан басқа еш нәрсе білмеймін», - деді. Аль-Бухари.


114. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтың көмегі мен жеңісі келген кезде…», – деген сүре түсісімен, ол бірде-бір намазында былай деп айтпай сәжде жасамайтын: «Раббымыз, Сен пәксің, Саған мақтау, иә Аллаһ кешір мені.» /Субханака, Раббана, уа бихамдика, Аллаһумма-ғфирли!/1 Аль-Бухари, Муслим.



«Сахихтердің» екеуінде де келтірілген нұсқалардың бірінде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын; былай деп айтқаны хабарланады:

Өзінің рукуғы мен сәждесінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Раббымыз, Сен пәксің, Саған мақтау, иә Аллаһ кешір мені», - деп Құранда көрсетілген әмір бойынша, көп қайталайтын.



Құранда көрсетілген әмір бойынша делінгені, онда Құрандағы Аллаһ тағаланың былай деп айтқан әмірі жатады: «…Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле…»

Бұл хадистің Муслим ұсынған хабарында, Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Өлер алдында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен ризашылығы болсын, былай деп жиі айтатын: «Аллаһ, Сен пәксің, Саған мақтау, иә Аллаһ, Сенен кешірім сұраймын және Сенің алдыңда тәубе келтіремін!» /Субхана-ка Аллаһумма, уа бихамдика, астағфирука уа атубу илайка./



Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, сенен естіп жүрген бұл неғылған жаңа сөздер?», – деп сұрадым. Ол: «Маған бір белгі нақтыланған еді, соны көріп, мен осыны айтатын болдым. Нақтыланған белгісі Аллаһтың: «Аллаһтың көмегі мен жеңісі келген кезде…», - дегені және осы сүренің аяғына дейінгі айтқандары еді.



Муслимнің келтірген бұл хадисінің таға бір нұсқасында, Айшаның былай деп айтқаны келтіріледі:

Бір кездерден бастап, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздерді жиі айтатын болды: «Аллаһ, Сен пәксің, Саған мақтау, Аллаһтан кешірім сұраймын және оның алдында тәубе келтіремін» /Субхана-Ллаһи уа бихамдиһи, асағфируллаха, уа атубу илай-һи/



Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, сен: «Аллаһ, Сен пәксің, Саған мақтау, Аллаһтан кешірім сұраймын және Оның алдында тәубе келтіремін», - деп жиі айтатыныңды естіп жүрмін?, - дедім. Ол былай деп жауап берді: «Менің Раббым, менің үмметіме байланысты бір белгі көресің, сол белгіні көрісімен: «Аллаһ, Сен пәксің, Саған мақтау, Аллаһтан кешірім сұраймын және оның алдында тәубе келтіремін», - деп айтуым жайлы аян берді, ал мен болсам сол белгіні көрдім. «Аллаһтың көмегі мен жеңісі келген кезде…», - деген сөздер - бұл Меккені жаулап алғанымыз – Адамдардың, Аллаһтың дініне топ-тобымен кіргенін көресің. Енді Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен Аллаһ, тәубені өте қабыл етуші».


115. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Расында, Ұлық Аллаһ Тағала, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өлерінің алдынан сәл бұрын, аяндарын бірінің артынан бірін түсіріп жатты. Ол аяндардың басқа уақыттарға қарағанда, ең жиі түсіп жатқан уақытында көз жұмды. Аль-Бухари, Муслим.


116. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың әр бір құлы қандай күйде өлсе, сол күйде тірілттіріледі. Муслим.



13 ТАРАУ

Игілікке апаратын жолдың көптігі жалы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Хайырдан не істесеңдер, күдіксіз Аллаһ оны біледі…» «Бақара» сүресі, 215 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Не хайыр істесеңдар Аллаһ оны біледі…» «Бақара» сүресі, 197 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әлдекім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін…» «Жасия» сүресі, 15 аят.

Бұл жайында белгілі аяттар көп, ал Хадистер жайлы айтатын болсақ көп-ақ және оның бәрін айтып тауыса алмаймыз. Төменде біз солардың бір бөлігін ұсынып отырмыз:
117. Хабар бойынша, Абу Зарр Жундуб бин Жунада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, амалдардың ішіндегі ең жоғары бағаланатыны қайсысы?», - деп сұрадым. Ол: «Аллаһқа иман келтіру және Аллаһ жолындағы соғыс», – деп жауап берді. Мен: «Ал құлдардың ішіндегі жақсысы қайсы?1», – деп сұрадым. Ол: «Қожайындарының ең жоғары бағалаған құлы және қайсысы оларға қымбатқа түскен болса, солар», - деп жауап берді. Мен: «Ал егер мен бұларды істей алмасам2?», - деп сұрадым. Ол: «Онда (айтылған) қай бір іспен шұғылданғандарға көмектес, не болмаса істей алмағандардың орнына өзің істе». Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, егер мен айтылғандардың бірін істей аламасам?», - деп сұрадым. Ол: «Онда адамдарға жауыздық жасауды тоқтат, осы сен үшін өзіңе берген садақа болып табылады». Аль-бухари, Муслим.


118. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күн шыққан әр күні әр қайсысың денелеріңде неше буын болса сонша садақа беруге тиістісіңдер. Әр бір айтылған: «Субхана-Ллаһ», садақа болып табылады және: «Әлхамду ли-Ллаһ», садақа болып табылады және әр бір айтылған: «Лә иләһә ила-Ллаһ» садақа болып табылады және әр бір айтылған: «Аллаһу акбар», садақа болып табылады, және жақсылыққа шақыру садақа болып табылады, жамандықтан тыйу садақа болып табылады, бірақ осының бәрін таңертіңгілік оқыған екі бас нәфіл намаз /ад-духа/1 ауыстыра алады. Муслим.


119. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Менің үмметімнің бүкіл жақсы амалдары маған көрсетілген болатын, мен солардың ішіндегі жақсы амалдардан, жолдың бойынан бүкіл, адамдарға кедергі келтіретін затты алып тастағандарына дейінгісін көрдім, ал жаман амалдардан мешіттің ішінде түкіріп оны көмбегендеріне дейінгісін де көрдім2. Муслим.


120. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, дүниесі мол байларға бүкіл сауаб бұйырады, олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза ұстайды, бірақ (олардың бізден артықшылығы) дүниелерінен садақа береді!» - деді. Бұған жауап ретінде ол былай деді: «Сендерге де Аллаһ неден садақа берудің жолын көрсетті емес пе? Расында әр бір айтылған «Субхана-Ллаһ» садақа және әр бір айтылған «Аллаһу акбар» садақа және әр бір айтылған «Әлхамду ли-Ллаһ» садақа және әр бір айтылған: «Лә иләһә ила-Ллаһ» садақа және жақсылыққа шақыру садақа, жамандықтан тыйу садақа және керек десеңдер әр қайсысыңның әйелдеріңмен қосылғандарың садақа!» Олар: «Иә Аллаһтың елшісі, егер бізден біреу өзінің құмарын қандырса, сол үшін де сауап табады ма?», - деп сұрады. Ол: «Маған айтыңдаршы, егер біреу құмарын (шариғат) рұқсат етпеген жолмен қандырса (яғни ойнас жасаса), ол күнә табады епес пе? Сол сияқты барлық рұқсат етілген жолмен құмарын қандырса, оған сауап бар!», - деп жауап берді. Муслим.


121. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ешуақытта шариғаттың рұқсат еткенін елемеуші болма, керек десең, ол бауырыңды күлімдеп қарсы алу тұрғысында болса да. Муслим.


122. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күн шыққан әр күні әр қайсысың денелеріңде неше буын болса сонша садақа беруге тиістісіңдер: егер сен екеудің таласын әділ шешіп берсең садақа берген боласың, егер адамды көлігіне мінгізіссең, оған оны мінгізіп апарсаң, не болмаса көлікке оның затын көтеріп салсаң, садақа берген боласың, жақсы сөз - садақа және намазға бара жатқан әр бір қадамың үшін, садақа берген боласың және де жолда жатқан адамдарға кедергі жасайтын затты алып тастағаның, садақа бергенің болып табылады. Аль-Бухари, Муслим.



Бұдан бөлек Муслим, Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізуімен бұл хадистің басқа бір нұсқасын келтіреді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Әр бір, Адам атадан тараған адам, үш жүз алпыс буынды мүшеден құралған. Кімде-кім күн ішінде: «Аллаһу акбар», «Әлхамду ли-Ллаһ», «Лә иләһә ила-Ллаһ» және «Субхана-Ллаһ» - десе, не болмаса Аллаһтан кешірім сұраса, не болмаса адамдар жүретін жолдан, тас, тікен, сүйекті алып тастаса, не болмаса адамдарды жамандықтан тыйып жақсылыққа шақырса, оның осындай жақсы амалдары үш жүз алпысқа жетсе, онда ол осы күнге Отты өзінен алыстатады».


123. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мешітке барғанға, не болмаса мешіттен қайтқанға Аллаһ, ол адам үшін, сонысын (яғни мешітке барып келуін) қайталаған сайын, Жәннәтта оған тәтті сыйлық дайындайды.


124. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Мұсылман әйелдер, ешбір көрші, қойдың тұяғы тұрғысында болса да, көршісіне жақсылық жасауды арсынбасын (не болмаса ұмытпасын) (Яғни оған қойдың тұяғын берсе де). Аль-Бухари, Муслим.


125. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иманның жетпістен /не алпыстан/ астам тармағы бар. Оның ішіндегі ең жақсысы: «Аллаһтан басқа Тәңір жоқ» /Лә иләһә илал-Ллаһ/, - деу, ал ең кішісі жолдың бойынан адамдарға кедергі жасайтынды алып тастау және ұялшақтық – иманның бір тармағы болып саналады. Аль-Бухари, Муслим.


126. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Бірде өзінің жолымен келе жатқан адам қатты шөлдей бастайды. Ол бір құдық тауып, онда түсіп шөлін қандырып шыққанда, шөлдегеннен лай топырақты жеп жатқан бір итті көреді. Осыны көрген ол өзіне-өзі: «Бұл ит мен шөлдегендей қатты шөлдеп жатыр», - дейді де, қайтадан құдыққа түсіп аяқ киіміне су толтырып, оны тісімен тістеп сыртқа көтерілгенше тісінен түсірмейді. Сосын сыртқа шығысымен иттің шөлін қандырып су береді. Осы амалы үшін Аллаһ, ол адамның бүкіл күнәләрін кешіріп алғысын білдіреді». Сонда адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, бізге хайуандар үшін де сауап беріледі ме?», - деп сұрады. Ол: «Сауап барлық тірі жан үшін беріледі», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Аль-Бухари келтірген хадистің нұсқасында былай делінеді:

…осы амалы үшін Аллаһ ол адамға алғысы ретінде, бүкіл күнәләрін кешіріп Жәннәтқа кіргізді.



Аль-Бухаридің және Муслимнің келтірген хадистің тағы бір нұсқасында былай делінеді:

Шөлден құдықты айналып өлермен болған итті көрген израйль халқының зинақор әйелі, өзінің аяқ киімін шешіп суға толтырып, онымен иттің шөлін қандырғаны үшін, бүкіл күнәләрі кешірілді.


127. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Жәннәтта, осы дүниеде мұсылмандардың жүруіне кедергі жасағандығы үшін, кесіп тастаған ағашының көлеңкесінде рахаттанып жатқан адамды көрдім. Муслим.



Осы хадистің Муслим келтірген нұсқасында былай делінеді:

Бір адам жолда жатқан бұтақтың жанынан өтіп бара жатып өз-өзіне: «Аллаһтың атымен ант етемін, бұның мұсылмандарға кедергі жасамауы үшін жолдан алып тастаймын», – деді (де, оны жолдан алып тастады), сол үшін ол Жәннәтқа кіргізілді.



Аль-Бухаридің және Муслимнің келтірген хадистің тағы бір нұсқасында былай делінеді:

Жол бойымен келе жатқан бір адам, жол үстінде тікен басқан бір бұтақты көрді де, оны жолдан алып тастады, осынынсы үшін, Аллаһ алғыс ретінде оның бүкіл күнәләрін кешірді.


128. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім дұрыстап дәрет алып, жұма намазына келіп (имамның айтқан құтпасын) үндемей отырып тыңдайтын болса, оның екі жұма арасындағы және сонан кейінгі үш күндік кішігірім күнәләрі кешіріледі. Ал кімде-кім осы уақытта (мешіттегі) тастарды теріп, ермек қылса, онда ол уақытын бос өткізгені. Муслим.


129. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың иманды құлы, дәрет алып бетін жуған кезде, оның бетінен судың соңғы тамшысымен көзімен көрген күнәләрі түседі, ал қолын жуған кезде, сумен бірге, оның қолымен ұстаған күнәләрі түседі, ал аяғын жуған кезде, сумен бірге оның аяғымен барған күнәләрі түседі, осылай барлық күнәләрінен арылғанша жалғасады. Муслим.


130. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күнделікті орындалған бес уақыт намаз, әр бір жұма намазына қатысу, Рамадан сайын ұсталған ораза, осы аралықта, үлкен күнәдан басқа жасалған кіші күнәләрдің бәрінің кешірілуіне себеп болады. Муслим.


131. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардан: «Сендерге Аллаһ не арқылы кішігірім күнәләрді кешіріп, дәрежелерді көтеретінін1 айтайын ба?», – деп сұрады. Олар: «Әрине, иә Аллаһтың елшісі!», – деді. Сонда ол: «Бұл – кейбір ыңғайсыздықтарға2 қарамай дәретті толық алу, Мешітке қарай жасалған көптеген қадамдар және намаздан кейін келесі намазды күту және бұл сендер үшін – рибат (яғни нәпсіңе қарсы жихад)»,-деді. Муслим.


132. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Салқын уақытта екі рет намаз оқыған Жәннәтқа кірді3. Аль-Бухари, Муслим.


133. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың құлы ауырса не болмаса сапарда болса, оған әдетінше үйінде болып сау кезінде орындайтын бүкіл амалдары жазылады (яғни ол орындай алмаса да). Аль-Бухари, Муслим.



134. Хабар бойынша, Жабір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шариғаттың бүкіл рұқсат етілген (ұнатқан) амалдарына сауап бар. Аль-Бухари және Муслим.Абу Хузейфаның жеткізуімен келтіреді.


135. Хабар бойынша, Жабір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылман бір ағаш отырғызса, одан желінгеннің бәрі оған міндетті түрде садақа есебінде жазылады, егер одан бір нәрсе ұрланса ол да міндетті түрде оған садақа есебінде жазылады және де ол ағашқа бір зақым келтірілген болса ол да оған міндетті түрде садақа есебінде жазылады. Муслим.



Бұл хадистің басқа хабарында былай делінеді:

Егер мұсылман бір ағаш отырғызса, содан кейін оның өнімінен адам, жануар, не құс жейтін болса, бұл оған Ахіретке дейін садақа ретінде жазылады.



Бұл хадистің үшінші хабарында былай делінеді:

Егер мұсылман, ағаш отырғызса, не болмаса егін ексе, содан кейін одан өскенін адам, жануар, не болмаса тағы басқа біреу жесе, оның бәрі оған садақа есебінде жазылады.


136. Хабар бойынша, Жабір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Кезінде абу салима руынан адамдар мешітке жақын жерге көшпекші болады. Бұл хабар Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткен кезде ол: «Маған седердің мешіттің жанына көшпекші болып жатқандарың жайлы хабар келді», - деді. Олар: «Иә Аллаһтың елшісі, біз солай істемекшіміз», - деді. Сонда ол: «Иә бану салама, үйлеріңде қала беріңдер, өйткені сендердің басқан іздерің жазылып жатыр, иә бану салама, үйлеріңде қала беріңдер, өйткені сендердің басқан іздерің жазылып жатыр!», - деді. Муслим.



Бұл хадистің басқа хабарында былай делінеді:

… расында, әр бір қадам үшін – дәреже!


137. Хабар бойынша, Абу-ль-Мунзир Уьайй бин Қаъб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мединада бір адам тұратын, мен ол адамнан мешіттен алыс тұратын адамды білмейтінмін. Бірақ ол соған қарамай ол мешітте жамағатпен оқылатын бірде-бір намазды жібермейтін. Бірде мен оған: «Сен өзіңе түнде жүруің үшн және ыстық жермен жұрмеуің үшін бір есек алсаң еді!», - дедім. Сонда ол маған жауап ретінде: «Менің үйім мешіттің жанында болса, мен оған қуанбас едім. Расында, менің үйден мешітке және мешіттен үйге жүргенімнің жазылуын қалаймын!», - деді. Сол кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ саған (сауабыңды) толығымен жинап қойды!», - деді. Муслим.



Бұл хадистің басқа нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Ақиқат, саған сенің үміттенгенің беріледі.


138. Хабар бойынша, Абу Мухаммад Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қырық түрлі жақсы амал бар, солардың ішіндегі ең жақсысы мұқтаж адамға сауынды ешкіні қарызға бере тұру. Аллаһтың сауабынан үміт етіп және оны істегенге берілетін уәденің толық орындалатынына бекем сенген мұсылманды, Аллаһ әлбетте Жәннәтқа кіргізеді. Аль-Бухари.


139. Хабар бойынша, Ади бин Хатим, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құрманың жартысымен болса да, өздеріңді Оттан қорғаңдар. Аль-Бухари, Муслим.



«Сахихтердің» екеуінде де келтірілген бұл хадистің басқа бір нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сендердің араларыңда өзінің Раббысымен түсіндірушісіз1 сөйлесетін ешкім болмайды. Сонда ол оң жағына қарағанда өзінің жасаған амалынан басқа еш нәрсе көрмейді, сол жағына қарағанда өзінің жасаған амалынан басқа еш нәрсе көрмейді, ал алдына қараған кезде көз алдында тозақтың жалынынан басқа еш нәрсе көрмейді, сондықта өздеріңді құрманың жартысымен болса да құтқарыңдар, ал егер оны да таппаса, онда – жақсы ақыл айту арқылы.


140. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, әр бір жеген тамағына және әр бір ішкен суына Аллаһқа мақтау айтқан құлы үшін, Аллаһ Өзінің ризалығын білдіреді. Муслим.


141. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Әр-бір мұсылман садақа беруі керек», - деді. Сонда бір адам: «Маған айтшы, егер адам садақа беруге еш нәрсе таппаса ше?», - деді. Ол: «Онда ол өзінің қолымен еңбек етіп ,өзіне-өзі пайда келтірсін де, садақа берсін», - деді. Ол адам: «Егер адам оны жасай алмаса ше?», - деп сұрады. Ол: «Онда ол қйындыққа тап болғанға көмектессін», - деді. Ол адам: «Ал егер ол бұны да істей алмаса ше?», - деп сұрады. Ол: «Онда жақсылыққа шақырсын», - деді. Ол адам: «Маған мынаны айтшы, егер ол оны да істей алмас ше?», - деп сұрады. Ол: «Онда ол жамандықты істеуден өзін тисын, бұл да садақа болып табылады», - деді. Аль-Бухари, Муслим.


14 ТАРАУ

Құлшылықтағы біріңғайлық (орташалық) жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Та-ха. Саған Құранды машақат үшін түсірмедік.» «Та-ха» сүресі, 1-2 аяттар



Аллаһ Тағала айтты:

«…Аллаһ сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды…» «Бақара» сүресі,185 аят.


142. Хабар бойынша, Абу-ль-Мунзир Уьайй бин Қаъб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, онда бір әйел болған кезде кіріп:

«Бұл кім?», - деп сұрады. Ол (Айша): «Бұл пәленше», - деп оның өзін-өзі шаршатып, жалығып намаз оқитындығы жайлы айтты. Ол: «Бұны тоқтат! Сендер тек қана өздеріңнің әлдерің жететінін ғана орындауларың керек! Аллаһтың атымен ант етемін, сендер өздерің қажымасаңдар Аллаһ қажымайды, ал Аллаһтың, діни амалдардың ішінен бәрінен де жақсы көретіні, ол амал жасаушының (кішкене болса да) әрдайым жасайтын амалы»,-деді. Аль-Бухари, Муслим.

«Аллаһ қажымайды», дегені ол: Аллаһ сендерге сауап жазуды қажып тоқтатпайды және сендер өздерің қажыған секілді, сендер қажып істеріңді тоқтатқанша, Ол сауаб жазуын қажып тоқтатпайды. Сондықтан сендерге Аллаһ Өзінің мейірімін көрсетуі үшін, өздерің әрдайым орындап жүре алатын амалдарға ұмтылыңдар.
143. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдерінің үйінің жанына, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қалай құлшылық ететіндігі жайлы сұрап үш адам келді. Оларға оның қалай құлшылық ететіндігі жайлы айтқанда, олар оны аз санап былай деді: “Алдыңғы және өткен күнәләрі кешірілген Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, ілесу бізге қайда”. Содан олардың бірі: “Мен болсам түнімен тынымсыз намаз оқимын”, - деді. Екіншісі: “Ал мен болсам үздіксіз ораза ұстаймын”, - десе, ал үшіншісі болса: “Ал мен болсам әйелдерден алшақтап ешқашан үйленбеймін”, – деді. Біраз уақыт өтісімен оларға Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді де: “Осылай да осылай деген сендер ме? Аллаһтың атымен ант етемін, мен сендерден гөрі Аллаһтан көбірек қорқамын, бырақ мен кейбір күндері ораза ұстаймын да, ал басқа күндері ораза ұстамаймын, мен түнде намаз да оқимын және ұйықтаймын да, және де әйелдермен некелесемін, ал кім менің сүннетіммен жүргісі келмесе, оның маған қатысы жоқ!”, – деді. Аль-Бухари, Муслим.


144. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, онымен бір әйел болған кезде кіріп

Шамадан тыс қатаңдық көрсеткендер опат болады – деп үш рет қайталады. Муслим.



Шамадан тыс қатаңдық дегеніміз – ол бір нәрсені шамадан тыс зерттеу және бір іске орынсыз қаталдықпен қарау.
145. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, бұл дін оңай, бірақ кімде-кім онымен жарысатын болса, онда дін оны сөссіз жеңеді, сондықтан дұрысын ұстаныңдар да (дінге неғұрлым) жақындаңдар, қуаныңдар да Аллаһтан таңертең, түсте, кешке және түннің бір бөлігінде көмек сұраңдар. Аль-Бухари.



Бұл хадистің бақа бір нұсқасында былай делінеді:

… сондықтан дұрысын ұстаныңдар да (дінге неғұрлым) жақындаңдар, қуаныңдар да Аллаһтан таңертең, түсте, кешке және түннің бір бөлігінде көмек сұраңдар, сонда көздеген мақсаттарыңа жетесіңдер.1


146. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мешітке кіріп, онда екі тіректің арасында жіп ілулі тұрғанын көріп: “Бұл неғылған жіп?”, - деп сұрады. Адамадар оған: “Ол намаз кезінде шаршағанда ұстап тұруы үшін ілген Зайнабтың жібі”, - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Шешіңдер оны, сендерден кім намаз оқығысы келсе, ол тың кезінде оқысын, ал егер шаршаса ұйықтасын (демалсын)”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.


147. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кез келгенің намаз уақытында қалғи бастасаңдар, онда ұйқыларың қанғанша ұйықтап алыңдар, өйткені егер бірің қалғып отырып намаз оқысаңдар, онда Аллаһтан кешірім сұраудың орнынан өзіне қарғыс айтып жатқанын сезбей де қалуы мүмкін. Аль-Бухари, Муслим.


148. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намазының және құтбасының өте ұзын да емес, әрі өте қысқа да емес намаздарына жиі қатыстым. Муслим.


149. Хабар бойынша, Абу Жухайфа Уахб бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Салман мен Абу Дарда бір бірімен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, арқасында ағайындас болды1. Бірде Абу Сальман Абу Дардаға келген кезде, ол Умм ад-Дарданы (яғни Абу Дарданың әйелін) тозған киіммен жүргенін көріп одан: «Саған не болған?», - деп сұрады. Ол (әйел) болса: «Сенің бауырың Абу Дарда бұл дүниенің сәнін керек қылмайды», - деп жауап берді. Сол уақыт аралығында Абу Дарда Салманға тамақ дайындап ұсынады. Салман болса оның өзіне: «Же», - дейді. Абу Дарда: «Расында, менің аузым берік», - дейді. Салман болса: «Сен жемейінше, мен де жемеймін», - дейді. Сосын ол жеді, ал түн түсісімен, Абу Дарда намазға тұрды. Салман оған: «Ұйықта», - деді, сосын ол жатып ұйықтады. Біраз уақыт өтісімен ол тағы да намазға тұрды, бұл жолы да Салман: «Ұйықта», - деді, ал түннің соңында: «Енді тұр», - деп екеуі бірге намаз оқыды. Содан соң Салман оған: «Расында, сенің Раббыңның, сенде хақы бар және сенің жаныңның да сенде хақы бар, және сенің жанұяңның да сенде хақы бар, сондықтан әр кімнің өзіне тиесілі хақысын беріп отыр!», - деді. Артынан Абу Дарда Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп болған жайдың бәрін айтып берді, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Салман саған шындықты айтты”, - деді. Аль-Бухари.


150. Хабар бойынша, Абу Мухаммад Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Кезінде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің: “Аллаһтың атымен ант етемін, мен міндетті түрде, өмірімнің соңғы күніне дейін тоқтаусыз күндіз ораза ұстап, түнді намаз оқып өткіземін!”, – деп айтып жүргенімді жеткізеді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менен: “Осылай айтып жүрген сенсің бе?”, - деп сұрады. Мен: “Расында, оны айтып жүрген менмін, иә Аллаһтың елшісі, менің ата-анам сенің төлемің болсын”, – дедім. Ол: “Расында, сен оған төзе алмайсың, сондықтан ораза ұста да оразаны ұстамайтын кездерің болсын, түнде намаз оқы да, ұйықта. Айына үш күннен ораза ұста, расында әр-бір игі амал үшін он есе сауап жазылады, сондықтан оның (яғни айына үш күн ораза ұстау) үздіксіз оразаның дәрежесіне көтереді”, - деді. Мен болсам: “Мен одан да жақсысына қабілеттімін!” -, дедім. Ол: “Онда үш күнде бір ораза ұста”, - деді. Мен болсам: “Мен одан да жақсысына қабілеттімін!”, - дедім. Ол: “Онда күнәрә ораза ұста, бұндай оразаны Дауд, оған Аллаһтың сәлемі болсын, ұстаған және бұл – ең әділетті ораза”, - деді.



Бұл хадистің тағы бір нұсқасында, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейді:

«… және бұл – ең жақсы ораза», - деген кезінде, мен тағы да: “Мен одан да жақсысына қабілеттімін!”, - дедім. Сонда ол: “Бұдан жақсысы жоқ!”, - деді.



Абдуллаһ бин Амр сөзін былай жалғастырды:

Егер де мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үш күніне келіссем ғой, расында, қазір ол мен үшін менің жанұямнан да, дүниемнен де артық болар еді!



Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Абдуллаһ бин Амр дің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Иә Абдуллаһ, маған сенің күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқитындығыңды жеткізді», – деді. Мен: «Солай, иә Аллаһтың елшісі», – дедім. Ол: «Олай істеме, ораза ұста, бірақ ұстамайтын күндерің де болсын, түнде намаз оқы және ұйықта да, өйткені сенің денеңнің сенде хақы бар және сенің көзіңнің сенде хақы бар және әйеліңнің сенде хақы бар және қонағыңның сенде хақы бар. Расында, сен үшін ай сайын үш күн ораза ұстау жеткілікті болады, әр бір жақсылық үшін он есе сауап жазылады, сондықтан бұл үзбей ораза ұстағанмен тең болады. Бірақ мен, дегенімде тұрамын деп, артынан жазамды алдым. Мен: «Аллаһтың елшісі, мен өзімде күш сезінемін!», - дедім. Ол: «Онда Аллаһтың пайғамбары Дауд, оған Аллаһтың сәлемі болсын, секілді ораза ұста, бірақ одан асырма!», - деді. Мен: «Ал Аллаһтың пайғамбары Дауд, оған Аллаһтың сәлемі болсын, қалай ораза ұстаған?», - деп сұрадым. Ол: «Күнәрә», - деп жауап берді.

Ал Абдуллаһ қартайған шағында: «Шіркін мен сонда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шешімін қабылдасам еді!», - деп жиі айтатын.

Бұл хадистің үшінші бір нұсқасында Абдуллаһ бин Амр дің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Маған, сені күнде аузын бекітеді және түн ішінде Құранды толығымен оқып шығады, деп жеткізді, сол рас па?», – деді. Мен: «Рас, иә Аллаһтың елшісі, мен бұл ісіммен тек қана игілікке ұмтыламын», - дедім. Ол: «Оразаны адамдардың ішіндегі Аллаһқа ең көп құлшылық еткен, Аллаһтың пайғамбары Дауд, оған Аллаһтың сәлемі болсын, секілді ұста да, Құранды бір айдың ішінде оқитын бол», - деді. Мен болсам: “Иә Аллаһтың елшісі, мен одан да жақсысына қабылеттімін!”, - дедім. Ол: “Онда оны жиырма күннің ішінде бір реттен оқып отыр”, - деді. Мен болсам: “Иә Аллаһтың елшісі, мен одан да жақсысына қабілеттімін!”, - дедім. Ол: “Онда оны он күннің ішінде бір реттен оқып отыр”, - деді. Мен болсам: “Иә Аллаһтың елшісі, мен одан да жақсысына қабілеттімін!”, - дедім. Ол: “Онда оны жеті күннің ішінде бір реттен оқып отыр, бірақ одан басқа жиілетпе”, - деді. Бірақ мен тағы да айтқанымда тұрып қайталай бердім де, артынан сол үшін жазамды алдым, өйткені Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Сен білмейсің ғой, бәлкім сен әлі көп өмір сүресің!1», - деді. Түбінде дәл Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқандай болып шықты, қартайған уақытта оның рұқсат бергеніне көнбегеніме өкіндім!



Бұл хадистің төртінші бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

…расында балаларыңның сенде хақы бар…



Бұл хадистің бесінші бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Үздіксіз ораза ұстаған, еш ораза ұстамаған болып саналады.



Бұл хадистің алтыншы бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Аллаһ Тағаланың сүйікті оразасы Дауыдтың оразасы, ал Аллаһ Тағаланың сүйікті намазы Дауыдтың намазы. Дауд түннің жартысын ұйықтап, үштен бірінде намаз оқитын, сосын алтыдан бірінші бөлігінде ұйықтайтын, ал оразаны күнәрә ұстайтын және жауымен кездессе қашпайтын.



Бұл хадистің жетінші нұсқасында Абдуллаһ бин Амрдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Кезінде мені әкем бір қадірлі әйелге үйлендірді, сосын ол өзінің келініне келіп, оның күйеуі (яғни мен) туралы сұрайтын болды, ал ол (әйелім мен туралы): «Ол – тамаша адам, бірақ менімен әлі төсекке жатқан жоқ, керек десеңіз маған қарамайды да!», - деді. Осы әңгімені көп уақыттан бері естіп жүрген әкем, бір күні бәрін Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтып береді, ал ол оған: «Оған айт, менімен кездессін», – дейді. Арада шамалы уақыт өтісімен мен онымен кездескен кезде, ол менен: «Сен қалай ораза ұстайсың?», – деп сұрады. Мен: «Әр күні», – дедім. Ол менен: «Ал Құранды қанша уақытта оқып шығасың?», - деп сұрады. Мен: «Бір түн ішінде», – дедім.



Бұдан кейін бұл нұсқада да, алдынғы нұсқадағыдай айтылады. Соңынан оның Құранның әдетінше түнде оқитын бөлігінің жетіден бірін күндіз отбасы мүшелеріне оқитындығы, ал оразаны шаршаған уақытта күш жинап алу үшін аузын ашып ұстамаған күндерін санап артынан ұстамаған күндері үшін ораза ұстап, өзінің Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, онымен қоштасқаннан кейін айтқан сөздерінен басын тартпау үшін амал жасағандығы хабарланады. Бұл нұсқалардың барлығы сенімді саналады және олардың көпшілігі «Сахихтердің» екеуінде де кездеседі де, кейбіреуі ғана біреуінде келтіріледі.
151. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жазғыштарының бір болған Абу Рибъи Ханзаля бин Рабиъ аль-Усайди, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бірде мен Абу Бакрді, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кездестіргенімде ол менен: «Иә Ханзаля, жағдайың қалай?», – деп сұрады. Мен оған: «Ханзаля екі жүзді (мунафиқ) болды», - деп жауап бердім. Бұны естіген ол: «Субхана-Ллаһ! Сен не деп тұрсың?!», - деді. Мен: «Біз Жәннәт пе Тозақ туралы айтып жатқан Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында болған кезде, оның айтып жатқан екеуін көргендей боламыз, ал одан кетісімен балаларымызбен, әйелдерімізбен және дүние тіршілігімен шұғылданып көбін ұмытамыз!», – дедім. Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Аллаһтың атымен ант етемін, біздің де сезінетініміз сол!», – деді. Содан соң біз Абу Бакр екеуіміз Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп мен: «Иә Аллаһтың елшісі, Ханзаля екі жүзді болды!», - дедім. Ол: «Оның қалай білінеді?», – деп сұрады. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, біз Жәннәт пен Тозақ жайлы айтып жатқан сенің жаныңда болған кезде, сен айтып жатқан екеуін де көргендей боламыз, ал сенен кетісімен балаларымызбен, әйелдерімізбен және дүние тіршілігімен шұғылданып көбін ұмытамыз!», - дедім. Менің айтқандарымды тыңдап шығып, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, егер сендердің күйлерің әрқашан менің жанымда болған кездеріңдегідей болып, Аллаһты әрдайым есте ұстаған болсаңдар, онда сендер қайда болсаңдар да, төсекте де, жол үстінде де періштелер қолдарыңды қысар еді, бірақ әр нәрсенің өзінің уақыты бар1, иә Ханзаля!», - деп, соңғы сөздерін үш қайырды. Муслим.


152. Хабар бойынша, Ибн Аббас, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, уағыз айтып жатқан кезінде, тұрып тұрған адамды көріп, ол туралы сұрады. Адамдар: «Бұл – күні бойы отырмай, көлеңкеге жасырынбай, сөйлемей және ораза ұстап күнде тұруға серт берген Абу Исрайль», - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Оның отыруына, сөйлеуіне және көлеңкеде болуына әмір бер, ал оразасын соңына жеткізсін» – деді. Аль-Бухари.



15 ТАРАУ

Ізгілікті амалдарды әрдайым орындау және

бұндай істерде бостық көрсетпеу жайлы
Аллаһ Тағала айтты:

«Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен хақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар. «Хадид» сүресі, 16 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сосын олардың артынан жалғасты түрде елшілерімізді жібере отырып, Мариям ұлы Исаны жібердік; оған ілескендердің жүректеріне жұмсақтық мейірімділік салдық. Дүниеден безушілікті олар өздері шығарды. Оны оларға жазбадық. Бірақ олар Аллаһтың ризалығын іздеу үшін (шығарды). Сонда олар оны да шын мәнінде меңгере алмады…» «Хадид» сүресі, 27 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан әйел сияқты болмаңдар...» «Нахыл» сүресі, 92 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңа саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл.» «Хыжыр» сүресі, 99 аят.

Бұл тақырыпқа қатысты хадистер туралы айтатын болсақ, онда алдыңғы тарауда келтірілген Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын келтіруге болады:

«…ал Аллаһ діни амалдардың ішінде, оны орындаушының оны әрдайым орындайтынын жақсы көреді.»


153. Хабар бойынша, Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім әдетінше түнде оқитынының бәрін, не бір бөлігін оқй алмай ұйықтап кетсе, бірақ онысын (алдағы күннің) таң намазы мен бесін намазының арасында оқып шықса, онда оның бұл амалы түнде жасаған ретінде жазылады. Муслим.


154. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі маған: «Иә Абдуллаһ, алғашында түнде намаз оқып, соңынан онысын қойғандар секілді болма» – деді.


155. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ауырып, не болмаса басқа да себептермен түнгі намазын жіберіп алған болса, онда ол күндіз он екі ракаттан тұратын қосымша намаз оқитын. Муслим.



16 ТАРАУ

Сүннәтті әрдайым ұстану

және оның әдебі жайлы
Аллаһ Тағала айтты:

«Ол (яғни Пайғамбар) өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» «Нәжім» сүресі, 3-4 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Оларға: «Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнәләріңді жарылқайды. Өйткені Аллаһ аса жарылқаушы, ерекше мейірімді», - де» «Аль-Имран» сүресі, 31 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Расында, сендер үшін, Аллаһты, Ахірет күнін үміт еткендер және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін, Аллаһтың елшісінде көркем өнегелер бар.» «Ахзап» сүресі, 21 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, сонан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін, мүмин бола алмайды.» «Ниса» сүресі, 65 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар…».» «Ниса» сүресі, 59 аят.



Ғалымдар бұның мағынасын: «Бұны: Құранға және Сүннетке сүйеніңдер, деген сөз», - дейді.

Аллаһ Тағала айтты:

«Кім Пайғамбарға бағынса, расында Аллаһқа бағынған болады…» «Ниса» сүресі, 80 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Расында сен тура жолға бастайсың.» «Зухруф» сүресі, 52 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сонды оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын.» «Нұр» сүресі, 63 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Үйлерінде оқылған Аллаһтың аяттары мен хикметтерін еске алыңдар…» «Ахзап» сүресі, 34 аят.



Және бұл тарауға қатысты көптеген аяттар бар.
156. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен сендерді қалдырмайынша, сендерге айтпаған нәрселер жайлы1 сұрап мені мазалай бермеңдер. Расында, сендерге дейінгі өмір сүргендердің түбіне, пайғамбарларына көптеген сұрақтар қою мен онымен келіспеушілік жеткен (яғни содан опат болған). Сондықтан менің тыйым салған нәрселерімнен қашыңдар да, ал менің істе дегенімді, шамаларың жеткенше орындаңдар. Аль-Бухари, Муслим.


157. Хабар бойынша, Абу Наджих аль-Ъибрад бин Сарйиа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, уағызы уақытында біздің жүрегімізге қорқыныш ұялап, көздерімізге жас келді. Сонда біз: “Иә Аллаһтың елшісі, сенің бұл уағызың қоштасатын адамның уағызы секілді, сондықтан бізге насихат айтшы!”, – дедік. Ол былай деді: “Менің насихатым мынау: Ұлық Аллаһ Тағаладан қорқыңдар, егер сендерге құл әмір болса да, оны тыңдаңдар және оған бойұсыныңдар. Расында, араларыңдағы көп өмір сүргендер, әлі көп ұрыс-керіске (фитнаға) тап болады, сондықтан сендерге еш ауытқымай менің Сүннетімді және дұрыс жолмен жүрген діндар халифалардың сүннетін ұстану керек болады және сендерге бүкіл (діндегі) жаңалықтан (бидғаттан) қашу керек болады, өйткені әр бір (діндегі) жаңалық адасу болып табылады!” Бұл хадисті Абу Дауд және ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


158. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Менің үмметімнен бас тартқандардан басқаның бәрі Жәннәтқа кіреді», - деді. Сонда адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі кім бас тартады?», - деп сұрады. Ол былай деп жауап берді: «Маған бойұсынғандар Жәннәтқа кіреді де, ал маған бағынбаған (Жәннәттан) бас тартқан болып табылады.» Аль-Бухари.


159. Хабар бойынша, Абу Муслим Салама бин Амр бин аль-Аква, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бір адам Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында сол қолымен жей бастады, бұны көрген ол: «Оң қолыңмен же!», - деді. Бұған ол: «Жей алмаймын», - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, «Жей алмай қал! Оған такаппарлықтан басқа еш нәрсе кедергі жасамайды!», - деді. Осыдан кейін ол сол қолын аузына апара алмайтын болды. Муслим.


160. Хабар бойынша, Абу Абдуллаһ ан-Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендер міндетті түрде (намазға тұрарда) қатарларыңды түзеулерің керек, олай істемесеңдер Аллаһ сендердің жүздеріңді өзгертеді. Аль-Бухари, Муслим.



Түсіндірмелерде «…жүздеріңді өзгертеді…», дегенді: «аралрыңа түсінбеушілік (фитна, қиғаштық) салып қояды», - деп түсіну керек, делінеді.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында былай делінеді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның бізден не талап етіп жатқанын түсінгенімізше біздің сабымызды, садақ оғының түзулігін тексеретіндей тәптіштеп туралайтын. Бірде ол біздің алдымызға шығып өзінің орнынан енді “Аллаһу акбар”, деп такбір айтайын деп жатқанда, біреуіміздің кеудеміздің алдыға шығып тұрғанын көріп: “Аллаһтың құлдары, сендер міндетті түрде саптарыңды түзетулерің керек, олай істемесеңдер Аллаһ сендердің жүздеріңді өзгертеді», - деді.


161. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Мединада, ішінде тұрған адамдарымен бірге бір үй жанып кетті. Осы хабар Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткенде, ол: «Расында, бұл от сендерге жау, сондықтан жатар алдында (одан өздеріңді қорғау үшін) сөндіріңдер. Аль-Бухари, Муслим.


162. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһтың менімен адамдарға жіберген басшылығы мен білімі жерге түскен жаңбыр секілді. Ол жердің бір бөлігі құнарлы болды да, ол өзіне түскен суды сіңіріп алып, оның үстінде көптеген өсімдіктер мен шөптер өсті. Ал басқа бір жер қатты болды да, ол өзінің үстінде суды ұстап қалып, одан адамдар ауыз су алып, малдарын және егістерін суғара бастады. Жаңбыр жердің тегіс бөлігіне де түсті, онда су не тұрмады, не оның үстінде еш нәрсе өспеді де. Бұл (мысалдағы) жердің бөліктері, Аллаһтың дінін қабылдаған адамдар секілді, олар Аллаһтың менімен жібергенін сіңіріп, өздері пайда тапты және өзгелерді үйретті, ал басқа бөлігі (жердің тегіс су тоқтамаған бөлігі секілді) не дінді өздері қабылдамады және Аллаһтың менімен жіберген басшылығын да мойындамады. Аль-Бухари, Муслим.



163. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен және сендер, от жағып, онда көбелектер мен шегірткелер түсіп жатқан және оны одан қуып жатқан адамдар секілдіміз. Мен сендерді отқа секірмеулерің үшін, белдеріңнен ұстап жібермей тұрмын, ал сендер болсаңдар менің қолымнан сыдырылып шығып (өздеріңді отқа лақтырып) жатырсыңдар. Муслим.



164. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тамақтан кейін саусақтарды және ыдысты жалауға бұйыра отырып былай деді: “Расында, сендер берекенің /баракат/ тамақтарыңның қайсы бөлігінде (жасырын тұрғанын) білмейсіңдер”. Муслим.



Бұл хадистің Муслим келтірген басқа бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны хабарланады:

Егер біреуіңнің тамақтарыңның бір бөлігі жерге түсіп кетсе, ол оны шайтанға қалдырмай, жерден көтеріп бүкіл ілінгенді алып тастап жеп қойсын және қолын жаламайынша орамалмен сүртпесін, өйткені, расында, ол тамақтың берекесінің, оның қай бөлігінде екендігін білмейді.



Бұл хадистің Муслим келтірген үшінші бір нұсқасында пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны хабарланады:

Расында, әр қайсысыңның жандарыңда, тамақ жесеңдер де, не істесеңдер де шайтан тапжылмай тұрады. Егер біреулерің тамақтарыңның бір бөлігін жерге түсіріп алсаңдар, оны шайтанға қалдырмай оған ілінгенді алып тастап жеп қойсын.


165. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә халайық, расында сендер Аллаһ Тағаланың алдына жалаңаш, жалаң аяқ және сүндеттелмеген күйде жиналасыңдар, өйткені Аллаһ Тағала айтты: «…әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бізге бір міндет. Шынында Біз орындаймыз.» («Әнбия» сүресі, 104 аят.) Және Ахірет күні жаратылыстардың ішіндегі ең бірінші болып киім киіндірілетін Ибраһим, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болады, одан кейін менің үмметімнен адамдардың бірін алып келіп оларды солға (яғни тозаққа) қарай айдай жөнеледі. Сол кезде мен: «Иә Раббым, (бұлар –) менің сахабаларым!», – деймін. Ал маған: «Расында, бұлардың сенен кейін қандай жаңалықтар (бидғат) енгізгенін сен білмейсің!», - делінеді. Сонда мен, діндар құлдың1 айтқанын айтамын: «Олардың ішінде болғанымда, оларға байқаушы болдым. Сен мені алған шақта, оларға Өзің бақылаушысың. Негізінде Сен әр нәрсені толық білушісің. Егер оларды азаптасаң да олар құлдарың, егер оларды жарылқасаң да күдіксіз Сен аса үстем хикмет иесісің.» («Маида» сүресі», 117-118 аяттар.) Сол кезде маған былай делінеді: «Сен олармен қоштасқаннан кейін, олар (діннен) шегінуін тоқтатпады!» Аль-бухари, Муслим.


166. Хабар бойынша, Абу Саъид Абдуллаһ бин Мугафаль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге шертіп тас атуға тыйым салып былай деді: “Расында, бұлай аң аулай алмайсың, жауыңды өлтіре алмайсың, бірақ біреудің көзін шығарып және тісін сындыруың мүмкін”. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің басқа нұсқасында былай делінеді:

Бірде Ибн Муғафальдің бір туысы тас шертіп атуға кіріскенде, ол оны істеуге тыйым салып: «Расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұны істеуге рұқсат етпей: «Расында бұлай аң өлтіре алмайсың», - дейтін», - деді. Бірақ ол адам өзінің ісіне тағы да кірісті, сонда Ибн Муғаффаль (ашуланып) былай деді: «Мен саған бұны Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жасауға тыйым салды десем, ал сен болсаң шертуіңді тағы бастадың! Мен сенімен енді ешқашан сөйлеспеймін!”


167. Хабар бойынша, Ъабис бин Рабиъа былай деді:

Мен Омардың (Қағбадаға қара) тасты сүйіп: «Расында, сенің – пайда да, зиян да әкеле алмайтын тас қана екеніңді білемін, егер сені Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүйгенін көрмегенімде, мен де сені сүймес едім2!”, – деді. Аль-Бухари, Муслим.



17 ТАРАУ

Аллаһтың әміріне бой ұсынудың міндеттілігі жайлы және осыған шақырып жатқан және жақсылыққа талаптандырып, шариғаттың рұқсат етпеген нәрселерінен тоқтатқан адамдарға не айту керектігі жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, сонан-соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмин бола алмайды». «Ниса» сүресі, 65 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде мүминдер, араларына үкім беруге шақырғанда, олардың сөздері: «Естідік, бой ұсындық», деу болады. Міне бұлар құтылушылыр». «Нұр» сүресі, 51 аят.

Алдыңғы тараудағы Абу Хурайраның айтқан хадисін, осы таруға да келтіруге болады және одан да басқа хадистер бар.
168. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына аят түскенде: «Көктердегі және жердегі нәрселер Аллаһтікі. Іштеріңдегілерді жарияласаңдар да жасырсаңдар да Аллаһ сендерден оның есебін алады. Сонда кімді қаласа жарылқайды да, кімді қаласа азаптайды. Сондай-ақ Аллаһтың барлық нәрсеге толық күші жетеді.» («Бақара» сүресі, 284 аят), - оның сақабаларына бұл сөздер ауыр келді. Сонда олар Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп тізерлеп тұрып: “Иә Аллаһтың елшісі, бізге алдымен қолымыздан келетін намаз, жихад, садақа (сияқты) істер жүктеліп еді, ал енді саған біздің қолымыздан келмейтін істер жайлы аят түсті!” Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларға: “Шынымен-ақ сендер алдарыңдағы екі кітап иелерінің де: “Біз естідік, бірақ бағынбаймыз!”, – дегені секілді айтпақсыңдар ма?” Жоқ, сендер былай деңдер: “Біз естідік те, бағындық! Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың!” Адамдар осы аятты оқып ондағы айтылғанға бағынған соң, Аллаһ Тағала артынша басқа аят түсірді: “Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүминдер де барлығы: “Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді. “Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бой ұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың”, - деді.” (“Бақара” сүресі, 285 аят.) Олар осылай істеген кезде (яғни соны айтқан кезде) Аллаһ Тағала алдыңғы аяттың орнына мына аятты түсірді: “Аллаһ Тағала кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді; істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына. (Олар былай дейді:) “Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді қолға алма (кіналама) (Ол: “Иә”, - деді). Раббымыз! Бізге шамамыз келмейтінді артпа! (Ол: “Иә”, - деді) Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге мархамет ет(Ол: “Иә”, - деді). Сен Иемізсің! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер! (Ол: “Ия”, - деді)” (“Бақара” сүресі, 286 аят.) Муслим.



18 ТАРАУ

(Дін мәселесінде)Жаңалақ енгізу мен жаңалық

ойлап табуға (бидғат) рұқсаттың жоқтығы жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Шындықтан кейін адасудан басқа не бар?…» «Иунус» сүресі, 32 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Жазуда (яғни осы кітапта) ешнәрсені кенде етпедік (яғни қалдырмадық)…» «Анғам» сүресі» сүресі, 39 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар…» «Ниса» сүресі, 59 аят.

Бұл тарауға байланысты көптеген аяттар бар.

Ал хадистер жайлы айтатын болсақ, онда хадистер көп, әрі олар бағалы, біз болсақ олардың кейбіреуіне ғана тоқталамыз.


169. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Біздің іске (яғни Исламға) қатысы жоқ амалды кіргізгеннің амалы қайтарылады (яғни қабыл болмайды). Аль-Бухари, Муслим.



Бұд хадистің Муслим келтірген басқа бір нұсқасында былай делінеді:

Біздің іске сәйкес келмейтін кез келгеннің амалы, қайтарылады.


170. Хабар бойынша, Жабір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға құтпа (дағуат) айтқанда: «Жау сендерге таң ертең шабады!», не болмаса «Жау сендерге кешке шабады!», - деп жаудың келіп қалғанын хабарлайтын жаушы секілді, көздері қызарып, даусы көтеріліп ашуланып сөйлейтін. Және Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен адамдарға, мына екеуі қалай жақын болса, Ахірет те сондай жақын болған уақытта жіберілдім!», - деп сұқ саусағы мен ортан саусағын көрсететін. Және ол: «Содан соң, расында, ең жақсы сөздер болып Аллаһтың Кітабы саналады, жақсы басшалақ – ол Мухаммадтың басшылығы, амалдардың ең жаманы болып жаңадан ойлап табылған амалдар болып табылады, ал барлық жаңадан енгізу адасу болып табылады!» Және ол былай дейтін: «Мен әр бір имандыға оның жанынан да жақынмын1, егер біреу өзінен кейін бір дүние қалдыратын болса, ол оның жанұясына қалады, ал өзінен кейін қарыз және кедей туыстарын қалдыратын болса, онда оның қамын ойлау маған тиесілі болады.» Муслим.


19 ТАРАУ

Жақсы немесе жаман (әдет)-ғұрыптың

басын бастағандар жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Олар: «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық2 бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл», - дейді.» «Фұрқан» сүресі, 74 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Оларды әміріміз бойынша, тура жол көрсететін басшы қылып, оларға жақсылық істеуді, намазды орындауды, зекет беруді уахи қылдық…» «Әнбия» сүресі, 73 аят.


171. Хабар бойынша, Абу Амр Жарир бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз таңертеңгілік Аллаһтың елшісінде, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болған кезде, оған жүннен тоқылған матаның ортасынан тесіп, оны бастарынан өткізіп киіп алаған, одан басқа киімі жоқ, жалаңаш, белдеріне қылыштарын асынған адамдар келді, олардың көбі, ал шындығында олардың бәрі мудар руынан еді. Олардың бейшара, мүшкіл халдарын көріп, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түрі бұзылып кетті де үйіне кіріп кетті. Содан соң үйінен шығып Билалға әмір берді. Ол бірінші азан шақырды да артынан қамат түсірді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намаз оқыды да, сосын адамдарға дағуат айтып былай деді: «Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Аллаһтан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шексіз Аллаһ сендерді бақылаушы. («Ниса» сүресі, 1 аят)» Ал содан кейін ол «Хашыр» сүресінің соңғы аяттарынан және бір аят оқыды: «Әй мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергеніне (әзірлегеніне) қарасын. Және Аллаһтан қорқыңдар. Шәксіз Аллаһ не істегендеріңді толық біледі. («Хашыр» сүресі, 18 аят.)» Осыны айтып болған соң: «Әркім өзінің динарын, не болмаса дирхемін, не болмаса киімін, не болмаса бір уыс бидайын, не болмаса бір уыс құрмасын»,- деп осылай айтып келіп сөзінің соңын: «..құрығанда жарты құрмасын садақаға берсін»,- деп аяқтады. Осыдан кейін ансарлардың ішінен біреуі зорға көтеріп бір қоржын күміс (ақша) алып келді, оның артынан бірінен кейін бірі (садақаларын) әкеле бастады. Соңында бірі киім болған ал екіншісі тамақ болған екі үйме жиналды. Мен сонда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жүзінің алтынша жарқырағанын көрдім. Сонда ол былай деді: «Кімде кім Исламда бір жақсы (қайталанатын) әдетті бастаса ол осының және оның артынан сол әдетті жалғастырушылардың сауабын табады және олардың өздерінің (сол істі жасағандағы) сауабын еш азайтпайды. Ал енді, кімде-кім Исламда бір жаман (қайталанатын) әдетті бастаса ол осының және оның артынан сол әдетті жалғастырушылардың күнәсіндай күнәні арқалайды (табады) және олардың өздерінің (сол істі жасағандағы) күнәсін еш азайтпайды!» Муслим.


172. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім біреуді хақысыз өлтірсе оның күнәсінің бір бөлігі Адам атаның баласының мойнына жазылады, өйткені қан төгудің басын сол бастаған. Аль-Бухари, Муслим.



20 ТАРАУ

Игілік көрсету мен жақсылыққа не болмаса жамандыққа шақыру жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Оларды Раббыңа шақыр…» «Қасас» сүресі, 87 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр…» «Нахыл» сүресі, 125 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Аллаһтан қорқыңдар! Күдіксіз Аллаһтың азабы қатты.» «Мәида» сүресі, 2 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар.» «Әль-Имран» сүресі, 104 аят.



173. Хабар бойынша, Абу Масъуд Укба бин Амр аль-Ансари аль-Бадри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жақсылыққа шақырушылрға, соны жасағандардың сауабындай сауап жазылады. Муслим.


174. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жақсылыққа шақырушылар, өздерінің артынан ерген бәрінің сауабындай сауап табады, және олардың сауабтарын азайтпайды, ал адасу жолына азғырушылар, өздерінің артынан ергендердің бәрінің күнәсіндай күнә мойнына жүктейді және онысымен олардың күнәләрін азайтпайды. Муслим.



175. Хабар бойынша, Абуль Аббас Сахль бин Саъд ас-Саъди, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Хайбардағы (шайқас) болған күні Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Мен мына туды, Аллаһты және Аллаһтың елшісін жақсы көретін және оны да Аллаһ және Аллаһтың елшісі жақсы көретін және де ол арқылы Аллаһ (бізге) жеңіс әкелетін адамға беремін”, - деді. Осыдан кейін адамдар түнді, туды кімге берер екен, деген әңгмемен өткізді. Ал таңертең олар Аллаһтың елшісіне келді, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сонда әркім тудың өзіне берілуін қалап тұрды, дегенмен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Али бин Абу Талиб қайда?”, – деп сұрады. Оған: Иә Аллаһтың елшісі, оның көзі ауырып жатыр.” – деді. Ол: “Оған адам жіберіңдер”, - деді. Оған оны алып келгенде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның көзіне түкіріп ол үшін Аллаһтан сұрап дұға жасады. Содан кейін оның көзінің ауырғаны жазылды. Осыдан кейін Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған туды ұстатты, ал Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, одан: “Маған олармен, олар біз сияқты болғанша шайқасайын ба?”, – деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Олармен кездескенше асықпай жылжып отыр, содан кейін оларды Исламға шақырып олар үшін Аллаһ тарапынан не міндет екендігін хабарла. Аллаһтың атымен ант етемін, егер Аллаһ сен арқылы олардың біреуін тура жолға салса, ол сен үшін қызыл түйелерді1 иеленгеннен де артық болар еді!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.


176. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде аслам руынан бір жас жігіт Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, расында мен жорыққа қатысқым келеді, бірақ менің оған керекті жабдықтарым жоқ”, - деді. Ол: “Пәленшеге бар, ол (жорыққа) дайындалған, бірақ (қазір) ауырып қалды”, - деді. Содан кейін (жігіт) оған келіп: “Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, саған бүкіл жабдықтарыңды маған берсін, деп жатыр”, - деді. Сонда ол адам (әйеліне): “Иә пәленше, менің дайындаған бүкіл жабдықтарымды ештеңесін қалдырмай мынаған бер, Аллаһтың атымен ант етемін, ештеңесін қалдырма, ал бұл үшін Аллаһ сені игілікке кенелтеді!”, - деді. Муслим.



21 ТАРАУ

Бір-біріне көмек көрсету жайлы, таупықтылық және тақуалық жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Аллаһтан қорқыңдар! Күдіксіз Аллаһтың азабы қатты.» «Мәида» сүресі, 2 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды» «Аср» сүресі, 1-3 аяттар.

Имам Шафи, оны Аллаһ рахымына бөлесін, мынадай мағыналы сөздер айтты: Расында, адамдардың көбі осы сүре жайлы ойлануға көп көңіл бөлмейді.
177. Хабар бойынша, Абу Абд ар-Рахман Зайд бин Халид аль-Джухани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жауынгерді соғысқа қару-жарағымен қамтамасыз еткен, сол соғысқа қатысқан саналады және жауынгердің жанұясының, ол соғыста болған кезінде қамын ойлап көмектескен де, сол соғысқа қатысқан саналады. Аль-Бухари, Муслим.


178. Хабар бойынша, Абу Сағид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бану лихайын тайпасындағы хузейіл руына қарсы жорық дайындап жатып былай дегенін естіген:

Сауабты өзара бөлісіп алатын, екеудің бірі барсын. Муслим.1




179. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ар-Рухта аттылы адамдарды көріп олардан: “Сендер кімдерсіңдер?”, – деп сұрады. Олар: “Мұсылмандармыз”, - деп жауап берді де, олар да: “Ал сен кімсің?”, – деп сұрады. Ол: “Аллаһтың елшісімін”, - деді. Сонда бір әйел оған өзінің жас баласын көтеріп: “Мынау үшін Қажылық қабыл болады ма?”, – деп сұрады. Ол: “Иә, ал сауабы саған тиесілі”, - деп жауап берді. Муслим.


180. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қожайынының дүние-мүлкін қорғайтын, айтқанын орындайтын, тапсырылған аманатты шын ықыласымен жеткізетін және адалдығымен ерекшеленетін мұсылман, садақа беруші екеудің бірі болып табылады1. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің басқа бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…жеткіз деп тапсырылғанды, орындаушы…



22 ТАРАУ

Насихат жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде мүминдер туыс қой…» «Хұжрат» сүресі, 10 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырып, сендерді үгіттеймін…» «Ағраф» сүресі, 62 аят.



Аллаһ Тағала Худ пайғамбардың, оған Аллаһтың сәлемі болсын, былай деп айтқанын айтты:

«…Және Аллаһтан сендер білмегенді білемін» «Ағраф» сүресі, 62 аят.


181. Хабар бойынша, Абу Рукайа Тамим бин Аус ад-Дари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Дін дегеніміз – ол адалдық көрінісі”, - деді. Біз: “Ол кімге қатысты (адалдық көрінісі)?”, - деп сұрадық. Ол: “Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның елшісіне, мұслмандардың басшыларына, және де бүкіл мұсылмандарға қатысты”, - деді. Муслим.



182. Хабар бойынша, Жарир бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намазды орындаймын, зекет төлеймін және әр-бір мұсылманға адал жүрегіммен қарым-қатынас жасаймын, деп ант бердім. Аль-Бухари, Муслим.


183. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендер өздеріңе не қаласаңдар, соны (Исламдағы) бауырларыңа қаламайынша, ешқайсысың иман келтірген болмайсыңдар (яғни иманы толық болмайды). Аль-Бухари, Муслим.



23 ТАРАУ

Сауабты істерге ынталандыру

және күнәлі істерден тыйу жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар.» «Әль-Имран» сүресі, 104 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сендер адам баласы үшін игілігті әмір етіп, қарсылықтан тиятын сондай-ақ Аллаһқа сенетін хайырлы бір үммет болып, шығарылдыңдар…» «Әль-Имран» сүресі, 110 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр.» «Ағраф» сүресі, 199 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Мүмин ерлер мен мүмин әйелдер, бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады…» «Тәубе» сүресі, 71 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай Израйл ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дауыт және Марйам ұлы Исаның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуы салдарынан. Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман.» «Мәида» сүресі, 78-79 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

««Бұл ақиқат (Құран) Раббыларыңнан», де. Сонда кім қаласа сенсін, кім қаласа қарсы келсін…» «Кеһф» сүресі, 29 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Саған берілген бұйрықты ашық ұқтыр…» «Нахыл» сүресі, 94 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Өздеріне берілген үгітті ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарды құтқардық. Сондай зұлымдық қылғандарды; бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық.» «Ағраф» сүресі, 165 аят.


184. Хабар бойынша, Абу Сағид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім біреудің күнәлі іс істеп жатқанын көрсе, оны қолымен тоқтатсын, ал егер олай істей алмаса, онда оны тілімен (сөзімен) тоқтатсын, ал егер оны да істей алмаса онда оны жүрегімен тоқтатсын (яғни жүрегімен істеген ісін қаламасын), ал бұл (соңғысы) иманның ең әлсізі болып табылады. Муслим.


185. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Маған дейін қай бір пайғамбарды Аллаһ қайсы бір елге жібергенде, ол пайғамбарлардың оның сүннетімен және оның бұйырғанымен жүретін сахабалары болған. Ал олардан кейін өздерінің айтқандарын өздері амал етпейтін және амалдары өздеріне айтылғанға сай келмейтіндер келетін. Сондай адамдармен қолдарымен күресетіндер имандылар, және тілдерімен күресетіндер имандылар және жүректерімен күресетіндер имандылар, ал бұның артында дәнектей де иман жоқ. Аль-Бухари, Муслим.


186. Хабар бойынша, Абуль-Уалид Убада бин ас-Самит, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таршылықта да кеңшілікте де, қиындықта да жеңілдікте де, (басшыларымызды) тыңдап, керек десеңіз олар бізді құр қалдырса да, олар күпірлікке кіргені жайлы Аллаһтан (яғни, Құраннан және Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетінен) айқын дәлелдер таппайынша билігінен тайдырмай бағынамыз, деп және де, теріске шығарушының сөгуінен қорықпай, әр уақытта шындықты айтамыз деп, ант бердік. Аль-Бухари, Муслим.


187. Хабар бойынша, Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың харамы мен халалінің арасындағы шекараны күзетушілер мен сол шекараны бұзушыларды, садақтың оғымен жеребе тарту арқылы кеменің үстіңгі қабаты мен төменгі қабатын иемденген адамдармен салыстыруға болады. Кеменің төменгі қабатындағылар су алу үшін, үстіңгі қабаттағы адамдар арқылы өту керек болды да, күндердің күнінде олар: «Біз үстіміздегілерді мазалай бермеу үшін кеменің түбін тесіп суды сол жерден алсақ болмай ма?» - дейді. Егер сонда оларды өз еріктеріне қоя берсе, онда бәрі опат болады, ал егер олардың қолдарынан ұстап райларынан қайтарса, онда өздері де, қалғандары да құтылады. Аль-Бухари.


188. Хабар бойынша, діндарлардың анасы Умм Саляма Хинд бинт Абу Умаййа Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, сендерге басшылар қойылады, ал сендердің бірің оларды мойындайсыңдар да, ал енді бірің мойындамайсыңдар1. Жиреніш білдіргендердің оларға қатысы болмайды және оларды мойындаудан бас тартқандар да, оларды мойындап артынан ергендерден бөлек құтылады. Сонда адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, біз олармен күресуіміз керек пе?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ, олар сендердің араларыңда намаз оқып жүргенше (күресуге болмайды)», – деді. Муслим.



Бұл дегеніміз олардың істеріне не қолдарымен, не тілдерімен қарсылық білдіре алмай, бірақ жүрегтерімен келіспей жиреніш білдіргендердің олардың күнәләріна қатысы болмайды және өздерінің міндеттерін орындаған саналады; кім де кім, мүмкіншілігіне қарай өзінің қарсылығын білдірсе ол да оның күнәсінан құтылады. Ал кім де кім олармен келісіп артынан ерсе онда ол күнәға батады.
189. Хабар бойынша, діндарлардың анасы Умм аль-Хакам Зайнаб бинт Жахш, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, айтуымен:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біздің үйге үрейленіп кіріп: «Аллаһтан басқа Құдай жоқ! Жақындап қалған бәледен арабтарға қайғы төніп тұр! Бүгін Йаджуж бен Маджуж қамалған қапаста мынандай тесік пайда болды», - деп бас бармағы мен сұқ саусағын қосып көрсетті. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, біздің арамызда діндарлар болса да, бәріміз өлеміз бе?», – дедім. Ол: «Иә, егер бұзықтық көбейсе!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.



190. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Сендерге еш уақытта жол бойында отыруға болмайды!» Адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, біз жол бойында жиналуға мәжбүрміз, өйткені онда біз бір- бірімізбен сұхбаттасамыз!», – деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер сендер онда жиналуға мәжбүр болсаңдар, онда жолдың ақысын өтеңдер!», – деді. Адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, жолдың ақысы деген не?», – деді. Ол: «Бұл дегеніміз адамдарға сұқтанып қарамау және оларға зиян тигізбеу, сәлем бергенге жауап беру, жақсылыққа ынталандыру және жамандықтан қайтару», - деді. Аль-Бухари, Муслим..



191. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір (ер) адамның қолында алтын сақинаны көріп, оны қолынан шешіп жұлып алып жерге лақтырды да: «Сендерден біреуің тозақтың шоғына тырмысып, оны өзінің қолына алады!», – деді. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол жерден кеткенде, бір адам оған: «Сақинаңды ал да оны керегіңе жарат», – деді. Оған ол: «Аллаһтың атымен ант етемін, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзі алып тастағандықтан оны мен ешқашан қайта алмаймын!», – деді. Муслим.


192. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Хасана аль-Басри айтуымен:

Бірде Ъаиз бин Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Убайдуллаһ бин Зайдқа келіп былай деді: «Иә балам, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бақташылардың ең жаманы қаттылары (мейірімсіздері)», – деп айтқанын естідім, сондықтан солардың бірі болудан сақтан». Убайдуллаһ оған: «Отыр, сен Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының арасындағы қалдығысың ғой», - деді. Сонда Ъаиз: «Олардың арасында қалдықтар болып па еді? Расында, қалдықтар олардың кезінде емес, олардан кейін пайда болды!» – деді. Муслим.


193. Хабар бойынша, Хузейфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, сендер міндетті түрде жақсылыққа шақырып жамандықтан тыйуларың керек, олай істемесеңдер Аллаһ сендерді міндетті түрде Өзінің жазасына алады, содан кейін сендер Одан сұрайсыңдар, бірақ дұғаларыңа жауап ала алмайсыңдар!. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис” деп келтіреді.


194. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жихадтың ең жақсысы болып, әділетсіз басшының көзінше әділ сөздерді айту, болып табылады. Бұл хадисті ат-Тирмизи және Абу Дауд “Жақсы хадис” деп келтіреді.


195. Хабар бойынша, Абу Абдуллаһ Тарик бин Шихаб аль-Баджали аль-Ахмаси, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде (жорыққа аттанғалы тұрған) бір адам, аяғын үзеңгігіе салып, Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қайсы жихад ең жақсы болып табылады?”, – деп сұрады. Сонда ол: “Әділетсіз басшының көзінше айтылған ақиқат сөз”, - деді. Бұл хадисті ан-Насаи сенімді иснаддтармен келтіреді.


196. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Исраил ұрпақтарының діні мына кезден бастап құлдырай бастаған: бір адам бір адамды кездестіргенде: «Әй пәленше, Аллаһтан қорық және істеп жатқан ісіңді қой, өйткені оны істеуге саған рұқсат жоқ», - деп, ал ертеңіне оның, сол ісін жалғастырып жатқанын көре тұра, оның бұл ісі оған жайбарақат тамақ ішіп, ұйықтап өмір сүруіне кедергі болмаған.

Одан кейін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына аяттарды оқыды:

«Сондай Израйл ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дауыт және Марйам ұлы Исаның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері шектен шығуы салдарынан. Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында, олардың істегендері нендей жаман. Олардан көбінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Аллаһтың ашуына жолығып, азапта мәңгі қалатындықтан ол олардың ілгері жіберген нәрселері нендей жаман. Егер олар Аллаһқа, Пайғамбарға, Құранға иман келтірген болса, оларды дос тұтпас еді. Бірақ олардың көбі бұзақылар.» («Мәида» сүресі, 78-81 аяттар.)

Одан соң Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

Жоқ, Аллаһтың атымен ант етемін, сендер әлбетте дұрыстыққа бұрып, терістіктен тосуларың керек, жәбірлеушінің қолынан қағып оны ақиқатқа баулуларың керек, және ақиқат мөлшерінде ауыздықтауларың қажет. Ал олай істемесеңдер Аллаһ сендердің жүректеріңді бір-біріңе қағыстырып қояды да, артынан сендерді оларды қарғағандай қарғайды!» Бұл хадисті ат-Тирмизи және Абу Дауд “Жақсы хадис” деп келтіреді1.



Бұл жерде Абу Дауыдтың нұсқасы келтіріледі, ал ат-Тирмизидің нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны хабарланады:

Исрайл ұрпақтарынан күнәлі істер істеушілер шыға бастағанда, араларындағы білім иелері оларға олай істеуге тыйым салды, бірақ олар істеп жатқан істерінен қайтпаса да, білгерлері олармен араласуын, яғни олармен бірге ішіп-жеп жиналыстарда бірге болуын жалғастыра берді. Сонда Аллаһ олардың жүректеріне ұрыс керісті салып және олар бағынбаған салдарынан Даудтың және Марйам ұлы Исаның тілімен қарғысқа ұшыратты.

Осы тұсқа келгенде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шынтағына жантайып жатқан кейіпін өзгертіп отырды да былай деді:

Жоқ, жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, сендердің істерің, оларды ақиқатқа бұрмайынша дұрысталмайды.


197. Хабар бойынша, Абу Бакр Сыддық, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Иә халайық, расында сендер мына аятты оқыңдар: «Әй мүминдер! Сендер өздеріңді түзетулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды…» («Мәида» сүресі, 105 аят) – ал біз болсақ Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідік: «Расында, сендер жәбрлеушіні көрсеңдер, оны қолдарыңмен тоқтатпайынша, олар Аллаһтың жазасына жақын болады. Бұл хадисті ат-Тирмизи, ан-Насаи және Абу Дауд сенімді иснадтармен келтіреді.



24 ТАРАУ

Өздері сауабты істерге шақырып және күнәлі істерден тыйып, бірақ сөздері мен амалдарының арасында айырмашылығы барларға қатты азап бары жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Елді игілікке бұйырып. өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар ойламайсыңдар ма?» «Бақара» сүресі, 44 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер істемейтін істеріңді неге айтасыңдар? Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Аллаһтың қасында зор ашуға себеп болады.» «Саф» сүресі, 2-3 аяттар.



Аллаһ Тағала Шұғайыптың былай деп айтқанын айтты:

«…сендерді тыйған нәрсемді өзім істеп, сендерге қарсы келуді қаламаймын…» «Худ» сүресі, 88 аят.


198. Хабар бойынша, Абу Зайд Усама бин Зайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ақірет күні бір адамды алып келіп отқа тастайды да, оның ішек-қарны сыртқа ақтарылып, ол ішектерне есек, диірменнің тасын айналған сияқты, орала бастайды. Оның жанына Тозаққа түсірілгендер жиналып: «Саған не болған? Сен бізді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тоспап па едің?!», - дейді. Сонда ол: «Иә мен сендерді жақсылыққа шақыратынмын, бірақ оны өзім орындамадым және сендерді жамандықтан тостым, бірақ оны өзім жасайтынмын!», - дейді. Аль-Бухари.



25 ТАРАУ

Сеніп тапсырылған затты қайтару жайлы.

(аманатты орындау)
Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінен Аллаһ сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді…» «Ниса» сүрес, 58 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Рас аманатты (дінді), көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы (өз мойнына) жүктеді. Өйткені ол өте залым, тым білімсіз…» «Ахзап» сүресі, 72 аят.


199. Хабар бойынша, Абу Хурайры, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екі жүздіні үш белгісімен айыруға болады: ол бір нәрсе айтса - өтірік айтады; бір нәрсе уәде етсе – оны орындамайды; ал оған сеніп тапсырылса - ол опасыздық етеді. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің басқа нұсқасында былай делінеді:

…керек десеңіз ол ораза ұстап, намаз оқып және өзін мұсылманмын, деп есептесе де.


200. Хабар бойынша, Хузейфа бин аль-Йаман, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге екі нәрсе туралы хабар берді, олардың бірін артынан мен өз көзіммен көрдім, ал енді екіншісін көруді күтіп жүрмін. Ол бізге аманаттың жүректердің ең негізіне түсірілгенін хабарлады, ал артынын Құран түсірілді, адамдар болса бұны Құраннан және Сүннеттен білді. Одан кейін ол бізге аманаттың қалай алынатынын, былай деп айтып берді: “Адам кішкене уақытқа қалғып кетеді де оның жүрегінен аманат алынады, сонда оның жүрегінде аманаттың тек қана жеңіл ізі қалады. Содан соң ол тағы да аз уақытқа ұйықтап оның жүрегінен аманаттың қалған бөлігі алынады, сонда оның жүрегінде күлдіреген із ғана қалады. Бұл аяғыңа қызып тұрған шоқ түсіп, оның орнында іші қуыс кішкене ісіктің пайда болғанын көргенің секілді” – осыны айтып тұрып ол аяғына бір тасты алып, түсірді де: «Сонда адамдар бір-бірімен шарттасады да, бірақ олардың еш қайсысының, ойында мойындарына алған аманатты орындауға ниеттері болмайды! Керек десеңіз іс: “Пәленше рудың ішінде сенімді адам бар!”, – деуге дейін барады. Адам жайлы, оның жүрегінде өсімдіктің дәніндей де дін бомағанына қарамастан: “Бұдан артық мықты, ақылды және турашылды табу мүмкін емес”, – дейтін болады!»



Хузейфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Мен кіммен сауда ісін жүргізетініме қам жемейтін уақытқа дейін өмір сүріп жеттім, өйткені егер ол мұсылман болса аманатын оның діні қайтаратын, ал егер христиан не иудей болса аманатын оның басшылары қайтаратын1. Ал бүгін мен пәленше мен пәленшеден басқа ешкіммен шарттаса алмаймын! Аль-Бухари, Муслим.


201. Хабар бойынша, Хузейфа мен Абу Хурайраның, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұлы Аллаһ Тағала Ақыретте адамдарды жинайды, ал адамдар өздеріне Жәннәт жақындатылғанша тұрады. Сонда олар Адамға, оған Аллаһтың игілігі болсын, келіп: «Иә біздің атамыз, Жәннәттің бізге ашылуын сұрашы!», - дейді. Сонда ол: «Сендердің Жәннәттан қуылуларыңа себепші болған сендердің Аталарың (яғни мен) емес пе?! Бұл менің қолымнан келмейді, сендер менің ұлым (яғни ұрпағым) Ибраһимге барыңдар, ол Аллаһтың сүйікті досы!», - деді. Сосын олар Ибраһимге келеді, ал ол болса: «Бұл менің қолымнан келмейді, мен Аллаһпен соншалық жақын болған жоқпын! Аллаһпен сөйлескен Мұсаға барыңдар!», – дейді. Сонда олар Мұсаға келеді, ол: «Бұл менің қолымнан келмейді, Аллаһтың сөзі және рухы болған Исаға барыңдар!», – дейді. Иса: «Бұл менің қолымнан келмейді!» – дейді. Сонда олар Мухаммадқа, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келеді. Ол (Аллаһтың күрсісінің алдында) тұрады да, оған рұқсат беріледі. Содан кейін Сират көпірінің екі жағына аманат пен туысқандық қарым-қатынас келіп тұрады. Сонда сендерден алғашқыларың көпірден найзағайдай өтеді.

Мен: «Менің әкем мен шешем сен үшін төлем болсын, найзағайдай деген не?», – деп сұрадым. Ол: «Сендер оның көз-қағым сәтте жылдам көрініп жоғалатынын көрмеп пе едіңдер?», – деді.

Содан соң Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

Одан кейінгілер жел сияқты өтеді, одан кейінгілер құс сияқы өтеді, Сираттан тез өткендердің бәрін олардың амалдары алып өтеді2. Ал сендердің Пайғамбарларың жайлы айтатын болсақ, ол Сиратта тұрып: «Менің Раббым, құтқар, құтқар!» – деп, кезек амалдары әлсіз адамдарға жеткенше және ең соңғы адам бауырымен жорғалап өткенге дейін қайталаумен болады. Ал Сираттың екі жағында, өздеріне ұста, деп әмір берілген әркімді ұстаған ілгіштер болады. Сонда жай тырналғандар құтылады да, ал құлағандары Тозаққа түседі!»



Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын сөзін былай жалғастырды:

Абу Хурайраның жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, Тозақтың түбіне жету үшін жетпіс жыл керек!» Муслим.


202. Хабар бойынша, Абу Хубайб Абдуллаһ бин аз-Зубайр бин аль-Аууам аль-Кураши аль-Асади, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аз-Зубайр «Бура соғысы» болған күні, саптағы өзінің орнына тұрып жатып, мені өзіне шақырды да: «Иә балам, расында бүгін жәбірлеуші, не жәбірленуші қаза болады және, расында мен бүгін әлбетте әділетсіз түрде өлтірілетін сияқтымын, дегенмен мені қазір көбірек мазалайтын менің қарыздарым! Сен қалай ойлайсың біз қарыздарымызды өтеп болған соң, дүниемізден бір нәрсе қалар ма екен?» – деді. Артынан: «Біздегі бар нәрсенің бәрін сат та, менің бүкіл қарызымды бер!» – деді.

Содан соң қалғанының үштен бірінің үштен бірін балаларына өсиет етіп қалдырды.

Аз-Зубайр: «Қарыздарды өтеп болған соң одан бір нәрсе қалса, оның үштен бірін – сенің балаларыңа» – деді.

Абдуллаһ бин аз-Зубайр сөзін былай жалғастырды:

Осыдан кейін ол өзінің қарыздары жайлы маған үкімдерін айтып былай деді: «Иә балам, егерде менің қарызымның қай бір бөлігін өтей алмай жатсаң менің Қамқоршымнан көмек сұра деді». Аллаһтың атымен ант етемін, мен одан: «Әкетайым, сенің қамқоршың кім?», – деп сұрамайынша түсінбедім. Бұл сұрағыма ол: «Аллаһ», – деп жауап берді.



Абдуллаһ сөзін былай жалғастырды:

Аллаһтың атымен ант етемін, осы қарыздарды өтеп жүрген кезде үмітсізденіп қажи бастасам: «Иә аз-Зубайырдың Қамқоршысы, оның қарызын ол үшін Өзің өте!», – дейтін болдым. Ал сол кезде, Ол (Аллаһ) түрлі-түрлі жағдайлармен қарыздарды төлеп отырды.



Абдуллаһ сөзін былай жалғастырды:

Аз-Зубайр (өлгеннен кейін өзінің) артынан жер бөліктерін қалдырды, оның ішінде Габадағы жер бөлігін және Мединада он бір үй, Басрда екі үй, Куфада екі үй, Мысырда екі ұй қалдырды, ал бұдан басқа оның не динары, не дирхемы болмады. Ал оның қарыздары жайлы айтатын болсақ, олардың пайда болу себебі мынада: адамдар оған, менің ақшамды сақтап бер деп жиі келетін, ал ол болса оларға: «Бұны мен қарызға алған болайын, әйтпесем оларды құрып кетеді ме, деп қорқамын!»1, – деп, алуға келісетін. Оның қаржысына келетін болсақ, ол еш уақытта не басшы, не салық жинаушы, не салық таратушы болып істеген емес, ондағы бар дүниенің бәрін ол жорықтарда, алдымен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, артынан Абу Бакрмен, Омармен, Османмен, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, қатысқан кездегі өзіне бөлінген олжалар болатын.



Абдуллаһ сөзін былай жалғастырды:

Сонымен есептей келе оның екі миллион екі жүз мың дирхем қарыз екенін білдім.

Біраз уақыт өтісімен Абдуллаһ бин аз-Зубайрды Хакам бин Хазим кездестіріп одан: «Ия ағамның баласы менің ағам қанша берешек екен?», – деп сұрады.

Абдуллаһ сөзін былай жалғастырды:

Мен одан шындықты жасырып: «Жүз мың», - деген кезімде Хакам: «Аллаһтың атымен ант етемін, бұны өтеуге сендердің дүниелерің жетпейді, деп ойлаймын», – деді. Сонда мен: «Ал екі миллион екі жүз мың болса не дейсің!?», – дедім. Ол: «Сендерді (осының бәрін) өтей алады, деп ойламаймын, бірақ осының бірін өтей алмасаңдар, менен көмек сұраңдар», – деді.

Кезіндегі аз-Зубайр Габудағы жерін жүз мың дирхемге сатып алған болатын, ал Абдуллаһ болса, оны бір миллион алты жүз мыңға сатты2, артынан ол: «Бізге Габаға, аз-Зубайр кімге берешек болса сол келсін», - деп жариалады. Оған, өзіне төрт жүз мың тиесілі болған Абдуллаһ бин Жаффар келіп Абдуллаһқа: «Егер қаласаңдар мен бұл ақшаны сендерде қалдыра аламын1», - деді. Абдуллаһ: «Жоқ!» – деді. Ол: «Егер қаласаңдар қарыздың уақытын қазір өтей алмағандықтан шегере аламын», - деді. Абдуллаһ: «Жоқ!», – деді. Ол: «Онда бұл жердің бір бөлігін маған бөліңдер», - деді. Абдуллаһ: «Сенің жер бөліктеріңнің шекарасы мынау», - деді. Сонымен Абдуллаһ Габаны сатып, қарыздардан толығымен құтылды. Осыдан кейін де Габада оның он алты бөліктен әлі төрт бөлігі қалды. Біраз уақыт өтісімен ол Муъавийймен2 оның жанында, Амр бин Усман3, аль Мунзир бин аз-Зубайр4 және ибн Замъа болған кезде келді. Муъавиййа одан: «Габты қаншадан саттың?», – деп сұрады. Ол: «Бөлігіне жүз мыңнан», – деді. Ол: «Енді қаншасы қалды?», – деп сұрады. Ол: «Төрт жарым бөлігі», – деп жауап берді. Сонда, аль Мунзир бин аз-Зубайр: «Мен сенен бір бөлігін жүз мыңға алдым», - деді. Амр бин Усман да: «Мен сенен бір бөлігін жүз мыңға алдым», - деді. Осыны Ибн Замаъа да айтты. Сол кезде Муавййа: «Енді қаншасы қалды?», – деп сұрады. Абдуллаһ: «Бір жарым бөлігі», – деді. Сонда Муавййа: «Мен оны жүз елу мыңға алдым», – деді. Біраз уақыт өтісімен Муавййа мен Абдуллаһ бин Жаффар өздерінің Габадағы бөліктерін алты жүз мың дирхемге сатты. Абдуллаһ бүкіл қарыздарынан құтылғаннан кейін, оған балалары келіп: «Біздің мұрамызды бөліп бер», – деді. Бірақ, Абдуллаһ оларға: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен төрт жыл ішінде Хаж уақытында: «Кімге аз-Зубайр берешек болса, бізге келіңдер, біз оның бүкіл қарызын толығымен өтейміз», - деп жариялағаннан кейін оны сендерге бөліп беремін», – деді. Шынымен-ақ ол төрт жыл қатарынан айтқанын орындады, да одан кейін аз-Зубайырдың өсиет еткен, үштен бір бөлігін балаларына бөліп берді. Аз-Зубайрдың артынан қалған төрт әйелі бір миллион екі жүз мыңнан (өздерінің мұрадан бөліктерін) алған. Ал бас аяғы барлығы елу миллион екі жүз мың дирхемге дүниесі болған5. Аль-Бухари.

26 ТАРАУ

Әділсіздкті тыйу және хақысыз алынған нәрсені қайтару жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Залымдарға дос та, көмекші де жоқ.» «Шура» сүресі, 8 аят.


203. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әділсіздіктен қорқыңдар, өйткені әділсіздік Қияметте қараңғы түнек болып келеді және сараңдықтан қорқыңдар, өйткені сендерге дейін өмір сүргендерді сараңдық, бірі-бірінің қанын төгуге және тыйым салынған нәрселерді орындауға түрткі болып, құртқан. Муслим.


204. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қйяметте әр бір хақы бардың хақы орындалады, керек десеңіз мүйізсіз қойдың (тоқал), мүйізді қойдың алдындағы хақысы орындалады (алынып беріледі). Муслим.


205. Хабар бойынша, ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біздің арамызда болған кезде, біз қоштасу қажылығы жайлы, оның мәнін білмей айта бастадық1. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдымен Аллаһты мақтап, ардақтады да содан кейін масих Дәжәл туралы былай деп көп әңгіме айтып, солардың ішінде мынаны айтты: «Адамдарға Аллаһ жіберген әр бір елші, ол туралы өзінің үмметін ескертіп мәлімдеген: ол туралы Нұһ және одан кейінгілер де ескерткен. Расында, егер ол сендердің араларыңда пайда болса, ол сендердің көздеріңнен таса бола алмайды, өйткені сендердің Раббыларың қисық емес, ал Дәжәл болса бір көзге қисық, және көзі жүзім секілді томпайған2. Расында Аллаһ сендердің қандарыңды және дүниелеріңді бір-біріңе, осы күндерің осы қалада осы айда3 қандай қасиетті болса сондай қасиетті етті. Мен осыны сендерге жеткіздім бе?» Адамдар: «Иә!» – деп жауап берді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә Аллаһ Сені куәлікке шақырамын! Қайғы сендерге (сақ болыңдар), менен кейін бір-бірінің басын шапқан кәпірлерден болмаңдар!» Аль-Бухари бұл хадисті толығымен келтіреді, ал Муслим болса – бір бөлігін ғана.


206. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қарыс жерді хақысыз алғанның мойнына Қияметте жеті жердің үстіндегі оралады (жүктеледі). Аль-Бухари, Муслим.


207. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ әділсізге (тәубеге келуге) уақыт береді, ал бірақ оны бір қолға алса жібермейді4.



Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай сөзін жалғастырды:

Одан кейін ол мына аятты оқып шықты: «Раббың қолға алғанда, кенттердің залым халқын өстіп қолға алады; күдіксіз Оның соққысы қатты күйзелтеді.»5 Аль-Бухари, Муслим.


208. Хабар бойынша, Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі мені Иеменге жіберіп жатып былай деді: «Расында, сен адамдардың ішіндегі Кітап түсірілгендерге барасың, оларды Аллаһтан басқа Құдай жоқ екендігіне және менің – Аллаһтың елшісі екендігіме шақыр, егер олар осыған бой ұсынса, оларға Аллаһ, күндіз түні бес уақыт намаз орындауды жүктегенін хабарла. Егер олар бұған да бой ұсынса, онда оларға Аллаһ араларындағы байларының, кедейлерге садақа беруін міндеттегенін хабарла. Ал егер олар осыған да бой ұсынса, онда олардың дүниелерінің ең қымбатына тиіспе (яғни зекет ретінде алма) және жәбір көргеннің қарғысынан сақтан (қорық), расында онымен Аллаһтың алдында перде болмайды!», Аль-Бухари, Муслим.


209. Хабар бойынша, Абу Хумайд Абд ар-Рахман бин Саъд ас-Саъид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Ибн аль-Лютбийа деген аль-азд руынан бір адамға, садақа жинау ісін тапсырған. Ол (садақа жинаудан) оралып: «Мынау - сендерге, ал мынаны маған сыйлады», – деді. Бұны естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мінберге шығып, алдымен Аллаһты мадақтап және Оны ардақтап, сосын былай деді: «Осыдан кейін, расында, сендердің кейбіреулеріңе мен, маған Аллаһ тапсырған істі тапсырамын, ал ол болса келіп: «Мынау – сендерге, ал мынаны маған сыйлық ретінде берді!», - дейді. Егер ол шындықты айтса, онда ол әкесінің не шешесінің үйінде осы сыйлықты күтіп неге жатпайды?! Аллаһтың атымен ант етемін, егер кімде-кім, өзіне хақысыз бір нәрсе алатын болса, Қиямет күні ол міндетті түрде Аллаһты, оны (алған нәрсесін) көтеріп кездестіреді! Расында, Қияметте Аллаһты өкірген түйені, мөңіреген сиырды, маңыраған қойды көтеріп кездестіргенді мен мойындамаймын (жақтамаймын)!», - осыдан кейін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолын аспанға көтергені соншалық, оның қолтығының ағы көрінді, сосын: «Иә Аллаһ, мен (бұларға) хабарламадым ба?» – деді. Аль-Бухари, Муслим.


210. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің бауырының ары не болмаса одан да басқа бір нәрсесіне әділетсіздік жасаған, динарлар мен дирхемдер жоғалғанша1, одан құтылсын2. (Егер олай істемесе) оның жасаған зұлымдығының көлеміне қарай сауабтары алынады, ал егер сауабтары болмаса (не жетпей қалса), онда жәбірленгеннің күнәлі істері алынып, оның (яғни жәбірлеушінің) мойнына артылады. Аль-Бухари.


211. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылман деп, оның тілінен және қолынан басқа мұсылмандар жәбір көрмеген адамды айтамыз, ал мухаджир дегеніміз – ол Аллаһтың тыйым салған нәрселерін тастағандар (яғни оған жоламағандар). Аль-Бухари, Муслим.


212. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Каркира атты, оның жан ұясының шаруашылығын жүргізген қызметшісі болған. Ал ол өлген кезде, Аллаһтың елшісі оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол Отта», - деді. Адамдар оған барып қараған кезде, үйінде(олжадағы бөліс кезінде) жасырып қалған тері шапанды тапты. Аль-Бухари.


213. Хабар бойынша, Абу Бакр Нуфайъ бин Аль-Харис, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Уақыт өзінің бәз баяғы, Аллаһ жер мен көкті жаратқандағы, қалпына келді. Жыл, төртеуі тыйым салынған1, он екі айдан тұрады. Оның үшеуі – зуль-қаъда, зуль-хиджжа және мухаррам – бірінің артынан бірі келеді, ал төртіншісі жумада сани мен шаъбанның ортасынан орын алған раджаб мудара. Осыдан кейін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл неғылған ай?” – деп сұрады. Біз: “Аллаһ пен оның елшісі жақсырақ біледі”, - дедік. Осыдан кейін оның үндемей отырғаны соншалық, біз ол айды басқаша атайды ма екен деп қалдық, бірақ ол бізден: “Бұл зуль хиджа емес пе?”, – деп сұрады. Біз: “Иә” – дедік. Сонда ол: “Ал ол неғылған қала?”, – деді. Біз: “Аллаһ пен оның елшісі жақсырақ біледі”, - дедік. Осыдан кейін оның үндемей отырғаны соншалық, біз ол қаланы басқаша атайды ма екен деп қалдық, бірақ ол бізден: “Бұл қасиетті қала емес пе?”, – деп сұрады. Біз: “Иә” – дедік. Сонда ол: “Ал ол неғылған күн?”, – деп сұрады. Біз: “Аллаһ пен оның елшісі жақсырақ біледі”, - дедік. Осыдан кейін оның үндемей отырғаны соншалық, біз ол күнді басқаша атайды ма екен деп қалдық, бірақ ол бізден: “Бұл құрбан шалатын күн емес пе?”, – деді. Осының бәрінен кейін ол: “Расында, сендердің жандарың, дүниелерің, арларың, осы қаладағы осы айдағы осы күн секілді сендерге қасиетті. Сендер әлбетте Раббыларыңды кездестіресіңдер де, Ол сендердің амалдарың жайлы сұрайды! Абай болыңдар, менен кейін бір-бірінің басын шапқан кәпірлер секілді болмаңдар! (Қазір айтылғанды) осында барларың, жоқтарыңа хабарласын, кім біледі бәлкім айтылғанды өзінің құлағымен естіген жеткізушіден, сендерден естіген жақсырақ түсінер”, – деді де: “Мен сендерге жеткіздім бе? Мен сендерге жеткіздім бе?”, – деп сұрады. Біз: “Иә” – дедік. Сонда ол: “Иә Аллаһ куә бол!” – деді. Аль-Бухари, Муслим.


214. Хабар бойынша, Абу Умама бин Саъляб аль-Хариси, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім хақысыз басқа бір мұсылманның дүниесін жалған антпен иемденсе, онда оны Аллаһ тозаққа тастайды және оған Жәннәтті харам етеді. Осы кезде біреу: «Иә Аллаһтың елшісі, егер де оның (иемденген нәрсесі) түкке тұрмайтын болсада ма?», – деп сұрағанда, ол: «Керек десең, ол арака талының шыбығы болса да», – деді. Муслим.


215. Хабар бойынша, Ади бин Амир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер біз араларыңнан біреуіңе бір істі тапсырсақ, ал ол болса бізден бір инені, не болмаса одан басқа бағалырақ бір нәрсені жасырса, ол оған Қияметте кісен болып оралады. Бәрі тура қазір көз алдымда болып жатқандай (елестейді), (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыны айтқаннан кейін ансарлардың ішінен қара жүзді бір адам келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, менен, бұйырып тапсырғаныңды ал!», – деді. Ол: «Саған не болған?» – деп сұрады. Адам: «Мен сенің осылай да осылай айтқаныңды естідім», – дейді. Сонда ол: «Мен және қайталаймын: біз кімге қай бір істі тапсырсақ ол үлкенін де кішісін де алып келсін1, ол (біз өзіне) бергенді алсын да, ал харам нәрселерден өзін ұстасын!» Муслим.


216. Хабар бойынша, Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Хайбар шайқасы кезінде, сахабалардың бірнешеуі, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Пәленше шаһид болды және пәленше шаһид болды”, - деп айтып жатып бір адам туралы: “Пәленше шаһид болды”, - деген кезде, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Әсте олай емес! Расында, мен оны Отта, жымқырған шапанын киіп тұрғынын көрдім!”, – деді. Муслим.


217. Хабар бойынша, Абу Катада аль-Харис бин Рибъи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біздің алдымызда ең жақсы амалдар - ол Аллаһ жолындағы күрес және Аллаһқа иман екендігін құтпасының арасында айтып өтті. Бұны естіген бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, айтшы, егер мені Аллаһ жолында өлтірсе, бұл менің күнәләрімнің кешірілуіне себеп болады ма?», – деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә, егер сен сабыр сақтап, Аллаһтың сыйынан үміт етіп және артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһтың жолында өлген болсаң», - деді. Біраз уақыт өткеннен кейін, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әлгі адамнан: «Сен не дедің?», – деп сұрады. Ол тағы да: : «Ия Аллаһтың елшісі, айтшы, егер мені Аллаһ жолында өлтірсе, бұл менің күнәләрімнің кешірілуіне себеп болады ма?», – деді. Бұл жолы Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә, егер сен сабыр сақтап, Аллаһтың сыйынан үміт етіп және артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһтың жолында өлген болсаң, бірақта сенің қарызың болмау керек, расында бұл жөнінде маған Жабірейіл хабар берді», - деді. Муслим.


218. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардан: «Сендер кімнің жарлы екенін білесіңдер ме?», – деп сұрады. Олар: «Біздің арамызда жарлы деп, не ақшасы жоқ, не дүниесі жоқ адамды айтады», – деді. Сонда ол: «Расында, менің үмметімнен жарлы боп табылатын адам Қиямет күнінде білінеді. Ол өзімен бірге оқыған намаздарын, тұтқан оразаларын, берген зекеттерін Есеп күніне алып барады, бірақ онда оның біреуге қорлық көрсеткені, біреуді ғайбаттағаны, кісі ақысын жегені, адам қанын мойнына жүктегені, әлдекімді ұрып-соққаны анықталады да, олардың әрқайсысына жиған сауаптарын үлестіруге мәжбүр болады. Егер өзі ренжіткен адамдармен есептескен кезінде жиған-терген сауабы таусылып қалатын болса, онда ол сол адамдардың күнәләрінің бір бөлігін өз мойнына жүктейді де тозаққа итеріледі»1. Муслим.

219. Хабар бойынша, Умм Салама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, мен – тек қана адаммын, ал сендер болсаңдар маған дауларыңмен келесіңдер. Бәлкім біреулеріңнің дәлелдерің мен үшін сенімдірек көрініп, мен оның пайдасына дауды шешуім мүмкін, бірақ дау өз пайдасына шешілгеннің, шын мәнінде бұйымтайы оның бауырына тиесілі болса, онда оған, тозақтан от бергенімді білсін. Аль-Бухари, Муслим.


220. Хабар бойынша, Ибн Омар, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мүмин өзінің дінінде қысымшылық көрмейді2, егер тыйым салынған қанды төкпесе3. Аль-Бухари.


221. Хабар бойынша, Хамзаның әйелі, Хауля бин Самир аль-Ансарийа, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, адамдардың арасында, Аллаһтың байлығын4 дұрыс қолданбайтындар бар, бірақ Ахіретте оларға От бұйырады! Аль-Бухари.



27 ТАРАУ

Мұсылмандардың тәуелсіздігін

құрметтеу, олардың хақыларын

түсіндіру және оларға аяушылық, рахымшылық көрсету жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«..,кім Аллаһтың ардақтағандарын жоғары бағаласа; сонда оған Раббыларының қасында хайырлы…» «Хаж» сүресі, 30 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Кім Аллаһтың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол жүректің тақуалығынан.» «Хаж» сүресі, 32 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Мұсылмандарға қанатыңды жай1«Хыжыр» сүресі, 88 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық.» «Мәида» сүресі, 32 аят.


222. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, мүминдер бір-бірін байланысымен мықтаған бүтін құрылыс секілді, - деп екі қолының саусақтарын бір біріне кіргізіп айқастырды. Аль-Бухари, Муслим.


223. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім біздің мешіттерге, базарларға өзімен бірге садақ оғын алып келетін болса, онда біреуді жаралап алмас үшін, оғының (жебесінің) ұшынан ұстап жүрсін. Аль-Бухари, Муслим.


224. Хабар бойынша, ан-Нуъман бин Башир, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мүмин бір-біріне жан ашырлығымен және рахымшылығымен бір дене секілді: егер дененің бір жері ауырса, онда бүкіл дене онымен бірге ыстығы көтеріліп, ұйқыдан қалып мазасызданады. Аль-Бухари, Муслим.


225. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын аль-Акраъаның көзінше (немересі) аль-Хасан бин Алиді сүйді, сонда аль-Акраъа: «Расында, менің он балам бар, бірақ мен олардың ешқайсысын сүйген емеспін», - деді. Сол кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсан оған қарап: «Өзі рахымшылық көрсетпегенге рахымшылық болмайды!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.


226. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бадауилердің ішінен Аллаһтың елшісіне келген адамдар: «Сендер өздеріңнің балаларыңды сүйесіңдер ме?», – деп сұрады. Оларға: «Иә», - деп жауап берді. Олар: «Аллаһтың атымен ант етеміз, біз болсақ оларды сүймейміз», - деді. Бұл сөзді естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер Аллаһ сендердің жүректеріңе мейірімділік бермесе, мен оны сендерге қалай ендіре аламын?!», – деді. Аль-Бухари, Муслим.


227. Хабар бойынша, Жарир бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзгелерге рахымшылық етпегендерге, Аллаһ та рахымшылық етпейді. Аль-Бухари, Муслим.


228. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім намаз кезінде имам болатын болса, онда намазды жеңіл оқысын, өйткені (жамағаттың) ішінде әлсіздер, аурулар, қарттар, болуы мүмкін. Ал егер жалғыз болса, онда қанша ұзақ оқығысы келсе, сонша оқысын. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің басқа бір нұсқасында былай делінеді:

…және шаруасы барлар…


229. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі сауабты істерді жасауды жақсы көрсе де, оларды орындаудан бас тартатын1. Өйткені ол істерді басқалар да орындап, ол оларға парыз болып қалады ма деп қорқатын2. Аль-Бухари, Муслим.


230. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілі мен сәлемі болсын, рахымшылық көрсетіп адамдарға үздіксіз ораза ұстауға тыйым салғанда, олар: «Бірақ сен өзің солай істейсің ғой!», – дегенде, ол: «Расында, мен сендер секілді емеспін, мені менің Раббым тамақтандырады және сусындатады!», – деді. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл дегеніміз: маған тамақ және су арқылы жеткілікті күш береді, дегені.
231. Хабар бойынша, Абу Катада аль-Харис бин Рабъи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, намазға тұрғанда мен оны ұзақ өткізгім келеді, бірақ баланың жылағанын естісем, оның шешесіне, қиындық туғызбас үшін намзды қысқартып (тезінен аяқтауға тырысамын). Аль-Бухари.


232. Хабар бойынша, Жундуб бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Таң намазын орындаушы1 Аллаһтың қорғанында болады және Аллаһ Өзінің қорғаны үшін сендерден еш нәрсе талап етпейді. Егер Ол Өзінің қорғаны үшін бір нәрсе талап ететін болса, Ол жібереді де, одан кейін оны тозақтың отына етбетімен тастайды! Муслим.


233. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылман мұсылманның бауыры және олар бір- біріне қысымшылық және сатқындық жасамау керек. Кім өзінің бауырына ол мұқтаж болған кезде көмек көрсетсе, Аллаһ ол мұқтаж болған кезде көмектеседі. Ал кім мұсылманды қайғысынан құтқарса, Аллаһ оны Қияметтің бір қайғысынан құтқарады. Ал кім мұсылманды бүркесе (қорғаса, жақтаса) Аллаһ оны Қияметте бүркейді. Аль-Бухари, Муслим.


234. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылман мұсылманға бауыр, оған оны, алдауға, жебеусіз қалдыруға және оған сатқындық жасауға болмайды. Әр-бір мұсылманға басқа мұсылманның ары, дүниесі және өмірі қасиетті (яғни тиіспеуі керек), ал тақуалық болса мына жерде жасырынған (жүректе). Адамға Исламдағы бауырын жақтырмау, өз-өзіне жасаған зияндықта жетіп асады! Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.


235. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірі-біріңе көре алмаушылық пиғылда болмаңдар, бағаларды көтермеңдер, бір-біріңе арқаларыңды қаратпаңдар, жақтырмаушылықтан бас тартыңдар, бір-біріңнің саудаңа нұқсан келтірмеңдер және бір-біріңе бауыр болыңдар. Ия Аллаһтың құлдары, мұсылман мұсылманға бауыр емес пе, сондықтан бір мұсылман басқа мұсылманға қысымшылық көрсетпеу керек, не оған жаман пиғылмен қарамау керек, не оны көмексіз қалдырмау керек, ал тақуалық мына жерде, - деп Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын кеудесін қолымен үш рет көрсетті де, сосын: «Адамға Исламдағы бауырын жақтырмау, өз-өзіне жасаған зияндықта жетіп асады және әр-бір мұсылманға басқа мұсылманның өмірі, дүниесі және ары қасиетті болуы керек (яғни қол тигіізбеуі)!» Муслим.



Бағаларыңды көтермеңдер дегені, ол сол затты алғысы келмесе де сол заттың бағасын басқаларды алдау үшін көтеруі. Бір-біріңе арқаларыңды қаратпаңдар, дегені – ол бір-біріңнен теріс айналып, тастап кетпеңдер, дегені.
236. Хабар бойынша, Әнәс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзіне не қаласа, Исламдағы бауырына соны қаламайынша, сендерден ешкім иман келтірмейді. Аль-Бухари, Муслим.


237. Хабар бойынша, Әнәс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Жәбірлеуші ме, әлде ол жәбірленуші болады ма, бауырыңа көмек көрсет». Бұны естіген біреу: «Иә Аллаһтың елшісі, егер ол жәбір шегіп жатса оған мен көмек көрсетемін, ал жәбірлеушіге көмекті қалай көрсетпекпін?!», – деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Оны жәбір жасаудан тоқтат, расында, осы ісің, сенің оған жасаған көмегің болады», – деп жауап берді. Аль-Бухари.


238. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылмандардың бір-біріне қатысты бес міндеті бар, олар: сәлемге жауап беру, аурғанның көңілін сұрау, өлгенде қабірге шығарып салу, қонаққа шақырса бару, түшкірсе игілік тілеу. Аль-Бухари, Муслим.



Осы хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Мұсылмандардың бір-біріне қатысты алты парызы бар, олар: егер мұсылманды кездестірсең оған сәлем бер, егер сені шақырса бар, егер сенен ақыл сұраса, ақылыңды айт, егер ол түшкіріп Аллаһқа мақтау айтса, оған игілік тіле, егер ауырса, көңілін сұра, ал егер өлсе, онда оны соңғы сапарға шығарып сал.


239. Хабар бойынша, Абу Омар аль-Бара бин Азиб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге жеті затты орындауды міндеттеді де, ал жеті затты орындауға тыйым салды. Міндеттегені – ол ауырғанның көңілін сұрау, жерлеу кезінде шығарып салу, түшкіргенге игілік тілеу, ант бергеннің антын орындау1, жәбірленушіге көмек көрсету, шақырған жерге бару және адамдарға сәлем беру. Ал тыйым салған нәрселері – ол алтын жүзік тағу, күміс ыдыстардан ішу, қызыл жастық және аль-қасси қолдану, және де жібек, истибрак және дибаж2 киуі.3



Бұл хадистің басқа бір хабарында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірінші міндеттеген жетінің біріне: «…және жоғалтқанды іздеу…» – деп қосқанын жеткізеді.

Мұндағы айтылып жатқан жастықтар – ол атқа ердің үстіне, не түйенің ерінің үстіне төсеп отыру үшін жібек матадан тігілген іші мақтамен не басқа затпен толтырылған жастықтар жайлы болып тұр.

«Аль-Қасси» – зығыр мен жібектен тоқылған мата.


28 ТАРАУ

Мұсылмндардың кемшілігін жасыру

және олар түралы қажетінсіз

мағлұматтар таратуға тыйым жйлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Расында, сондай мүминдердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге; дүние, ахіретте күйзелтуші азап бар…» «Нұр» сүресі, 19 аят.


240. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер бір құл басқа құлды осы дүниеде бүркесе (қамқорлық, қорғау), Аллаһ оны әлбетте Қияметте бүркейді. Муслим.


241. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Менің үмметімнен, күнәләрін өздері жария ететіндерден басқалары құтылады1 . Олар түнде бір күнә істеп, Аллаһ оны жасырады, ал олар болса: «Әй пеленше, түнде мен осндай да осындай істедім», – деп жар салады. Сонда ол Аллаһтың бүркенішімен ұйықтайды да, ал таңертең ол бүркенішін өзі ысырып тастайды. Аль-Бухари, Муслим.


242. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер күң ойнас жасаса, онда оны қожайыны Шариғаттың үкіміне сай жазаласын2, бірақ сөкпесін. Егер ол екінші рет ойнас жасаса, онда оны және сөкпей Шариғаттың үкіміне сай жазаласын. Ал егер ол үшінші рет ойнас жасайтын болса, онда оны шаштан өрілген арқанға айырбастаса да сатып жіберсін3. Аль-Бухари, Муслим.


243. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, арақ ішкен адамды алып келді, сонда ол: «Ұрыңдар оны!», – деді. Абу Хурайра олардың ол адамды бірі қолымен, бірі аяқ киімімен, ал енді бірі киімімен ұра бастағанын айтты. Осының бәрі басылғанда бірі: «Аллаһ сені масқараласын!», – деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Олай айтып шайтанға көметеспеңдер!» – деді. Аль-Бухари.




29 ТАРАУ

Мұсылмандардың қажетін

қанағаттандыру жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…және хайыр қылыңдар, әрине құтыласыңдар.» «Хаж» сүресі, 77 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Хайырдан не істесеңдер, күдіксіз Аллаһ оны біледі.» «Бақара» сүресі, 215 аят.


244. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылман мұсылманның бауыры және олар бір біріне қысымшылық және сатқындық жасамау керек. Кім өзінің бауырына ол мұқтаж болған кезде көмек көрсетсе, Аллаһ ол мұқтаж болған кезде көмектеседі. Ал кім мұсылманды бір қайғыдан құтқарса, Аллаһ оны Қияметтің бір қайғысынан құтқарады. Ал кім мұсылманды бүркесе (қорғаса, жақтаса) Аллаһ оны Қияметте бүркейді. Аль-Бухари, Муслим.


245. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім мүминнің осы дүниедегі бір қайғысынан құтқарса, Аллаһ Қияметті оны бір қайғысынан құтқарады. Кім мұршасы жоқ қарызгердің жағдайын жақсартса, Аллаһ оның жағдайын осы дүниеде және ол дүниеде жағдайын жақсартады. Ал кім мұсылманды бүркесе, оны Аллаһ осы дүниеде және мәңгілік дүниеде бүркейді. Аллаһ өзінің құлына, ол бауырына көмегін көрсеткенше көмектеседі. Білім іздеп жолға шыққанға, Аллаһ Жәннәтқа баратын жолды жеңілдетеді. Егер адамдар Аллаһтың үйлерінің ішінен бір үйде жиналып Құран оқып оны үйренетін болса, оларға әлбетте тыныштық түседі және оларды рахымшылық бүркеп періштелер қоршауына алады және Аллаһ оларды Өзінің алдындағылардың көзінше еске алады1, ал кімді амалдары ұстайтын болса2, оның тегі оған алға тез жылжуына көмек көрсете алмайды3. Муслим.



30 ТАРАУ

Қолдау (болысу) жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Кім жақсылықты қолдаса, одан оған несібе бар…» «Ниса сүресі, 85 аят.


246. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кім өтінішімен келетін болса, ол әр кезде жанындағыларға бұрылып: «Сұраушыларға болысыңдар, сонда сендер сауап табасыңдар, Ал Аллаһ Өзінің шешімін Өзінің пайғамбары арқылы хабарлайды». Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің басқа бір нұсқасында: «…қалағанын хабарлайды….», делінеді.
247. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Барира мен оның күйеуі жайлы былай дейді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Барирадан: «Сен оған қайтар ма едің?», – деп сұрады. Ол: «Ия Аллаһтың елшісі, сен маған бұйырып тұрсың ба?», - деп сұрады. Ол: «Мен тек қана болысып жатырмын», – деді. Сонда ол: «Оның маған керегі жоқ!», – деді. Аль-Бухари.



31 ТАРАУ

Адамдарды татуластырудың

міндеттілігі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Олардың өзара күңкілдерінің көбінен хайыр жоқ. Бірақ, кім бір садақаны, не бір игілікті, немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, ол хайырлы…» «Ниса» сүресі, 114 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Сондай-ақ жарасу жақсы…»«Ниса» сүресі, 128 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Аллаһтан қорқып араларыңды жарастырыңдар…» «Әнфал» сүресі, 1 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде мүминдер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар.» «Хұжрат» сүресі, 10 аят.


248. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күн шыққан, әр-бір күн үшін, адамның денесінде неше буын болса, сонша садақа беру керек: егер екі адамның арасына әділ төрелік жасасаң, бұл сен үшін садақа, егер сен адамды көлігіне мінуіне демеп жіберсең, оны онымен алып жүрсең не болмаса көлікке оның заттарын көтеріп салыссаң, бұл сен үшін садақа, жылы сөз – садақа және намазға қарай жасаған әр бір қадамың, сен үшін садақа және жолдағы адамдарға кедергі болатынды алып тастау, сен үшін садақа. Аль-Бухари, Муслим.



Екі адамның арасына әділ төрелік жасасаң, деген сөз ол екі адамды жарастырсаң, деген сөз.
249. Хабар бойынша, Умм Кулсім бинт Укба бинт Абу Муъайт, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Игілік айтып екі адамның арасын жарастырушы өтірікші емес1. Аль-Бухари, Муслим.



Муслим риуят еткен хадисінде мыналар қосылған:

Умм Күлсім, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді: «Оның үш түрлі жағдайдан басқа, еш уақытта өтірік айтуды рұқсат еткенін естіген емеспін – ол соғыс кезінде1, адамдарды жарастыру үшін және әйелі күйеуіне сөйлеген кезде және күйеуінің әйеліне сөйлеген кезінде2».


250. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің есігінің алдында бір-бірімен ұрсысып, бірі екіншісінен қайырым етіп, қарызының бір бөлігін кешруін сұрап жатқанда, екіншісі оған: «Аллаһтың атымен ант етемін, олай істемеймін!», - деп айтып жатқанын естіп: «Аллаһтың атымен ант етіп, жақсылықты істемеймін деп жатқан қайсысың?», - деп сұрады. Сонда ол адам: «Бұл менмін, иә Аллаһтың елшісі, ал оған оның сұрағаны болсын (яғни оның қарызын кешірдім)», - деді. Аль-Бухари, Муслим.


251. Хабар бойынша, Абуль-Аббас Сахл Саъд ас-Саъид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бану амр бин ауф руының адамдары бір-бірімен жанжалдасып қалды дегенін естісімен, жанына бірер сахабаларын ертіп оларды татуластыру үшін, сол жаққа кетті. Онда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірер уақытқа бөгеліп қалды, ал сол уақыттың арасында намаздың уақыты кірді де Билял Абу Бакрге, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын: «Намаз оқитын уақыт келді, сен адамдармен намаз өткізесің бе?», - деп сұрады. Абу Бакр: «Иә, қаласаң өткізейін», - деді. Биляль намаздың басталуын хабарлап қамат түсірді. Абу Бакр алдыға шығып «Аллаһу акбар» деп, адамдар да оны қайталап «Аллуһу акбар» десімен-ақ, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оралып, адамдардың саптарының арасынан өтіп, бірінші сапқа келіп тұра қалды. Оны көрген адамдар алақандарын бір-біріне соғып шапалақтай бастады, бірақ Абу Бакр намаз уақытында жан жағына қарамайтын. Дегенмен, адамдар шапалақтағанын қоймағаннан кейін, ол артына бұрылып Апллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көрді де, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған қолымен ымдап намазды өткізе беруін бұйырды. Бірақ Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, екі қолын жоғары көтеріп Аллаһқа мақтау айтып, артқа қарай жылжып бірінші сапқа келіп тұрды. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдыға шығып намазды өткізіп болысымен, адамдардан: «Сендермен бір нәрсе болғанда, сендер неге алақандарыңды соға бастадыңдар, намаз кезінде әйелдер ғана алақан соғады, ал сендер «Субанал-Лаһ», деулерің керек, өйткені «Субханал-Лаһ», деп айтқандарыңды естіген (имамдарың) сендерге әлбетте бұрылып қарайды. Иә Абу Бакр, саған мен ымдап белгі бергеннен кейін, саған намазды өткізе беруге не кедергі болды?», - деді. Бұған Абу Бакр: «Аллаһтың елшісі тұрғанда Абу Кухафқа3 намаз өткізу жараспайды», - деді. Аль-Бухари, Муслим.





жүктеу 12,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау