«Қылмыстық іс бойынша сот өндірісі»


Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және үкімді орындаумен байланысты мәселелні шешетін соттар



жүктеу 465,5 Kb.
бет4/6
Дата28.12.2019
өлшемі465,5 Kb.
#25283
1   2   3   4   5   6

3.Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және үкімді орындаумен байланысты мәселелні шешетін соттар.
Басты сот талқылауы беске бөлінеді.Олар:

-сот мәжілісін дайындау бөлімі;

-сот тергеуі;

-соттағы жарыссөз;

-сотталушының соңғы сөзі;

-үкім шығару.

Енді басты сот талқылауы сатысының ақырғы бөлімі-үкім шығару туралы әңгіме болмақ.Шынында сотта істі қарау сатысы үкім шығарылып,оны жариялағаннан кейін аяқталады.Қылмыстық істер бойынша сот шешім қабылдағанда заң тәртібін бұлжытпай орындап,заңдылықты қатаң сақтап,сот мәжілісіне қатысушылардың және басқа да азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауы керек.

Үкім дегеніміз не? Ол жөнінде ҚР ҚІЖК 7-бабының 34-тармағында үкім-айыпталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бірінші сатыдағы соттың басиы сот отырысында шығарылған сот үкімі делінген.

Заң бойынша үкім-Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағында және ҚР ҚІЖК 2-тарауында көрсетілген әділ сот принциптерін сақтай отырып,сотталушыға қатысты оның кінәлігін немесе кінәлі еместігі,қылмыстық жазаны оған қолдану немесе қолданбау туралы бірінші сатыдағы соттың сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының атынан шығарған қылмыстық іс бойынша шешім болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы іс жүргізу саласындағы ғалымдардың жазған еңбектерінде үкімнің мазмұнына басқа да мәселерді кіргізеді.Мысалы,профессор И.Д.Перлов үкімнің мазмұнына кінәсіздік,жаза қолдану,қолданбау сияқты мәселелерден басқа шешілетін басқа мынадаймәселелерді қосады:

-азаматтық талап;

-бұлтартпау шаралары;

-айыпталушының алдын ала тергеу кезінде қамауда отырған мерзімін есепке алу,тағы да басқа жағдайлар.

Үкімнің қоғамдық-саяси және тәрбиелік маңызы зор.Оның тәрбиелік маңызы мынада:қоғамға қауіпті қылмыскерлерді әшкерелеп,оған тиісті жаза қолдана отырып,сотталушы алдағы уақытта қылмыс жасамауына үзілді-кесілді тыйым салады және басқа азаматтарға қылмыстың ертелі-кеш ашылатынын дәлелдейді,айыпталушының қылмыстық жауапқа тартылатындығы ескеріледі,құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Үкімнің маңызы мынадан көрінеді:

1)үкімді тек қана бірінші саты соты қабылдайды;

2)аппеляциялық және қадағалау саты соттары үкімде қателік тапса,өзгертуіне құқылы,бірақ ол сотталған адамға тағылған айыптың шегінен шыға алмайды және үкімде дәлелденбеген фактірледі дәлелді деп табуға құқылары жоқ.

Үкімнің қоғамдық-саяси маңызы:

1)үкім арқылы мемлекет қылмыс жасаған азаматқа өзінің көзқарасын білдіреді;

2)мемлекет қылмыстық жауаптылық қамтыған заңды жүзеге асырады;

3)тиісті істерді қараудың нәтижесінде қылмыспен күресу жолындағы мемлекеттік саясатын көрсетеді;

4)айыпкерді,іске қатысушыларды,басқа да азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді;

5)қылмыстық іс жүргізу міндеттерін жүзеге асырады;

6)сот үкімі қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қорытындысы шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кепілі болып табылады (сот үкімі туралы қаулыны қараңыз).

Үкімнің құқықтық-процессуалдық маңызы:

1)қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу сатысы мен басты сот талқылауына қорытынды жасайды;

2)іс бойынша жаңа сот мәжілісін болғызбайды (егер үкім бұзылса,іс қайта қаралуы мүмкін);

3)сотталушы кінәлі немесе кінәсіз деген шешім қабылданады.

Үкім кеңес бөлмесіне шығаралыады.Кеңес бөлмесінің құпиясы әр уақытта қатаң сақталуы тиіс.Судьялардың кеңесу құпиясын әр уақытта қатаң сақтау маңызын мына жағдайлардан көреміз:

1)кеңесу бөлмесінде тек қана іс жүзіндегі сот құрамына енген судьялар ғана болады.Олар өздерінің ар-ожданын,сана-сезімін қолдана отырып,өздерінің ішкі сезіміне лайық шешім қабылдауы тиіс.

2)үкім шығару үстінде болған пікір алысуларды жариялауға болмайды (қылмыстық істі жаңадан ашылған мән-жағдайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастағанда судьяның қиянаты анықталса,судья жауапқа тартылса,сонда ғана үкім шығару үстінде болған пікір алысулар анықталады)

3)халық арасында үкім қабылдағанда сотқа ешкімнің ықпалы болмайды деген сенім орын алады;

4)үкім қабылдау,үкім шығару күрделі жұмыс,сондықтан дұрыс шешім қабылдау үшін судьяларға тиіс жағдай жасалуы тиіс.Істің сотқа қарастылығы ережелері сақталса,тараптарға дәлелдемелерлі тең негізде зертеуге мүмкіндік беру және тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы қамтамасыз етілсе сот талқылауын жүргізу туралы қылмыстық іс жүргізу заңының талаптары сақталса,құқық нормалары дұрыс қолданылса,соттың заңды құрамы шығарса үкім заңды болып табылады.

Заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында толық,жан-жақты және объективті тексеріліп,тандалған,тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген,тұжырымдары дәлелденген үкім негізді болып табылады.

Үкімнің мазмұны мен құрылымы ҚІЖК 377-бабының 3-бөлігіне сәйкес үкім кіріспе,сипаттамалы-дәлелді және қорытынды бөлімдерден тұрады.ҚІЖК 387-бабына сәйкес,үкімнің кіріспе бөлімінде мынадай жағдайлар көрсетілуі тиіс:

1)үкімнің Қазақстан Республикасы атынан шығарылғаны;

2)үкімнің шығарылған уақыты мен орны,судьялар бірнеше күн кеңескен жағдайда,үкімнің шығарылған күні оның жария етілген күнімен айқындалады;

3)сот атауы,құрамы,мәжіліс хатшысы,іске қатысушылар және олардың өкілдері мен аудармашылары;

4)сотталушының тегі,аты және әкесінің аты,туған уақыты мен туған жері,ұлты,тұрғылықты орны,кәсібі,білімі,отбасы жағдайы,жеке басы туралы іс үшін маңызы бар өзге де мәліметтер;

5)жасағанына сотталушы айыпталып отырған қылмысты көздейтін қылмыстық заң (бабы,бөлігі,тармағы) көрсетіледі.

ҚР ҚІЖК 379-бабы-үкімнің сипаттамалы-дәлелді бөліміне,ал 380-бабы қорытынды бөліміне арналған.

Үкімді орындау бір жағынан әртүрлі мекемелер мен ұйымдардың қылмыстық атқару қызметі,екінші жағынан сот кінәлі деп танып,жаза қолданған адам жөніндегі шешімді жүзеге асырумен байланысты атқарылатын сот органдарының қылмыстық іс жүргізу қызметі.

Үкімді орындау,қылмыстық іс жүргізу сатысы ретінде,тек қана соттың және мүдделі басқа да тұлғалардың қылмыстық іс жүргізулік қызметін қамтиды және мынадай мәселелерді шешеді:

1)үкімді орындауға кірісу;

2)қамаудан сот мәжілісі залынан дереу босату;

а) ақтау үкімі қабылданса;

б) азамат (сотталушы) жаза тағайындалмай сотталса,сотталушы қайтыс болса айыптау үкімі жаза тағайындалмай шығарылады. «Егерде үкімді шығару кезінде сотталушы қайтыс болса,сот істі қысқартады немесе тараптардың өтініші бойынша азаптау үкімін жазаны тағайындамай шығарады»делінген ҚР ҚІЖК 375-бабының 7-бөлігінде;

в)сотталушы жазадан босатылса (қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі өтіп кетсе (ескірсе) ҚО ҚІЖК 38-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайларда (жәбірленушінің айыпталушымен ымыраласуына байланысты);

г)сотталушы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесілсе (сотталса) (ҚР ҚІЖК 447-бабының 5-бөлігіне сәйкес,

-сот ақтау үкімін қабылдаса,

-сотталушы жаза тағайындалмай сотталса,

-жазадан босатылса,

-бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесілсе,ал үкім қабылдағанға дейін ол қамауда ұсталса,мұндай шешім шығарған сот оны дереу қамаудан босатады);

3)үкімді іске асыруды бақылау;

4)үкімді орындау кезінде туындайтын мәселелерді шешу.

Соттың бұл қызметі қылмыстық іс жүргізудің бірыңғай принциптеріне негізделген,қылмыстық іс жүргізу нормаларымен рәсімделеді және қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндеттерін орындауға бағытталған.

Үкімді орындау сатысы-үкімді орындауға кірісу мәселелерін шешетін,оның орындалуын бақылайтын,сондай-ақ сот үкімін орындауға кірісу кезінде туындаған мәселелерді шешетін,қылмыстық іс жүргізу заңымен рәсімделген,сот және сот ісін жүргізу жүргізуге қатысатын өзге же субъектілердің қызметі.

Үкімді орындауға кірісу дегеніміз үкімді орындау туралы өкімді судья үкімінің көшірмесімен бірге қылмыстық атқару заңдарына сәйкес,үкімді орындау міндеті жүктелген органға жіберу.


7 Қадағалау сатысындағы өндіріс.

1. Заңды күшіне еңген сот үкімдері,ұйғарымдары мен қаулыларын қайта қарау бойынша өндіріс негіздері мен түсінігі.

2. Заңды күшіне еңген сот үкімдері,ұйғарымдары мен қаулыларын қайта қарау бойынша өндіріс тәртібі.

Қадағалау сатысында іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі 458-470-баптарында және «Қылмыстық істер бойынша қадағалау сатысында іс жүргізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 28-сәуірде қабылданған қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Қадағалау тәртібімен іс жүргізу сатысының міндеті заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарап,олардың заңдылығы мен дәлелділігін тексеру болып табылады.Қылмыстық іс бойынша дұрыс шешім қабылдауда қадағалау тәртібімен іс жүргізу сатысының маңызы өте зор.Себебі апелляциялық инстанция соттары кейбір істер бойынша заңсыз үкімдердің күшін жоюды уақытында қамтамасыз ете алмайды.Оған мынадай себептер бар:

-әрбір заңсыз және дәлелсіз үкімге наразылық білдіру міндетін прокурорлар уақытында орындалмайды.Мәлімет бойынша үкімдердің тек үштен бірі ғана апелляциялық тәртіппен тексеріледі.Қадағалау тәртібімен қайта қаралып,үкімдер бұзылып немесе өзгертілген істердің тең жартысы апелляциялық саты сотында қаралмай қалғандар;

-сонымен бірге кейде апелляциялық саты соты өзі қателік жібереді.

Заңды күшіне енген сот үкімін қайта қараудың мәні,ең бірінші сот төрелігін заңға сәйкес жүзеге асырудың маңызды кепілі болып саналады.Қадағалау сатысының соты бірінші сатыдағы соттар және апелляциялық саты соттарының жіберген қателіктерін түзетеді.

Қадағалау сатысы соттарының міндеттері-қылмыстық істерді қарап,үкім шығаратын соттардың заңды біркелкі қолдануын қамтамасыз ету.Сонымен бірге қадағалау саты соттарының қызметі анықтау,алдын ала тергеу органдары жұмыстары прокурорлық қадағалау сапаларын жақсартуға ықпал етеді.

Қадағалау сатысы қылмыстық іс жүргізудің ерекше сатысы болып саналады,оны ерекше саты деп санау негіздері мынадай:

1)қадағалау сатысы соты бірінші саты соты үкімдерінің заңдылығы мен дәлелділігін тексерумен бірге,апелляциялық сот шығарған шешімдерді,төменгі қадағалау соты шешімдерін тексереді.

2)қадағалау сатысы сотында қылмыстық іс прокурордың наразылығы не алдын ала қаралған қылмыстық іс жүргізуге қатысушының шағымы бойынша қаралады;

3)қадағалау сатысына берілген шағым келіп түскеннен бастап 1 айдың ішінде алдын ала қаралуға тиіс;

4)шағымды алдын ала қарауды қадағалау сатысының 3 судьясынан құрылған сот қарайды.Апелляциялық тәртіппен шағым беруге құқылы іске қатысушының шағымы немесе прокуратура органдары өкілдерінің апелляциялық тәртіп бойынша наразылығы берілсе,заңды күшіне енбеген үкімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру үшін апелляциялық тәртіппен іс қарайтын соттың жұмысы басталады.

5)сотталған адамның жағдайын жақсарту мақсатында қадағалау жүргізу сатысы.Бұл сатының маңызы-тиісті лауазымды адамдардың наразылықтары немесе іске қатысушылардың шағымдары бойынша заңды күшіне енген үкімдер мен қаулылардың заңдылығын және негізділігін тексеру,сонымен бірге апелляциялық және қадағалау тәртібімен қабылданған сот шешімдерін тексеру.

Қылмыстық істі қарау дегеніміз-берілген наразылық пен шағымда көрсетілген дәлелдемелерге қарамастан істі толық көлемде қарау.Ал наразылық пен шағымды қарау дегеніміз-тек қана осы құжаттарда көрсетілген өкініштер бойынша шешім қабылдау,келтірілген дәлелдерге жауап беру.

Қадағалау тәртібімен мынадай сот құжаттарының заңдылығы тексеріледі:

-бірінші сатыдағы соттардың ақтау және айыптау үкімдері;

-апелляциялық және қадағалау сатыларында қабылданған сот қаулылары (ҚР ҚІЖК 458-б.).

Заңды күшіне енгеннен кейін 6 ай ішінде мынадай сот қаулыларына шағым жасауға,наразылық білдіруге болады:

-неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігі жөнінде жазаның жұмсақтығы себептері бойынша сотталушының жағдайын нашарлататын өзге де негіздер бойынша айыптау үкіміне,істі қысқарту туралы соттың қаулысына;

-ақтау үкіміне;

-істі қысқарту туралы сот және сот құрылысына.

Қадағалау тәртібімен іс жүргізу сатысында ең бірінші қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттері шешімін табады.

1.Қадағалау сатысының соты бірінші және екінші сатыдағы соттар сияқты адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан,олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғайды,кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда,оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етеді.

Мұнда міндеттері қадағалау сатысының соты төменгі соттардың қателіктерін түзеумен,айыптау үкімдерін күшін жою және оларға өзгеріс енгізумен немесе істі қысқартумен қамтамасыз етеді.

2.Қадағалау сатысының соты,өзінің қызметін жүзеге асыру барысында заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға,қылмыстың алдын алуға,құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемседі.

Қадағалау сот сатысы жүйесі деп заңды күшіне енген сот шешімдерін қарайтын барлық соттар жиынтығын айтамыз.

Қадағалау тәртібімен іс қарау соттары құрылымдарының ерекшеліктері соттар жүйесінің бір буында бірнеше қадағалау тәртібімен іс қарайтын соотар болуы мүмкін.Облыстық және оған теңестірілген соттарда қадағалау тәртібімен іс қарайтын тек қана бірақ сот бар,ол облыстық соттың қылмыстық істер қадағалау алқасы,ал Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қадағалау тәртібімен іс қарайтын сот екеу-Жоғарғы сотының қадағалау алқасы және Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жалпы отырысы.

Сот тағайындаған жазаның қылмыстық ауырлығына және сотталушының жеке басына сәйкес келмеуі деп,қылмыстық заңда көрсетілген жаза шегінен шығатын аса ауыр немесе аса жеңіл жазаны айтамыз.Сонымен бірге жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталушының жеке басына сәйкес келмеуі деп,жаза түрін дұрыс анықтамауды айтамыз,дұрыс анықталмаған кезде оның мерзімі мен көлеміндұрыс анықтамау.

Аса ауыр жаза деп қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігін есептемей,кінәлінің жеке басын,жауаптылықты жеңілдететін істің нақты жағдайларын,қылмыстық заңның бас бостандығынан айыру жазасын қолданбай басқа жаза қолдану мүмкіндігін пайдаланбай тағайындалған жазаны айтамыз.

Шағымды,наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанағ дейін оны бермеген адам кері қайтарып алуы мүмкін,ал наразылықты наразылық берген прокуродан басқа жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін.

Соттың заңды күшіне енген үкіміне қадағалау тәртібімен келіп түскен шағым жөнінде жүргізілетін әрекеттер:

1.Қадағалау шағымы облыстық сот төрағасының,ҚР Жоғарғы Сот Төрағасының тапсырмасы бойынша тиісті қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенеді және қаралады.Қажет болса қылмыстық іс сұратылуы мүмкін.

2.Қадағалау шағымы келіп түскен келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде,ал іс сұратылған жағдайда-іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.

3.Қадағалау шағымының алдын ала қаралаты күні туралы шағым берген адамға хабарланады,алайда оның келмеуі іс бойынша қадағалау тәртібімен іс жүргізуді қозғау негізі бар не жоқ екендігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.
Лекция №8.Қайтадан ашылған мән-жайлар нәтижесінде қылмыстық іс бойынша өндірісті қайта қозғау.
1. Жаңадан және қайтадан ашылған мән-жайлар нәтижесінде қылмыстық іс бойынша өндірісті қайта қозғаудың мәні мен маңызы.

2. Жаңадан және қайтадан ашылған мән-жайлар нәтижесінде өндірісті қайта қозғау және тергеу жүргізудің тәртібі.

3. Іс бойынша өндірісті қайта қозғау тәртібі.

Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді іс бойынга қайта бастау қылмыстық іс жүргізудің ең ақырғы сатысы.Бұл сатының мәні-жаңадан ашылған мән-жайлар,деректер бойынша заңды күшіне енген үкімдердің,қаулылардың заңдылығын,дәлелдігін тексеру,соның нәтижесінде заңсыз деп танылған сот шешімдерінің күшін жою.

Табиғат құбылыстарын бір-бірімен салыстыру нәтижесінде танып білеміз деген қағида бар.Осы қағиданы ескере отырып,істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жаңғырту сатысындағы іс жүргізумен салыстырсақ,екеуінің арасындағы айырмашылықтары да,екеуіне бірдей жалпы белгілерді байқауға болады.Ол мынадай белгілер:

1)міндеттері (екі сатының алдында тұрған міндет-заңды күшіне енген үкімнің,қаулының заңдылығы мен дәлелділігін тексеру);

2)мақсаты (заңды және дәлелді сот шешімдерінің жүзеге асуын қамтамасыз ету);

3)сипаты (екі сатыдағы да іс жүргізу ерекше саты болып табылады,себебі олардың міндеті мен мақсатына қарай лауазымды адамдардың шешімі нәтижесінде туады);

4)қадағалау сатысындағы іс қарайтын соттар жаңа ашылған мән-жайлар бойынша жаңартылған қылмыстық істерді қарайды.

Басқаша айтқанда,қадағалау тәртібімен іс қарайтын соттар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жаңарьылған істерді қарайды,атап айтқанда:

а)облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасы (ҚР ҚІЖК 291-б.4-бөл.);

б)ҚР Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы (ҚР ҚІЖК 292-б.4-1бөл);

в)ҚР жоғарғы Соттың қылмыстық іс жүргізу жөніндегі алқасы (ҚР ҚІЖК 292-б.4-бөл.);

Екі сатының арасындағы айырмашылықтар:

1.Қайта қарау негіздері бойынша.Қадағалау сатысындағы іс жүргізу қылмыстық істің өзінде болады,ал жаңадан ашылған мән-жайлар тексеру немесе алдын ала тергеу жүргізу нәтижесінде туындайды (анықталады).

2.Үкімді бұзу немесе өзгерту негіздері бойынша.Қадағалау тәртібімен іс қайта қаралса,үкімді өзгерту немесе бұзу негіздері ҚР ҚІЖК 467-бабының 7-бөлігінде көрсетілген,ал бұл бап 412-бапқа сілтейді.412-бапта былай делінген,үкімді бұзуға немесе өзртуге мыналар негіз бола алады:

а)сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі;

ә)соттың үкіміндегі қорытындылардың істің нақты мән-жайларына сәйкес келмеуі;

б)қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;

в)қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуы;

г)сот белгілеген жазаның қылмыстық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі.

Істі жаңғырту негіздері ҚІЖК 471-бабының 2-бөлігінде көрсетілген.Олар мыналар:

1)соттың заңды күшіне енген үкімінде жәбірленушінің немесе куәгер айғақтарының,сарапшы қорытындысының көрінеу жалғандығы,сондай-ақ заңсыз немесе негізсіз үкім не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай дәлелдемелердің,тергеу және сот әрекеттері хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрінеу қате жасалуы:

2)соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған анықтаушының,тергеушінің немесе прокурордың заңсыз және негізсіз үкім,қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық іс-әрекетері;

3)соттың заңды күшіне енген үкімінде судьялардың осы істі қарау кезінде жасаған қылмыстық іс-әрекеттері;

4)сотталушының кінәсіздігін немесе оның өзі сотталғаннан гөрі өзге қылмыс жасағандығын немесе ақталған адамның не өзіне қатысты іс қысқартылған адамның айыптылығын дәлелдейтін,ҚР ҚІЖК 474-бабында көзделген тәртіппен тексеру немесе тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған,үкім шығару кезінде сотқа бейбәлім болған,өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бірге айғақтайтын өзге де мән-жайлар.

5)өзіне қатысты ҚР ҚІЖК 315-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында белгіленген тәртіппен іс қаралған сотталушының қылмыстық іс жүргізуші органға келіп,көңіл білдіру(ерік білдіру);

6)соттың үкімін шығару кезінде қолданған заңын Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің конституциялық емес деп тануы.

Үкімді бұзу немесе өзгерту негіздерін анықтау тәртібі бойынша:

1)істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жаңғырту үшін сол жаңадан ашылған мән-жайларды тексеру немесе алдын ала тергеу жүргізу керек.ҚР ҚІЖК 471-бабының 2-бөлігінің 1-3тармақтарында көрсетілген негіздер заңды күшіне енген үкіммен анықталса ғана,осы негіздер бойынша қылмыстық іс қайта жаңғыртылады;

2)егер қылмыстық іс қозғау мерзімі өтіп кетсе,жасалған іс-әрекеттер үшін жаза қолдануды жоятын амнистиялық акті шықса,сондай-ақ жекелеген адамдарға кешірім берумен байланысты шешім қабылданса,қылмыстық іс қозғалмайды,ал жинаған материалдар істі жаңғыртуға негіз болып саналады,

3)ал қадағалау тәртібімен іс жүргізгенде үкімді өзгерту негіздерін алдын ала тергеу жүргізумен анықталмайды,тергеу жүргізілмейді.Үкімді өзгерту негіздері істі ұқыпты,мұқият талқылау нәтижесінде анықталады.

Іс қозғайтын адамдарға байланысты өзгншнлік.Істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жаңғырту құқығы жалғыз прокурорға ғана берілген,ал қадағалау тәртібімен іс жүргізуге Қазақстан Республикасы Бас прокурорының,оның орынбасарларының,облыстық және оған теңестірілген прокурордың наразылығы қажет.

Іс қараудағы сот өкілеттігінің шегі бойынша.Жаңадан ашылған мән-жай бойынша істі қарау нәтижесінде мынадай шешімдер қабылдануы мүмкін:

1)сот үкімнің немесе қаулының күшін жою және жаңадан тергеуге немеес жаңадан сот талқылауын жүргізуге беру туралы;

2)сот үкімінің немесе қаулының күшін жою және іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін жаңадан тергеу немеес соттың талқылауы қажет болғанда істі қысқарту туралы;

3)прокурордың қорыиындысын қабылдамай тастау туралы (ҚР ҚІЖК 467-б).

Істі қайтадан қарау себептері жазылған құжаттардың атауындағы айырмашылықтар бойынша.Жаңадан жазылған мән-жайларды тексеріп болғаннан кейін,істі қайта қарауға дәлелдемелер жеткілікті деп тауып,прокурор қорытынды жазады,ал қадағалау сатысында істі қарау үшін прокурордың наразылығы қажет.

Қадағалау тәртібімен іс жүргізуді істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жаңғыртуды араластырып,шатастырып жіберуге болмайды,себебі іске қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделеріне зиян тиеді,олардың құқықтары бұзылады.

Кейде істі жаңғырту бойынша процессуалдық әрекеттерді өз уақытында жасап,дұрыс жүргізсе де істің күрделігіне байланысты сот дұрыс және қорытынды шешімге келе алмайтын жағдайлар болады.Содан,сот қаулысын бірнеше рет күшін жою нәтижесінен заңда көзделген мерзім ескіреді.Жаңа мән-жайдың ашылуынан 1 жыл өтсе,сот үкімге араласуға құқығы жоқ.


Лекция №9 Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша өндіріс ерекшеліктері.
1. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша өндіріс кезіндегі дәлелдемелердің түсінігі мен мәні.

2.Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша сот талқылауының ерекшеліктері.
Қылмыстық істер бойынша дәлелденетін мән жайларды құрайтын және міндетті түрде анықтауға жататын фактілер сол фактілер туралы мәліметтер сақтайтын көздер арқылы анықталады.Қылмыстық іс бойынша анықталатын фактілер көздері ҚР ҚІЖК көрсетілген.Тек қана осы заңда көрсетілген көздер (заңды көздер) арқылы қылмыстық іс бойынша негізгі фактілер және дәлелді фактілер анықталады.

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық істері бойынша ҚР ҚІЖК 117 және 481-баптарында көрсетілген мән-жайларды дәлелдеу,оның ішінде кәмелетке толмағанның иланушылығы,ашушандығы,тәуелдігі,қиялға бейімділігі сияқты жеке басының өзіндік қасиеттерін анықтау қажет.Бұл мақсатта кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеп денсаулығына және санасының дамуына қатысты ресми құжаттарды сұратып,сондай-ақ оның жеке басының құжаттарын (күнделіктер,жазбалар,хаттар,аудижазбалар және т.б.) зерттеген жөн.

Кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайын,яғни азаматретінде қалыптасуын зерттегенде оның өзі жасаған қылмысқа көзқарасын қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтау қажет,сонымен бірге басқа жастардың қылмыс жасауының алдын алу үшін тиісті жұмыстар жасау қажет және бұлтартпау шараларын қолдану мәселесін шешу (үйінде қалу мүмкіндігін анықтау) керек.

Кәмелетке келмегендердің тұрмысы мен тәрбие жағдайын анықтау біріншіден тәрбиешілердің жауапкершілігі анықтау үшін керек:екіншіден айыпталушының қатысуымен тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасын анықтау үшін қажет.

Осымен байланысты мынадай жағдайларда анықтау қажет:

1)жанұя өмірін зерттеу;

2)кәмелетке толмаған адамның жеке адам ретінде қалыптасу барысында кіммен қарым-қатынаста болғанын анықтау;

3)тұрғылықты жердегі және оқу орнында жүргізілген тәрбие жұмыстарының мазмұнын анықтау;

4)құқық бұзуымен байланысты бұрын қолданылған шаралардың мәнін анықтау,оларды қолдану нәтижесі не себепті тиімді болмауы.

Қылмыстың себептері мен оны жасауға ықпал жасаған жағдайларды анықтағанда ерекше көңіл аударатын жағдайлар:

1)кәмелетке толмаған адамның қоғамға қарсы көзқарастарының қалыптасу кездері (дұрыс тәрбиелемеу,бұрын сотталғандардың ықпалы,жаман қылық әсері және т.б.);

2)қылмыс жасауға итермелеген нақты жағдайлар (жұмыссыздық,қаражаттың жоқтығы,көшеде бос жүрген бұзақылардық ықпалы және т.б.);

3)қылмыс жасауға қолайлы жағдай жасауы (туыстары жағынан бақылаудың жоқтығы,ішкі істер органдары жұмыстарының кемшіліктері және т.б.).

Кәмелетке толмаған адамның қылмыс қаруын қайдан алуын,қалай жасауын,мас болу себебін егжей-тегжейіне дейін тексеру қажет (ішімдікті қайдан,кімнің қатысуымен алды,кімнің көзінше ішті,қандай қаражатқа алды деген сұрақтарға жауап табу қажет).

Кәмелетке толмағандар құрған қылмыстық топтардың ұзақ уақыт өмір сүрінің себебі,олардың подвалдарда,иесіз қалған ескі үйлерде жиналуы,жоспар құрулары,ішкі істер органдарының көңіл аудармауы анықталуы тиіс.

Егер кәмелетке толмаған адам психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немеес орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде түсіне алмаса,не оған ие бола алмаса,қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.

ҚР ҚІЖК 488-бабына сәйкес 16-жасқа толмаған,сондай-ақ осы жасқа толған,бірақ психикалық дамуына мешеулік белгілері бар кәмелетке толмаған сезіктінің,айыпталушының қатысуымен іс жүргізу әрекетін жүргізу кезінде педогогтың немесе психологтың қатысуы міндетті.

Педогог пен психолог іске қатысуға тергеушінің,соттың шешімі бойынша,не қорғаушының,заңды өкілдің өтініші бойынша жіберіледі.

Педогог,психолог тергеушінің,соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған сезіктіге,айыпталушыға сұрақтар қоюға,ал іс жүргізу әрекеті аяқталғаннан кейін-тергеу әрекетінің хаттамасымен,сот мәжілісінің хаттамасымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға құқықты,тергеушінің соттың шешімі бойынша қәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын іс материалдарымен танысуға құқығы бар.Бұл құқықтарыд тергеуші педогоқа,психологқа іс жүргізу әрекеті басталар алдында түсіндіреді,ол туралы тергеу әрекетінің,сот мәжілісінің хаттамаларында белгі жасалады.

Жасы кәмелетке толмағандардың сезікті не айыпталушы ретінде жауап алудың айтарлықтай ерекшеліктері бар.Бұл ерекшелік азаматтың рухани күйі және ішкі сезімімен (психасымен) байланысты және де жауап алуға қатысушылармен байланысты (педогог,психолог,заңды өкілдер,қорғаушылар).

Жасы кәмелетке толмағандардың жауап алу тергеушіден оның психикасының ерекшелгін білуді талап етеді,бұл тергеу жұмысын дұрыс жүргізу шеберлікті,әдептікті және шыдамдылықты,мәдениеттілікті талап етеді.Кәмелетке толмаған айыпталушыдан,сезіктіден жауап ҚР ҚІЖК көрсетілген тәртіппен (216,217-баптар) қорғаушының,заңды өкілдің,ал қажет болған жағдайда психологтың,педагогтың қатысуымен жүргізіледі.Жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үздіксіз 2-сағаттан артық,ал жалпы алғанда күніне 4-сағаттан артық жалғастыруға тиіс емес.(ҚР ҚІЖК 485-бабы).

Жауап алып отырғанда жалған (өтірік) жауаптың алдын алу жеке оны әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолдану керек.Ол үшін бірнеше тактикалық әдіс қолдану қажет.

1)Жалған жауабына ерекше көңіл аударып,іс бойынша жиналған басқа дәлелдемелер келтіріп,оның жауабының жалғандығын әшкерелеу қажет.

2)Тергеушінің өзі іс бойынша мән-жайларды толық білетін адам есебінде көрсете білуі қажет.

3)Жауап алу барысында негізгі,күрделі айғақтарды анықтап,оларды кейін тексеру қажет.

4)Жауап беріп отырып жасы кәмелетке толмаған адамның көңіл-күйіне,сана-сезіміне көңіл аудару қажет,тексеру сұрақтарын (контрольный)қою арқылы белгілі мән-жайларды қайта анықтап тексеру қажет.

5)Жасы кәмелетке толмаған адамның қылмыстың мән-жайы бойынша айтқандарын егжей-тегжейін тәптіштеп анықтау қажет.

6)Дәлелдемелерлі,маңызымен,мәнімен байланысты,бірінен кейін бірін көрсетіп,жауап беріп отырған адаммен бірге талқылау қажет.

7)Іс бойынша дұрыс жауап берген басқа азаматтардың жауаптарын еске түсіру қажет.

Кәмелетке толмаған сезікті мен айыпталушыға ҚР ҚІЖК 140-бабында көрсетілген бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкін.

Ерекше жағдайларда,егер кәмелетке толмаған адам ауыр немеес аса ауыр қылмыс жаасаған кезде оны қмауға алуға,сондай-ақ ҚР ҚІЖК 132-бабфна сәйкес сезікті ретінде ұстауға болады.

Кәмелетке толмаған сезіктіге,айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу кезінде,алдымен оған арнайы бұлтартпау шарасы –кісі қарауына беруді қолдану мүмкіндігін шешу қажет.

ҚР ҚІЖК 484-бабына сәйкес кәмелетке толмаған сезікті,айыпталушы тергеушіге не сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері арқылы шақырылады.арнайы балалар мекемесіндегі немесе қамаудағы жастар сол мекемелердің әкімшілігі арқылы шақырылады.

Педогогтың немесе психологтың іс жүргізуге міндетті түрде қатысуы:

-16 жасқа толмаған,сондай-ақ осы жасқа толған,бірақ психикалық дамуында мешеулік белгілері бар кәмелетке толмаған сезіктінің,айыпталушының қатысуымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізгенде;

-16 мен 18 жастағы кәмелетке толмағандардың ісіне педогог пен психолог,тергеушінің не соттың шешімі бойынша,не қорғаушының,заңды өкілдің өтініші бойынша қатысады (ҚР ҚІЖК 488-бабы.).

Кешенді психологиялық-психиатрлық сараптама тағайындау мақсаты:

1)кәмелетке толмаған сезіктіде,айыпталушыда жүйке аруының немесе психикалық дамуында ауытқушылықтардың бар екендігін анықтау;

2)нақты жағдадйда оның өз әрекеттеріне толық немесе жартылай есеп беру немесе басшылық жасау мүмкіндігін анықтау.

Бұл сараптама міндетті түрде жүргізіледі.

Азаматтардан жауап алу үшін,олар шақыру қағазы арқылы шақыртылады.Олар шақыру қағазын алдым деп түбіршекке қол қояды.Егер шақырылған адамдар үйіне не жұмыс орнында болмаса,шақыру қағазы оларға кәмелетке толған отбасы мүшелерінің,көршілерінің,жергілікті атқарушы орган өкілдерінің бірі арқылы немесе олардың жұмыс немесе оқу орындарының әкімшілігі арқылы тапсырылады.Жауап алатын адам өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып шақыртылуы мүмкін.

Жауап алуға қатысушы адамдарға (педогог,заңды өкіл)жауап беріп отырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылғандығы туралы,хаттамаға енгізілетін ескертпелер беру,сонымен бірге тергеушының рұқсатымен жауап беріп отырған адамға сұрақ қою құқығы түсіндіріледі.Тергеуші қойылған сұрақты қабылдамауға құқылы,бірақ оны хаттмаға енгізуге және қабылдамаудың себебін көрсетуге тиіс (215-баптың 3-бөлігі)

Айыпталушыдан жауап алуды тергеуші айып тағылғаннан кейінгі 24-сағаттан кешіктірмей,ал айыпталушы келуден жалтарған жағдайда немесе оған іздеу салынған жағдайда,ол айдап әкелінгеннен не ұсталғаннан кейін дереу жүргізіледі.

Жауап алу басталар алдында тергеуші айыптаушыға оның жауап беруден бас тарту құқығын түсіндіреді және айыпталушының айтқандары оның өзіне қарсы пайдалануы мүмкін екенін хабарлайды.айыпталушы жауап беруден бас тартқан жағдайда одан жауап алу хаттамасында бұл туралы белгі қойылады.


жүктеу 465,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау