Ылым министрлігі


ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



жүктеу 0,52 Mb.
бет2/10
Дата26.06.2022
өлшемі0,52 Mb.
#38966
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Дүниетану сабақтары ДПЛ

ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8


1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың
педагогикалық-психологиялық мәселелері 8


1.2 Ойын және ойын элементтерін оқу процесінде қолдану жолдары 13


1.3 Дүниетану пәнін оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының
дүниетанымын қалыптастыру 29


2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ
ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ 38


2.1 Дүниетануды оқытуда дидактикалық ойындардың жіктемесі және
ойын элементтерін пайдалану мазмұны 38


2.2 Дүниетану сабағының тиімділігін арттыруда ойын элементтерін
пайдалану жолдары 44


ҚОРЫТЫНДЫ 59


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ

Еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу – тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдардың бірі – ойын.


Бастауыш сынып оқушыларының мектепте келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын десек, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар, ойын элементтері арқылы жүзеге асырылады. Ойын эелементтерін пайдалану арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сапасында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қығығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, оның барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұраптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы. Яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оны әдістемелік танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметімен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақтай ойын түрін пайдалану – сабатың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны.
Ойын түрін оқу үрдісінде пысықтау, жаңа сабақты қортындылау кезеңінде, қайталау сабақтарында пайдалану тиімді. Ойын түрі материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, танымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Әсіресе алты жастан бастап оқытудың ойын әдістеріне көп көңіл бөліну керек. Демек, ойын деген аты ғана, ал, шынында, ол сабақтың, еңбектің жиынтығы. Ойын түрлерінен тәрбиенің түп мақсатын байқауға болады. Ойын барысында балалар бірін – бірі сыйлауды, үлкендерді құрметтеуді, мектеп мүлкін, табиғатты қадірлеуді үйренеді. Аңыз ертегілер, мысалдар тыңдау арқылы адамгершілік қасиеттерге, ерлікке, батылдыққа, кішіпейлдікке тәрбиелейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бастауыш сынып оқушылары үшін дидактикалық ойындардың танымдық маңызы зор. Ұсынылып отырған оқу құралдарында бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде қолданылатын ойындардың жіктемесі жасалған, дидактикалық ойындардың түрлері, психологиялық – педагогикалық мәні, ойынның балалардың танымдық қызығушылығын арттырудағы маңызы айқындалған.
Ойындар, олардың сан алуан түрлері ежелден этнографтарды, психологтарды, археологтарды, педагогтарды және басқа ғалымдарды қызықтырған. Қазақ халық ойындарының даму тарихында Э.Маккей, Марко Поло, Низам аль-Мулюк Рашит-аддин, Б.А.Куфтин, Ә.Диваев, Ә.Марғұлан, Н.Я.Бичурин сыгнды атақты ғалымдар өз еңбектерін арнады. [1-5]
Балалар тәрбиесінде ойындардың алатын орны жайлы қазақ арасынан тұңғыш еңбек жазғандардың бірі педагог Н.С.Құлжанова болды. [9]
ССРО –дағы жалпы ойын теориясы Г.В.Плеханов, Н.К.Крупская, А.М.Макаренко сынды атақты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Ойындарды ғылыми түрде зерттеу ісіне П.П.Блонский, С.П.Шацкий, В.Г.Марц, В.А.Сухомлинский, В.Г.Яковлев, Т.Е.Конникова, Э.В.Яновскаялар сияқты ғалымдар да назар аударады [10-11].
Ғалымдар ойынды балалардың іс-әрекеті ғана емес танымдық әрекет деп қарастырған, ойынды оқушының ізденіс – шығармашылық құралы ретінде зерттеген. Ғалымдар рольдік, творчестволық ойындардың теориясын талдай келіп (Л.С.Выготский, СүЛ.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.И.Фрадкина, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин, Р.И.Жуковская, Т.А.Маркова т.б.) ойынды және ойын элементтерін педагогикалық процестің негізі әсіресе дидактикалық және қозғалыс ойындарының ерекшеліктері, оның алатын орны және маңызына тоқталған. (Е.А.Радина, А.И.Сорокина, Е.И.Удальцова, Э.М.Богусловская, В.Н.Аванесова т.б.) жазған. [24-30]
Кеңестік педагогикада балаларды жан-жақты дамытудың маңызды құралы болып табылатын ойын теориясына мынадай ғалымдардың еңбектері: Е.А.Флерина, Е.И.Тихеева, Е.И.Аркин (20-30 ж), кейінгі Р.Я.Маркова т.б. еңбектері бағытталған. [31-33]
Мектепте қозғалыс ойындары пайдалану жолдары жөнінде Л.В.Былеева, М.В.Лейкина, П.А.Рудик т.б. ғалымдар айналысқан. С.Г.Гагиев – осетия халықтарының ойындарын жинақтаған, С.В.Вахания – абхаз, Г.Г.Агаев – азербайжан, А.К.Атаев - өзбек, А.Бриедс – латыш халық ойындарын зерттеп, оларды дене тәрбиесінің жақсарту жолында пайдалануды ұсынған.
Сол сияқты, табиғатпен таныстыру мәселесін шешуде Республикамыздың басқа танымал ғалымдарының Қ.Аймағанбетова, Ә.Бейсенова, З.Олейник, К.Жүнүсова, Ә.Бірмағанбетов, Е.Ә.Мәмбетқазиев, М.Н.Сарыбеков, Қ.Ж.Сыбанбекова, А.В.Чигаркин және т.б. ғалымдардың қосқан еңбектерінің зор екенін атап өтеміз. [8,9]
Бастауыш мектепте оқушыларға қоршаған орта, табиғат, айнала дүние туралы білім беретін негізгі пәндердің бірі дүниетану болып табылады.
Бүгінгі таңда бастауыш мектепте оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда барлық пәндермен бірге дүниетану сабағының да алатын орны ерекше. Біздің дипломдық жұмысымыз соның алғашқыларының бірі болып есептелінеді.
Дүниетануды оқыту барысында жүйелі түрде білім беру мен оқушыларды табиғатпен таныстырудың басты мақсаты да осы. Саналы түрде оқушыларға дүниетануға байланысты білім беріп, оларды табиғатты тануда ойын элементтерін пайдаланудың мәні зор.
Оқу-тәрбие үрдісінде дүниетану пәні арқылы жасөспірімдерді адам – қоғам – табиғатпен таныстыру ойын элементтері арқылы жүргізуі қажет, оны педагогикалық тұрғыда қарастыру ойдағыдай болмай отырғандығы құпия емес. Демек, осы қайшылықтарды шешудің жолдарын іздестіру зерттеу проблемасын айқындайды.
Зерттеудің проблемасы бастауыш білім беретін мектептің оқу- тәрбие үрдісінде дүниетану пәнін оқытуда ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, табиғатпен таныстырудың психологиялық, педагогикалық негіздерін қарастыру, оның жолдары мен мүмкіндіктерін, түрлерін айқындау.
Бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік-объективтік сұранысын орындауда оқушылардың танымдық, адамгершілік және дене қасиеттерінің дамуын педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен бастауыш мектеп ойын элементтерін пайдалану өз деңгейінде болмағандығы арасында қайшылықтан бар екендігі орын алып отыр.
Диплом жұмысы осы айтылған қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру біздің зерттеуіміздің көкейкестілігі болып табылады. Осыған орай ғылыми зерттеуіміздің көкейкестілігі болып табылады. Осыған орай ғылыми зерттеуіміздің тақырыбын - «Бастауыш мектептің дүниетану сабақтарында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру» деп алдық.

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау