Қиындығы жоғары есептерді шешу әдісі


Эксперименттік есептерді шешу әдісі



жүктеу 0,73 Mb.
бет14/16
Дата30.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#31199
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Эксперименттік есептерді шешу әдісі

Білімді игерудің нәтижелігі таным процесіне адамның әртүрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперементтің маңызы зор. Физика сабақтарында оқушылардың эксперементтік жұмыс дағдасын, шығармашалақ қабілетін дамыту тұлғасын арттыруға болады. Мұғалімнің үйге эксперементтік тапсырмалар беруі сирек кездеседі. Дегенмен, оқу процесінде дәл осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы, біріншіден, үй жұмысының формасын түрлендіреде (кітапты оқыту, есеп шығару), екінші оқушының алдына тек қана өздігінен эксперементтік тәжірибе жасау арқылы ғана шешілетін мәселені қояды.Үй тапсырмасына эксперементтік тапсырмалар беру оқушының мынадай қабілеттерін және шеберліктерін дамытады: интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажыраты білу, зерттеу, эксперемент нәтижелерін жазу және қорытындылау), пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық білімдерін құбылыстарға анализ жасауға қолдану, көптеген үй аспаптары мен құралдарының жұмыс істеу принципін түсіндіру), ұйымдастыру-танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде техника қауыпсіздігі мен пайдалану ережелерін сақтау), еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық, т.б.). Эксперементтік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперементтік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлығын тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады. Эксперементтік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда эксперементті қою және өлшеулер жүргізу маңызды. Есеп түріндегі эксперементтік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру.



Есептің қойылуы. Керекті құрал-жабдықтар: тік бұрышты қаңылтыр банка, таразы, масштабты сызғыш, суы бар ыдыс, құм. Банканың вертикаль қалыпта суда жүзуі үшін ішіне құм салады. Банканың суға батқандағы тереңдігін анықтау керек.

Берілген есептің шартын сурет салып, астына сұрағын қою арқылы жазса да болады. Сосын анализ жасайды, есепті шешу үшін қандай өлшеулер жүргізі керектігін анықтайды.



Талдау. Банкаға әсер ететін ауырлық күші және астынан әсер ететін кері итеруші күш теңескенше банка суға бата береді. Бұл жағдайда . Бірақ Архимед күші денемен итерілген сұйқтық салмағына тең болғандықтан, , мұндағы - Банканың батқан бөлігінің көлемі, – судың тығыздығы. Батқан бөлігінің көлемі табан ауданы мен бату тереңдігінің көбейтіндісіне тең. . Осыдан (1).

(1) формуладағы құмы бар банканың салмағын білу керек. Судың тығыздығы мен банканың табаның ауданы білу керек.



Ґлшеулер. Динамометрмен салмағын, ұзындығы мен енін сызғышпен өлшейміз. Ауданын анықтаймыз. S=I*a.

Есептеулер. Тығыздықтың салмақтың және ауданның мәндерін формулаға қойып, бату тереңдігінің биіктігін анықтайды.

Тәжірибелік тексеру. Банканың вертикаль қабырғасына түсті сызықпен бату тереңдігін белгілейді. Тәжірибе көрсеткедей, табылған мәнімен есептелген биіктіктің мәні сәйкес келеді.

Эксперементтік есептерде тәжірибені қажет болғанда ғана қояды, кейбір есептерді фронтальды тәжірибе қойылуы мүмкін.




жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау