Iii тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары тұмау син.: инфлюэнца Анықтамасы



жүктеу 436,16 Kb.
Pdf просмотр
бет10/32
Дата16.03.2023
өлшемі436,16 Kb.
#41806
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
5.6 сабақ

1.
 
Біріншілік-ошақты түрлері:
а) менингококк тасымалдаушы;
б) жедел назофарингит;
в) пневмония;
2.
 
Гематогенді-жайылмалы түрлері:
а) менингококкемия - типті, «жәй оғындай», созылмалы;
б) менингит;
в) менингоэнцефалит;
г) аралас (менингококкемия+менингит);
д) сирек түрлері: эндокардит, артрит, иридоциклит.
Жас адамдардың арасында аса кең таралғандары 
– менингит пен аралас 
(менингококкемия+менингит) түрлері, ал сирек кездесетін түрі - менингитсіз менингококкемия, 
сондай-ақ менингоэнцефалит.
Жедел назофарингит 
- іріңді менингиттің басталу кезеңі болуы мүмкін немесе 
менингококкты инфекцияның дербес клиникалық білінуі болуы ықтимал. Ол дене қызуының 
орташа көтерілуімен (38

С дейін) және 1-3 күндей сақталуымен, ағзаның әлсіз улануымен 
(шаршағыштық, бас ауыруы, бас айналу) және назофарингитпен сипатталған
.
Менингит
жедел басталады. Науқастардың жартысында ғана (45%) 1-5 күндей 
назофарингит түрінде басталып, менингитке ұласуы мүмкін. Ауру ағзаның улануымен, көз 
алмаларының ауыруымен, әсіресе қозғалғанда, содан кейін маңдай-самай тұстарындағы, сирек-
желке тұсындағы бастың ауыруымен ерекшеленген. Бас ауруы азапты түрде тез үдейді. Науқастың 
тәбеті жойылып, жүрек айнуы білінеді. Ал ауыр түрлерінде ақыл-ес бұзылады (сомноленция, 
сопор, кома). Ауру басталғаннан кейінгі 12-14 сағаттан соң ми қабықтарының қозуының 
объективті симптомдары пайда болады (желке еттерінің сіреспелігі, Керниг, Брудзинский, Гийон, 
Бехтерев, Мейтус симптомдары). Қанда-жоғары нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. 
Менингококкты менингоэнцефалит
ауыр ағыммен сипатталған. Ми симптоматикасы тез 
күшейеді. Бірінші тәуліктің соңы мен 2-ші тәуліктің басында терең сопор түріндегі ақыл-естің 
бұзылуы дамиды. Онымен қатар менингеальды белгілер де үдейді. Аурудың басталуынан 1 
тәуліктен соң көпшілік науқастарда менингеалды қалып байқалған (науқас бір бүйіріне қарай 
аяқтарын бүгіп, басын шалқайтып жатады). Науқастарда тез арада психикалық бұзылыстар, толық 
немесе жарым-жартылай амнезия, көру және есту галлюцинациялары, эйфория немесе 
депрессиялық жағдай дамиды.
Менингитсіз менингококкемия
сирек тіркелген. Аурудың жеңіл ағымында дене қызуы –
38-39

С жоғарылайды. 1-ші сағаттарында-ақ аяқ-қолдың терісіне, кеудеге мардымсыз жұлдызша 
түріндегі қанталаған бөртпе шығады (диаметрі 2-3 мм). Аурудың орташа түрінде дене қызуы - 
40

С тез арада көтеріледі. Геморрагиялық көп бөртпелер сирақ, жамбас, шап және қолтық асты 
терілеріне, ішке және кеудеге шығады. Бөртпелердің көлемі 3-7 мм-ге дейін өсуі мүмкін. Ал ауыр 
түрінде бұл бөртпелердің көлемі 5-15 см дейін үлкейеді. Көз шеліне, көздің дәнекер қабығына, 
мұрын жұтқыншағының шырышты қабықтарына қан құйылулар байқалған. Сондай-ақ мұрыннан, 
асқазаннан, жатырдан қанның кетуі мүмкін. Ересектердің ауыр және өте ауыр менингококкемиясы 
менингитпен сәйкес келеді. Науқастарда эндокардит, миокардит, перикардит типтері бойынша 
жүректің зақымдануы, ірі қан тамырларында қанның ұйысуы, токсикалық-инфекциялық шок 
сияқты асқынулар байқалады. 



жүктеу 436,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау