Iii тарау. Ауа-тамшылы инфекциялары тұмау син.: инфлюэнца Анықтамасы



жүктеу 436,16 Kb.
Pdf просмотр
бет1/32
Дата16.03.2023
өлшемі436,16 Kb.
#41806
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
5.6 сабақ




 III ТАРАУ. АУА-ТАМШЫЛЫ ИНФЕКЦИЯЛАРЫ
ТҰМАУ 
Син.: инфлюэнца 
Анықтамасы. 
Тұмау (Grippus)
 – 
ауру қоздырғышы аэрогенді механизм арқылы берілетін, 
клиникасында
 
жалпы улану белгілерімен және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының 
зақымдалуымен, әсіресе трахеит белгілерімен көрінетін, эпидемия түрінде кең таралатын жедел 
вирустық инфекция. 
Тақырыптың өзектілігі. 
ДДҰ мәліметтері бойынша бүкіл әлемде 40 млн. адам жұқпалы 
аурулармен ауырады, оның 90%-н тұмау мен басқа жедел респираторлы-вирусты инфекциялар 
құрайды. ЖРВИ тобында тұмау маңызды орын алады. Эпидемия кезінде тұмау көбінесе ауыр 
ағымды өтеді, сондай-ақ әртүрлі созылмалы аурулардың өршуі тән. Қазіргі кезде де тұмаудың 
диагностикалық қателіктері жоғары пайызды құрайды. Осы мәселелер тұмаудың ерте 
диагностикасының аса маңыздылығын көрсетеді. 
Тарихи мәліметтер.
Тұмау эпидемиялары туралы деректер ертеден белгілі. Еуропалық 
елдерде ол «инфлюэнца» деп аталатын, қазіргі кездегі жалпы атауы - «грипп». XIX ғасырдың 
соңынан бастап адамзат тұмаудың ауыр төрт пандемиясын басынан өткерді: 1889-1890, 1918-1920, 
1957-1959, 1968-1969 жылдары. 1918-1920 жылдардағы «испандық» пандемия 20 млн. адамның 
өмірін қиса, 1957-1959 жж. «азиялық тұмау» кезінде 1 млн.-ға жуық адам өлімге ұшырады.
Тұмаудың ауру қоздырғышы вирус екендігі 1933 жылы У.Смитпен, К.Эндрюспен, П, 
Лейдлоумен анықталған, кейін ол тұмаудың А типінің вирусы деп аталды. 1940 жылы Т.Френсис 
пен Т.Меджилл грипптің В типін шақыратын вирусты, ал 1947 жылы Р.Тейлор С типті вирусты 
анықтады. тұмаудың А түрі В, С түрлеріне қарағанда өте кең таралған.
Этиологиясы
. Тұмау қоздырғышы – құрамына РНҚ кіретін Orthomyxoviridae 
тұқымдастығына жататын пневмотропты вирус. Сыртқы қабықшасында гемагглютинин және 
нейраминидаза деп аталатын гликопротеидтері бар. Ішкі нуклеопротеидтің антигендік сипаты (S-
антиген) бойынша тұмау вирустары А, В және С типтеріне бөлінеді.
Тұмау вирустары сыртқы ортада тұрақты емес. Төменгі температурада жақсы сақталады, 
ал қыздырып, қайнатқанда тез жойылады. Бұл вирустардың ультракүлгін сәулелеріне және 
әдеттегі залалсыздандыратын заттарға сезімталдығы өте жоғары. 

жүктеу 436,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау