2.Мырзарабат, Якка сардоба ғимараттары мен Дың ескерткіштерін салыстырыңыз.
VI –IX ғ.Қазақстанда дами бастаған архитектуралық құрылыстың бір сипаты діни сенімге байланысты.Ислам дініне дейінгі қазақ жеріндегі сәулет құрлысының бір түрі – құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсас Дың ескерткіштері.Дың ескерткіші қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Оның қабырғасы берік тастан қаланады.
Қазақстан керуен жолдарының бойында және көші- қон бағыттарында жолаушылар мен малшылардың су тапшылығын көрмеуі үшін қазылған құдықтардың үстіне салынған күмбезді ескерткіштер сақталған.
«Сардоба»- парсыша құдықтың үстіне салынған құрылыс дегенді білдіреді.
1.Бір күмбезді және көп күмбезді Мырзарабат сардобасы.
2.Сардоба ғимараты. Якка сардоба ғимаратының күмбездері бір – біріне жалғастырылып жасалған.
3. Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
Көшпелі мал шаруашылығы
себептері
Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады
Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді
Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті
19-билет 1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.
Түркістан қаласындағы Ахмет Йасауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Йасауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Йасауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.
«Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Йасауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкені басқаруды жеңілдетуге тиіс болған.
ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет ЙасауИкесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.
Ахмет Йасауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м., ұзындығы – 65,5 м.
Әйгілі қола қазан – Тай қазан Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің басты көрнектілігі болып табылады. 1935- жылы Кеңес одағы кезінде ол Ресейдегі Эрмитажға алынған. Содан 1989- жылы қыркүйек айына дейін сақталған.
Тай-қазан Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің үлкен залының ортасында орналасқан. Оны жеті металдың құймасынан Тавризден шыққан шебер жасаған. Қазанға 3000 литр су сияды, Салмағы 2 тонна, диаметрі 2,45 м. Қазан мұсылмандарға мінажат жасап болған соң таратылатын әулие суға арналған. Бұл күнде мұнда осы қазанды көріп, тиын салу мақсатымен дүние жүзінен мыңдаған саяхатшылар келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |