Ііі нұсқа 1-билет


-билет 1.Моңғол әскеріне қарсы Отырардың қорғанысы



жүктеу 1,54 Mb.
бет29/67
Дата14.04.2023
өлшемі1,54 Mb.
#42164
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67
Қазақстан тарихынан билет жауаптарымен 3-нұсқа 11 сынып

13-билет 1.Моңғол әскеріне қарсы Отырардың қорғанысы.
Жетісуды бағындырғаннан кейін, Шыңғысханның Мәуереннахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне,, қарсы жорыққа жол ашылды. Көп кешікпей, оған сылтау да табылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенінде монғол жансыздарын қосып есептегенде барлығы 450 адам болатын. Керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырды. Керуен тоналып ,адамдары өлтірілді. Мұны естіген Шыңғысхан өз елшілері арқылы Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ, Хорезм шахы бұл талапты орындамақ түгілі, Шыңғысханның жіберген елшілерін өлтіруге әмір берді. Елшілер өлтіріліп, олардың жанына ерген мұсылман көпесінің сақалын кесіп кері қайтарды. Бұл сол кездің дипломатиясында «мен соғысқа әзірмін» дегенді білдірген. Әрине, Хорезм шахы соғысқа дайын емес еді, тек ол Қайырханды ұстап берсе де, ұстап бермесе де, Шыңғысханмен соғыстың сөзсіз екендігін түсінді. Екінші жағынан, Қайырхан Иналшық Мұхаммед шахтың тегі қыпшақ шешесінің жақын туысқаны болып келетін. «Отырар апаты» деп аталған бұл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын жеделдетті.
Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 120-150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Монғол әскері Отырарға таяп келгенде Шыңғысхан Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған екінші тобын Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші топқа Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан өзі кіші ұлы Төлемен негізгі күшпен Бұхараға беттеді.
Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға әзір емес болатын. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп өзіне қарсы шығуынан күдіктенген ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғысханға қалаларда тұрған шағын-шағын топтарды үлкен қарсылықсыз -ақ құртып жіберуге мүмкіндік берді.
Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы монғол басқыншыларына қатты қарсылық көрсетті. Мұнда монғол әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының монғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Қарамағында қамал бұзатын техникасы, оның ішінде жанып кететін күбішектер, ататын машиналары болса да монғолдар бұл қаланы алты ай бойы ала алмады.
Қаланың құлауына опасыздық себеп болғандығы белгілі. Әскер басыларының бірі Қараджа қажып түн жамыла «Сопы хан» қақпасы арқылы шығып, монғолдарға өтіп, қаланы қоршап тұрған монғол әскерлері осы қақпа арқылы қалаға лап берді. Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған монғол әскері Шыңғысханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғысхан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Қайырхан мен сатқын Қараджа қажып өлтірілді.
Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды, соның бірі Сығанақ қаласы. Бұл жақсы бекінген, халқы көп, ірі сауда орталығы болатын. Жошы бастаған монғолдар қаланы ұрыссыз беруді талап етіп, Сығанаққа Хасан қожа көпесті жіберді. Сығанақ халқы келіссөзге көнбеді, сатқын есебінде Хасан қожаны өлтірді. Қала қорғанысы жеті күн, жеті түнге созылды. Ақыры қала жау қолына өтіп, монғолдар қаланы тонап, халқын аяусыз қырды. Бұдан кейін Үзгент және Баршынкент қалалары алынды. 1220 жылы 4 сәуірде монғол әскерлері Жент қаласын бағындырды.
Араб және парсы деректерінде (Жувейни, Ибн әл-Асыр, Жүзжани, еңбектерінде) «монғол атының тұяғы жетіп жермен -жексен етілген» отыз қаланың аты аталады. Солардың ішінде оңтүстік Қазақстанның үш қаласы Отырар, Сығанақ, Ашнас та бар. XIIIғ. парсы тарихшысы Жувейни «Тарих–и джахангуша» еңбегінде Жошы ханның Сырдарияның бойымен жүріп басып алған қалаларын тізіп беріп, Сығанақ қаласын қалай алғанын сипаттайды. Қалаға екі жергілікті көпестер Хасан-қожа мен Али-қожаны жібергенін, бірақ қала тұрғындарының Хасан-қожаны өлтіріп, қатты қарсылық көрсеткенін, қаланың тек жеті күн, жеті түн дегенде берілгенін.... жазады. («Тарих–и джахангуша» құнды дерек көзі болып табылады)
- Бұл Қазақстан тарихы 5 томдық, 1 том, 444-бетінде де көрсетілген.

жүктеу 1,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау