Бәбіш-Молда қалашығы - «Үлкен үй» жоспары кірер есіктен басталып, екі көлемді мұнаралармен жиектелінетін өсті анфиладты ғимаратымен ерекшелінеді. Үйдің шығыс бөлігінен аршылған жоспары мұнда ерекше жағдайларға және қабылдауларға арналған салтанат залы болғандығын аңғартады. Бұл кешеннің жоспарлану принципі ахеменидтік архитектураға тән. Мұндай құрылыстарды салу Ахеменидтер державасының күйреуі алдындағы солтүстік шеттегі сатраптықтарда жүзеге асқан болатын. Тек Сырдарияның төменгі ағысындағы аумақ Ахеменидтер державасы құрамына енгеннен кейін ғана, мұндағы б.з.б. ІV ғасырда шикі кірпіштен соғылған монументтік құрылыстарды, керамика кешендерде осы бағытта байланыстыруға болады, олар Орта Азия оңтүстік аудандарынан (Соғды, Парфия, бәлкім Бактрия), Ахеменидтер державасының шығыстағы егіншілікпен айналысатын шеткі облыстарынан табылған заттарға ұқсас болып келеді.
2.Алтын Орда мемлекетінің басқару жүйесінің ерекшелігі
Білікшілер – Хатшылар (жазу істерін, іс-қағаздарды жүргізеді)
Әмір – Ұлыстың аумақтық бөліктерін билеушілер
Ноян – тайпа көсемі (мыңдықтар бағынған)
Беклербек – әскери істерді басқарушы (нояндар бағынған)
Уәзір – азаматтық билікті жүргізеді
Мәлік – жергілікті жерлердегі әкімдер (түрік әулеттерінен шыққан)
Даруғалар – салық жинаушылар
Басқақтар – басқару, бақылау жұмыстарымен айналысқан
Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші Шыңғысхан әулетінің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерге билеуші топтың өз адамдары – ұғландар, әмірлер, даруғабектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері – бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, диуан игітіршілері, тамғашы, тартынақшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін даруғашылар (даруғабектер), басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын-Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды.
Монғолдар жаулап алған елдерін арнайы тағайындалған әкімдер-даруғашылар мен тамғашылар арқылы басқарды. Басқа елдердегі сияқты, монғолдар бұл жерлерде де басқарудың бұрынғы жүйесін өзгерткен жоқ. Жергілікті басқару қызмет орындарының көпшілігінде бұрынғыша жергілікті феодалдар болды, бірақ оларды монғол шенеуніктері қадағалап отырды.
Қазақстан жеріне монғолдар Шыңғысханның құқық нормаларын «Ясыларын» енгізді, онда феодал шонжарлардың артықшылықтары белгіленді. Ол бойынша жергілікті халық соғыс жорықтарына қатысу үшін әрбір он үйден (түтіннен) бір жауынгер беруге міндеттелді. Бүкіл халықтан хан әулетіне сыбаға тиіс деп есептелді және оларға ауыр алымдар мен міндеттемелер түсіп отырды. Көшпелі мал өсірушілер копчур деп аталатын салық төлеуге тиісті болды, оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды-әрбір он тугар егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж(жер салығы) алынды. Зерттеушілер жер-жерден жаппай алынған, монғолдар белгілеген салықтың кемінде 20 түрін атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |