Шығыс Қазақстан обылысы, Семей қаласы, №22 жалпы орта білім беретін мектептін бастауыш сынып мұғалімі : Токпанова Р.К.
Күні: 18.04.2014ж.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бағдарлама тараулары: Сурет салу
Тақырыбы: Қазақтың ою – өрнектері
Мақсаты:
- Балалардың ою – өрнек туралы білімдерін қорытындылау, оюдың түрлерін, шығу тарихын әңгімелеу. Қазақтың ұлттық ою – өрнегімен, халық өнерімен таныстырып, қастерлеуге тәрбиелеу, оюдың суретін сала білуге үйрету, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту;
- балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында қыз балаларды әдемілікке, сұлулыққа баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту;
- қызығушылық ынтасын арттыру, балаларды шапшаңдыққа, өз бетінше еңбектенуге және ежелгі салт - дәстүрге баулып, тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.
Ұ.О.І.Ә – нің түрі: Аралас.
Құрал жабдықтар: Ою – өрнек түрлері, тұрмыстық бұйымдар, слайдтар, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, түрлі – түсті қағаздар, қошқар мүйіз оюының шаблоны, бояулар.
Қостілдік компонент: Ою – орнамент, өрнек – узоры.
Әрекет
Кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс - әрекеті
|
Мотивациялық-
қозғаушы
|
Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Кел, балалар, күлейік
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Көңілді болып жүрейік.
|
Балалар бір – біріне күлімдеп қарап, күлкі туралы шаттық шеңберін құрды.
|
Іздену – ұйымдас - тыру – шылық
|
Негізгі бөлім.
а. Кіріспе
ә. Слайдтар көрсету
б. Саяхат «Әжей ауылы»
в. Оюхан еліне саяхат.
г. Ұ.О.І.Ә. бекіту
ғ. Бағалау
д. Қорытындылау
Кіріспе:
Адамдар ертеден – ақ өз жерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім – кешектеріне, қолданылатын заттарына сурет ретінде салған. Осылай бірте - бірте ою – өрнек пайда болды. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Ал біздің халқымыздың тіршілігінде ою - өрнектің алатын орны үлкен. Ол ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан бірден - бір өнер. Шеберлер ою – өрнектің тілін, сырын, тарихын өте жақсы түсіне білген. Ата - бабадан қалған ою - өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтануымыз қажет.
Ою - өрнекті, кімнен үйрендіңіз деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:
Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Анамның киізінен
Ешкінің мүйізінен, - деп табиғаттың нағыз өнер екенін, сол өнерден үлгі ала біліңдер деген астарлы оймен жауап беріпті.
Ою - өрнек үш топқа бөлінеді:
♦ Өсімдік типтес ою - өрнектер
- гүлі
- сабағы
- жапырағы
♦ Зооморфтық ою - өрнектер
- жануар
- аң
- құс, балық
♦ Космологиялық ою - өрнектер
- дөңгелек
- ирек
- шимай, торкөз.
Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай ою – өрнектердің түрлерін білесіңдер? /балалардың жауабы/
Дұрыс. Ою – өрнектің атауы мен түрі өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200 – дей түрін анықтаған. Солардың ішінде ең көп таралғаны – мүйіз тектес ою.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қылқаламды қояйық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Бір тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң
Әсем сурет салайық
Тәрбиеші: Балалар, әже ауылына саяхатқа барғыларың келеме?
«Әжей ауылына» саяхат. /Әжейдің үйіндегі тұрмысқа қажетті жиһаздары/
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық. Қазақтың қолөнері халқымыздың ғасырлапдан қалған асыл қазынасы. Бабаларымыздан қалған қандай қазына бар? Оның бірі – ою - өрнек, оларды жоғалтпай әрі қарай жалғастыру біздің міндетіміз.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» - деп, сіздің үйге келіп қалдық.
Апа: Сәлеметсіңдерме, төрлетіңдер. Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген.
Тәрбиеші: Балалар, кім әжеге ою – өрнек туралы өлең оқиды?
Міне, балалар, біздер әжей ауылына барып, көптеген мағлұмат алдық. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең!» дегендей, біздер қазір жұмбақтар тыңдаймыз.
Несібелі: «кіруге адам батпайды
Затыңды аман сақтайды»/сандық/
Текшелеп төрге жиғаным не?/көрпе,жастық/
Әжемен қоштасу.
- Жарайды балалар, енді біздер Оюхан еліне барамыз. Кішкене еңбектенейік.
Тәрбиеші балаларға қағаздарын үлестіреді. (әр баланың алдында қажетті құрал – жабдықтар тұрады)
|
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Мүйіз, қосмүйіз, арқар мүйіз, қошқармүйіз, қырықмүйіз, сынықмүйіз.
Жомарт мынау табиғат
Өсіргендей бізге арнап
Қып-қызыл болып жалындап
Қырға өседі қызғалдақ /Арнұр /
Қазағымның оюын
Біз де іздеп қарайық
Ою менен өрнектің
Әдемісін табайық. /Адель/
Әжей кесте тігеді
Ойып түрлі оюды
Жібереді өрнегі
Шарықтанып өнерді /Камилла/
Көздің жауын алатын
Көрсең апам киізін,
Елестетер оюы
Иір арқар мүйізін./Алинура/
Киіз үйдің ішінде
Ала қотан отырып,
Қазтабанды қолданып,
Басқұр , баулар тоқыдық./Айзере/
Ою-өрнек дегенде, ою-өрнек,
Қошқар мүйіз оюы болсын ермек .
Кел, жолдастар, көңілді ән салайық /Т.Аружан/
Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз»
Орын алар тұрағы, көрпе - киіз.
Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде
Көз тартып құбылады оюымыз./Қаламқас/
Балалар саусақпен салу тәсілі арқылы ою салады.
|
Рефлек –сивті – түзетуші -лік
|
Қорытынды:
Балалар, бүгінгі күн сендерге ұнады ма?
Несімен?
Бүгін біз не жайлы айттық?
Оларды қай жерлерде кездестіруге болады?
Ою – өрнектер неше топқа бөлінеді?
Кімнің үйіне саяхатқа бардық?
Балалардың жұмыстарына баға беру. Мақтап – мадақтау.
Соңында тәрбиеші халқымыздың сүйікті ақын қызы Фариза Оңғарсынованың өлеңінен үзінді оқиды:
Түрін-ай текеметтің, асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай
Келе ғой қошақаным өзімен деп
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымда
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері,
деп сабағымызды қорытындылаймыз.
|
Балалардың жауабы.
Иә
Сурет салу, жұмбақ шешу, құрастыру, т.б.
Фариза Оңғарсынованың өлеңінен үзінді тындады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: ұлттық ою – өрнектер тарихын,сырын,тілін.
Болу керек: рухани бай,мәдениетті,ұқыпты.
Істей білу керек: ою – өрнектерді сала білуге,ажырата білуге,ұрпақтан – ұрпаққа жеткізе білу.
Достарыңызбен бөлісу: |