«ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

жүктеу 194 Kb.
Дата15.04.2020
өлшемі194 Kb.
#29671

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 15 наурыздағы
№ 96 бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
6-қосымша

"ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетики министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы(бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2- тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінімді тіркеген күннен бастап – 1 (бір)айдан аспайтын мерзімде;

      ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінімді тіркеген күннен бастап - 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

      ІV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінімді тіркеген күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

      рұқсатты қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап ІІ санаттағы объектілер үшін он бес күнтізбелік күннен аспайтын, ІІІ санаттағы объектілер үшін бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттарды толықтығына тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес екендігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті қарастыру бойынша себептерін негіздей отырып жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) мемлекеттік қызметті алу үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген күні қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрстілетін қызметті көрсету нәтижесі – II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 -тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қағаз түрінде жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында "жеке кабинетке" жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін белгіленген.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорация - еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін;

      Мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек күту тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;

      3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      ІІ және ІІІ санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:

      ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;

      нормативтік эмиссия жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.

      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:

      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;

      есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссияның нормативтері.

      II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:

       II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта рәсімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім.

      2) Мемлекеттік корпорацияға:

      ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:

      ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;

      нормативтік эмиссия жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:

      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;

      есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссияның нормативтері;

      жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:

      II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта рәсімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алу үшін өтінім;

      жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).

      3) порталға:

      ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:

      ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;

      нормативтік эмиссия жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмесі.

      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:

      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшағасәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;

      есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссияның нормативтерінің электрондық көшірмесі.

      II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:

      II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта рәсімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу, эмиссияның нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары, рұқсаттары туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қызметтерді алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе Көрсетілетін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке куәлігін (не оның өкілінің нотариалды куәләндырылғансенімхат бойынша) ұсынған жағдайда жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Бір ай өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат;

      порталға – "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

      10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) қызмет көрсетуге қажетті қызметті алушының және (немесе) берілген материалдар, объектілер, ақпараттар мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының құқықтық нормалық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) табиғат пайдаланудың шарттарының Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 73-бабында көрсетілген сұратылып отырған талаптарға сай келмеуі.

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, астананың, жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші жергілікті атқарушы органның басшысының атына (бұдан әрі – Әкімдік) немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе жұмыс күндері қызмет берушінің немесе Әкімдіктің кеңсесі арқылы қабылданады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлға - оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;

      2) заңды тұлға - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.

      Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, тапсырылған шағымға жауапты алу орнымен мерзімі көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Әкімдіктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерініңәрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша беріледі.

      Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қолма қол және поштамен жіберілген шағымды тіркеу (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөр, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) оны қабылдауды растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінгенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланысорталығының телефоны 1414, 8 800 080 7777 бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Адамның тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының үнемі нашарлауы салдарынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар 1414, 8 800 080 7777 - Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінген кезде, олардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қажеттілігі болған жағдайда тұрғылықты жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдайды.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі www.egov.kz , "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары" бөлімі

      2) мемлекеттік корпорация www.goscorp.kz.

      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58, 119 және бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

"ІІ, ІІІ және IV санаттардағы
объектілер үшін қоршаған 
ортаға эмиссияға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
Нысан

ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға өтінім

      ________________________________________________________________________________

      (табиғат пайдаланушының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (өтінім беруші ұйымның заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________

      1. Жалпы ақпарат

      Байланыс телефондары, факс ________________________________________________

      Өтінім берілетін өндірістік объектінің атауы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Табиғат пайдаланушының санаты (өндірістік объектінің қауіптілік класы)

      ________________________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірi/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      2. Өндіріс объектісінің қоршаған ортаны ластау көзідері тұратын өнеркәсіп

      алаңдарының орналасқан жері туралы деректер:

      1-кесте. Өнеркәсіптік алаңдардың орналасқан орны туралы деректер

Өнеркәсіп алаңының нөмірі

Өнеркәсіп алаңының атауы

Облыс

Aудан, елді мекен

Координаталары, град. мин. сек.

Aлып жатқан аумағы, га

ендік

бойлық

1

2

3

4

5

6

7

      3. Ластаушы зат шығарындылары (төгінділері) мен орналастырылатын қалдықтар

      (күкірт) көлемінің жылдар бойынша сұралатын лимиті.

      2-кесте. Ластаушы заттар шығарындыларының лимиттері

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының атауы

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нөмірі мен күні

Ластаушы зат төгінділерінің нормативті көлемі

Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар шығарындыларының сұратылатын лимиттері

Өтінім берілген жылдың алдындағы жылдың нақты шығарындылары

тонна/жыл

тонна/жыл

тонна/жыл

1

2

3

4

5

20__ жылы

Барлығы, оның ішінде алаң бойынша

1-алаң

2-алаң және т.б.

      3-кесте. Ластаушы заттар төгінділерінің лимиттері

Барлығы, оның ішінде су ағызу бойынша:

1-су ағызу бойынша

2-су ағызу бойынша және т.б.

      4-кесте. Өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыру лимиттері

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының атауы

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нөмірі мен күні

Қалдықтардың нормативтік көлемі

Қалдықтардың сұратылатын лимиттері

Өтінім беретін жылдың алдындағы жылы қалдықтарды орналастырудың (сақтаудың) нақты көлемі

т/жыл

т/жыл

т/жыл

1

2

3

4

5

20__ жылы

Барлығы, оның ішінде алаң бойынша

1-алаң

2-алаң және т.б.

      5-кесте. Күкіртті орналастыруға арналған лимиттер

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының атауы

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нөмірі мен күні

Күкірттің нормативтік көлемі

Күкірттің сұратылатын лимиттері

Өтінім беретін жылдың алдындағы жылы орналастырудың нақты көлемі

т/жыл

т/жыл

т/жыл

1

2

3

4

5

20__ жылы

Барлығы, оның ішінде алаң бойынша

1-алаң

2-алаң және т.б.

      Табиғат пайдаланушыларға табиғат пайдаланудың ұсынылатын шарттары:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қоршаған ортаға эмиссиялар осы өтінімде берілген сипаттамаға сәйкес болатынын растаймыз.

      4. Өтінімге мына құжаттар қоса беріледі: ____________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамталған заңмен қорғалатын құпиядан құралған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Уәкілетті

      (жеке тұлға) _________________ ________________________________

      (жеке қолы)             (қолдың толық жазылуы)

      "__" ________ 20 __ жыл.

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

"ІІ, ІІІ және IV санаттардағы
объектілер үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметстандартына
2-қосымша
Нысан

Мемлекеттік органның атауы

IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға рұқсат алу өтінім

      ________________________________________________________________________________

                         (табиғат пайдаланушының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

       (өтінім беруші ұйымның заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________

      1. Жалпы ақпарат

      Байланыс телефондары, факс ______________________________________________________

      Өтінім берілетін өндірістік объектінің атауы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Табиғат пайдаланушының санаты (өндірістік объектінің қауіптілік класы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірi/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      2. Өндіріс объектісінің қоршаған ортаны ластау көзі орналасқанөнеркәсіп алаңдарының

      орналасқан жері туралы деректер:

      1-кесте. Өнеркәсіптік алаңдардың орналасқан орны туралы деректер

Өнеркәсіп алаңының нөмірі

Өнеркәсіп алаңының атауы

Облыс

Aудан, елді мекен

Координаталары, град. мин. сек.

Aлып жатқан аумағы, га

ендік

бойлық

1

2

3

4

5

6

7

      3. Ластаушы зат шығарындылары (төгінділері) мен орналастырылатын қалдықтар (күкірт) көлемінің жылдар бойынша сұралатын лимиті.

      2-кесте. Ластаушы заттар шығарындыларының лимиттері

Заттардың атауы

Ластаушы зат шығарындыларындыларының нормативті көлемі

Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар шығарындыларының сұратылатын лимиттері

Өтінім берілген жылдың алдындағы жылдың нақты шығарындылары

г/сек

т/жыл

г/сек

т/жыл

г/сек

т/жыл

1

2

3

4

5

6

7

20__ жылы

Барлығы, оның ішінде алаң бойынша

1-алаң

оның ішінде ингредиенттер бойынша:

2-алаң және т.б.

оның ішінде ингредиенттер бойынша:

      3-кесте. Ластаушы заттар төгінділерінің лимиттері

Заттардың атауы

Ластаушы зат төгінділерінің нормативті көлемі

Ластаушы заттар төгінділерінің сұратылатын лимиттері

Өтінім беретін жылдың алдындағы жылдың нақты төгінділері

мг/л

г/сағ

т/жыл

мг/л

г/сағ

т/жыл

мг/л

г/сағ

т/жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

20__ жылы

Барлығы, оның ішінде су ағызу бойынша:

1-су ағызу бойынша

оның ішінде ингредиенттер бойынша:

2-су ағызу бойынша және т.б.

оның ішінде ингредиенттер бойынша:

      4-кесте. Өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыру лимиттері

Қалдықтың Атауы

Қауіптілік деңгейі

Орналасқан жері

Қалдықтардың нормативтік көлемі

Қалдықтардың сұратылатын лимиттері

Өтінім беретін жылдың алдындағы жылы қалдықтарды орналастырудың (сақтаудың) нақты көлемі

т/жыл

т/жыл

т/жыл

1

2

3

4

5

6

20__ жылы

Барлығы, оның ішінде алаң бойынша

1-алаң

1

2

3

4

5

6

Оның ішінде түрлері бойынша:

2-алаң

Оның ішінде түрлері бойынша:

      5-кесте. Күкіртті орналастыруға арналған лимиттер

Атауы

Орналасқан орны

Күкірттің нормативтік көлемі

Күкірттің сұратылатын лимиттері

Өтінім беретін жылдың алдындағы жылы орналастырудың нақты көлемі

т/жыл

т/жыл

т/жыл

1

2

3

4

5

Барлығы:

1-алаң

2-алаң

      Табиғат пайдаланудың табиғат пайдаланушыларға ұсынылатын шарттары:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қоршаған ортаға эмиссиялар осы өтінімде берілген сипаттамаға сәйкес болатынын растаймыз.

      4. Өтінімге мына құжаттар қоса беріледі: _______________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан құралған мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Уәкілетті

      (жеке тұлға) __________________ _______________________________

       (жеке қолы)             (қолдың толық жазылуы)

      "__" ________ 20 __ жыл.

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

"ІІ, ІІІ және IV санаттардағы
объектілер үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметстандартына
3-қосымша
Нысан

ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу өтінімі

      (табиғат пайдаланушының атауын немесе ұйымдық-құқықтық нысанын

      өзгерткен,қайта құрылған жағдайларында)

      Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеуді сұраймын

      ________________________________________________________________________________

                   (рұқсат ресімделген жеке және заңды тұлғаның атауы)

      ________________________________________________________________________________

       (жеке және заңды тұлғаның өзгерген атауы)

      Рұқсат № берілген (кіммен)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

       (өтініш иесінің-ұйымның заңды мекен жайы немесе жеке тұлғаның тұратын мекен-жайы)

      ________________________________________________________________________________

      Табиғат пайдаланушы санаты (өндірістік объектінің қауіптілік сыныбы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірi/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан құралған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Уәкілетті

      (жеке тұлға) __________________ _______________________________

       (жеке қолы)             (қолдың толық жазылуы)

      "__" ________ 20 __ жыл.

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

"ІІ, ІІІ және IV санаттардағы
объектілер үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметстандартына
4-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 cәуірдегі Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының (мекенжайын көрсету керек) №__ бөлімі Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1.________________________________________________________;

      2.________________________________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

      (қолы)

      Орындаушы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _________________________________________________________

      Телефон

      _________________________________________________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / қолы

      "__" ________ 20 __ ж.
жүктеу 194 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау