- Бимаканова Мария Мағауқызы
- • Қостанай облысы,Жангелдин ауданы, Ақшығанақ ауылы.
- Қ.Топаев атындағы орта мектебі.
- • 2 санатты ұстаз
- Біріккен сөздер.
- 226 – 230 жаттығу.
Сабақтың мақсаты: - .
- Дамытушылығы: Оқушылардың даму, ойлау қабілетін қалыптастыру.
- Білімділігі: Біріккен сөздермен таныстыру және оның жасалу жолдарын жете меңгерту.
- Тәрбиелік мәні: Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың барысы: - Ұйымдастыру кезеңі.
- Психологиялық дайындық.
- Қара жорға биі тамаша,
- Кел билейік кәне жаңаша.
- Қарсы алайық достарым,ән – жыр айтып
- Салт дәстүрмен біздер жаңаша.
Сабақ бөлімдері: - “Табақ тарту” ойыны.
- “Бас табақ” – “Үй тапсырмасы”
- “Сый табақ” – “Жаңа сабақ”
- “Орта табақ” – “Жаттығулар орындау”
- “Күйеу табақ” – “Сабақты жинақтау”
- “Келін табақ” – “Үй тапсырмасы”
- І. “Бас табақ” – “Үй тапсырмасы”
- Үй тапсырмасы. 224 жаттығу. Күрделі сөз.
- Күрделі сөз дегеніміз не?
- Күрделі сөздер нешеге бөлінеді?
- Сөз дегеніміз не?
- Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Түбір сөз дегеніміз не?
Қарашаның жиырма төрті. Сынып жұмысы “Сый табақ” – “Жаңа сабақ”. - .
- Мысалы:
- Түбір сөздер Біріккен сөздер
- Түйе құс Түйеқұс
- Ақ сүйек Ақсүйек
- Ас қазан Асқазан
- Ала бұға Алабұға
-
- Ереже: Кейбір сөздер екі түбірден құралады. Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады
“Орта табақ”- жаттығулар орындау. - Оқулықтан жаттығулар орындау.
- 226 – жаттығу.
- Сөздерді оқы.
- Айнабұлақ, қосаяқ, Тескенсу, итмұрын, Алакөл, Талдықорған, Ботагөз, Есдәулет, аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ, тасбақа.
- Берілген сөздерді сөз құрамына талда. Әр сөз неше түбірден құралған?
- 227 жаттығу.
- Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді тап.
- Біріккен сөз құрамындағы
- түбірлердің арасына (+) белгісін
- қойып жаз.
- Қосаяқша секіріп,
- Тасбақаша тырбаңдап.
- Жолбарысша мысықша,
- Аң аулауға шығайық.
Өзіндік жұмыс. - 228 жаттығу.
- Өлеңді көшіріп жаз. Біріккен сөздерді тауып, астын сыз.
230- жаттығу. Біріккен сөздерді оқып, олардың мағынасын түсіндір.. - Көкжиек, бұзаубас, Жетіқарақшы, Сары ағаш, ақсақал, ақтас, алтыбақан, бірқазан, кемпірауыз, көксерек, ақбөкен, тасбақа, ешкім, ешбір, бірнеше, әрқашан, шекара, қосаяқ, Темірқазық, асқабақ, қырықаяқ.
“Күйеу табақ” – сабақты жинақтау. - Біріккен сөзден жасалған кісі аттарын ата.
- Біріккен сөзден жасалған жер - су аттарын ата.
“Фигураны тап” ойын. Не үйрендік?, Не білдік? - “Келін табақ”- үйге тапсырма. Біріккен сөз. 229 – жаттығу.
“Аяқ табақ”- бағалау. - Ақбота
- Ақбота
- Шындәулет
- Айым
- Ақбала
- Әлия
- Бекболат
- Айқын
- Айдана
- Ердәулет
- Бекарыс
- Тоғжан
- Архат
Сабақ аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |