Дағдарыссыз технология
Кейбір мамандардың пікірінше, технология жетегінде кете беру – күрделі дағдарысқа апармай қоймайды. Олардың айтуынша, бұл технология жүздеген жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі мемлекетті, өзіндік ережелері мен ішкі бәсекеге негізделген бизнесті, тәжірибе мен кәсіпқойлыққа негізделген медиа мен мәдениетті тығырыққа тірейді.
Шекаралары мен сол шекара аясындағы заңдарға негізделген ұлттық мемлекет моделі бүліне бастады. Телевидение мен баспа секілді дәстүрлі ақпарат құралдарының арасында кеңейіп, өсіп-өніп жатқанын табу мүмкін емес. Керісінше, жұмысын қысқартып, тоқтап жатқандарының саны күн сайын артып келеді. Осы уақытқа дейін әлемдегі геосаяси арасалмақты анықтап келген дәстүрлі қару-жарақтың да күші енді күмәнді. Сөйте тұра, ғаламдық дәрежедегі ұйымдасқан қылмыс, заң мен дәстүрге қарсы арандатушылық өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Дәстүрлі мәдениет пен салт жұтылып барады. Біз білетін әлеуметтік тұрақтылықтың негізі болып отырған, қазіргі өркениет иек артатын басты принциптер мен құндылықтар шайқала бастады. Ертеңін болжау қиын, анық кескіні мен сұлбасы жоқ жаңа қоғам қалыптасып келеді.
Технофилдерге қарсы топтың айтуынша, Интернет о баста кез келген ереже мен заңға, қоғамдық институттарға деген қарсылықтың белгісі ретінде пайда болды. Оны ойлап тапқан адамдар бұл қоғамнан мүлде бөлек ережелермен өмір сүретін, әлеуметтік қарым-қатынастар басқаша түзілетін, дәстүрлі түсінікке сыймайтын әлем жасағасы келді. Сондықтан да, осындай ниетпен жасалған технология біз білетін қоғамның астына қойылған баяу бомба ретінде жұмыс істейді.
Технофилдер бұған жауап ретінде қазіргі мемлекеттер мен институттардың тиімсіздігін айтып, соның дәлелі ретінде ғаламды шарпыған экономикалық дағдарысты, әр жердегі соғысты мысалға келтіріп, “мұндай қоғамның керегі қанша” дейді. Бұл сөздің де жаны бар шығар. Дегенмен де, бар нәрсені ысырып тастап, анархия мен хаостың құшағына ену де бассыздық болар еді.
Ғаламдық экономикалық ережелердің кемістігі дағдарысқа ұшыратып, көптеген мемлекет үкіметтерінің қызметі ойдағыдай нәтиже бере алмай жатқаны да рас. Алайда, солай екен деп, халықаралық ереже, заң мен мемлекет атаулыны жоққа шығаруға болмайды. Қалай болғанда да, жол салу, әлеуметтік саланы дамыту, қоғамдық тәртіпті сақтау, әлсіздерді қамсыздандыру секілді маңызды қызметтерді атқаратын тетік керек. Мұның барлығы виртуалды әлемде атқарылуы мүмкін емес. Егер мемлекет әлсіреп, мұның барлығы жоғалатын болса, өркениет бітпес дау мен тартыстың құрбаны болады. Қазақстан секілді дамушы елде мұндай сұрақтарды көтеру орынсыз көрінуі мүмкін. Алайда, соңғы жылдары мемлекет пен дәстүрлі қоғамдық институттарға қарсылық ретінде оқтын-оқтын ұйымдастырылатын хаккерлік шабуылдар бұл мәселеге қазірден мұқият қарап, алдын алу шараларын ойластыруға міндеттейді. Америкалық хаккерлер Иранға қарсы, Қытай хаккерлері Гуглге қарсы, халықаралық қылмыскер топтар кез келген елдегі компанияларға қарсы виртуалды шабуылдар жасауда. Интернетте отырған кез келген адам осындай шабуылдың құралы немесе құрбаны болып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан көпшілікті ескертіп, сақтандыру абзал деп ойлаймыз. Қазақстан ондай шабуылдардан әзірше ада, бірақ дүниенің түкпір-түкпіріндегі бүтіндей қалалар бір сәтте жарықсыз қалып, үлкен банктердің қауіпсіздік жүйелері бұзылып, қала ішіндегі инфрақұрылымға зақым келіп жатқандығы туралы барған сайын жиі естиміз.
Мұндай шабуылдар кейде ақша, кейде ермек іздеген, кейде өзара жарысқан, кейде фанатикалық идеяға берілген жеке адамдардың қолымен жасалады. Олардың барлығы да өздерін бұл қоғамдағы ереже мен заңға бағынбайтын жаңа қоғамның көсемдері деп таныстырады.
//Түркістан.-2013.-6 маусым.-4 б.
Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қызылорда мемлекеттік университетінің бас ғимаратында облыс әкімінің жетекшілік етуімен және басқарма басшылары мен әлеуметтік сала мамандарының, университет ғалымдары мен оқытушыларының, аймақтағы өнеркәсіп орындары басшылары мен кәсіпкерлердің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен университет Қамқоршылық кеңесі құрылып, оның биылғы атқаратын жұмыс жоспары бекітілді. Төрағалығына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, орынбасарлығына университет ректоры Қылышбай Бисенов, хатшылығына проректор Абайбек Жүнісов сайланған Қамқоршылық кеңесінің алғашқы мәжілісінде алты мәселе қаралды.
– Республиканың көптеген жоғары оқу орындары сол аймақтың экономикалық потенциалын көтеру бағытында жұмыс істейді,– деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өз сөзінде. – Қызылорда мемлекеттік университетінің болашақ мамандар даярлаудағы жұмыс тәсіліне бірқатар өзгерістер ендіру қажет. Бұл – уақыт талабы. Аймақтағы ірі оқу орындарының бірінен саналатын ҚМУ негізінен мұғалімдер даярлайды. Өткен жылдың өзінде ғана 21 мың жас мұғалім мамандығын алып шыққан. Осының өзінен-ақ бірегей оқу орнының құрылымына өзгерістер ендіру қажеттігі туындайды.
Аймақ басшысы осы бағытта жүргізілген жұмыстарға тоқталды. 57 бакалавриат, 27 магистратура, 9 докторантура мамандықтары бойынша мамандар даярлайтын білім ордасы аймақтың экономикалық бағыттағы сұранысын толық өтей алмайды. Сондықтан да мұнда өңірге қажетті мұнай саласы, қытай тілі мамандарын даярлау қажеттігі туындайды. Облыс әкімі өзінің «ПетроҚазақстан» басшылығына берген ұсыныстары төңірегінде бірқатар жұмыс атқарылғанына ризалық білдірді. Кеңес мүшелерінің алғашқы мәжілісіне ұсынылған «2010-2013 оқу жылдарында ҚМУ-да мемлекеттік білім гранты негізінде білім алушылардың контингенті туралы», «Университеттің стратегиялық даму жоспары туралы» және «Академик Асан Дабысұлы Таймановтың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыру жұмыстары» төңірегінде ректор Қылышбай Бисенов жан-жақты баяндады.
– Өзінің 75 жылдық тарихында Қорқыт ата атын иеленген білім ордасында бірінші рет Қамқоршылық кеңесінің алғашқы мәжілісін өткізіп отыр, бұл біз үшін ерекше жаңалық,– деп бастады өз баяндамасын Қ.Бисенов.– Университеттегі білім беру қызметі 5 институтта, 1 факультет пен 35 кафедрада ұйымдастырылған. Білім алушылар контингенті 8107 студентті құрайды. Оқу үдерісін 32 ғылым докторы, 272 ғылым кандидаты, 161 ғылым магистрі жүргізеді. Баяндамашы өз сөзінде ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, университеттің 2011-2015 жылдарға арналған даму стратегиясын жүзеге асыру үшін халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысудың үлесін ұлғайтуды, ғылыми-зерттеу қызметінің заман талабына сай инфрақұрылымын жасауды қолға алуды, жаңа ғылыми зертханалар мен орталықтар ашуды, тағы басқа бүгінгі заман талабына сай жүйелі жұмыстарды атқаруды көздеп отырғанына тоқталды. Сонымен қатар баяндамада қазіргі заманауи үлгідегі оқу ғимараты мен зертхананың жобасы жайында әңгіме өрбіді. Университет базасында 24-26-қазан күндері өткізілетін физика-математика ғылымдарының докторы, академик Асан Таймановтың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған халықаралық конференцияға дайындық жұмыстары жайында айтылды. Кеңес жұмысын қорытындылаған аймақ басшысы әлем танитын ғалымды шынайы ұлықтау, жыл сайын «Тайманов оқуларын» өткізіп тұру қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар мәжілістің күн тәртібіне ұсынылған облыс әкімінің грантына жақсы білім деңгейін көрсеткен ауыл жастарын, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы балаларын, мүмкіндігі шектеулі студенттерді ұсыну қажеттігін баса айтты.
//Сыр бойы.-2013.- 6 маусым .- 2б
Заседание попечительского совета
В Кызылорде прошло первое заседание попечительского совета при КГУ им.Коркыт Ата в котором принял участие аким области Крымбек Кушербаев.
Выступая на апрельской сессии областного маслихата, аким области заострил внимание депутатов на ряде важных аспектов в развитии профессионально-технического образования, отметив, что Глава государства подчеркивает необходимость, активного развития этой сферы. Особый акцент был сделан на трудоустройстве выпускников профессиональных колледжей, вузов и уровне подготовки инженерно-технических кадров в учебных заведениях.
Аким области отметил, что свою лепту в дело подготовки квалифицированных инженерно-технических кадров должен вносить КГУ им. Коркыт Ата. Но для этого надо менять структуру учебного заведения, решать вопросы оснащения его современным оборудованием подбирать профессиональный состав педагогов. Университет должен стать региональным флагманом среди вузов, готовящих востребованные экономикой региоиа кадры. Решение важных организационно-технических, образовательных задач станет возможным благодаря работе попечительскгого совета.
Председателем попечительскгого совета был избран аким области Крымбек Кушербаев, его заместителем – ректор КГУ им.Коркыт ата Кылышбай Бисенов. В состав совета руководители государственных и общественных организаций, предприятий, представители общественности. Попечительский совет будет принимать активное участие в развитии университета.
К. Бисенов рассказал о планах работы КГУ, стратегии подготовки специалистов. В ближайших планах вуза – провести научно-практическую конференцию, посвященную выдающемуся ученому доктору физико-математических наук, академику Асану Тайманому. В работе конференции примут участие и дети ученото, которые пошли по стопам отца и работают в ведущих вузах России.
На заседании совета подчеркивалась необходимость проведения мониторинга специальностей, в которых нуждается экономика нашей области.
Хорошим стимулом для талантливой молодежи станет грант акима обпасти для обучения в вузах страны и области. Именно для одаренной молодежи из социально-уязвимых слоев, проживающей в отдаленных аулах, и предназначен грант. В текущем году выделяется 100 грантов, в следующем – 300.
Одним из важных усповий гранта является то, что после окончания учебы, претендент должен пять лет отрботать в области. Об условиях получения гранта, правилах его присуждения рассказала начальник областного управления занятости и социальных программ Жазира Жылкайдарова.
Акцентируя внимание на работе КГУ им Коркыт ата, аким области отметил, что, сейчас перед вузом стоит задача войти в пятерку лучших высших учебных заведений страны. Примером для подражания может служигь Каспийский госуниверситет технологий и инжиниринга им.Г.Есенова, который в рейтинге вузов Казахстана в 2011году вошел в тройку лучших университетов страны. И наш университет должен стать современным учебным заведением, ориентированным на подготрвку инженерно-технических кадров новой формации, должен превратиться в научный центр регионального развития.
//Час пик.-2013.- 7 июня.- С.3
Әділжан ҮМБЕТ
ТІЛІ БАСҚА БОЛҒАНМЕН, ТІЛЕГІ БІР
Кеше облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясы болып өтті. Онда үстіміздегі жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясының қорытындыларынан туындайтын міндеттер таразыланды.
Облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Қырымбек Көшербаев өз баяндамасында татулық пен достықты ту еткен еліміз әлемдегі көптеген мемлекеттерге үлгі көрсетіп отырғанын тілге тиек етті. Елбасы қалыптастырған ұстаным негізінде тәуелсіз Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаттағы басты бағыты ретінде татулық, бірлік пен саяси тұрақтылық маңызды рөл атқарады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз сан алуан ауыртпалықты бастан өткізді. Қандай қиын сәт болса да, ортақ мақсаттар жолында ел бірлігі мен қоғамдық келісім қалыптасты. Елбасы саясаты мен халық тілегі ұштасып, мемлекетті бірлесе құруға тарихи мүмкіндік берілді.
– Қазақстан – көп ұлтты мемлекет, – деді облыс әкімі сөз басында. – Елдегі барлық этностардың құқығы тең. Тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміздің артуына барлық этнос өкілдері бірлесе атсалысып келеді. Тұсауы кесілген 18 жылдан астам уақыт ішінде Ассамблея Қазақстандағы дербес саяси институтқа айналды. Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Қазіргі таңда халықаралық қауымдастықта ізгі іс Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлгісі деп бағаланып отыр.
Облыс басшысы әңгімесін одан әрі өрбітіп, еліміздің шексіз дүниеден бөлектене алмайтынына назар аударды. Қым-қуыт қарбаласқа толы мына заманда дүниежүзіндегі түрлі өзгерістер, дамыған елдердегі экономикалық дағдарыстар өз салқынын тигізбей қоймайды. Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясы осы бір қиын сәттерде біздің бағдарымызды айқындап берді. Қазақстан халқы ассамблеясының соңғы өткен мерейтойлық сессиясы «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталғаны белгілі. Тәуелсіз еліміздегі сан түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астындағы мүддесі бір, мақсаты ортақ халыққа айналды. Жүріп өткен жолды тоғыстыратын, армандарды орайластыратын ортақ келешегіміз – тәуелсіз Қазақстан. Қазіргі таңда жер шарында тағы да қаржылық дағдарыс көрініс беріп отыр. Мұндай көрініс Грекия, Кипр және өзге елдерде байқалуда. Ол елдерде адамдардың әлеуметтік жағдайы әлсіреп, билікке қарсы толқулар болуда. Қазақстанда ондай үдерістер байқалмайды. Саяси-әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтық қоғамды қалыптастыруда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары бірлесе іс-қимыл жасап келеді. Оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше.
Соңғы өткізілген сессия барысында Елбасының қолдауымен Ассамблеяның 2020 жылдарға дейінгі даму Концепциясы қабылданды. Бұл құжаттың стратегиялық маңызы ерекше. Соның нәтижесінде еліміздегі сан түрлі этнос өкілдерін ұйыстыру, бірлік пен татулық сақтау бағытында көптеген іс-шаралар қолға алынады.
– Осыны негізге ала отырып, облыстық ассамблеяның Концепциясын жасауға көңіл бөлуіміз тиіс, – деді облыс әкімі әңгімесін жалғастырып. – Онда аймақтық ерекшеліктер мен этнодемографиялық жағдай есепке алынатын болады. Осы мақсатта облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы секретариатына облыстық ішкі саясат, білім, мәдениет, тілдерді дамыту және жастар саясат басқармаларымен бірлесе отырып, үстіміздегі жылдың 15 тамызына дейін Концепцияны дайындауды тапсырамын. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы қабылдаған Концепцияны жүзеге асыру мақсатында 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Тиісті басқармалар мен өзге де мекемелер сол іс-шараларды толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға көңіл бөлуді қамтамасыз етеді. Облыс әкімі облыстық ассамблеяның түсіндірмелік, ақпараттық-насихаттық және тәрбиелік жұмыстарды ширата түсуі қажеттігіне тоқталды. Қазіргі таңда азаматтық және жалпыхалықтық институтқа айналған ассамблея еліміздің саяси өміріндегі маңызды бөлігіне саналады. Халықтың тұрмыс-тіршілігінде толеранттылықты қалыптастыру мен нығайтуға өз деңгейінде көңіл бөлінеді. Бұл жұмыстар кешенді түрде өз жүйесі бойынша атқарылып, халықтың барлық бөлігін қамтитын болады. Оған барлық мемлекеттік органдар мен мекемелер, еңбек ұжымдары, барлық деңгейдегі білім мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар, этно-мәдени бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары тартылады. Қазіргі таңда ассамблея қызметінің аясы кеңейді. Ендігі кезекте облыстық ассамблеяның секретариатының белсенділігі артпақ. Олар облыс аудандары мен еңбек ұжымдарында болып, оларға әдестемелік және ұйымдастырушылық көмектер көрсетеді. Оған қоса, облыстық ассамблея жанынан ғылыми-сараптамалық топ жұмыс жасайды. Елбасы тапсырмасымен алдағы уақытта барлық аудандар мен қалаларда, ірі кәсіпорындарда қоғамдық келісім кеңесі құрылады. Оның құрамына саяси партия, ҮЕҰ, кәсіподақ және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері енгізіледі. Сонымен қатар, ассамблеяның басты міндеті ретінде жастар тәрбиесі мәселесі саналады.
– Ассамблеяның көпқырлы аспектілерін тұрғындар арасында, соның ішінде зиялы қауымның салиқалы ой қалыптастыруына тереңірек түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса назар аудару қажет, – деді облыс әкімі сөзін түйіндей келіп. – Аудан әкімдері жергілікті жерлерде өзге этностардың аздығына қарамастан, олардың басын біріктіре отырып, қоғамдық ұйымдар құруға ықпал жасаулары қажет деп есептеймін. Бірлестіктердің жұмысына демеу беру үшін әлеуметтік тапсырыс арқылы қаржыландыруды жолға қойғанымыз дұрыс.
Облыс әкімінің баяндамасынан кейін бірқатар азаматтар жарыссөзге шықты. Олардың қатарында «Славяне» қоғамдық бірлестігінің басшысы Галина Щербакова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Наурызбай Байқадамов, Қызылорда медицина колледжінің студенті Дагмара Мутаусова, татар ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Галия Гизатуллина, «Қазақстандағы орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Владимир Толоконников бар. Мәселен, Г.Щербакова Шиелі ауданындағы Ковтунов атындағы №252 мектептің апаттық жағдайына алаңдап, сол мақсатта облыс әкіміне өтініш білдірді. Оған қоса ұлттық киімдер тігуге көмек қолын созуды сұрап, оған өздерінде қаржы жетпейтінін айтты. Сондай-ақ, Г.Гизатуллина 2014 жылы республикалық «Сабантой» мерекесі Қызылорда қаласында өткізілетінін, облыс басшысынан сол шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қамқорлық көрсетуді сұрады. Татар ұлттық-мәдени орталығының төрайымы облыстағы танымал адамдар өмірінен фильм түсіруге ұсыныс айтты.
Ұсыныс-пікірлерді тыңдаған облыс басшысы олардың әрбірі назардан тыс қалмайтынын айтып өтті. Республикалық деңгейдегі «Сабантой» мерекесін біздің өңірде өткізуге барлық көмек жасалады. Бұл шараға Татарстан Президенті Рустам Миннихановты арнайы шақыру жоспарланып отыр. Облыс әкімі №252 мектептің жай-күйі бойынша Шиелі ауданы әкіміне тапсырма беріп, проблеманы шешуді міндеттеді. Аймақ басшысы облыстың танымал адамдар өмірінен фильм түсіруге де қолдау білдірді.
Келесі кезекте облыс әкімі ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау, рухани мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалімен білім саласының ардагері, еврей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Марк Подольский, «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрайымы Елена Ким, неміс этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Ирина Шек марапаттады. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы Қызылорда қаласындағы №23 мектеп-лицейдің директоры Наталья Жұмаділдаеваға, «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы төрайымының орынбасары Юрий Кимге және осы филиалдың мүшесі Ксения Нигайға, татар этно-мәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Лима Фаизоваға табыс етілді. Ассамблеяның «Алғыс хатын» облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Татьяна Данилина, Қызылорда қаласындағы №198 мектеп-лицей мұғалімі Альфия Закирова, «Қазақстандағы орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Владимир Толоконников алды. Аймақ басшысы өзбек этно-мәдени орталығының жетекшісі Ашур Хамидовтің 70 жасқа толуына орай ол кісіге облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етіп, иығына шапан жапты.
//Сыр бойы.-2013.-11 маусым.-6 б.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
МЫҢНАН ТҰЛПАР,
ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ЖОБА ІЗДЕСТІРІЛУДЕ
Астанадан шыққан «Инновациялық форсаж» автобусы өңірімізге де келді. Бұл инновациялық автобустың келу мақсаты – ел арасынан өнертапқыштар мен озық ойлы жастардың тың идеяларын жинақтау мақсатында республиканың барлық өңірлерін аралап, олардың ішінен ең мықтысын таңдау болып табылады. Таңдап қана қоймай, өз идеясын жүзеге асыруға қаржылай сыйақы береді. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ «2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында» көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру мақсатында «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» байқауын жариялады. Бұл байқау халықтың инновациялық белсенділігін арттыру, кәсіпкерлікті насихаттау, экономиканың әртараптануындағы рационализаторлық қозғалыстың маңыздылығын, олардың өндіріске енген шешімдерін жұртшылыққа таныту үшін ұйымдастырылуда. Тұңғыш рет байқаудың телевизиялық нұсқасы 2010 жылы жасалды. Жалпы, мұндай байқау 1990 жылы АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтында өткізілген болатын. Бүгінгі таңда байқау әлемнің 49 елінде табысты түрде өткізіліп, кәсіпкерлік пен инновациялық жұмыстарды жандандыруда.
Өткен жылы елімізде ұйымдастырылған байқаудың «Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы» номинациясы бойынша жүлделі бірінші орынды Жетісай қаласындағы «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» ғалымдары Ибадулла Үмбетаев пен Оразбек Биғараев иеленіп, 1,5 млн. теңге көлемінде сыйақы алды. Биылғы жылдың жалпы жүлде қоры 5 млн. теңгені құрап отыр. Оның бірінші орын сыйақысы 2,5 млн. теңге.
«Инновациялық форсаж» автобусымен келген меймандарды өңірдің велошабандозшылары мен жол полициясы қызметкерлері салтанатты түрде күтіп алып, қала ішін аралатты. Мұнан кейін қонақтар аймағымызда жуырда ғана ашылған «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» болды. Бір терезе қағидасы бойынша жүзеге асырылатын қызмет түрі кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге тегін кеңес береді. Орталық мамандары «Даму» қорының мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен ақпараттар беріп, қажетті құжаттарды дайындауға да көмектеседі. Осындай игі бастамалармен танысқан меймандар Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың бас оқу ғимаратында болып, ғалымдардың инновациялық жобаларымен, археология мұражайымен танысты. Мәжіліс залында ұлттық агенттік өкілдері университет оқытушылары және жоба авторларымен кездесті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев қатысты. Кездесуде сөз алған облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшының орынбасары Ғалым Әлімбаев өңірде жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалармен таныстырды. Әсіресе, бірнеше жылдан бері шешімін таппай жүрген ірі жобалардың бірі «Шыны зауытының құрылысы» жобасы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына септігін тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ, облыстың үлкен өндірісті өңірге айналуы үшін ұйымдастырылатын жұмыстар барысына да тоқталды.
«Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ-ның басқарушы директоры Серік Маратов агенттіктің негізгі қызметі мен «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» байқауы жайында кеңінен мағлұмат берді. Алдын ала әзірленген бейнеролик те көрсетілді.
– Бүгінде республика көлемінде байқауға қатысушылар үлкен қызығушылық танытуда. Жылдан жылға оған қатысуға талаптанушылар саны да артып келеді. Демек, ел ішінде дарындылар, тың идеяларды жүзеге асырушылар да жетерлік деген сөз. Байқауға кез келген жастағы адам әлеуметтік жағдайына қарамастан қатыса алады. Өзінің тың жаңалығын насихаттай білуі керек. Арнайы эксперт мамандардың іріктеуінен соң 15 жоба таңдалып алынып, авторларды Астана қаласында оқыту курстарына жібереміз. Оның жол қаражат шығынын агенттік төлейді. Қандай да бір өнертапқыш болса да, ол өзінің идеясын жұртшылыққа ұғынықты тілмен жеткізе алмауы мүмкін. Мәселен, шетелде инвесторлар небәрі 2-3 минут ішінде өзінің жобасын дәлелдеп шығуға тиіс. Көпшілікке қысқаша түсінікті тілмен осы жобаның шын мәнінде қаржыландыруға тұратынына көз жеткізуі керек. Сондықтан біз осы жағын да ескердік. Ал өтініш беріп үлгермегендер маусымның 18-не дейін электронды түрде агенттікке жіберуге болады»,– дейді агенттіктің басқарушы директоры.
Кездесу барысында Инновациялық автобус қонақтарымен өңір жұртшылығы өзара еркін пікір алмасып, сұрақтарын қойды. Соңында жобаға қатысушылардың өтініштері қабылданды.
//Сыр бойы.-2013.-15 маусым.- 3 б.
Канат ЖОЛДАСОВ
ФОРСАЖНЫЙ АВТОБУС
В Кызылорде побывал инновационный автобус реалити-шоу «Инновационный форсаж». Проект Министерства индустрии и новых технологий, а также АО «Национальное агентство по технологическому развитию» (НАТР) направлен на поиск талантливых ученых, изобретателей для реализации новых инновационных идей, проведение широкомасштабного ликбеза, пропаганду инноваций как выгодном вложении инвестиций, а также предоставление подробной информации о стартующем республиканском конкурсе рационализаторских предложений. В Кызылорде необычный автобус совершил пробег по областному центру в сопровождении эскорта велосипедистов. По пути гости посетили Центр обслуживания предпринимателей, который работает по принципу «одного окна». Здесь бизнесмены будут получать консалтинговые и информационные услуги по разным направлениям. Далее пассажиры инновационного автобуса побывали в главном корпусе КГУ имени Коркыта-ата, осмотрев выставочный зал научно-исследовательского центра «Археология и этнография», учебно-выставочный зал «Глава государства и независимый Казахстан», ознакомились с инновационными проектами, разработанными учеными университета. В вузе представители АО «Национальное агентство по технологическому развитию» провели встречу с инноваторами, изобретателями, учеными и предпринимателями, на котором проинформировали о целях и задачах проекта, об инструментах государственной поддержки инноваторов. Как сказал управляющий директор АО «НАТР» Серик Маратов, конкурс проводится уже восьмой год. Его цель – стимулирование инновационной активности населения и пропаганда инновационного предпринимательства, выявлять и помогать инноваторам реализовать свои идеи. Инструментом поддержки АО «НАТР» является предоставление грантов и услуг бизнес-инкубаторов (здесь имеется в виду оказание субъектам индустриально-инновационной деятельности на начальном этапе услуг по предоставлению помещений, оборудования, ведению бухгалтерского учета, юридическому, информационному и консультационному сопровождению, привлечению инвестиций, управлению проектами). При желании участника конкурса предусмотрено обучение за рубежом, а можно и привлечь иностранного специалиста для внедрения своих проектов. Для нас главное, считают организаторы проекта — пропаганда новаторства и поиск молодых ученых, которые своими идеями могли бы поднять уровень развития промышленности страны. Подать заявки на участие в конкурсе можно до пятнадцатого августа. Те, кто пройдет отбор, станут участниками телешоу «Инновационный форсаж», которое запустят в октябре на одном из республиканских телеканалов. Победитель конкурса получит грант в размере 7,5 миллиона тенге. А полуфиналисты пройдут специализированные тренинги, раскрывающие секреты инновационного предпринимательства. По словам организаторов конкурса, интерес со стороны населения к теме инновации с каждым годом увеличивается. Если в 2011 году было подано около двухсот заявок, то в 2012-м число заявок достигло трехсот. К сожалению, наш регион пока слабо представлен в проекте. Но организаторы конкурса надеются, что этот недостаток поправим.
//Кызылординские Вести.-2013.-15 июня.- С.3
Достарыңызбен бөлісу: |