I теоретические основы логопедии


Ш, Ж, Щ, Ч дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері



жүктеу 11,49 Mb.
бет10/33
Дата02.02.2018
өлшемі11,49 Mb.
#8366
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Ш, Ж, Щ, Ч дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері



19-сурет

Ш фонемасының артикуляциялық көрінісі



Ш дыбысының жасалу механизмі мынындай. Ерін аздап дөңгеленеді. Тістер не қысылған, не жақындаған, арасында жіңішке саңылау 1-1,5 мм болады. Тіл таңдайға «ожауланып» көтеріледі. Оның бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді. Алдыңғы ұшы альвеол артындағы таңдайға тиіп, ортасында жарты ай қуысын жасайды. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс перделері ажыраған, шығатын демді жұтқыншақ пен ауыз қуысына еркін өткізеді /19-сурет/.







20-сурет

Щ фонемасының артикуляциялық көрінісі /профилі/



Ауызда тіл ұшы мен таңдай арасындағы саңлау түріндегі кедергіге кездесіп, шығатын дем С дыбысынан төмен болып естіліп шу шығарады. С - ға қараганда Ш дыбысының төмен шығуы таңдайға көтерілген тіл мен алдыңғы тістер арасындағы қуыстың көлемділігімен болады. Шудың қосымша төмендеуі еріннің дөңгеленуімен іске асады. Ш және Ж дыбыстарының айтылуындағы айырмашылық Ж дыбысын айтқанда дауыс перделері жабысып, қозғалысқа түседі, шығатын ауа ағысының әлсіздеу, таңдай аралық қуыс тарылады


Жұмсақ Щ дыбыс ш-дан тіл үстінің жоғарырық орналасуымен, оның ілгері ығысуымен, одан тіл мен алдыңғы тіс арасы тарылуымен, сонын нәтижесінде шыжылдаған шудың күшеюімен ерекшеленеді (20-сурет).

Ч дыбысы жабысқан Т мен Щ дыбыстарының тығыз бірігуін танытады. Алғашында тіл альвеол астындағы таңдай алдына жабысады. Тіл үсті мен бүйірлері Щ дыбыстарындағыдай қалыпта болады. Жұмсак таңдай кетеріледі, дауыс перделері ажырайды. Оның ізінше жабысу бүзылады да тіл алды щ артикуляциясына тән кейін серпіледі. /21-сурет/.

21-сурет Ч фонемасының артикуляциялық көрінісі /профилі/




Щ, Ж, Ч, Ш дыбыстарын айтқанда С, Ц, 3 дыбыстарын сипаттағанда кездесетін көптеген кемшіліктер кездеседі. Оған еріндік-тістік, тісаралық тістөңіректік, бүйірлік, мұрындық сигматизм түрлері жатады. Соның ішінде кей

жағдайда бұл дыбыстардың кемшілігінен ерінің



дөңгелеуіне, соған сай шудың төмендеуіне байланысты ерекшеленеді.

Басқа жағдайларда келтірілген дыбыс жұптарының айырмасы болмайды, бұл Ш мен Т; Ж мен Д; Ч, Щ мен Т алмасады, бұндай жағдайда парасигматизм сияқты жазуды игеруге қатты қиындық келтіреді. Кейде Ш' дыбысы С, С; Ш, Щ дыбыстарының; Ж, дыбысы 3, 3', Ж, Ж'; ал Ч дыбысы Ч, Ц дыбыстарының орнына айтылатын сигматизмдер түрі кездеседі. Ызың дыбыстарға тән парасигматизмнің түрі ызың дыбыстардың ысқырық дыбыстарымен алмасуы /шана-сана, қонжық-конзық, ашы-асы т.б./. Парасигматизмнің бұл түрі ысқырық сигматизм деп аталады және бұл көбінесе балабақша балаларының арасында кездеседі. Ш мен Ж дыбыстарын жігерлі айтуын да ұрт томпаяды, соған сай келетін оны ұрт сигматизмі дейді. Ш, Ж дыбыстарын айтудағы кемшіліктер қатарына оларды X дыбысына жақын немесе сай келетін, оның үнді түрімен дыбыспен алмастыруда кездеседі. Есте болатын жай жуан Ш мен Ж дыбыстарын айту кемшілігі болса да кейде жіңішке Ч, Щ дыбстары дұрыс айтылады. Бұған сигматизмнің аталған екі түрі жатады.

Қатаң және жұмсақ ызың дыбыстардың мұндай айырмасы соңғысы тіл ұшын таңдайға көтермей айтудан болады. Щ, Ч дыбыстарының артикуляциясын салалауда таңдайға жабысуды тілдің алдыңғы шетімен емес, тіл үстінің алдыңғы тұсымен жасайтын адамдар кездеседі. Бұнда тіл түсіріліп С дыбысы артикуляциясына тән қалыпқа кейін шегінеді, сөйтіп тіл мен алдыңғы тістер арасындағы саңлау ұлғаяды /22-сурет/. Кейде, қуыс жеткілікті кең болғанда төменгі қатаң Ш, Ж дыбыстары пайда болуы мүмкін.



Әдетте төменгі артикуляцияда бұл дыбыстар елеулі жұмсарады.Ш, Щ, Ч дауыссыздарды /әсіресе Ш мен Ж/ айту кемшіліктерінің тууына

шарт болатын сөйлеу артикуляциясының аномалиясынан басқа, тіл асты сіңірінің қысқалығы, таңдайдың биік-жіңішке болуын атауға болады. С, Ц, 3 дыбыстары мен Ш, Ж, Ч, Щ дыбыстарын қатар қамтитын сигматизм жағдайында кейбір ерекшеліктерде болмаса жұмысты алдынғысынан (ысқырық дыбыстардан) бастаған тиімді.



22-сурет.

Щ және Ч дыбысының төменгі

фонемасының көрінісі
Ал бүкіл Ш, Ж, Ч, Щ дыбыстарын қамтитын сигматизмде әдетте түзетуді Ш дыбысынан бастайды.

Мектепке дейінгі немесе төменгі сынып балаларының тіл кемшілігін түзету жұмысы еліктеу негізінде жүргізіледі, төңіректегі дыбыстарды есту кабылдау қабілетіне негізделеді /паровоздың пышылы, күшті желдегі ағын шуылы т.б./. Еліктеу негізін құрайтындар тіл қалпын айнадан көрсету /аздап ашылған ауызбен, оның формаларын қол бетімен бейнелеу/. Сонымен қатар қолмен, кең, жылы ауа ағынын сезіндіру де қолданылады (23-сурет).



Егер бұлар нәтиже бермесе, арнаулы тәсілдер пайдалану керек. Егер Ш дыбысы бұзылып айтылған жағдайда, Р дыбысы дұрыс айтылатын болса, соңғысын қажет артикуляцияға негіз етіп алуға болады. Ол үшін балаға Р дыбысын үнсіз немесе сыбырлап созып айна алдында айтқызады, сосын бәсең дыбыстар пайда болғанша тербеліс тоқтағанша дем шығару үшін жайлата түседі.
Р дыбысын айту кезінде шпательді немесе № 5 зондты, тілдің төменгі ұшына тигізіп, алдыңғы шетінен тербелісін
тежесе, дыбыстауды жайлатпай да алуға
болады. /24-сурет/. Ауызды ашып, оған
механикалық әсер ететін бірнеше жаттығу жасап, қажетті артикуляцияны

қайталау дағдысын қалыптастырған соң алынған дыбысты тісті қысып айтуға болады /дыбыс тұншығып төмендеп шығады жаттығулар сериясының ең соңында артикуля­цияны ерінді дөңгелек-
теумен толықтырады /дыбыс тұншыға түседі/, сонда Ш дыбысы дұрыс айтылатын болады.


24-сурет № 5 зонд
Келесі тәсіл Т дыбысын негізге алуды көздейді. Балаға айна алдында Т дыбысын 3-4 секунд интервалмен бірнеше рет айтқызады. Сосын жаттығу өзгертіліп, артикуляция жақындалған тістермен емес, жартылай ашылған ауызбен қайталанады, бірақ тілдің алдыңғы шеті тіске емес, альвеолаға жабысатыны ескертіледі.

Сонан соң альвеоларлы Т дыбысын аспирациясымен /шұғыл дем шығару/




25-сурет. № 5 зондымен Ш фонемасының қоюға қолданылуы



айтылады, алғашқы сияқты. Осы кезде дыбысқа жеңіл қысқа шу қосылады. Әрі қарай бұл шу созылып айтылады. Онан соң тек тілді ауыз қуысына қарай тереңірек жылжытып тістерді жақындатып, ерінді дөңгелету керек.

Ш дыбысын қалыптастырудың келесі тәсілі-зонд қолдану. Оған негіз болатын С дыбысының дұрыс артикуляциясы. Балаға С дыбысы бірнеше рет дауыстысы бар буын құрамында /С-С-А/



создырып айтқызады. Ізінше ашық жағдайда тіл астына № 5 зонд қойылады, сосын тілді қысып айтқызады /25-сурет/. Баланың осыны орындауға талаптануы /механикалық әсерінен/ шудың түрін өзгертеді. Зондтың көлбеуі мен ауыз ішіне сұғыну тереңдігін реттей отырып, жұмысты осы сатыда, ең дұрыс акустикалық тиімділігін беретін қалыпты таңдап алу керек. Тіл артикуляциясы бекітілісі болмайынша баланың есіне Ш дыбысын салуға, оған осы әріпті көрсетуге, жаттығуларға осы дыбыс бар сөздерді қосуға болмайды. Материал ретінде са, со, се, сы, аса, асо, ас, асе, асы, ос, эс буындарын алуға болады. Барлық жағдайда дауыссыз дыбыс созылып айтылуға тиіс. Жаңа артикуляция қалыптасқан соң балаға қандай дыбыс алынғанын айтуға Ш әріпін көрсетуге, осы дыбыс бар сөздерді жаттығуларды қосуға болады. Өте қиын жағдайда Ш дыбысын қоюды тілдің қажетті формасы мен қалпын қалыптастыруға бағытталған артикуляциялық әзірлік жаттығулардан бастау керек. Оған тілді «күрекке» ұқсатьш шығару, тіл ортасында жырашық жасап үрлеу жатады, одан әрі тілді жоғарғы тіспен жоғарғы ерін арасындағы қуысқа сұғу, жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалау оған тілді жапсыру, осы қалыпта қағазға үрлеп, оның қиғаш жоғарғы желбіреуін бақылау жүзеге асады. Егер тілдің жоғарғы ерінге өздігінен көтерілуі, сол қалыпта тұруы мүмкін болмаса, оған шпательді немесе саусақты пайдалану керек. Тілді жоғарғы ерінге тигізіп үрлейді. Ол жүзеге асқан соң тілді жоғарғы тістердің сыртына қозғауға болады. Осы қалыпта үрлегенде ағылшынның дыбысын еске салатын шу шығады.

Жаңа артикуляцияны бекіткен соң кезекпен жұмыстың ақырғы сатысына көшеді. Әр сатыға сөйлеу органдарының тиісті қалпы бекігенше қанша уакыт қажет болса, сонша кідіру керек. Бұл сатылар тілдің таңдайға қарай, одан әрі жылжуын, тістердің айкасуын, ақырында еріннің дөңгеленуінен тұрады.

Одан кейінгі міндет-артикуляцияны Ш дыбысы бар буындар мен сөздерде бекіту, қажет болғанда оны жасалу механизмі, айтылуы ұқсас дыбыстармен дифференциялау. Ш дыбысын қалыптастыру мен бекітуге байланысты жаттығуларды мөлшерлеу қажетін атап көрсету керек, себебі бұл жаттығулар тыныс аппаратын тез шаршатады.

Ш дыбысының артикуляциясының /сондай-ақ ж, р, л/ қысқарған тіл асты желбезегінің қимылын қиындатқан жағдайда, логопедиялық жұмыстан бұрын тіл желбезегін айыру операциясы өтуге тиіс. Алайда тәжірибеде бұл әдісті операцияны қажет етпейтін балаларға қолдану орын алып жүр. Көбінесе аздап қысқарған желбезегін жаттығу көмегімен де созуға болады.



Өте сирек жағдайда, тіл ұшынан механикалық әдіспен көтеруге болмағанда ғана операция қажет болады.

Ш артикуляциясын меңгерген жағдайда Ж дыбысының айтылу кемшілігін түзету қиынға түспейді. Бала Ш дыбысын созып айтып, оған даусын қосса жеткілікті. Оны логопедтің өзі жасап көрсетеді, ол үшін баланың қолын аузына тақайды /ауа ағынын сезіну үшін/, екінші колын тамағына тигізіп ұстайды /тербелісті сезіну үшін/, содан кейін бала өзінің Ш және Ж дыбыстарын айтуын өзі тексере алады.

Нәтижеге жеткен соң буын, сөз, сөз тіркесі материалдармен дыбыстың дұрыс айтылуын бекітеді, оны Ш дыбысынан ажыратып алады.



Егер 3 дыбысы дұрыс болса № 5 зонд көмегімен С дыбысының Ш дыбысын қалыптастырған жолмен Ж дыбысын түзету қиын емес.

Ш дыбысы болса Щ, Ч дыбыстарын айтуда қателік бола бермейді. Ол тек Щ мен С, Ч мен Ц парасигматизмі жағдайында ғана кездеседі.

Щ дыбысын түзету үшін, ол С түрінде айтылса № 5 зонд немесе шпатель қолданылады. Онда тілді механикалық құралмен аздап көтеріп және кейін ығыстырып /жоғарғы артикуляция/ немесе тек кейін ығысқан /төменгі артикуляция/ дыбысты дұрыс айтуға қол жеткізеді, одан соң әуелі механикалық көмектен кейін оның жаттығулармен бекітеді.



Ч дыбысы Ц' /немесе Ц/ дыбысымен алмасқанда Щ дыбысын түзеткендей механикалық әдіс ұсынылады. Бұл дыбысты түзету үшін Т дыбысы негіз болатын тәсілді де ұсынуға болады. Егер тіл астына № 5 зонд көмегімен дыбысты айтқан кезде, тіл шетін аздап көтеріп, сәл шегіндірсе төмендегісі пайда болады. Щ дыбысынан Ч дыбысы ғана шығып қоймайды, егер Ч буын меңгерілген болса одан Щ дыбысын алуға болады. Бұл жағдайда әуелі ұзартып алып, содан соң біріккен дыбыстан оның фриктивті бөлігін ажыратса жетеді /ЧЩ-ЧЩ,Щ/.

жүктеу 11,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау