1.2. Халық педагогикасын насихаттау және дамыту ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылдаған білім беру туралы Заңында: - «қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау», деп көрсетілген.
Заңда халық педагогикасы сөз етеліп отыр. Сондықтан оны ғылыми негізде пайдалану және даму жолдарын іздестіру – көкейкесті мәселелердің бірі.
Осы бағытта нәтижелі жұмыстар істеп жатқан ғаылымдарды, мектептерді Республикалық баспалардан шыққан ғылыми-әдістемелік еңбектерден, журнал және газет беттерінен байқауға болады. бұл мәселелер жөнінде осы тарауда кейбір ғалымдардың аттары да аталған еді. Енді, бірсыпыра қазақ мектептерін де атап кеткен жөн. Олар: Алматының экспериментальды мектеп-интернаты, Атырау қаласындағы №11, 13, 19, 21, 23 мектептер, Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы Энгельс атындағы мектеп, т.б.
Халық педагогикасын жаппай оқу орындарында, мектептен тыс тәрбие мекемелерінде қолдану үшін әрбір педагогикалық ұжым озат мектептің іс-тәжірибесімен жан-жақты танысады, тәжірибенің мәніне жете түсініп өз мектебінде насихаттайды, оны бірте-бірте саналы түрде меңгеріп, оқу-тәрбие жұмысының процесіне енгізеді. Осыған байланысты озат тәжірибені пайдаланудың ғылыми-әдістемелік нұсқауы жасалады және арнайы бағдарлама дайындалады.
Біз бір-екі мектептің тәжірибесін қысқаша үлгі ретінде ұсынбақшымыз.
Нарынқол ауданы Энгельс атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымы 1987 жылдан бастап тәжірибелі мұғалім Ж.Өтеевтің басқаруымен аталмыш мектепте халық педагогикасына ерешке көңіл бөлініп, оқу тәрбие жұмысы жаңа бағытқа бет бұрған. Бұл мектепте «Жаңарту» өнер отауының бағдарламасы жасалып, онда қазақ халқының әр түрлі өнерлерін еске түсіру, насихаттау және оқып-үйренудің тақырыптары көрсетілген.
Мектепте ұйымдастырылған «Алтын көмбе» университетінің жалпы оқу жүйесінде халықтың салт-санасын, әдет-ғұрпын насихаттау үшін ұстаздармен, тәрбиешілермен, сынып жетекшілерімен, ата-аналармен, оқушылармен және жұртшылықпен істелетін жұмыстардың түрлері жоспарланған. Халық педагогикасының салт-дәстүр ережелері жасалып, бағыттары көрсетілген.
Ұлттық салт-дәстүр мен сананы қалыптастырудағы жас ұрпақ ережесі.
Сынып жетекшілерінің семинар-кеңестерін өткізудің үлгі жоспары.
Ұлттық салт-дәстүрді қалыптастырудағы ер-азамат ережесі.
әйел азаматтардың ұлттық салт-дәстүрді қалыптастыру ережесі.
Халық педагогикасын оқып-үйрену бағыттары т.б.
Энгельс атындағы мектептің тәжірибесі әдістемелік ұсынба түрінде жазылған.
Бағдарламаның басты мәселелері:
1. Ұлттық болмыс ұғымдары (дүниетаным, қазақша ай, жыл атаулары мен сипаты).
2. Ұлыстың ұлы күні (наурыз жыл басы, наурыз көже т.б.).
3. Қазақтың тыйым сөзі (әдептілік, қарапайымдылық т.б.)
4. Ырымдар да халық мұрасы (жолашар, сүйінші, байғазы, көрімдік т.б.)
5. Бабалар батасы (тілек, алғыс т.б.)
ІІ. Имандылық иірімдері (әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ, қарға тамырды қазақ, дос, жолдас, көрші т.б.)
ІІІ. Қазақтың салт-дәстүрі
1. Бала өмірі (шілдехана, қырқынан шығару, бесік тойй және жыры, тұсау кесер, тілашар т.б.)
2. Жастардың сауық кештері (бастаңғы, қызойнақ, алтыбақан, т.б.)
3. Торқалы той (қыз ұзату, оны өткізудің әр түрлі тәсілдері).
ІV. Еңсесі биік ақ орда
1. Киіз үй (жабдықтары, киіз үйге байланысты мақал-мәтел, ырымдар, өлең, қанатты сөздер т.б.)
2. Ұлттық киім-кешектердің, ыдыс-аяқтың түрлері т.б.
V. Өнер жайлы
1. Сөз өнері (айтыс, толғау, терме, шешендік сөздер т.б.)
2. Ұлттық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, уәлдек, шертер т.б.)
3. Халық өнерлері (кілем, текемет, алаша, сырмақ, басқұр, түскиіз т.б.)
4. Зергерлік бұйымдар (білезік, сақина, алқа, сырға, шашбау, бойтұмар т.б.)
VІ. Ұлттық ойныдардың түрлері
Бәйге, қыз қуу, көкпар, күрес, сайыс, аударыспақ, арқан тарту т.б.
Балалар ойыны: асық ойнау, «Ақ серек, көк серек», «Жасырымбақ», ақ сүйек т.б.
Бөбектер ойыны: санамақ, қуырмаш, ұмтыма т.б.
Ақыл-ой ойындары: жұмбақ, ауызша, есеп, тоғыз құмалақ, дойбы т.б.
«Кәусар бұлақ» бағдарламасының кейбір мәселелері үлгі есебінде алынды. Бағдарламаны оқу-тәрбие процесінде әрбір мектеп басшысы ата-аналармен бірлесе отырып, іске асырудың жолдарын, әдістерін іздестіреді.
Қазақ мектептерінің озат тәжірибесіне сүйене отырып, халық педагогикасының негізгі мәселелерін оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен енгізу, нәтижелерін жинақтау және одан әрі қарай насихаттау, дамыту бүкіл педагогикалық қауым алдындағы ең басты міндеттерінің бірі.
Халық педагогикасын насихаттаудың тиімді жолдарының бірі «педагогикалық оқулар». Педагогикалық оқулардың мақсаты – қазақ халқының ұрпақты тәрбиелеудегі үлгі мұраларын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұраптарын, мектептерде пайдалану, жақсы тәжірибені насихаттау және оны мұғалім жұртшылығының игілігіне айналдыру.
Бұл жөнінде облыстар және Республика бойынша жыл сайын өткізілетін Педагогикалық оқулардың ролі өте зор. Сондықтан оларды кеңінен ғылыми негізде пайдаланып, халық педагогикасына, қазақ халқының этнопедагогикасына байланысты тақырыптарды жыл сайын уағыздай және оқу-тәрбие процесіне енгізудің тәсілдерін іздестіріп отыру қажет.
Қазіргі кезеңде кейбір жақсы бастамалар байқалуда. 1993 жылы қазақ мектептері бойынша Жезқазған қаласында өткен «Педагогикалық оқуларды» халық педагогикасына байланысты бірнеше мұғалімдердің озат тәжірибесі талқыға түсіп, өте құнды баяндамалар «Қазақ ССР халыққа білім беру ісінің озық қызметкері» Значогымен Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігі мен Халыққа білім беру және ғылыми қызметкерлері кәсіподағы Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен наградталды.
Солардың ішінде мына мұғалімдердің есімін атауға болады.
Мұқашев М. – Гурьев облысы, Махат ауданы, М.Баймаханов атындағы орта мектеп мұғалімі. Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін биология сабақтарында уағыздау».
Дүйсенов С. – Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы В.Куйбышев атындағы орта мектеп мұғалімі. Тақырыбы: «Қазақтың халық педагогикасы». Бұл тақырып бойынша халық педагогикасын насихаттау, оның игі дәстүрлерін оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану тәжірибесі сөз етілген.
Осындай озат мұғалімдердің халық педагогикасы тақырыптарына жазылған баяндамалары көптеп саналады.
1.3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың құралдары мен жолдары.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқаруды үйренуі керек.
Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқытылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды. Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді.
Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірибе жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдылық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте-бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады. Бұл жөнінде ғарышкерлердің космосқа ұшуы, оның кеңістігін зерттеу пән мұғалімдерін бай материалдармен қамтамасыз етеді.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың алатын орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық-материалистік көзқарастары қалыптасады, олар адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез-құлқының бағыттылығын, іс-әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді.
Тарих курсы қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды. әдебиет адамдар арасындағы қарым-қатынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір шындығымен, Отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады.
Сонымен мектепте оқыту оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.
1. Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәнінің орнын анықтау, пән аралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, саяси-әлеуметтік және адамгершілік идеяларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді, оларды пәндерді оқудың уақыты бойында логикалық және деректік сипатына қарай күрделенетін ретпен тізбектей орналастырып, бірнеше басқышқа бөледі. Үшінші кезеңі дүниетаным қортындыларын топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде оқытылатын материалдан шығатын дүниетаным қортындыларын тақырыптарға сәйкес бөлу және оларды сабақ жоспарында, оқушылардың өзіндік жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды белгілеу жүзегеасады. Бесінші кезеңде оқушылардың оқуын, ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс-әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістері мен формаларын анықтайды.
2. Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру. Дүниетаным идеяларын меңгеруге оқушының белсенді және орынды қатынасы оның ақиқат екндігіне сенімін қалыптастырады.
3. Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі. Білім тек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып, тәжірибеде тексеріліп, іс-әрекеттің жетекші идеясына айналса ғана дүниетаным сипатын алады.
4. Оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы. Адамгершілікті көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен бекіту, оқушыны қоршаған орта, оны қоғамның – саяси белсенділікке, өз бетіндік іс-әрекетке және жауапкерлікке итермелейтіндей жағдайда қоюды талап етеді.
5. Мұғалім – ғылыми дүниетаным иесі және оны жүзеге асырушы. Жалпы, оқушының дүниетанудағы жәрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой-өрісі кең және берік көзқарасты адам болы керек.
Әр түрлі сыныптың және мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың ғыылыми дүниетанымын дамытудың қажетті құралы. Мұндай тәрбие жұмыстары арқылы мектеп оқушыларының қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандықты таңдап алуға көзқарасын қалыптастырады. Осы бағытта жүргізілетін түрлі оқу пәндері, жас натуралистер мен жас техниктер станцияларының, көркемөнер үйірмелерінің тәрбиелік мәні аса зор. Үйірмелер мен клубтар оқушыларды қоғамдық іс-әрекетіне еліктіреді, үйретеді, олардың арасында ғылыми көзқарасты насихаттайды, қоғамға қарсы теріс пікірлер мен қылықтарды қолдаушыларға ықпал жасайды.
Мектепте, үйелмен және өндірісте оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегінің, олардың қоғамда өз роліне бақытты өмір сүруіне түсінуінің, өзінің алатын орнын білуінің маңызын атап кеткен жөн. Өйткені еңбек процесінде оқушылар әр түрлі ұжымдармен, жеке адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы білім және практикалық дағдыны игереді, қоғамдық қатынастар тәжірибесін иемденеді. Осының нәтижесінде оқушылардың адамгершілік көзқарасы, сенімі мен сезімі дамиды.
Көп жылдар бойына әдебиет беттерінде атеистік тәрбие сөз етіліп келеді. Адамның дүниетанымын қалыптастыруда қажетті құралдардың бірі болды. Атеизм туралы ұғым тарихта діни оқулықтармен, олардың әр түрлі заманда үстемдік ету сипатымен байланысты болды. Атеизм ғылыми негізге сүйене отырып, құдайды бекерге шығарады. Міне, осы тұрғыдан қазіргі қайта құру кезеңінде атеистік тәрбиені әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырады.
Ғылыми-атеистік тәрбиенің негізгі мақсаты дүниенің материалды біртұтас екендігі жөнінде оқушылар көзқарастарының жүйесін қалыптастыру. Ең маңыздысы оқушылар жас шамасының мүмкіндігіне сай дүниеде мәңгі қозғалыстар және диалектикалық дамитын материалдан басқа ешнәрсенің жоқ екендігін түсінуінде.
Міндет – оқушыларды жаратылыстан тыс күшке сенуді жоққа шығаратын ғылыми атеизммен қаруландыру.
Атеист болу дегеннің өзі тек құдайға сенбеу емес, дүниеге дұрыс, ғылыми көзқарастың болуы. Оқушы атеизм адамның тұлғалық мәнінің бір қыры екендігін түсінуі.
Дүниені диалектикалық, материалистік, атеистік тұрғыдан қараудың элементтері ең алдымен оқу процесінде қаланады. Қандай пән болмасын, оның оқу материалы дұрыс қойылса ғана мазмұны балаға тәрбие берудің объективтік алғы шарты бола алады. Оқушыларға атеистік тәрбие беру құралдарының ішінде ұйымдастыру жолдары алуан түрлі сыныптан тыс жұмыстар ерекше орын алады (сұхбаттасу, кино, теледидарлық материалдар көру және талқылау, діни сенімдерге байланысты кештер, жиындар, пікірталастар өткізу, саяхаттар, түрлі үйірмелер т.б.). Бірқатар балаларды діни салттар әуестендіру мүмкін.
Ғылыми атеистік тәрбиеде үйелмен, оқушының күнделікті тұрмыстық ортасы маңзды роль ойнайды. Оқушы үйелмені, оның тұрмыстық ортасын, атеистік тәрбиеде мұғалім өзіне көмекші етіп алғаны жөн. Бұл жер де мектеп мұғалімі дінге сенуші ата-ананың немесе басқа үйелмен мүшелерінің сөзімен аяқасты етпеуі керек.
Қоғам дамуының жаңа сатысында тәрбиеге ықпал жасайтын факторларға біржақты, тиым салу тұрғысынан қарауға болмайды.
Кейбіреулер қайта құру, жаңарту кезеңінде болып жатқан жағдайды пайдаланып, діни тәрбиені кең өріс алуын барынша қолдайды. Осы тұрғыдан мешіт және шіркеу қызметкерлерінің адамгершілік тәрбие тақырыптарына діни кітаптардың, әсіресе құранның, таураттың үзінділерін пайдаланып, лекциялар оқуына, әңгімелер өткізуіне оқу орындарының есіктері ашыла бастады.
Мешіттер жанынан түрлі діни мектептер ашылып отыр. Мұндай мектепті бітірген жастар келешекте кім болады, қоғамда қандай роль атқарады? Бұл да шешім табуға тиісті мәселе.
Бірсыпыра ғалымдардың пікірлері бойынша тауратты, басқа да діни әдеби және тарихи кітаптарды пайдаланып, дүние жүзілік мәдениетпен және өнермен жастарды таныстыру қажет. Мысалы, Мәскеудің мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде студенттер антик және орта ғасыр әдебиеттері бойынша семинар сабақтарында діни тауратты пайдаланады, демек, грек, Римнің қоғамдық құрылысы, мәдениеті және өнерімен танысады. Бұл жерде сөз діни тәрбиесі туралы емес, студенттерді тарихи - әдебиет көне ескерткіштерімен таныстыру. өйткені бұларсыз дүние жүзілік мәдениет даму процесінің пайда болуын түсіну қиын.
Бірақ шіркеумен және мешітпен жақындасуды тіпті дінмен келіскендіктің белгісі деп қарастыруға болмайды. Олармен араласпау, қарым-қатынас жасаумау, оларға қарсы тұру діни қызметкерлері мен қоғам арасында болмауы тиіс. Теологтар өздерінің діни тарихының халықтар мәдениеті туралы білім тапшылығын болдырмауда белгілі көмек көрсетеді.
Бәрімізге белгілі барлық классикалық кесіндеме таураттық (библия) сюжетке негізделген, классикалық музыка көп дауысты шіркеу әнін бойына сіңірген, бұрынғы философиялық оқу осы қайнар бұлақпен қоректенеді.
Сонымен, біздер дүние жүзінің әдебиеті мен тарихи мәдениетіне түсінбей, ешуақытта жастардың жалпы мәдениет деңгейін жоғары көтеру мүмкін емес.
Қазіргі кезеңде жастардың дін деген не, оған олардың көзқарасы, өмірге қатынасы қалай, міне, осы мәселелерге терең ойланып, шыдамдылықпен қарау тиіс. Осыған орай, оқыту және тәрбие барысындағы басты міндеттер – бұл дүниетанымдылықты дамыту, атеистік білімнің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ету еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын және ғылыми үдеуді есепке алып, жастардың ғылыми-атеистік тәрбиесінің деңгейін көтеру, толық сенімі мол белсенді атеистерді тәрбиелеу.
Дүниетанымын ғылыми-материалистік тұрғыдан түсіндіруді жақтай отырып, дінге сенушілердің сезіміне нұсқан келтіруге болмайды. Олардың халық арасында әр түрлі жаңа салттар мен әдіс-ғұрыптарды кеңінен тарату жөніндегі болымды істеріне көмектесіп, бағыт беріп отырған жөн. Демек, осы бағытта мешіт, шіркеу қызметкерлері жалпы адамдық құндылық және мейірімділік қозғалысына үлес қосуға тиіс.
II-тарау Оқушыларға ұлттық киім тігуде эстетикалық және көркемдік талғамды қалыптастырудың негізгі әдістері.
2.1. Оқыту процесінің заңдылықтары және принциптері
Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байланысты.
Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы біржағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған орай, оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар оқыту процесінің табысты болуына игі әсер етеді.
Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, осымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана танымды нәтиже береді.
Оқу процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Сыныптағы оқыту процесі, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы факторлар әсер етпейді.
Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге тәрбие жұмысын өткізуге сыртқы факторлар зиянды әсер етеді.
Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын байланысты философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады.
Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Мектепте бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми-техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
Оқытудың білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму зонасы» одан әрі «актуальды даму зонасына» көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.
Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.
Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді, ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады.
Оқыту іс-әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық іс-әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек ету жауапкершілік сезімі артады.
Оқыту процесінде оқушылардың жас, дербес ерекшеліктерін есепке алу. Жас ерекшеліктері мындай жағдайда еске алынады.
а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын т.б. жасағанда;
ә) организмнің дене және психикалық дамуына байланысты;
б) оқу, тәрбие процесінде.
Жеке адамның дербес ерекшеліктері:
а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик);
ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.
Қабілет – адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.
Білім беру жеке адамның жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады.
Оқыту процесінің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының және әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары. Оқыту процесінің барлық элементтерінің мақсаттары мен міндеттерін, мұғалімнің және тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды.
Бұл заңдылықтар:
а) оқыту мазмұны қоғамның мақсаттары және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты;
ә) оқыту формалары, оларды ұйымдастырып, өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты;
б) оқыту әдістері, олардың мақсаттарымен анықталады.
Оқыту процесінің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип – латын сөзі – негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Оқыту процесінің бірнеше принциптерін атауға болады.
Оқыту процесінің мақсаттылық принципі. Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді. Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
Оқытудың ғылымилық принципі. Бұл принцип табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ғылымилық принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылымилық принцип оқушылардың таным қаблетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
К.Д.Ушинскийдің айтуы бойынша, оқыту бұл баланың байқағыштығының, ойының, тілінің, есінің, қиялының дамуы, баланы еңбекке, өмірге дайындау. Оқыту ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады.
Оқыта отырып тәрбиелеу – бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл-ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.
Сонымен, білім беру, тәрбие оқытудың бірыңғай процесінде іске асырылады. Бұл үш категория бірін-бірі өзара нығайтады, толықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |