I тарау кәсіпорын қызметіндегі айналым капиталының МӘні мен ролі



жүктеу 1,4 Mb.
бет1/5
Дата14.01.2018
өлшемі1,4 Mb.
#7493
  1   2   3   4   5





МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ............................................................................................................................ 3

I ТАРАУ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ

МӘНІ МЕН РОЛІ............................................................................................................6

1.1 Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі –

ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару ........................................... . 6

1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы ..................................20

1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері ......................26
II ТАРАУ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ...................................................................................35

2.1 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы ... ...........35

2.2 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық талдау ....................45
III ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ

КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................... 51

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................. 71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................. 74


КІРІСПЕ

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтанда, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетілуі тиіс. Кәсіпорында ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Ең білікті кадрлар жинақталады. Сол сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.

Кәсіпорының ағымдағы іс - әрекеттерін қамтамасыз етуде айналым капиталы маңызды ресурстардың бірі, ол өндіріс сферасына ғана емес, айналдыруларға, экономикада есеп – қисаптардың күй – жағдайын көрсетуіне, сонымен қатар елдегі ақша айналымдарына ықпалын тигізеді. Егер жоспарлы экономика кезеңінде өндіріс қорлары айналым құралдарының құрылымынан жоғары болса, онда шаруашылық етудің жаңа шарттарына ауысуға жаңа проблемалар туғызды - өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорындарға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады. Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Оны жабудың қаржылық көзімен мерзімі өткен кредиторлық берешек болады. Айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірісін тоқтаусыз қозғалыста ұстап тұруға, өндірісті ақша және материал ресурстарымен уақытында қажеттігін қамтамасыз етуге және айналым қаражатының пайдалану тиімділігін арттыру үшін қажет. Қазіргі уақытта меншік айналым құралдары өте аз, ал ол болса кәсіпорында басты ролді атқарады, өйткені коммерциялық есеппен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлкі болуы керек. Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады. Сонымен қатар кредиторлық қарыздың өте маңызды ерекшелігі бар: меншік айналым құралдары мен банктік несиеден айырмашылығы, ол тауарлық түрде тартылады. Неғұрлым кәсіпорын – сатып алушылардың (бөтендердің) экономикалық айналымында тауарлары мен ақшалары көп болса, соғұрлым көбірек ол оны орналастырады. Бірақ та капиталдың соншалықты тартылуы ел экономикасының қаржылық жағдайына және оның буындарына апатты сәулесі түседі.

Сайып келгенде, нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда.

Жоғарыда айтылғанның барлығы, сонымен қатар айналым капиталын ұтымды пайдалану және оның жағдайының жақсарту қажеттілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауын анықтады.

Бұл тақырыбымның мақсаты – кәсіпорынның саясаты мен айналым капиталын және оның ұтымды пайдалануын үйрену.

Мақсаттан тыс, жұмысыма қойылған келесі тапсырмалар:



  • Кәсіпорын айналым капиталының экономикалық мәнің оқып – үйрену;

  • Кәсіпорын айналым активін қазіргі заманға сай топтастыруын көрсету;

  • Кәсіпорынның негізгі тиімділік қызметін, айналым капиталын басқаруын үйрену;

  • «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымын талдау;

  • Кәсіпорын саясатын зерттеу саласындағы айналым құралдарын құру;

  • «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын қаржыландыру және құрылу көздерін оқып – үйрену.

Нарықтық экономикаға сай кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану және құру проблемаларын теориялық және практикалық негізде зерттеу.

Зерттеу обьектісі « Мерей-Әсем» ЖШС.

Жұмысымның теориялық және практикалық негізінде отандық, шетелдік, ресейлік ғалымдардың еңбектерінен айналым капиталын қалыптастыру саласындағы кәсіпорынның саясаты, статистика бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Агенттігінің және кезекті баспа материалдары, сонымен қатар «Мерей-Әсем» ЖШС-ң 2004-2005 жылдардың қаржылық есебі.


I Тарау Кәсіпорын қызметіндегі айналым капиталының мәні мен ролі.

1.1 Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі – ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару.

Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық субъект, шаруашылық қызметін жүргізу үшін құрылған және оның мақсаты пайда табу мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру. Кәсіпорын негізінен заңды тұлға ретінде құралады және жиынтық белгілер арқылы анықталады. Ол дербес бухгалтерлік баланстың бар болуы, банкте есеп шоттың ашылуы, мүлік пен міндеттемелер үшін жауапкершілігі және өз атынан қызмет жасауы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің мәні өндірісті ұйымдастырудан және тауарды өткізуден құралады. Кәсіпорын басқа да кәсіпорындарымен қарым-қатынаста болады. Олар жабдықтаушылар мен сатып алушылар, біріккен қызмет бойынша серіктестер және банктер.

Қаржы қатынастар ақша қаражаттардың негізінен кәсіпорынның кірісі мен меншікті құралдардың құрылуынан, шаруашылық қызметін қаржыландырудан, қаржы көздерінен қарыздарды жұмылдырудан және кірістерді таратудан пайда болады. Шаруашылық қызметті ұйымдастыру үшін сәйкесті қаржылық қамсыздандыру талап етіледі. Бастапқы капитал кәсіпорын құрушылардың салымдарынан құрылып, жарғылық капитал формасына айналады. Бұл әрбір кәсіпорын мүлігінің қалыптасу көзі болып табылады. Кәсіпорынның жарғылық капиталының нақтылы құрылу тәсілі ұйымдық-құқықтық формасына байланысты болады.

Кәсіпорынды құру кезінде негізгі қорларды және айналым қорларды керекті мөлшерде қалыптастыру өндірістік-шаруашылық қызметті дұрыс жүргізуге әсерін тигізеді. Сонымен, бастапқы капитал өндіріске инвестицияланады да, өндіріс процесс кезінде өнім құны құралады. Сол өнімді өткізу кезінде өнім ақша формасына айналады да, кәсіпорынның есеп шотына түседі.

Айналым активтері кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігі ретінде қаралады. Айналым активтері – бұл өндірістік ақша қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процесстер мен өнімді өткізудің қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процесстердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процесске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге алып барады.1 Кәсіпорын қызметінің негізгі шарттарының бірі – ол тиімді пайдалану. Ұйымның жаңа шарттарын анықтауға нарықтың дамуы байланысты. Олардың жағдайы және тиімді пайдалану – кәсіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептелінеді. Нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда.

Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру кәсіпорынның жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізі болып есептелінеді. Оған мыналар жатады:

- айналым қаражатының құрамын және құрылымын анықтау;

- кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін анықтау;

- айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;

- айналым қаражаттарын пайдалану туралы өкім және ептілік жасау;

- айналым қаражаттарын сақтау және тиімді пайдалануға жауапкершілік

ету.2

Айналым қаражаттарының құрамына көптеген элементтер кіреді.

Өндірістік айналым активтерінің негізгі бөлігі – шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жартылай фабрикаттар, жанар және жағар майлар, ыдыстар және т.б. құрылады.

Мысалы, машина жасау өндірісінде, өндірістік цикл ұзақ болады, осыған байланысты аяқталмаған өндірістің үсесті салмағы жоғары. Ал жеңіл және тамақ өнеркәсібінде басты орынды шикізат, материалдар алады. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде қосалқы материалдардың қоры әлбетте жоғары болады.

Материалдық өндіріске кәсіпорын құралдарына қаржы салымдары айналым ұзақтығына тәуелді, олар негізгі және айналым құралдарына бөлінеді. Айналым құралдарының функционалдық ролі өндіріс процессінің түп тамырында негізгі капиталдан айырмашылығы бар. Айналым құралдары өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым капиталы – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.3

Айналым қаражаттарын қалыптастыру көзіне қарай меншікті, қарызды және тартылған түрлеріне бөлінеді.

Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорындарға айналым қаражаттар пайдалануға кең ерік берілген. Айналым қаражаттары кәсіпорынның меншігінде және оны ешкімнің алуға еркі жоқ.

Кәсіпорын меншігіндегі айналым қаражаттарын басқа кәсіпорындарға сатуға, беруге, жалға беруге еркі бар. Кәсіпорын алдында тұрған маңызды проблема айналым қаражаттарын сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпорын қаржысын жоспарлау процесінде жыл басына айналым қаражаттарының артық немесе жетіспеуін анықтаудың маңызы зор.

Өндірістік айналым қорына жекелеген құны аз және тез тозатын заттар, аспаптар, арнайы құралдар, құрал – саймандар, ағымдағы жөндеуге керекті құралдар, арнайы киімдер және т.б. жатады. Бұл құрал жабдықтар бір жылдан кем уақыт аралығында жұмыс істейді. Кәсіпорындарда бұл еңбек құралдарының мыңдаған аттары бар, олардың тозығын есептеу техникалық жағынан қиыншылыққа соқтырады. Сондықтан, практика жүзінде оларды негізгі қорларға жатқызбай, айналым қорларына жатқызады. Аталған заттар және еңбек құралы – айналымдағы өндіріс қоры тобына жатқызылады. Одан басқа өндірістік қорға – аяқталмаған өндірісті және болашақ кезеңдегі шығындарды жатқызады. Айналымдағы өндіріс қорына авансталған қаражат негізінен өндіріс процесін тоқтаусыз, қалыппен жүргізуді қамтамасыз етеді. Айналым қаражаттарының құрамы және құрылымы әртүрлі салаларда бірдей емес. Олар экономиканың көптеген әртүрлі факторларымен анықталады. Егер жоспарлауға байланысты кәсіпорынның меншікті айналым қаражаты жетіспейтін жағдайда, кәсіпорын уақытша қарыз қаражатының есебінен айналым қаражатын толықтырады. Кәсіпорынның айналым активтерінің жетіспеуі түрлі себептерге байланысты және ол кәсіпорын әрекетіне байланысты емес. Кәсіпорын заңсыз айналым қаражатын күрделі құрылыс қажеттігіне бөлу немесе жоспарланған пайданы алмауы салдарынан бар меншікті айналым қаражаттарды сақтауды қамтамасыз ете алмайды, яғни белгілі сомадан айырылады. Кәсіпорын әрекет етіп жатқан экономика жағдайы оның айналым қаражатына аумақты әсер етеді. Сатылып алынған тауар – материалдар бағасының өсуі кәсіпорын айналым қаражатын жетіспеуіне әкеп соғады. Банк несиесінің жоғарғы пайызбен берілуі және т.б.

Кәсіпорын айналым қаражаттарына қажеттігін анықтау. Коммерциялық принциппен жұмыс істеуші кәсіпорындар белгілі мүлікке иелік етіп, жедел шешім қабылдай отырып, шаруашылықты рентабельді жүргізуге жауапкершілікті болуы керек. Осындай жағдайда кәсіпорынның меншікті айналым қаражатына қажеттігін анықтаудың қажеттілігі арта түседі. Кәсіпорынның айналым қаражаттарына қажеттілігі, нормалау, процесі арқылы орындалады. Нормалаудың мақсаты – айналым қаражатының ұтымды мөлшерін анықтауда. Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатына қажеттігі қаржы жоспарын жасаған кезде анықталады. Айналым қаражатының мөлшері өндіріс көлеміне, өндіретін өнімдер ассортиментіне, жабдықтауға, сатуға және қолданылған есеп айырысу түріне байланысты болады. Айналым қаражатын нормалау ақша өлшемімен орындалады. Анықтауға негіз жоспарланған кезеңдегі өнімдерді өндіруге кететін шығын сметасында қарастырылады.

Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай - әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:4



А – Қ ... Ө ... Д – А1 ,

мұнда, А – шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;



Қ - өндіріс құралы;

Ө - өндіріс;

Д – дайын өнім;

А1 - өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.

Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.

Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы – айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:5

Өқ

Қақ = ---- ­­­

Оқ

мұнда, Өқ – белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны ( өнімді өткізуден алынған түсім ),



Оқ – сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.

Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады. Өндіріс процесінің үздіксіз айналымдылығы, айналым қаражатының тоқтаусыз айналуына байланысты.

Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен экономикалық өнім жасаудан құрылады. Кәсіпорын өнім шығарады, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:



  • ұйымдық бірлік: кәсіпорын – бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және

басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;

  • белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша

көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық

ресурстарды біріктіреді;



  • мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа

жеке пайдаланады;

  • мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық

мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;

  • кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік

формасына негізделеді;

- шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;

- оперативті – шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке

өзі түрлі мәмілелерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі

алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және

өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.

Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл - әміршілдік экономика жағдайында мына тәсілмен жұмыс істейді:
Ресурстар Өндіру Өткізім

Бұл тәсілде ең негізгісі – ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі өнім шығарылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика жағдайында кәсіпорындарда өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.

Қазақстан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бұл жөніндегі жағдай түбірінен өзгерді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей қарама – қарсы басқа тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды:

Өткізім Өндіру Ресурстар

Бұл тәсілде негізгісі – сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдаятын, сатып алушылардың сұрау салуларын, нарық сиымдылығын, әлуетті бәсекелес өнімдердің сапалылығын және т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын ескеру қажет. Жасыратыны жоқ, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен аталған тәсілмен жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын емес еді, олардың ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді, қайтадан жоспарлы экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенді.

Негізгі капитал – бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.

Натуралды-заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады – ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік-шаруашылық құрал-саймандар, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру. Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы – сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіш – қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарымының көрсеткіші мына формуламен есептелінеді:

V

Ққ = ­­­----

Қ

мұнда, V – жыл ішінде өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн есебімен;



Қ – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.

Бұл формула негізгі өндірістік қорды пайдалану деңгейін егжей-тегжей талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтанғанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте онды нұсқа болып есептеледі. Өйткені, осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші - өнімнің қор сиымдылығы (Қс). Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды.



Қө

Қс = ­­­----

Өқ

мұнда, Қө - жыл ішінде өндірілген өнімнің тауарлы немесе қалыпты бөлігінің құны;



Өқ – негізгі өндіріс қордың орташа жылдық құны.

Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сиымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет. Негізгі өндірістік қордың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жетеді.

Кәсіпорынның иелігіндегі ақша активтерін немесе қалдық ақша қаражатын басқару, жалпы айналым активтерін басқарудың бір бөлігі. Кәсіпорын жұмыс барысында әрекет жасайтын қалдық ақша активінің көлемін, оның абсолюттік төлем қабілеттік деңгейін анықтайды, операциялық кезеңнің мерзіміне әсер етеді, сондай-ақ белгілі мөлшерде оның инвестициялық мүмкіншілігін сипаттайды.6

Операциялық ақша активтерінің қалдығын қалыптастырудың мақсаты кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық (операциялық) жұмыстарымен байланысты, ағымдағы төлемді қамтамасыз етуді қалыптастырады: шикізаттар, материалдар және жартылай фабрикаттарды сатып алуға; еңбек ақыға, салық төлеміне; басқа мекемелердің көрсеткен қызметінің төлеміне және т.б. Бұл қалдық ақша қаражатының түрі – кәсіпорынның жинақты ақша активтерінің құрамының негізгісі болып есептелінеді.

Сақтандыру ақша активтерінің қалдығы негізінен нарықтағы дайын өнімдер конъюктурасының нашарлауына байланысты және операциялық жұмыстан ақша қаражатының өз уақытында түспеуіне байланысты сақтандыру тәуекелдігін қалыптастыруға қажет. Қалдықтың бұл түрінің қалыптасуы кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттігінің болуын ұстап тұруға, жекелеген қажетті қаржылық міндеттемелерді төлеуге қажет. Бұл қалдық ақша активтері түрінің мөлшеріне белгілі мөлшерде кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржылық несие алу мүмкіншілігі әсер етеді.

Инвестициялық ақша активтерінің қалдығы нарықтың жекелеген сегменттерінде қолайлы конъюктура болуына байланысты тиімді қысқа мерзімді қаржы салуды қалыптастырады. Қалдықтың бұл түрі нысаналылықпен тек сол уақытта қалыптастырылады, егер де ақша салымдарының қалыптасуы қажеттігін толық қанағаттандыратын болса. Қазіргі еліміздің экономикасының дамуы жағдайына байланысты кәсіпорындардың басым көпшілігінің ақша активтерінің бұл түрін қалыптастыруға мүмкіншілігі жоқ.

Өтемдік ақша активтерінің қалдығы – негізінен банктердің талабы бойынша кәсіпорынға есеп айырысу қызметін көрсетуге және оған басқа қаржылық қызметтің түрін орындауға қалыптасады. Ол – азаймайтын ақшалай активтердің сомасы, оны кәсіпорын банкпен жасалған келісім бойынша тұрақты түрде өзінің есеп шотында сақталуы керек. Мұндай қалдық ақша активтерін құру банктен кәсіпорынға несие берудің бір шарты ретінде қарауға болады.

Қаралған қалдық ақша активтерінің түрлері тек кәсіпорынның өз салым ақшасын қалыптастырудың экономикалық құралын сипаттайды. Айталық, сақтандыру ақша активтерінің қалдығын қолданбайтын кезеңінде оны инвестициялық мақсатқа пайдалануға болады немесе кәсіпорынның қатарлас өтемдік қалдық ақша ретінде қарауға болады. Сондай-ақ инвестициялық қалдық ақша активтерін, пайдаланбаған кезеңде – оны сақтандыру немесе өтемдік қалдық активі ретінде қарауға болады, бірақ жинақы қалдық ақша активтерінің көлемін қарағанда, әр аталған құрал есепке алынуы керек.

Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әлбетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және тағы басқалар.

Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма-қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Тұрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, векселдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Тұрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басынқы болады.

Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады.

Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс. Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұның жағымдылығы - тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төлембеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соныңда, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді. Төленбеген шоттардың үлкен үлесті салмағы және басқадай қарыз түрлерінің болуы – кәсіпорындарға түсетін қаражаттардың негізгі көздерінің бірі болып есептелінеді, осыған сәйкес дебиторлық қарыздарды басқару туралы шешім қабылдауды қажет етеді. Ең алдымен, барлық дебиторлық қарыздың сипаты бағаланады, дебиторлардың құрамы талданады, олардың құрамындағы үмітсіз қарыздар анықталады. Бұндай бағалау әртүрлі мезгілде пайда болған дебиторлардың топтары бойынша жүргізіледі.

Дебиторлық қарыздарды талдау және басқару процесінде кәсіпорындар болжау ретінде, сондай икемді шарт жүйесін жасауы керек, онда өнімдерге (толық немесе жартылай) алдын ала төлеу, аралық шотты ұсыну немесе инфляция индексіне сәйкестендіріп икемдік баға құру керек және бұл шаралардың қаржы нәтижесіне әсері бағалануы тиіс.7

Тұрақсыз экономика кезінде шығындарды болдырмау мақсатымен өнімдерге алдын ала төлемді кең практикалану мақсатымен есептегі қаражаттың айналымдығына бақылау жүргізіледі. Айналымдық көрсеткіш, қарызды қайтару дәрежесін көрсетеді.

Айналым капиталының құрамындағы маңызды қор айналымының құрамына дебиторлық қарыз және ақша қаражаты жатады. Олардың спецификалық түрлеріне, қозғалыс жылдамдығына, пайда болу заңдылығына қарай айналым қаражаттарының бұл түрлері нормаланатын айналым қаражаттары сияқты алдын ала есептелінбейді және есепке алынбайды. Бұл элементтерді басқару басқа әдістермен орындалады. Шаруашылық етуші субъектілердің осы құралдармен басқаруға мүмкіншіліктері бар және олар несиелеу және есеп айырысу жүйесі арқылы олардың көлеміне әсер ете алады.

Коммерциялық есеппен жұмыс істеуші кәсіпорындар дебиторлық қарыздың мөлшерін қысқартуға құштар, өйткені бұл айналым қаражаттарының айналым саласындағы айналымдылығын тездетеді, демек айналым капиталын тиімді пайдаланады. Мысалы, тауарлар операциясы бойынша дебиторлық қарыздың көлемін азайту арқылы, шартпен келісілген тауарларды жеткізу жоспарын орындау көрсеткішін, пайда туралы жоспарды және рентабельдікті жақсартады. Айналым қаражаттарын басқадай есеп айырысуда қысқарту арқылы, оларды толығырақ мақсатпен пайдалануға мүмкіндік тудырады, өйткені олар бұл ретте өндіріс саласынан шығып кетпейді. Соныменен, әрбір кәсіпорынның мақсаты, айналым саласындағы айналым қаражаттарының көлемін барынша қысқартуға барлық резервтерді пайдалану. Бұл резервтерге кәсіпорындар арасында тура шаруашылық байланысты дамыту, шарттық тәртіпті қатайту және ондағы міндеттемелерді орындау, прогрессивті есеп айырысу түрін қолдану практикасын кеңейту жатады.

Кәсіпорындардың дебиторлық қарызын тиімді басқару мақсатымен дебиторлық қарызды басқару саясаты жасалынып және орындалуы керек. Дебиторлық қарызды басқару саясаты – кәсіпорынның айналым активтері мен маркетингтік жалпы саясатының бір бөлігі болып есептелінеді, сондықтан сатылатын өнімдер көлемін көбейтуге, қарыздың жалпы мөлшерін оңтайлану арқылы өз уақытында төлемді қамтамасыз етуді қажет етеді.8


1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы.

Жоспарлау, есеп және талдау тәжірибесінде айналым капиталы келесі белгілер бойынша жіктеледі:9

- өндіріс процесінде функционалдық роліне байланысты: өндірістік

айналым қорлары және айналыс қорлары;

- бақылау, жоспарлау және басқару тәжірибесіне байланысты:

нормаланатын айналым қорлары және нормаланбайтын айналым

қорлары;

- айналым капиталдарының қалыптасу көздеріне байланысты: жеке

меншік айналым капиталы және қарыздық айналым капиталы;

- өтімділікке байланысты: абсолютті өтімді айналым капиталы: тез

өтімді айналым капиталы, баяу өтімді айналым капиталы;

- капитал салымының тәуекел деңгейіне байланысты: салымның

минималды деңгейімен айналым капиталы, салымның аз тәуекелімен

айналым капиталы, салымның орташа тәуекелімен айналым капиталы,

салымның жоғары тәуекелімен айналым капиталы;

- кәсіпорынның балансындағы көрінісі мен есеп стандарттарына

байланысты: запастардағы айналым қорлары, есеп айырысуларжәне басқа

да активтер;

- материалды-заттық мазмұнына байланысты: еңбек заттары (шикізат,

материалдар, аяқталмаған өндіріс және т.б.), дайын өнім мен тауарлар,

ақша қаражаттары және есеп айырысу қорлары.

Функционалдық белгісі бойынша айналым капиталдарын айналым қорлары мен айналыс қорларына бөлу айналым каипталының өндіріс және айналыс процесінде келу уақытын бөлек есептеу мен талдау үшін қажет.



Кесте 1.

Кәсіпорынның айналым капиталының өндіріс процесінде функционалдық роліне байланысты классификациясы

Айналым капиталы

Айналым капиталына кіретін құралдар

1. Өндірістік айналым капиталы (өндіріс сферасындағы және өндіріс процесіндегі айналым капиталдары).

1.1. Өндірістік запастар:

- шикізат

- негізгі материалдар

- сатып алынатын жартылай

фабрикаттар

- қосымша материалдар

- аз құнды және тез тозатын заттар

(қалдық құны бойынша)



1.2. Өндіріс процесіндегі құралдар:

- аяқталмаған өндіріс

- өзіндік жартылай фабрикаттар

- болашақ кезең шығындары



2. Айналыс қорлары (айналыстағы айналым қорлары)

2.1. Өткізілген өнім

- кәсіпорынның қоймасындағы дайын

өнім

- тиелген, бірақ әлі төленбеген өнім



- қайта сатуға арналған тауарлар




2.2. Ақша қаражаттары

- касса


- есеп айырысу шоты

- басқа да ақша қаражаты

- басқа да кәсіпорындармен және

ұйымдармен есеп айырысу



3. Айналым капиталының жалпы сомасы

п1+ п2

* И. А. Бланк «Основы финансового менеджмента» Киев, 2000,стр.301
Басқару деңгейіне қарай айналым капиталдары нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді. Нормаланатын айналым капиталдарына барлық өндірістік айналым қорлары жатады. Сонымен қатар кәсіпорын қоймасында өткізілмеген дайын өнім қалдықтары түріндегі айналым қорларының бөлігі жатады.

Нормаланбайтын айналым қорларында айналыс қорының қалған элементтері жатады, яғни тұтынушыларға жіберілген, бірақ әлі де төленбеген өнімдер және де ақша қаражаттары мен есеп айырысудың барлық түрлері.



Айналым капиталының жеке меншік қарыздық болып бөлінуі олардың қалыптасу көзі мен кәсіпорындарға айналым капиталдарын тұрақты және уақытша қолданысқа беру формаларынан көрінеді.

Жеке меншік айналым капиталы кәсіпорынның меншік капиталы есебінен қалыптасады (жарғы капиталы, резервтік капитал, жинақталған пайда және т.б.) Шаруашылық қызметтің айналым капиталымен қамтамасыз етілуі үшін олардың көлемі меншік капитал көлемінің шегінде бекітіледі. Меншік айналым капиталы тұрақты түрде пайдаланып отырады.

Кәсіпорынның меншік айналым капиталына қажеттілігі жоспарлау объектісі болып табылады және оның қаржылық жоспарында көрініс табады. Бұл қаражаттар запастартарды, яғни нормаланатын айналым қаражаттарын жабудың көзі ретінде қызмет етеді. Олардың алғашқы қалыптасуы компанияның құрылуы кезінде және оның жарғы капиталының жасалуы кезінде болады.



Қарыздық айналым капиталдарының қалыптасу көздеріндегі маңызды және негізгі мән-мағынаға ие. Қарыз қаражаттары кәсіпорынның ақша қаражаттарына уақытша қосымша қажеттілігін жабады. Қарыз қаражаттарын тарту өндіріс сипатымен, нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болған қиые есеп айырысу қатынастарымен, меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіз мөлшерін толтыру қажеттілігімен және басқа да объективті және субъективті себептермен шарттасқан. Қарыздық айналым капиталдары банктік несие формасында, сонымен қатар кредиторлық қарыз ретінде қалыптасады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі. Олардың бір бөлігі ақылы (несиелер мен қарыздар), екінші бөлігі – ақысыз (кредиторлық қарыз). Кәсіпорынның қарыздық айналым капиталдарына қажеттілігі де жоспарлау объектісі болып, бизнес – жоспарда көрініс табады.

жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау