І-тарау. Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры


Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған /14/М. Татишев



жүктеу 0,67 Mb.
бет2/3
Дата06.02.2018
өлшемі0,67 Mb.
#8845
1   2   3

Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған /14/М. Татишев., аумалы-төкпелі заманға душар болған ел жұртқа «бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып» басқыншы жаудың бетін қайтарып,өз тәуелсіздігін қорғап келу немесе жау табанында біржола жаншылып құрып біту мәселесі көлденең тұрды.Жырау ең алдымен осындай жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйіндей біріктіру арқылы қан құйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыру керектігін түсінді.

Бұқар жырау өзінің шығармаларында халықтың еңсесін көтеріп елге-ерге дем беріп, жұрттың көңілінде жүрген асыл арманы- «Қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған» тыныш заманның салтанатын жыр етеді. «Маң-маң басып жүріңіз, байсалды үйге түсіңіз» деп тынымсыз жаугершіліктен қажи бастаған елге қуатты сөздермен қайрат беріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, халықты рухани жүдеушіліктен сақтап, жігерлендіріп өз күшіне сенімін арттырып бейбітшіліктің мазмұнды тіршілігін жыр етті. Оны мына өлең шумағынан көруге болады:

Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,

Бұл үйректей болыңыз,

Судан суға жүйгемен,

Көлден көлге қоныңыз

Байлар ұғылы шоғалар,

Бас қосыпты десінде,

Маң-маң басып жүріңіз,

Байсалды үйге түсіңіз.

Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынан түңілсін

Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз./15/

Бұхар жырау өзінің үгіт насихат жырларында көшпенді елдің ертеден орныққан қағидасы шеңберінде рулық қайшылықтарға қарсы тұрып, туысқандық, ынтымақ жолымен, ру тайпалардың ара қатынасын бекітерліктей саналы саясат жүргізді.

Қазақ мемлекетінің негізі елдің рулық ара-қатынасынан құралса, оның қайнар бұлағы әр ошақ басының саулығы, туысқандық мейірімділік сезімнің артуы арқылы құралатынын жырау жақсы түсінген. Ертедегі орыс халқының осы сияқты бірікпей басынан кешкен тарихын жаза келіп, белгілі жазушы Гумилев Л.Н. былай дейді: «Древнюю Русь погубила дестабилизация, явившаяся следствиям снежения пассионарного напрежения этнически системы или, что проще увелещение числа субпассионарного-эгойстов, не способных к само пожертованию ради бескорысного патриотизма»/16/.

Бұхар жырау елді басқарып отырған сұлтан,шонжар билердің алауыздығына қарсы жұртшылықты ауыз бірлілікке шақырып, халықты сыртқы жауына соққы беруге ұйымдастырған. «Шашырап шыққан хандар көп, шашауы жатқан малдар көп » деп елді бұра тартқан сұлтан, ру басы адамдардан отты сөзін аямаған. Сонымен бірге ол халық бұқарасы мен халық арасындағы түсінушілік мемлекеттің тірегі екенін білген.

Бүгінгі біз айтып жүрген патриоттық сезім кейінгі ұрпаққа Бұқар жырының бесігімен тербеліп, жүрегіне осылай ұялаған. Ол кездегі алға қойылған міндет пен саяси әлеуметтік талап қазақ деген ұлттық сананы, рулық жүздік ұғымның шеңберінен асырып, түбі бір тұтас мемлекеттік дәрежеге көтеру еді.

Бұқар жырау қазақ жұртын қабырғалы мемлекет қатарына қосуды арман етті.Елімнің басын біріктірем деп,талай қияпат қиындықты басынан кешірді.Жарқ етіп сермеген алдаспан жырлары ханды да қараны да аямады,түйінді ойлардың тұсауын кесіп, шеңберлі саясаттың тынысын кеңейтіп отырды.

Жырау сол замандағы ірі мемлекеттердің қол астында қалған ұсақ елдердің тағдырына шұқшия үңіліп,бағдарлай байқап, бастарына түскен алапат өмірдің ауқымынан еліне тиімді зерделі ой пікірлер айтып,ақыл кеңес беріп отырды. Ұлы мемлекеттердің шен-шекпен арқылы бүтіндей елді айрандай ашытып,сүттей іріту саясатын әшкерелеп,ел басқарушыларына ескерте: «Жемқорларға жем беріп, ел қамын айтқан жақсыны, сөйлетпей ұрар ұртына», деп өсиет нақыл сөздерін айтып та,жазып та кеткен.

Бұхар баба тек жырау емес,халықты бірлікке шақырып,елдің тәуелсіз мемлекет болуы жолындағы ірі саясаткер Абылай ханның Батагой данасы болды, сондай-ақ Абылай ханның маңайына ержүрек батырлардың,әділ билердің, халық жаны ашырларының топтасуына игі ықпалын тигізді.Академик М.Қозыбаевтің сөзімен айтқанда: «Бұхар жырау – жыраулықты көрегендікпен, көрегенділікті көріпкелдікпен ұштастырған ел данасы. Болашаққа қырандай ғарыштан қараған барша халықты алаламай тұтас бір халық деп санаған, шалдыққанда Абылайға тірек болуға жаралған, аптыққанда қаһарлы Абылайдың өзін де жас баладай сабаған халық бабасы. Ол ханнан да қаһарлы,оның тірегі – халық, сыншысы- тарих» /17/.

Бұхар жырау толғауларында сайын сахараға шашырап қоныстанған, өзара байланысы әлсіз қазақ рулары мен жүздерінің басына төнген қауіптің негізгі себептері де ашық айтылады. Өздерінің ежелгі шегараларынан тым алыс жатқан елдер мен жерлерді бірінен соң бірін күшпен бағындырып, барған сайын араны ашылып, қомағайлана түскен екі империяның- Ресей Қытайдың тегеурініне төтеп беру қандай қалыққа да қиын еді.Ал ұшы қиырсыз кең алқапты алып жатқан ойрат пен қазақ бірін-бірі қырып бітірсе екі империя да өздерінің жері кеңейтінін байлығы артатынын өте жақсы біледі. Сондықтан да олар сөз жүзінде бейбітшілікті жақтаушылар болып көрінгенімен шынтуайттап келгенде «бірің өліп бірің қал» деген саясат жүргізді. Осындай жағдайда қазақ елінің ішкі бүтіндігін, жауынгерлік рухын сақтау,жауға тойтарыс беріп қана қоймай елдің ежелгі қоныстарын қайтарып алу қиынның қиыны болатын.Қазақ хандары мен сұлтандарының кейбіреулері бас сауғалап, қара басының қамын ойлап, қарауындағы руларының ғана мүддесін көздеп, дұшпанға бағынып, іріткі салып жүрген шақта өзара алауыз жұрттың басын қосу ел басшыларының көреген,қажымас қайратты,данышпан, парасатты болуын қажет ететін. Абылай бейнесін халық қиялында ерекше іріленіп, сомдалуының басты себебі де оның тар кезінде, тайғақ кешулерде ел бірлігіне ұйытқы боларлық, ақыл, айла, ынтымақ кілтін таба алғандығына байланысты /18/.

XVІІІ ғасыр Қазақ елінің басына күн туып аумалы-төкпелі заман орнап,жоңғардың шапқыншылығынан көп зардап шеккен халыққа жырымен рух берген ханға ақылшы,елге дана бола білген жыраулар қазақ халқының сол кездегі өмірінен жырлары арқылы қоғамды сипаттап ел өмірінен хабар берген. Бұқар шығармасы қазақ тарихының ақтаңдақ тұстарын көзге көрсете жырлап,қазақ-жоңғар шапқыншылығы хақында таптырмас дала деректері дала жыры тұрғысынан баяндап, болашақ ұрпаққа елінің тарихынан хабар беріп тұрғандай.

1.2. Үмбетей шығармалары- Қазақстан тарихының дерегі ретінде.

Ақтамберді мен Бұхар,Тәтіқара мен Қожаберген бастан өткерген XVІІІ ғасырдың аласапыран уақиғаларының ішінде Үмбетей де болды. Қазақ-жоңғар қатынастарындағы бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін Үмбетей жырау, Ақтамберді жырау, Тәттіқара жырау, Көтеш ақын және Бұқар жырау туындылары жеткізді.

«Ақтабан шұбырындыдан » кейін қазақ батырлары жеткен алғашқы жеңістер, Ордабасыдағы съезд халықтың жауынгерлік рухын көтерді.Әрі батыр,әрі жырау Ақтамбердінің сөзімен айтқанда, көптеген қазақтар:

«Дұшпаннан көрген қорлығым»

Сары су болды жүрекке

Он жетіде құрсанып,

Қылыш ілдім білекке

Жауға қарай аттандым

Жеткіз деп құдай тілекке!»-

деп жауға аттанды /19/.

Үмбетей жырау өз толғауларында Жоңғарлардың Баянауыл, Қызылтау,Абралы,Шыңғыс таулары мен Қара Ертіс бойындағы Мамырықты және Алатауды қалай жаулап алғанын суреттеген /20/.

«Баян Ауыл, Қызыл тау,

Абыралы, Шыңғыс тау

Қозы- Маңырақ,Қой-Маңыра

Арасы толған коп Қалмақ,

Қалмақты қуып қашырдың,

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай тауға асырдың,

Ақ Шәуліге қос тігіп,

Ауыр қол жиып алдырдың,

Қалмаққа ойран салдырдың,

Қабанбай мен Бөгенбай

Арғын мен Найманға

Қоныс қылып қалдырдың» /21/.

Назар аударарлық – бұл деректер түгелдей дерлік ақиқат.Бұл мекендердің Қозымаңырақ мен Қоймаңырақтан өзгесі қазір де солай аталатын, бүгінгі Повлодар, Қарағанды, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының территориясын алып жатқан үлкен тау алаптары, шұрайлы, құйқалы қоныстар екенін көреміз /22/. Осы аталып отырған жерлер ұзаққа созылған күрестерден соң Жоңғар тауларынан шыққан Ойрат тайпалары басып алған Қазақтың байырғы мекендері болатын.ХҮІІІ ғасыр орта шенінен бастап бұл қоныстар қайтадан қазаққа өтті. Осы жеңісті жорықтар кезінде Қазақ халқының басында жүрген батырлардың бірі Бөгембай еді.Тек бұлғана емес. Бөгембай - Жоңғарға қарсы күрестің қиын күндерінде, қазақтар ауыр жеңілістерге ұшырап, Сайрам, Түркістан, Ташкенттердің бірінен соң бірінен айрылғанда, Ақтабан-шұбырындыға ұшырап, атамекенінен босқан кездерде еңсесі түспеген, жүрегі шайлықпаған ерлердің бірі еді.Бұл кезде Бөгембай Қалмақтарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. Үш жүздің хан, сұлтандары бір сәт мәмілеге келіп,бас қосып,жоңғарға қарсы соғысты қайта ашқанда,ол алдыңғы сапта шықты. Қазақтардың 1728,1730 жылғы жеңісті жорықтарында Бөгембайдың атқарған рөлі ерекше.

Үмбетей бейнесі Бөгенбай батырдың есімімен байланысты. Оның Бөгенбайға қатысты екі ұзақ жыры бар: Біріншісі- Бөгенбайды жоқтау; Екіншісі-Бөгенбай өлімін Абылайханға естіру.

Қанжығалы Бөгенбай батырдың аты кімге болсын жақсы таныс.Ол- Жоңғарға қарсы күрестің қаһарманы,әлуетті батыр, атақты қолбасы, еліне еткен қызметі арқасында жұрт сүйіктісіне айналған Қазақ халқының ардагер ұлдарының бірі.

Сондықтан «дұшпанға қарсы оқ атқан», үрей болған қалмақты талқандаған,

«Қолтығы ала бұғының

Пәйкесіндей Бөгембай,

Жалаң қия жерлерден

Жазбай түсіп түлкі алған,

Білегі жуан бүркіттің

Тегеурініндей Бөгембай»,-

дүниеден көшкенде Үмбетей жырау көзінің жасын көл қылады, батырдың өлімін аза тұтады, оның тірісінде халқына еткен қызметін еске алып,марқұмды мадақтайды /23/. Бөгембай қабірінің басында жоқтау жырын айтқан соң жырау батырдың аманатын орындауға Абылай ханның ордасына барады,ел сүйіктісінің өлімін хабарлайды.Үмбетейдің өмірі Абылайханмен тұтас өтеді және ол хан мен істес қимыл жасайды.Қалмақ басқыншылары жүргізген үздіксіз ұзақ соғыс кезінде Үмбетей батырлар бастаған жорыққа белсене қатысады. Өз атынан халыққа, батырларға үндеу тастап, ел амандығын сақтауды,жауға берілмеуді,ашына жыр еткен.Өзі өмір шеккен ғасырдағы халықтың ардақты азаматтарын, яғни батырларын, билерін құрметтеп мадақтайды.

Бөгенбайдың Қалмақты қырып, туған жерден қуып тастағанын шабыттана толғайды.

«Қалмақты қуып қамырдың,

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай тауға асырдың»,

деп атамекенді жаудан босатқанын мадақтайды /24/.

Үмбетей жыраудың қалмаққа қарсы күресін шындық түрінде жырлаған ақын және өзі көрген жортуыл туралы жырлар шығарған эпик ақын. Үмбетей Абылай маңында болған шағында ханды оның тірегі болған Бөгембай, Олжабай сынды батырлардың халық үшін сіңірген еңбегін, қалмақпен соғыста жасаған қаһарман ерліктерін мақтан етіп жырлап отырады. Соғыстың ауыр сәтінде батырға дем беріп, оларға қиыншылыққа мойма деп әрдайым жігерлендіреді. Ақын батырлармен бірге жауға аттанып, шайқастың ортасында жүреді. Сондай сәттерде өзі көрген ұрыс- барысы, ерлік істі куәгердей суреттеп, батырдің күш-қайратына сүйсініп, отты жырлар төгеді. Сондай соғыстардың бірінде Абылай ханның жортуылда жолы болмапты.Өкшелеген жаудан құтылуға айналғанда алдыдан өткел бермес тасыған өзен кездеседі. Жұрт ұйлығып қалыпты.Бәріне де харап болу қаупі төнеді.Сонда ақын:

Қамыстың басы майда,түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы болат найза.

Алдыңнан су артыңнан жау қысқанда

Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Бөкейді айт соғыр менен дулаттағы

Дербісәлі маңдайды айт, қыпшақтағы.

Өзге батыр қайтса да біз қайтпайтын,

Сары менен Баянды айт уақтағы.

Ағаштың биіктігін айтсаң,қарағайды айт.

Жігіттік ерлікті айтсаң,Бөгембайды айт.

Найзаның ұшына жау мінгізген,

Керейде Еменәлі, Ержебайды айт.

дегенде, аты аталған батырлар ақынның соңынан тасып жатқан өзенге түсе бастайды.Бұлардың артынан қалың қол еріп судан аман өтіпті.

Қазақ халқының тұтастығын, елінің жауға алдырмас қайсарлығын жырлай отырып елдің басына түскен зар заманды, күйзелісті жырына арқау еткен Үмбетей жырау болашақ ұрпақтың да таңы жарқын, рухы биік болсы деп тарих бұрмаланбасын деп ел алдындағы тарихты жырымен жазуы қазақ тарихының жаңа көзқарастарды тануына жетелейді.
1.3. «Елім-ай» әні және Қожаберген жырау.

Халқымыздың тартқан ауыртпалығы қазақтың бәрі білетін «Елім-ай» әнінде керемет суреттелген. Бірақ, он бір буынды қара өлеңмен айтылған бұл туындының авторы ұзақ уақыт бойы халық болып есептеліп келеді. Әрине, қазір халықтікі болып есептеліп жүрген талай туындының әу бастағы иесі жеке адам екендігінде дау жоқ. Бұқар жыраулармен тұстас келген адамның көкірегін жарып шыққан осы шығарманың авторы жайлы халықтың жақ ашпай келуінде бір сыр бар,мұның мәнісі: халық өзінің табиғатында намысқой ол бірлі-жарымды адамның емес, күллі халықтың сүйегіне түскен таңбаны ел болып «етегін жапқаннан» кейін, авторын айта отырып, жаңғырта жырлауға қашан да құштар болмаған. Сондықтан кешегі бір жан даусы шыға қиналған тұста өзінің мұңы мен қайғысын қапысыз тап басқан әуен мен сөзді айтса да, оның авторын айтпайды. Өйткені, мұндай автор кейінгі күндерде өмір сүріп, елміз,халықпыз деп соның абыройлы, рухтылығын қалай еткенде де жоғары ұстаймыз деп жүргендер үшін кешірілмес күнә иесі секілді болып қабылданады.

Авторсыз туынды саналып келген «Елім айдың» халық арасында бірнеше нұсқасы бар.Олардың көлемі мен сөз құрылысында да азды-көпті айырмашылықтар байқалады. Тіптен, олардың авторлары туралы пікірлер де әрқилы.Осы мәселе төңірегінде Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ы.Дүйсенбаев т.б. ғалымдар пікірлерімен байланыстыруды орынды деп ойлаймыз /25/.

Ы.Дүйсенбаев аталмыш жырды өзіне Оразайұлы Мұстафа деген азаматтың 1970 жылы тапсырғанын, туындыны біреулер белгілі Көтеш ақын, біреулер тобықты Топыш, енді біреулер Қоңырқожа деген кісі айтыпты деген әңгімелерді айтады. «Қаратаудың басынан көш келеді» туындысының әу бастағы авторының кім екендігі төңірегінде тұспал жасап,оның қанша нұсқасы,ілгері-кейінгі уақыттар да бұл шығарманың қай басылымнан жарық көріп, кімдер зерттеп,кімдер сөз еткендігі Г. Тұрсынов зерттеуінде сөз болады. Мұнда автор өзіне дейінгі зерттеушілер пікіріне сүйене отырып пікір айтады.Қазақстан Ғылым академиясының әдебиет және өнер инситутының қолжазба қорында халық мұрасын жинақтаушы Бұқар жыраумен тұстас Керей Қожаберген жырау шығарыпты дейтінді хабарлайды.Сондай-ақ, филология ғылымдарының кандидаты М.Жармұхамедов те «Қазақ әдебиеті» газетінде Қожаберген жыраудың «Елім-ай» жыр-дастаны туралы мақала жарияланған.

Қожаберген бабамыз 1688-1710жылы 22-23 жыл бойында қазақ,ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасшылық жасаған сардарбек,ордабасы,Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер. «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Қожаберген ұлы жеңісті шыңдаған ақылы найза бойламас ұлы тұлға болды.

Қожабергеннен сақталып жеткен мұраның туу тарихы.1723 жылы көктемде Қожаберген екі баласын алып Сыр бойындағы қайын жұртына, әйелі Айманның еліне келеді.Осында жүргенде Қалмақтардың үлкен шабуылы басталып,еліне қарай шегіне қашуға мәжбүр болады. Шығарма ат үстінде туған,кейіннен Қожаберген өзі хатқа түсіріпті.

Жырау көз көрген жайды баяндайды. «Елім ай» дастанында қасіретті ошақтың улы зары, шер мұңы көз көрген, ел үшін, жер үшін халқымен бірге күрескен ұлы жыраулардың түйін,тұжырым, таразы бағасымен берілді. Орыс елімен қытай мемлекеті қолдап,қолпаштап,қолына қазақ көрмеген дәу мылтықты ұстатып,айдап салған қанішер Қалмақтың сұмдық соққысынан есеңгіреген ел, ата қонысынан ауған,бет бетімен бас сауға іздеп,ашық күнде аспаннан қан жауғандай күй кешіп, есеңгіреген шақтың шежіресі болған бұл дастанда халықтың болашақ күнге сенімі, ызасы мен кегі,қылыш шапса қырқылмаған ар намысы, жауға кегі, келер күнге сенімі тұтас түскен.

«Елім ай» қазақ тарихындағы айтуы бетбұрыс кезеңінің көңіл күйі, шындығы.Жырау ата жаудың бел алып, күшейіп кету себебі орыс пен қытайдың қолдауы дегенді баса айтады. «Елім ай» жеті бөлімнен тұрады,3683 шумақ, яғни14732 жол өлең. Бізге жеткені соның 2000 жолдары ғана. /26/

1718 жылы Тәуке хан өліп,билік оның баласы Болат ханға өткен тұста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейеді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы Полтова түбінде орыстың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспедициясы құрамында Кееку қаланың маңында 1715 жылы қыста ол қалмақтарға тұтқынға түседі.1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір балқытып, зеңбірек жасауға,оның оғын дайындауға, тіпті баспахана жасап, әріп құюды үйретеді. Сонымен бірге қазақтарды өз қол астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей қалмақтарға Сібір бойындағы бкеіністерден зеңбірек берген деседі. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарын жасап,жүз мыңнан астамәскер құрып,қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда қазақтан жағы олардан қауіп күтпей , ішкі талас-тартыспен жүрген ьолатын. Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі,Шу,Талас өзенінің аралығымен өтетін /27/. Шығармада сол «Ақтабан» өткен тұстағы елдің сыртқы ішкі жағдайы соғыстың бастауы, бет алысы баяндалады.Цеван Рабдан қытай мен орыстың білгірлерін жолдап,бес жыл әскерін жаңа қарумен соғысуға, жалпы соғыс өнерін мықтап үйретеді.

Болмаса қалмаққа өнер қайдан келсін,

Тетігін зор мылтықтың қайдан білсін.

Осындай мол жабдықпен келіп шапты,

Дегендей қайратымды қазақ көрсін.

... Қырғызып қазақтарды қалмақтарға,

Орыстар қамалдарын салып жатты.

Дастанда сол кездегі қазақ мемлекетінің ішкі сыртқы жағдайы айқын көрінді.

Жау болды ағайын ел естек бізге,

Жасады ол да жорық елімізге.

Қоқан да күнгей беттен қоқаңдайды,

Соқтықпай ойғыр,қырғыз тағы бізге.

Мұсылман көмектеспей мұсылманға,ғ

Бермеді қару жәрдем қысылғанда.

Түрікпен Қоқан, Хиуа,Бұқар жау боп,

Жат болды өзбек, тәжік дін исламға.

«Елім-ай» негізгі бөлігі қара өлең үлгісімен келген дастан. Шығармада Қожабергеннің ақындық қуатын айғақтап жатқан әсерлі шумақтар, өзіндік қолданыстар аз емес.

Бастарын қара таудың мұнар жапқан,

Салдырып сырдың суы сылаң қаққан...

Атаңа нәлет ит қалмақ...

Қумалақтай қорғасын...

Атақты «Елім-ай» дастанында:

«Шабуылы жау қалмақтың күші екен»,-деп,

Кетпеңдер жаудан қорқып тарап бәрің-

деп бірлікке шақырса,

«Кеудеңде шыбын жаның болса егер,

Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын»-

деп намысқа шақырады.

«Қожа,молда,ишандар артын қысып,

Қоржынға салып қойсын шариатын»-

деп Отан қорғауды дін жолынан жоғары қояды.

«Мекенің болсын,тау мен орман,тоғай,

Ол жерден жау алуы емес оңай»,

«Сайла орын,жер үй салып, жапан түзден»,-

деп партизандық күрес жолын көрсетеді.

«Қазыбек,Ер Жәнібек,Алдабек би,

Үшеуі тозған елді біріктірер»,-

деп оларға үміт артады.

«Шәкіртім қайда екен, Бұқар жыршы,

Сөзіне оның халқым құлақ түрші»,-

деп оның даналығына сенеді.

«Қыздарым,келіндерім жауынгер бол!»-

Қыздарым,келіндерім топ құрыңдар,

Ерлерше киініңдер, сап тұрыңдар.

Ұрыста өл,мазақ болма,берілмеңдер,

Қалмақты селебемен шапқа ұрыңдар,-

деп ұрыс әдісін үйретеді.

Бөгенбай,Ерсары, Асқан,Жабай,Көшек,Ақпанбет,Жайнақ сияқты батырларды «халқын жинап»,

«Жинаңдар құрастырып қалың қолды»,-

деп кеңес береді.

«Сүйей жүр әлсіздерді әлі барың»

«Тізе қос етек жиіп ес барында»,-

деп елді бірлік-тірлікке шақырады.

«Бастап өт,Сарыарқаға қалған елді» -

деп Бұхара,Үргеніш жағында ашыққан,босқан елді жинауға жол сілтейді. Ең соңында:

«Бастасын тозған елді көсемдерім,

Ақылшы болсын сөзге шешендерім.

Хан сұлтан, төрелерді ел санамай,

Тізе қос күшті жинап есендерің»,-

деп үндейді жырау /28/.

Дауылпаз Қожаберген –дүлділ тарихшы.Біріншіден, тек «Елім-ай» дастанында ғана бүкіл дәуірді суреттейді. Жоңғар империясының дәуірлеп күшеюі себептерін ашады. Екіншіден, Жоңғарлардың орыстар мен қытайларға арқа сүйегенін көрсетеді.

Орыс империясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып,жоңғарларға кіші зеңбірек жасауды үйретіп,құтыртып екі түркі тілді халықтарды өз-ара қырып салуына мүмкіндік жасағанын ғажайып суреттейді. Үшіншіден,түрікпен,Қоқан,Хиуа,Бұхардың қазақ еліне деген қастандық саясатын өзбек пен тәжіктің жатығын әшкерлейді. Төртіншіден,Әз Тәуекелден кейінгі қазақ хандығында болған теке тірес бақталас берекесіздіктің бетпердесін ашады.Бесіншіден, ақтабан шұбырыды қалай болды, халық қалай неге тозды деген сауалдарға жауап береді. «Қырылу Алакөлден басталып тұр»- деп Алқакөл емес Алакөл екендігін еске алады. Әдебиетте «Алқакөл сұлама» термині жөнінде алуан пікірлер айтылады. Біреулер қателесіп, «сұлама» түйенің қатпа болып қырылуы деп санайды. Басқа біреулер «Алқакөл» емес, «Алакөл» деп есептейді. Бқл жөнінде сол қасіретті куәгері болған Қожаберген жыраудың «елім-ай» дастанында: «Қырылу Алакөлден басталып тұр»,- деп тікелей көрсетілген.Жекелеген зерттеушілердің пікірінше, «Алқакөл»- Сырдарияның арғы жағындағы,өзенің сол жақ жағалауындағы Бетпақдаладағы көл. Екінші бір нұсқа бойынша, «Алакөл» емес, «Алқакөл» бұл «топтасып қол ұстасып», алдында жатқан адамның тізесіне басын қойып отыру немесе тізіліп жату,жорықтағы демалыс әдісі. «Сұлама» - әбден шаршап-қалжырап,басын көтере алмай жату /29/.

Ең соңында Отан соғысы қалай өтіп жатыр,Қара ноғайдың қазақпенен үздіксіз бір болуын,Қарақалпақ бектерінің жалтақтығын Әбілхайырдың дәл 1723 жылы дер кезінде көмекке келе алмағандығын халық қарсылығының өрістеп, Сарысу бойында жау бетін қайтарғанын айтады.

Әр түрлі деректемелерге қарағанда, жоңғар басқыншыларының басып кіруі кезеңіндегі әскери қақтығыстар, ойран салу,қырып-жою,талап-тонау, аштық,қиындықпен ауа көшу кезеңіндегі қазақ халқының үштен екісінің жуығы құрып кеткен. Бұл қасірет туралы Қожабергеннің «Елім -ай» жоқтауы қазақтардың халықтық азасының нышанына айналды.

Қаратаудың басынын көш келеді.

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел-жұртынан айрылған жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман? Бағы заман.

Баяғыдай болсайшы тағы заман.

Атадан ұл,енеден қыз айрылып,

Көздің жасын көл қылып ағызамын.

Мына заман қай заман? Қысқан заман.

Бақыт құсы алаштан ұшқан заман.

Көк аспаннан топырақ, шаң борады.

Күні суық қаңтардан, қыстан жаман /30/.

Жаугершілік заманда Шыңғыс әулетінің берекесі кете бастады. Өйткені билікті атадан балаға бере салатын күн өткенді. Оның үстіне үш жүзді туырлықтай турап, билеген хан сымақтар өз дәрежесінде болмады. Қожаберген жырау осы туралы былай түйіндейді:

Бүгінгі күн- мұнар күн.

Жер бетін тұман басқан күн

Жалантөс аспас асудан,

Кәпір қалмақ асқан күн.

Бейбіт жатқан халқымды,

Жанына қалмақ басқан күн.

Ақыл таппай қиналып

Билерім қатты сасқан күн.

Паналар жер таба алмай,

Ер етегін басқан күн.

Атуға болмай мылтығын,

Қалмақтан қазақ қашқан күн.

Сәмке, Ғайып,Болат сұм,

Соңына елді ерте алмай,

Қонтайшыға сатылып,

Елдің сырын ашқан күн.

Шығармақ күнім түн болды.

Хан мен сұлтан жын болды.

Сәмке,Ғайып Болаттың,

Сатқындығы шын болды.

Әбілмәмбет солқылдақ,

Ақ балшықша борпылдақ.

Келіспей ерлермен,

Қабандарша қорсылдап.

«Елім-ай» жырын жырлап зар заманды бастан өткерген ,қалың қалмақ қайыса шапса да сыр бермей,үкілі найза қолға алып,еңку-еңку жер шалып елін жаудан, тазартқан жерін жоңғардан азат еткен қазақ ұлтының тарихы Қожаберген жыраудың жырында кез-келген қазақ тарихының деректерімен ұштасып, дерек пен жыр сабақтастығын орнатып отыруы тарихымызды тану үшін алысқа сабылмай-ақ өз жырымыздан ел тарихын көзге шалуға болатындығын дәлелдейді.



ІІ-тарау.Абылай және қазақ батырларының ерліктері.

2.1. Жыраулар шығармаларындағы – Абылай бейнесі.

Бір кездегі Платонның мемлекет жайындағы ілімдегі мемлекетті басқарушы адам қандай болуы керек деген қағидасы бойынша оларды топтарға бөліп, бірінші топтағы басқарушылар (философтар) олардың негізгі қызметі мемлекетті дұрыс басқару, ал екінші топқа әскери қорғаушыларды жатқызады. Мемлекетті қорғаушылар ішкі –сыртқы жаулардан қорғап қана қоймай, соғыс өнерімен қоса, поэзия, музыкаменде айналысса деген екен. Платонның осы мемлекетті басқарушының бойынан іздеген қасиет Абылай ханнан табылар еді. /1/

XVІІ-XVІІІ ғасырдың ұзына бойында жоңғар қалмақтары қазақ жеріне үздіксіз көз алартып,тынымсыз қанды жорықтар жасап,бейбіт елдің берекесін кетірген.Халық әдебиетінде ең мейірімсіз тілсіз жау ретінде қалмақтар аталатыны да осыдан.Қалмақтар қастандығы арылмас дерттей ұзаққа созылғандығы соншалық ерте заманда арпалысқан өзге жаулардың аттары ұмыт болып,тыюсыз тажал бейнесінде озбыр ойраттар ғана қалған.Зорлыққа,астамдыққа еті үйренген,бұрын ешкімнен беті қайтпаған ата жау Абылай заманында жеңіліс тауып,елдің көптен күткен бейбітшілік дәуірге қолы жеткені шынында да тарихымыздағы аса нұрлы, мәртебелі кезең еді.Бұл жөнінде аса белелді ғалымдар өздерінің әділ бағасын берген.Орыстың атақты ғұламасы академик В.Бартольд « XVІІІ ғасырдағы ең күшті хан Абылай болды» деп жазған /2/.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде қазақ халқы бірліктің керегін түсінді. «Дауға барсаң бірің бар,жауға барсаң бәрің бар» деген мәтел сол бір кезде айтылса керек. Топ ішінен суырылып сөйлейтін шешендер, көпті бастар көсемдер, ту ұстар батырлар,сол тарихи кезеңде айбынды елдің айдынды азаматын іздеді,ал ол болса «Жыртылғанға жамау,шаршағанға демеу», «Қалың елдің арын», «Жау- дұшпанның кәрі», «Ауырғанға дәрі,өз елінің нәрі» болуы шарт еді. Дәл осындай ел тілегінен шыққан елдің елеусіз, халықтың қалаусыз жасынан жетім қалып, үйсін Төле бидің түйесін баққан Әбілмансұр (Абылай) болды.

Абылай 22 жасқа шыққан шағында Төле биге сәлем бере келген Бөгембай батырмен кездесіпті. Қалмақтарға барлауға барғанда батыр сабалақты бірге ала кетіпті. Бөгенбай өте сыншыл жан екен, адамның да,малдың да асылын бір кергенде таниды екен. Бөгенбай батыр:

Шырағым-ай көзің отты бала екенсің,

Мінезің қазақтағы хан екнсің.

Жазға салым қалмаққа аттанамыз!

Соған да керек болар жан екенсің!-

деп батасын беріп,астындағы нарқызыл деген тұлпарын Әбілмансұрға ұсыныпты /3/.

Жыр,аңызда Абылай алғашқы ұрысқа атақты Бөгенбай барыр бастаған қолға қосылып барған болады. Мұның ақиқатқа неғұрлым жақын келетіні түрлі тараптан аңғарылады.Бұрын үлкен соғысқа қатыспаған жас батырдың сан жорықтарда шыныққан ерлерден тағлым алып,солардың тәрбиесін көріп барып майданға шығуы көңілге қонымды. «Абылай хан» дастанында Қалмақ батыры Шарышқа жекпе-жеке шығатын ешкім табылмай,ақыры сайысқа Бөгенбайдың өзі түсуге бекінеді.Соғыс тәртібі бойынша мұндай алмағайып жекпе-жекке қолбасының өзі түсуі өте қатерлі іс саналады. Өйткені жазатайым қолбасының өзі жеңіліп қалса, күлі әскердің де беті қайтқаны болып табылады.Сондықтан да Шарышпен ұрсамын деген Бөгенбайға қазақ қолы рұқсат етпейді. Міне осы кезде топтан суырылып шығып сайысқа баратын, жауды өлтіретін бұрын көпке белгісіз батыр Сабалақ болады.Жоңғардың батырын өлтіру,осыдан кейін «Абылайлап» ұран тастап,дұшпанның қалың қосынына қарсы шабуы, соңынан қазақ жауынгерлерін ертіп рухтандыруы оның Сабалақ атын да, туа бітті қойылған Әбілмансұр атын да ұмыттырып, Абылай есіміне ие етеді.Абылайдың атағын аспандатып әкеткен Шарышпен ұрыс суреті былай берілген:

Сабалақ «Абылай» деп ұран салды.

Найзаны майырылған жұлып алды.

Құлаштай сары бестіге қамшы басып,

Ағындап шауып келіп кезек алды.

Ұмтылды сары бестімен шоқтай болып,

Атылған сары мойнақ оқтай болып.

Желкеден өткір қылыш сарт еткенде

Шарыштың басы түсті топтай болып.

Мұндай сипаттамалар мол. Солардың бәрі қосылып,Абылайдың тарихи-эпикалық бейнесін аңыз,жырлардағы қаһармандар қатарына апарады /4/.

XVІІІ ғ. бүкіл өмір жолы барынша мол сипатталатын Абылай хан бейнесі-тек бір ғана жолмен-тарихи оқиғалар кезінде өзін қалай көрсетіп, қалай ұстай білгендігі тұрғысында беріледі. Яки, сол кездегі әдебиеттегі Абылайды негізінен тарихи оқиғалар арқылы танимыз.Мәселен, ілгеріде Үмбетей жырау оның Шарышты өлтіргеннен кейінгі жайын:

Қалдан ханның әскері,

Іздеп сені әрі бері,

Қапыда ұстап алғанда,

Алып барып Ташкенде,

Көр зынданға салғанда.

Елің қараң қалғанда,

Тоқсан жақсы үш жүзден,

Сені сұрай барғанда

Өлтірем деп Қалдан хан,

Орайына шарыштың,

Сөзіне қарсы сөз айтып,

Жауаптастың, қарыстың.

Қапияда тұтылдың.

Қалмаққа бітеу жұтылдың,

Шешендік жолын тұтындың,

Үш ауыз сөзбен құтылдың.

деп толғайды.

Мұндағы Қалдан Серенің баласы жекпе-жекте өлтірілгені,сол үшін оны жоңғар ханының қайдан да болса қстап әкелуді тапсырған адамдарының қазақ сұлтанын аңда жүрген жерінде бірнеше биімен, құдайберді атығай руының атақты батыры Жанақпен бірге ұстап алып Галдан Церенге әкелетіні шындық жайлар. Сондай-ақ, ханның «баламды неге өлтірдің » деген сөзіне «балаңды халық өлтірді, мен сол халық кескен жазаны орындаушы ғанамын.»-деп жауап қатқанда, бұған Галданның риза болып,тұтқынын бас кесерлердің ырқына бермей ағаш үйге қамататыны рас.Абылай сонда тұрып Шарыштың шешесінен талай қарғыс,балағат сөздерді естіп, бейбастық қылықтрды көре-көре шыдай алмай «сенің ұлың секілді қаңғырған құлдың басы қайда қалмаған» деп жауап береді. Тегінде, жыраудың Абылайға «шешендік жолын тұтындың» дейтіні осы қылықтарына орай айтылса керек.Ал, сол жолы тұтқындықтан «үш ауыз сөзбен құтылдың» деген сөзі ел аузындағы Абылайды дәріптеп көрсететіні мынандай аңызбен төркінднс болуы мүмкін.

-Тұтқын Абылайды Галдан Серен Шарыштың құнына бола құрбан етпен болғанда Абылай:

-Тақсыр менің үш арманым бар:әуелі –мен Шарышты қазақ пен қалмақтың қан майданында өлтірдім.Сіз мені үйқыда жатқан жерімнен ұстап алып өлтіргелі отырсыз.Қазақ пен қалмақтың қан майданында өлсем арманым жоқ еді.Екінші-қазақ орнықпай жүрген ел еді,бір жерге орнықтырып,отырықшы өмірге кіргізіп өлсем,армансыз едім.Үшінші- төрт атадан бері жалғыз едім, осы күнде өліп кетсем,не бала,не бауырым жрқ,дүниеге келмегендей боламын гой,-дегенде Қалдан хан төмен қарап отырыпты да,қасындағы уәзіріне: «Мынаның сөзінің бәрі рас.Әсіресе, соңғы сөзін қарашы.Менде төрт атадан бері жалғыз едім.Осы күнгі жалғыз балам Әмірсана өліп кетсе,мен де тұқымсыз кеткенім-дағы»- деп қалмақ тілімен айтқан екен.Абылай хан: «Алдияр!»-деп қол қусырып тұра келеді.Қалдан хан Абылайға:

-Сен неге «алдияр» дедің. Мен сені өлімнен босаттым ба?-десе:-Тақсыр,жалғыз балаңызға ұқсатқаныңыз босатқаныңыз ғой.Мен қалмақша тілді білемін,-дейді.Қалдан хан Абылайдың сөзіне разы болып оны тұтқыннан босатады /5/.

Абылай ел билей бастаған кезде Бұхар орта жасқа келгенде,атағы бүкіл елге жайылған белгілі жырау аталған. Ол сол кездегі ел басқару ісіне белсене араласқан «аузы дуалы» билердің бірі. Кейін ол Абылайдың беделді ақыл гөй қарттарының бірі тәжірибесі көп сыншысы болды. Халық аңызы Бұқар жырауды кей сәтте Абылайға қарсы қойып,ол ел тыныштығын көксейтін дана қарт бейнесінде сипаттайды. Бұқар жырау қай толғауында болмасын хан тағының нығайғанын белді бір күшке айналғанын көксейді.Сондықтан:

Ай,Абылай,Абылай

Алмаған жауды қоймадың.

Алсаңдағы тоймадың

Несібеңді елден ойладың

Ата білмес құл едің

Ата тегін сұрасаң,

Арқар ұранды жат едің.

Қай жерінде төре едің?

Жұлдыз туып оңыңнан

Хан біткен еріп соңыңнан

Он сан алаш баласын

Жусатып қойдай өргізіп.

Жұмсап жүрсің қолыңнан

дегенде қарт ақын Абылайды шенеп-мінеп отырған жоқ,ал өз еліне тыныштық іздеумен бірге,Абылай ханның қамын жейтінін де жасырмады. Орыс мемлекеті күшті екенін,орыс халқының қазақпен ежелден бері көрші боп келгенін,ал екі елдің арасының бұзылуынан тек өзінің ғана жұртты ұтылаиынын Бұқар жырау жақсы түсінді.Сондықтан да Абылайдың өзінен оның төңірегіндегі батырлар жорық аңсап жан-жағына көздерін тіккен шақта көп жасап,көпті көрген жырау оларға үнемі тоқтау айтып отырды.Бұған Абылай да құлақ асады,қайткен күнде де Абылай мен Бұхар арасындағы қатынас осылайша аңыз етеді.

Бұқар жырау толғауының асқан шебері,заманының шындығын көрсете білген ақын.Ол біріншіден бытыраңқы болып келген қазақ руларының басы қосылып,өз алдына шаңырақ көтеруін арман етсе, екіншіден осы игі істің орындалуын Абылай ханнан күтті /6/.

Осындай шығармалардың бел ортасында Абылай бейнесі тұрады.Мұндай әсірелеу мүлде аз, болған оқиғалар тарихи өлең шартына сай нақтылы тізіліп,нанымды баяндалады. Заманның да, қаһарманның да басындағы қайшылықтар аттап өтілмей, шындықтың шырайы толық, жан-жақты көрінетін жырау туындыларының өзіне хас өрнегі.Бұқар жырау Абылайдың қамқор тілектесі ғана емес, қатал сыншысы да болып есептейді. Бірақ мұндай «сын» ел тағдырын терең ойлағандықтан Абылайдың жүргізген саясатына нұқсан келмесе екен деген тілектен туғаны айқын көрінеді. Сондықтан да бұл өлеңдердегі кейбір қатты айтылған сөздер қатқыл естілмейді,зор ақиқатшыл қуатқа ие болады.

Ұлы жырау қазақ ханының балалық шағындағы ауыр күндерін, қиын қалін айта отырып,Абылайдың барлық атақ пен даңққа халықтың қолдауымен және жеке басының қасиеті арқасында жеткенін,оның ел алдындағы беделі, халыққа сіңірген еңбегінің нәтижесі екенін, бірақ осындай абырой биігінде самғай беру үшін әділдік таразысынан жаңылмау керектігін қайталай толғайды.Абылай өмірінің барлық кезеңдерін шолу тек дәстүрлі қайталама әңгіме деңгейінде қалып қоймай, халық тағдырымен бірлестікте қаралып, үлкен мағынаға бөленеді. Жыраудың ұғымынша Абылай қазақ халқының басына сұрапыл қасірет төнген кезде ел еңсесін көтеруге, алаш мемлекеттігін сақтауға және күшейтуге туған қайраткер.Ханды мақтасада, кейбір істерін мансұқтаса да,ішкі,сыртқы саясатына кеңес берсе де Бұқар тек қазақ ынтымағы мен ырысы тұрғысынан қарайды.Сонымен жырау өлеңдерінің нақтылы кейіпкерлері Абылай және оның батырлары мәслихаттас билері болса,ең басты қаһарманы қазақ халқының өзі болады /7/.

Абылай қанша ақылды хан болса да жаугершілікке еліккен мінезі бойынша ол егескен жауды талқандағаннан кейін өз елінің батырларына әлсіздеу руларға да соқтығады. Тіпті орыс патшасы орнатқан әскери қорғанға шабуыл жасап, соғыс ашпақшы болды. Абылайдың осындай өз халқын қырғынға ұшыратарлық пиғылын әшкерилеп мінін бетіне басып, бүкіл халық атынан тиым салды. Ханның осындай қатыгез қылығына Бұхар қатты наразылық білдіреді.. «жиырма бес деген жасыңыз », «Ей Абылай, сен он бір жасыңда» деген толғауларын арнайды.Бұл толғаулар әрі Абылайдың өмір тарихы болса әрі оған берілген данышпандық баға дерлік құнды мәлімет /8/.

Бір жағынан жоңғар екінші жағынан Ресей, үшінші қиырдан Қытай қысқанда кең далада дархан өскен, ешкімнің сыбағасына қызғанбайтын момын қазақтың шарасыз күйге түскен еді.Халық ықыласының «пәледен құтқарса, осы құтқарар» деп Абылайға ауа беретіні, оның атын эпикалық қаһармандар дәрежесіне көтеріп дәріктейтіні азат болудың өзге жолын таппағандықтан болатын. Осындай шақтарда халықтың ешкім жауыздық жасамайтын, мәңгілік «тыныш» мекенді армандайтыны белгілі. Айналадан анталап дұшпан қаптағанда қазақтың кең жері өзіне тар көрініп, басқа өлкелерден қоныс іздеушілігі әр дәуірде қайталанып отыратын сарын.Бір кезекте Бұхар жырау да Абылайға осы ойды айтады.

Мұсылман болсаң кетіңіз

Сырдарияның суынан,

Көлденең кешіп өтіңіз.

Үш жыл малды ту сақтап,

Жиделі байсын жетіңіз

Кісісі жүзге келмей өлмеген

Қойлары екі қабат қоздаған.

Қатын –бала қамы үшін

Солай таман жетіңіз...

Бұқар жырау Абылай бейнесіне әр қырынан келіп,оның шындыққы сай бейнесін өрнектемек болды. Бұл бағытта туған жырларының бәрі дерлік Абылай ханның сол бір жауапты кезеңдегі әр алуна саяси қызметі мен саналы өмірін оның жас мерзіміне орай кезең-кезеңг бөліп,ой таразысымен екшеп саралау,жинақтап қорыту үлгісінде келді. Мұның бәрі бір ғана талап: ертеңгі ел болашағы, тәуелсіз бақытты өмірді орнату мақсатымен терең ұштасып жатыр. Осыған орай жыраудың жырларының «Ал,айтамын,айтамын» атты толғауларын бөліп атауға болады. Бұл үш бөліктен тұрады.Біріншісінде Абылай мінген жүйрік сәйгүліктің тұр-тұлға,сын-сипты сөз болса, екіншісінде сол атқа лайық оның иесі де елдік биік талаптар тұрғысынан сипатталады. Ал үшінші бөлім түгелдей Абылай бейнесін бірыңғай бөліп алып жеке сомдауға арналған.

Ай,айтамын,айтамын,

Мінген атың айтамын.

Құлынды емген,тайды емген,

Құнанында арда емген.

Дөненінде үйреткен,

Жібектен арқан сүйреткен.

Бестігінде белгі күшті ьолсын деп,

Бес байталға салдырған.

Алтысындай аттай мұрнын танатқан,

Жетісінде жетіп құлан шалдырған.

Сегізінде серке сан деп атанған.

Тоғызында тола семірген.

Онында оқ жыландай қырғыған,

Ойнай басқан аяқтым,

От орнындай тұяқтым.

Қиғаш қамыс құлақтым.

Саптыаяқтай еріндім.

Сарымсақтай азулым.

Сауырсын кере жараған,

Кекілін қыздай тараған.

Тостаған көзді торыны

Топ тарқамай мінсене,

Еліңнің қамын жесене.

Есіліп кеңес айтсана,

Айтса да айта кетсін жұртына

Мұздар да мұздар қатсын мұртыңа.

Еш келмеді қыртыңа,

Кең Абылай,кең аям.

Шұбар ағаш, құба жөн.

Мекен еткен шөлде,аям.

Тілі менен тентегің

Иіліп алдыңа келді аям! /9/

Абылай хан қалмаққа қалай шабу керектігіне білмей тұрғанда . Қанжығалы Бөгенбай батыр: «Тарбағатайд асып,Үржар,Еміл бойындағы торғауытты алдымен шабуға ұсыныпты.Бергі шеттегі Ласты-Шорғадағы қалмақтарға тиіспейік,өзгелері есітіп,дайындық жасап үлгереді» дегенде, Қаракерей Қабанбай батыр: «Алыстағы жауға барсақ,ат ариды,азық таусылады,әскер шаршайды,ең алдымен берідегі Лапсы-Шорғадағы қалмақтарды алған жөн» депті.Абылай осының билігін Бұқарға айт дегенде, ол әйгілі:

Сен Қанжығалы Бөгенбай,

Тоқымың кеппес ұры едің.

Түн қатып және жүр едің.

Қабанбайдан бұрын найзаңды

Қашан сен жауға тіредің?!-

дейтін жырын суырып салып айтыпты.Сөйтіп,хан Қабанбай батырдың ұсынысын қолдап,сол жолы шығын болса да, көп олжалы оралса керек. /10/

«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» дегендей Абылай заманында қазақ еркі үшін арпалыс елдің әр беткейінде ақ жүріп жататын. Орта Азия хандықтарының қазақ жеріне сұқтанып келген ежелгі әдеті де көрініс беріп отыратын. Шегаралас отырған жерлердегі қазақ ауылдарынан қырғыз феодалдары да соқтығып,жанжал тудырған.Осы ретте Абылайдың қырғызға қарсы соғысының мән жайы халық әдебиетіне қалайша көрінген деген мәселеге тоқталып өтудің жөні бар.Бұл тақырыпқа бірталай өлең жыр арналғанын аңғарамыз.Сол өлеңдердің сарынына құлақ салсақ, жекелеген барымта немесе астамдық әрекет көбінесе қырғыз манаптары жағынан туып отырғанын пайымдаймыз.Зәбір көрген,шабылған ауылдар,әрине мұңын ел иесі Абылай ханға айтуы, әділдікке арашашы болуды өтіну табиғи. Сонда да болса күшім артық екен деп Абылай өз тарапынан ерсі өктемдікке бармай,шиеленіскен дауды мүмкін болса бейбітшілік жолмен шешуге ұмтылғаны, қарсы жаққа елшілер жіберіп отырғаны тек дұшпандары мүлде тілге келмеген жағдайда ғана ұрыс қимылына көшкені көп мысалдармен дәлелденеді.Қазақ ауылдарына өздігінен тискен қырғыз батырлары Есенқұл мен Садырға «тату болайық» деп Абылай мәмілеге шақырғаны халық өлеңдерінде сақталған.Қырғызға жіберген жаушыға Абылай:

Есенқұл мен ер Садыр

Қырғызда даңқы бір шыққан ер еді.

Бар Садырға, бара гөр.

Елдесейін Садырмен.

Таластың бойы тар жайлау,

Таласа барып, жайлайық.

Кеңестік бойы кең жайлау,

Кеңесе барып,жайлайық.

Қазы менен қартаны

Қия кесіп шайнайық,-

деп сәлем айтады. Жырда қырғыз батырларының бұл сәлемге тұрпайы жауап бергені келтіріледі.Туысқан халық пен арадағы ұрыс осылайша тұтанады...Қырғыз жөнінде Абылай жаулаушы болып бармай, тек қарауындағы таланған жұртының кегін қайтарушгы ретінде ғана әрекет жасағаны көрінеді.Бұл жағдай тарихи деректер де осылай түсіндіріледі.

Абылай дәуірінде қазақ халқының ес жиып, еңсе көтеріп,өзгелермен терезесі теңеліп, көрші мемлекеттерге айбынын таныта білгені, азат өмірдің дәмін тату.Үш жүздің баласының бірлігіне байланысты екені Шәді ақын дастанында сенімді көрсетілген. «Елімізді жау шауып кетті, енді қалай етеміз» деген үрейлі хабарды жеткізгендерге Абылайдың:

Қазақтың бұзылмасын ынтымағы,

Басынан ажырамас берген бағы.

Көшпелі Манап түгіл кегі кетпес

Таж киген патшалы болса-дағы,-

деуі соңына ерген халықтың қандай ұлы қайрақа қабілеттілігіне зор сенімнің белгісіндей. Әсіресе ол қазақ халқы өзінің тәуелсіздігін сақтап тұруы үшін «бір жеңінен қол бір жағадан бас» шығаруы керектігін бір орталыққа қажет екенін өсиететіп қалдырады. Бұл оның бүкіл өмір тәжірибесінен туған ақтық сыры болып көрінеді. Абылай үлкенді кішілі жорықтарына үш алаштың аңғарын біліп, жеткілікті дайындалып,ісінің әділдігіне соңына ерген елді сендіріп болған соң ғана шығып отырғаны өшпес ғибраты болып елестейді.

Қазақтың басын қосып, ел қылған ел атын қиынға көтеріп, мәртебесін асқар ала таудан асырған қайраткер Абылай хандай –ақ болар! Ендеше Абылай есімі-халық бірлігінің оның іргелі ел болғанын тіршілігінің өз дәуіріндегі синонимі болса керек. «Социалистік Қазақстан» газетіндегі «Елінің басын құрған» деген мақаласында «Көкше жерінде жарты ғасырдай ту тіккен Абылайдың әруағы тек осы өлке жұртының мақтнышы емес. Ол бүкіл қазақ халқын жоңғар басқыншылығынан аман сақтап қалуға мұрындық болған, байтақ елге аңсары ауа бастаған Ресей мен Қытай империялары менен көршілес қарым-қатынас саясатын шебер ұстай білген үлкен тарихи тұлға. ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың білгір басшысы, елінің қорғаны, қамқор батыры Абылайдың үш жүзді қосып, бірліктің туын биік көтергенін ұрпағымыз ұмытпауға тиіс».

Тарихы сан ғасырлардың тереңіне кететін халқымыздың «қазақ» аталған бертінгі дәуірінде ел бастаған көсемдер,сөз бастаған шешендер «ертеден шапса,кешке озған, ылғидан шапса,төсте озған» жүйріктер, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкн дана билер қалың жауға қарсы жалғыз шапқан батырлар, елінің қамы үшін алтын тағын тәрік еткен хандар аз болмаған. Олардың есімдері ауызша жырларда берік орын алған. Қазақ елінің ең атақты ханы Абылай хан елінің тұтастығымен жауға алдырмас қамал саясат орнатып,елін азат етуге аянбай тер төккен,елім деп еңіреп туған асыл ұлы тұлға Абылай бейнесі жыраулар жырында тарихи дерекпен ұштасып төгіліп тұр.


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау