І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім және тәрбие беру мазмұны



жүктеу 0,64 Mb.
бет3/3
Дата04.12.2017
өлшемі0,64 Mb.
#2920
1   2   3


Экология (2- сынып)


І. Кіріспе

2




1.1.Адамның табиғатқа қамқорлығы

1




1.2.Үй ішіндегі табиғат құраушылары

1




ІІ. Атамекен







2.1.Өзінің тұрған мекенің туралы

2




2.2.Қала, ауыл, елді мекен туралы түсінік беру

2




2.3. Атамекендердегі ірі құрылыстар

2




2.4. Айналадағы өзен мен көлдерді ажырата білу

2




2.5. Адамдар табиғатта немен айналысады

2




ІІІ. Атамекендігі ірі құрылыстар мен жолдар

4




3.1. Елді мекендегі жолдар

1




3.2. Көлік түрлері

1




3.3. Жолдан өту ережелері

2




ІV. Тұрмыстық ғимараттар

4




4.1. Тұрғын үйлер туралы

1




4.2. Ауруханалар туралы

1




4.3. Мектеп ғимараты

1




4.4. Мәдени орындар

1




V. Тұрған мекенің

10




5.1. Өз үйіңнің тұрған жері, адресі

1




5.2. Өз үйіңнің айналасы

1




5.3. Сенің көшең, оның тазалығы

2




5.4. Үйдің тазалығы

1




5.5. Киім-кешек сапасы

1




5.6. Азық-түлік түрлері

2




5.7. Отбасы мүшелері және жұмыс бөлісі

2




VІ. Атамекен табиғаты

6




6.1. Табиғат кешендері

2




6.2. Үй және жабайы жануарлар

2




6.3. Үй және жабайы өсімдіктер

2




6.4. Табиғатқа экскурсия




2

Барлығы:

34





Экология (3-сынып)


І. Кіріспе

2




1.1. Табиғаттағы заттардың бір-бірімен байланысы

1




1.2. Адамның табиғатпен байланысы

1




ІІ. Табиғатқа қамқорлық

10




2.1. Адамның табиғатты өзгертуі

2




2.2. Табиғаттағы өзгерістер, оның себептері

2




2.3. Табиғаттағы өсімдік бірлестіктері туралы

1




2.4. Табиғаттағы жан-жануарлар бірлестіктері туралы

1




2.5. Жасанды бірлестіктер

1




2.6. Бірлестіктер тірі организмдердің мекені

2




2.7. Адам мен табиғат бірлестіктері

1




ІІІ. Орман және адам

8




3.1. Орман – халық байлығы

2




3.2. Ормандағы табиғи бірлестіктер

2




3.3. Ормандардағы организмдердің көптүрлілігі

2




3.4. Орманның маңызы

2




ІV. Бау-бақша және саябақтар

8




4.1. Бау-бақшаның түрлері

2




4.2. Бау-бақшадағы тірі организмдер

2




4.3. Мектеп жанындағы үлесі

1




4.4. Өсімдік гүлдері туралы

1




4.5. Өсімдіктердің пайдасы мен зияны жайлы түсініктер

2




V. Адамның іс-әрекеті

4




5.1. Адамның ормандағы іс-әрекеті

2




5.2. Адам және мәдени өсімдіктер

2




5.3. Табиғатқа саяхат

2




Барлығы:__34_______Экология_(4-сынып)'>Барлығы:

34





Экология (4-сынып)


І. Кіріспе

2




1.1. Адамның табиғи бірлестіктердегі іс-әрекеттері

1




1.2. Дала және егістіктер

1




ІІ. Дала жағдайындағы тіршілік

6




2.1. Табиғи жайылымдар туралы

1




2.2. Шөптесін өсімдіктер

1




2.3.Өсімдіктер мен жануарлардың қарым-қатынастары

1




2.4. Өсімдіктер немен қоректенеді?

1




2.5. Жануарлар немен қоректенеді?

1




ІІІ. Адамның табиғаттағы жауапкершілігі

6




3.1. Адамның өсімдіктерді қорғауы

1




3.2. Адамның жануарларды қорғауы

1




3.3. Табиғатты қорғау туралы салт-дәстүр

1




3.4. Қызыл кітап туралы

1




3.5. Пайдалы организмдер

1




3.6. Зиянкес организмдер

1




ІV. Өзен мен көлдер жүйесі

6




4.1. Өзендер, оның маңызы

1




4.2. Көлдер туралы

1




4.3. Өзен мен көлдердің айырмашылығы

1




4.4. Өзен мен көлдердің суы таза ма?

1




4.5. Судың сапасы туралы

1




4.6. Өзен мен көлдегі организмдер

1




V. Қоршаған орта сапасы

6




5.1. Ауаның ластануы туралы түсініктер

2




5.2. Судың ластануы туралы түсінік

2




5.3. Топырақтың ластануы туралы түсінік

2




VІ. Қоршаған орта және адам денсаулығы

6




6.1. Адамдар неге ауырады?

1




6.2. Ауаны қалай таза сақтаймыз?

1




6.3. Суды қалай сақтаймыз?

1




6.4. «Наурызды» қарсы алу дәстүрі

1




6.5. Таза орта – денсаулық кепілі

1




6.6. Табиғатты қорғаудағы нақыл сөздердің мәні

1




6.7. Табиғатқа саяхат




2

Барлығы:

34





ДҮНИЕТАНУ

Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау.

Сабақтың мақсаттары: 1) білімділігі: су экологиясы туралы түсінік беру; судың ластану жолдары туралы тоқталып өту; халықтың салт-дәстүрлерге негізделген экологиялық тәрбие беру; 2) дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын кеңейту, ойлауын, көз алдына елестету қабілетін және өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту; 3) Тәрбиелігі: табиғатты қорғай білуге, аялауға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.

Сабақтың көрнектілігі: Балқаш көлі, Арал теңізі – плакаттары, Қазақстанның физикалық картасы, Арал және Балқаш туралы жазылған рефераттар, бейнекассета; синтетикалық жуғыш «заттар».

Сабақтың ұйымдастыру түрі:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Қазақстандағы өзендер мен көлдерді ата; ә) Картадан ірі өзендер мен көлдерді тап; б) Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? в) Көл суының қасиеттері, Қазақстанда кездесетін көлдер.

ІІІ. Қорыту. «Өзен» өлеңімен таныстыра отырып, сабағымды қорытындылап өткіземін.

ІV. Жаңа тақырып.

а) Суды пайдалану;

ә) Суды ластайтын заттар;

б) Ластанған суды тазарту жолдары;

в) Арал тағдыры – адамзат қасіреті;

г) Балқаш көлінің ластануы, таяздануы

д) «Су» туралы нақыл сөздер, наным түсініктер, тыйым сөздер.

Есептеулерге қарағанда қаланың бір адамы алуан түрлі қажеттігін өтеу үшін тәулігіне 700 литрге дейін суды тұтынады. Пайдаланылған су шайынды суға айналады. Ол – ластанған су.

Суға құйылатын ластаушы заттар көп. Олар: өнеркәсіптің, шахтаның, кен орындарының, мұнай өнеркәсібінің, су, темір жол және автомобиль көліктерінің т.б. шайындылары. Шайындылар арқылы судағы тірі ағзалар, жәндіктер, өсімдіктер, балықтар қырылады немесе ауру таратады. Шаруашылыққа орны толмас аса үлкен зиян келеді.

Қазіргі кезде лас суды тазартатын арнайы қондырғылар орнату қажеттілігі туды.

Мұхиттар мен теңіздердің суы да үздіксіз ластануда. Оларға орасан көп мөлшерде мұнай және өндіріс қалдықтары төгіледі.

Адам баласы ғасырлар бойы табиғатты пайдалануды ғана білді. Ірі-ірі құрылыстар салды. Өзендерге бөгеттер жасады. Суды шамадан тыс пайдаланудың нәтижесінде көлдерге құятын өзен сулары азайды. Оны тартылып қалған Арал теңізі мен Балқаш көлінен анық көреміз.

V. Кітаппен жұмыс.



VІ. Қорыту: а) тірек схемасы; ә) нақыл сөздер; б) су туралы тақпақтар.

VІІ. Үйге тапсырма: а) түсінік оқу; ә) су туралы нақыл, наным түсініктерді, табиғат туралы түсініктермен байытып жазып келу.

VІІІ. Бағалау.

Шет елдердегі экологиялық білім берудің мақсаты мен мазмұнына қоршаған ортаның ластануы, табиғат қорғау қозғалыстары және саяси қайта құрулар айтарлықтай әсер етті.

Мысалы, Германияда табиғатты қорғаудың қоғамдық қозғалыстары индустрилизация процесстерімен қатар күш ала бастады. 19 ғасырдың аяғында Европаны романтизм идеялары жаулап ала бастады. «Табиғат» және «Отан» түсініктері Германияның халқының көп бөлігінің санасында ерекше маңызға ие бола бастады. Өткен ғасырдың аяғында Германияда үш негізгі табиғат қорғау қозғалыстарының бағыты қалыптасты, («Отан қорғау», «Табиғат ескерткіштерін қорғау», «Ландшафттар экологиясы және көгалдандыру қозғалысы») және практикалық акцияларды жүргізу дәстүрінің негізі қаланды /21/.

Германияның мемлекеттік экологиялық саясатының қалыптасуына халықаралық тәжірибе әсер етті. 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында АҚШ және Жапонияда арнайы заңдар мен оларды орындау механизмдері жасалды. 1971 ж. ФРГ алғашқы мемкеттік қоршаған орта бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаның мемлекеттің экологиялық саясатын жасаудағы маңызы зор болды.

Білім беру жүйесінің барлық сатыларында қоршаған ортаның және оған антропогенді әсерді зерттеуге бағытталған оқытудың маңызы танылды. Бағдарламада экологиялық білім беруді мақсат ететін жеке адамның саналы қызметін қалыптастыруды қамтамасыз ететін материалдарды оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнына енгізу қажеттілігі көрсетілген.

Оқу бағдарламаларына бастауыш мектептің (1-4 сыныптар) және орта білім берудің бірінші сатысында (5-10 сыныптар) «Қоршаған дүниедегі өзара қарым-қатынастардың және оны қорғау мәселелерін ашып көрсететін» тақырыптарды, ал орта білім берудің екінші сатысында (11-13 сыныптар) қоғамдық ғылымдар циклінің шеңберінде (тарих, қоғамтану, саясат) арнайы табиғат қорғау курстары енгізілген.

Тұрғындар арасында қоршаған орта мен денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Әлеуметтік экологиялық мәселелер мектептегі пәндердің мазмұнына кірді. Сабақтарда жергілікті экологиялық мәселелер негізіндегі конфликт жағдайлар қарастырылған. Сабақтарға белгілі бір мәселе бойынша және қандай да бір конфликттерді шешу үшін мамандар шақырылып отырды.

Германиядағы экологиялық білім беру жаратылыстану ғылымы мен саяси білім беру шеңберінде дамыды. Ол елдің азаматын тәрбиелеудің бөлінбес бөлігі. 70-жылдардың соңында қоршаған ортаны қорғау жалпыхалықтық сипат алды. Азаматтардың белсенділігі тұратын жеріндегі мәселені шешуге әрбір адамның қатысуының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.

Замандастарының ойынша экологиялық білім мен тәрбие берудің қалыптасуы кезінде қателіктер мен бұрмалаулар болды. Экокризистік тақырыппен шектен тыс әуестену сынға ұшырады. «Судың ластануы», «Ауаның ластануы», «Ормандардың жойылуы» және т.б. тақырыптарды оқытуда төніп келе жатқан қауіп, ластанудың адам денсаулығына әсері туралы күнделікті айтып отыру жастар мен ересектерде қорқыныш сезімін туғызады.

80-жылдары педагогикалық қауымда Германиядағы экологиялық білім беруінің түрлері мен әдістері, мақсаты мен мазмұны туралы дискуссиялар кеңінен орын алды. Нәтижеде интеграцияланған оқу бағдарламалары, Европа елдері мен АҚШ-тағы экологиялық білім беруді оқытудың альтернативтік әдістері, мүмкін болатын түрлері мен оқыту әдістерін сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіле бастады. Қосымша білім беру мекемелері: экологиялық білім беру орталықтары, биостанциялар және т.б. ашылды. Егер 80-жылдардың басында Батыс Германияда қоршаған орта туралы білім беру саласында жұмыс істейтін 10 экологиялық орталық жұмыс істесе, 1989 ж -110, 1993 ж – 232, 1996 ж – 330 жеткен. Эколог-мамандар, эколог-педагогтар, қосымша оқу – білім беру мекемелерінің қызметкерлері әр түрлі сабақтар, семинарлар, оқушылар мен студенттерге арналған танымжорықтар, ал ересектер үшін біліктілікті арттыру курстарын жүргізеді. Қосымша оқу мекемелерінде экологиялық білім беру Германияда тұрғылықты жерде (өлкетанымдық) жүргізуге бағытталған.

Экологиялық білім беруге мемлекеттік мекемелерде ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінің мәдениет және білім беру Министрлігі мектеп оқушылары үшін дидактикалық құралдар, арнайы журналдар: «Қоршаған орта саласындағы тәрбие», «Қоршаған орта мәселелеріндегі жаңалықтар», «Қоршаған орта және табиғат», «Экоәріптестерге арналған жаңалықтар» және т.б. шығарылып отырды.

Зерттеу процесінде бізді, әсіресе Германиядағы экологиялық білім беруде жобалар әдісі қызықтырды. Жобалар әдісі дегеніміз әр түрлі коллективтік жұмыстарға негізделген пәнаралық оқыту. Жобаны дайындау мен өткізу қатысушылардың қызығушылығын ескере отырып тапсырмаларды мұқият жоспарлап, тапсыруды талап етеді. Жобаны өткізу процесінде әдістердің және оларды жүзеге асырудың мобильділігі, зерттеушілік және шығармашылықпен жүргізу өте маңызды. Жобаның негізінде іс-әрекетте зерттеу принципі жатыр. Ол еңбек дағдыларын бекіту немесе өзгерту, эстетикалық, әдеби және т.б. іс-әрекеттерді меңгеруге бағытталған /22/.

Қоршаған ортаны қорғаудың саяси аспектісінің құрам бөлігі осы саладағы білім мен тәрбие беру болып табылады. Қоршаған ортаның көптеген мәселелерінің күрделілігі мен жаңаруы дәстүрлі білім берудің жеткіліксіздігіне байланысты кешенді іс-шараларды қолдануды талап етеді. Арнайы мамандар дайындау, сондай-ақ әр түрлі саланың мамандарына табиғатты қорғаумен байланысты міндеттерді шешудің жаңа әдістерін үнемі үйретіп отыру қажет.

Конструктивті оқытудың принциптері:



  1. Балалардың бойында бар экологиялық білімдерді анықтау (мүмкін тұрмыстық деңгейдегі) және соның негізінде ғылыми білімдердің жүйесін жасау;

  2. Оқушыларды оқыту процесінің белсенділігін арттыруға бағытталған бірлескен қызметте жұмылдыру;

  3. Оқушыларды олар үшін күнделікті тұрмыста маңызды тәжірибе контекстіндегі ғылыми концепцияларды талқылауға шақыру;

  4. Балаларды ғылыми жұмысқа және олардың ғылыми мәліметтерді пайдалану мүмкіндігін бағалауға жұмылдыру;

  5. Оқулықта келтірілген қағидалардың орындалуын ғана көрсететін эксперименттерді емес, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыратын зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру;

  6. Материалды оқытушының айтып түсіндіруінен оқушылардың бастамасымен жүргізетін дискуссия түрінде өту;

  7. Оқытушының ролін өзгерту. Ол білім көзі ретінде, жауаптың дұрыстығын бағалаушы авторитет емес, білімдерді меңгеру процесін ұйымдастырушы болып табылады. Дискуссиялар кезінде оқушылардың әр түрлі көзқарастары мен ойларын қажетті бағытқа бағыттап, оқушылардың мақсатқа жету жолындағы бірлесіп жұмыс істеуге деген қажеттілігінің пайда болуына көмектеседі;

  8. Бір кешеннің ішінде пәндерді интеграциялау (биология, химия, география, физика);

  9. Пәндерді оқыту барысында әр түрлі көзқарастардың ролін түсіну (ғылымдардың, оқыту, діннің табиғаты туралы).

Саналы түрде оқыту жүйесі білімдердің интеграциясына бағытталған: табиғаттағының және қоғамдағының барлығы бір-бірімен байланысты, әсіресе экономика мен қоршаған орта мәселелеріне байланысты.

Экологиялық білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – оқушыларды экожүйенің элементтері, олардың өзара байланысы, табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен өзгеруі туралы түсінікті қалыптастыру.

Концепция негізінде экологиялық білім беру стандарты жасалған. Бұл құжатта төмендегі талаптар анықталған:


  • экология мен қоршаған ортаны қорғау саласында жалпы білім беретін мектептердегі дайындықтың негізгі мазмұнына;

  • мектептің оқу жоспарларындағы бөлінген уақыттың көлеміне;

  • оқушылардың міндетті экологиялық дайындығының деңгейіне.

Стандарт мақсатқа жетудің төмендегі кезеңдерін ұсынады:

Жалпы бастауыш білім беру (1-4 сыныптар):



  • адам мен қоршаған ортаның негізгі өзара байланыстары мен бастапқы бағалылық бағдарларын қалыптастыру.

Негізгі мектеп (5-9 сынып):

  • қоршаған ортаның экожүйелік ұйымдасуы, оның ресурстық пайдаланылуы, оның тіршілік сапаларының жоғалу қаупі туралы білімдер негізінде экологиялық жауапкершіліктің қалыптасуы;

  • салауатты өмір сүруі, тиімді пайдалану, оқушылар орындай алатын нақты экологиялық қызметті жасау тәжірибесін игеруге дағдыларын бекіту;

  • табиғаттағы адам мен қоғам арасындағы экологиялық қарым-қатынастар, қазіргі заманғы экологиялық мәселелер және адамзат қоғамының жергілікті, ұлттық және ғаламдық деңгейде тұрақты даму туралы білімдер жүйесін меңгеру;

  • айналадағы экологиялық мәселелерді шешу тәжірибесін молайту.

Қорытынды кезең (10-12 сыныптар):

  • кәсіптік бағыттық сыныптарда экологиялық процесстердің мәні, планетадағы биологиялық алуан-түрлілікті ұстап тұру және биосфера мен адамзат қоғамының тұрақты бірге өмір сүруін анықтайтын факторлар туралы тереңірек білім беру;

  • табиғатқа жауапкершілікпен қарау, экологиялық мәдениет, экологиялық ойлау мен практикалық іс-әрекетті қалыптастыру жалғастырылады;

  • салауатты өмір сүруге деген қажеттілікті қалыптастыру;

  • жердің әлеуметтік-табиғи жүйесінде өзінің орнын философиялық тұрғыдан түсіндіруге дайындау.

Қазақстан Республикасының «Жоғарғы білім туралы» заңының 3 бабында жоғарғы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері көрсетілген:

  1. Білім берудің үздіксіз процесінің сатыларының бірізділігін қамтамасыз ету;

  2. Жоғарғы білім берудің ғылыми сипаты, құқықтық және экономикалық бағыттылығы /1/.

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда 12 бөлім (63-65 бет) экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне арналған. Олар жалпыға бірдей, комплектілігі мен үздіксіздік принциптеріне негізделуі қажет /2/.

Қазақстан Республикасының тұрақты даму моделіне өтуі жағдайында экологиялық білім мен тәрбие беру приоритетті маңызға ие болады. Сондықтан экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық үздіксіз жүйесін дамыту мәселесі қойылып отыр (ЭБТ).

ЭБТ жүйесінің біртұтастығында, бұл жүйенің құрылымында нақты иерархияны жасау қазір мүмкін болмай отыр. Себебі – оқу-тәрбие процесін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуде жүйелік тұрғыдан қараудың болмауы.

ҚР ЭБТ беруді дамытудың ұлттық стратегиясында жас ерекшелігі мен қоғамдық-тәрбие мекемелеріне байланысты экологиялық білім берудің төрт сатысы жасалған:



  1. танысу сатысы (барлық мектепке дейінгі және мектептер мен лицейлердің бастауыш сыныптары);

  2. белсенді білімдердің төменгі сатысы (нақты қолданылатын, қарапайым моделдердің жиынтығы, алгоритмдер мен оларды шешу бағдарламалары);

  3. белсенді білім берудің ортаңғы сатысы (белгілі әдістердің көмегімен стандартты емес мәселелерді шешуге қажетті білімдерді меңгеруге, өзгермелі архитектоника мен ғылыми кадрлар жағдайында жобаланатын объектілердің экологиялық қызметін болжау дағдыларын қалыптастыру);

  4. экологиялық білім берудің жоғарғы сатысы (арнайы экологиялық білім беру, барлық сала мамандарын дайындаудағы экологизация, педагогикалық және ғылыми кадрлардың экологиялық дайындылығы).

Таныстыру және білім берудің төменгі сатыларындағы экологиялық білім беру мазмұнын қарастырайық.

Білім берудің ең жалпы звеносы – жалпы білім беретін мектептердегі экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:



  • оқу процесімен табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізу барысында оқушылардың танымдық және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру;

  • балаларда бағалылық экологиялық бағдарлауы мен табиғатқа саналы ғылыми негізделген қатынастарды тәрбиелеу;

  • балалар мен жеткіншектерде альтернативті оқыту технологияларының негізінде қоршаған табиғи ортаның біртұтастығы, адам мен табиғаттың бірлігі туралы ғылыми экологиялық және биологиялық ұғымдарды қалыптастыру.

Міндеттері:

  • үздіксіз экологиялық білім беру бағдарламаларын енгізу, дамыту (бала бақшадан бастап – бүкіл өмірінің барысында);

  • әр түрлі техникалық оқыту құралдарын, соның ішінде компьютерлік, ойын бағдарламаларын қолдана отырып, балаларға экологиялық білім берудің ақпараттық-ойындық моделінің жүйесін жасау;

  • мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептерге ерте экологиялық білім беру жүйесін енгізуге – бала бақшалардың ересек топтары мен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарынан бастап жағдай жасау;

  • жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып мектептің базалық оқытуымен қатар экология негіздерін жаратылыстану-ғылыми пәндерімен қоса қосымша тереңдетіп оқыту және жоғарғы сынып оқушыларын университетке оқуға дайындау;

  • оқушыларға кәсіптік бағдар беру.

Бұл қызметтің қорытынды нәтижесі:

  • балалар мен жеткіншектерде табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасты қалыптастыру;

  • өзінің болашағын анықтау мен потенциалын жүзеге асыра алатын жеке адамды тәрбиелеу.

Белсенді білімдердің төменгі сатысы табиғатқа әсер етудегі стандартты міндеттерді стандартты әдістермен шеше алуға қажет ақпараттарды жинақтау сатысы болып табылады.

Белсенді білімдердің төменгі сатысы – бұл нақты жағдайларда қолданылатын ең қарапайым оншаты моделдер мен оларды шешуге қажетті алгоритмдер, бағдарламалардың жиынтығы. Бұл білімдер нақты бір антропогенді әсердің нәтижесін сараптауға, осыған ұқсас шешілген мәселені тауып, оны анологиялық жолымен шешу үшін жеткілікті болуы тиіс.

Төменгі сатыда қарапайым сандық моделдер қолданылады. Бұл моделдер бойынша көптеген экологиялық жағдайлар имитацияланып, нәтижелері графиктер, ластаушы заттардың таралу картасы түрінде көрсетілуі мүмкін.

ҚР-да экологиялық білім мен тәрбие (ЭБТ) беруді дамытудың ұлттық стратегиясында төрт сатылы экологиялық білім берумен қатар жоғарғы орта орнынан кейінгі және мектеп оқушылары мен басқа да топтардың дәстүрлі емес экологиялық білім беру жүйесі жасалған.

Бұл саладағы іс-шаралардың негізгі бағыты халықтың әр түрлі топтарының экологиялық санасын қалыптастыру және экологиялық саясатта белсенді әлеуметтік позицияны насихаттау.

Бұл мақсатқа жету үшін қажетті нәрселер:



  • өзекті экологиялық білімдерді қоғамдық ұйымдар мен ақпарат құралдары арқылы тарату жүйелерін дамыту;

  • формалды және формалды емес экологиялық білім берудің өзара байланысын жетілдіру;

  • қоршаған табиғи орта туралы білімдерді насихаттаудың жаңа тиімді әдістерін іздеу;

  • ақпарат құралдарында мамандардың экологиялық дайындығын жақсарту.

Жүзеге асыру үшін төмендегідей іс-шаралар қажет:

  • формалды және формалды емес экологиялық білім берудің өзара байланысын жетілдіру мәселелері бойынша ақпараттарды жинақтауға белсенді қатысу;

  • формалды емес білім берудің тыңдаушылары арасында өзекті экологиялық білімдерді таратуға тікелей қатысу;

  • білім берудің жаңа түрлерін жасау мен іздестіру;

  • экологиялық білімдерді таратуда бүкілхалықтық ақпарат құралдарының жұмыстарына қатысу.

ҚР ЭБТ дамытудың ұлттық стратегиясы сонымен қатар экологиялық дайындық жүйесін ресурстық қамтамасыз ету мәселесін қолға алады: экологиялық білім мен тәрбие жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуі; экологиялық білім беру бағдарламаларын қаржыландыру; экологиялық білімдерді дамыту мен жетілдірудің факторы ретіндегі халықаралық бірлестік; экологиялық білім мен тәрбие беруді қамтамасыз етудің тиімді инфрақұрылымын жасауға бағытталған ұйымдастыру іс-шаралары /4/.

ҚОРЫТЫНДЫ

Экологиялық мәселелердің өзектілігі, болашақ және қазіргі ұрпақтардың өмір сүруіне қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында оларды шешуге деген объективті қажеттілік мектептің алдына оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жаңа міндеттерін қойып отыр.

Бастауыш мектеп оқушыларында табиғатқа деген жауапкершілік қатынасының процесі оның көпжақты бағалығы – эстетикалық, танымдық, экономикалық, практикалық меңгеруі негізінде жүзеге асырылады.

Қоршаған ортада жауапкершілікпен әрекет етуге дайындық пен қабілеттілік және адамның интеллектуалдық, эмоциялық және жігерлілік сапаларының дамуымен тығыз байланысты. Оқушылардың қоршаған табиғтқа және азаматтық қатынастарының күшеюі тек білімдер жүйесі ғана емес, белгілі бір дағдылар, іскерліктер, әдептердің қалыптасуымен байланысты. Қазіргі заманғы экологиялық білімдері меңгерудің әдістемелік негізі «адам – қоғам – табиғат» жүйесіндегі диалектикалық бірлік болып табылады. Бұл білімдердің комплексті пән аралық сипаты бар және оған жаратылыстану ғылымы, қоғамдық-тарихи, әлеуметтік экономикалық, технико-технологиялық және адамгершілік-эстетикалық ұғымдар енеді де, олар дүниетанымдық сипатқа ие болады.

Оқушы қоршаған ортаға жауапкершілік қатынасы үш салада көрінеді: жеке мінез-құлықының мәдениетінде, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, оны күту, қорғауда қоғамдық-пайдалы еңбекті орындауға белсенді қатысуда; табиғат қорғаудың қазіргі заманғы идеяларын кеңінен насихаттауда.

Олай болса, оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілік қатынасы табиғат туралы ғылыми білімдердің органикалық бірлігі нәтижесінде, оны қорғауға іс жүзінде қатысудың қажеттілігін ұғынуы нәтижесінде қалыптасады.

Сонымен қатар қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік қатынастың жеке адамның біртұтас тәрбие процесінде: идеялық-саяси, адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық қалыптасуын атап өту қажет.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің міндеттерін жүзеге асыруда интегралдық сипаты бар пәнаралық тұрғыдан қараудың принципиалдық маңызы бар.

Жаратылыстану ғылыми циклдің пәндерін оқыту табиғаттың әр түрлі ұйымдасу деңгейлері, табиғи процестердің біртұтастығы мен өзара байланысы туралы білімдерді оқушылардың меңгеруіне мүмкіндік береді. Осының негізінде табиғатты пайдалану және адамның қызметінің биосфералық прцесстердің жаңа факторы ретінде рөлі ашып көрсетеді.

Қоғамдық-тарихи және гуманитарлық пәндерді оқыту оқушылардың назарын қоршаған табиғи ортаға жеке және қоғамдық қатынастың әлеуметтік сипатына аударады.

Оқушыларға идеялық-адамгершілік тәрбиесін берудегі табиғаттың орны мен рөлін ашып көрсету маңызды. Оқушыларды өмірге дайындауда еңбек тәрбиесіндегі экологиялық аспектіні бағаламауға болмайды. Балалардың табиғатқа, адамға қатысты іс-әрекеттерін бағалау, оның мотивтерін сараптау қажет.

Зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша төмендегі қорытындылар жасалынды:

1. Экологиялық білім мен тәрбиенің мазмұнын сараптау жалпы білім беретін мектепте экобілім мен тәрбие берудің өзінің принциптері мен міндеттері, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен зерттеудің іскерліктері мен дағдыларының, сонымен қатар экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнын анықтайтын бірқатар факторлардың бар екендігін көрсетті.

2. Қалада оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесіне мына факторлар әсер етеді: мұғалімнің жеке басы, білім мазмұны, отбасы, қоғам, қоршаған табиғи орта, ақпарат құралдары.

3. Оқушылардың экологиялық білімдерінің деңгейін анықтау үшін жүргізілген сауалнаманың нәтижелері «Экологиялық» арнайы курсы оқытылатын №26 гимназияда, №25 мектеп оқушыларымен салыстырғанда жақсы деңгейде.

Экологиялық білім мен тәрбие саласындағы әр түрлі бағдарламалар мен оқулықтардың сараптау, экологиялық білім мен тәрбие беру төмендегі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін екендігін көрсетті:

- оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға пәнаралық байланыс тұрғысынан қарау;

- «Экология» арнайы курсында дәстүрлі емес сабақтардың әдістемелік нұсқаулары;

- Экология мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізу;

- Комплексті экологиялық танымжорық ұйымдастыру;

- Адамзаттың ғаламдық мәселелері бойынша сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру.

Сабақ мақсаты: 1. Оқушылардың дүниетану пәнінен алған білімдерін жүйелеу.

2. Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие іздерін қалыптастыру.

3. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру. Табиғатты қорғауға тәрбиеелеу.

Өтілу әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ.

Сабақ көрнектілігі: Саяхаттың картасы, баспа, бейнетаспа «белгісіз ағаш», қалташалар, мақал-мәтелдер,пошта ойыны.

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру. 2. Табиғат аясына саяхат: а) Табиғат тарихынан. ә) Табиғат – тіршілік көзі. 3. Байланысшылар аралы. «Пошта» ойыны. 4. «Қызыл кітап» аралы. 5. «Сынақ» түбегі. 6. «Ойшылдар» аралы. 7. Мақал-мәтелдер мен ырым-тыйымдар. 8. Белгісіз арал. 9. Экологиялық тұжырым.

Сабақ барысы: Біз бүгін «Табиғат» еліне саяхатқа шыға отырып, әр түрлі аралдардан, тосқауылдардан өтуіміз қажет. Бірінші «Білім» мұхитынан жүзіп өту үшін табиғат тарихынан мағлұмат алуымыз керек. Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты. Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды. Біртіндеп жер бетіндегі сулар азайыңқырап, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерлерге өсуге бейімделіп, жапырақты өсімдіктер, шөптер, ағаштар пайда бола бастайды. Кейінірек құрғақ жерлер көбейіп суда да жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған. Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп, суық бола бастаған. Бұл жағдай өсімдіктер мен жануарларға қатты әсер етіп, көбі өзгеріске ұшырап жаңа ауа райына бейімделеді.

Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп, табиғат осылайша пайда болған екен. Тереңірек үңіліп қарасақ табиғат деген сөздің өзі тіршіліктегі өмір үшін, ондағы адамдар үшін нағыз сұлулықтың, оны аялап сүйе білудің ұстазы десек жаңылмаймыз. Ендеше, осы табиғат сұлулығын көре біліп, жан жүрегімізбен сезініп, оған ынталанып, тамсанып өсудің өзі біздің өмірге деген көзқарасымызды қалыптастырып, талғамымызды оятады екен. Жалпы халық ұғымында табиғат деген сөз жер-ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады.

Халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауды әрқашан әдеппен аңғартып отырған. Табиғатты аялап, оның пайдасын, қызығын көре білген, халқымыздың заңдылықтарын және сиқырлы сырларын жақсы білген. «Ай шалқайып туса өзіне жайлы, шаруаға жайсыз», «Аю оң айланса, көктем жылы болады» деп ауа-райын болжап білген.

Енді осы табиғат сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді?

Халық арасындағы туған жер туралы, табиғат туралы аңыздар халқымыздың табиғатты ардақтап пір тұтқанын дәлелдейді. Соның бір көрінісі Төле би туралы аңыз.

ә) Табиғат дегеніміз бұл бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ендеше, осы табиғи тепе-теңдік сақталып отырған жоқ. Өйткені адамдар табиғат байлығын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшырады. Туған өлкеміздің өзін ғана алып қарайтын болса:

- ауыл маңындағы ағаштардың кесілуі,

- бұлақ көздерімен өзендердің ластануы,

- қоқыс үйінділерінің көбеюі,

- кейбір аңдар мен құстардың түрлерінің жойылуы – бұл экологиялық проблема.

Міне, балалар, «Білім» мұхитынан жүзіп өттік. Келесі аралымыз «Байланысшылар» аралы. Бұл аралда «Пошта» ойынын ойнаймыз.

1-хат. Адам өміріне не қажет? (жарық, ауа, су, жылу, тамақ)

2-хат. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады? (табиғаттан)

3-хат. Судың қасиеті. (мөлдір, сұйық, түссіз, иіссіз)

4-хат. Тірі табиғатты ата.( адам, өсімдік, жануар, құстар)

5-хат. Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе, тауық, қаз, үйрек. (үй жануарлары)

6-хат. Өсімдік өсуі үшін не керек? (топырақ, су, ауа, жылу)

Оқушыларға сұрақ жазылған парақшалар таратылады. Тақтада жауабы жазылған үйлер тұрады. Оқушылар сәйкес «хаттарды» үйлерге таратуы керек.

Келесі аралымыз «Қызыл кітап» аралы.

Сирек кездесетін әрі жойылып кетуі қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 1974 жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты.

Оның беті алуан түрлі болады. Қызыл парақтарында – жойылып кету қаупі бар жануарлар енеді. Ақ парағында – саны азайған жануарлар мен өсімдіктер енеді. Жасыл парағында – қайтадан аяласа қалпына келетіндер енеді. Осындай барымызды бағалау үшін елімізде әр түрлі қорықтар бар.

1-оқушы. 1997 жылы көктемде Алматы қаласында «Құс қорғаушылар қоғамы» құрылады. Бұл – сирек кездесетін құстарды және әдемі құстарды сақтаумен және өсірумен айналысатын қоғам. Қоғамда құстарды зерттеу, қорғау бөлімдері бар. Құсты сүйетін және ол туралы көп білгісі келетін кез келген адам бұл қоғамға мүше бола алады.

Бейне таспадан «Қызыл кітапқа» енген жануарлар тіршілігі көрсетіледі.

2-оқушы. Даламызда, тауларымызда топ-тобымен, үйірмен жүретін арқар, бұғы, қарақұйрық, орман сусары ақтырна, құндыз, дуадақ т.б. жануарларды оңайлықпен табу қиын.

Міне, балалар, байқағанымыздай, жер бетіндегі тыныстайтын ауамызды, сусындайтын мөлдір суымызды, желкілдеген жасыл желегімізді қорғамасақ, экологиялық апатқа ұшырайды.

Болжамдар бойынша біз қалдықсыз өмір сүретін боламыз деп болжанған, яғни еш нәрсені тастамайтын боламыз. Осыған біз өзімізді қазірден дайындауымыз керек.

Тапсырма 1. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің ауыл табиғатын қалай елестетесің?

Тапсырма 2. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едің?

Тапсырма 3. Ішіндегі шырыны біткен пластмасса ыдысты тастай салмай, тағы қалай пайдалануға болады?



  • су ішетін ыдыс ретінде

  • су құйғыш ретінде

  • заттар салып қоюға

  • бірнеше тесіктер тесіп, су шашқыш ретінде.

Келесі аралымыз «Ойшылдар» аралы.

Бұл аралда кішкентай ғалымдар тұрады екен. Олар «туған жер табиғатын қорғау керек пе, жоқ па» деген екі пікірде ой-талас тудырыпты. Қане, ғалымдардың ой-пікірлерін тыңдыйық!

Экологиялық тұжырым. Қазақстанның кең байтақ жерінде асқар тауда, ұшы-қиыры жоқ жазық дала, тұзы шығы.. жатқан сортаң да бар. Осының бәрі біздің табиғатымыздың сан алуандығы. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген. Ендеше, Отанымызды, атамекен жерімізді аялай білейік, қадір тұтайық!

Сабақ соңында «Отан» әні айтылып, қорытындыланады.



Қосымша

Тақырыбы: Ғажайып Қазақстан табиғаты.

Мақсаттары: 1) Оқушыларға Қазақстан табиғаты туралы түсінік беру, ой-өрісін дамыту;

2) Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру;

3) Экологиялық тәрбие беру. Оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

1. Кіріспе. «Табиғатым» әні орындалады.

Қазақстан табиғаты, сөз жоқ, шалқар шабыттың қайнар көзі, ол ақындар мен әншілердің қиялына қанат бітірген. Ол – аңыз-әңгімелер өлкесі, ән өлкесі. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ғажайып Қазақстан табиғаты».

2. Қазақстан – ол байтақ даланы алып жатыр, өзіне тән климаты, жер бедері бар. Мұнда құнарлы жайылым, сарқылмайтын су көздері, таулар кездеседі. Қазақстан таулары – табиғаттың бірегей туындысы.

Табиғат сөзін топтастырайық.

Табиғат – қоршаған орта - өлі, тірі болып бөлінеді.

Орталықтар бойынша жұмыс жүргіземіз


  1. Өсімдік

  2. Жануар

  3. Құстар

  4. Ертегі

  5. Өнер

  1. Өсімдік орталығы

Бір жағымда – ақ қайың,

Бір жағымда – көк терек.

Қайсысына тоқтайсың,

Гүл атқан бәрі көкке өрлеп.

Қазақстан алқабының өсімдіктер дүниесі бай және сан алуан.

Қазақстан орманында мынандай ағаш кездеседі: қарағай, арша, итмұрын, ақ қайың ағаштарының суреттерін тақтаға іліп, олар туралы мағлұматты оқушылар айтып шығады.

Мұғалімнің толықтырулары: 1. Итмұрын – барлық жерде көп тараған өсімдік. Қазақстан тауларында инелі және тікенді итмұрын кездеседі. Итмұрынның жемісін емге қолданады.

Жылғалардың, бастаулар мен өзендердің жағасында талды кездестіруге болады. Бұл өсімдіктің маңызы зор. Талдың шыбықтары корзинка тоқуға жұмсалады.

Қазақстан ормандарында қарақат, таңқурай, бүлдіргенді кездестіруге болады. Ал саңырауқұлақтың алуан түрлері бар.



  1. Жануар орталығы. Қазақстанның жануар әлемі.

Қазақстан ормандарында марал, қабан, аю, сілеусін, елік, ақбөкен сияқты жануарларды да кездестіруге болады. Қазір олар жойылып кетті.

Маралдардың тамаша терісі үшін ғана емес, ең басты жас мүйіздері – пантасы үшін аулап, олар шетелге шығарылып отырды. Тіпті құйрықтары, аяқ сіңірлері тибет медицинасында кеңінен қолданылады.

3. Құстар орталығы. Қазақстан орман тауларында қандай құстарды кездестіруге болады? Тоқылдақ, сауысқан, торғай, саршымшық, қарлығаш, көкек, бозторғай сияқты құстардың суреттері тақтаға ілініп, оқушылардың дайындаған мәліметтерін тыңдау. Қазіргі күндерде бірқатар себептерден Қарқаралы өңірінде экологиялық өзгерістер болды. Дуадақ бұрынғыдай Қазақстан далаларының көркін кіргізбейді, бүркіт сирек кездеседі, құрлар шалғай жерлерде мекендейді.

4. Ертегі орталығы. «Үй жануарлары мен жабайы жануар» экологиялық ертегіні тамашалаңыздар.

Осы ертегіден қандай қорытынды жасауға болады?

Қазақстанда 1977 жылы Қызыл кітап шықты. Қызыл кітаптың мұқабасы қызыл. Қызыл түс нені білдіреді? (Қауіп, қатер). Қандай жануар, өсімдіктерді Қызыл кітапқа енгізді? Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді.

5. Өнер орталығы. Үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.

1 топ - Ермексаздан Қазақстан орманын мүсіндеу.

2 топ - Қазақстан орманын бейнелеу.

3 топ - Экологтар жұмысы. Табиғатты қорғауға қандай талаптар қоясыңдар?

Әр топтың тапсырмасын тексеру.

6. Қорытынды. Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 38-бап «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті».

«Менің Қазақстаным» әні орындалады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ж.Әлиев, С.Бабаев, А.Құдиярова «Педагогика» Алматы 2004 ж.

  2. И.В.Гребенников «Семья өміріндегі әдеп және психология» Алматы «Мектеп» 1986 ж.

  3. Тілеуова С.С. «Этнопедагогика» Шымкент 2003 ж.




жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау