І-тарау Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары


І – ТАРАУ. АРАБТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ



жүктеу 0,74 Mb.
бет2/4
Дата25.11.2017
өлшемі0,74 Mb.
#1957
1   2   3   4

І – ТАРАУ. АРАБТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ





    1. Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі

Ислам Меккеде өмірге келді. Мекке – Хиджаздың ең үлкен елді мекені. Оның төңірегі құлазыған шөл дала, өсімдік те – аз: түйе жейтін жантақ, қой-ешкіге жетерлік шағын жайылым ғана болды. Жері егін егуге мүлде жарамсыз, азын аулақ түйе, ешкі, қой сияқты түлік түрі аяғынан тозып, азық айырдан демесең, мал ұстауға да мейлінше қолайсыз. Құдықтар суы өте тереңнен шығады. Сондықтан да Меккенің тұрғындары не мал өсірумен, не егіншілікпен айналыса алмады. Мекке сауда керуенінің жолындағы зәмзәм бұлағының бойында өмірге келген [35]. Зәмзәм суының шипалы қасиеті бар. Сондықтан Мекке бірден қасиетті мекенге айналды. Зәмзәм бұлағында Каоба Храмы араб бедеуилерінің атамзаманнан табынатын орны болған [13]. Ол храмды Абрам (Ибрахим) мен оның египеттік күңі Ажардан туған баласы Исмайл салғызған деген аңыз сақталған, тек Палестинаға келгеннен кейін, пұшпағы қанамаған бедеу әйелі Сара өз қожасынан бала болмайды деп ойлаған соң, Египет перғауыны ханымына тік тұрып қызмет қылсын деп жанына қосып берген күні Ажарды құдай қосқан қосағы Ибрахимге тоқалдыққа алып береді. Кешікпей Ажар Ибрахимге Исмайлдай ұл тауып береді. Жасы жетіп, үміті үзіле бастаған кезде шағында Сара құдіреті күштінің желеп-жебеуімен жүкті болып, Исках есімді ұл туады. Сара Ибрахимді Ажарды қуып жіберуге қимады. Бірақ жаратқан Сараның талабына құлақ асты да, Ажар мен Исмайлды құдіреті күшті иллара етке Арабияның бір түкпіріне апарып салуға Ибрахимді мәжбүр етті.... Жалғыз қалған Исмайл шырылдап жылап, жер тепкілей бастады.... Баланың тепкілеген жерінен тұп-тұщы ауыз судың көзі ашылып, бұрқ ете қалды... Пайда болған зәмзәм қайнарының жанында кейін Исмайлдан тараған арабтар Қағба аталған “Құдай үйін” салды.

Қағбадағы қара тастың құпиясы әлі күнге дейін жұмбақ. Ол басында әппақ болған – мыс. Кейін пұтқа табынушылар көп сипалай берген соң қап-қара болып кетіпті. Бірнеше рет болған су тасқыны Қағбадағы қара тасты құлата алмаған.

Қала осы ежелгі қасиетті Храмның төңірегіне орналасқан. Ол храмды Меккеліктер “Алланың үйі” деп, ал өздерін “Алланың көршісіміз” деп атаған. Голландық ориенталист К.Х. Снус Хюргроанья: Аллах өзінің көршілеріне Зәмзәм суы мен тастардан, құм мен тастардан, құм мен аптап ыстықтан басқа ештеңе де силаған жоқ деп жазыпты. Мекке сауда- саттық, алым-берімге таптырмайтын жер. Қалтарыс, қаға берісі мол жолдар мазасыз, жыл он екі ай бойы ұры-қарысы үзілмейді: Оңтүстік Арабияға, Иранға, Сирияға, Жерорта теңізіне сапар шеккен керуендер осы өңірді басып өтеді. Алайда Меккенің атының шығуы оған байланысты емес. Онда арабтың көптепген тайпалары пір тұтатын көне аруақтары мен әулиелі орындары көп еді. Сондықтан да Мекке киелі орын деп айырықша дәріптелді. Арабияның түкпір – түкпірінен сабылып келіп, әулиелі орындарға түнеушілер жыл он екі ай бойы бір үзілметін [14]. Солармен алым-берім, сауда-саттық шағын шаһардың күнелтуіне жарап тұрды. Меккеден жылына екі рет қыста және жазда үлкен сауда керуендері шығатын. Оның біріншісі (қыста) – Иеменге, ал екіншісі – Солтүстікке қарай, Палестина мен Сирияға, Иракқа, тіпті Египетке бағытталған.

Ол сауда керуендерін Меккеден құдіретті тайпа-курейштер ұйымдастырылатын. Ол керуенге кез келген Меккелік кіре алатын. Керуендер алып шығатын тауарлар құны әр кезде, әр түрлі болды. Дегенмен орта есеппен 50 мың алтын тиын болатын. Курейштердің омейя руы ғана 5-6 мың ақшалық тауар жөнелтетін керуенді де сол ең қуатты Омейя руының өкілдері басқаратын.

Үлкен керуендерді жол білетін серіктер мен қорғаушы күзет жасағы алып жүретін. Түйелерді, оны айдаушылар мен жүк тиеушілерді көшпелі бедуиндерден жалдайтын. Тәжірибелі жол сілтеушілер құдықтар мен түйе жайылып, қоректене алатын жерлерді жақсы білетін. Керуен басшысы жүйрік түйеге мінген пысық жігіті арқылы Меккемен үзбей байланыс жасап отыратын Хиджаздықтар мен Недждіктер Қағбаға қажылыққа келіп отыратын қасиетті айлар белгіленді. Ол айларда кек қайтарып, қан төгуге қатаң тыйым салынды. Мекке мен оның төңірегі “Храм” деп, яғни адам өлтіру сияқты ауыр қылмыстыларға жол берілмейтін “қасиетті мекен” деп жарияланды. Сауда Мекке тұрғындарының басты кәсібі болды. Бұл қалада кім саудагер болмаса, оның тамағын тауып ішуі қиын болатын. Ислам діні шыққанға дейін Меккеде өзінің ақша жасайтын сарайы болмады. Саудада Византия мен Иран, Иемен ақшалары (алтын, күміс монеталары) пайдаланылды [29].

Саудамен қатар Меккеде өсімқорлық та кең қанат жайды (арабша –“риба”). Әжептәуір табыс табуға болатын саудаға қатысу үшін шағын және орташа байқуатты адамдар өсімқорлардан қарызға ақша алып отырды. Бай көпестер саудамен де, өсімқорлықпен де айналысты. Айталық, Вакыди: “Аббас өз тайпасының адамдарына көп ақша қарыз берген”, - дейді.

Бір диркен - бір диркемге, бір динар - бір динарға қарызға берілетін, яғни бір динар қарызға алған адам кейін екі динар етіп қайтаруы тиіс болған (100 % өсіммен).

Меккелік сауда керуенінің тұрақты бір мүшесі Тайф қаласының тұрғындары, оның ішіндегі қуатты сакиф тайпасының өкілдері болды. Меккемен Тайфтың экономикалық байланысының тығыз болғандығы соншалықты, ол қалаларды “Маккатани” – яғни “екі Мекке” деп атаған.

Тайф пен оның маңындағы ауыл тұрғындары бау бақшасы, жоқ меккеліктерді жеміс-жидекпен, көкөніспен қамтамасыз етіп отырған. Тайфтың маңында меккеліктердің жазғы ыстықтарда паналайтын дачалары болатын [10].

Меккедегі тайпалардың ішіндегі ең қуаттысы Омейя руы болды. Осы рудың өкілдері бай өсімқорлар болды. Солардың арасынан сауда керуен басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару тізгінін қолында ұстаушылар шығып отырды. Олар Қаабаның төңірегінде, ал-Батха деп аталған тегіс жерлерде, алаңдарда тұрды.

Курейш басшыларының тек ақшасы мен тауары ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар олардың егістік жерлері, малдары мен құлдары да көп болды. Олар асыл тұқымды жылқылардың иесі болды.

Меккеде, оған жақын жерлерде курейштен басқа хавазин, гатафан тайпалары қоныстанды. Ал тайфте скиф тайпасы тұрғанын жоғарыда айтып өттік. Меккеде сондай-ақ “одақтастар” деп аталған “ахлафтар” да тұрды. Бұлар басқа тайпалардан келіп қосылған кірмелер болса керек. Меккенің шет жағында “завахир” деп аталған кедейлер тұрды. Меккеде христиан, иудей, зароастра дініндегі шетелдіктер де тұрып жатты. Олар да сауда- саттықпен айналысатын. Курейш тайпасының құрылымы онша күрделі болған жоқ. Ірі көпестер мен өсімқорлар тобы “мала” деп аталды. Құлдардан полиция құрылды. Ол “АХАБИШ” деп аталға. Жиналыс үйі жұмыс істеді. Ол ақсақалдар кеңесінің билігінде болды. Аңыздарда “Жиналыс үйінің” (дар анназва) негізінен Кусайя Ибн-Килаба қалаған дейді. Табаридің айтуынша Кусаяның қолында өз тайпасы (курейш) сеніп тапсырған билік, яғни Хиджаба, Сикая, рифада надва және Лива болды. Хиджаз дегені – Қағбаның кілтін ұстаушыс, Сикая – Қағбаға табынуға келген қажыларды сумен қамтамасыз ету міндеті, рифада – ішерге тамағы жоқ табынуға келгендер үшін жиналатын қорды ұстауы. Ол қорды курейштер мен т.б. тайпалар жинайтын. ЛИВА дегені ақ матадан жасалған ту. Ол найзаның ұшына байланатын. Соғыс кезінде ол ту әскер қолбасшысы – райсқа табыс етілетін. Кусайя курейш тайпасының омейя руынан болатын. Ал ахабиштер, яғни полиция, бай курейштердің африкандық құлдарынан құрылатын. Олар курейштер қазынасы сақталатын қағба, бай курейштердің үйлерін күзететін [40]. Айтылып отырған кезде Батыс Аравиядан бір құдайға табынушылық дегеннің еш құпиясы жоқ болатын. Христиан, иудей діндеріндегі шет елдіктер бұл жаққа келіп-кетіп жүрді, Меккенің өзінде тұрып та жатты. Кейбір арабтар сол діндердің бірін қабылдап та жатты. Бірақ араб политейашінің маңызды орталығы болып отырған. Меккеде ланифизмнің (бір құдай) тарауына жақын ұйымдастырылып, қалыптасып қалған қағба дәстүрі (культ) кедергі жасады. Ондағы идеолдарға көшпелі бедуин тайпаларының қажылығы курештердің экономикалық жағдайына байланысты болатын. Әртүрлі құдайға сенетін бедуин тайпалары Қағбаға көп мал алып келіп, курештерге пайда келтіретін. Сондықтан да курейш ақсүйектері көп құдайға, пұтқа табынушылықты барлық күшін сала қорғап бақты.

Барлық Аравиядағы политиамның ақыры жақындап келе жатты. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, қауым мүшелерінің байлар мен кедейлер бөліне бастауы, тайпалық одақтардың құрылуы осының бәрі бір денеге, бір құдайға сену арқылы бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуын қажет ете бастады.

Араб монетейзмі түріндегі ханифизм политейзмге қарсы күреске кірісті. Ханифизм өкілдері тайпалардың, жергілікті халықтардың жекелеген көп құдайларының орнына барлық арабтарға бірдей жалғыз рахманды және бір дінді ұсынды. Бұл күрес алдымен әрине Меккеде қызу жүрді. Себебі, Меккедегі Кағба политизмінің базисі еді.

Осындай жағдайда Ислам діні өмірге келіп, қалыптаса бастады. Оның негізін Мұхаммед Ғалайһи С-Салам пайғамбар (570-632жж.) қалады.

Мұхаммед Пағамбардың ата-бабасы қағбаның кілтін ұстаушылар болған, ал қағбаның негізін Ибраһимнің (Абраһале) Ажар деген египеттік күңінен туған баласы Исмайл қалаған дедік. Исмайлдан мирас болып қалған Жарһумды қағбадан Бану Хұзов тайпасы қуып шығыпты.

Кейінірек Исмайлдың Құрайш деген ұрпағы үйлі-жайлы болып, қағбаға қайтып оралды да, оны тәртіпке келтірді. Оны Құрайш – Мекке қаласының негізін қалаған тайпаның арғы атасы болды.

Құрайштың жетінші ұрпағы қосай Меккеден қалған азды-көпті Хұзаолар қуып шықты. Сөйтіп, 440-450 жылдары аралығында құрайштар Меккені басы-байлы иемденді. Ал Қосай – Мұхаммедтің төртінші атасы болатын. Ол 480 жылы қайтыс болған. Оның мұрагері Хашім – Мұхаммедтің үшінші атасы. Ол да Қосай сияқты Меккенің дуанбасы болды. Хашім қайтыс болғанда оның артында қалған сәбиі Шейба Мұхаммедтің үшінші атасы. Ол да Қосай сияқты Меккенің дуанбасы болған. Хашім қайтыс болғанда оның артында артында қалған сәбиі Шейба Мұхаммедтің екінші атасы болатын. Ол Ясрибтегі нағашыларының қолында өсіп, ержеткен соң әкесінің інісі Мүтәлібтің қолына келді. Меккеліктер Шейбан Мүтәлібтің құлы екен деп Әбд –ал- Мүтәліб деп атап кеткен (Абд – олла- құдайдың құлы). Осы Шейба - Әді Әл - Мүтәлібтен Мұхаммед Ғалейһи – ас - салам пайғамбардың әкесі Абдолла туған [39].

Шейбанның көпке дейін баласы болмапты. Бір күні Қағбада бүкіл халықтың көзінше құдайға жылап жалбарынып, бала сұрапты. Егер алла 10 ұл берсе біреуін құрбандыққа шалар едім деп ант береді. Бұл тілегі алланың құлағына шалынып, Әбді әл-Мүтәліб он екі ұл сүйді.

Ол берген антын орындау үшін бір ұлын құдайға құрбандыққа шалу үшін жеребе тастайды. Ол жеребе өте сүйкімді ұлы Абдолланың (“Құдай құлы”) үлесіне түсті. ...

Ақыры Абдолланың орнына 100 түйе құрбандыққа шалынды (Әбді әл-Мүтәліб сәуегейдің айтқанын орындап Қағбаның ішінде Абдолла мен 10 түйе алып келді. Жеребені он рет сү рағанда 10 рет Абдоллаға шықты. Құрбандық жолы Абдоллаға түскен сайын он түйеден айдап әкеліп қосып отырды. Тек түйе саны 100-ге жеткенде жаратқан адам қанының өтеуіне осы жарайтынын білдірді.

Әбді әл-Мүтәліб қателесуден қорқып, 2 рет садақа суырды, 2 ретінде де құрбандық жебесі түйеге түсті. Енді күмәндануға негіз қалмады. Сүйтіп, Абдолла ажалдан аман қалды).

Шамамен 569 жылы Абдолланы әкесі Әминаға үйлендірді. (Әмина-“Кіршіксіз адам” дегенді білдіред). 569-570 жылдары Сананың билеушісі Абдраханың қолбасшысымен иемендіктердің Меккеге жорығы басталды. Жорыққа Эфиоп әскері қатысты . ... Бірақ олар сәтсіздіктерге ұшырады (торғайлар тас лақтырыды ; әскер шешек дертіне шалдығып, қырыла бастады. Аман қалғандарды кері қашты. Сол жылы иемендік арабтар Эфиоп әскерін елінен қуып шықты. Оларға Иран көмектесті.

Болашақ пайғамбар, құрайыш тайпасының Омейя руынан шыққан Абдолла мен Әминаның отбасында 570 жылы 29 тамызда (биыл 17-18 шілде) дүниеге келді. Мұхаммед туардан 2-3 ай бұрын әкесі өлді. Әкеден қалған мұра : бес түйе, бірнеше қой және ассирийлік күн Барақат. ...,.... көшпенді тайпаларға тәрбиеге беру дәстүрі барды. Бұл жолы Меккеге балаларды тәрбиеге алуға құрғақшылық салдарынан жоқшылыққа ұшыраған Бану-Сал, Бану-Бәкір тайпаларының әйелдері келіп еді. Олар қолақы төлемі аз бола ма, ал жесір әйел тұрмысқа шықса жаңа күйеу тіпті ештеңе татырмай ма деп әкесіз жетім Мұхаммедті алғысы келмеді [39].

Басқа пысық әйелдер баға шартына келісіп, ауқатты тәуір үйлерден бала алып жатқанда, Халима деген әйел құр қол қайтпау үшін күйеуінің рұқсатымен Мұхаммедті ала кетті. Сүйтіп, алты айлық нәресте көшпенділер қолына түсті. Сонда 4 жыл тәрбиеленді. ... Мұхаммед пен оның емшектес ағасы қозыларды қарап, үйден алыстау жерде ойнап жүрген. Бір кезде олардың жанына ақ киім киген екі адам келді.

Олар Мұхаммедтің шалқасынан жатқызып, кеуде сүйегін ашып, жүрегін шығарып алған. Жүрегінде қара дақ бар екен, соны алып тастап, баланың жүрегі мен ішкі сарайын аппақ қармен жауып тазартып, жүрегін орнына Салғанда, бұрылып кете беріпті.

Халима Мұхаммедті шешесіне қайта әкеліп береді. Алты жасқа толғанда шешесі Мұхаммедті Ясрибте тұратын нағашыларымен таныстыруға алып барады. Қайта келе жатып Әмина жол үстінде кенеттен қайтыс болып , Абва елді мекенінің жанында жерленеді.

Мұхаммедті атасы Әбді әл-Мүтәліб (Шейба) қолына алды. Ол Қағбаның кілтшісі болғандықтан уақытының көбін діни орданың жанында өткізді. Сүйікті немересі атасының жанында болады, кейде түнеп те қалатын. Әбді әл-Мүтәлібтің басқа немерелері маңайлайда алмайтын кереует Мұхаммедтің жатса-жастығы, қисайса-төсегі болды.

Қағба маңындағы діни Ғұрып, жоралғылар Мұхаммедтің көз алдында өтіп жатты.

Қағбаның күнделікті тірлігімен етене болу Мұхаммедтің бойында дінге деген, діни оқуға деген құштарлықты ерте оятты. Мұхаммед көрген-білгенін бұлжымас қағида деп түсінбей, әр сақ қиялға салынып көп ойланатын[30].

Мұхаммед сегізге толғанда “сенің табаныңа қадалған шөгір (мыңға) (тікен) менің маңдайыма қадалсын” деп отыратын абзал атасы Әбді әл-Мүтәліб қайтыс болды. Ол өлерінің алдында үлкен ұлы Әбу Тәліпті шақырып алып, Мұхаммедке қамқор болуды тапсырды.

Жиырма бес жасында Хубайли қызы Хадишаға үйленіп, тұрмыс құрған біраз жылдан соң, Мұхаммед ойламаған жерден таңғажайып бір дертке шалдықты. Дерттің сырт сұлбасы-талмаға ұқсас еді. Ғажайып түстер мен оқта-текте ұстайтын талма дерті Мұхаммед бойына жабысқан кесел емес, тылсым дүниемен байланысатын саңылау деп қабылдады. Ол жас кезінде-ақ Хадишаға үйленбей тұрып, Құдайдың жалғыздығы туралы ойға бой алдырған еді. Құдіреті күшті жаббардың жалғыздығы туралы ой сол кезде етек алған христиан, иуда діндерінде бар болатын. Мұхаммедтің ұлылығы сонда-ол Құдайдың жалғыздығын дәлелдеймін деп бас қатырмай оны әрі қарай тереңдетіп дамытты[41].

Хира тауында періште арқылы Мұхаммедтің аузына салынған бес жол сөз - Құдай болмысы туралы, Құдайдың адамға деген ықылас, пейілі туралы терең мазмұнды әңгімелерге арқау болуға молынан жарады. Рамазан айы арабтар өзара тұтатын қасиетті айы еді. Оның үстіне осы айда Алладан аян болып, оның қадір – қасиеті тіпті арта түсті. Сөйтіп, бұл орайда Мұхаммед иуда, христиан қағидаларынан әрі кетті. Мұхаммед арабтардың пұтқа табынушылық үрдісінен үзілді – кесілді бас тартып, дүниедегі ең басты философиялық мәселе – мейірім мен зұлымдық мәселесін бірбеткей шешіп, Құдай туралы түсінікті жаңаша әліптеді. Қай діннің де негізгі, түп қазығы Құдай туралы түсінік. Христиан діні Құдайды тайпа, ұлт шеңберінен шығарып оған жалпыхалықтық мән берді. Ал Мұхаммед болса, Құдайдың жалғыздығы туралы ұғымды шегіне жеткізе дамытты. Дінді теориялық жағынан бұдан әрі тереңдете түсіндіру мүмкін емес [42].



жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау