I оқУ-Әдістемелік кешен жасалады және енгізілді орындаған



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет13/31
Дата26.12.2019
өлшемі7,74 Mb.
#24971
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31

34

төлеу; еңбек жағдайлары; жұмыстың көлемі; жеңілдіктер және  т.б. онда басқа 

жұмысқа  ауыстыру  орын  алған  деп  саналады,ал  бұл  заңда  көзделген 

жағдайларды  қоспағанда,  еңбек  шартына  тиісті  өзгерістер  енгізіле  отырып 

қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. 

5.Жұмыс беруші заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда:

1)  алкогольдік,нашақорлық  масандық  немесе  өзге    де  түрдегі  улану 

жағдайында жұмысқа келген;

2)еңбек қорғау ережелері бойынша емтихандар тапсырмаған;

3)жеке  басын  қорғаудың  жұмыс  беруші  берген  керекті  құралдарын 

пайдаланбаған;

4)егер  ол  заңдарға  сәйкес  міндетті  болса,медициналық  тексеруден 

өтпеген қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті.

Жұмыстан шеттету кезеңіне жалақы сақталмайды.

6. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.ҚР Еңбек кодексінде еңбек құқығы 

қатынастарының тоқтатылуы мен байланысты үш түсінік қолданылады:тоқтату, 

бұзу және жұмыстан босату. 

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Еңбек кодексі. 2007

2. Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002.

3. АхметовА., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. 

4. Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана: 

Атамұра. 2004

Қосымша әдебиеттер:

5. Абузярова Н.А. Трудовое право РК. –Актобе, 1997.

6. Гусов. К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: Учебник. – М.: 

Юрист, 1997.

7. Уваров В.Н. Трудовое право РК. – Алматы: Изд. КАЗГЮА. 2000.

6-тақырып. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

Дәріс жоспары: 

1. Еңбек құқығында жұмыс уақытының түсінігі.

2. Жұмыс уақытының түрлері.

3. Жұмыс уақытының режимі және есеп жүргізу. 

4. Демалыс уақытының түсінігі және түрлері.

Дәріс  мақсаты:    Жұмыс  уақытының    ұғымы  мен  оның  түрлері,  жұмыс 

уақытының режимі, демалыс уақытының ұғымы мен түрлері жөнінде меңгерту. 

1.Жұмыс  уақыты  –бұл  қызметкер  заңдарға,  ұжымдық  және  жеке  еңбек 

шарттарына,  ішкі  тәртіп  ережелеріне  сәйкес  еңбек  міндеттерін  орындайтын 

уақыт.  Жұмыс  уақытының  құрамына  іс  жүзінде  жұмыс  орындалған  уақыт  та, 

сонымен  қатар  орындалмаған,  алайда  еңбек  құқығының  нормаларына  сәйкес 

жұмыс уақытынан алып тастауға болмайтын уақыт та енеді. Жұмыс уақытының 

қалыпты ұзақтығы – бұл адамның өмір сүруіне және дамуына зиян тигізбейтін, 

жыл,  апта,  күн  бойғы  ұзақтығы.  Қызметкерлердің  кәсіпорындардағы, 




35

мемлекеттердегі, ұйымдардағы жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 

40  сағаттан  аспауы тиіс  Қысқартылған ұзақтықтағы жұмыс уақытында жұмыс 

істеуге құқық тұлғалар санаттарын анықтау үшін жұмыс уақытының ұзақтығын 

қысқартуға  құқық  беретін  өндірістердің,  цехтардың,  кәсіптер  мен 

лауазымдардың  тізімін,  сонымен  қатар,  еңбек  жағдайлары  зияндыжұмыстар 

тізбесін басшылыққа алу    қажет.

2.Қысқартылған  ұзақтықтағы  жұмыс  уақтындағы  еңбек  қалыпты  ұзақтықтағы 

жұмыс уақытының нормалары бойынша төленеді. Толық емес жұмыс уақыты-

бұл белгіленген жұмыс уақытының қалыпты және қысқартылған ұзақтығының 

бөлігі.Толық  емес  жұмыс  уақытын  жұмыс  беруші  мен  қызметкер  жұмысқа 

тұрар кезде  де, содан кейін де өзара келісім бойынша толық емес жұмыс күні 

немесе толық емес жұмыс аптасы түрінде белгілеуі мүмкін.Толық емес жұмыс 

күні  кезінде  күнделікті  жұмыстың  ұзақтығы  жұмыс  күндерінің  саны  сақтала 

отырып  азаяды.Мысалы,толық  емес  жұмыс  күнінде  қызметкерге  күн  сайын  8 

сағаттан  емес,  5  сағат  жұмыс  істейді.  Түнгі  уақыттағы  жұмыс  22  сағаттан 

бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі.

3.Жұмыс уақытының режимі ретінде жұмыс уақытын тәуелектер немесе өзге де 

күнтізбелік  кезең  ішінде  бөлу  тәртібі,  күнделікті  жұмыстың  басталу  және 

аяақталу  уақыты,  күндекті  демалуға  және  тамақтануға  арналған  үзілістің 

басталу  және  аяқталуы  танылады.  Жұмыстын  және  үзілістің  басталу  және 

аяқталу  уақыты  жұмыс  берушінің  актісімен  белгіленеді  және  ішкі  еңбек 

тәртібінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Жұмыс  уақытын  жинақтап  есепке  алу  кезінде  белгілі  бір  уақыт-  жыл,  тоқсан, 

ай-  кезеніңде  жұмыс  уақытының  айлық,  тоқсандық  немесе  жылдық  ұзақтығы 

анықталады  және  жинақталады.    Жұмыс  уақытын  былай  есепке  алуға  тек 

заңдарда белгіленген, өндіріс жағдайлары бойынша жұмыс уақытының апталық 

немесе күндік ұзақтығын сақтау мүмкін емес жұмыс түрлерін орындау кезінде 

ғана жол беріледі.

4.Еңбек  құқығында  демалыс  уақыты  ретінде  қызметкердің  еңбек  міндеттерін 

орындаудан бос уақыты танылады. Еңбек туралы заңдарда демалыс уақытының 

келесі  түрлері  белгіленген:  күнделікті  жұмыс  барысындағы  үзілістер;  жұмыс 

күндері  арасындағы  күн  сайынғы  демалыс  күндері;  апта  сайынғы  демалыс 

күндері; жыл сайынғы мереке күндері; жыл сайынғы еңбек демалысы.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Еңбек кодексі. 2007

2. Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002.

3. АхметовА., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. 

4. Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана: 

Атамұра. 2004

Қосымша әдебиеттер:

5. Абузярова Н.А. Трудовое право РК. –Актобе, 1997.

6. Гусов. К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: Учебник. – М.: 

Юрист, 1997.

7. Уваров В.Н. Трудовое право РК. – Алматы: Изд. КАЗГЮА. 2000.




36

7-тақырып. Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер.

Дәріс жоспары: 

1. Жалақының түсінігі. Жалақыны мемлекеттік нормалау.

2. Жалақының жүйесі.

3. Жалақыны төлеу тәртібі.

4. Орташа айлық табысты есептеу. Жалақыдан ұстау.

5. Кепілді, қосымша және өтемақылық төлемдер.

Дәріс  мақсаты:    Республикада  тұратын  халықтың  көпшілігі  үшін  жалақы 

кірістің  негізгі  бөлігі  ретінде  студенттерге  жалақы  түсінігі  мен  оны  реттеу 

әдістері,  оның  төлеу  тәртібі  қызметкерлерге  кепілдіктер  беру  мен  өтемақы 

төлеу тәртібі туралы меңгерту. 

1.Жалақы  бұл  еңбек  шарты  бойынша  нақты  еңбек  функциясын  атқару  үшін 

жұмыс үшін төленетін тараптардың келісімімен белгіленетін, алайда, заңдарда 

белгіленген  шектен  кем  болмауы  тиіс  ай  сайынғы  ақы,  төлем.  ҚР 

конституциясы  және  ҚР  еңбек  заңдары  бірдей  еңбек  үшін,  яғни,  бірдей 

ұзақтықтағы  күрделіліктегі  еңбек  үшін  жыныс,  нәсіл,  жас,  ұлт  және  т.б. 

белгілері үшін кемсітусіз бірдей ақы төлеуді кепілдейді. Еңбек нормасы ретінде 

қызметкер  үшін  белгіленген  жұмыстың  уақыт  бірлігіндегі  (сағат  ауысым  күн 

апта  ай)  көлемі  түсіндіріледі.  Жұмыстың  бұл  көлемін  қызметкер  қалыпты 

жұмыс жағдайларында белгілі бір уақыт бірлігіндегі орындауы тиіс.

2.Жалақының жүйесі және еңбекті нормалау бұл еңбек үшін ақының мөлшерін 

оның  нақты  шығындарымен  немесе  нәтижелерімен  өлшеудің  белгіленген 

тәртібі. Еңбекке ақы төлеудің әр түрлі жүйелері бар, алайда, негізгілері ретінде 

екі  жүйені  атауға  болады:  мерзімді  және  келісімді.  Еңбекке  ақы  төлеудің 

кесімді жүйесі келесі түрлерге бөлінеді: жеке, ұжымдық (бригадалық), жанама, 

кесімді  прогрессивтік, кесімді сыйақылық, аккордтық.     

3.Жалақы бір айда кем дегенде бір рет төленеді.Жалақының төлеу күндері жеке 

еңбек  ұжымдық  шарттарда  көзделеді.Жалақы  төлейтін  күн  демалыс  немесе 

мереке  күндері-  не  тура  келген  жағдайда  оны  төлеу  олардың  қарсаңында 

жүргізіледі  Жұмыс  берушінің  кінәсінен  жалақы  ал  қызметкермен  жеке  еңбек 

шартыбұзылған кезде оған тиесілі басқа да төлемдер белгіленген мерзімдермен 

салыстырғанда  кешіктірілген  кезде  жұмыс  беруші  қызметкерге  берешек  пен 

өсімақы 


төлейді.Өсімақының 

мөлшері 


жа 

лақы 


төлеу 

жөніндегі 

міндеттемелерді  орындау  күніне  ҚР  Ұлттық  Банкінің  қайта  қаржыландыру 

ставкасы  бойынша  белгіленеді  және  төлем  жүргізіліугетиіс  болған  күннен 

кейінгі  күннен  бастап  әрбір  кешіктірілген  күнтізбелік  күн  ішінде  есептеліп 

төленген  күнмен  аяқталады.Бұл  ретте  еңбек  демалысы  үшін  ақы  төлеу  ол 

басталғаннан  бастап  күнтізбелік  үш  күннен  кешіктірмей  жүргізіледі. 

Жалақыдан  ұстап  қалу  жалпы  ереже  бойынша  қызметкердің  жазбаша 

келісімінің  негізінде  ал  келісім  болмаған  жағдайда  соттың  шешімімен 

жүгізіледі.

4.  Басшылық  қызметкердің  келісімінсіз  жалақыдан  мыналарды  ұстап  қала 

алады:


1)зейнетақы қорына салықтармен салымдарды;


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау