I оқУ-Әдістемелік кешен жасалады және енгізілді орындаған



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет12/31
Дата26.12.2019
өлшемі7,74 Mb.
#24971
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

32

табылады,  өндірістегі  жетістіктерге  әкеледі.  Сонымен қатар,  қызметкерлер 

ұжымдық  шарттарды  бекіту  жөнінде  ұжымдық  келіссөздерді  жүргізуге  де 

мүдделі,  себебі,  осы  актілер  арқылы  олар  еңбек  пен  тұрмыс  жағдайын 

жақсартуға  жете  алады.  Қазіргі  кезде  көптеген  дамыған  батыстық 

мемлекеттерге  өмір  сүрудің  жоғары  деңгейі,  қызметкерлердің  әлеуметтік 

қорғанғандығы  тән.  Әлеуметтік  әріптестікті  реттеудегі  негізгі  нормативтік 

құықтық акт болып ҚР «Ұжымдық шарттар туралы» заңы табылады. 

2.Ұжымдық  шарт  -  бұл  әлеуметтік  –  еңбек  қатынастарын  реттейтін  және 

қызметкерлермен жұмыс берушінің арасында жасалатын жазбаша шарт ретінде 

рәсімделген құқықтық акт. Бұл бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың 

өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар, не кәсіптік одақтарға мүше 

емес,  келіссөздер  жүргізу  үшін  өз  ұйымын  құрған  қызметкерлер  қол  қойған 

жазбаша  шарт  түрінде  рәсімделген  құқықтық  акт.  Жеке  еңбек  шартына 

қарағанда ұжымдық шарт  тараптардың еңбек жағдайының жалпы ережелеріне 

байланысты келісімі болып табылады, бүкіл ұжымның немесе қызметкерлердің 

жекелеген топтарының мүдделерін қамтиды.

Ұжымдық шарттың тараптары болып мыналар табылады:

1)

қызметкерлер- өз өкілдері арқылы;



2)

жұмыс беруші- ұйымның басшысы немесе ұйымның жарғысына (не 

өзге де локальдық актіге) сәйкес өкілеттіктерге ие өзге де тұлға арқылы.

Ұжымдық  шарттың  мазмұны-  бұл  нақты  бір  кәсіпорында  немесе  ұйымда 

әлеуметтік- экономикалық және еңбек қатынастарды реттеу үшін  тараптармен 

келісілген  және  қабылданған  ережелер  (жағдайлар).  Ұжымдық  шарт  қол 

қойылған күннен не шартта белгіленген күнен бастап күшіне енеді. Ұжымдық 

шарт ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді 

болуы мүмкін. Шарттың әрекет ету мерзімін тараптардың өздері анықтайды.

3.Ұжымдық  шарттың  ережелерін  бұзғаны  үшін  жұмыс  беруші  заңды 

жауапкершілікке  тартылады.Бұны  мына  жағдаймен  түсіндіруге  болады: 

ұжымдық шарт бойынша міндеттемелер жұмыс беруші үшін құқықтық сипатқа 

ие  болады,  оларды  бұзғаны  үшін  келесідей  тиісті  заңды  жауапкершіліктер 

туындайды:  тәртіптік,  әкімшілік,  ал  жекелеген  жағдайларда,  қылмыстық 

жауапкершілік.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Еңбек кодексі. 2007

2. «Ұжымдық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 04.07.92.

3. «ҚР-дағы әлеуметтік әріптестік туралы» ҚР заңы. 18.12.2000.

4. Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002.

5. АхметовА., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. 

6. Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана: 

Атамұра. 2004

Қосымша әдебиеттер:

7. Абузярова Н.А. Трудовое право РК. –Актобе, 1997.

8. Гусов. К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: Учебник. – М.: 

Юрист, 1997.

9. Уваров В.Н. Трудовое право РК. – Алматы: Изд. КАЗГЮА. 2000.



33

5-тақырып. Еңбек шарты.

Дәріс жоспары: 

1. Еңбек шартын бекітудің түсінігі және шарттары.

2. Еңбек шартының мазмұны және оған қойылатын талаптар.

3. Еңбек шартын жасау тәртібі: жұмысқа алу кезінде талап етілетін құжаттар.

4. Басқа жұмысқа ауыстырулар: түсінігі және жіктелуі.

5. Жұмыстан шеттетудің түсінігі, негіздері және тәртібі.

6. Еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздері.

Дәріс  мақсаты:      Еңбек  шартының  түсінігі  мен    мазмұны,  мерзімі,  оны  жасау 

тәртібі  мен  оны  тоқтату  негіздері  туралы  және  жұмыстан  шығару  тәртібі  мен 

жұмыстан шеттету жағдайларын меңгерту.

1.  Еңбек  шарты  дегеніміз  бұл  қызметкердің  ішкі  еңбек  тәртібіне  бағына 

отырып,белгілі  бір  еңбек  функциясын  (белгілі  бір  мамандық,біліктілік  және 

кәсіп  бойынша  жұмысты)орындау  міндетін,ал  жұмыс  берушінің  қызметкерге 

уақтылы  және  толық  көлемде  жалақы  төлеп  отыру  және  қалыпты  еңбек 

жағдайларын  қамтамасыз  ету  міндетін  көздейтін  қызметкер  мен  жұмыс 

берушінің  арасындағы  жазбаша  келісім.  Еңбек  шартын  он  алты  жасқа  толған 

адамдармен жасасуға жол беріледі. Орта білім алған не жалпы білім беретін оқу 

орнын  тастап  кеткен  жағдайда  он  бес  жасқа  толған  адамдар  ата-анасының 

немесе  қорғаншысының,  қамқоршысының  келісімімен  жеке  еңбек  шартын 

жасаса алады.

Еңбек шарты: 1)белгісіз мерзімге; 2)белгілі бір мерзімге; 3)белгілі бір жұмысты 

орындау  уақытына  немесе  жұмыста  уақытша болмаған  қызметкерді  ауыстыру 

уақытына жасалуы мүмкін.

Егер    еңбек  шартында  оның  қолданылу  мерзімі  айтылмаса,шарт  белгісіз 

мерзімге  жасалған  деп  есептеледі.  Еңбек  шартының  тараптары  болып 

қызметкер, яғни белгілі бір жасқа жеткен, еңбек құқық субъектілігіне ие,жұмыс 

берушімен  еңбек  шартын  жасасқан  және  еңбек  шартына  сәйкес  белгілі  бір 

жұмысты  орындайтын  азамат  пен  жұмыс  беруші,  яғни  қызметкерді  жалдаған 

және  оған  тиісті  жұмыс  берген, қызметкермен  жеке  еңбек  шартын  жасасқан 

заңды немесе жеке тұлға табылады.

2. Еңбек шартының мазмұнын  тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерін 

анықтайтын  жағдайлар  құрайды.  Еңбек  шарты  жазбаша  нысанда  жасалады,

кемінде  екі  дана  етіліп  жасалады  және  оған  тараптар  қол  қояды.  Еңбек 

шартының  бір  данасы  тараптар  қол  қойғаннан  кейін  қызметкерге  беріледі. 

Еңбек  шартында  көрсетілген  жұмыстың  басталу  күні  қызметкердің  еңбек 

міндеттерін орындауының басталуы деп есептеледі.

3.  Еңбек  шартын  жасасу  үшін  жұмыс  беруші  қызметкердің  еңбек  қызметін 

растайтын  құжаттарды,жеке  басының  құжатын,әлеуметтік  жеке  кодының 

берілгені  туралы  куәлікті,зейнетақы  шартын,он  алты  жасқа  толмаған  адамдар 

үшін тууы туралы куәлігін,білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжатты,және 

заңдарда  көзделген  өзге  де  құжаттарды  талап  етуге  құқылы.  Қызметкердің 

бірнеше  жұмыс  берушімен  жұмыс  уақыты  ұзақтығының  толық  болмауы 

көзделетін жеке еңбек шартын жасасуға құқығы бар.

4.Егер  еңбек  шартының  мына  жағдайларының  кем  дегенде  біреуі  өзгертілсе: 

еңбек  функциялары  (мамандық,біліктілік,лауазым);  жұмыс  орны;  еңбекке  ақы 



жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау