I оқУ-Әдістемелік кешен жасалады және енгізілді орындаған



жүктеу 7,73 Mb.
Pdf просмотр
бет14/31
Дата26.12.2019
өлшемі7,73 Mb.
#24982
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

37

2)сот  шешімдерін  және  өзгеде  атқарушылық  құжаттарды,соның  ішінде 

айыппұлды орындау үшін;

3)жалақы  есебінде  берілген  жұмсалмаған  авансты  қайтару  үшін,  қате 

есептің нәтижесінде артық төленген сомаларды қайтару үшін;

4)қызметкердің кінәсі бойынша қызметтен босатқан кезде жұмыс істемеген  

күндері үшін;

5)егер  зиянның  мөлшері  айлық  жалақыдан  аспаса  қызметкердің  кінәсі 

бойынша өндіріске келтірілген зиянды өтеу үшін;

Қызметкердің жалақысынан ұстап қалудың жалпы мөлшері әр жалақыны төлеу 

кезінде  20%-дан,орындау  қағазы  кезінде  50%-дан  аспауы  тиіс.Бірнешеу 

орындау  қағаздар  бойынша  жалақыдан  ұстап  қалу  кезінде  қызметкердің 

жалақысының 50%-ы сақталуы тиіс.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Еңбек кодексі. 2007

2. Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002.

3. АхметовА., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. 

4. 4.Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана: 

Атамұра. 2004

Қосымша әдебиеттер:

5. Абузярова Н.А. Трудовое право РК. –Актобе, 1997.

6.Гусов. К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: Учебник. – М.: Юрист, 

1997.


7.Уваров В.Н. Трудовое право РК. – Алматы: Изд. КАЗГЮА. 2000.

8-тақырып. Еңбекті қорғау.

Дәріс жоспары: 

1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.

2. Еңбекті қорғауда қызметкерлердің құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз 

ету.

3. Әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және мүгедектердің еңбегін қорғау.



4. Еңбекті қорғау туралы заңдылығын және еңбекті қорғау жөніндегі басқа да 

нормативтік актілерді бұзғаны үшін жауапкершілік.

Дәріс  мақсаты:    Еңбекті  қорғау  ұғымы  және  оны  ұйымдастыру  қағидалары, 

еңбекті  қорғауды  мемлекеттік  басқару,  қорғауды  қамтамасыз  ету,  еңбекті 

қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық туралы меңгерту.

1.  Еңбекті  қорғау  дегеніміз  бұл  қызметкердің  еңбек  қызметі  барысында  оның 

өмірі  мен  денсаулығын  қорғауға  бағытталған  шаралар  жүйесі.  еңбекті  қорғау 

дегеніміз  бұл  қызметкерлердің  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қауіпсіз  еңбек 

жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар  мен шаралардың жүйесі. Қауіпсіз 

жұмыс  орнына  құқық  кәсіпорындағы,  әрбір  жұмыс  орнындағы  еңбек 

жағдайлары  еңбекті  қорғауға  қатысты  стандарттарға,  ережелерге  және 

нормаларға  сәйкес  болуы  тиіс  екендігін  білдіреді.  Жұмыс  орны  өндірістік 




38

жарақатқа,  кәсіптік  ауруға  немес  еңбекке  қабілеттің  төмендеуіне  әкеп  соғуы 

мүмкін қауіпті, зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғалуы тиіс. 

2.Қауіпсіз жұмыс орнына құқық кәсіпорындағы, әрбір жұмыс орнындағы еңбек 

жағдайлары  еңбекті  қорғауға  қатысты  стандарттарға,  ережелерге  және 

нормаларға  сәйкес  болуы  тиіс  екендігін  білдіреді.  Жұмыс  орны  өндірістік 

жарақатқа,  кәсіптік  ауруға  немес  еңбекке  қабілеттің  төмендеуіне  әкеп  соғуы 

мүмкін  қауіпті,  зиянды  өндірістік  факторлардың  әсерінен  қорғалуы  тиіс. 

Еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті  қорғаудың жағдайына 

бақылауды  ұйымдастыру  және  еңбек  ұжымын  осы  бақылаудың  нәтижелері 

туралы уақтылы хабарландырып отыру міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.

3.  Зиянды  және  қауіпті  еңбек  жағдайлары  орын  алған  жұмыстарда,  сонымен 

қатар  ауыр  заттарды  қолмен  көтерумен  және  қозғалтумен  байланысты 

жұмыстарда  әйелдердің  еңбегін  қолдануға;  басшылық  әйелдердің  ауыр 

заттарды  қолмен  көтерумен  және  қозғалтумен  байланысты  жұмыстарда 

жүктерді тасымалдау үшін механикаландыру және автоматтандыру құралдарын 

немесе өзге де құрылғыларды қолдануды көздеуге міндетті. Егер затты көтеру 

және қозғалту кезінде  зиян келуі  мүмкін болса, затты қолмен көтеруге тыйым 

салынады.  Ауыр  заттарды  қолмен  көтерумен  және  қозғалтумен  байланысты 

жұмыстарға жүкті әйелдерді тартуға тыйым салынады.

4.Кәсіпорындар  еңбекті  қорғау  талаптарын  қамтамасыз  етпегені  үшін  және 

еңбекті  қорғау  талаптарына  жауап  бермейтін,  өндірістік  мақсаттағы  өнімді 

шығарғаны  және  өндіргені  үшін  экономикалық  жауапкершілікке  тартылады. 

Кәсіпорындар  өндірісте  жапа  шеккен  қызметкерлердің  немесе  қызметкерлер 

қайтыс  болған  жағдайда  олардың  жақын  туыстарының  алдында  материалдық 

жауапкершілікте  болады.  Еңбекті  қорғау  нормаларының  талаптарын  бұзғаны 

үшін  кінәлі  немесе  қадағалау  және  бақылау  заңдарда  белгіленген  тәртіп 

бойынша 


әкімшілік, 

тәртіптілік,материалдық 

немесе 

қылмыстық 



жауапкершілікке тартылады.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Еңбек кодексі. 2007

2. «Еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 22.12.93.

3. Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002.

4. АхметовА., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. 

5. Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана: 

Атамұра. 2004

Қосымша әдебиеттер:

6. Абузярова Н.А. Трудовое право РК. –Актобе, 1997.

7. Гусов. К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: Учебник. – М.: 

Юрист, 1997.

8. Уваров В.Н. Трудовое право РК. – Алматы: Изд. КАЗГЮА. 2000.



9-тақырып. Еңбек даулары.

Дәріс жоспары: 

1. Еңбек дауларының түсінігі және жіктелуі.

2. Жеке еңбек даулары: түсінігі, шешу тәртібі.




39

3. Ұжымдық еңбек даулары: түсінігі, түрлері, шешу тәртібі.

4. Ереуілге шығу құқығы. Ереуіл өткізу тәртібі.

Дәріс  мақсаты:    Еңбек  даулары  ұғымы  мен  оладың  туындау  негіздері  мен 

түрлерін меңгерту.

1. Еңбек даулары ретінде қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы тікелей 

келссөздермен  реттелмеген,  қолданыстағы  заңдарда  қолдану,  жаңа  еңбек 

жағдайларын  белгілеу  және  еңбек  жағдайларын  өзгерту  жөніндегі  мәселерге 

қатысты  келіспеушіліктер  танылады.  Еңбек  дауларына  екі  тарап  қатысады. 

Еңбек дауларының себептері болып дауласушы тараптардың еңбек құқықтары 

мен  міндеттерін  бағалауындағы  қарама- қайшылықтар  табылады.  Еңбек 

дауларының  туындауына  әсер  ететін  себептер  алуан  түрлі  болуы  мүмкін.  Бұл 

себептерге  және  еңбек  дауының  пәніне  қарай  еңбек дауларын  келесі  түрлерге 

бөлуге болады. 

2.Жеке  еңбек  дауларының  пәні  болып  еңбек  қатынастары  да,  олармен  тығыз 

байланысты  өзге  қатынастарда  табылады.  Қызметі  бойынша  ауыстыру, 

қызметінен босату, біліктілікті немесе дәрежені көтеру және т.б. туралы даулар-

бұлардың  барлығы  жеке  еңбек  даулары.  Ал  кәсіптік  одақтың  ненмесе  еңбек 

ұжымының  басшылықпен  арасындағы  ұжымдық  шарты  бекіту  кезіндегі 

даулары,  ұжымдық  сыйақылар  және  т.б.  туралы  даулары  ұжымдық  еңбек 

дауларына жатады. Бұл жерде ескеріп өтетін бір жай, сотқа ондағы ұқсас талап-

арыздар  түссе  де,  олар  ұжымдық  талап-  арыз  болып  саналмайды.  Жеке  еңбек 

дауларында  нақты  бір  қызметкердің  субьективтік  құқықтары  мен  заңды 

мүдделері дауланады және қорғалады.

3.Ұжымдық  еңбек  даулары-  бұл  жұмыс  берушінің(  жұмыс  берушілердің 

бірлестігінің)  және  қызметкерлер  ұжымның  (қызметкерлердің  өкілдерінің) 

арасында  ұйымдарда  жалақы  төлеу  мәселесіне,  ұжымдық  шарттар  мен 

келсімдерді  бекітуге  және  орындауға,  сонымен  қатар,  қолданыстығы 

заңдардың,  ұжымдық  шарттардың  және  келісімдердің  ережелерін  қолдану 

мәселеріне қатысты туындайтын келіспеушіліктер Ұжымдық еңбек дауларында 

бүкіл  ұжымның  құқықтары,  өкілеттері  мен  мүдделері  дауланады  және 

қорғалады.  Мұндай  дауларға  бір  жағынан-  еңбек  ұжымы  немесе  бірнеше 

ұйымдардың  еңбек  ұжымдары,  екінші  жағынан-  бір  немесе  бірнеше 

ұйымдардың басшылығы қатысады. 

4.Ереуіл - бұл ұжымдық еңбек дауын шешу мақсатында қызметкерлердің еңбек 

міндеттерін толығымен немесе жартылай орындауын уақытша ұжымдық ерікті 

түрде  тоқтатуы.  Бітімгершілік  процедураларына  қарағанда,  ереуіл-  бұл  өз 

талаптарының орындалуына  жету үшін қызметкерлердің жұмысты тоқтатумен 

жұмыс берушіге қысым жасау. Ереуіл ұжымдық еңбек дауын шешуде ең соңғы 

шара  болып  табылады.  Ереуілді  жариялау  туралы  шешім  хаттамамен 

рәсімделеді.  Осы  жиналыста  еңбек  ұжымы  ереуіл  барысына  басшылық 

жасайтын  ереуіл комитетін  сайлайды. Егер  ереуілді бірнеше  еңбек  ұжымдары 

бірдей  талаптарды білдіре  отырып жарияласа, онда  ереуілді осы ұжымдардың 

өкілдерінің тең санынан құралатын біріккен орган басқарады. 

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Еңбек кодексі. 2007



жүктеу 7,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау