Алға ауданы әкімдігінің
2013ж. « » ___________№___
ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛДІ
«АЛҒА АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «ТАМДЫ АУЫЛЫНДАҒЫ «ТАМДЫ» БАЛАЛАР АУЛА КЛУБЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ЖАРҒЫСЫ
Тамды ауылы
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тамды ауылындағы «Тамды» балалар аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) заңды тұлғаның мәртебесіне ие. Балалардың аула клубында азаматтарды, қоғамның, мемлекеттік білімдік және мәдени қажеттіліктерді жан-жақты қанағаттандыру мақсатында білім беруді қосымша дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеме ұйымдастырушылық құқықтық нысандарда коммерциялық емес ұйым болып табылады.
1.2. Балалардың аула клубы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық келісімдеріне, мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережеге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы №849 қаулысы) және балалардың аула клубының жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
1.3.1 Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы «Алға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады. (әрі қарай –«құрылтайшы»)
1.3.2 Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) - «Алға аудандық білім бөлімі» ММ-сі болып табылады.
1.3.3 Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – «мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган») Алға аудандық қаржы бөлімі болып табылады.
1.4. Мемлекеттік тілдегі мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тамды ауылындағы «Тамды» балалар аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ал орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Детский Дворовой клуб «Тамды» села Тамды» государственного учреждения «Алгинский районный отдел образования».
1.5. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды ауылы, Т.Ахтанов көшесі №7 үй. Индекс 030213
II. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ
2.1. Мемлекеттік мекеме өзі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады.
2.2. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөртаңбалары болады.
2.3. Мемлекеттік мекемеге белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген. Мекемелерді қоспағанда басқа заңды тұлға құрау, сондай ақ заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
2.4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Алға ауданының әкімдігі жауаптылықта болады.
2.5. Мемлекеттік мекеме жасасатын азаматтық – құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тіркеуге жатады.
2.6. Олар құрылған жағдайда құрымдылық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктердің) және өз қызметін жүзеге асыратын аумақтармен құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес анықталады.
Келісім шарт міндеттемелері бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес мекемені ұстауға бекітілген сметаның шегінде болады.
III. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ҚЫЗМЕТІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
3.1. Мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаты оқу тәрбие жұмыстарын жүргізу, балалардың жеке тұлғасын дамытуға жағдай жасап дене тұлғасын дамыту және психологияның дамуына өз қызығушылықтарын ата-аналар сұранысы арқылы дамытуға жол беру.
3.2. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:
- тәртібі қиын аз қамтылған отбасы балалары өзіндік ерекшеліктері, жеке қабілеттері, оның ішінде қатысымдық, дамытушылық, ынталандырушылық, өнерпаздық, өзін-өзі дамуына әрекет жасау;
- сынып өміріне бейімделуде қиналатын оқушыларға жекелеген көмектер көрсету, мұғалімдеріне мектеп қоғамдастығының басқа мүшелерімен қарым-қатынаста, мектеп ішіндегі және одан тысқары жерде мінез-құлық нормалары мен ережелерін орындауда қиналатын оқушыларды ортаға тарту;
- әр баламен тұлға-аралық байланыс орнату;
- еңбексүйгіштікке, Отанды, отбасын, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу;
- көркемөнерпаз үйірме саласында, жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
3.3. Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;
ІҮ. БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
4.1. Балалардың аула клубы, балалардың сұранысын, отбасының және өзге де ұйымдардың қажеттіліктерін, аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ұлттық-мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, өз қызметінің бағдарламасын өзі дербес жасайды.
4.2. Балалардың аула клубындағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және тәрбиеленушілердің елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай - ақ жан-жақты ынта ықыластары мен қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс.
4.3. Балалардың аула клубы, нәсілдік, ұлттық діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айырмашылықты насихаттауға, халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпы танылған қағидаттары қайшы келетін милитаристік және өзге де идеяларды таратуға тыйым салынады.
4.4. Жастары қатар және әр түрлі жастағы балалар ынта-ықыластары бойынша студияға, ансамбльге, топқа, үйірмеге, театрға (бұдан әрі – топтар) біріктіріледі. Топтардың құрылуы балалардың өз таңдауларына негізделеді.
4.5. Жұмыс түрі, әдісі, тәсілі, оқу жоспары мен бағдарламасы бірлестік үйірмесінің мазмұны, мақсаты, міндеттері Мекеме басшысының негізгі педагогтық таңдауынан құрылады. Қосымша білім беретін педагогтар басқару органның тексеру комиссиясы бекіткен авторлық бағдарламалар құрады.
4.6. Топтардағы сабақтар бірыңғай тақырыптық бағыттағы бағдарламалар немесе кешенді, үйлестірілген бағдарламалар бойынша өткізілуі мүмкін. Сабақтар бағдарлама талаптарына сәйкес оқу жылы бойында да, қысқа мерзімде де ұйымдастырылады.
4.7. Мемлекеттік мекеме балалармен жұмысты күнтізбелік оқу жылы бойынша қамтиды. Мемлекеттік мекеменің оқу жылы 1 - қыркүйектен 25- мамыр аралығында өтеді. 1-қыркүйектен 10- қыркүйекке дейін үйірмелерді жинақтау, 10 - қыркүйекте сабақтар басталады.
Жаз мерзімінде үйірмелер арнайы кесте бойынша қосымша білім педагогтары мен ауыспалы оқушы құрамы арасында сабақ жүреді.
4.8. Балалардың аула клубы жазғы демалыс кезінде өз базасында лагерлер мен туристік базалар аша алады, лагерде (қала сыртындағы немесе күндіз болатын) сондай-ақ тұрғылықты жерде балалардың тұрақты немесе ауыспалы топтарымен әртүрлі бірлестіктер құра алады. Үйірме жұмысы концерттік қойылымдар, жорықтар мен саяхаттар, жарыстар және басқа да нысанда жүргізуі мүмкін.
4.9. Сабақтар арасында 5 минөттік үзілісі бар 2 академиялық сағаттан 45 мин. аралығында өтеді. Апталық жүктемесі 18 сағат болатын педагогтарға топтағы бала саны 30 бала, эксперименттік, ғылыми жұмыстарын зерттеу үйірмелерінде 8 баладан кем болмауы тиіс. Егер де бала саны жетпесе, Мекеме кеңесінің шешімімен бекітіледі.
4.10. Баланың орны сақталады:
бала ауырған кезде;
баланы емдеу, сауықтыру кезінде;
аурухана, курортты-санитарлық, басқа да емдеу орталықтарында;
ата-ананың біріне еңбек демалысы берілсе.
4.11. Балалардың аула клубында қызметкерлерден оқыту процесін дамыту және жетілдіру мақсатында білім алушылар мен тәрбиеленушілер әлеуметтік оңалдыруды қамтамасыз ететін әдістемелік, шығармашылық бірлестіктерді психологиялық және әлеуметтік тәртіппен жүзеге асырады.
4.12. Балаларды оқытып, тәрбиелеу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
4.13. Балалардың аула клубы әкімшілігі балалардың еңбегімен демалысы режиміне қолайлы жағдай тудырады, ата-аналардың тілегін, балалардың жас ерекшеліктері педагог қызметкерлердің ұсынысы бойынша белгіленген санитарлық-гигиеналық норманы ескере отырып, сабақ кестесін жасайды және бекітеді.
4.14. Балалардың аула клубы оқу-тәрбиесі процесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырады.
Балалардың аула клубы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аурулардан сақтандыру денсаулығын нығайту, дене тәрбиесін жетілдіру, салауатты өмір салтын көтермелеу жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
4.15. Балалардың аула клубы көпшілік шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалар мен жасөспірімдердің бірлескен еңбегі мен демалысы үшін қажетті жағдай жасайды.
4.16. Балалардың аула клубы басқа білім беру ұйымдарында, ұлттық-мәдени орталықтарда бірлестіктер құра алады. Олардың арасындағы қатынасты келісім-шарт анықтайды.
Ү.ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Балалардың аула клубында оқу процесіне қатысушылар балалар, педагог қызметкерлер. Білім алушылардың ата-аналары (кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдері) болып табылады.
5.2. Балалардың аула клубындағы бала қабылдаудың жалпы тәртібін құрылтайшы белгілейді.
5.3. Балалардың аула клубы қабылдау кезінде ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдері балалардың аула клубының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығы лицензиясымен және оқу тәрбие процесін ұйымдастыру және қабылдау тәртібін реттейтін басқа құжаттармен таныстырады.
5.4. Спорттық, спорттық-техникалық, туристік, хореографиялық бірлестіктерге қабылдауда баланың денсаулығы туралы дәрігердің қорытындысы қажет.
5.5. Білім алушылардың, ата-аналардың (кәмелетке толмағандардың өзге де өкілдердің) қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, балалардың аула клубы жарғысымен және білім беру саласындағы өзге де заңнамалық келісімдермен белгіленеді.
5.6. Балалардың аула клубының педагогикалық қызметіне тиісті кәсіптік білімі бар азаматтар жіберіледі.
5.7. Қызметтер мен балалар аула клубының еңбек қатынастары еңбек шартымен реттеледі, оның шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
ҮІ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ БАСҚАРУ
6.1. Балалардың аула клубын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережеге, осы ережеге және балалардың аула клубының жарғысына сәйкес демократиялық, жариялылық, жалпы азаматтық құндылықтардың басымдығы, тұлғаның еркін дамуына, қағидаттарына сай жүзеге асырылады.
6.2. Тиісті саланың уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
6.2.1. Мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді.
6.2.2. Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспары) бекітеді.
6.2.3. Мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдалануы мен сақталуын бақылауда жүзеге асырады.
6.2.4. Мемлекеттік мекеменің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
6.2.5. Мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастырылу тәртібін және өкілеттілігі мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді.
6.2.6. Мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметін босатудың негіздемесін белгілейді.
6.2.7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді.
6.2.8. Мемлекеттік мекеме басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
6.2.9. Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді.
6.2.10. Заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
6.3. Құрылтайшының (Жоғары басқару органдарының ) ерекше құзырына келесі мәселелер жатады:
- мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
- мемлекеттік мекеменің ерікті қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы;
- заң актілерімен белгіленген шектерде мемлекеттік мекеменің басқа заңды тұлғаларды құруға, не олардың қызметіне қатысу жөнінде сондай – ақ өз филиалдары мен өкілдіктерін құру жөніндегі шешім қабылдау;
- меншік иесі мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдалануы мен сақталуына бақылау жасау;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделмеген өзге де мәселелер.
6.4. Мемлекеттік мекеменің басшысына заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган қызметке тағайындайды және босатады.
6.5. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті орган (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуымен өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауаптылықта болады.
6.6. Мемлекеттік мекеменің басшысы бірыңғай басшылық принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыда белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді.
6.7. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыруы кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:
6.7.1. Мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді.
6.7.2.Барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді.
6.7.3.Заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді.
6.7.4. Шарттар жасасады.
6.7.5. Сенімхаттар береді.
6.7.6.Мемлекеттік мекеменің іс-сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді.
6.7.7. Банктік есеп шоттар ашады.
6.7.8. Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
6.7.9. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті орган тағайындайтынан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды.
6.7.10.Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады.
6.7.11. Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігінің шеңберін белгілейді.
6.7.12. Өзіне, заңдарда, осы Жарғыда жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзге функцияларды жүзеге асырады.
6.7.13. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша, бағынысы құрылымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады.
ҮІІ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ МҮЛКІ, КӘСІПОДАҚ, ҚАРЖЫ, ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
7.1. Мекеме мүлкінің негізгі бөлігі, қорлар, айналым қаражаттары және басқа да құндылықтар құрайды, және де мемлекеттік балансқа көрсетіледі.
7.2. Мемлекеттік мекеменің мүлкі, мүлікке иелік етуге, қолдануға және билік етуге құқылы.
7.3. Егер де Мемлекеттік мекеменің қаржылай кірісі болған жағдайда қаржы мемлекеттік бюджетке аударылады.
7.4. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру, мемлекеттік бюджет арқылы іске асырылады.
7.5. ҚР заңдылықтарына сәйкес мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізіледі.
7.6. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық істерін бақылау және тексеру жасау өкілетті органдарға белгіленген уақытта жүргізіледі.
ҮІІІ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
8.1. Балалардың аула клубын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8.2. Балалардың аула клубы қызметінің тәртібі осы ережеге реттелмейтін әкімдікте құрылтайшы белгілейді және ол балалардың аула клубының жарғысында бекітіледі.
8.3. Балалардың сауықтыру лагерін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8.4. Балалардың сауықтыру лагері қызметінің тәртібін осы ережеге реттелмейтін бөлікте құрылтайшы белгілейді және ол балалардың сауықтыру лагерінің жарғысында бекітіледі.
ІХ. ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
9.1. Мемлекеттік мекеменің жарғысы, сондай – ақ оған өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органмен бекітіледі.
9.2. Жарғыға енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар, сондай-ақ жарғының жаңа редакциясы мемлекеттік тіркеуге жатады.
Х. ФИЛИАЛДАР МЕН ӨКІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ
10.1. Филиалдар мен өкілдіктер жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |