И. И. Жумагулов, А. А. Бегалина


Органикалық  тыңайтқыштар



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет126/222
Дата16.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#32946
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   222
аг негиздери

Органикалық  тыңайтқыштар
 
–  топырақ  қҧнарлылығын 
арттырудың  және  ҥдете  арттырудың  маңызды  қоры  саналады. 
органикалық  тыңайтқыштарды  жҥйелі  тҥрде  қолдану  жырту  қабатын 
қоректік элементтердің барлығымен және қарашіріндімен толықтыруға, 
топырақтың  қасиеттерінің  жақсаруына,  химияландырудың  басқа  да 
қҧралдарын  (ғангыштау,  ізбестеу)  тиімді  пайдалануға  мҥмкіндік 
жасайды.  
Кӛң
 - ӛсімдіктерге қажетті барлық қоректік заттар – N, P, K, S, Ca, 
Mg,  Fe  және  микроэлементтері  В,  Мо  және  т.б.  болады.  Кӛңді  жҥйелі 
тҥрде  енгізгенде  топырақтың  физикалық-химиялық  қасиеттері,  су  және 
ауа  режимдері  жақсарады,  топырақ  қышқылдылығының  кері  әсері 
тӛмендейді,  сондай-ақ  ауылшаруашылық  дақылдарының  ӛнімділігінің 
артуына 
ықпал 
ететін 
СО
2
-мен 
қосымша 
қоректендіруді 
қамтамасыздандырады.  Малды  ҧстау  (бағу)  және  кӛңді  сыртқа  шығару 


86 
 
әдісіне  қарай  тӛсенішті,  тӛсенішсіз,  оның  қҧрамындағы  судың 
мӛлшеріне байланысты жартылай сҧйық (90% дейін) және сҧйық (90-93 
%)  кӛң  алынады; 
қҧс  саңғырығы
  –  қҧнды  және  жедел  әсер  ететін 
органикалық тыңайтқыш. Қҧсты еркін баққанда  – тӛсенішті, фабрикада 
қҧсты  торда  баққанда  тӛсенішсіз  саңғырық  алады.  Отамалы,  кҥздік 
дақылдар  егістігіне  негізгі  және  ҥстеме    тыңайтқыш  ретінде  қолдану 
тиімді.  
Шымтезек
  –  оттегі  тапшы,  ылғалдылығы  әжептәуір  жоғары 
жағдайда  ӛсімдік  массасының  ыдырауы  әртҥрлі  деңгейдегі  тҥрі.  Пайда 
болу  тегіне  қарай,  ол  жоғарғы(лық),  ӛтпелі  және  ойпаңдық  болады. 
Ҥшеуінде де азот мол, бірақ ойпаң шымтезекте кӛбірек (қҧрғақ затының 
2,5-3,8  %).  Жоғарғы  шымтезекке  жоғарғы  қышқылдылық  тән 
болғандықтан,  оны  таза  кҥйінде  енгізуге  ҧсынбайды.  Шымтезекті 
кӛңмен,  кӛң  сыдырасымен  қордалау  ӛте  тиімді  –  микробиологиялық 
ҥдерістер пәрменделінеді, тыңайтқыштың (қоректілік) қҧны артады. 
Қорда
  –  екі  қҧрауыштан  тҧрады:  топырақтан  (шымтезектен)  – 
ылғалды және аммиакты сіңіретін және кӛңнен немесе шаруашылықтың 
басқа  да  органикалық  қалдықтарынан.  Алғашқы  қҧрауыш  қордалаусыз 
әлсіз сіңірімді, соңғысында микрофлораға ӛте бай және азоты бар жеңіл 
ыдырайтын  органикалық  қосылыстар  мол.  Қоспадағы  барлық  масса 
(қҧрауыштар)  біркелкі  және  сусымалы  болғанда  қорда  дайын  деп 
есептелінеді.  Кҥзде сҥдігер кӛтергенде немесе сҥдігерді кӛктемде ӛңдеу 
барысында  қолдану  тиімді;  жасыл  тыңайтқыш  (сидерат)  –  бҧршақты 
дақылдардың 
(бӛрібҧршақ, 
сераделла, 
тҥйежоңышқа, 
кҥздік 
сиыржоңышқа,  эспарцет,  таспашӛп,  ноғатық,  т.т.)  жасыл  массасын, 
топырақты  азотпен  және  органикалық  заттармен  толықтыру  ҥшін 
орналастыру.  Бҧл  тәсілді  сидерациялау,  ал  араластырылатын  ӛсімдікті 
сидерат  деп  атайды;  жасыл  тыңайтқыштармен  қҧрамында  100-200  кг 
азоты бар 35-40 т/га органикалық масса енгізіледі. Жасыл тыңайтқыштар 
– мәдениленуі нашар, әсіресе кӛңнің әкелінуі немесе тасымалдауы қиын 
аудандар ҥшін топырақ қҧнарлылығын арттырудың бірде-бір қҧралы.  
Сабан
  –  сәйкес  минералды  тыңайтқышпен,  сҧйық  кӛңмен  немесе 
жасыл  тыңайтқыш  ретінде  қолданылатын  бҧршақты  дақылдармен 
ҥйлестірілгенде  топырақтағы  қарашірінді  мӛлшері  бойынша  сондай 
кӛлемдегі  кӛңге  балама  бола  алады.  Сабанды  ҧсақтап  тыңайтқыш 
ретінде  қолдану  тәсілдері:  кҥзде  сҥгер  астына  немесе  кӛктемде  жасыл 
тыңайтқышпен  ҥйлестіре;  топырақты  су  шаюдан  және  жел  ҧшырудан 
қорғайтын жабынды ретінде. 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау