И. И. Жумагулов, А. А. Бегалина


Екінші аралық бақылаудың дәрістер желісі



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет134/222
Дата16.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#32946
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   222
аг негиздери

 
Екінші аралық бақылаудың дәрістер желісі 
 
8-дәріс. 
 
Кіріспе  және  астық  дақылдарының  жалпы 
сипаттамасы 
1.
 
Ӛсімдік шаруашылығы: пән, міндеттері 
2.
 
Ӛсімдік шаруашылығының және егіншіліктің негізгі заңдары. 
3.
 
Астық  дақылдарының жалпы сипаттамасы. 
4.
 
Астықты  артығымен  ӛндіру  –  ауылшаруашылығын  одан  әрі 
дамытудың маңызды мәселесі. 
5.
 
Қазақстанның солтҥстік ӛңірінің астық ӛндірудегі рӛлі. 
6.
 
Астық    дақылдарының  морфологиялық  және  биологиялық 
ерекшеліктері. 
7.
 
Астық  дақылдарының ӛсу және даму кезеңдері.  
Дәріс  желісі: 
1.  Қазақстанның  ауылшаруашылығы  ӛндірісі 
негізінен  екі  саланы  –  ӛсімдік  шаруашылығы  мен  мал  шаруашылығын 
қамтиды.  Нарықтық  экономика  заманында  елімізді  азық-тҥлікпен 
қамтамасыздандыру  басты  мәселе  болғандықтан,  аталған  салалар  ең 
алдымен  Қазақстан  халқы  ҥшін  экологиялық  таза,  сапалы  мол  ӛнім 
ӛндірудің  ғылымға  негізделген  технологиясын  игеруге  және  сол 
технологияны  жҥзеге  асыратын  білімді,  білікті  маман  дайындауды 
жедел  қолға  алуы  тиіс.  Адамның  бірқалыпты  тіршілігі  ҥшін  кӛптеген 
заттар,  оның  ішінде  ақуыз,  май,  кӛмірсулары  аса  қажет.  Аталған 
заттардың 80-90 пайызын ӛсімдіктер қамтамасыздандырады. 
Еліміздің 
2030 
жылға 
дейінгі 
дамуының 
стратегиялық 
бағдарламасында 
Қазақстан 
Республикасының 
Президентінің 
«Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  атты  Жолдауында  елдің 
ӛнеркәсіптік  (индустриялық)  дамуының  стратегиялық  жоспарында 
ауылшаруашылығында  еңбек  ӛнімділігін  жоғарылату,  етті  мал 
шаруашылығын дамыту және халықты сапалы  ауыз сумен қамтамасыз 
етудің  тиімді  жобалары  арқылы  халықтың  әл-ауқатын  нығайту  міндеті 
қойылған.   
Егін  шаруашылығы  саласында  егіс  алқаптарының  теңгерілген 
қҧрылымына,  ауыспалы  егіске  кӛшу  және  дара  дақыл  егісін  қолданбау 
таңдалынады.  Бҧл  ретте,  салада  ауылшаруашылық  дақылдарының 
кӛлемін  ауқымды химияландыру  және қазіргі  заманға сай ылғал  қорын 


92 
 
ҥнемдеу  технологиясын  енгізу  есебінен,  айналымға  жаңа  және  қазіргі 
қолданылмайтын суармалы жерлерді пайдалану қарастырылған.  
Минералды  тыңайтқыштарды,  ӛсімдіктерді  химиялық  қорғау 
қҧралдарын,  ауылшаруашылық  ӛнімдерін  қайта  ӛңдеу  саласын 
шикізатпен 
қамтамасыздандыру, 
отандық 
ауылшаруашылық 
техникасының  ӛндірісі  кӛлемінің  қосымша  ҧлғайтылуы,  сондай-ақ  су 
шығындарын азайту жоспарланған. Нәтижесінде егін шаруашылығының 
ширақ  (динамикалық)  дамуы  іргелес  секторлар  мен  салалалардың 
дамуына кҥшті ынтымақтастық (синергетикалық) әсер береді. 
Ӛсімдік  шаруашылығының  негізгі  қҧралы  –  қолдан  ӛсірілген 
дақылдар.  Бҧлар  фотосинтез  ҥдерісінде  әртҥрлі  ӛнім-астық,  тамыр-
тҥйнек  жемістерін,  жеміс,  тҥрлі  мал  азықтарын  қалыптастырады. 
Ӛсімдіктердің  осы  аса  маңызды  іс-әрекетінсіз  ғаламшардағы  тіршілік 
иелерінің ҥйреншікті тіршілігін (О

қоса) кӛру мҥмкін емес.  
Қазақстанда  ӛсімдік  шаруашылығы  басымдылыққа  ие  және 
ерекшеліктері  бар:  маусымдылық;  жер  кӛлемінің  шектеулігі;  ӛнім 
мӛлшері  мен  сапасының  топырақ-климат  жағдайларына  тәуелділігі; 
танаптық  жҧмыстардың  (топырақ  ӛңдеу,  тыңайтқыш  қолдану  жҥйесі, 
тҧқымды дайындау, себу (отырғызу), егістікті кҥтіп-баптау, егінді жинау 
т.б.) дер кезінде және сапалы іске асырылуы тиіс.  
Жекелеген дақылдардың технологиясы тҧрақты және ҥлгілік тҥрде 
болуы  мҥмкін  емес.  Ол  жаңа  сҧрыптар  (дақылдар)  мен  тәсілдердің 
енгізілуіне,  кешенді  механикаландыруды  қолдануға  байланысты  егістік 
қҧрылымының  ӛзгерісіне  ҧшырап  отырады.  Ғылымның,  техниканың 
және озық тәжірибенің жетістіктеріне сай дақылдың ӛсіру технологиясы 
ӛзгеріп отыруы тиіс.  
Ӛсімдік  шаруашылығымен  айналысу  барысында  адам  кӛптеген 
ӛзгермелі  жағдайларға  кезігеді.  Ӛсімдіктерді  қажетті  тіршілік 
тҥрткіжайттарымен қамтамасыздандыру ҥшін белгілі бір деңгейде оның 
айналасын да ӛзгертуге  тура келеді.  
Тҥптеп  келгенде  ауылшаруашылығы  дақылдарының  ӛнімділігі 
агротехника деңгейіне байланысты. 
Қазақстан  аграрлы  ел  болғандықтан,  ӛсімдік  шаруашылығының 
дамуы  ауыл  тҧрғындарының  тҧрмыс  жағдайының  жақсаруына  және 
қосымша  жҧмыс  орындарын  ашуға  мҥмкіндік  беріп  қана  қоймайды, 
Қазақстанның  азық-тҥлік  қауіпсіздігін  қалыптастырудың  негізін 
қалайды.  
Қазақстанда  ӛсімдік  шаруашылығын  қажетті  деңгейде  дамыту 
танаптық  дақылдарды  ӛсіруде  озық  технологияны  қолданғанда  және 
мына шараларды жҥзеге асырғанда ғана мҥмкін:  
1.
 
Ауылшаруашылығы ӛндірісінің материалдық-техникалық базасын 
жаңарту. 


93 
 
2.
 
Танаптық 
дақылдардың 
экологиялық 
бейімді, 
тӛтенше 
(экстремалды)  жағдайларда  ӛнімді  жаңа  сҧрыптарын  ӛндіріске 
енгізу. 
3.
 
Бағдарламаланған ӛнімге тыңайтқыш енгізу.  
4.
 
Себуге ӛнімділік әлеуеті жоғары тҧқымдарды қолдану. 
5.
 
Ӛсімдіктерді жан-жақты қорғау. 
6.
 
Дақылдарды ӛсіру барысында технологиялық ретті (тәртіпті) қатаң 
сақтау. 
Соңғы  жылдары  Қазақстанның  ӛсімдік  шаруашылығында  ӛнімді, 
ӛндірістік тҧрақтылық пен кӛлемнің арту ҥдерісі байқалуда. 
 
Қазақстан 2011 жылы ең мол ӛнім жинады – танаптық салмақта 30 
млн. т. жуық, тазаланғаннан кейінгісі – 27 млн. т. 
Ӛсімдік  шаруашылығының  дамуының  басты  міндеті  –  озық 
технология негізінде: 
-
 
ауылшаруашылық  дақылдарының  ӛнімділік  және  сапалық 
кӛрсеткіштеріне ауа райының әсерін кеміту
-
 
ӛсірілетін дақылдардың ӛнімділігін жоғарылату, ӛнімді халықтың 
қажеттілігін қамтамасыздандыратын деңгейге дейін жеткізу
-
 
табиғи 
және 
экономикалық 
тҥрткіжайттардың 
негізінде  
ӛндірілетін ӛнімдердің аймақтық бағытын кҥшейту; 
-
 
тасымалдауға 
аса 
шыдамсыз 
ӛнімдерді 
қала 
маңына 
шоғырландыруды жҥзеге асыру. 
Ауылшаруашылығы  алдында  тҧрған  аса  кҥрделі  міндеттерді 
шешуде ӛсімдік шаруашылығы ғылыми пән ретінде ҥлкен маңызға ие. 
 
Ӛсімдік  шаруашылығы  –  мәдени  дақылдар  және  оларды  ӛсіру 
туралы  ғылым.  Ал  ӛсімдік  шаруашылығын  ӛндірістік  кӛзқараспен 
қарасақ, ол ауылшаруашылық дақылдарын ӛсіруді техникалық жағынан 
жетілдіру  және  тиімділігін  арттыру  әрі  олардың  жоғары  сапалылығы 
туралы ілім. 
 
Ғылыми  ӛсімдік  шаруашылығы  ӛсімдіктің  даму  ерекшеліктерін, 
олардың  ӛсу  ортасына  қоятын  талаптарын  зерттейтін,  қазіргі  кездегі 
биология ғылымының қағидаттарына негізделіп қҧрылады.  
 
Кез  келген  ғылыми  пән  сияқты  ӛсімдік  шаруашылығының  да 
зерттейтін  нысандары  (танаптық  дақылдар),  міндеттері  және  зерттеу 
әдістері бар. 
 
Ӛсімдік  шаруашылығының  міндеттері:
  ӛнімнің  қалыптасу 
заңдылықтарын  зерттеу,  танаптық  дақылдардың  ӛнімдерін  арттыра 
ӛндіру шарасын, қорын (резервін) анықтау, еңбек пен қаражатты азырақ 
шығындап, сапасы жоғары ӛнімді алудың теориясы мен технологиясын 
дайындау.  
 
Ӛсімдік  шаруашылығының  теориялық  негізі  болып,  ӛсімдіктің 
даму  ерекшеліктерін  айқындайтын  және  ӛсімдіктің  қоршаған  орта 
тҥрткіжайттарына қоятын талаптары туралы толығырақ мәлімет беретін 
биология  саласындағы  кез  келген  дақылдың  ӛсіру  технологиясы,  оның 


94 
 
морфологиялық  және  биологиялық  ерекшеліктеріне  негізделінеді, 
сонымен  қатар  ӛсімдік  тіршілігінің  ҧзақтығы,  ӛсімдіктің  кҥннің 
ҧзақтығына  реакциясы,  тозаңдану  тҥрі,  ӛсу-даму  кезеңінің  ҧзақтығы, 
гҥлдеу кезеңінің ҧзақтығы және т.б. ескеріледі.  
Дақылдардың биологиясы: 
 
-  дақылдың  температураға  қоятын  талабын  (ең  тӛменгі  ӛну 
температурасы, 
ӛсімдік 
шыдайтын 
ең 
жоғары 
температура, 
ӛсімдіктердің  теріс  температураларға  тӛзімділігі,  белсенді  температура 
жиынтығы);  ылғалға  қоятын  талабын  (транспирациялық  коэффициенті, 
су  пайдалану  коэффициенті,  ылғалға  қатынасты  қиын-қыстау  кезеңі) 
топыраққа, қоректік заттарға қоятын талабын; жарыққа қоятын талабын 
қарастырады. 
Танаптық дақылдарды ӛсіру технологиясының негізгі элементтері:  
-  ауыспалы  егістегі  орны  және  алғы  дақылдар;  топырақты  ӛңдеу; 
тыңайтқыштарды қолдану; тҧқымды себуге дайындау; себу жҧмыстары 
(мерзімі,  тәсілі,  мӛлшері,  тҧқымның  сіңіру  тереңдігі);  егістікті  кҥтіп-
баптау; егінді жинау (мерзімі, тәсілдері, техникасы). 
Ӛсімдік  шаруашылығының  ғылыми  пән  ретінде  ӛзіндік  зерттеу 
тәсілдері бар. 
    - 
танаптық  тәжірибе
  –  ӛсіру  технологиясы  тәсілдерінің  іссаналық 
маңызын  салыстырмалы  бағалау  ҥшін  жҥргізіледі:  алғы  дақылдарды 
бағалау, топырақты ӛңдеу, тыңайтқыштарды қолдану, себу мерзімі, себу 
мӛлшері  және  т.б.  (танаптық  тәжірибелер  бір,  екі,  кӛп  тҥрткіжайтты 
болуы мҥмкін). Бҧл ӛсімдік шаруашылығындағы негізгі зерттеу тәсілі.  
 
Танаптық  тәжірибенің  тҥршелері:  зертханалық-танаптық  (шағын 
алаңдарда); ӛндірістік тәжірибелер (кӛлемді алаңдарда). 

ӛсінділік
  (вегетациялық)  тәжірибе  биологиялық,  физиологиялық, 
агрохимиялық және т.б. мәселелері зерттеу ҥшін жҥргізіледі.  
 
Танаптық  және  ӛсінділік  тәжірибелердің  нәтижелерін  тҥсіндіру 
ҥшін  жиі  топырақтың  қҧнарлылығы  мен  ылғалдылығы,  ӛнімнің 
қҧрылымы  мен  жиналатын  ӛнімнің  сапасы  туралы  деректер  болуы 
қажет.  Мҧндайда  қосымша  есепке  алу  мен  бақылаулар  және  әртҥрлі 
зертханалық зерттеулер жҥргізіледі.  
 
Кез  келген  дақылдың  ӛсіру  технологиясы  егіншіліктің  (ӛсімдік 
шаруашылығының) заңдарына негізделуі тиіс. Ол заңдарды егіншіліктен 
сіздер  оқыдыңыздар,  білесіздер,  тек  олардан  туындайтын  ҧғымдарды 
ғана естеріңізге тҥсіремін.  
 
Аталған заңдардан: 
-
 
кез  келген  дақылдың  жоғары  ӛнімін,  оларды  барлық  қажетті 
тҥрткіжайттармен  бір  мезгілде,  ҥздіксіз  және  жеткілікті 
мӛлшерде қамтамасыздандырғанда алуға болады деген;  
-
 
әрбір  тҥрткіжайттардың  тиімділігі  соғҧрлым    жоғары,  ӛсімдік 
қаншалықты 
басқа 
тҥрткіжайттармен 
жақсы 
қамтамасыздандырылса деген;  


95 
 
-
 
әрбір тҥр (сҧрып) қоршаған орта жағдайларына әртҥрлі әсер етеді 
және  жеке даму заңдарына сәйкес ӛнім қалыптастырады, ал оның 
негізінде  ӛсімдіктердің  тҧқым  қуалаушылық  және  биологиялық  
ерекшеліктерімен  тығыз  байланысқан  ӛзіндік  ерекше  зат  алмасу 
тҥрі жатады деген; 
-
 
ӛсімдіктің әрбір тҥріне (сҧрпына) дамуының әртҥрлі кезеңдерінде 
әртҥрлі тҥрткіжайттар кешені қажет деген; 
-
 
ӛсімдіктің  қажетін  білу,  даму  заңдылықтарын  ашу  және  оларды 
білгірлікпен пайдалану ӛсімдік шаруашылығында бастапқы шарт, 
орта  жағдайларын  агротехникалық  жолдармен  басқару  тетігін 
табу деген ҧғым туындайды.  
Жоғары  сапалы  мол  ӛнімді  ғылыми  негізделінген  кешенді 
агротехниканы  қолданып  алуға  болады.  Мҧны,  ӛсімдіктердің  талабына 
және жергілікті жердің жағдайына сәйкес, белгілі бір ретпен және ӛзара 
байланыста  уақытында  қолданылатын,  агрошаралар  жҥйесі  деп  тҥсіну 
қажет.  
Ӛсімдік  шаруашылығының  негізгі  заңдарын  қолдану  – 
жетілдірілген  кешенді  агротехниканың  қағидаттарына  сҥйене  отырып, 
ӛсімдік  шаруашылығы  саласын  байыппен  жҥргізудің  теориялық 
(ілімдік) негізі. 
Танаптық  дақылдар  тобына,  әртҥрлі  ботаникалық  тҧқымдастарға 
жататын,  тҥрлерінің  әрқайсысы,  тіпті  жекелеген  сҧрыптары  ӛздерінің 
морфологиялық,  биологиялық,  шаруашылық  белгілерімен  және  ӛсіру 
тәсілдерімен ӛзгешеленетін 90-ға жуық тҥрлер топтастырылған.  
Осы  танаптық  дақылдарды  оқып-ҥйренуді  қолайлы  болу  ҥшін 
бҧлардың  ортақ  белгілерін  ескеріп  6  топқа  бӛлуге  келісілген:  1)  дәнді 
дақылдар (бидай, арпа, сҧлы, қара бидай – 1- биологиялық топ; жҥгері, 
тары,  шай  жҥгері,  кҥріш,  қарақҧмық;  2  -  биологиялық  топ;  асбҧршақ, 
ноқат,  майбҧршақ  және  т.б.  дәнді  бҧршақтар  тобы  немесе                             
3-биологиялық топ); 2) тамыржемістер – қант қызылшасы, мал азықтық 
қызылша,  сәбіз;  тҥйнекжемістілер  –  картоп,  бақшалық  дақылдар  – 
қарбыз,  қауын,  асқабақ;  3)  мал  азықтық  дақылдар  –  кӛпжылдық  астық 
және бҧршақ тҧқымдастар; біржылдық астық және бҧршақ тҧқымдастар 
және  мал  азықтық  кӛпжылдық  жаңа  дақылдар;  4)  майлы  дақылдар  – 
кҥнбағыс және т.б.; 5) талшықты дақылдар – мақта, қарақурай және т.б.; 
6) есірткілі дақылдар – темекі, қара темекі. 
2.  Астықты  артығымен  ӛндіру  –  ауылшаруашылығының  одан  әрі 
дамуының басты мәселесі.  
 
Ауылшаруашылығы ӛндірісінің алдында тҧрған басты міндет – ол 
халықты  медициналық  мӛлшерлемеге  сай  сапалы  азық-тҥлікпен,  ӛңдеу 
ӛнеркәсібін  шикізатпен,  мал  шаруашылығын  әр  алуан  азықпен 
қамтамасыздандыру.  
 
Алға  қойылған  бҧл  міндеттерді  жҥзеге  асыру  ҥшін  егіс 
алқаптарында  қысқа  айналымды  бірнеше  шараларды  жҥзеге  асыру 


96 
 
қажет:  әртараптандыруды  ескеріп  нарық  сҧранысына  икемді  ауыспалы 
егістерді  қолдануды;  топырақ  ӛңдеудің  аз  немесе  нӛлдік  жҥйесіне 
кӛшуді;  жергілікті  жердің  топырақ-климат  жағдайына  бейімделген 
дақылдар  мен  сҧрыптарды  қорҥнемдегіш  технологиямен  ӛсіруді; 
егіншіліктің  қайтарым  заңына  сай  жыртылатын  жерлерге,  топырақ 
қҧнарлылығын 
ҥдемелі 
арттыру 
мақсатында, 
агрохимиялық 
зерттеулерге  сҥйеніп,  қажетті  мӛлшерде  органикалық,  ол  болмағанда 
минералды  тыңайтқыштарды  енгізуді;  ауылшаруашылық  дақылдарын 
арамшӛптерден,  зиянкестерден,  аурулардан  қорғаудың  жан-жақты 
немесе  жиынтық  (интегралды)  тәсіліне  кӛшіруді;  суландырылатын 
жерлердің  тиімділігін  молайтатын  тәсілдерді;  егу,  кҥтім,  ӛнімді  жинау 
жҧмыстарында  ғылым  мен  білімнің,  озық  тәжірибенің  жетістіктерін 
жедел қолдануды; жиналған ӛнімді ысырапсыз, қайта ӛңдеудің ең озық 
ҥлгілерін 
қолданып, 
шикізатпен 
алынатын 
ӛнім 
тҥрлерін 
(ассортиментін) молайтуға ӛтуді. Алынатын ӛнімнің сапасы, алуан тҥрі 
адам  ағзасына  оң  әсер  етіп,  оның  жҧмысқа,  оқуға  деген  қабілетін 
арттырып, мәнді-сәнді ӛмір сҥруге ынталандырады. 
 
3.  Аталған  шаралар,  Қазақстанда  әзірше  етек  алып,  кең  ауқымды 
қолданыс  тапқан  жоқ.  Жаңалыққа  жаны  қҧмар,  ізденіс  ҥстіндегілер 
аталған шаралардың біразын қолданып жақсы ӛнім жинауда. 2011 жылы 
Қазақстан 30 млн. тоннадай шанақтық салмақта ӛнім жинады, оның 75-
80%-ы Қазақстанның солтҥстік ӛңірінің ҥлесінде. Осыдан, Қазақстанның 
солтҥстігінде  аталған  шараларды  мҥмкіндігінше  толық  жҥзеге  асырсақ 
астық дақылдарының ӛнімділігін ғана арттырмай, сапасын да арттыруға 
болатынын кеңес кезеңіндегі шаруашылықтардың тәжірибесінен айтуға 
болады.  Қазіргі  кезде  астық  нарығында  қатты  бидайға  деген  сҧраныс 
басымдылыққа  ие.  Ал  Қазақстанның  солтҥстігінде  ӛсірілетін  қатты 
бидай  сҧрыптары  қуаңшылық  жылдардың  ӛзінде  жҧмсақ  бидай 
сҧрыптарының  ӛнімінен  1-2  ц/га  кем  бергенімен,  алынатын 
жармасының,  макаронның  т.б.  ӛнімдерінің  қҧндылығымен  оны  басып 
озады.  Осыны  ескеріп  ауыспалы  егісте  қатты  бидайға  ең  жақсы  алғы 
дақылдарды  беріп,  оның 
морфологиялық 
және 
биологиялық 
ерекшеліктеріне  сай  ӛсіру  технологиясын  қолданып,  Қазақстанның 
сыртқа  шығаратын  бидай  ҥлесінде  қатты  бидайды,  оның  ӛнімдерін 
молайтуға  қол  жеткізуге  болады.  Міне,  осыдан-ақ  Қазақстанның 
солтҥстік ӛңірінің астық ӛндірудегі рӛлі арта тҥсетін болады.  

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау