И. И. Жумагулов, А. А. Бегалина



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет143/222
Дата16.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#32946
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   222
аг негиздери

Тұқымды  себуге  дайындау
.  Жаздық  бидайды  қарқынды 
технологиямен ӛсіргенде, оның тиімділігі себуге рҧқсат етілген сҧрыпты 
пайдаланғанда,  әрі  тҧқымның  ӛнімділік  және  егістік  сапасы  жоғары 
болғанда  ғана  арта  тҥсетінін  ескеріп,  бірінші  класты  тҧқымды 
пайдаланған  жӛн.  Тҧқымды  тазалауды  және  оны  себу  сапасына 
жеткізуді кҥзде аяқтаған дҧрыс. Кӛктемде, нақ себер алдында тҧқымды 
жылы  ауамен  жылытуды,  дәрілеуді  және  кейбір  дәрмектермен  ӛңдеуді 
жҥргізеді.  
 
 
Жаздық бидайдың себу мерзімі 
 аймақтың ерекшеліктерін ескеріп 
анықталады.  Себу  мерзімі  жиналатын  ӛнімнің  (астық  және  тҧқым) 
деңгейі  мен  сапасын  анықтайтын  шешеуші  тҥрткіжайт  деп 
қарастырылады.  
 
Себу  мерзімі  ӛсімдіктің  физиологиялық  ерекшеліктерімен  және 
ӛнім  беретін  мҥшелерінің  қалыптасу  барысымен  анықталады.  Жаздық 
бидайдың  себу  мерзіміне  климат,  топырақ  жағдайы  және  оның 
ауыспалы  егістіктегі  орнынан  басқа  шаруашылықтың  техникамен 
жабдықталуы, 
техниканың 
еңбек 
ӛнімділігі 
де 
әсер 
етеді. 
Шаруашылықтағы  жаздық  бидайдың  оңтайлы  себу  мерзімін  таңдау, 
әдетте, барлық тҥрткіжайттардың ӛзара ҥйлесімділігінен туындайды.  


106 
 
 
Қазақстанның  солтҥстігіндегі  климаттың  ӛзгешелігі,  жаздық 
бидайдың  оңтайлы  себу  мерзімін  таңдауға  (белгілеуге)  мҧқият  болуды 
тілейді.  
 
Қазақстанның солтҥстік ӛңіріне тән, жауын-шашынның жазда мол 
болуы  ӛсірілетін  дақылдың  сҧрыптық  қҧрамына  және  ӛсіру 
технологиясына  ерекше  талап  қояды.  Осыған  байланысты  жаздық 
бидайдың бҧл аймақта себу мерзімін анықтайтын негізгі кӛрсеткіштерге:  
Кӛктемдік  және  жаздық  ерте  қҧрғақшылықтың  кері  әсерін 
әлсірету,  ӛсімдікті  ылғалды  мол  қажет  ететін  кезеңін,  шілде-тамыз 
айларында  болатын  мол  жаңбырға  тҧстастыру,  ал  дәннің  пісуі  кҥзгі 
бозқырауға дейін аяқталуы ҥшін себу мерзімін дҧрыс таңдаған жӛн.  
Қазақстанның  солтҥстік  ӛңірі  ҥшін  жаздық  бидайдың  оңтайлы 
себу мерзімі болып мамыр айының 15-30 аралығы белгіленген.  
 
Ылғалдылығы бойынша орташа деңгейдегі жылдары жазық бидай 
ҥшін  оңтайлы  себу  мерзімі  мынадай  болады:  орташа  мерзімде  пісетін 
сҧрыптарға – 15-25 мамыр, ал орташа мерзімнен кешірек пісетіндерге – 
15-20  мамыр.  Бірінші  кезекте  (оңтайлы  себу  мерзімі  шегінде)  ылғал 
қоры  жоғары  және  арамшӛптерден  таза  танаптарға  орташа  мерзімнен 
кешірек  пісетін  сҧрыптар  себіледі,  кейін  –  ылғал  қоры  кемдеу  және 
арамшӛп басқан танаптарға – орташа мерзімде пісетін сҧрыптар.  
 
Себу  тәсілі. 
Себудің  ең  жетілген  тәсілі  болып,  шаршы  пішініне 
жуықтап, 
ӛсімдіктің 
қоректенуіне 
оңтайлы 
алаңды 
қамтамасыздандырғаны  саналады.  Мҧндай  қоректену  алаңында 
ӛсімдіктің  жарықты,  ылғалды,  қоректік  заттарды  пайдалануы 
жақсарады.  Осындай  талаптарды  толығырақ  тар  қатарлы,  тоғыспалы 
және  тоғыспалы  –  қиғаш  тәсілдер  қамтамасыздандыра  алады.  Бірақ, 
аймақ жағдайында қатарарлықтары 15 см (СЗП-3,6) және 23 см (СЗС-2,1; 
СЗС-2,1 л.т.б.), жай қатарлап себу тәсілдері қолданылады.  
 
Себу мӛлшері.
 Астық ӛнімінің деңгейі негізінен бір ӛлшем жердегі 
ӛнімді  масақтар  санына  байланысты  болады.  Себу  мӛлшерін 
белгілегенде  себілетін  сҧрыптың  егістік  сапасы,  тҥптенгіштігі, 
танаптағы  ылғал  мӛлшері,  арамшӛптар  саны,  пайдаланылған  техника 
тҥрлері  және  т.б.  ескеріледі.  Жаздық  бидай  арпаға,  сҧлыға  қарағанда 
тҥптенуі  тӛменірек  болатындықтан,  ол  себу  мӛлшерін  біршама 
арттыруға ықыластылық білдіреді.  
 
Қҧнарлы  топырақтарда  және  ылғал  қоры  жеткілікті  болғанда,  әрі 
арамшӛптермен  ластанған  танаптарда  себу  мӛлшерін  арттырады,  ал 
қҧрғақшылықты аудандарда – азайтады. 
 
Жалпы  аймақ  жағдайында  жаздық  бидайдың  себу  мӛлшері 
гектарына 2,5 млн-нан 4,5 млн-ға дейін ӛзгереді:  
-
 
кәдімгі қара топырақтарда – 3,5-4,5 млн ӛнгіш тҧқым гектарына; 
-
 
оңтҥстік қара топырақтарда – 2,5-4,0 млн ӛнгіш тҧқым гектарына; 
-
 
қара қоңыр топырақтарда – 2,0-3,2 млн ӛнгіш тҧқым гектарына; 


107 
 
Себу  кезіндегі  негізгі  талап  –  тҧқымның  ӛнуіне  және  жедел 
кӛктеуіне  барынша  жақсы  жағдай  жасалатын  тереңдікке  сіңіру. 
Тҧқымды тым терең сіңіру себуден кӛктеуге дейінгі кезеңді ҧзартады. 
Бидай тҧқымының биологиялық негізделінген сіңіру тереңдігі 2-4 
см.  Алайда  аймақ  жағдайында  кӛктемгі  кезең  ерекшеліктеріне  қарай 
тҧқымның себу тереңдігі 5-8 см-ге дейін ӛзгереді.  
Егістікті күтіп-баптау. 
Бидай егістігінде тырмалауды, химиялық 
кҥрес шараларын, ҥстеп қоректендіруді қолдануға болады. 
Кӛктегенге  дейінгі  тырмалау  –  арамшӛп  ӛскіндерін,  сондай-ақ 
жаңбырдан  кейін  пайда  болған  топырақ  қабыршағын  жоюды 
қарастырады. Тек арамшӛптер тамырлана қоймаған, ал бидай ӛскіндері 
топырақ  бетінен  3-4  см  тӛмен  жатқаны  жӛн  (тҧқым  себілгеннен  4-5 
тәуліктен  соң).  Тырмалауды  жеңіл  немесе  орташа  салмақты 
тырмалармен жҥргізеді. Егін кӛгі пайда болған кезеңіндегі тырмалауды 
тҧқым терең сіңірілгенде, егін кӛгі жиі болғанда, жақсы тамырланғанда, 
ӛсімдіктің ӛсуі қарқынды жҥргенде, әрі топырақта ылғал болғанда және 
мҧны тҥптену кезеңінде жҥргізу керек.  
Химиялық  отауды
  егістік  арамшӛптермен  орташа  деңгейде  және 
кҥшті ластанғанда, бидайдың тҥптену кезеңінде қолданады. 
Егін  ӛнімін  жинау. 
Бидай  ӛнімін  жинау  кҥрделілігі,  тек  тҥрлі 
техниканың  қажеттігінде  ғана  емес,  егін  жинау  кезінде  ауа  райы  жиі 
қолайсыз болады да, астық шығынын молайтуында және оның сапасын 
тӛмендетуінде.  
Егінді екі тәсілмен жинауға болады: бӛлектеп жинау және тікелей 
орып бастыру. 
Жаздық  бидайды  тікелей  орып  бастыруды  дән  толық  піскенде, 
оның ылғалдылығы 18-16 %-ға жеткенде бастайды. 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау