Ы. Ермағамбет ОҚу және тіл дамыту

жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
Дата20.01.2020
өлшемі4,07 Mb.
#27125

К. Б. Бектаева, Қ. А. Каменова, Ә. Ы. Ермағамбет

ОҚУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған 

арнайы мектептердің (сыныптардың) 

7-сыныбына арналған жұмыс дәптері

Қазақстан Республикасының 

Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша

Алматы

2019

Шартты белгілер:

– сөздік жұмыс 

– сұрақтар

– Күрделіліктің төменгі деңгейіндегі тапсырма. 

– Күрделіліктің орташа деңгейіндегі тапсырма.

– Күрделіліктің жоғары деңгейіндегі тапсырма.

       – Күрделіліктің барлық деңгейіндегі тапсырма.

Бектаева К. Б. т.б.

Оқу  және  тіл  дамыту.  Зерде  бұзылыстары  бар  балаларға  арналған  арнайы 

мектептердің  (сыныптардың)  7-сыныбына  арналған  жұмыс  дәптері  /  

К. Б. Бектаева, Қ. А. Каменова, Ә. Ы. Ермағамбет – Алматы: «ӘБЕО орта-

лығы» ЖШС, 2019. – 48 б.

ӘОЖ 373.167.1

КБЖ 83.3 я72

Б 40

ISBN 978-601-249-667-3 

    ӘОЖ 373.167.1

    КБЖ 83.3 я72

ISBN 978-601-249-667-3 

© «ӘБЕО орталығы» ЖШС, 2019

Б 40

3

Құрметті оқушы!

Cен  бұл  жұмыс  дәптерінің  көмегімен  «Оқу  және  тіл  дамыту»  оқу-

лығынан  алған  біліміңді  бекітесің.  Ол  үшін  берілген  тапсырмаларды 

мұғалімнің, ата-анаңның көмегімен, өздігіңнен орындайсың. Сонымен 

бірге энциклопедияларды, ғаламторды және газет-журналдарды пайда-

ланасың.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар сені ойлануға, өз пікіріңді айтуға 

баулиды. Оқулықта үзіндісі ғана берілген шығармаларды толық оқуға 

ынталандырады. Кейіпкерлердің мінез-құлқын, тән қылықтарын жаза 

отырып, оларды бағалауға үйретеді. Жағымды қасиеттерді өз бойыңа 

сіңіруге тәрбиелейді. Шығармаларда кездесетін жаңа сөздерді  ұғынуға, 

өз сөздік қорларыңда пайдалануға дағдыландырады. Сызба-кестелерге 

және тірек сөздерге сүйеніп сөзжасауды, сөйлем құрауды, байланысты-

рып мазмұндауды үйретеді.

Сондықтан сен жұмыс дәптеріндегі әрбір тапсырманы мұқият, ұқып-

ты және дұрыс орында. Өз біліміңді жүйелеу, толықтыру үшін ізденуге 

тырыс.

Тіл дамытуға жасаған қадамың сәтті болсын!

4

ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ

Қайталау

1. Жазғы демалыс кезінде оқыған ертегідегі кейіпкерлерді жаз.

Өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін сал. Не үшін ұнағанын түсіндір.

____________________________

____________________________

____________________________

____________________________

2. Бесік жырының ауысқан сөздерін орнына қойып оқы. Ұйқас сөздерді тап.

Бөпем әй-әй, әй, бөпем.

Ән айтайын, бөпем бал.

Ән тыңдағың келсе егер,

Және айтайын көкем жан.

3. «Жыр» сөзіне берілген қосымшаларды жалғап, алынған сөздердің мағы-

насын түсіндір.

Алынған сөздердің біріне сөйлем құра.

__________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Жыр

шы

ау

лар

5

Тұрмыс-салт жырлары

 1. Төмендегі төрт түлік малдың пірлерін ретімен орналастыр.

Қой _____________________      Сиыр _____________________

Жылқы _________________       Түйе _____________________

Ойсылқара   

Шопаната  

Зеңгібаба  

Қамбарата

 2. Оқулықтағы мәтінге сүйеніп сәйкес сөзерді тап.

 3. Суреттегі малдарға тән қасиеттерді жаз.

шөлге төзімді, __________, __________, __________ .

жүйрік, __________, __________, __________ .

сүтті, __________, __________, __________ .

момын, өсімтал __________, __________, __________ .

Торпағым

Қойды

Боташым

Ешкіні

Құлыным

Сиырды

Қоңырым

Жылқыны

Шұнағым

Түйені

6

 4. Суреттегі үй жануарларын атап, астындағы торкөзді толтыр.

 5. Төрт түлік туралы қандай өлең, мақал-мәтел білесің?

 6. Төмендегі жұмбақтың шешуін тауып, торкөзге жаз. Өзің ұнататын үй жануа-

ры туралы әңгімелеп бер.

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

7

Шешендік сөздер

 1. Төле бидің айтқан өсиетінің түсіндірмесін жаз.

Халқыңа әділ бол. __________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

Жауыңа қатал бол. _________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

 2. Қазыбек бидің өсиетін толықтыр. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.

Алтын ұяң – _________ қымбат,

Құт берекең – атаң қымбат.

Аймалайтын _________ қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың _________ қымбат,

Туып-өскен __________ қымбат.

 3. Сырым бидің сөздерін толықтыр.

Жақыныңды  ___________ .

Қалысыңды  _________________.

 4. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрастыр.

_____________________________

_____________________________

_____________________________

_____________________________

_____________________________

_____________________________

_____________________________

_____________________________

Парыз

Өсиет

8

Мақал-мәтелдер

 1. Мақал-мәтелдерді жалғастыр. Тиісті сөздерді таңда.

Жақсыдан үйрен, жаманнан _____________.

Ердің атын _____________ шығарады.

_____________ оттан да ыстық.

Денсаулық зор _____________.

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі _____________ біл.

Көп сөз – күміс,

Аз сөз – _____________ .

Ашу – _____________ ,

Ақыл – дос.

___________ көрсең көзін аш.

Берілген сөздер:

 еңбек, жирен, Отан, байлық, білім, бұлақ, дұшпан, 

алтын.

 2. Берілген мақал-мәтелдердің тақырыбын анықта.

Мақал-мәтелдер

Тақырыбы

Туған жердей жер болмас, 

Туған елдей ел болмас.

Досы көпті жау алмайды, 

Ақылы көпті дау алмайды.

Оқусыз білім жоқ, 

Білімсіз күнің жоқ.

Еңбек еткен – мұратқа жеткен.

 3. Еңбек және тәрбие туралы 2 мақал-мәтелді басқа кітаптардан, газет-журнал-

дардан тауып жаз.

 _______________________________________

 _______________________________________

9

Ертегілер

 1. Сыныптан тыс оқыған ертегіңді ұсынылған ретімен мазмұндап бер.

1. Ертегі түрі     

2. Ертегінің аты   

3. Ертегінің кейіпкерлері  

4. Кейіпкерлердің әрекеті 

5. Ертегі немен аяқталды?

6. Ертегі сені неге үйретті?  

 2. Сызба бойынша біліміңді жүйеле:

 3. Сөзжұмбақты шеш.

1. Құлаққа жағымды етіп ән салу

2. Басынып, бұйырып сөйлеу

3. Сыпайы, тәртіпті болу

1

2

3

Бұлбұл

салмақты

әдепті

талапты

әнші

Тоқылдақ

орман емшісі

шыдамсыз

мақтаншақ

әдепсіз

10

Жұмбақтар

     Жұмбақты шешіп, жауабын жаз.

Көзін ашып-жұмады,         

Бағыт сілтеп тұрады.

(_________________) 

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

(_________________)

Сырты жасыл, қатты,

Іші қызыл, тәтті.

(_________________)

Ағайынды бәрі:

Шықса – көк, түссе – сары.

(_________________)

Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар.                 

(_________________)

Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(_________________)

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.

(_________________)

Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.

(_________________)

11

XIX ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ

 1. Дулат Бабатайұлы кім? Сызбаны толтыр.

 2. Дулат Бабатайұлының қандай шығармаларын білесің?

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 3. «Аягөз, қайда барасың?» өлеңіне сүйене отырып сөздерді сәйкестендір.

Аты-жөні

Туған жылы, 

жері

Іс-әрекеті

Шығармалары

тал

Шөбі

мал

Қашты

тарады

Сұлу

шошынып

Суың

бал

Семіз

12

 1. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын белгіле.

1. М. Өтемісұлы кім?

а) Ұстаз; 

ә) жазушы;

б) жауынгер ақын.

2. Қай өңірде дүниеге келді?

а) Аягөз ауданы;

ә) Жәнібек ауданында;

б) Қарасай ауданы.

3. М. Өтемісұлының өлеңін белгіле:

а) «Қызғыш құс»;

ә) «О, Ақтан жас, Ақтан жас!»;

б) «Қыс».

 2. Ерлік туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 3. 

Ер, ерлік сөздерінің синонимдік қатарын жаз.

____________________________________________________________

_____________________________________________________________

 1. Ы. Алтынсарин туралы не білесің?

13

 2. Сөздікке сүйеніп берілген сөздің түсіндірмесін жаз.

Жомарт –____________________________________________________

 3. Төмендегі өлең жолдарын буынға бөліп жаз. Ұйқас сөздердің астын сыз.

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 4. «Әке мен бала» әңгімесіндегі кейіпкерлердің бойындағы жағымды, жағымсыз 

қасиеттерді жаз.

Жағымды

Жағымсыз

 5. «Сәтемір хан» әңгімесіндегі негізгі ойды анықта.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 6. Сұрақтарға өз сөзіңмен жауап бер.

а) Сәтемірдің жеті жасында қандай қиыншылық болды?

ә) Сәтемір қандай шешімге келді?

Не үшін?

Неге?

Не себепті?

14

 1. Суреттер топтамасын пайдаланып Абай Құнанбайұлы туралы әңгімеле.

 2. Сөздікке сүйеніп берілген сөздің түсіндірмесін жаз.

Ғылым –____________________________________________________

 3. Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір. Адам бойындағы тағы қан-

дай қасиеттер туралы мақал-мәтел білесің? Толықтыр.

а) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

ә) Қанағат –қарын тойғызады.

б) Еріншектің ертеңі таусылмайды.

в) Өтіріктің құйрығы бір тұтам.

г) Талап – тұлпар,

   Білім – сұңқар.

 4. Сөздікке сүйене отырып берілген сөздердің түсіндірмесін жаз.

Әсемпаз – _________________________________________________

Арқалан – _________________________________________________ 

Кетік – ____________________________________________________

Шапқат – _________________________________________________

Мін – _____________________________________________________

1845 жылы 

10 тамызда

Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы 

аға сұлтан

«Қансонарда», 

«Сабырсыз, арсыз, 

еріншек», «Әсемпаз болма 

әрнеге». 

Шығыс 

Қазақстан 

облысы

15

 5. Әсем қала, әсем табиғат сөз тіркестерін қолданып сөйлем құрап жаз.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 6. «Берекелі болса ел...» өлеңін оқы. Жерге қандай күтім жасалатынын адамдар-

дың еңбегінен бақыла.  Кейбіреулерін жаз.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Бір кесе меруерт

 1. Сөздікке сүйеніп берілген сөздің түсіндірмесін жаз.

Меруерт –_________________________________________________

Тақыр – ___________________________________________________

Ділда – ___________________________________________________

 2. Әңгіменің негізгі ойын анықта. Төмендегі мақалдың қайсысы мағынасы 

жағынан сәйкес келеді?

Еріншектің ертеңі бітпейді.

Денсаулық – зор байлық.

Арпа бидай ас екен,

Алтын күміс тас екен.

Дастарқанда наны жоқтың

Тамағының сәні жоқ.

 3. Нан қадірі туралы шағын әңгіме жаз.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

16

 1. Берілген шығармаларды авторымен сәйкестендір.

 2. Берілген шығармаларды мазмұнымен сәйкестендір.

 3. Қандай шығарма саған ұнады? Неге?

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Білім, ғылым, өнерге 

шақырады

Адамға тән асыл қасиет – 

тазалық

Халқына, Исатайға деген 

сағыныш

Ас қадірі туралы

Туған жерге деген  

сүйіспеншілік

«Аягөз, қайда барасың?»

«Қызғыш құс»

«Таза бұлақ»

«Ғылым таппай мақтанба»

«Бір кесе меруерт»

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Бір кесе меруерт»

«Аягөз, қайда барасың?»

«Таза бұлақ»

«Қызғыш құс»

Дулат Бабатайұлы

Махамбет Өтемісұлы

Ыбырай Алтынсарин

Абай Құнанбаев

Шәкәрім Құдайбердиев

17

XX ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ

Өсиет

 1. Берілген сөйлемдердің ішінен өсиет сөздерді тауып белгіле.

Ән – көңілдің ажары.    

Білімді, кәсіпті жас кезіңде меңгер.  

Жасыл шөп малға жайлы.

Досыңа әрқашан адал бол. 

Үлкендерді құрметте – батасын аласың.

Жол бойында белгілер қойылған. 

Нан ұсағын шашпа, обал болады. 

Тазалық – денсаулықтың негізі. 

 2. Ата-анаң, мұғалім айтқан өсиеттерін есіңе түсір. Кейбіреулерін жаз.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Түлкі мен қырғауыл

  1.  «Түлкі  мен  қырғауыл»  мәтініне  сүйеніп  кейіпкерлердің  арасындағы  

диалогті өз сөзіңмен келтір.

Түлкі: _________________________________

Қырғауыл: _____________________________

18

 2. Сөзжұмбақты шеш.

1. Түсініксіз сөйлеу

2. Жарлық, ортақ заң

3. Риза болу

Атасы мен немересі

 Кейіпкерлердің әрекетін бағалау үшін тисті сөзді таңда.

Немересі

Баласы мен келіні

Атасы

Берілген сөздер: 

аянышты, мейірімді, тәрбиелі, қатал, шыдамсыз, 

тәкаппар, әлсіз, ақылды, момын, кішіпейіл, кәрі.

Жаңа тілек

 Өлең жолдарын толықтыр. Көп нүктенің орнына мағынасы ұқсас сөздерді келтір. 

Надандықтың _____________ қамалын.

________________ ойлан өзің ел болсаң.

Сен де енді _______________ жалықпай.

1

3

2

19

Қартқожаның туған жері

 1. Туған жеріңе деген сезіміңді білдіретін сөздерді тауып, астын сыз. Берілген 

сөздермен сөйлем құрастыр.

Қымбат,  алыс,  ыстық,  ерекше,  біртүрлі,  жағымсыз,  сүйікті, 

әдемі, шулы, жылы, таныс, ауыр, сағынышты, тыныш, сараң, аяулы,  

берекелі.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 2. Берілген сызбаны пайдаланып өз туған жерің туралы әңгіме құрастыр.

Менің туған жерім ______________ ______________ . 

Мен туған жерімді ______________ ______________ .  

Менің ауылымда ______________ ______________ бар.

Ауылдағы достарым, туыстарым ______________ ______________ .

Мен ______________ ______________ барамын.

 3. Берілген сөздерді пайдаланып мақал-мәтелдерді толықтыр.

________________________ жер болмас,

_________________________ ел болмас!

Ел қадірін ___________________ біледі,

Жер қадірін _________________ біледі.

Ағаш _________________ көгерер, 

Ер _____________________ көгерер.

Берілген  сөздер: 

туған  жердей,  туған  елдей,  кеткен,  жүрген,   

жерінде, елінде.

20

  3.  «Көздерінде  от  ойнар  ...»  деген  сөйлем  қандай  мағынада  айтылған?  

Сәйкес сөйлемді тап.

Бойында рухы бар

Білімге ұмтылған

Жылап тұр

Көздері қызыл

Отпен ойнады

еңбекқорлық 

намыс 

қарапайымдылық

сенімділік

батылдық

ұқыптылық 

көшбасшылық

адалдық

мейірімділік

ізденушілік

Мен жастарға сенемін

 1. Өлең мәтініне сүйене отырып жастарға тән қасиеттерді ата.

Арыстандай _______________,

Жолбарыстай _____________.

Қырандай ________________,

Мінезі ___________________,

Жүректері _______________.

 2. Өз бойыңда қандай қасиеттерді қалыптастырып тәрбиелегің келеді. Ұсынылған 

тізімнен таңда, түсіндір.

21

  1.  Суреттер  топтамасын  пайдаланып  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  туралы  

әңгімеле.

Шәкірт ойы

 2. «Қараңғы қазақ...» деген сөйлем қандай мағынада айтылған? Сәйкес сөйлемді 

тап.

Білімсіз, оқымаған ел

Түнде, көрінбейді

Кедей, мал баққан халық

Сауатсыз, білімі жоқ халық

Түрі қараторы ұлт

 3. Сөздікке сүйене отырып берілген сөздердің түсіндірмесін жаз.

Шәкірт  _____________________________________________________

Қараңғы_____________________________________________________

Мұздаған елдің жүрегін________________________________________

Надандық  ___________________________________________________ 

  4.  «Шәкірт  ойы»  өлеңіне  сүйене  отырып    өзіңнің  оқушы  ретінде  арманыңды, 

мақсатыңды жаз.

Мен жақсы білім алуым керек, себебі ____________________________

____________________________________________________________

Мектепті бітірген соң, мен _____________________________________

____________________________________________________________

Көкшетау 

облысы

1911 жылы орыс тіліндегі 

әдеби кітаптармен, газет-

журналдармен танысты.

«Шәкірттеге», «Оқудағы 

мақсат», «Шәкірт ойы» 

13 жасынан 

дәріс алады.

22

Кедей

 5. «Кедей» сөзіне қарама-қарсы сөздерді белгіле.

жарлы   

дәулетті

ауқатты  

мырза

жұпыны 

молшылық

бай 

аз

 6. «Білім – өмір шырағы» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Қызыл шұнақ 

 1. Төмендегі нұсқалардан Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын көрсет. 

«Шәкірттерге»

«Көкшетау»

«Оқудағы мақсат»

«Шәкірт ойы»

«Қызыл шұнақ»

«Қансонарда»

«Бандыны қуған Хамит»

«Әсемпаз болма әрнеге» 

 2. Сөздікке сүйене отырып берілген сөздердің түсіндірмесін жаз.

Қызыл шұнақ – ______________________________________________

Ұшан-теңіз – _________________________________________________

23

  3.  Төменде  берілген  тірек  сөздерді  қатыстырып  «Қыс  қызығы»  туралы  әңгіме 

жаз.

Қыс, қар, аяз, аққала, шана, жылы киім, достар, қысқы демалыс, 

сырғанақ, мұз айдыны.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 1. Бейімбет Майлин кім? Сызбаны толтыр.

 2. Сөздікке сүйене отырып берілген сөздердің түсіндірмесін жаз.

Жалшылықта – ____________________________________________

Тырнақалды – _____________________________________________

Өрім-өрім – _______________________________________________

Бөкебай – _________________________________________________

Күпі – ____________________________________________________

Ызғырық – _______________________________________________

Өлмелі  кедей – ____________________________________________

Аты-жөні

Туған жылы, 

жері

Іс-әрекеті

Шығармалары

24

Күлпаш

  3.  «Күлпаш»  әңгімесінің  мазмұнына  сүйене  отырып  кейіпкерлерге  сипаттама 

бер.

Кейіпкерлер

Киімдері

Әрекеттері

Сезім-ойлары

Мықтым

Күлпаш

Қали

 1. Ілияс Жансүгіров кім? Сызбаны толтыр.

Ілияс Жансүгіров

Туған жылы, жері

Білім жолы

Еңбектері

  2.  Берілген  сөздердің  мағынасын  есіңе  түсір.  Осы  сөздерді  қатыстырып 

сөйлем құра.

Зергер – ___________________________________________________

__________________________________________________________

Поэзия – __________________________________________________

__________________________________________________________

Малта – ___________________________________________________

__________________________________________________________

Саба – ____________________________________________________

__________________________________________________________

Ұйытқы – _________________________________________________

__________________________________________________________

25

  3.  «Кетті  ауызынан  суы  ағып»  деген  сөйлем  нені  білдіреді?  Мағынасын  өз 

сөзіңмен жаз.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 1. Суреттер топтамасын пайдаланып Асқар Тоқмағамбетов туралы әңгімеле.

Бидай мен Қаңбақ

 2. Мысал бойынша кестені толтыр: бірінші бағанға кейіпкерлерді жаз, екінші 

бағанға олардың әрекетін жаз, үшінші бағанға «дұрыс» немесе «бұрыс», «жақсы» 

«нашар», «қатыгез» «мейірімді», «еңбекқор» т.с.с. деп бағала.

Кейіпкер

Әрекеті

Бағасы

Қаңбақ

Ұшып жүреді, ешқандай

өнім бермейді

Бидай

Өседі, піседі, дән береді

Поэмалары: 

«Хат», «Бақыт 

кілті», «Қаскелең», «Өмірге 

жол», «Батыр Әли», «Ақын 

тағдыры», «Батырлар 

дастаны» 

Танымал 

шығармалары: «Күлкі-

сықақ» жинағы, «Бір 

мылжыңның баяндамасы», 

«Бидай мен Қаңбақ», 

«Сауысқан», «Мысық пен 

шыбын»

Қызылорда облысы, 

Тереңөзек ауданында дүниеге 

келген

26

 3. Жұмбақтардың шешуін тауып, суретін сал.

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар.

Желден қатты сасады,

Томпалаңдап қашады.

Тiрелгенше дөңге кеп,

Дедектейдi дөңгелеп.  

 4. Төмендегі мысал кейіпкерлерінің бойындағы қасиеттерді есіңе түсіріп жаз.

Түлкі

Қырғауыл

Бидай

Қаңбақ

 5. Шығармаларды әліпби ретімен сандар арқылы белгіле: 

     «Атасы мен немересі»   

«Жаңа тілек»

     «Кедей»  

«Мен жастарға сенемін»

     «Қызыл шұнақ»    

«Бидай мен Қаңбақ»

 6. Авторларды шығармаларымен сәйкестендір.

«Атасы мен немересі»

«Жаңа тілек»

«Кедей»

«Мен жастарға сенемін»

«Қызыл шұнақ»

«Бидай мен Қаңбақ»

«Күлпаш»

М. Жұмабаев

С. Торайғыров

М. Дулатов

А. Тоқмағанбетов

С. Сейфуллин

Б. Майлин

С. Көбеев

27

ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

 1. Суретке қарап ғимараттарды ата. Өз сөзіңмен әңгімелеп бер.

     2. Нұр-Сұлтан қаласы туралы төмендегі мәліметтерді біліп ал.

«Нұр-Сұлтан-Бәйтерек» кешенінің биіктігі – 97 метр. Металл, әйнек 

және  бетоннан  тұрғызылған  «бәйтерек  ағашының»  жалпы  биіктігі  – 

105  метр,  салмағы  1000  тоннадан  асады.  Кешеннің  үстіңгі  жағында 

орналасқан алып шар диаметрі – 22 метр, салмағы – 300 тонна. Алып 

шар «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байла-

нысты шардың түсі ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі – Норман Фостер.

«Қазақ елі» мемориалды кешені. Мәрмәр монумент – кең-байтақ Қа-

зақ жері мен оның халқының бірлігінің, болашақта көркейіп, дамуының 

белгісі. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы 

егемендік алғанын бейнелейді. Монумент шыңында алып құс Самұрық, 

төрт  жағында  «Алғашқы  Президент  пен  Қазақ  халқы»,  «Қаһарман», 

«Болашақ» және «Жасампаздық» қола барельефтері қашалған.

28

 1. Суреттер топтамасын пайдаланып Сансызбай Сарғасқаев туралы әңгімеле.

Шыбық

 2. Әңгімедегі Темір мен Болаттың бойындағы қасиеттерін жаз.

Темір

Болат

  3.  Берілген  сөздердің  мағыналарының  ортақ  тақырыбын  анықта.  Бір  сөзді 

таңдап, сөйлем құрастыр.

Шыбық, түп, бұтақ, ағаш, тал, бүршік, терек.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

«Бір көшенің бойында», 

«Сынған тіс», «Балалар», 

«Шындық», «Шыбық», 

«Жайма-шуақ»

Қазақ балалар әдебиетінің 

көрнекті өкілі, жазушы

1925 жылдың 29 сәуірінде 

Жамбыл облысы, қазіргі 

Қордай ауданы

29

 1. Суретке қарап әңгімелеп бер.

 2. Тірек сөздерді қолданып сөйлем құрастырып жаз.

Көктем, қазақ үй, алтыбақан, ән, би, көже, бата, ата.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

  3.  «Наурызкөже»  әңгімесіне  сүйене  отырып  халық  Наурыз  мейрамын  

қалай атайтынын тап. Ол сөздердің мағынасын түсіндір.

Жаңа күн, жыл басы ________________________________________ 

Жайдарлы, шуақ күндер _____________________________________

Ұлыстың ұлы күні __________________________________________

Ұзын сары _________________________________________________

Көрісу күні ________________________________________________

 4. Дұрыс жауабын тап:

1. Наурызкөже неше түрлі дәмнен дайындалады?

а) 8; 

б) 3.

ә) 7; 

2. Қандай ұлттық ойындар ойнатылады?

а) асық ату, қыз қуу;   

б) футбол, волейбол.

ә) шахмат, дойбы; 

3. Наурызкөжеден басқа қандай тағамдар әзірленеді?

а) манты; 

б) қазақша ет, бауырсақ, құрт.

ә) тұшпара;

30

 1. Ермек Өтетілеуов туралы біліміңді пайдаланып сызбаны толтыр.

Отан

 2. Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесің? Жаз.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 3. «Отан» ұғымының мағынасына сәйкес сөздерді ата.

Аты-жөні

Туған жылы, 

жері

Іс-әрекеті

Шығармалары

Атамекен

Кітап

Туған ел

Ағаш

Мектеп

Туған жер

ОТАН

31

 4. Бос орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтыр.

Қазақстан ____________________ Отаным. 

Бәріміз де Отанды ________________ ________________.

Отан ________________ ________________ ыстық.

Мен болашақта Отаныма ________________ ________________.

_______________________________ Отандасым.

Біздің елде _________________ _________________ ұлттар тұрады.

Біз ___________________________ мемлекетпіз.

Отанды қорғау ___________________________ парызымыз.

Әрбір адам Отанын ___________________________. 

Мен өз Отанымды ________________ ________________.

 5. «Атамекен» сөзі қандай екі сөзден тұрады?

Неге туған жерді «Атамекен» деп атайды?

«Елбасы» сөзі қандай екі сөзден тұрады?

Неге тұңғыш Президентті «Елбасы» деп атайды?

АТА

+

МЕКЕН

ЕЛ

+

БАС

32

 1. Төмендегі  сұрақтарға жауап бер.

Сұлтан Қалиұлының тағы қандай өлеңдерін білесің?

Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

Елтаңбаның авторлары кімдер?

Елтаңбасы елімнің

 2. Көшіріп жазып, өлеңдегі сөздерді өзіне  қатысты сөздермен сәйкестендір.

 3. Берілген шумақтағы өлең сөздері қалай тасымалданатынын айт. Буынға бөліп 

жаз.

Ел-таң-ба-сы е-лім-нің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Құт, бе-ре-ке – ша-ңы-рақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты кос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Қа-зақ-стан жа-лау-ы –

Азаттықтың алауы.

Желбірейді аспанда,

Отан орны асқарда.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

елтаңбам

қос арғымақ

шаңырақ

аспан әлемі

Ортада

Құт, береке

Қанатты

Еркіндігім

33

 1. Суреттер топтамасын пайдаланып Шәкен Күмісбайұлы туралы әңгімеле.

Көк тудың желбірегені

 2. Әңгімедегі Әділдің бойынан қандай қасиеттерді байқадың? Жаз.

___________________________  

___________________________

___________________________ ___________________________

___________________________ ___________________________

 3. Мемлекеттік  рәмізіміз – көк Туды суреттеп бер. Мәтіндегі түсіп қалған тиісті 

сөздерді орнына қойып, көшіріп жаз.

Көк  түс  ________  білдіреді.  ________  мен  арай  тыныштық  пен 

________  бейнелейді.  ________    ________  –  айбындылықтың  бел-

гісі. Туымызды құрметтеу – ________. 

Берілген сөздер: 

Күн, аспанды, қыран құс, байлықты, парыз. 

«Таң нұрында туған ұл», 

«Тау жолдары», «Соқ, барабан», 

«Таудағы жазу», «Кішкене шал», 

«Атамның аманаты», «Қайсар бала», 

«Табиғат-Ана» кітаптарының 

авторы

Халықаралық «Алаш» 

әдеби сыйлығының 

лауреаты

Алматы облысы, Ақсу 

ауданы, Қаракөз ауылында 

дүниеге келген

34

Тәуелсіздік монументі

  1.  Суретке  мұқият  зер  салып  қара.  Мәтінді  оқып,  керекті  мәліметтерді  

жазып, жаттап ал.

«Тәуелсіздік  ескерткіші».  Тәуелсіздіктің  бес  жылдығына  орай  Ал-

маты қаласында 1996 жылы 16 желтоқсанда бой көтерді. Ескерткіштің 

авторларының бас жетекшісі – Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов. Биік-

тігі  –  28  метр.  Төменгі  бөлігі  қауызы  ашылмаған  қызғалдақ  тәрізді, 

алдында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген.

Қанатты барыс бейнесі еліміздің тұрақтылығын, мықтылығын бей-

нелейді.

Ұшар  басында  сақ  жауынгердің  бейнесі,  дулығалы  Алтын  адам. 

Биіктігі  –  6  метр,  салмағы  –  4  тонна.  Алтын  адам  –  Қазақстанның 

азаттық символы.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 2. Сөздікке сүйене отырып берілген сөздердің түсіндірмесін жаз.

Монумент – _______________________________________________

Қорамсақ – ________________________________________________

Жебе – ___________________________________________________

35

 1. Шығармаларды әліпби ретімен сандар арқылы белгіле. 

Тәуелсіздік монументі

Отан

Шыбық 

Астанаға ақ бата

Елтаңбасы елімнің

Наурызкөже

Көк тудың желбірегені...

Сөз сиқырын ұғайық

 2. Авторларды шығармаларымен сәйкестендір.

  3.  «Шыбық»,  «Көк  тудың  желбірегені»  шығармаларындағы  кейіпкерлерге  мі-

нездеме бер. Ұқсас қасиеттерін ата.

Болат  –  __________________________________________________

Темір  –  __________________________________________________

Әділ  –  ___________________________________________________

«Тәуелсіздік монументі»

«Отан»

«Көк тудың желбірегені...»

«Астанаға ақ бата»

«Елтаңбасы елімнің»

«Наурызкөже»

«Шыбық»

«Сөз сиқырын ұғайық»

Д. Әбілев

С. Сарғасқаев

Н. Қазыбеков

Е. Өтетілеуов

С. Қалиұлы

Ө. Ақыпбекұлы

Ш. Сариев

Ш. Күмісбайұлы

36

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

 1. А. С. Пушкиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған ақын-жазушыларды 

тап:

А. Байтұрсынов    

А. Құнанбаев      

М. Жұмабаев       

С. Сейфуллин  

 2. Ғаламтордан іздеп, А.С. Пушкиннің күтушісінің есімін тап.

Арина Радионовна 

Анна Каренина  

Татьяна

Балықшы мен балық

 3. Кітапханадан А. С. Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін алып, толық 

оқы. Мәтінге сүйеніп балықшының Алтын балыққа барып не сұрағанын және теңіз 

қалай өзгергенін тізіп жаз.

Балықшы сұрады

Теңіздің өзгеруі

Астау

шимайланды

Жаңа үй

лайланды

Ақсүйек болу

Патша болу

Суды билеу

 4. Сөздікке сүйеніп берілген сөз тіркестерінің баламасын тап.

Ес-түсін білмей, қозғалмай тұру – _______________   ________________

Обалына қалу, бекер өлтіру – _________________   __________________

Ашулы, қатты ыза – ______________________

Тамақ салатын ыдыс – ____________________

37

 1. М. Ю. Лермонтов туралы не білесің? Сызба бойынша айтып бер.

Қараңғы түнде тау қалғып

 2. Берілген сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктен қарап жаз.

Ізбасар – __________________________________________________

Жым-жырт – ______________________________________________

Дел-сал – _________________________________________________

Сабыр – ___________________________________________________

Желкен – _________________________________________________

 3. «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін үнтаспадан тыңда. Әніне қосылып айт.

Аты-жөні

Туған жылы, 

жері

Іс-әрекеті

Шығармалары

38

 1. «Мысал» дегеніміз не? Анықтамасын өз сөзіңмен жаз.

Мысал – бұл _______________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

  2.  «Аққу,  Шортан  һәм  Шаян»  мысалында  айтылған  жағымсыз  қасиеттерді 

бірінші бағанға жаз. Оларға қарама-қарсы жағымды қасиеттерді екінші бағанға 

жаз.

_________________________            ________________________

_________________________            ________________________

_________________________            ________________________

 3. Мысалдарда сыналатын қасиеттерге қарама-қарсы қасиеттерді жаз.

Жалқаулық ______________________________

Менмендік _______________________________

Сараңдық ________________________________

Қулық ___________________________________

Тәкаппарлық _____________________________

Аңқаулық ________________________________

     4. Кесте бойынша өз біліміңді жүйеле.

Мысалдар

Кейіпкерлердің 

әрекеті

Сыналған қасиеттер

Аққу,  Шортан  һәм 

Шаян

Шегіртке мен 

құмырсқа

Жүкті жан-жаққа 

тартты

Ән айтып, би биледі

Қысқа дайындалды

Алауыздық, қырсықтық

Жауапсыздық, 

еріншектік

39

 1. В. А. Сухомлинский туралы не білесің? Сызбаны толтыр.

Қалтадағы бал

 2. «Қалтадағы бал» әңгімесін жоспар бойынша мазмұндап бер.

1. Бірінші сынып оқушыларының орманға баруға дайындалуы.

2. Юрканың анасының әрекеті.

3. Ормандағы аралар.

4. Димка мен Васяның таңғалуы.

5. Юрканың ұялуы.

  3.  В.  А.  Сухомлинскийдің  «Қалтадағы  бал»  әңгімесіндегі  басты  кейіпкерді  

сипаттайтын сөздерді белгіле. Осы сөздердің әрқайсысына қарама-қарсы мағынадағы 

сөздерді тауып, қасына жаз.

Ақжарқын   

__________________

Сараң   

__________________

Адал   

__________________

Мейірімді   

__________________

Өзімшіл 

__________________

Аты-жөні

Туған жылы, жері

Іс-әрекеті

Шығармалары

40

Нағыз адам

 4.«Нағыз адам» әңгімесінің мазмұнына сүйене отырып сөйлемдерді толықтыр.

Нағыз адам еліне ____________ ____________ ____________.

Мен нағыз адам болу үшін ________ ________ ________  ________.

Өз ата-аналарына көмектесетін баланы ____________ ____________ 

деуге болады.

  5.  В.  А.  Сухомлинскийдің  әңгімелеріндегі  кейіпкерлердің  жақсы  және  жаман 

қасиеттерін есіңе түсір.

Жақсы қасиеттер

Жаман қасиеттер

Қамқоршы

Өз қамын ғана ойлау

 1. Х. К. Андерсен туралы айтып бер.

Ханс Кристиан Андерсен

Балалар 

жазушысы

Фантастикалық 

әңгімелер

Шығармалары

41

Тебен ине

 2. Тігін шеберіне қандай құрал-саймандар қажет? Берілген тізімнің ішінен та-

уып белгіле.

Тебен ине

V

Қайшы

Біз

Пышақ

Жіп

Желім

Тістеуіш

 3. Берілген құрал-саймандармен атқарылатын сәйкес әрекеттерді ата.

Жонғыш  

жонады

Біз ________________________________

Тістеуіш ___________________________

Сызғыш ____________________________

  4.  «Тебен  ине»  әңгімесіне  сүйене  отырып  бас  кейіпкерді  сипаттайтын  

сөздерді тауып жаз.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Берілген  сөздер: 

жалқау,  еңбекқор,  менменшіл,  кірпияз,   

ақжарқын, тәкәппар, қарапайым

42

Том Сойер

 1. Мәтінге сүйене отырып Томның айналасындағы адамдарды атап жаз.

                                        Сид                    немере інісі

Том Сойер                     Джимми             _______________

                                        Полли                _______________

 2. Том Сойердің бойындағы қандай қасиеттері саған ұнайды? Неге ұнайтынын 

түсіндіріп жаз.

Тапқырлығы 

______________________________________ 

Адалдығы   

______________________________________

_____________    

______________________________________

_____________    

______________________________________

_____________    

______________________________________

_____________    

______________________________________

  3.  Том  Сойер  әңгімесіне  (екінші  бөліміне)  сүйене  отырып  төбелесу  жаман  қылық 

екенін түсіндір. Томның орнында сен бөтен баламен қалай сөйлесетін едің?

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

43

 1. Р.Киплинг туралы әңгімелеп бер.

Рикки-Тикки-Тави

  2.  Кітапханадан  Рикки-Тикки-Тави  әңгімесін  алып,  толық  оқы.  Кейіпкер-

лерге тән қасиеттерді тауып белгіле.

 3. Сөздікке сүйене отырып берілген сөз тіркестерінің баламасын жаз. 

Иіскеп жүріп іздейді – _____________________.

Үрейі ұшты – _______________________.

Тас боп қатты – _____________________.

Джозеф Редьярд Киплинг

Бомбей қаласында 

туды.

Лондон қаласында 

қайтыс болды.

Өз туындыларында 

ар-намысты, 

шыншылдықты, 

адамгершілікті, адал 

еңбекті дәріптеді.

1907 жылы 

әдебиет саласында 

Нобель сыйлығын 

алды.

ақылды, батыл

қатыгез, айлакер

өжет, адал

мейірімді, жанашыр

қамқор, сүюші

Рикки-Тикки-Тави

Үлкен адам – үй иесі

Тедди бала

Нагайна жылан

Анасы – үй иесі

44

 1. Д. Родари туралы не білесің? Сызба бойынша әңгімелеп бер.

Алисаның арманы

 2. Алисаның орнында болсаң сен не істер едің? Әңгімені өз ойың бойынша өз-

гертіп жаз.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 3. Сұрақтарға жауап бер. Жауаптарды торкөзге жаз.

1. Балықшының баласы неге айланды?  

2. Алиса неге айналғысы келді?

3. Алиса теңіз ішінде неге түсіп кетті?

Аты-жөні

Д. Родари

Туған жылы, 

жері

1920 жылы 

Италия, Оменья

Іс-әрекеті

Мектеп мұгалімі

Журнал редакторы

Балалар жазушысы

Шығармалары

«Чиполлино»,

«Алисаның арма-

ны» 

45

 1. Назым Хикметтің өмірбаянындағы мәліметтерді, даталарды сәйкестендір. 

Үш жігіт туралы хиқая

 2. Әңгімеде не туралы айтылады? Берілген сөздерден толық жауапты құрастыр.

 3. Берілген сұрақтарға қысқа жауап жаз.

Неге әңгіме «Үш жігіт туралы хикая» деп аталады?

____________________________________________

Жігіттер нені іздеп шығады?

____________________________________________

Өлместің тасы қайда орналасқан?

____________________________________________

Жігіттерге жолда кім кездеседі?

____________________________________________

Үшінші жігіт мақсатына неге жетеді деп ойлайсың?

____________________________________________

Туған жылы, жері

Мәскеудегі Шығыс  

университеті

Оқып білім алды

Адамдардың қоғамдағы 

рөлі

Шығармаларының басты 

тақырыбы

«Күн жұтқандар жыры»

Алғаш шыққан жинағы

1902 жыл, Түркия

Өлеңдерге жаңа үлгі  

енгізді

«Еркін өлең»

Әңгімеде

жету

болу

керектігі

айтылады

үшін

сенімді

шыдамды

мақсат-мұратқа

46

 1. Расул Ғамзатов туралы біліміңді пайдаланып сызбаны толтыр.

Ана тілі

 2. Төмендегі мақалдардың мағынасын түсіндір. Мақалдарды жаттап ал.

Ойнап сөйлесең де, 

Ойлап сөйле. 

Сөз сүйектен өтеді, 

Таяқ еттен өтеді. 

 3. «Ана тілі» туралы қандай өлең, мақал-мәтел білесің? Есіңе түсір.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Аты-жөні

Туған жылы, 

жері

Іс-әрекеті

Шығармалары

47

 1. Авторлардың аты-жөндеріне шығармаларын сәйкестендір.

 2. Берілген сөйлемдер бойынша шығарманы табыңдар.

«Көгалды қуып гөлайттап, қызықпен жүріп жазды алған...»

____________________________________________________________           

«Тұманды көкшіл теңізде жалғыз желкен...»   

____________________________________________________________      

«Мен болсам, өз бағамды өзім білемін...»

____________________________________________________________ 

«Қайғырма, – балық айтты, – үйіңе бар!..» 

____________________________________________________________ 

«Бұны да әлі адам деуге болмайды...»

____________________________________________________________ 

«Асылы жүк орнынан қозғалмады...»

____________________________________________________________

«Балықшы мен балық»

«Аққу, Шортан һәм Шаян»

«Алисаның арманы»

«Желкен»

«Рикки-Тикки-Тави»

«Үш жігіт туралы хикая»

«Том Сойер»

«Қалтадағы бал»

И. Крылов

М. Ю. Лермонтов

Н. Хикмет

А. С. Пушкин

Д. Родари

Р. Киплинг

В. Сухомлинский

Марк Твен

Оқу басылымы

Бектаева Күлаш Бектаевна

Каменова Қаламқас Абуғалиқызы

Ермағамбет Әлия Ықыласқызы

Оқу және тіл дамыту

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы  

мектептердің (сыныптардың) 7-сыныбына арналған жұмыс дәптері

Редакторы Г. Ж. Есенжолова

Суретшісі Д. И. Белов

Компьютерде беттеген Н. К. Пәрімбеков

Басуға 24.05.2019 қол қойылды.

 Есептік баспа табағы 6. Шартты баспа табағы 5,58.

Пішімі 60х84 

1

/

8

. Офсеттік қағаз

Document Outline

  • Пустая страница
  • Пустая страница

жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау