- “Әке- ТІРЕК,
- ана- ЖҮРЕК,
- бала- ТІЛЕК”
- тақырыбындағы ата- аналар жиналысына
- Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З Д Е Р!
Мақсаты мен міндеттері: - Ата –аналарды мектеппен байланысын ғылыми түрде қалыптастыру.
- Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу.
- Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру.
- Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету.
- Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына
- сіңіріп,өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе
- қарастыру.
- І. Ұйымдастыру
- Топқа бөлу
- Ынтымақтастық атмосферасы
- Мұғалім
- мектеп
- ата- ана
- оқушы
- кабинет
- жиналыс
- дәптер
- қалам
- сызғыш
- өшіргіш
- оқулық
- қарындаш
- күнделік
- әдепті
- білімді
- ақылды
- тәрбиелі
- мейірімді
- тәртіпті
- қайырымды
Күн тәртібінде: - Әке- ТІРЕК, ана- ЖҮРЕК, бала- ТІЛЕК
- баяндама
- (ой қозғау, топтық жұмыс, рефлексия)
- Оқу тоқсанына қорытынды жасау
- Қауіпсіздік ережесі
- Ағымдағы мәселелер
- Әке деген- биік шыңы адамның,
- Әке деген- тірегі ғой ғаламның.
- Әке деген- бойында аққан қаның да,
- Шыққан тегің, ол негізің, жаның да...
- Ана- жарық сыйлаған жан екенсің,
- Ана- шуақ шашатын таң екенсің.
- Ана- өмір, ана- бақыт, ана- жүрек
- Деп соққан жүрегімнің әні екенсің...
- Бала- бақшадағы гүлің,
- оны тәрбиелеу- үлкен ғылым.
- Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Әл Фараби бабамыз «Ғылым
- емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға
- ғылым баянды болмайды» -деген екен.
- Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.
- Ата- ананың үйдегі қарым- қатынасы, киім киюі, мінез- құлқы- бәрі балаға үлгі.
- «Қарағайға қарап тал өсер, ата- анаға қарап бала өсер» деген қанатты сөз бар. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
- Әке- ТІРЕК, ана- ЖҮРЕК, бала- ТІЛЕК. Осы бір ғажап
- тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үштаған іспеттес.
- “Әке” тобы
- Өнегелі отбасы қандай болуы керек?
- “Ана” тобы
- Өнегелі оқушы қандай болуы керек?
- “Бала” тобы
- Өнегелі мектеп қандай болуы керек?
- “Әке” тобы
- Үйдегі бақытқа бөленген бала- бақытты бала
- “Ана” тобы
- Бала тәрбиесіндегі орын алатын
- қарама- қайшылықтар
- “Бала” тобы
- Мектеп, оқушы, отбасы- үш таған
- Бала тәрбиесі (бейнесюжет)
Қорытынды - В.А. Сухомлинскийдің: “тек қана ата- аналармен бірге жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін” деген даналық сөзіне сүйенсек, мектеп балаларға адамдық бағыт беру үшін тек ата- анамен бірігіп жұмыс істеуі керек екенін ескерткен.
-
- Сондықтан балаңыздың тамағының тоқтығы мен көйлегінің көктігіне қарайтын, құр асыраушы ролінен шығып, ендігі жерде сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті бар. Сондықтан, отбасының “ТІРЕГІ” бола білген әкелер мен жанұяның “ЖҮРЕГІ” аналарды, сонымен қатар, адамзаттың “ТІЛЕГІ” болар баланы жұмылып жұмыс жасауға шақыра отырып,
- “МЕКТЕП- ОҚУШЫ- ОТБАСЫ” үш таған болып,
- бірігіп үлкен жетістікке қол жеткізді ұсынамын.
- Рефлексия
- Сергіту сәті
- “Екі жұлдыз, бір тілек”
-
- Сауат ашу пәні бойынша біздің қол жеткізгеніміз:
- тілдің ауызша және жазбаша сөйлеудің негізгі бірліктері туралы қарапайым ұғымдарды:сөйлеу – сөйлем – сөз – буын – дыбыс – әріп туралы қарапайым түсінікті;
- дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жуан дауысты, жіңішке дауысты) ажыратуды;
- әріптерді (баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті) ажыратуды;
- сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатынын, тыныс белгілерін;
- сөздегі дыбысты дұрыс есту және айыруды, оларды дұрыс айтуды;
- сұрақты мән беріп тыңдауды және оған тиісті жауап қайтаруды;
- дыбыстарды әріптермен дұрыс белгілеуді;
- өтілген әріптерді (баспа және жазба, бас әріптер мен кіші әріптер) каллиграфия нормасына сәйкес жазуды, оларды сөз ішінде бір-бірімен дұрыс байланыстыруды;
- сөздерді есту арқылы жазуды, көшіріп жазуды.
-
- Математика пәні бойынша біздің қол жеткізгеніміз:
- + 2, 3, 4 жағдайларында қосу кестелерін және
- оларға сәйкес азайту жағдайларын жатқа;
- қосу және азайту амалдардың компоненттерінің атауларын және қосу мен азайту жағдайында белгісіз компоненттерді табу ережелерін;
- қосудың ауыстырымдылық қасиетін;
- шамалар бірлігінің белгіленуін: 1 см
- оқулықпен жұмыс жасау, оқулықта берілген суреттер мен сызбалардың, жаттығулар мен талаптардың мағынасын түсіне білу;
- сабақ барысында ыңғайлы қалыпта отыру, қалам мен қарындашты дұрыс ұстау;
- өз тәртібіне жауап беру;
- тапсырмалардың орындалуының және есептердің шығарылуының дұрыстығын тексеру;
- математиканың «+», «-»;« », « », « = » белгілерін дұрыс қолдану;
- Дүниетану пәні бойынша біздің қол жеткізгеніміз:
- табиғаттағы жанды және жансыз денелерді;
- күн мен түннің айырмашылығын;
- Адам қолымен жасалған заттар, өз еңбегінің құндылығы туралы;
- табиғи құбылыстар туралы;
- адамның сезім мүшелері және оны күту туралы;
Қауіпсіздік ережесімен танысыру - 1. “МЕКТЕП- ОҚУШЫ- ОТБАСЫ” үш таған болып, бірігіп үлкен жетістікке қол жеткізуде сынып жетекшісінің ұсынымдары қабылданып, білім сапасын арттырудағы оқу- тәрбие процесінің жүйелі жүргізілуі, орындалуы ата- аналар мен сынып жетекшісінің қатаң қадағалауына жүктелінсін.
- 2. Оқушылардың демалыс уақытының тиімді өтілуінің ұйымдастырылуы, қауіпсіздік ережелерінің сақталуы ата- аналар мен сынып жетекшінің назарына қалдырылсын.
- 3. Ағымдағы мәселелердің өз уақытымен орындалып,
- шешілуі ата- аналар мен сынып жетекшісінің
- құзырына қалдырылсын.
-
- Уақыт бөліп қатысқандарыңыз үшін алғыс!!!
Достарыңызбен бөлісу: |