«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты»


Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген



бет2/2
Дата12.11.2023
өлшемі47 Kb.
#44241
1   2
Кеңесхан Құрмет 222

Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген. Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін.
Кейбір мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерінің төмендігінен баланың балғын балалық шағына дақ түсірулері олардың ата-аналар алдында, әріптестері алдынла беделін төмендетеді, абыройын түсіреді және олардың жіберген қателігі баланың өмір бойы жүрегінде қалады. Өкінішке орай ондай мұғалімдер өздерінің кемшіліктерін байқамай сәтсіздік жағдайларда оқушыларды кінәлап, олардың болашағына үулкен күмәнмсн қарайды. Ал оқушы қателігі кешірілуі керек, себебі олар әлі өз күштері мен мүмкіндіктерін шамалай алмайтын, даму үстіндегі жандар.
Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы оның ішкі әлеуетін ашуға мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына айналуы мүмкін. Француз жазушысы
Қоғам дамуына байланысты мұғалімге қойылатын талаптардын өзгеруі. Мұғалім профессиограммасы. Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған.
Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады.
Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылык, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауга тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру — ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».
Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVII ғ.) мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» — дей отырып балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.
Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, окыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп, күрделеніп отыруы нәтижесінде педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды.
В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлғы ретінде қарастырады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық,физиологиялык, даярлықтары мен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзіреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипагтамаларын, яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет». Профессиограмма — мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау