И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты



жүктеу 2,06 Mb.
бет41/188
Дата21.03.2023
өлшемі2,06 Mb.
#41837
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   188
Зимнаяя

Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты

Жалпығылымдық анықтама бойынша, даму дегеніміз материя мен сананың жалпыға ортақ қасиеті. Ол бір мезгілде үш қасиетпен: өзгерістердің даму үстіндегі объектінде болып жатқан бағыттанулар және заңдылықтармен, қайтымсыздықпен сипатталады. Бұл жерде оның негізгі сипаттамасының бірі – уақыт, нақтырақ айтқанда уақыт бойында созылмалылығы, ол дамудың бағытын анықтайды. Г. Гегельдің даму бағытын «абстрактіден нақтыға» қозғалыс ретіндегі дамудың бағыты деп (жалпы рухтың) анықтауы Г. Спенсердің еңбектерінде дамудың ортақ заңының күшіне ие болған. Ол психикалық дамуды тұжырымдау үшін өте маңызды. Бұл жалпыдан жекеге даму туралы ой Я.А. Коменскийдің оқыту жүйесіндегі негізін қалаушы табиғисәйкестілік принципінің негізіне алынған болатын, «...табиғат барлығын көлемі бойынша мардымсыз, бірақ ішкі қуаты бойынша күшті бастаулардан алады... табиғат өзінің жалпыға білім беру қызметін ең ортақтан бастайды және жекемен аяқтайды» [231, 34-35 б. цит. бойынша].


Ақыл - ой дамуының ортақ заңдарын талдай келе, Н.И. Чуприкова оны біріншіден, когнитивті құрылымдардың жүйелі ұйымдастырылауымен, когнитивтік схема–көрсеткіштермен, екіншіден, кез-келген басқа жүйе сияқты, когнитивті- көрсеткіштік құрылым да дамиды, яғни ой-еңбегінің дамуы жалпыға ортақ даму процесінің жеке көрінісі, ол да жалпыдан жекеге заңына бағынады деген тұжырымммен сәйкестендіреді. Психикалықтың да, атап айтқанда адамның ой-еңбегінің дамуы тұлғаның жалпы дамуымен салыстырылмауы тиіс. «Тұлға мен психика бірлікте болса да салаыстырылуға келмейтіні сияқты, тұлғаның дамуы (қоғамдық қатынастардың субъекті, индивидтің жүйелі әлеуметтік сапасы ретінде) мен психиканың дамуы бірлік құрайды, алайда олар тепе-теңдік құрамайды» [168, 15 б.].


Психикалық дамудың қозғаушы күштері

Қарама-қайшылық категориясы диалектикадағы ең басты категория екені белгілі (Г. Гегель, Ф. Энгельс). Г. Гегель қарама-қайшылықты дамудың ішкі импульсы ретінде қарастырған. Қарама-қайшылық категориясын отандық психологияда оның қозғушы күштерін талдау барысында психикалық дамудың сипаттамасына кіргізеді (А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, С.Н. Карпова). Бұл күштер әртүрлі қарама-қайшылықтармен сипатталады: адамның сұранысы мен сыртқы жағдайлардың; дамып келе жатқан қабілеттіліктер (физикалық және рухани мүмкіндіктермен) мен әрекеттің ескі формаларымен; жаңа әрекеттің тудыратын жаңа сұраныстары мен оларды қанағаттандырудың мүмкіндіктерімен (құралдары және әдістерімен); әрекеттің жаңа талаптары мен әлі қалыптаспаған біліктер арасындағылармен , жалпы алғанда жаңа мен ескінің арасындағы диалектикалық қарама-қайшылықтар. Басқа сөзбен айтқанда, адамның психикалық дамуындағы қозғаушы күш болып оның меңгерген білімінің, дағдысы, қабілеті мен мотивтер жүйесінің даму деңгейі мен оның қоршаған ортамен байланысының түрлері арасындағы қарама-қайшылықтар болып табылады.


Психикалық дамудың қозғаушы күштерін осылайша түсіну Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин тұжырымдаған болатын. Бұл жерде психикалық дамуды тұлғаның ілгерінді сапалық өзгеруі ретінде дәлелденеді, оның барысында оларда әр түрлі динамикамен жас ерекшеліктеріне байланысты жаңа өзгерістер қалыптасады. «Жас ерекшіліктерге байланысты өзгерістер деп тұлғаның қалыптасуы мен әрекетенің жаңа типін, берілген жас ерекшелік сатысында алғашқы рет пайда болған және ең маңызды және негізгіде баланың санасын, оның қоршаған ортасына көзқарасын, оның сыртқы және ішкі өмірін, яғни берілген уақытта оның дамуының барлық ағымын анықтаушы оның психикалық және әлеуметтік өзгерістерін түсіну қажет» [49, 248 б.].
Даму баяу, бірқалыпты немесе қызу жүре алады. Л.С. Выготскийдің анықтамасы бойынша революциялық, кей жағдайларда апаттық сипатта бола алады. Күрт алға басулар, қарама-қайшылықтардың шиеленесуі, дамудағы бұрылыстар «шиеленіскен дағдарыс формасын» қабылдай алады. Л.С. Выготский бойынша, психологияда дағдарыстық кезеңдердің бес түрі белгілі. Жаңа туған нәресте дағдарысы дамудың ұрықтық кезеңін нәрестелік жастан бөледі. Бір жас дағдарысы- нәрсетелік жасты ерте балалық шақтан бөледі. 3 жастың дағдарысы – бұл ерте балалық шақтан мекетепке дейінгі жасқа көшу. 7 жастың дағдарысы мектепке дейінгі жастан мектеп жасының арасындағы қосушы буын болып саналады. Ең соңында, 13 жастың дағдарысы – бұл мектеп жасынан пубертаттық жасқа көшудегі дамуда үлкен өзгеріспен сәйкес келеді [49, 248-256 б.] (пубертаттық - толысқан, жыныстық қалыптасу). Бұл жерде дамудың салыстырамалы бірқалыпты және шұғыл өзгерістеріндегі сәттердің біршама кезектесуінің ортақ схемасы тұрақты болып қалады. Бұл жағдайда дағдарыстардың баланың өмір сүру жағдайында орын алатын өзгерістермен байланысты екеніне назар аудару қажет, мысалы оның мектепке дейінгі балалық шағынан мектепте оқу кезіндегі балалық шағына көшуімен байланысты.



жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау