И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Тұлғааралық қатынастар қиындықтар саласы ретінде



жүктеу 2,06 Mb.
бет164/188
Дата21.03.2023
өлшемі2,06 Mb.
#41837
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   188
Зимнаяя

Тұлғааралық қатынастар қиындықтар саласы ретінде

Тұлға аралық қатынастар елеулі мөлшерде үйренушілердің бірлескен оқу іс-әрекет сипатына және мұғалімнің (оқытушының) педагогикалық іс-әрекетіне әсер етеді (А.К. Маркова, Я.Л. Коломинский, Н.В. Кузьмина, А.А. Реан және т.б.). Осы қатынастар негізінде жатқан симпатия (антипатия), қабылдау (қабылдамау), құндылық бағдарлардың сәйкес келуі немесе олардың айырмашылығы, іс-әрекеттің когнитивтік және жалпы даралық стильдерінің сәйкестігі немесе айырмашылығы және көптеген басқа жағдайлар адамдардың өзара әрекеттесулерін жеңілдетуі немесе елеулі қиындатудан оны тоқтатуға дейін әкелуі мүмкін. Конвенционалдық қатынастар рөлдерінің негізгі репертуарымен сәйкес келетін тұлға аралық қатынастар, іс-әрекет тиімділігін күшейтеді, ал олардың ішкі айырмашылықтары оның бұзылуына әкеледі.


Қарым-қатынаста қиындықтарды тудыратын, серіктердің маңызды тұлға аралық ерекшелігі, олардың әрқайсысында қандай да бір тұлғалық күйлердің үстемдігі болып табылады. Э. Берн бойынша [23], әр адам тұлғасының сана құрылымында үш күй болады: «Ата-ана», «Ересек адам», «Бала». Бұл жерде біріншісі – «Ата-ана» – екі жақты ашылуы мүмкін: не қадағалаушы-өктемшілдік функцияда, не көмектесуші-қамқоршы функцияда. Э. Берн үш күйдің әрқайсысының вербалды және вербалды емес сипаттамаларын және бірдей немесе түрлі жағдайлардағы адамдардың өзара әрекеттесуі мысалдарын келтіреді. Педагогикалық қарым-қатынас үшін оның оқытушы-тәрбиелеуші сипатына қарай «Ата-ана» күйі үндес болып табылады. Педагогтың рөлдік орыны мен «Ата-ана» сипаттамасы көп жағынан сәйкес келеді. Оған бағалау, рұқсат ету, түсіндіру, ұялту кіреді. Бұл педагог пен ата-ана үшін ортақ әрекеттер болып табылады. Алайда, олар педагогикалық процесте педагог («Ата-ана») – оқушы («Бала») қатынасына ғана жарамды. Егер де оқушы рөлінде «Ересек адам» болса, оның сипаттамасы түсіну, логикалық, пайымдау, контакттылық, өз бетімен шешім қабылдаушылығы болып табылса, ондай қарым-қатынаста екі жақты қиындық пайда болады. Әрине, педагогикалық процесс үшін оңтайлы вариант «Ересек адам – Ересек адам» қатынасы болып табылады.
Тұлғааралық қатынастар факторымен шартталған қарым-қатынас қиындығы іскерлік қарым-қатынас стилін өзгерту формасында, келіспеушілікті сылтаурату, серігін әдейілеп жалған ақпараттандыру, іскерлік қарым-қатынастан кету және т.б. формаларда табылатыны көрсетіледі. Қарым-қатынасты қиындатушы көптеген факторлардың ішінде (тұлға аралық қатынастар сипаты, жеке даралық-психологиялық ерекшеліктер, іс-әрекетке араласушылық, өзара әрекеттесу жағдайының ерекшеліктері) дәл осы тұлға аралық қатынастары статистикалық мәнде бірінші орын алады [229].



жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау