И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



жүктеу 2,06 Mb.
бет122/188
Дата21.03.2023
өлшемі2,06 Mb.
#41837
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   188
Зимнаяя

§ 2. Педагогикалық іскерліктер


Педагогикалық іскерліктердің жалпы сипаттамасы

Педагогикалық іскерліктер мұғалімнің түрлі әрекеттерінің жиынтығы болып табылады, олар ең алдымен педагогикалық іс-әрекет функцияларымен теңестіріледі, елеулі мөлшерде мұғалімнің (оқытушының) даралық-психологиялық ерекшеліктерін айқындап, оның пәндік-кәсіби құзырлығы жөнінде куәландырады. Мұғалімнің іскерлігі туралы жалпы айта отырып, А.И. Щербаков пен А.В. Мудрик, олар дидактикалық тұрғыдан үш негізгі іскерліктерге теңеледі деп санайды: «1) мұғалімге белгілі білімдерді, шешу нұсқаларын, оқыту мен тәрбиелеу амалдарын жаңа педагогикалық жағдай шарттарына ауыстыру іскерлігіне...; 2) әр педагогикалық жағдайға жаңа шешім табу іскерлігіне; 3) педагогикалық білімдер мен идеялардың жаңа элементтерін жасау және нақты педагогикалық жағдайды шешудің жаңа амалдарын қүру іскерлігі» [43, 244 б.].


Алайда, мұғалім іскерліктерін неғұрлым толық мөлшерде А.К. Маркова көрсеткен. А.К. Маркова сипаттаған педагогикалық іскерліктер құрамынан тоғыз негізгі топты бөліп алайық [129, 18-71 б.].
Бірінші топ – педагогикалық жағдайдан проблеманы көру және оны педагогикалық міндеттер түрінде өңдеу; педагогикалық міндетті қою кезінде өз түрткілері мен мақсаттары бар, оқу-тәрбие беру процесінің белсенді даму үстіндегі қатысушысы ретіндегі оқушыға бағдарлану; педагогикалық жағдайды зерттеу және қайта түрлендіру; педагогикалық міндеттерді сатылы және жедел түрде нақтылау, белгісіздік жағдайда оңтайлы педагогикалық шешім қабылдау, педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді педагогикалық ситуация-лардың өзгеру шамасына қарай икемдеп бейімдеу; қиын педагогикалық ситуациялардан абыроймен шығу; педагогикалық міндеттерді орындау-дың жақын және алыс нәтижелерін болжай алу және т.б. іскерліктер.
Педагогикалық іскерліктердің екінші тобына А.К. Маркова үш шағын топты жатқызады:

  • «не нәрсеге үйрету керек» деген сұраққа жауап беретін іскерліктер: оқу материалының мазмұнымен жұмыс істеу (оқытудың жаңа технологиялары мен тұжырымдамалары жөнінде мағлұмат болу), оқу пәнінің негізгі идеяларын ажырату, оқу пәнін жаңалап отыру (ғылымның сәйкес аймақтарында түсініктерді, терминдерді, пікір таластарды пайдалану арқылы); газет, журналдардан келіп түскен ақпараттарды түсіндіріп беру; мектеп оқушыларында жалпы білімдік және арнайы дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру; пәнаралық байланыстарды орнату және т.б.;

  • «кімді оқыту керек» деген сұраққа жауап беретін іскерліктер: оқушылардың жекеленген психикалық функцияларының (ес, ойлау, зейін, сөйлеу және т.б.) күйлерін және іс-әрекет түрлерінің (оқу, еңбек) тұтас сипаттамасын, оқушылардың білімділігі мен тәрбиелілігін зерттеу; оқушылардың шынайы оқуға деген мүмкіншілктерін зерттеу, олардың үлгерімі мен тұлғалық сапаларын ажырату; тек оқушы деңгейін ғана емес, сондай-ақ жақын даму өрісін де, олардың бір даму деңгейінен келесісіне өту шарттарын анықтау, оқушылардың ықтимал қиындықтарының алдын алу және типтік қиындықтарын есепке алу; оқу-тәрбиелік процесті жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде оқушылар-дың өздерінің мотивациясын негізге алу; мектеп оқушыларында оларда жоқ іс-әрекет деңгейлерін жобалау мен қалыптастыру; мұғалімнің оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыру өрісін кеңейте алу іскерлігі; жеке бағдарлама құра отырып, дарынды балалармен де, әлсіз балалармен де жұмыс істеу.

  • «қалай оқыту керек» деген сұраққа жауап беретін ептіліктер: оқыту және тәрбиелеу тәсілдері мен формаларының үйлесімдерін сұрыптау мен қолдану, мұғалім мен оқушылардың уақыт пен күш жұмсауын есепке алу; педагогикалық жағдайларды салыстырып және жалпылап, оларды кезектеп қолдану, мектеп оқушыларына сараланып жіктелінген және даралық ықпалды қолдану, олардың өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; бір педагогикалық міндетті орындаудың бірнеше тәсілдерін табу және т.б.

Үшінші топты құрайтын іскерліктер: психологиялық-педагогика-лық білімдерді пайдалану және психология мен педагогиканың қазіргі жағдайы жайлы, озық педагогикалық тәжірибе жайлы хабардар болу; өз еңбегінің процесі мен нәтижелерін белгілі бір тәртіппен бекітіп, тіркеп отыру; оқушылардың қиындықтарын өз жұмысындағы кемшіліктерімен байланыстырып отыру; өз еңбегінің мықты және әлсіз жақтарын көре алу, өзінің даралық стилін бағалау, оны басқа мұғалімдердің тәжірибесімен салыстыру; өз педагогикалық іс-әрекетін дамытуға байланысты жоспар құру және т.б.
Іскерліктердің төртінші тобы – бұл кең спектрдағы коммуникативтік міндеттерді қою тәсілдері; осы топқа енетін іскерліктердің ең маңыздысы – психологиялық қауіпсіздікке жағдай жасау және қарым-қатынас серіктесінің ішкі қорын жүзеге асыру.
Іскерліктердің бесінші тобы – бұл, қарым-қатынастың жоғарғы деңгейіне жетуге ықпал ететін тәсілдер. Оларға басқа адамның позициясын түсіну, оның тұлғасына қызығушылық білдіру іскерліктері жатады; мінез-құлық реңі бойынша оның ішкі күйін «оқу» және түсінік беру, вербалды емес қарым-қатынас тәсілдерін білу (мимика, қол қимылы); оқушының көзқарасымен қарау (мұғалім «децентрациясы»); басқа адамның өзгешелігіне төзімділік, сенімділік жағдайын тудыру; әсер етуді күшейтетін құралдарды білу (риторика тәсілдері); бағалаушы және әсіресе тәртіптендіруші ықпалдарға қарағанда тек ұйымдастыру-шы әсер етуді пайдалану; басқарудың демократиялық стилін пайдалану; қарым-қатынастағы қақтығыстың алдын алу құралы ретінде түрлі рөлдерге ие болу (мысалы, оқушы позициясына тұру); оқушыға алғыс білдіруге, керек кезде одан кешірім сұрауға дайын болу; балалардың барлығына бірдей қатынаста болу; «мұғалімдікі қашанда дұрыс» деген корпоративті таптаурыннан бас тарту; педагогикалық жағдайдың жекеленген аспекттеріне әзілмен қарау, кейбір келеңсіздікті байқамау, күлімдеуге дайын болу, дауыс екпінін пайдалана білу, оқушының сөзін және оқу әрекетін бөлмей тыңдау, оны есту; оқушыда қажетті сапа пайда болуы үшін жағдай жасау арқылы оқушыға тікелей емес, жанама әсер ету, оқушымен кері байланысқа түсуден қорықпау; көпшілік алдында сөйлеу жағдайында театрлыққа жақын әрекет жасау.
Алтынша топ – бұл ең алдымен, педагогтың табанды кәсіби позициясын қолдан шығармау іскерлігі, яғни өз кәсібінің мәнділігін түсінетін, оның әлеуметтік және жалпы адамзаттық құндылығы жолында қиындықтарға төтеп бере алуға қабілеті; өзінің педагогикалық қабілеттерін, олардың перцептивтік (басқа адамды түсіну және зерттеу, оған уайымдасу, оның көзқарасымен қарау) және басқару (оқушының тек мінез-құлқы мен қылықтарына ғана емес, сондай-ақ оның түрткілеріне, мақсаттарына әсер ету) компоненттерін қамти отырып жүзеге асыру және дамыту; өзінің эмоционалдық күйін басқару, оларға қиратушы емес, конструктивті сипат беру; өзінің және оқушылардың позитивті мүмкіндіктерін қабылдау, және осылайша өзінің позитивті Мен-тұжырымдамасын нығайтуға ықпал ету; еңбек эталондарын меңгеру (педагогикалық шеберлік); шығармашылық ізденісті іске асыру.
Жетінші топ – өзінің кәсіби даму болашағын саналы түсіну, табиғи қасиеттерінің ішінен жағымдыларының барлығын пайдалана отырып, өзінің даралық стилінің ерекшеліктерін анықтау іскерліктері; өзінің күшті жақтарын нығайту, әлсіз жақтарын жою, қабілеттердің компенсаторлық буындарын пайдалану, жаңаны іздеуге дайын болу, шеберлік деңгейінен шығармашылық, жаңашылдық деңгейлерге өту.
Сегізініші топ - оқушылардың оқу жылының басындағы және соңындағы білімдерінің сипаттамаларын анықтау іскерліктерін біріктіреді; оқу жылының басында және өзін-өзі қадағалау мен өзін-өзі бағалау түрлерін, іс-әрекеттер, іскерліктер мен дағдылардың жағдайын анықтау; үйренуге жарамдылықтың жеке көрсеткіштерін айқындау (белсенділік, бағдарлану, нақты оқушыға алға жылжу үшін қажетті мөлшерленген көмек саны), артта қалу себептерін анықтап, оған дара және пен сараланып жіктелінген келісті жүзеге асыру; жаттыққандық пен үйренуге жарамдылықтың барлық компоненттерін кезеңмен өту; өзін-өзі оқыту мен үздіксіз білім алуға дайындықты ынталандыру.
Іскерліктердің тоғызыншы тобы мұғалімнің мектеп оқушыларының тәрбиелілігі және тәрбиеленуге жарамдылығының күйлерін бағалауымен байланыстырылады: оқушылардың мінез-құлқы бойынша олардың адамгершілік нормалары мен нанымдарының үйлесімділігін танып білу; оқушының не айтып тұрғаны, ойлағаны мен қылықтарынының өзара байланысында жалпы оқушы тұлғасын көру; жеке оқушылар тұлғасының нашар дамыған қырларын ынталандыру үшін жағдай жасау (мысалы, бір оқушының белсенділігін ынталандыру, екіншіснің мазасыздығының төмендеуіне ықпал ету, үшіншісінің лидерлікке ұмтылысын қолдау).
А.К. Маркова бойынша, педагогикалық іскерліктердің мазмұнды дәл келтірген топтары мұғалім еңбегінде осы автордың бөліп көрсеткен бес жағымен, яғни оның іс-әрекетімен, қарым-қатынасымен, тұлғасы-мен, мектеп оқушыларының оқытылғандығы және тәрбиеленгендігімен байланыстырылады (ІІІ б. 2 тарау, § 2 қараңыз). Мысалға, іскерліктердің бірінші үш тобы психологиялык-педагогикалық ретінде анықталады (оларға пәндік-әдістемелік те жатады, бірақ туынды ырықты ретінде). Олар педагогикалық іс-әрекетпен байланыстырылады және олардың ішінде негізгісі мұғалімнің үнемі өзгеріп тұратын педагогикалық жағдайларда оқушылардың оқу міндеттерін шешу процесінде олардың даралық-психологиялық ерекшеліктерін есепке ала және дамыта отырып, жұмыс істеу іскерлігі болып табылады.
Педагогикалық іскерліктердің төртінші және бесінші топтарын А.К. Маркова «басқа адам үшін педагогикалық қауіпсіздік атмосферасын тудыру және сонымен бірге оның тұлғасының өзіндік жүзеге асуы үшін жағдайды қамтамасыз ету іскерліктерімен» байланыстырады [129, 34 б.]. Бұл коммуникативтік іскерліктердің әр түрлі көріністері, оларды іске асыруда қарым-қатынас серіктесі ретінде мұғалімнің позициясы, оның педагогикалық такті маңызды рөл атқарады.
Педагогикалық іскерліктердің алтыншы және жетінші топтары, А.К. Маркова бойынша, мұғалім тұлғасының дамуы үшін және өзіндік іске асуы, өзіндік әлпеті үшін қажетті әрекеттермен шартталған. Осы орайда, білім беру процесінің орталық фигурасы болып табылатын мұғалімге оның үнемі өсіп, жетіліп отыру талабын есімізге түсірейік. Сегізінші және тоғызыншы топтар, А.К. Маркова бойынша, үйренушілердің тұлғалық дамуын бағалау, болжау, ынталандыру, олардың жаттыққандық деңгейін диагностикалау іскерліктерін сипаттайды.
Педагогикалық іскерліктер, А.К. Маркова бойынша, мұғалімнің түрлі позицияларына сәйкестеледі, мұнда «кәсіби педагогикалық позициялар – мұғалімнің мінез-құлқын анықтаушы қатынастарының (өзіне, оқушыға, әріптестеріне) тұрақты жүйесі» [129, 9 б.]. Педагогикалық іс-әрекетте мұғалімнің ақпарат субьекті, пән жүргізуші, әдіскер, зерттеуші, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушы сияқты түрлі позициялары көрінеді. Қарым-қатынаста мұғалім осы процесті ұйымдастырушы, серіктес және фасилитатор позициясынан шығады.
«Педагогикалық бағыттылық», «педагогикалық центрация» және «педагогикалық позиция» түсініктерінің ішкі байланысы олардың педагогикалық әрекеттермен, немесе іскерліктермен жалпы арақатынасы жайлы айтуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты кәсіби-педагогикалық әрекеттердің жиынтығы әрқашанда позицияларды (центрацияларды, бағыттылықты) айқындайды және керісінше, педагогикалық іскерліктер мұғалім тұлғасының өзін, оның іс-әрекеті мен оқушылармен өзара әрекеттесуінде көрінеді.

***

Кәсіби бағдарланған әрекеттер жүйесімен жүзеге асырыла отырылып, педагогикалық іс-әрекет күрделі функционалды-операционалды құрылым болып табылады, мұнда мұғалімнің белгілі бір позициясын бейнелеуші функциялар мен педагогикалық әрекеттердің (іскерліктер) арасында бір-бірінен өзгеше және бір текті емес байланыстар орын алады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар





  1. Педагогикалық іс-әрекет қандай функцияларды іске асырады?

  2. Педагогтың қабілеттері мен іске асырылатын функциялар арасында ұқсас байланыс бар ма?

  3. Педагогикалық іскерліктердің тоғыз тобының әрқайсысы неге бағытталған (өз-өзіне, оқушыға, игеру пәніне және т.б.)?

Әдебиет




жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау