Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы


-параграф. Бұзбайтын әдістермен бақылау



жүктеу 7,28 Mb.
бет3/44
Дата18.12.2017
өлшемі7,28 Mb.
#4647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

7-параграф. Бұзбайтын әдістермен бақылау
211. Дәнекерлеу қосқыштарының ішкі ақауларын анықтау үшін бұзбай тереңдетіп бақылау қолданылады: радиографикалық және ультрадыбыстық немесе оларға тең келетін бақылау түрлері; дәнекерлеу қосқыштары қабатының ақауларын анықтау үшін-магнитті-ұнтақты немесе түрлі түсті дефектоскопия немесе олармен тең келетін бақылау әдістері.

212. Бұзылмайтын бақылау әдістерінің қандай да бір түрін немесе олардың үйлесімін қолдану осы Талапқа, құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

213. Перлит және мартенситті-феррит класты болаттардан жасалған бұйымдардың міндетті ультрадыбыстық бақылауына мыналар жатады:

1) қабырға қалыңдығы 30 мм және одан астам барабандардың барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

2) қабырға қалыңдығы 15 мм және одан астам коллекторлар мен құбыр өткізгіштердің барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

3) ультрадыбыстық бақылау тиісті техникалық шарттардың, дәнекерлеу қосқыштарын дәнекерлеу және бақылау жөніндегі технологиялық регламенттердің талаптары қарастырылған басқа да дәнекерлеу қосқыштары.

214. Перлит және мартенситті-феррит класты болаттардан жасалған бұйымдардың ультрадыбыстық және радиографикалық бақылауына мыналар жатады:

1) қабырға қалыңдығы 30 мм кем барабандардың барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

2) қабырға қалыңдығы 15 мм кем коллекторлар мен құбыр өткізгіштердің барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

3) қабырға қалыңдығы 15 мм кем болғанда сыртқы диаметрі 200 мм және одан астам құбыр өткізгіштердің барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

4) қабырға қалыңдығы 15 мм кем болғанда сыртқы диаметрі 200 мм кем құбыр өткізгіштерде доғалық немесе газбен дәнекерлеумен жасалған жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары;

жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) астам қазандықтар үшін-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр қазандықтың бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 20 % кем емес (бірақ кемінде бес жік)-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) төмен қазандықтар үшін-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр қазандықтың бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 10 % кем емес (бірақ кемінде бес жік)-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

5) жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) және одан астам қыздыру қабаты құбырларында доғалық немесе газбен дәнекерлеумен орындалған барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен, ал жіктің бақылау бөлігіне қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда-қосқыштардың периметрінен кемінде 50 % ұзындығымен;

6) жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) төмен қыздыру қабаты құбырларында доғалық немесе газбен дәнекерлеумен орындалған жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр қазандықтың (бу қыздырғыштың, экономайзердің) бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 5 % кем емес (бірақ кемінде бес жік)-қосқыштардың периметрінен кемінде 50 % ұзындығымен;

7) қабырға қалыңдығына қарамастан, ішкі диаметрі 100 мм және одан астам барабандар мен коллекторлардың барлық дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

8) құйылған элементтердің, құйылған бөлшектері бар құбырлардың жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары, сондай-ақ осы тармақта көрсетілмеген өзге де дәнекерлеу қосқыштары (оның ішінде бұрыштық және таңба)-бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген талаптар бойынша.

Осы тармақта тізбектелген дәнекерлеу қосқыштары үшін бақылау әдісін (ультрадыбыстық дефектоскопия немесе радиография) таңдау металдың физикалық қасиеттерінің ерекшелігін, игерілуін және нақты бұйымдарда дәнекерлеу қосқыштарының осы түрі үшін бақылау әдістерін жетілдіруді ескере отырып, күрделі ақауларды толықтай және біршама дәлірек айқындауды қамтамасыз ету мүмкіндігі негізінде жүргізіледі.

215. 252-тармаққа сәйкес ультрадыбыстық бақылауға тартылатын барабандар мен коллекторлардың жапсарлас бойлық және көлденең дәнекерлеу қосқыштарының барлық түйісу орындары міндетті радиографикалық бақылауға жатады.

216. Аустенит кластық болаттан жасалған бұйымдарда, сондай-ақ аустенит кластық болаттан жасалған элементтердің перлит немесе мартенситті-феррит класының болаттарынан жасалған элементтермен түйісу орындарында мыналар міндетті радиографикалық бақылауға жатады:

1) барабандар мен коллекторлардың барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

2) жапсарлас байланыстырушы дәнекермен орындалғаннан басқа, құбыр өткізгіштердің барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

3) қыздыру қабатының құбырларында доғалық дәнекерлеумен орындалған жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-әрбір дәнекерлеуші орындаған әр қазандықтың (бу қыздырғыштың, экономайзердің) бір типтегі жіктерінің жалпы санынан 10 % кем емес (бірақ кемінде бес жік)-қосқыштардың периметрінен кемінде 50 % ұзындығымен;

4) құйылған элементтердің, құйылған бөлшектері бар құбырлардың барлық жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

5) ішкі диаметрі 100 мм және одан астам (қабырға қалыңдығына қарамастан) штуцерлері бар барабандар мен коллекторлардың барлық дәнекерлеу қосқыштары-қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен;

6) осы бапта көрсетілмеген өзге де дәнекерлеу қосқыштары (оның ішінде бұрыштық және таңба)-бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген талаптар бойынша.

217. Жөндеу-дәнекерлеуге тартылған жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен радиографикалық немесе ультрадыбыстық бақылауға алынады. Металды жөндеу арқылы дәнекерлеу жұмыстары негізгі металдағы дәнекердің термиялық әсер ету аймағын қоса алғанда, дәнекердің барлық учаскесі бойымен радиографиялық немесе ультрадыбыстық бақылауға алынады. Қабырғаларды тұтас ұзындығы бойымен қайнату кезінде бақылау үшін ішкі жағынан қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайдан басқа, екі жағынан бірдей бақыланады.

218. Жапсарлас дәнекерлеу жігін ультрадыбыстық бақылауды тегіс түптерді дәнекерлеу, арматура жіктері мен жапсарлас қосқыштарды қосқыштың тек бір жағынан бақылау үшін жеткілікті басқа да жіктерден басқа, дәнекерлеу жігінің екі жағынан орындау қажет.

219. Ішкі қысыммен жұмыс істемейтін қосылған бөлшектердің дәнекерлеу қосқыштарын бақылау әдісі мен көлемі құрылымдық құжаттамада белгіленеді.

8-параграф. Дәнекерлеу қосқыштарын механикалық сынау және металлографикалық зерттеу
220. Жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары олардың бұйымға арналған құрылымдық құжаттаманың механикалық сипаттамаларына сәйкестігін тексеру және дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бақылау мақсатымен механикалық сыналады.

221. Сынақтың негізгі түрі созылуына, иілуіне және майыстырылуы мен соққы тұтқырлығына сынау болып табылады.

222. Созылуына сынау көлденең дәнекерлеу қосқыштары үшін аталған қосқыштар бұзбайтын әдіспен бақыланған жағдайда міндеті болып табылмайды.

223. Соққы тұтқырлығына сынау қабырғаның есептік температурасы 450°С жоғары болмаған кезде 8 МПа (80 кгс/см2) төмен қысыммен жұмыс істейтін бөлшектердің дәнекерлеу қосқыштары үшін, қабырға қалыңдығы 12 мм кем бөлшектердің барлық дәнекерлеу қосқыштары үшін міндетті болып табылмайды.

224. Ықтимал ішкі ақауларды (сызаттарды, дәнекерленбеген орындарды, шлак және металл емес қосындыларды және басқаларын) анықтау мақсатымен жапсарлас және бұрыштық дәнекерлеу қосқыштарына металлографикалық зерттеу жүргізіледі.

225. Металлографикалық зерттеу:

1) бұзбайтын әдіспен тұтас бақыланған жағдайда перлит кластық болаттан жасалған бөлшектердің дәнекерлеу қосқыштары үшін;

2) қыздыру қабаты құбырларының дәнекерлеу қосқыштары және бақылау үлгілерін сынау арқылы машинаны баптау сапасын ай сайын тексеру кезінде автоматтандырылған жұмыс циклімен қазандық құбырларын байланыстырып жапсарлас дәнекерлеу үшін арнайы машиналарда байланыстырушы дәнекермен орындалған құбыр өткізгіштер үшін міндетті болып табылмайды.

226. Дәнекерлеу қосқыштарының механикалық қасиеттерін тексеру, металлографикалық зерттеу бақыланатын дәнекерлеу қосқыштарынан кесіп алынатын үлгілерде жүргізіледі. Бақылау қосқыштары ретінде бұйымнан кесіп алынатын өндірістік қосқыштары пайдаланылуы мүмкін.

227. Бақылайтын дәнекерлеу қосқыштары:

1) жиектердің, дөңес және жайпақ түптер мен торлардың бойлық және көлденең жапсарлас жіктерін бақылау үшін-қыспақ дәнекерленетін жайпақ пластиналарды жапсарлас қосу;

2) коллекторлар мен құбыр өткізгіштердің көлденең жіктерін бақылау үшін-құбырлардың екі тіліктерінің (шығырлы сынама) көлденең жапсарлас қосу;

3) штуцерлердің дәнекерін жиектерге және түптерге қосуды бақылау үшін-құбырды тегіс қаңылтырмен бұрыштап және таңбалап қосу немесе құбыр өткізгіште штуцерлерді дәнекерлеуді бақылау үшін, сондай-ақ үш көзді қосқыштар үшін-құбырларды негізгі құбырлармен қосу ретінде орындалады.

228. Бақыланатын дәнекерлеу қосқыштары дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамаға сәйкес және өндірістік қосқыштар үшін қолданылатын технологиялық үдерістерді толығымен сақтай отырып дайындалады.

229. Бақылау қосқыштарын термиялық өңдеу бұйыммен бірге, ал бұл мүмкін болмаған жағдайда-бөлек, өндірістік қосқыштар үшін белгіленген режимдерді пайдалана отырып жүргізіледі.

230. Егер бақыланатын дәнекерлеу қосқыштары бірнеше рет термо өңдеуге тартылатын болса, онда бақылау қосқышы да сондай мөлшерде сол режимде термо өңдеуден өтеді.

231. Егер өндірістік қосқыш бірнеше рет жоғары дәрежеде өткізуге тартылған болса, онда бақылау қосқышы өндірістік қосқыштың барлық жоғары дәрежеде өткізуі кезінде жиынтық уақыттың кемінде 80 % ұстау ұзақтығымен бір рет жіберуге болады.

232. Бақылау қосқыштарының өлшемдері қайта өткізілетін сынақтарды қоса алғанда, қажетті сынақтарды өткізу үшін олардан үлгілерді алу мүмкіндігін қарастырады. Егер бұл талап қанағаттандырылмаса, онда бақылау қосқыштарының саны артады.

233. Термиялық өңдеуді (егер ол қарастырылған болса) қоса алғанда, бақылау қосқыштарын дайындау аяқталған кезде дәнекерлеу қосқышы өндірістік дәнекерлеу қосқыштары үшін қарастырылған дәл сол бақылау әдістерімен және дәл сол көлемде тексеріледі. Қанағаттандырылмайтын нәтижелер болған кезде екі еселенген мөлшерде үлгілерді қайта сынауға болады.

234. Егер қайта бұзбай бақылау кезінде қанағаттандырылмайтын нәтижелер алынатын болса, осы сынақ түрінің жалпы бағасы қанағаттандырылмаған болып саналады. Бұл жағдайда материалдың сапасы, жабдық және дәнекерлеушінің біліктілігі қосымша тексеруге тартылады.

235. Егер бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада бақылау қосқыштарын көбейтілген саны қарастырылмаса (бақылау қосқыштарының қатарына дәнекерлеушіні аттестаттау кезінде орындалатын қосқыштарды есептеуге болады), өндірістік жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарын бақылау үшін әр дәнекерлеуші 6 ай ішінде орындаған барлық бір типті өндірістік қосқыштарға (оның ішінде әр түрлі объектілер үшін) кемінде бір жапсарлас бақылау қосқышы қарастырылады. Дәнекерлеушінің жұмысында 3 айдан артық үзілістен кейін жаңа бақылайтын дәнекерлеу қосқышын орындауға болады және оны белгіленген көлемдерде тексеруге болады.

236. Байланыстырушы дәнекермен орындалған құбырлардың көлденең қосқыштарын бақылау кезінде әр ауысымда автоматтандырылған жұмыс циклі бар әрбір дәнекерлеу машинасына жасалған барлық бірдей өндірістік қосқыштар үшін кемінде екі бақылау қосқышы сыналады.

237. Кемінде 100 мм шартты өту жолымен және қабырға қалыңдығы 12 мм кем болғанда және бақылау үлгілерінің экспресс сынағы арқылы машинаны баптау ауысым сайын тексере отырып, автоматтандырылған жұмыс циклі бар қазандық құбырларының байланыстырып дәнекерлеу үшін арнайы машиналарда жасалған құбырлардың көлденең қосқыштарын бақылау үшін кесілген бөліктерді бірдей дайындау кезінде бір өлшемді және тұрақты режимде бір маркалы болаттан жасалған құбырларды дәнекерлеген жағдайда үш тәуліктен аспайтын тәулік ішінде дайындалған өнім үшін кемінде екі бақылайтын дәнекерлеу қосқыштарын сынауға болады. Бұл ретте бақылау қосқыштары ретінде өндірістік қосқыштарын пайдалануға болады.

238. Әрбір бақыланатын дәнекерлеу қосқышынан кесіп алынатын үлгілердің ең аз саны:

1) созылуына сынау үшін екі үлгі;

2) статикалық иілгішіне сынау үшін екі үлгі;

3) соққы тұтқырлығына сынау үшін үш үлгі;

4) көміртекті және қоспасы аз болаттан жасалған дәнекерлеу қосқыштарын бақылау кезінде металлографикалық зерттеу және қаттылығын анықтау үшін бір үлгі (шлиф) және егер құрылымдық құжаттамада қарастырылған болса, қоспасы жоғары болаттан жасалған дәнекерлеу қосқыштарын бақылау кезінде кемінде екі үлгі;

5) құрылымдық құжаттамада қарастырылған түрлері үшін екі үлгіден (кристалл аралық коррозия және басқалары).

239. Сыртқы диаметрі 108 мм аспайтын құбырлардың бақылау қосқыштарын статикалық иілуіне сынауды майысуына сынаумен ауыстыруға болады. Созылуына сынау құрылымдық құжаттамада көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.

240. Бақыланатын бұрыштық және таңбалау қосқыштары үшін ішкі ақауларды, сызаттарды, дәнекерленген жерлерді (күрделі шлак, металл қоспаларды, бүлінген жерлерді және басқаларын) анықтау мақсатымен металлографикалық зерттеу үшін тек шлифтер ғана кесіледі.

241. Дәнекерлеу қосқыштарының механикалық сипаттамасы құрылымдық құжаттамада белгіленген нормалардан төмен болмайды.

242. Қандай да бір механикалық сынақ түрі бойынша қанағаттанарлықсыз нәтиже алған жағдайда қанағаттанарлықсыз нәтиже берген дәл сол механикалық сынақ түрі бойынша, дәл сол бақыланатын дәнекерлеу қосқыштарынан алынған үлгілердің екі есе мөлшерінде қайта сынауға болады. Көрсетілген дәнекерлеу қосқыштарынан үлгілерді кесіп алу мүмкін болмаған жағдайда қайта механикалық сынақтар (екі есе көлемде) бақыланатын бұйымнан кесіп алынған өндірістік дәнекерлеу қосқыштарында дәл сол дәнекерлеуші жүргізеді.

243. Егер қайта сынақ кезінде үлгілердің біреуінде белгіленген нормаларды қанағаттандырмайтын көрсеткіш алынған болса, осы сынақ түрінің жалпы бағасы қанағаттанарлықсыз деп саналады.

244. Сынақ кезінде әрбір бақыланатын дәнекерлеу қосқыштары үшін механикалық қасиеттердің көрсеткіштері жекеленген үлгілерді сынау нәтижесінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады.

245. Жалпы нәтижені егер кез келген сынақ түрі бойынша үлгілердің біреуі белгіленген нормалардан өзгеше 10 % артық төмендейтін, ал соққы тұтқырлығы бойынша 10 Дж/см2 (1 кгс м/см2) артық нәтиже берген болса, қанағаттанарлықсыз деп саналады.



9-параграф. Кристалл аралық коррозияға, қарындашпен көшіруге сынау және қаттылығын өлшеу
246. Дәнекерлеу қосқыштарын кристалл аралық коррозияға қарсы тұрақтылыққа сынау құрылымдық құжаттама талаптары бойынша аустенит болаттардан жасалған бөлшектер үшін жүргізіледі. Үлгілердің пішіні, өлшемдері және мөлшері дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамада көрсетіледі.

247. Қоспалы болаттарды дәнекерлеу кезінде болаттар мен дәнекерлеу материалдарының құрылымдық құжаттаманың талаптарының сәйкестігін тексеру дәнекерленетін бөлшектер мен дәнекерлеу жіктерінің металын қарындашпен көшіру арқылы жүргізіледі. Дәнекерленетін бөлшектердің таңбалауы болмаған жағдайда оларды көшіру міндетті болып табылмайды.

248. Қаттылығын бақылау қажеттілігі мен көлемін құрылымдық ұйым анықтайды және дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамада көрсетіледі, бұл ретте қаттылық дәнекерленетін қосқыштардың бойымен кемінде үш нүктесінде тексеріледі.

10-параграф. Дәнекерленетін қосқыштардың сапасын бағалау нормалары
249. Дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бағалау үшін олардың сенімдігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шектен тыс төмендететін ақаулары бар бұйымдардың шығуын болдырмайтын нормалар қолданылуы қажет. Дәнекерленетін қосқыштардың сапасын бағалау нормалары дәнекерлеуге және бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада анықталады.

250. Дәнекерленетін қосқыштардың сапасын егер оларда кез келген түрде осы Талапта және дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген нормалардан тыс шығатын ішкі немесе сыртқы ақаулар анықталған болса, қанағаттанарлықсыз деп саналады.

251. Қазандық элементтерінің, бу жылытқыштардың және экономайзерлердің дәнекерлеу қосқыштарында мынадай ақауларға жол берілмейді:

1) балқу желісі мен негізгі металдың жік жанындағы аймағы бойынша жік металында орналасқан барлық түрдегі сызаттар мен бағыттар, оның ішінде микро зерттеу кезінде анықталатын микро сызаттар;

2) қабатта орналасқан және дәнекерлеу қосқыштарының қимасы бойынша (жеке біліктер мен жік қабаты арасында және негізгі металл мен жік металы арасында) орналасқан дәнекерленбеген (балқымаған) жерлер;

3) жиектерді бөлмей орындалған бұрыш және таңбалайтын дәнекерлеу қосқыштарының басында (түбінде) дәнекерленбеген жерлер;

4) тұтас тор түрінде орналасқан бөліктер;

5) балқымалар (ағыстар);

6) қайнамаған кратерлер;

7) қуыстар;

8) жік металында қайнамаған күйіктер;

9) күйік пен негізгі металл балқымалары (құбырларды жапсарлас түйістіріп дәнекерлеу кезінде);

10) 246-248-тармақтарда көзделген нормалардан жоғары жиектердің ығысуы.

11-параграф. Гидравликалық сынақ
252. Барлық қазандықтар, бу қыздырғыштар, экономайзерлер және олардың элементтері дайындалғаннан кейін гидравликалық сынақтан өтеді.

253. Қазандықтарды гидравликалық сынау қауіпсіздік шараларын көрсете отырып, бағдарлама бойынша жүргізіледі.

254. Монтаждау орнына жеке бөлшектермен, элементтермен немесе блоктармен тасымалданатын, орнату орнында дайындау аяқталатын қазандықтар монтаждау орнында гидравликалық сынақтан өтеді.

255. Қазандықтың, бу қыздырғыштың және экономайзердің, барлық дәнекерлеу және өзге де қосқыштардың тығыздығы мен мықтылығын тексеру мақсатында мыналар гидравликалық сынақтан өтеді:

1) барлық құбыр, дәнекерлеу, құйма, тұрпатты және басқа да элементтер мен бөлшектер, сондай-ақ арматура, егер олар оларды дайындау орындарында гидравликалық сынақтан өтпесе; егер олар 100 пайыздық ультрадыбыстық бақылауға немесе өзге де теңдес бұзбайтын дефектоскопия әдістерімен бақылауға алынады;

2) жинақталған күйдегі қазандықтың элементтері (дәнекерленген штуцерлері немесе құбырлары бар барабандар мен коллекторлар, құбырларды қыздыру қабатының блоктары және басқалары). Егер барлық құрылымдық элементтер 100 пайыздық гидравликалық сынақтан өткен және немесе өзге де теңдес бұзбайтын дефектоскопия әдістерімен бақылаудан өткен, ал осы жинау элементтерін дайындау кезінде орындалатын дәнекерлеу қосқыштары бұзбайтын дефектоскопия әдісімен (ультрадыбыстық немесе радиографикалық) болса, коллекторлар мен құбырлардың блоктарын гидравликалық сынақтан өткізу міндетті болып табылмайды;

3) қазандықтар, бу қыздырғыштар мен экономайзерлер оларды дайындау және монтаждау аяқталғаннан кейін.

256. Егер дайындау және монтаждау кезінде оларды қазандықтан бөлек сынау мүмкін болмаған жағдайды қазандықпен бірге жекеленген элементтер мен құрастыру элементтерін гидравликалық сынақтан өткізуге болады.

257. Р сынама қысымының ең төменгі мәні қазандықтар, бу қыздырғыштар, экономайзер, құбырлар үшін гидравликалық сынау кезінде қазандық шегінде қабылданады:

1) жұмыс қысымы 0,5 МПа (5 кгс/см2) аспайды

Р=1,5 Р, бірақ кемінде 0,2 МПа (2 кгс/см2);

2) жұмыс қысымы 0,5 Мпа (5 кгс/см2) астам

Р=1,25 Р, бірақ кемінде Р+0,3 МПа (3 кгс/см2).

258. Барабан қазандықтарын, сондай-ақ олардың бу жылытқыштарын және экономайзерлерді жұмыс қысымы ішінде гидравликалық сынау кезінде қазандық барабанында қысым қабылданады, ал барабансыз және тік ұшты қазандықтар үшін мәжбүрлі циркуляцияда құрылымдық құжаттамада белгіленген қазандыққа өту жолында ауыз су қысымы қабылданады.

259. Сынама қысымның ең жоғарғы мәні төзімділікке тексеретін есептермен белгіленеді.

260. Құрылым көрсетілген шектерде гидравликалық, қысымға тартылатын элементте ақауларды анықтауды қамтамасыз ететін сынама қысым мәнін алады.

261. Қазандықты, оның элементтерін және жекеленген бұйымдарды гидравликалық сынау термо өңдеуден және барлық бақылау түрінен, анықталған ақауларды түзеткеннен кейін жүргізіледі.

262. Егер құрылымдық құжаттамада температураның нақты мәні көрсетілмесе, онда гидравликалық сынақ температурасы 5-40ºС сумен жүргізіледі.

263. Металл температурасы мен қоршаған орта температурасы арасындағы айырмашылық сынақ кезінде сынақ объектісінің үстіне ылғалдың өтуін болдырмайды. Гидравликалық сынақ үшін пайдаланылатын су объектіні ластамайды және қарқынды түрде коррозияландырады.

264. Қазандықты, автономды бу жылытқышты, экономайзерді сумен толтыру кезінде ішкі жағынан ауа алынады.

265. Қысымды теңдей етіп сынақ қысымына жеткенге дейін көтеру қажет. Қысымды көтерудің жалпы уақыты қазандықты монтаждау және пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі; егер нұсқаулықта бұл көрсетілмеген болса, онда қысымды көтеру уақыты кемінде 10 минутты құрайды.

266. Сынама қысым астынан ұстау уақыты кемінде 10 минутты құрайды. Сынама қысым астынан ұстағаннан кейін қысым жұмыс қысымына дейін төмендетіледі, бұл ретте барлық дәнекерлеу, жаншып үгіту, бастыру және алмалы-салмалы қосқыштарды тексеру жүргізіледі.

267. Судың қысымы сынақ кезінде бір типті екі манометрмен, біркелкі дәлдік классымен (1,5 төмен емес), өлшеу шегімен және бөлу қысымымен бақыланады.

268. Сығылған ауаны немесе газды қысымды көтеру үшін пайдалануға болмайды.

269. Егер мынадай:

1) көрнекті қалдық өзгерістер;

2) сызаттар немесе жарылу белгілері;

3) дәнекерлеу, жаныштап үгіту, алмалы-салмалы және бастыру қосқыштарында және негізгі металда ағу жолы анықталған жағдайда объект сынақтан өткен болып саналады.

270. Жаныштап үгіту және алмалы-салмалы қосқыштарда ұстау кезінде мөлшері ұлғаймайтын жекеленген тамшылардың түзілуіне жол беріледі.

271. Гидравликалық сынақ өткізгеннен кейін суды жоюды қамтамасыз ету қажет.

272. Дайындаушы кәсіпорында гидравликалық сынақ тиісті қоршауы бар және қауіпсіздік талаптары мен гидро сынақ өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды қанағаттандыратын сынақ стендісінде жүргізіледі.

273. Егер төмендегі талаптар орындалған болса, гидравликалық сынақты қазандықтың, бу жылытқыштың және экономайзердің бірнеше элементтері үшін немесе барлық бұйым үшін толықтай бір мезгілде жүргізіледі:

1) әрбір ығыстырылатын элементтерде сынама қысымның мәні осы Талапта (300 т) көрсетілгеннен кем емес болады;

2) сынама қысым мәні осы Талапта (300 т) көрсетілгеннен кем элементтердің дәнекерлеу қосқыштары мен негізгі металды бұзбайтын әдіспен тұтас бақылау жүргізіледі.



12-параграф. Ақауларды түзету
274. Дайындау, монтаждау кезінде немесе сынау кезінде анықталған шексіз ақауларды түзетілген учаскелерді кезекті бақылап жойылады.

275. Қабаттардағы ақауларды жою іріктеу орындарында қалқыма өту жолдарын қамтамасыз ете отырып, механикалық тәсілмен жүргізіледі.

276. Қабаттардағы ақауларды көшіру орындарын қайнатпай, ең төменгі тереңдікте көшіру орындарында бөлшектің қабырғасының ең аз шекті қалыңдығын сақтаған жағдайда түзетуге болады.

277. Ішкі ақауларды немесе ақау учаскелерін жоюды механикалық тәсілмен жүргізген жөн. Құрылымдық құжаттамада көзделген жағдайларда техникалық кесу (жону) тәсілдерін қолдануға болады.

278. Кезекті термо өңдеуден (жергілікті немесе жалпы) кейін осы металл үшін егер ол дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамада қарастырылмаса, дәнекерлеу тәсілінің бірімен көшірмені қайнатуға болады.

279. Егер түзетілген учаскені бақылау кезінде ақаулар анықталатын болса, онда алғашқыдай дәл сол ретпен қайта түзетуге болады. Қайта түзетуден кейін ақаулар анықталған кезде ақауларды түзету мүмкіндігі мен тәсілі туралы мәселені ұйымның техникалық басшысы шешеді.

280. Құбырдың ақаулы дәнекерлеу қосқыштарын кескен және құбырды кесу түріндегі ендірмені кезекті дәнекерлеген жағдайда екі жаңадан жасалған дәнекерлеу қосқыштары түзетілген болып саналмайды. Дәнекерлеу жігі бойынша кесілетін қосқыштар жік металын термиялық әсер ету аймағынан жойып, қайта түзету деп саналмайды.

281. Дәнекерлеу қосқыштарының ақауларын түзету кезінде қайнатылатын көшірмелердің ең үлкен өлшемдері, оның ішінде негізгі металға кіретін көшірмелер құрылымдық құжаттамада анықталады.

282. Кейін қайнатпай қабаттардың ақауларын түзету учаскелері магнитті-ұнтақты немесе капилляр дефектоскопиямен немесе түйістіріп бақыланады.

283. Кезекті қайнатуды қолдана отырып, қабаттардың немесе ішкі ақаулардың түзетілген учаскелері ультрадыбыстық немесе радиографикалық бақылау әдістерімен тексеріледі, сондай-ақ магнитті-ұнтақты немесе капилляр бақылаумен тексеріледі. Көрсетілген бақылау құрылымдық құжаттамада белгіленген көлемде жүргізіледі.



13-параграф. Паспорт және таңбалау
284. Дайындаушы әрбір қазандықты, автономды бу жылытқышты және экономайзерді тапсырыс берушіге белгіленген нысандағы паспортпен (1-қосымша) бірге беріледі.

285. Жоғары температуралы органикалық жылу тасығышпен жұмыс істейтін қазандықтар нысан бойынша дайындалған паспортпен беріледі (1 а-қосымшасы).

286. Бұйым паспортына есептік қызмет мерзімі ішінде монтаждау және пайдалану кезінде металды жөндеуге және бақылауға қойылатын талаптарды қамтитын монтаждау және пайдалану жөніндегі құрылымдық құжаттама қоса беріледі. Паспортқа ЭЕМ дайындалған есептердің шығарылған түрін қоса беруге болады.

287. Барабандардың түптерінде немесе қазандықтардың корпустарында, коллекторларда мынадай деректер таңбамен жазылады:

1) дайындаушының атауы немесе тауарлық белгісі;

2) бұйымның зауыттық нөмірі;

3) дайындаған жылы;

4) есептік қысымы МПа (кгс/см2);

5) қабырғаның есептік температурасы °С және болаттың маркасы (бу жылытқыш коллекторларында ғана).

288. Көрсетілген деректерді орналастырудың нақты орындарын дайындаушы таңдайды және оларды монтаждау және пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықта көрсетеді.

289. Әрбір қазандыққа, бу жылытқышқа және экономайзерге соғу тәсілімен паспорттық деректері жазылған таңбасы бар зауыттың көрсеткіші бекітіледі. Соғу тәсіліне тең, айқын және ұзақ мерзімді бейнелерді қамтамасыз ететін механикалық, электро графикалық немесе электрохимиялық тәсілдермен таңбалауға болады.

290. Бу қазандығының көрсеткішінде мынадай деректер болады:

1) дайындаушың атауы, тауарлық белгісі;

2) МСТ 3619-89 бойынша қазандықтың белгіленуі;

3) дайындаушы кәсіпорынның нөмірлеу жүйесі бойынша қазандық нөмірі;

4) дайындаған жылы;

5) бастапқы өнімділігі т/сағ;

6) шығу жолындағы жұмыс қысымы МПа (кгс/см2);

7) шығу жолындағы будың бастапқы температурасы °С.

291. Су жылыту қазандығының көрсеткішінде мынадай деректер болады:

1) дайындаушы кәсіпорынның атауы, тауарлық белгісі;

2) МСТ 21563-82 бойынша қазандықтың белгіленуі;

3) дайындаушы кәсіпорынның нөмірлеу жүйесі бойынша қазандық нөмірі;

4) дайындаған жылы;

5) бастапқы жылу өткізгіштігі, ГДж/сағ (Гкал/сағ);

6) шығу жолындағы жұмыс қысымы, Мпа (кгс/см2);

7) шығу жолындағы судың бастапқы қысымы, °С.

292. Автономды бу жылыту көрсеткішінде мынадай деректер болады:

1) дайындаушының атауы, тауарлық белгісі;

2) дайындаушы кәсіпорынның нөмірлеу жүйесі бойынша қазандық нөмірі;

3) дайындаған жылы;

4) бастапқы бу өнімділігі, т/сағ;

5) шығу жолындағы жұмыс қысымы, Мпа (кгс/см2);

6) шығу жолындағы будың температурасы, °С.

293. Автономды экономайзер көрсеткішінде мынадай деректер болады:

1) дайындаушының атауы, тауарлық белгісі;

2) дайындаушы кәсіпорынның нөмірлеу жүйесі бойынша экономайзер нөмірі;

3) шығарылған жылы;

4) судың бастапқы шығыны, т/сағ;

5) шығу жолындағы жұмыс қысымы, Мпа (кгс/см2);

6) шығу жолындағы судың температурасы, °С.

5-тарау. Арматура, аспаптар және қоректендіру құрылғылары

1-параграф. Жалпы ережелер
294. Жұмысты басқару, қауіпсіз жағдайларды және қазандықтарды пайдаланудың есептік режимін қамтамасыз ету үшін:

1) қысымның артуынан сақтандыратын құрылғылармен (сақтандыру құрылғыларымен);

2) су деңгейін көрсеткіштермен;

3) манометрмен;

4) ортаның температурасын өлшеуге арналған аспаптармен;

5) тиек және реттеу арматурасымен;

6) қауіпсіздік аспаптармен;

7) қорек құрылғылармен жарақталады.

295. Қазандық жобасында режимді реттеуді, өлшемдерді бақылауды, қазандықты ажыратуды, сенімді пайдалануды, қауіпсіз қызмет көрсетуді, жөндеуді қамтамасыз ету үшін қажетті арматура, өлшеу құралдары, автоматика және қорғағыш саны қарастырылады.

2-параграф. Сақтандыру құрылғылары
296. Ішкі көлемі тиек органдарымен шектелген қазандықтың әрбір элементі қысымды шекті мөлшерден артуынан сақтандыратын, атмосфераға немесе пайдаға асыру жүйесіне жұмыс ортасын шығару арқылы автоматты сақтандыру құрылғыларымен қорғалады.

297. Қазандықты жағу немесе тоқтату кезінде алғашқы қыздыру қабаты (судың ағуы бойынша) тікелей ағысты бу қазандықтарында қыздыру қабатының қалған бөлігінен тиек органдарымен ажыратылады, бірінші бөлік үшін сақтандыру клапандарын орнату қажеттілігін, саны мен мөлшерін қазандықты дайындаушы анықтайды.

298. Сақтандыру құрылғылары ретінде:

1) тікелей әсер ететін рычаг жүк сақтандыру клапандарын;

2) тікелей әсер ететін серіппелі сақтандыру клапандарын;

3) импульстік сақтандыру құрылғыларын (бұдан әрі-ИСҚ) қолдануға болады.

299. Қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) астам бу қазандықтарында (жылжымалы қазандықтардан басқа) тек импульстік сақтандыру клапандары орнатылады, жылжымалы қазандықтарда серіппелі сақтандыру клапандары орнатылады.

300. Рычагты-жүк және серіппелі клапандардың диаметрі кемінде 20 мм қарастырылады. Қос клапанды орнату кезінде өнімділігі 0,2 т/сағ дейін және қысымы 0,8 МПа (8 кгс/см2) дейін клапандардың шартты өту жолын қысқартуға болады.

301. Әрбір бу және су жылыту қазандығында және жұмыс ортасында ажыратылатын бу жылытқышта кемінде екі сақтандыру құрылғылары орнатылады. Автоматты құрылғылармен жабдықталған камералық отын жағатын су жылыту қазандығында сақтандыру клапандары мен ИСҚ осы Талаптың 425-т сәйкес орнату қажет емес.

302. Импульстік клапанды ИСҚ бас сақтандыру клапанымен қосатын құбырлардың шартты өту жолы өткізу қабілетінің есебімен анықталады, бірақ кемінде 15 мм болады.

303. Бу қазандығында орнатылатын сақтандыру құрылғыларының жиынтық өткізу қабілеті қазандықтың бастапқы сағаттық бу өткізгіштігінен кем емес қарастырылады.

304. Бу және су қазандықтарының сақтандыру құрылғыларының өткізу қабілетінің есебі МСТ 24570-81 сәйкес жүргізіледі.

305. Сақтандыру клапандарының өткізу қабілеті осы құрылым клапанының басты үлгісіне клапандарды дайындаушы жүргізген тиісті сынақпен расталады және клапанның паспортында көрсетіледі.

306. Сақтандыру клапандары:

1) бу жылытқышсыз табиғи циркуляциясы бар бу қазандықтарында-жоғарғы барабанында немесе құрғақ буландырғышта;

2) тікелей ағынды бу қазандықтарында, мәжбүрлі циркуляциясы бар қазандықтарда-шығу жолындағы коллекторларда немесе шығу жолындағы бу өткізгіште;

3) су жылыту қазандықтарында-шығатын коллекторларда немесе барабанда;

4) аралық бу жылытқыштарда барлық сақтандыру құрылғыларын орнатуға болады-бу кіретін жақтан;

5) суда ажыратылатын экономайзерлерде-судың кіретін және шығатын жолында кемінде бір сақтандыру құрылғысынан орнатылады.

307. Қазандықта ажыратылмайтын бу жылытқыш болған жағдайда өткізу қабілеттілігі барлық клапандардың жиынтық өткізгіш қабілеттілігінен кемінде 50 % болатын сақтандыру клапандарының бөлігі бу жылытқыштың шығатын коллекторында орнатылады.

308. Жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) астам бу қазандықтарында импульстік сақтандыру клапандары (тікелей әсер ететін) ажыратылмайтын бу жылытқыштың шығатын коллекторында немесе басты тиек кранына дейін бу өткізгіште орнатылады, бұл ретте барабан қазандықтарында жиынтық өткізу қабілеттілігі бойынша 50 % клапандар үшін импульстерге бу алу қазандық барабанынан жүргізіледі.

309. Блок қондырғыларында турбиналарда тікелей бу өткізгіште клапандарды орнатқан жағдайда барлық клапан импульс клапандары үшін қыздырылған буды пайдалануға болады, бұл ретте 50 % клапандар үшін қазандық барабанына қосылған байланыстырушы манометрден қосымша электрлік импульс беріледі.

310. Турбинаның жоғары қысымды цилиндрінен кейін (бұдан әрі-ЖҰЦ) буды аралық қыздыратын энергетикалық блоктарда өткізу қабілеті аралық бу жылытқышқа келіп түсетін будың ең көп мөлшерінен кем емес сақтандыру клапандары орнатылады. ЖҰЦ ажыратқыш арматура болған жағдайда қосымша сақтандыру клапандары орнатылады. Бұл клапандар аралық бу жылытқыштар жүйесін аралық қыздыру жүйесіне өту жолында сақтандыру клапандарымен және бу температурасын реттейтін жоғары қысымды бу және газ буы жылу алмасу аппаратының құбырлары зақымданған кезде ықтимал будың ағуынан қорғалмаған жоғары қысымнан артық көздермен байланыстырушы құбырлардың жиынтық өткізу қабілетіне есептелген.

311. Ажыратылатын экономайзерлер үшін сақтандыру клапандарын орнату орындары, оларды реттеу әдісі мен ашу қысымының мәні экономайзер төлқұжатында дайындаушы кәсіпорынмен көрсетіледі.

312. Ажыратылатын экономайзерлер үшін сақтандыру клапандарын орнату орындарын, оларды реттеу әдістемесі мен ашу қысымының мәнін дайындаушы қазандықты монтаждау және пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықта көрсетеді. Салқын өнеркәсіптік қыздыратын бу өткізгіштерде орнатылған сақтандыру клапандарының басын анықтау үшін есептік қысым үшін өнеркәсіптік қыздыратын жүйесінің төменгі температуралы элементтері үшін ең төменгі есептік қысым қабылданады.

313. Сақтандыру клапандары қазандықтарды, бу жылытқыштарды және экономайзерлерді оларда 10 % есептік (рұқсат етілген) қысымнан артуынан қорғау үшін қарастырылады. Сақтандыру клапандары толықтай ашық тұрған кезде қысымның есептік қысымнан 10 % жоғары қазандықтың, бу жылытқыштың және экономайзердің төзімділігіне есебімен қарастырылған жағдайда ғана арттыруға болады.

314. Сақтандыру құрылғысын қорғағыш элементпен қосатын келте құбырдан немесе құбыр өткізгіштен ортаны алуға болмайды.

315. Сақтандыру құрылғылары қорғалған элементке тікелей қосылған келте құбырларға немесе құбыр өткізгіштерге немесе өткізуші құбыр өткізгішке орнатылады, оның кедергісі клапанды ашу қысымының мәнінен 3 % жоғары емес орнатылады.

316. Тиек органдарын буды клапандарға бұру жолында және импульстік сақтандыру құрылғыларының импульстік және басты клапандарының арасындағы құбыр өткізгіштерге орнатуға болмайды.

317. Жүк немесе серіппелі клапанның құрылымы қазандықты мәжбүрлі түрде ашу арқылы оның жұмыс істеп тұрған кезінде клапанның жұмыс істеу күйін тексеру үшін құрылғы қарастырылады. ИСҚ басқару қалқанынан қашықтықтан клапанды мәжбүрлі түрде ашуға мүмкіндік беретін құрылғымен жабдықталады.

318. Серіппелі клапандардың құрылымы серіппені белгіленген шамадан жоғары керу мүмкіндігін болдырмауды және шығатын бу ағының тікелей әсерінен қорғауды қарастырады.

319. Сақтандыру клапандарының құрылғысы клапан жұмыс істеп тұрған кезде персоналды күйіктен сақтандыратын құбырларды бөлуді қарастырады. Бұл құбырлар олардың ішінде жиналған конденсатты құю үшін дренажбен жабдықталады және қатып қалудан сақтандырылады. Тиек құрылғыларын дренаждарға орнатуға болмайды.

320. Су жылыту қазандығының, экономайзердің сақтандыру клапандарынан су бөлу құбыры суды еркін түрде құю желісіне қосылады, құю желісінің үстінен де, астынан да ешқандай тиек органдарын орнатуға болмайды; су бөлу құбыры мен еркін түрде құю желісінің құрылғысы адамдардың күйік алу мүмкіндігін болдырмайды.

321. Сақтандыру клапаны тапсырыс берушіге оның өткізу қабілетінің сипатын қамтитын паспортпен беріледі.



3-параграф. Су деңгейін көрсеткіштер
322. Тікелей ағыннан басқа, әрбір бу қазандығында тікелей әсер ететін кемінде екі су деңгейін көрсеткіш орнатылады. Көшірме ретінде тікелей әсер етпейтін көрсеткіштерді қосымша орнатуға болады. Қазандықтардағы судың деңгейін көрсеткіштерді орнату саны мен орындары, оның ішінде барабандарда сатылы түрде буландырып немесе сепараторды шығарып жүргізуді қазандықты жобалаушы ұйым анықтайды.

323. Әрбір су деңгейін көрсеткіштер қазандық барабанына өздігінен қосуды қарастырады. Екі су деңгейін көрсеткішті диаметрі кемінде 70 мм қосатын құбырға (бағанға) орнатуға болады.

324. Су деңгейін көрсеткіштерді ұзындығы 500 мм дейінгі құбырлардың көмегімен қосу кезінде олардың ішкі диаметрі кемінде 25 мм құрайды, ал ұзындығы 500 мм астам болғанда-кемінде 50 мм. Оларға шекті деңгей дабылдарынан басқа, аралық фланецтер мен тиек органдарын орнатуға болмайды.

325. Тікелей әсер ететін деңгей көрсеткішке және оның қосылатын құбырларына немесе штуцерлерге, егер су деңгейін көрсеткіштің жұмысы бұзылмайтын болса, судың шекті деңгейі дабылының датчигінен басқа, басқа аспаптарды қосуға болмайды.

326. Су деңгейін көрсеткіштерді қазандықтармен қосатын конфигурация олардың ішінде су қапшықтарын түзілуін болдырмайды және құбырларды тазарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қосатын құбырларды отын жағу өнімімен жылытып қыздыруға және олардың қатуына жол берілмейді.

327. Тікелей әсер ететін бу қазандықтарының деңгейін көрсеткіштерде тек жайпақ мөлдір пластиналар ғана қолданылады. Бұл ретте жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) дейін қазандықтар үшін рифлен пластиналарын және екі жағынан тегіс қабаты бар пластиналарды қолдануға болады. Жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) астам қазандықтар үшін пластинаны судың немесе будың тікелей әсер етуінен қорғайтын пластинаны қорғайтын слюда төсемі бар тегіс пластиналар немесе слюда пластиналарының жиынтығы қолданылады. Егер байқау материалдары судың немесе будың әсерінен тиісті температура мен қысымда тотығудың әсер етуіне тұрақты болса, онда оларды слюдамен қорғамай-ақ қолдануға болады.

328. Тікелей әсер ететін су деңгейін көрсеткіштер тігінен немесе алдына қарай көлбеу бұрышы 30 градустан аспайтындай етіп орнатылады және судың деңгейі машинистің (оператордың) орнынан жақсылап көрінетіндей етіп орналастырылады.

329. Қысымы МПа (40 кгс/см2) астам қазандықтарда тікелей әсер ететін су деңгейін көрсеткіштер мөлдір пластиналар бұзылған кезде персоналды қорғауға арналған қабықтармен жарақталады.

330. Су деңгейін көрсеткіштің байқау орнының ені:

1) шынылы мөлдір пластиналарды пайдалану кезінде-8 мм;

2) слюда пластиналарын пайдалану кезінде-5 мм кем емес етіп қабылданады.

331. Су деңгейін көрсеткіштер оларды қазандықтан ажырату және үрлеу үшін тиек арматурасымен (крандармен немесе біліктермен) жарақталады.

332. Тиек арматурасында ашу және жабу бағыты айқын көрсетіледі (құйылады, ойып салынады немесе сырмен жазылады), ал кранда-сонымен қатар оның өту тесігінің күйі көрсетіледі. Тиек арматурасының өту жолының ішкі диаметрі кемінде 8 мм құрайды.

333. Су көрсеткіш аспаптарды үрлеу кезінде суды түсіру үшін қорғағыш бұйымы мен еркін түрде құю үшін бөлу құбыры бар құйғыштар қарастырылады.

334. Барабандағы қысым 4,5 МПа (45 кгс/см2) болғанда су деңгейін көрсеткіштер оларды қазандықтан ажырату үшін рет-ретімен орналастырылған екі тиек органымен жарақталады. Ортадағы жүрісі бойынша екінші тиек органы тез әсер ететін етіп қарастырылады.

335. Тиек органы ретінде жұмыс қысымы 1,3 МПа (13 кгс/см2) дейін қазандықтарда конустық сынамасы бар крандарды қолдануға болады.

336. Су жылыту қазандықтарында қазандық барабанының жоғарғы бөлігінде орнатылған сынама кран, ал барабан болмаған жағдайда тиек құрылғысына дейін қазандықтан магистралдық құбырға судың шығу жолында қарастырылады.

337. Су деңгейін көрсеткіштің мөлдір элементінің биіктігі су деңгейін өлшейтін шекті рұқсат етілген шегінен әр жағынан кемінде 25 мм жоғары орнатылады. Тікелей әсер ететін және тікелей әсер етпейтін әрбір көрсеткіште шекті жоғарғы және төменгі су деңгейі көрсетіледі.

338. Бірнеше жеке су көрсеткіштері пластиналарынан тұратын су деңгейін көрсеткіштерді орнату кезінде соңғылары қазандықтағы судың деңгейін үздіксіз көрсетуін қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылады.

339. Бу қазандығындағы су деңгейін бақылау жүргізілетін алаңнан бастап тікелей әсер ететін су деңгейін көрсеткіштерге дейінгі қашықтық 6 м астам болса, сондай-ақ аспаптар нашар көрінетін жағдайда екі төмендетілген деңгейі қашықтықтан көрсету орнатылады. Бұл ретте қазандықтың барабандарында тікелей әсер ететін бір су деңгейін көрсеткішті орнатуға болады.

340. Төмендетілген қашықтан деңгейді көрсеткіштер жоғары су деңгейін көрсеткіштерге қарамастан, жеке штуцерлерде барабанға қосылады және бәсеңдету құрылғыларымен жарақталады.

4-параграф. Манометрлер
341. Әрбір бу қазандығында будың қысымын көрсететін манометр орнатылады. Бу өнімділігі 10 т/сағ астам бу қазандықтарында және жылу өнімділігі 21 ГДж/сағ (5 Гкал/сағ) астам су жылыту қазандықтарында тіркейтін манометрді орнату міндетті.

342. Манометр қазандық барабанына орнатылады, ал қазандықта бу қыздырғыш болған кезде және бу қыздырғышының артынан басты ысырмаға дейін орнатылады. Тікелей ағысты қазандықтарда манометр тиек органының алдында қыздырғыштан кейін орнатылады.

343. Паровоз, локомобиль, ыстық құбырлы қазандықтар мен тігінен орналасатын түрдегі қазандықтардың бу қыздырғыштарында манометр орнату міндетті емес.

344. Әрбір бу қазандығында манометр қазандықтың сумен қоректенуін реттейтін органның алдынан қорек желісіне орнатылады. Егер қазандық жағатын орында әр қайсысының бу өнімділігі 2,5 т/сағ кем бірнеше қазандық орнатылған болса, онда жалпы қорек желісінде бір манометр орнатуға болады.

345. Су өткізу желісін пайдалану кезінде екінші қорек сорғысының орнына осы су өткізу желісіндегі қазандыққа тікелей жақын жерде манометр орнатылады.

346. Ажыратылатын су экономайзерінде манометрлер тиек органына және сақтандыру клапанына дейін, судың шығу жолында тиек органына және сақтандыру клапанына дейін орнатылады. Жалпы қорек желілерінде экономайзерлерге дейін манометрлер болған жағдайда оларды әр экономайзерге өту жолында орнату міндетті емес.

347. Су жылыту қазандықтарында манометрлер судың қазандыққа өту жолында және жылытылған судың қазандықтан тиек органына шығу жолында, айналдыру сорғысының сору және айдау желілерінде биіктігі бойынша бір деңгейде орналастыра отырып, сондай-ақ қазандықты қоректендіру желілерінде орнатылады.

348. Манометрлердің дәлдік класы:

1) жұмыс қысымы 2,5 МПа (25 кгс/см2) дейін болғанда-2,5;

2) жұмыс қысымы 2,5 астам 14 МПа (25-140 кгс/см2 дейін) болғанда-1,5;

3) жұмыс қысымы 14 Мпа (140 кгс/см2) астам болғанда-1,0 төмен емес.

349. Манометр шкаласы тілшенің жұмыс қысымында манометр шкаланың ортасынан жоғары болатындай негізде алынады.

350. Манометр шкаласына сұйықтықтың бағанының салмағынан қосымша қысымды ескере отырып, осы элемент үшін тиісті шекті қысымды бөлу деңгейінде қызыл сызық көрсетіледі. Қызыл сызықтың орнына манометр корпусына қызыл түске боялған және манометр шынысына тығыз орнатылған металл пластинканы бекітуге болады.

351. Манометр оның көрсеткіштері қызмет көрсетуші персоналға анық көрінетіндей етіп орнатылады, бұл ретте оның шкаласын тігінен немесе көрсеткіштердің жақсылап көрінуі үшін 30 градусқа дейін алдына қарай көлбеу орнату қажет.

352. Манометрді бақылау алаңының деңгейінен 2 м дейін биіктікте орнатылған манометрлердің бастапқы диаметрі кемінде 100 мм, 2 м 3 м дейін биіктікте-кемінде 150 мм, 3 м 5 м дейін биіктікте кемінде 250 мм құрайды. Манометрді көшірме ретінде 5 м астам биіктікте орнату кезінде төмендетілген манометр орнатылады.

353. Әрбір манометрдің алдынан үш жүрісті кран немесе манометрді үрлеу, тексеру және ажырату үшін басқа да осыған ұқсас құрылғы орнатылады.

Көрсетілгеннен басқа, будың қысымын өлшеуге арналған манометрдің алдынан диаметрі кемінде 10 мм сифон құбыры орнатылады.

354. Қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) және жоғары қазандықтарда үш жүрісті кранның орнына манометрді қазандықтан ажыратуға, оны атмосферамен хабарлауға және сифон құбырын үрлеуге мүмкіндік беретін вентилдер орнатылады.

355. Мынадай жағдайларда:

1) егер манометрде тексеріс жүргізілгені туралы пломба немесе белгі болмаса;

2) егер манометрді тексеру мерзімі өтіп кеткен болса;

3) егер манометрді ажыратқан кезде оның тілшесі осы манометр үшін шкаладағы шекті қателіктің жартысынан артық болатын мәнге нөлдік белгіге қайта жүрмесе;

4) егер шыны сынған болса немесе манометрдің көрсеткіштерінің дұрыс көрінуі үшін басқа да ақаулар болса манометрлерді пайдалануға болмайды.

5-параграф. Температураны өлшеуге арналған аспаптар
356. Бу жылытқышы бар қазандықтарда, басты ысырмаға дейінгі әрбір бу өткізгіште қызған будың температурасын өлшеуге арналған аспап орнатылады. Буды аралық қыздыру қазандықтарында температураны өлшеуге арналған аспаптар будың өту және шығу жоларында орнатылады.

357. Бу өнімділігі 20 т/сағ, астам бу қыздыратын табиғи циркуляциясы бар қазандықтарда, бу өнімділігі 1 т/сағ астам тікелей ағысты қазандықтарда көрсететін аспаптардан басқа, қызған будың температурасын үздіксіз тіркейтін аспаптар орнатылады.

358. Бірнеше параллель секциялары бар бу қыздырғыштарда қызған будың жалпы бу өткізгішінде орнатылатын бу температурасын өлшеуге арналған аспаптардан басқа әрбір секциядан шығатын температурасын мерзімді өлшеу аспабы, бу температурасы 500ºС астам қазандықтар үшін бу жылытқыштың айқастырмасының шығатын бөлігінде газ жүру жолы енінің әрбір метріне бір термо жұптан (датчиктен) орнатылады.

359. Бу өнімділігі 400 т/сағ астам қазандықтар үшін бу қыздырғыштардың айқастырмаларының шығу жолындағы бу температурасын өлшеу үшін тіркейтін құрылғылармен үздіксіз жұмыс істейтін аспаптар орнатылады.

360. Қазандықта бу салқындатқыш болған жағдайда бу салқындатуға дейін және одан кейін буды қыздыру температурасын реттеу үшін бу температурасын өлшеуге арналған аспаптар орнатылады.

361. Экономайзерге судың өту жолында, одан шығу жолында және экономайзерсіз бу қазандықтарының қорек құбырларында қорек суының температурасын өлшеуге арналған аспап орнатылады.

362. Су жылыту қазандықтары үшін су температурасын өлшеуге арналған аспаптар судың кіру және шығу жолында орнатылады.

363. Жылу өнімділігі 4,19 ГДж/сағ (1 Гкал/сағ) астам қазандықтар үшін қазандықтан шығу жолында температураны өлшеу үшін тіркеу аспабы орнатылады.

364. Ыстық судың шекті температурасы термометр шкаласында қызыл сызықпен белгіленеді.

365. Отын өткізгіште сұйық отынмен қазандықтар жұмыс істеген кезде қазандыққа тікелей жақын жерде форсункалар алдынан отын температурасын өлшеуге арналған термометр орнатылады. Қазандықты басқару қалқанында екінші аспапты орнатып, температураны қашықтықтан басқаруға болады.

366. Металл температурасын бақылау және қазандықты жағу, тоқтау және маневрлік режим кезінде оның шекті мәнінің артуынан алдын алу үшін оның элементтерінің: барабандардың, құбыр торлардың және басқасының температурасын өлшеуге арналған аспаптарды орнату қарастырылады. Аспаптарды орнату қажеттілігін, олардың саны мен орналасу орнын қазандықты жобалаушы ұйым анықтайды.

6-параграф. Тиек және реттеу арматурасы
367. Қазандықта немесе оның құбыр жолдарында орнатылатын арматура корпусында айқын таңбамен жарақталады, онда мыналар көрсетіледі:

1) дайындаушының атауы мен тауарлық белгісі;

2) шартты өту жолы;

3) шартты қысымы мен ортаның температурасы;

4) орта ағынының бағыты.

368. Арматураны дайындау кезінде шартты қысымның орнына жұмыс қысымын көрсетуге болады.

369. Арматураның 50 мм және одан астам шартты белгісімен сәйкестігі белгіленген үлгідегі паспортпен расталады, онда химиялық құрамы, металдың механикалық қасиеті, термиялық өңдеу режимі және өткізілуі құрылымдық құжаттамада қарастырылған бұзбай бақылау бойынша деректер көрсетіледі. Бұл деректер арматураның негізгі бөлшектеріне: корпусына, төбесіне, шпинделіне, ысырмасына және бекіткішіне жатады.

370. Арматура маховиктерінде арматураны ашу және жабу кезіндегі айналдыру бағыты көрсетіледі.

371. Арматураның түрін, оның саны мен орнату орнын жобада қарастырылған қазандықты және оның элементтерін ажырату сенімділігін қамтамасыз ету негізінде қазандықты жобалаушы ұйым таңдайды.

372. Тиек органын қазандықтан шығу жолында оны қазандықтың жинақтаушы бу өткізгішімен қосатын жерге дейін орнату міндетті. Қазандықтан шығу жолындағы энергоблоктарда егер олардың қажеттілігі жағу және тоқтату сызбасымен көрсетілмесе, тиек органдарын орнату міндетті емес.

373. Энергоблоктар үшін қыздырғыштан кейін жоғары қысымды тиек органы және оның байпасы болмаған жағдайда қазандықтың алдынан тиек органын міндетті емес.

374. Ауыз судың қазандыққа өту жолында қазандықтан судың шығуын болдырмайтын кері клапан және тиек кран орнатылады. Егер қазандықта судың ажырамайтын экономайзері болған болса, онда кері клапан мен тиек органы экономайзерге дейін орнатылады. Ажыратылатын су экономайзерінде кері клапан мен тиек краны экономайзерден кейін орнатылады.

375. Су жылыту қазандықтарында қазандыққа өту жолында және қазандықтан шығу жолында тиек органы бойынша орнатылады.

376. Қысымы 0,8 МПа (8 кгс/см2) қазандықтарда әрбір үрлеу, дренаж құбырларында, су (бу) сынамасын алу құбырында кемінде екі тиек органы немесе бір тиек және бір реттегіш орган орнатылады. Қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) астам қазандықтарда осы құбырларда сонымен қатар дроссель шайбаларын орнатуға болады. Бу қыздырғыш камераларын үрлеу үшін бір тиек органын орнатуға болады.

377. Үрлеу құбырлары мен оларға орнатылған арматураның шартты өту жолы қысымы 14 МПа (140 кгс/см2) дейін қысымды қазандықтар үшін кемінде 20 мм және қысымы 14 МПа (140 кгс/см2) және одан астам қазандықтар үшін кемінде 10 мм құрайды.

378. Ортаны қазандықтан жинау багына (сепараторға, кеңейткішке) қазандықтағыдан қарағанда төменгі қысыммен бөлу кезінде жинау багы қысымның есептік қысымнан жоғары артуынан қорғағышпен жабдықталады. Арматураны, бақылау-өлшеу аспаптарын, сақтандыру құрылғыларын қорғау тәсілін, санын және орнату орнын таңдауды жобалау ұйымы анықтайды.

379. Қазандықтардың, бу қыздырғыштардың және экономайзерлердің барлық құбыр жолдарында арматураны қосу жапсарлас дәнекерлеу немесе фланецтердің көмегімен орындалады. Бу өнімділігі 1 т/сағ аспайтын қазандықтарда шартты өту жолы 25 мм аспаса және қаныққан будың жұмыс қысымы 0,8 МПа (8 кгс/см2) аспаса, бұрандада арматураны қосуға болады.

380. Арматураны қазандыққа мүмкіндігінше жақын етіп, оны басқару біршама ыңғайлы болатындай етіп орнатуға болады.

381. Бу өнімділігі 4 т/сағ астам бу қазандықтарының басты бу-тиек органдары басқаруды қазандық машинисінің жұмыс орнына шығаратын қашықтық жетегімен жабдықталады.

382. Әрбір қазандықтың қорек желілерінде реттеу арматурасы орнатылады. Қазандықты қоректендіруді автоматты реттеу кезінде қазандық машинисінің жұмыс орнынан реттейтін қорек арматурасын басқару үшін қашықтық жетегі қарастырылады.

383. Бу өнімділігі 2,5 т/сағ және одан төмен бу қазандықтарында сорғыны қосып және ажыратып, су деңгейін автоматты позициялы реттеу кезінде қорек желісінде реттеу арматурасын орнату міндетті емес.

384. Ортақ сору және айдау құбыры бірнеше қорек сорғысын орнату кезінде әрбір сорғыда сору жағынан және айдау жағынан тиек органы орнатылады. Тиек органына дейін әрбір орталықтан тебу сорғысының айдайтын жағынан кері клапан орнатылады.



жүктеу 7,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау