8-параграф. Қисық сызықты элементтер
60. Штамп дәнекерлеуші иіндерді жіктердің тұтас ұзындығы бойымен радиографикалық немесе ультрадыбыстық бақылау жүргізілген жағдайда бір көлденең дәнекерлеу жігімен немесе диаметрлік орналасқан бір немесе екі бойлық дәнекерлеу жігімен қолдануға болады.
61. Иіннің ішкі және сыртқы жақтарындағы қабырғаның қалыңдығы, көлденең қиманың сүйірлігі бұйымның құрылымдық құжаттамасында белгіленген шекті мәннен шықпайды.
62. Иіннің ішкі жағында қатпар (гофр) есебінен қисықтық пайда болатын иіндерді пайдалануға болмайды.
63. Жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) аспаған кезде, секторлардың көлденең қималарының арасындағы бұрыш 22° 30' аспаған және иіннің ішкі жағында көршілес дәнекерлеу жіктері арасындағы қашықтық осы жіктерді сыртқы жағынан екі жағынан да бақылауды қамтамасыз еткен жағдайда секторлық иіндерді пайдалануға болады.
9-параграф. Жаншып үгітетін қосқыштар
64. Қол немесе механикалық жаншып үгітуді пайдалана отырып, жаншып үгітетін құбырдың ішінен жарғышты пайдалана отырып, орындалған жаншып үгітетін қосқыштарды пайдалану кезінде, жаншып үгіту орнындағы құбыр қабырғасының температурасы 400°C аспаған жағдайда сыртқы диаметрі 102 мм аспайтын құбырлар үшін пайдаланылады.
65. Жаншып үгітетін қосқыштарды пайдалану кезінде жиектеменің немесе құбыр торының қабырғасының бастапқы қалыңдығы кемінде 13 мм қабылданады.
66. Жаншып үгітетін қосқыштардың құрылымы (бір немесе бірнеше орлармен өткізу немесе өткізбей, қоңыраумен жиектеп немесе онсыз) төзімділікке арналған есеппен негізделеді.
67. Тесіктің шекті сүйір бұрышы, құбырдың шығыңқы бөлігінің биіктігі немесе терең орналастыру биіктігі, қоңырауды жиектеу бұрышы бұйымға арналған құрылымдық құжаттамаға сәйкес қабылданады.
68. Қоңырау жиегіндегі сызаттар мен үзіктер болмауы қажет және жиектеме бұрышының бір жағына қарай 10° астам сырғуына жол берілмейді.
10-параграф. Үрлеу, босату және дренаж жүйесі
69. Әр қазандықта:
1) ауыз су және желі суын өткізу;
2) қазандықты үрлеу және қазандық тоқтаған кезде суды түсіру;
3) қазандықты сумен толтыру және жағу кезінде одан ауа шығару;
4) бу жылытқыштар мен бу өткізгішті үрлеу;
5) су және бу сынамасын алу;
6) қазандықты химиялық тазарту кезінде жуатын реагенттерді пайдалану барысында қазандық суына түзетуші реагенттерді қосу;
7) жағу және тоқтату кезінде суды немесе буды бөлу;
8) жаққан кезде барабандарды қыздыру құбырлары болады.
Көрсетілген құбырларды бірге пайдалануды немесе олардың болмауын жобалау ұйымы көрсетеді.
70. Қазандық элементтеріне үрлеу, түсіру, дренаж және әуе құбырларын қосу саны мен нүктелерін қазандықты жобалаушы ұйым қазандықтың төменгі және жоғарғы бөліктерінен суды, конденсатты және жауын-шашынды, ауаны жоюды қамтамасыз ететіндей етіп алады. Өздігінен ағудың есебінен жұмыс ортасынан жою қамтамасыз етілмеген жағдайда бумен, сығылған ауамен, азотпен немесе басқа да тәсілдермен үрлеп мәжбүрлі түрде жою қарастырылады.
71. Үрлеу құбыры суды қысымсыз жұмыс істейтін сыйымдылыққа бұрады. Сыйымдылық пен қазандықтың үрленетін элементі арасындағы қысым кемінде он есеге дейін төмендеген жағдайда қысыммен жұмыс істейтін сыйымдылықтарды пайдалануға болады.
72. Тиек органдарымен ажыратылуы мүмкін бу өткізгіштің барлық учаскесінде конденсатты бұруды қамтамасыз ететін дренаждар орнатылады.
73. Белгілі бір жабдық бойынша құрылымдық және жобалау ұйымы пайдаланатын үрлеу, босату дренаж және реагент енгізу жүйесінің құрылымдық және құрамдас шешімдері авариялық режимді қоса алғанда, барлық режимде қазандықты сенімді пайдалануды, тоқтап тұрған кезде консервациялауды қамтамасыз етеді.
11-параграф. Жанарғы құрылғылары
74. Жанарғы құрылғылары қазандықтарды қауіпсіз және үнемді пайдалануды қамтамасыз етеді.
75. Жанарғы құрылғылары құрылымдық құжаттамаға сәйкес дайындалады. Нормативтік техникалық құжаттамада қауіпсіздік талаптары, пайдалану және жөндеу жөніндегі нұсқаулар белгіленеді.
76. Жанарғы құрылғылары дайындаушының паспортымен жарақталады, онда негізгі мәліметтер (дайындаушының атауы мен мекенжайы, зауыт нөмірі, дайындаған күні, құрылымдық шешімдер, негізгі өлшемдер, жұмыс ортасының өлшемдері, реттеу диапазонының түрі, қуаты, негізгі техникалық сипаттамалар және басқалары) көрсетіледі. Паспорттың нысанын дайындаушы белгілейді. Барлық жанарғы құрылғылары белгіленген тәртіпте тиісті сынақтан (қабылдау-тапсыру, сертификаттау, аттестаттау) өтеді.
77. Қазандық:
1) негізгі және резервтік форсун кешенімен жарақталады. Жағу үшін сұйық отынды пайдаланатын тозаң, көмір қазандықтарының жанарғыларындағы форсундар мен резервтік форсундардың саны жобамен анықталады;
2) жанатын және негізгі алауды бақылайтын тұтандырғыш-қорғағыш құрылғылармен (бұдан әрі-ТҚҚ) жарақталады. ТҚҚ және алауды бақылау құралдарын орнату орындары жобамен анықталады;
3) жанарғыларды автоматты, қашықтықтан немесе қолмен басқаруды қамтамасыз ететін арматура жиынтығымен жарақталады.
Жылу электр станцияларының қазандықтары жобаға сәйкес жанарғы құрылғылармен жинақталады.
78. Бір дайындаушы әзірлеген және қазандықпен бірге жеткізілетін жанарғы құрылғылары осы қазандықтың құрамында (қазандықтардың сынақтарымен бірге қазандықтардың негізгі үлгілерінде) қабылдау сынағынан өтеді.
79. Өнеркәсіптік бу және су жылыту қазандықтары үшін табиғи қабырғаға жақын орналасқан жағдайда стенділерде жылу қуаты 3 МВт дейін жанарғы құрылғыларының сынағын өткізуге болады.
80. Жанарғы құрылғылары жұмыс режимінің белгіленген диапазонында жалынды үзбей және секіртпесіз отынды тұтатуды және тұрақты жағуды қамтамасыз етеді, сұйық отын тамшыларының еденге және оттықтың қабырғасына, көмір тозаңы сепарациясына (егер оттық көлемінде оны жағып аяқтау шаралары қолданылмаса) түсуін болдырмайды.
81. Жанарғылардың аэродинамикалық сипаты мен оларды оттық қабырғаларында орналастыру алауды қабырғаға қарай шашыратпай, онымен оттықты біркелкі толтыруды қамтамасыз етеді және оттық аймағында тұнба және нашар желдетілген аймақтардың түзілуін болдырмайды.
82. Тозаң, көмір жанарғыларының құрылғыларын жағу үшін жағу отыны ретінде отын мазуты немесе табиғи газ пайдаланылады.
Тұтану температурасы 61°С төмен емес сұйық отынның басқа да түрлерін қолдануға болады.
Отын ретінде тез тұтанғыш отынды қолдануға болмайды.
83. Мазут форсунының бөлу торабы (бастиегі) жоғары температуралы жану өнімі шарпымас үшін жанарғыда орналастыру қарастырылады.
84. Жанарғыға отын бөлу, реттеуші тиек және бөлгіш (сақтандыру) арматурасына қойылатын талаптар, қорғағыштар мен бұғаттағыштар тізбесі, отын дайындау мен беруге қойылатын талаптар әрбір отын түрі үшін жобалау құжаттамасында регламенттеледі.
85. Қазандықтардың аспалары қазандықтың қыздыру қабатының массасынан жүктемені қабылдайтын негізгі тасымал элементтер болып табылады. Пайдалану кезінде жүктеменің біркелкі бөлінуін және аспа жүйесі элементтерінің жай-күйін бақылау қажет. Монтаждаудан кейін және пайдалану кезінде аспаларды керу қазандықты дайындаушының нұсқауына сәйкес реттеледі.
3-тарау. Материалдар мен жартылай дайын өнімдер
1-параграф. Жалпы ережелер
86. Қазандықтарды және оның қысыммен жұмыс істейтін бөлшектерін дайындау, монтаждау және жөндеу үшін 2-қосымшаның 1-7-кестелерінде көрсетілген материалдар мен жартылай дайын өнімдер қолданылады.
87. Егер материалдардың қасиеті 1-7-кестелерде көрсетілген талаптардан төмен болмаса, онда 1-7-кестелерде көрсетілмеген материалдарды қолдануға болады.
88. 1-7-кестеде келтірілмеген материалдар мен жартылай дайын өнімдерді қолдану, оларды пайдалану шектерін кеңейту немесе сынақ және бақылау көлемін қысқарту осы тарауда және 1-7-кестеде көрсетілгендермен салыстырғанда алғашқы бақылаудың оң қорытындыларының негізінде жүзеге асырылады.
89. Материалдар мен жартылай дайын өнімдердің сапасы мен қасиеті туралы деректер жартылай дайын өнімді дайындаушының сертификатымен және тиісті таңбалаумен расталады. Сертификаттар (таңбалау) болмаған немесе толық болмаған кезде дайындаушы немесе қазандықты монтаждау мен жөндеуді жүргізетін ұйым қажетті сынақ өткізіп, нәтижесін хаттамамен рәсімдейді.
90. Климаты суық аудандарға жеткізілетін қазандықтар үшін материалдарды таңдау кезінде жұмыс өлшемдерінен басқа, пайдалану, монтаждау, тиеу-түсіру жұмыстары және сақтау кезінде төмен температураның әсер етуі ескеріледі.
2-параграф. Болаттан жасалған жартылай дайын өнімдер.
Жалпы талаптар
91. Жартылай дайын өнімдерді дайындаушы материалдың химиялық құрамын бақылауды орындайды. Сертификатқа жартылай дайын өнім үшін тікелей алынған химиялық талдау нәтижелері немесе оны дайындау үшін пайдаланатын өнімнің (құймадан басқа) сертификаты бойынша осыған ұқсас деректер енгізіледі.
Жартылай дайын өнімді дайындау үшін қолданылатын болаттарды бөлу, түрлері мен класына 3-қосымшада келтірілген.
92. Жартылай дайын өнімдер термиялық өңделген күйде жеткізіледі. Термиялық өңдеу режимі жартылай дайын өнімді дайындаушының сертификатында көрсетіледі.
93. Мынадай жағдайларда жартылай дайын өнімдерді термиялық өңдемей жіберуге болады:
1) егер металдың механикалық және технологиялық сипаты жартылай дайын өнімді дайындағаннан кейін (мысалы, жұқарту әдісімен) сақталса;
2) егер жабдықты дайындаушыда жартылай дайын өнім термиялық өңдеумен біріктірілген немесе кезекті термиялық өңдеп, ыстық күйінде пішін түзуге тартылады.
Бұл жағдайларда жартылай дайын өнімдерді жеткізуші термиялық өңделген үлгілерде қасиетін бақылайды. Басқа жағдайларда термиялық өңдеусіз жартылай дайын өнімдерді пайдалану шегі алғашқы бақылаумен расталады.
94. Жартылай дайын өнімдерді дайындаушы уақытша кедергіні, қалдық өзгеріс 0,2 немесе 1 % немесе физикалық ағу шегін, салыстырмалы ұзаруын және салыстырмалы тарылуын (егер сынақ цилиндрлік қалыптарда жүргізілсе) анықтай отырып, 20°C температурасында кермеге сынау арқылы металдың механикалық қасиетін бақылайды. Салыстырмалы тарылу мәнін анықтама деректері ретінде келтіруге болады. Салыстырмалы тарылу мәні нормаланған жағдайда салыстырмалы ұзындықты бақылау міндетті болып табылады.
95. Соққы тұтқырлығына табақ, құйма немесе құбыр қабырғасының қалыңдығы 12 мм және одан астам болса немесе шеңбер құйма диаметрі 16 мм және одан астам болғанда 2-қосымшаның 1-6-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес жартылай дайын өнімдер сыналады.
96. Құрылымдық ұйымның талабы бойынша соққы тұтқырлығына сынақ қабырға қалыңды 6-11 мм құбыр, табақ және құйма үшін жүргізіледі. Бұл талап құрылымдық құжаттамаға енгізіледі.
97. Температура 0°С төмен болғанда соққы тұтқырлығына сынауға ашық ауада, топырақта арналарда немесе металл температурасы 0°С болуы мүмкін жанбайтын орынжайларда, құрылымдық құжаттамада көрсетілген құрылымдық ұйымның талаптары бойынша басқа бөлшектерде төселген құбырлардың фланецті қосқыштары бөлшектерінің металы тартылады.
98. Соққы тұтқырлығына үлгілерде U (KCU) түріндегі концентратормен сынау температура 20°C болғанда, ал Талапта қарастырылған жағдайларда температураның біреуі 1-кестеде көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.
1-кесте
Металдың температурасы, °С
|
0-ден-20 дейін
|
-20 дан-40 дейін
|
-40тан-60 дейін
|
Сынау температурасы, °С
|
-20
|
-40
|
-60
|
99. Соққы тұтқырлығына үлгілерде V (KCV) түріндегі концентратормен сынау температура 20оС, 0оС және-20°С болғанда жүргізіледі.
100. Сынау температурасында соққы тұтқырлығының мәні мына мәннен төмен болмайды: KCU=30 Дж/см2 (3,0 кгс м/см2); KCV=25 Дж/см2 (2,5 кгс м/см2).
101. Соққы тұтқырлығын бағалау кезінде нормадан 10 Дж/см2 (1,0 кгс м/см2) аспайтын, бірақ жоғарыда көрсетілген мәндерден төмен емес жекелеген үлгілер үшін ең төменгі мәнге ауытқушылық жасап, үш сынақ нәтижесінен орташа арифметикалық мәні анықталады. KCU немесе KCV соққы тұтқырлығының өлшемдерін құрылымдық ұйым таңдайды және құрылымдық құжаттамада көрсетіледі.
102. Механикалық тозудан кейін соққы тұтқырлығына сынау үшін бөлшектерді дайындау кезінде кезекті өткізбей салқын түрде пішінін өзгертуге жататын және 200-350°С температурада жұмыс істеуге арналған көміртекті, қоспасы төмен марганцовкалы және кремний, марганцовкалы болаттан жасалған бекіткішке арналған болат материалы мен құйма тартылады. Соққы тұтқырлығының мәні бойынша нормалар механикалық тозудан кейін осы Талапқа сәйкес болуы қажет.
103. Температура жоғары болған жағдайда ағу шегінің нормативті мәні есептік температура 150°С жоғары болғанда жұмыс істейтін бөлшектерге арналған жартылай дайын өнімдердің құрылымдық құжаттамасында көрсетіледі: көміртекті, қоспасы төмен марганцовкалы және кремний, марганцовкалы болат үшін-400°С дейін, хром, молибден және хром, молибден, ванадий болат үшін-450°C дейін және жоғары хромды және аустенит болат үшін-525°С дейін. Құрылымдық құжаттама талаптары деңгейінде ағу шегінің мәнін ұстау өндіріс технологиясын сақтау және өнімді мерзімді бақылау арқылы қамтамасыз етіледі. Температура жоғары болғанда бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада қарастыратын, жаңа материалдарды игеру кезінде орындалатын керме бақылау сынағы жоғарыда көрсетілген диапазонда еселігі 10 немесе 25°С температураның бірінде келтіріледі. Бұл ретте қалдық өзгеріс 0,2 немесе 1 % болғанда шартты ағу шегі тапсыру сипаты ретінде нормаланады, ал уақытша кедергі, салыстырмалы тарылту немесе ұзарту анықтама деректері ретінде анықталады.
104. Талапта көрсетілген мәндерден жоғары есептік температурада жұмыс істеуге арналған жартылай дайын өнім материалдары құрылымдық құжаттамада көрсетілгеннен төмен болмайтын ұзақ мерзімді төзімділікке ие.
105. 104, 105 және 2*105 сағ ресурсқа ұзақ мерзімді төзімділік шегінің кепілдік берілетін мәні сынақ деректерінің статистикалық өңдеуімен және өнімді мерзімді бақылаумен негізделеді.
106. Механикалық сипаттың бақылау түрлерінің тізбесін жартылай дайын өнімді дайындаушы сипаттамасының нормаланған мәніне кепілдік берілген жағдайда 2-қосымшаның 1-7-кестесінде көрсетілгенмен салыстыра отырып қысқартуға болады. Кепілдік дайындаушының сертификат деректерін өңдеу әдісін, керме сынағын қоса алғанда,сынақ нәтижелерін пайдаланумен және өнімді мерзімді бақылаумен қамтамасыз етіледі, бұл құрылымдық құжаттамада көрініс табады.
3-параграф. Табақ болат
107. Әр түрлі маркалы табақ болаттарды қолдану шектері, міндетті сынақ және бақылау түрлері 2-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес алынады.
108. Жолаққа қойылатын талап табақ болат үшін белгіленгеннен төмен болмаған жағдайда бір маркалы болат жолақты қолдануға болады (2-қосымшаның 1-кестесі).
4-параграф. Болат құбырлар
109. Әр түрлі маркалы болаттан жасалған құбырларды қолдану шектері, міндетті сынақ және бақылау түрлері 2-қосымшаның 2 және 3-кестелеріне сәйкес алынады.
110. Жігі жоқ құбырлар жазылған, қапталған немесе орталықтан сыртқа тебуші өнімнен дайындалады.
111. Бойлық немесе спираль жігі бар электрлік дәнекерлеу құбырын тұтас ұзындығы бойымен дәнекерлеу жігін радиографикалық немесе ультрадыбыстық бақылаған жағдайда қолдануға болады.
112. Әрбір жігі жоқ немесе дәнекерлеу құбыры құрылымдық құжаттамада көрсетілген сынама қысыммен гидравликалық сыналады.
113. Мынадай жағдайларда жігі жоқ құбырларды гидравликалық сынақтан өткізбеуге болады:
1) егер құбырдың тұтас қабаты физикалық әдістермен (радиографикалық, ультрадыбыстық немесе осыларға теңдес) бақылауға алынса;
2) жұмыс қысымы 5 МПа (50 кгс/см2) және төмен құбырлар үшін егер құбыр дайындаушы оң гидравликалық сынақ нәтижесіне кепілдік берсе.
114. 150°C жоғары температурада кезекті термиялық өңдемей механикалық тозудан кейін соққы тұтқырлығына бақылаудан өтпеген материалдан жасалған экспандир құбырларды экспандирлеу кезінде пластикалық өзгеріс 3 % аспаған жағдайда тікелей учаскелер үшін пайдалануға болады.
5-параграф. Болат жабындар, штамптау және прокат
115. Әр түрлі маркалы болаттан жасалған жабындарды, штамптауды және прокатты қолдану шектері, міндетті сынақ және бақылау түрлері 2-қосымшаның 4-кестесіне сәйкес алынады.
116. Бөлшектерді салқын түрде механикалық өңдеу әдісімен дайындау үшін сыртқы диаметрі 80 мм дейін дөңгелек прокат қолдануға болады. Қабырға қалыңдығы 40 мм аспайтын және ұзындығы 200 мм дейін іші қуыс дөңгелек бөлшектер үшін сыртқы диаметрі 160 мм аспайтын дөңгелек прокатты пайдалануға болады. Прокатты дайындаушы (немесе қазандық дайындаушы) прокатты тұтас көлемі бойымен радиографикалық немесе ультрадыбыстық бақылаудан өткізеді.
117. Дайын бөлшектерде немесе алдын ала механикалық өңдеуден кейін радиографикалық немесе ультрадыбыстық бақылау жүргізуге болады.
6-параграф. Болат құймалар
118. Әр түрлі маркалы болаттан жасалған құймаларды қолдану шектері, міндетті сынақ және бақылау түрлері 2-қосымшаның 5-кестесіне сәйкес алынады.
119. Құйма қабырғаларының ең кішкентай қалыңдығы механикалық өңдеуден кейін есептік қалыңдықтан аз болмайды, бірақ кемінде 6 мм болады.
120. Құрамында 0,28 % аспайтын көміртегі бар көміртекті болаттан жасалған құймалар алдын ала қыздырмай-ақ дәнекерленеді.
121. Әрбір іші қуыс құйма құрылымдық құжаттамада көрсетілген сынама қысыммен гидравликалық сынақтан өтеді.
122. Дайындаушы ұйымда радиографикалық немесе ультрадыбыстық бақылаудан өткен құймаларды гидравликалық сынауды торап немесе объект үшін белгіленген сынама қысыммен торапты немесе объектіні сынап біріктіруге болады.
7-параграф. Бекіткіш
123. Әр түрлі маркалы болаттан жасалған бекіткіштерді қолдану шектері, міндетті сынақ және бақылау түрлері 2-қосымшаның 6-кестесіне сәйкес алынады.
124. Бекіткіш бөлшектердің материалдары фланецті материалдың ұқсас коэффициентіне мәні бойынша жақын сызықтық кеңейту коэффициентімен алынады, бұл ретте сызықтық кеңейту коэффициенттеріндегі айырмашылық 10 % аспауы қажет. Сызықтық кеңейту коэффициенттері әр түрлі (10 % астам) болаттарды төзімділікке арналған есеппен немесе эксперименталды зерттеумен негізделген, сондай-ақ бекіткіштің есептік температурасы 50°C аспаған жағдайда пайдалануға болады.
125. Бекіткіш бөлшектерді салқын түрде өзгертумен дайындау кезінде олар термиялық өңдеуге-жіберуге (200°С дейін температурада жұмыс істейтін көміртекті болаттан жасалған бөлшектерден басқа) тартылады.
126. Ирек ойманы дайындау кезекті термиялық өңдеуді қажет етпейді.
8-параграф. Шойын құймалар
127. Әр түрлі маркалы шойыннан жасалған құймаларды қолдану шектері, міндетті сынақ және бақылау түрлері 2-қосымшаның 7-кестесіне сәйкес алынады.
128. Шойыннан құйылған бөлшектері қабырғасының қалыңдығы механикалық өңдеу кемінде 4 мм және 50 мм аспайтын етіп қабылданады.
129. Төзімділігі жоғары шойыннан жасалған шойын құймалары термиялық өңделген күйінде қолданылады.
130. Әрбір іші қуыс құйма құрылымдық құжаттамада көрсетілген сынама қысымымен, бірақ 0,3 МПа (3 кгс/см2) аспайтын қысыммен гидравликалық сынақтан өтеді.
131. Динамикалық жүктемеге және термиялық соққыға тартылатын қазандықтар мен арматураның элементтеріне арналған шойын құймаларды қолдануға болмайды.
132. Тиек органдарын, үрлеу, түсіру және дренаж желілерін дайындау үшін соғатын немесе төзімділігі жоғары шойын қолданылады.
9-параграф. Түсті металдар мен балқымалар
133. 250°С аспайтын температурада арматура бөлшектері мен бақылау-өлшеу аспаптарын дайындау үшін қола мен жезді пайдалануға болады.
134. Арматура корпусын гидравликалық сынау құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
10-параграф. Жаңа маркалы болаттарға қойылатын талаптар
135. Негізгі және қосымша термиялық өңдеуден кейінгі күйде материалдардың механикалық, физикалық және технологиялық қасиеттер туралы оң сынақ нәтижесі негізінде 2-қосымшаның 1-7-кестелерінде келтірілмеген жаңа маркадан дайындалған материалдар мен жартылай дайын өнімдерді қолдануға болады.
136. Механикалық қасиеттер: уақытша кедергі, аустенит және хром, никель болат үшін қалдық деформация 1 % болғанда және қалған болат маркалы үшін 0,2 % шартты ағу шегі-20°С бастап ең жоғарғы ұсынылатын температурадан артық болатын 50°С кем емес температураға дейінгі интервалда зерттеледі.
137. Сынақ температурасы болаттың төзімділік сипатының өзгеруіне байланысты температураны алу негізінде алынады. Температура интервалы-50°С аспайды.
138. Табақ пен құбыр үшін температура 20°С болғанда уақытша кедергіге ағу шегінің нормативтік мәні қатынасының шамасы 0,6 аспайтын-көміртекті болат үшін, 0,7-қоспалы болат үшін. Бекіткіш үшін көрсетілген қатынас 0,8 аспайды.
139. Сырғуына әкелетін жоғары температурада жұмыс істеуге арналған материалдар бойынша 10(4), 10(5) және 2 х 10(5) төзімділігі ұзақ мерзімді шектер мен шартты жылжу шегінің мәнін анықтау мүмкіндігін беретін тәжірибелі деректер ұсынылады.
140. Болат төзімділігінің тиісті есептік сипаттамасын анықтау және жартылай дайын өнімдердің (қабырға қалыңдығын) және химиялық құрамы бойынша (металл балқыма ыстыққа төзімділігіне қарағанда қоспа элементтерінің біршама қолайлы құрамымен зерттеледі), механикалық қасиеттері бойынша (ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен) техникалық ауытқушылық шарттарымен қарастырылған өлшемдерді ескере отырып, осы сипаттамаларды бөлу шегін бағалау үшін сынақтың жеткілікті мөлшері мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сынақ өткізу ұзақтығы қамтамасыз етіледі.
141. Пайдалану кезінде болат құрылымдық өзгеруге бейім болған жағдайда көрсетілген өзгерістерді және олардың болаттың пайдалану қасиеттеріне әсер етуін сипаттайтын деректер ұсынылады.
142. Болаттың жабысуға (мысалы, салқындай ию кезінде) сезімталдығы оның ұзақ мерзімді төзімділігінің, ұзақ мерзімді иілгішінің өзгеруі бойынша жабысқан және жабыспаған материалдары салыстыру арқылы бағаланады.
143. Қайта дайындау кезінде салқын түрде өзгеріске ұшырайтын жартылай дайын өнім материалдары механикалық тозуға бейімділігінің жоқ екеніне тексеріледі.
144. Болатты пайдалану мүмкіндігі оның осал бұзылуға қарсылығы туралы соққы тұтқырлығына сынау немесе бұйымдағы материалдың жұмыс жағдайы негізінде алынған әдіс арқылы деректермен расталады.
145. Қолданыстағы дәнекерлеу түрлерінде болатты дәнекерлеу тиісті орнату материалдарын қолдана отырып, ұсынылатын технология бойынша орындалған дәнекерлеу қосқыштарын сынау деректерімен расталады. Дәнекерлеу қосқыштарын сынау нәтижелері оның жұмыс қабілетін растайды, олардың дәнекерлеу технологиясының қызметтік қасиеті мен термиялық өңдеу режиміне әсер ету дәрежесін анықтау қажет.
146. Ыстыққа төзімді материалдар үшін дәнекерлеу қосқыштарының ұзақ мерзімді төзімділігі, ұзақ мерзімді жұмыс істеу кезінде жік жанындағы аймақта жергілікті қирауға қарсыластығы туралы деректер ұсынылады.
147. Жаңа материалдарды әзірлеу кезінде жекеленген жағдайларда болат пен оның қосындыларының тиісті қасиеттерін бағалау талаптарын кеңейтуде қажеттілікке әкелетін олардың жұмыс істейтін өзіндік жағдайын ескеру қажет:
1) жағымсыз температурада жұмыс істеген жағдайда-суыққа төзімділікті бағалау;
2) циклдік жүктемеде-циклдік төзімділікті бағалау;
3) ортаға белсенді әсер ету кезінде-коррозиялық-механикалық төзімділікті және басқаны бағалау.
148. Жаңа маркалы болат үшін оның физикалық қасиеттері бойынша мынадай деректер ұсынылады:
1) әр түрлі температурада серпімді модуль мәні;
2) тиісті температуралық интервалда сызықтық кеңейту коэффициентінің мәні;
3) тиісті температурада жылу өткізгіш коэффициентінің мәні.
4-тарау. Дайындау, монтаждау және жөндеу
1-параграф. Жалпы талаптар
149. Қазандықтарды немесе жекеленген элементтерді дайындауды, монтаждауды және жөндеуді жұмыс басталғанша оны орындайтын ұйым (дайындаушы, жөндеу немесе монтаждау ұйымы, ұйымның жөндеу қызметтері және басқа да ұйымдар) әзірленген технология бойынша жүргізеді.
150. Дайындау, монтаждау және жөндеу алдында МСТ 24297-87 сәйкес негізгі және дәнекерлеу материалдарын және жартылай дайын өнімдерді алғашқы бақылау жүргізіледі.
2-параграф. Жартылай дайын өнімдерді кесу және түрін өзгерту
151. Табақтарды, құбырларды және басқа да жартылай дайын өнімдерді кесу, тесіктерді жасау үшін кез келген кесу тәсілдерін (механикалық, газ, электр доғалық, плазмалы және басқа да) қолдануға болады. Жергілікті қыздыруға және салқындатуға сезімтал материалдарды термиялық кесу технологиясы жиектерде сызаттардың түзілуін, термиялық әсер ету аймағында қасиетінің нашарлауын болдырмайды; қажет болған жағдайларда кесу кезінде нашарлаған қасиеттермен металл қабатын жою үшін алдын ала қыздыру және кезекті механикалық өңдеу қарастырылады.
152. Нақты тәсілдер мен кесу технологиясы болаттардың кластарына байланысты құрылымдық құжаттамада белгіленеді.
153. Жиектер мен түптерді жаныштап үгіту және штамптау, сағаларды отырғызу және жайпақ түптерді өңдеу машиналы тәсілмен орындалады. Түптерді машиналық шөмішпен кезекті механикалық өңдеп дайындауға болады. Табақтарды жергілікті қыздырып немесе қыздырмай түзетуге болмайды.
154. Құбырларды июді кез келген игерген ұйым, монтаждау немесе жөндеу ұйымы құбырды қыздырып немесе қыздырмай иілгішті болымсыз ақауларсыз және қиманың дұрыс пішінінен және құрылымдық құжаттамада белгіленген нормалар шегінде қабырға қалыңдығынан ауытқушылықтармен алуды қамтамасыз ететін тәсілмен өндіруге болады.
155. Құбырлардың көлденең жіктерін дұрыс түйістіруді қамтамасыз ету үшін құбыр ұштарын қатайтуға, таратуға немесе басуға болады. Қайрау, бөлуді өзгерту немесе басу құрылымдық құжаттама бойынша қабылданады.
156. Қысыммен жұмыс істейтін бөлшектеуге арналған табақтарда, прокаттарда және жиектерде, сыртқы диаметрі 76 мм астам құбырларда дайындаушының таңбалауын сақтау қажет.
Көрсетілген жартылай дайын өнімдер бөліктерге бөлінген кезде таңбалау қалған бөліктерде сақталады.
157. Дәнекерлейтін дөңес түптерді дайындау кезінде штамптау табақтарды дәнекерлегеннен және жіктерді механикалық тәсілмен алғаннан кейін жүргізіледі.
Бұл талап штампталған элементтерден дәнекерленген сфералық түптерге қолданылмайды.
3-параграф. Дәнекерлеу
158. Қазандықтарды дайындау (соңына дейін дайындап бітіру), монтаждау, жөндеу кезінде осы Талапқа сәйкес келетін дәнекерлеу технологиясы қолданылуы қажет.
159. Бұйымның осы түрі үшін жаңа дәнекерлеу технологиясын оны аттестаттағаннан кейін пайдалануға болады.
Дәнекерлеуге қойылатын талаптар балқымаларға қолданылады.
160. Қысыммен жұмыс істейтін элементтерді дәнекерлеу ауа температурасы 0°C төмен болмаған кезде жүргізіледі. Егер қоршаған ортаның температурасы 0°C төмен болса, құбырларды монтаждап дәнекерлеуге және жөндеу кезінде дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттама талаптарын орындаған жағдайда дәнекерлеуші үшін қажетті жағдай жасауға, оның ішінде дәнекерлеушіні және дәнекерлеу орнын жаңбырдан, қардан және желден қорғау бойынша жағдай жасауға болады.
161. Қысыммен жұмыс істейтін қосатын элементтерді қармауды осы қосқыштарды дәнекерлеу үшін қажетті біліктілігі бар дәнекерлеушілер орындайды.
Уақытша бекіткіштерді дәнекерлеу және оларды негізгі бұйымнан дәнекерлегеннен кейін алып тастау бұйым металында сызаттардың түзілуін болдырмайтын технология бойынша жүргізіледі.
162. Дәнекерлеу басталар алдында қосылатын бөлшектерді жинау сапасы, жапсарлас жиектердің және олармен жанасатын қабаттардың жай-күйі құрылымдық құжаттамаға сәйкес тексеріледі.
163. Бір дәнекерлеу қосқышымен орындау барысында осындай технология дәнекерлеудің құрылымдық құжаттамасында қарастырылған жағдайда әр түрлі дәнекерлеу әдістерін пайдалануға болады.
164. Дәнекерлеу аяқталғаннан кейін жіктердің қабаттары мен оған жанасатын учаскелер металл шашырандысы мен басқа да ластанудан тазартылады.
165. Құбырлардың дәнекерлеу қосқыштарының ішкі граты белгілі өту қимасын қамтамасыз ете отырып, алынады.
166. Төсем жолақтарын немесе жиектердің бойлық немесе көлденең қосқыштарын дәнекерлеу кезінде шығырларды пайдаланған жағдайда жолақтар мен шығырлар дәнекерлегеннен кейін алынады.
167. Егер құрылымдық құжаттамада қарастырылған болса, онда коллекторлар мен құбырлардың көлденең жіктері үшін дәнекерлегеннен кейін төсем шығырларын қалдыруға болады.
168. Қабырға қалыңдығы 6 мм астам қысыммен жұмыс істейтін дәнекерлеу қосқыштары (қыздыру қабатыны құбырларынан басқа) дәнекерлеуді жүргізген дәнекерлеушінің тегін анықтауға мүмкіндік беретін таңбалауға (таңба басуға) жатады. Дәнекерлеуге арналған құрылым құжаттамада көрсетілген таңбалау жүйесі жіктің сапасын тексеру үшін орындалатын өндірістік және бақылау дәнекерлеу қосқыштары үшін бірдей етіп қабылданады.
169. Егер дәнекерлеу қосқышын бірнеше дәнекерлеуші орындаған болса, онда оны орындауға қатысқан барлық дәнекерлеушілердің белгісі қойылады.
170. Қабырға қалыңдығы 6 мм кем дәнекерлеу қосқыштарын таңбалау қажеттілігі мен тәсілі жобада белгіленеді. Таңбалау тәсілдері белі учаскесінің жабысуын немесе басылуын болдырмайды.
171. Егер осы бұйымның дәнекерлеу қосқыштарын бір дәнекерлеуші орындаған болса, әрбір дәнекерлеу қосқышын таңбалауды жүргізбеуге болады. Бұл ретте дәнекерлеушінің белгісі фирмалық көрсету кестесінің жанына немесе бұйымның басқа да ашық учаскесінде қойылады және белгі орнату орны өшірілмейтін сырмен жағылған рамаға жазылады. Таңбалау орны қазандықтың паспортында көрсетіледі.
4-параграф. Термиялық өңдеу
172. Термиялық өңдеуге дайын бұйымдар немесе есепте қабылданған материал құрылымының сәйкестігін қамтамасыз ету үшін олардың бөлшектері тартылады.
173. Термиялық өңдеудің екі түрі болады:
1) қалыптағышты, жіберетін қалыптағышты, суаруды, жіберіп суаруды, қалыптау температурасына дейін қыздыратын көп сатылы термо өңдеуді қамтитын негізгі;
2) жіберу түріндегі қосымша.
174. Негізгі және қосымша термо өңдеу түрлері мен оның режимдері (қыздыру температурасы, ұстап тұрған кезіндегі температура, ұстап тұру ұзақтығы, салқындату жылдамдығы немесе шарттары, салқындату ортасының түрі және басқалары) талаптарды сақтай отырып, құрылымдық құжаттамада қабылданады.
175. Бұйым негізгі термо өңдеуге мынадай жағдайларда тартылады:
1) егер жартылай дайын өнімдерге (табақ, құбыр және басқалары) төзімділігін тексеру есептерінде қабылданған материалдың қасиетін қамтамасыз ететін режимдер бойынша термо өңдеу жүргізілмесе;
2) егер бұйымды дайындаудың технологиялық үдерісі жартылай дайын өнім материалының қасиеттері мен құрылымының өзгеруіне әкелсе;
3) электрлік шлак әдісімен дәнекерлегеннен кейін;
4) МСТ бұйымға немесе дәнекерлеуге негізгі термиялық өңдеу қарастырылатын барлық өзге де жағдайларда немесе құрылымдық құжаттама талаптары бойынша.
176. Мынадай жағдайларда бұйымды қосымша термиялық өңдеу жүргізіледі:
1) қабырға қалыңдығы түбінің ең кішкентай ішкі қисық радиусынан 10 % артық болғанда қыздырмай немесе 700°C төмен қыздырып өткізілетін көміртекті болаттан жасалған түптер мен жиектерді жаншып үгіткеннен және штамптағаннан кейін;
2) мынадай:
ию радиусынан тыс қабырға қалыңдығы 36 мм болғанда немесе ию радиусы құбырдың үш еселік сыртқы диаметрінен кем болып, көлденең ию қимасының сүйірлігі 5 % астам болса, 10-36 мм қалыңдықта көміртекті болаттан және 15 ГС маркалы болаттан жасалған;
дәнекерлейтін құрылымдық құжаттаманың нұсқауларына сәйкес қоспалы болаттан жасалған құбырларды қыздырмай игеннен кейін;
3) мынадай:
қабырға қалыңдығы 36 мм астам болғанда көміртекті және марганцовкалы болаттан жасалған;
дәнекерлейтін құрылымдық құжаттаманың нұсқауларына сәйкес қоспалы болаттан жасалған қазандықтың бөлшектері мен жинау бірліктерін дәнекерлегеннен кейін;
4) дәнекерлейтін құрылымдық құжаттаманың нұсқауларына сәйкес штуцерлерді, сондай-ақ қысыммен жұмыс істемейтін бөлшектерді барабандарға, корпустарға, түптерге, коллекторларға және құбырларға қосқаннан кейін;
5) бұйымға немесе дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамада қосымша термиялық өңдеу қарастырылатын барлық өзге де жағдайларда.
177. Әр түрлі маркалы болаттан дәнекерленетін элементтер үшін термиялық өңдеу қажеттілігі мен оның режимі дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамаға сәйкес белгіленеді.
178. Жиектердің көлденең дәнекерлеу жіктерін, коллекторларды, құбыр жолдарын және қазандықтарды жылыту қабаттарының құбырларын, штуцерлерді қосатын дәнекерлеу жіктерін, тірек элементтерін, бекіткіштерді және басқа да бөлшектерді барабандарға, коллекторларға, құбыр жолдары мен қыздыру қабатының құбырларына жіберуді жылжымалы қыздыру құрылғыларымен жергілікті қыздыру арқылы жүргізуге болады. Көлденең (шығырлы) дәнекерлеу жіктерін термо өңдеу кезінде жіктің шегінен екі жағынан тұтас периметрі бойынша шығырдың ені 50 мм кем емес біркелкі қыздыру қамтамасыз етіледі, бірақ дәнекерлеу жігін қыздыратын учаскенің ортасына орналастыра отырып, қабырғаның үш еселі қалыңдығынан кем болмайды.
179. Шығырды термо өңдеу кезінде қыздырылатын шығырдың жанында орналасқан жиектер мен құбыр жолдарының учаскелері температураның ұзындық бойымен бір қалыптық өзгеруін қамтамасыз ету үшін оқшаулағышпен жабылады.
180. Термиялық өңдеу жүргізу кезінде бұйым пешке тұтастай салынады. Технология бұйымның ұзындығы бойымен құрылымы мен механикалық қасиетінің біркелкілігін олардың мәнін құрылымдық құжаттамада белгіленген мәннен тыс шығармай қамтамасыз еткен жағдайда бөлек-бөлек термо өңдеуге болады, бұл алдын ала жүргізілетін сынақтармен және технология және материалдар бойынша аттестатталған ұйымның қорытындысымен расталады.
181. Қосымша термо өңдеу (иілген құбырларды, жиектер мен құбырлардың көлденең дәнекерлеу қосқыштарын жіберу немесе аустенизациялау) бұйымның тиісті учаскелерін жергілікті қыздыру арқылы жүзеге асырылады.
182. Жиектер мен құбырлардың көлденең дәнекерлеу қосқыштарын жергілікті қосымша термиялық өңдеу кезінде дәнекерлеу жігі мен оған екі жағынан жанасатын негізгі металл учаскелерін тұтас периметрі бойынша біркелкі қыздыру жүзеге асырылады. Негізгі металдың қыздырылатын учаскелерінің ең кішкентай ені бұйымды дайындауға арналған техникалық шарттарда немесе дәнекерлеу және термиялық өңдеу жөніндегі технологиялық регламентте анықталады.
183. Термиялық өңдеу бұйым металын бірдей қыздыру, жылумен еркін түрде кеңейту және пластикалық өзгерістердің болмауы қамтамасыз етілетіндей етіп жүргізіледі.
184. 300°С жоғары температурада қабырға қалыңдығы 20 мм астам бұйымды термо өңдеу кезінде қыздыру, ұстау және салқындату режимі өздігінен жазатын аспаптармен тіркеледі.
5-параграф. Бақылау
185. Дайындаушы, монтаждау немесе жөндеу ұйымы ақаулықтарды анықтауға, оның жоғарғы сапасына және пайдаланудағы сенімділігіне кепілдік беретін өз өнімін бақылау түрі мен көлемін пайдалануға міндетті. Бұл ретте бақылау көлемі Талапқа сәйкес келеді.
186. Негізгі бақылау түрлері:
1) көзбен және өлшеп бақылау;
2) дәнекерлеу қосындыларын бұзбай бақылау әдісімен бақылау;
3) дәнекерлеу қосындылары мен негізгі металды механикалық сынау (қажет болған жағдайда);
4) дәнекерлеу қосындыларын металл графикалық зерттеу;
5) дәнекерлеу қосындыларын кристалл аралық коррозияға, стило көшірме жасауға қарсы төзімділікке сынау;
6) гидравликалық сынау болып табылады.
187. Бақылау әдістері мен көлемін таңдау Талапқа, бұйымға және дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі және қазандықты құрастыру кезінде әзірленетін сызбаларда көрсетіледі. Дәнекерлеу қосындыларын іріктеп бақылау кезінде (қыздыру қабатының құбырларынан басқа) бақылау сызбасының көшірмесі қазандықтың паспортына қоса беріледі.
188. Бұйым мен құрастыру бірліктерін бақылау бұйымды 450°С астам қыздырумен, термиялық өңдеумен, металдың түрін өзгертумен және орнатумен байланысты барлық технологиялық операцияларды аяқтағаннан кейін орындалады. Бақылау көлемі, түрі мен реті, оның ішінде нақты өлшемдері құрылымдық құжаттаманың талаптарына сәйкес болуы қажет.
189. Әрбір бақылау түрі бойынша нәтижелер және осы бұйым үшін қарастырылған барлық әдістермен жүргізілген бақылау орындары (оның ішінде операциялық) есептік құжаттамада (журналдарда, формулярларда, хаттамаларда және басқаларында) жазылады.
190. Кез келген бақылау түрінде бұйымда Талапта (2-қосымша) және бұйым мен дәнекерлеуге арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген шекті нормалардан тыс шығатын ішкі және қабаттық ақаулар анықталмаса, бұйым жарамды болып танылады.
191. Осы Талапта қарастырылған сынақ көлемі мен дәнекерлеу жіктерінің мөлшері, өндірістік дәнекерлеу қосындыларын бақылау көлемі, оның ішінде бұзылмайтын әдістермен жаппай дайындаған жағдайда, оның ішінде бұйымды бір типті дәнекерлеу қосқыштарымен монтаждау және жөндеу кезінде технологиялық үдеріс өзгермеген, дәнекерлеушілерді кемінде 6 ай ішінде бақылау нәтижелерімен куәландырған жоғарғы жұмыс сапасы мен жекеленген түрлерінде мамандандыруда қысқаруы мүмкін.
192. Бір типті дәнекерлеу қосқыштары деп босатылатын бөлшектердің болат маркасы бойынша, қосу құрылымы бойынша, пайдаланылатын дәнекерлеу материалдарының маркасы мен сұрып бойынша, дәнекерлеу тәсілі, күйі және режимі бойынша, қыздыру режимі мен термо өңдеу бойынша ең үлкен және ең кішкентай қалыңдық пен дәнекерленетін бөлшектердің сыртқы диаметрінен 2 аспайтын (бастапқы қалыңдығы мен диаметрі бойынша) қатынаспен біркелкі дәнекерлеу қосқыштары түсіндіріледі.
193. Жайпақ бөлшектердің дәнекерлеу қосқыштары, сыртқы диаметрі 500 мм астам бөлшектер үшін қабырға қалыңдығы бойынша қатынасы реттеледі.
194. Бір типті бұрыштық және таңбалау қосқыштарында қалыңдық пен сыртқы диаметрдің көрсетілген қатынасы дәнекерлеу бөлшектері мен негізгі бөлшектердің қалыңдықтарына ғана (құрастыру бірліктеріне) жатады, ал негізгі бөлшектердің диаметрінің қатынасы ескерілмейді.
195. Құрылымдық класы бір химиялық құрамы, механикалық және физикалық қасиеттері бойынша жақын, әр түрлі маркалы болаттардан жасалған бір типті дәнекерлеу қосқыштарын бір топқа біріктіруге болады.
6-параграф. Көзбен және өлшеп бақылау
196. Көзбен және өлшеп бақылауға Талаппен, құрылымдық құжаттамамен жол берілмейтін сыртқы ақауларды, оның ішінде:
1) өлшемдері мен геометриялық пішіні бойынша ауытқушылықтарды;
2) негізгі металл мен дәнекерлеу қосқыштарының (майысу, қабаттарының арасының ашылуы, қабыршақтану, қалқымалар, тіліктердің, күйіктердің және басқаларының пайда болуы) қабаттарында сызаттар мен басқа да ақауларды;
3) дәнекерленетін бөлшектердің жиектерінің, сынықтардың және ауытқушылықтардың (мысалы, перпендикуляр емес) ығысуын анықтау мақсатында әрбір бұйым және барлық оның дәнекерлеу қосқыштары жатады.
197. Көзбен бақылау алдында бұйым мен дәнекерлеу қосылыстары тексеруге дайындалады және лас пен шлактан тазартылады.
198. Дәнекерлеу қосқыштарын көзбен және өлшеп бақылау тұтас ұзындығы бойымен ішкі және сыртқы жағынан жүргізіледі.
199. Көзбен және өлшеп бақылау үшін дәнекерлеу қосқыштарының ішкі қабатына қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда бақылау тек сыртқы жағынан жүргізіледі.
200. Дайын бұйымдардың геометриялық өлшемдері бойынша қол жеткізу осы Талаппен белгіленгеннен аспайтын және құрылымдық құжаттамада және сызбаларда көрсетілгеннен аспайды.
201. Бақылау өлшемдерінің әдістемесі мен мөлшері және тексерілетін учаскелердің орналасу орны құрылымдық құжаттамада анықталады.
202. Дәнекерлеу табақтарынан немесе құймаларынан дайындалған цилиндрлік, конустық немесе сфералық элементтерінде мынадай ауытқушылықтарға жол беріледі:
1) диаметрі бойынша-бастапқы сыртқы немесе ішкі диаметрінен ±1 % аспайды;
2) көлденең қиманың сүйірлігі бойынша-1 % аспайды, сүйірлігі төмендегі формула бойынша есептеледі:
мұндағы -бір қимада өлшенетін ең жоғарғы және ең төменгі сыртқы немесе ішкі диаметрлер;
3) тік сызықты түзетін-ұзындығы 5 м кез келген учаскеде жиектің цилиндрлік бөліктің тұтас ұзындығымен 0,3 % аспайды;
4) жергілікті орнату нүктесі қабырға қалыңдығы шекті мәнінен тыс шығарады;
5) майысу тереңдігі мен басқа да жергілікті пішіннің ауытқушылығы бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген мәннен аспауы қажет, құрылымдық құжаттама болмаған жағдайда төзімділікке арналған есеппен негізделеді.
203. Бу өнімділігі 2,5 т/сағ аспайтын, осы баппен реттелетін қазандықтар үшін көлденең қима сүйірлігін элементтің төзімділігіне арналған есеппен расталған жағдайда 1,5 % дейін арттыруға болады.
204. Дөңес түптердегі болатын өлшемдердің ауытқушылықтары:
1) шаблонмен бақыланатын дөңес бөліктердің белгілі пішінінен ауытқу бойынша ішкі диаметр 500 мм астам болғанда түптің ішкі диаметрінен 1,25 % аспайды және ішкі диаметр 500 мм және одан кем болғанда-5 мм аспайды;
2) штамптау кезінде сорғышпен жүзеге асырылатын қабырғаны нақтылау бойынша егер ең үлкен нақтылау шегі төзімділікке арналған есеппен қарастырылмаса, қабырғаның бастапқы қалыңдығынан 10 % аспайды;
3) сыртқы немесе ішкі диаметр бойынша: цилиндрлік ернеудің бір қимасындағы өлшемдер бойынша ең жоғарғы және ең төменгі мәндер арасындағы айырмашылық бойынша бастапқы диаметрдің ± 1 %;
4) түптің цилиндрлік ернеуінің көлденең қимасының сүйірлігі бойынша 1 % аспайды.
205. Құбырлардан дайындалатын бөлшектердің диаметрі мен көлденең қималы сүйірлігі бойынша ауытқушылықтар бұйымға арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген мәндерден аспайды.
Барлық өндірістік операциялар аяқталғаннан кейін көлденең бұйымдардың иілуі 1 м ұзындықта 6 мм және бұйымның ұзындығы бойымен 30 мм аспайды.
206. Құбырлардың иілген учаскелерінің қабырғасының қалыңдығын бақылау ультрадыбыстық қалыңдық өлшегіштің көмегімен немесе бірдей өлшемдермен иілген учаскелердің партиясынан іріктелген тәртіпте жүргізілетін кесіктен кейін жүргізіледі. Құбырлардың иілген учаскелерінде қабырға қалыңдығын бақылау әдістемесі, тәртібі және көлемі құрылымдық құжаттамамен анықталады.
207. Қабырғаларының бастапқы қалыңдығы бірдей жабдық пен құбырлардың элементтерінің жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарында дәнекерленетін элементтердің (бөлшектердің) жиектерін жіктің сыртқы жағынан ығыстыру (сәйкеспеуі) 2-кестеде көрсетілген мәндерден аспайды.
2-кесте
Дәнекерленетін элементтердің (бөлшектердің) қабырғаларының бастапқы қалыңдығы Sn, мм
|
Жапсарлас қосындылардағы жиектердің ең жоғарғы шекті ығысуы (сәйкеспеуі), мм
|
бойлық, меридиан, хорда және шеңбер элементтерінде, сондай-ақ түптерді дәнекерлеу кезінде шығырлы элементтерде
|
көлденең шығыр
|
құбыр және конус элементтерінде
|
табақ пен құймадан жасалған цилиндрлік элементтерде
|
0-5
|
0,2 Sn
|
0,20 Sn
|
0,25 Sn
|
>5-10
|
0,10 Sn + 0,5
|
0,10 Sn + 0,5
|
0,25 Sn
|
>10-25
|
0,10 Sn + 0,5
|
0,10 Sn + 0,5
|
0,10 Sn + 1,5
|
>25-50
|
3(0,04 Sn + 2,0)1
|
0,06 Sn + 1,5
|
0,06 Sn + 2,5
|
50-100
|
0,04 Sn +1,0
(0,02 Sn + 3,0)*
|
0,03 Sn + 3,0
|
0,04 Sn + 3,5
|
100 астам
|
0,01 Sn + 4,0,
бірақ 0,6 аспайды
|
0,015 Sn + 4,5,
бірақ 7,5 аспайды
|
0,025 Sn + 5,0,
бірақ 10,0 аспайды
|
Екі жағынан электрлік доғамен дәнекерлеп, сондай-ақ электрлік шлакпен дәнекерлеп орындалатын жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарында көрсетілген жиектердің ығысуын жіктің сыртынан да ішінен де арттыруға болмайды.
208. Жиектерді біржақты бөлетін жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарында жіктің ішкі жағынан (жіктің түбі жағынан) элементтердің (бөлшектердің) жиектерін ығыстыру дәнекерлеу жөніндегі технологиялық регламентте және жұмыс сызбаларында белгіленген нормалардан аспайды.
209. 246 және 247-тармақтарда көрсетілген талаптар қабырғаларының нақты қабырғалары осы Талаптың 62-64-тармақтарына сәйкес жіктің қабатын көлбеу орналастыру есебінен біреуінен екіншісіне бір қалыпты көшіруді қамтамасыз еткен жағдайда әр түрлі элементтердің қосқыштары үшін міндетті болып табылмайды.
210. 246, 247-тармақтарда көрсетілген нормалардың шегінде дәнекерленетін элементтердің (бөлшектердің) жиектерін ығыстыру кезінде жіктің қабаты бірінен екінші жиекке бір қалыпты өтуді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |