Жұмыстардың мақсаты: Эксперимент арқылы аминдердің қасиеттерін зерттеу.
Жабдықтар: анилин, дистилденген су, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, күйдіргіш натр ерітіндісі, хлорлы ізбес, калий дихроматы, күкірт қышқылы концентрленген, қаныққан бром суы, пробиркалар, штатив, пипеткалар.
№ 1. Анилиннің тұздарын алу.
Пробиркаға 2 тамшы анилин және 3 мл дистилденген су құйып, жақсылап шайқап араластырып, лайлы эмульсия алу.
Алынған эмульсияның 3 тамшысын жеке пробиркаға құйып, оған бір тамшы тұз қышқылын қосу. Алынған қоспаны алғашқымен салыстыру. Өзгеріс болды ма ?
1. Лайлану неге жойылды? Реакция теңдеуін құр.
Келесі пробиркаға 3 тамшы анилин эмульсиясын құйып, оған бір тамшы күкірт қышқылын қос.
2. Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакция теңдеуін жаз. Алынған анилин тұзы қалай аталады?
3 . Алынған тұз қышқылды анилин мен анилин гидросульфатының ерігіштігі туралы не айтасыз?
Қорытынды жаса.
№ 2 . Тұздарынан анилинді бөліп алу.
Анилин эмульсиясына тұз қышқылын қосып, алынған тұзына ерітінді лайланғанша тамшылатып күйдіргіш натр ерітіндісін қосу.
Ерітінді неге лайланды?
Реакция теңдеуін құр.
№ 3. Анилиннің тотығуы.
Анилинге сапалық реакция – хлорлы ізбеспен тотықтыру.
Пробиркаға 3 тамшы анилин эмульсиясын құйып, оған бір тамшы хлорлы ізбес ерітіндісін қосу .
1. Ерітінді түсі қалай өзгерді?
Егер түсі дұрыс көрінбесе, онда ерітіндіні 5-10 тамшы дистилденген сумен сұйылту. Анилиннің хлорлы ізбеспен реакциясын сапалық реакция деп қарастырады. Келесі пробиркаға 3 тамшы анилин эмульсиясын құйып, оған осындай мөлшерде калий дихроматы мен концентрлі күкірт қышқылын қосу . Ерітінді бастапқыда жасыл түске, кейіннен қара түске өзгереді.
2. Ерітінді түсінің осындай реттілікпен өзгеруі немен түсіндіріледі?
Қорытынды жаса. Тотығу реакциясының теңдеуін құр.
№ 4. Хлорлы сутекті анилиннің бромдануы.
Пробиркаға анилин эмульсиясын құйып, оған тұз қышқылы ерітіндісін қосу . Лай жойылып, хлорлы сутекті анилин түзіледі, оған бром суының қаныққан ерітіндісін қосу.
1. Бром суын қосқанда не байқалды?
2. Анилинді бромдау реакциясының теңдеуін жаз.
Жаттығулар:
Достарыңызбен бөлісу: |