Бақылау сұрақтары:
1. Бензолдың құрылысы жайлы қазіргі кездегі түсінік қандай?
2. Диметилбензолдың барлық изомерлерінің формуласын жаз.
3. Катализатор қатысында бензолды сульфилирлегенде, нитрлегенде,
бромдағанда қандай өнімдер түзіледі? Реакция теңдеулерін жаз.
4. Бензол ядросындағы орын басу реакцияларының негізгі ережелерін
тұжырымда. Бірінші және екінші реттік орынбасарлардың
мысалдарын келтіріп, реакция теңдеулерін жаз.
5. Метилбензол мен нитробензолдың бромдану, сульфилирлену, нитрленуін
орынбасу ережесін пайдаланып, жазып көрсетіңіз
6. Бензолды жарықта хлорлағанда қандай өнім түзіледі?
7. Аромат көмірсутектерін зертханада және өнеркәсіпте алу.
Аромат көмірсутектер және олардың туындыларының медицинада
қолданылуы.
Эксперименттік есеп.
1) Екі нөмірленген пробирканың № 1 –не бензол, № 2 – не толуол, не ксилол құйып, берілген реактивтер: 5% - және 10% ерітіндісі, сұйытылған ерітіндісі көмегімен анықтауды ұсыну. Жауаптарын тәжірибе қорытындысы бойынша реакция теңдеуін жазу арқылы дәлелдеу.
Қосымша
«Көмірсутектер» тақырыбы бойынша жаттығулар мен есептер
1. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрастыр: а) бензол → бромбензол; ә) метан → бензол; б) бензол → гексахлорциклогексан; в) этилбензол → стирол. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңіз.
2. Нитрлеуге бензол мен толуолдың қайсысы жеңіл түседі ? Неге?
3. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрыңыз:
4. Көлемі бойынша табиғи газ 90 % метан , 5% этан, 3% пропан және 2% азоттан тұрады. Осындай 1000 л газды жағу үшін қандай көлем ауа қажет, егер ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21 % болса ?
Жауабы: 10,12 м3
5. Бензолдың белгісіз мөлшерін екі ыдысқа 1:2 қатысында бөліктерге бөлді . Аз мөлшерін оттегінде жағып, одан 110 г көміртегінің (ІV) оксидін алды. Көп бөлігін нитрлегенде қандай масса нитробензол алынады, егер оның шығымының массалық үлесі 56 % -ті құраса?
Жауабы: 57,4 г.
6. 240 л табиғи газды (қ.ж) бензол алуға пайдаланды. Метанның газдағы көлемдік үлесі 90 % . Егер бензолдың шығымы 60% болса, алынған бензолдың массасы қандай болады?
Жауабы: 75,2.
Достарыңызбен бөлісу: |