Алкиндер, алкадиендер.
Жаттығулар.
№ 1. Берілген көмірсутектердің формуласы бойынша атау бер:
Қайсысы изомер, қайсысы гомолог бола алады?
№ 2. Келесі реакция теңдеулерін жаз :
а) метаннан ацетилен алу ; ә) бутадиен – 1,3 –тің броммен әрекеттесуі; б) ацетиленнің жануы; в) бутаннан бутадиен - 1,3 алу; г) ацетиленнің сумен әрекеттесуі (сынап тұзы қатысында)
№ 3. Қандай реакциялардың көмегімен келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болады:
№ 4. Берілген атаулары бойынша келесі қысылыстардың құрылыс формулаларын жаз:
а) 4 –метилпентин – 2;
ә) бутин – 2;
б) 3,3 – диметилбутин – 1;
в) 2,5 – диметилгексин – 3
Есептер.
№ 1. Қалыпты жағдайда көлемі 61,6 л ацетилен сынап тұзының қатысында гидратацияланып, массасы 72,6 г сірке альдегиді алынды. Альдегид шығымының массалық үлесін есепте.
Жауабы: 60 % .
№ 2. Құрамында 20 % қоспасы бар массасы 65 г техникалық кальций карбидінен (қ.ж) қандай көлем ацетилен алуға болады?
Жауабы: 18,2 л
№ 3. Көлемі 2600 м3 құрамында 95% метан болатын табиғи газдан (қ.ж) қандай көлем ацетилен алуға болады?
Жауабы : 1235 м3
№ 4. Массасы 208 г ацетиленді толық жағу үшін жұмсалатын оттегінің массасын есепте. Осы масса оттегі қандай масса ауаның құрамында болады? Ауадағы оттегінің массалық үлесі 23 % құрайды.
Жауабы: 640 г О2; 2782,6 г ауада
№ 5. Массасы 1 кг техникалық кальций карбидін сумен әрекеттестіріп 280 л (қ.ж) ацетилен алынды. Кальций карбидінің осы үлгісіндегі қоспаның массалық үлесін есепте.
Жауабы : 20 %.
№ 6. Ацетиленнің белгілі бір көлемінің массасы 39 г . Осындай көлем пропиннің (қ.ж) массасын есепте.
Жауабы : 60 г.
№ 7. Көлемі 2,5 л болатын этан мен этеннің (қ.ж) қоспасын бром суы арқылы өткізді. Массасы 9,4 г 1,2 - дибромэтан түзілді . Қоспадағы әрбір газдың көлемдік үлесін анықта.
Жауабы: 44,8 % ; 55, 2%
№ 8. Көлемі 6 л этан, этен және этин қоспасы 17,4 г күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттеседі немесе 28 г бромды қосып алады. Қоспадағы этеннің көлемдік үлесін анықтаңдар.
Жауабы: 37,33 %
№ 9 Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:
Достарыңызбен бөлісу: |