Музыка жасыл тус
Музыка -2 сұрақ: Мына естіп тұрған күйдің авторы мен аты (Құрманғазы Балбырауын)
Музыка-6 сұрақ: Ән өнеріне өз үлесін қосқан, көптеген қазақ әндерінің сөзіне «Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Сыған серенадасы» әндерінің музыкасын жазған ұлы композитор (Шәмші Қалдаяқов)
Музыка-13 сұрақ: «Жұмыр қылыш», «Акжелкен» сияқты туындылары бар, әр түрлі шетелдік, мемлекеттік марапаттар иегерлері, музыкалды-инструменталды топ( Ұлытау)
Музыка-16 сұрақ: Славян базары – 2015 байқауында гранпри жеңіп алған халық сүйіктісі кім?(Димаш Құдайбергенов)
Спорт қызыл түс
Спорт-3 сұрақ: 2012 жылы Лондонда өткен олимпиадада жеңіл атлетика алтын жүлдегері (Ольга Рыпакова)
Спорт-8 сұрақ: 2016 жылы суда жүзуден 200метр дистанциясында олимпиада чемпионы атанған кім? (Дмитрий Баландин)
Спорт-10 сұрақ: Алғаш алтын медаль иеленген қазақ спортшысы (Жақсылық Үшкемпіров)
Спорт-15 сұрақ : 2008ж Австрия мен Швейцарияда өткен футболдан Европа чемпионатының алтын жүлде иегері қай елдің құрамасы? /Испания/
Мұнаралар мен ғимараттар көк түс
Мұналар мен ғимараттар-4 сұрақ : 12 — 14 ғасырлардағы Италиядағы роман-готика архитектурасының ескерткіші. Мұнара дүние жүзіне “құлағалы тұрған мұнара” атағымен белгілі. Мұнараның құлай бастауы 1173 — 74 жылдары арх. Боннанның алғашқы үш қабатын салған кезінен басталды. (Пиза мұнарасы )
Мұналар мен ғимараттар-5 сұрақ: Статуя свободы – бұл АҚШ-тағы және дүние жүзіндегі ең керемет алып мүсін. Бұны АҚШ –на қай елдің азаматтары сыйлады? (Француздар)
Мұналар мен ғимараттар-11 сұрақ: Эйфель мұнарасы – Францияның символы, Париж қаласындағы туристер көп баратын жердің бірі. Осы мұнараның конструкторы кім? (Гюстав Эйфель)
Мұналар мен ғимараттар-14 сұрақ: Дүние жүзіндегі ең биік ғимарат 828 м,150 қабатты Бурдж Халиф ғимараты. Ол қай қалада орналасқан?( Дубай қаласында)
Еркін тақырып-1 сұрақ: «Батыр Баян» поэмасының авторы (Мағжан Жұмабаев)
Еркін тақырып-7 сұрақ: Қарама-қарсы қабырғалары тең және параллель болатын төртбұрыш (Параллелограмм)
Еркін тақырып-9 сұрақ: Алматы қаласының оңтүстік-шығысындағы тау жүйесі? (Іле алатауы)
Еркін тақырып-12 сұрақ: Қазақстанның Ресейге қосылуы қай жылдан басталды? (1731 ж )
Сонымен бүгінгі сайысымыздың мәресіне де жеттік.
«Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» Н.Ә.Назарбаев,-айтқандай бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.
Жеңімпазды анықтау, марапаттау
Достарыңызбен бөлісу: |