ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
/зияткерлік сайысы/
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Колледжішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Олай болса бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына қатысатын оқушылар:
Мамедалиева Гаухар ҚТ-1 курс
Әбдіқалықов Нұрсұлтан БББ-1 курс
Айдарбекова Бақытгүл БББ-1 курс
Бралов Нұржан ҚТ-1 курс
Мергалиев Берікқали ҚТ-2 курс
Мұстафин Данияр ҚТ-2 курс
Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
1-бөлім Бәйге
2-бөлім Көкпар
3-бөлім Дода
1-бөлім БӘЙГЕ
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
/10 сұрақ қойылады, сұрақ 3 жауаптан тұрады, әр сұраққа 1 балл беріледі
1-сұрақ. Информацияның өлшем бiрлiгi … ?
А. Байт Б. Символ В. Файл
2-сұрақ. Жүйелік программаларға жатады?
А. Мәтіндік процессорлар
Б. Кестелік процессорлар
В. Операциялық жүйелер
3-сұрақ. Жұмыс үстелі – бұл:
А. Терезе Б. Экран В. Файл
4-сұрақ. Графикалық редакторды көрсетіңіз:
А. Word Pad Б. Блокнот В. Paint
5-сұрақ. Microsoft Word бағдарламасында жасалған құжаттың кеңеймесі қандай?
А. .*jpeg Б. .*doc В. .*xls
6-сұрақ. Мәтіндік редактор?
А. MS WORD Б. MS EXCEL В. MS ACCESS
7-сұрақ. Microsoft Excel бағдарламасында жасалған құжаттың кеңеймесі қандай?
А. .*jpeg Б. .*doc В. .*xls
8-сұрақ. Терезені жабуды “жылдам” басу пернесі
А. Ctrl+X Б. Alt+F4 В. Alt+Shift
9-сұрақ. Программа түрлері:
А. Стандартты және қолданбалы
Б. Жай және күрделі
В. Жүйелік және қолданбалы
10-сұрақ. Тышқанның оң жағын басқанда шығатын меню
А. Контекстік меню
Б. Қосымша меню
В. Негізгі меню
2-бөлім
Көкпар
/Әр оқушыға жеке бір-бірден сұрақ қойылады, әр сұраққа 1 балл беріледі/
2-бөлімнің соңында аз балл жинаған 3 оқушы сайыстан шығарылады
1 оқушы
Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама (Антивирус)
Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы? (Билл Гейтс)
Курсордың оң жағындағы символды өшіретін перне. (Bacspace)
1 Мегабайтта неше байт бар? (1024 байт)
Интернет дегеніміз не? (Бүкіләлемдік компьютерлік желі)
Microsoft Word жүйелік программа ма әлде қолданбалы программа ма? (Қолданбалы)
2 оқушы
1. Жалпы желіге қосылу үшін қажет құрылғы (Модем)
2. Курсордың сол жағындағы символды өшіретін перне (Delete)
3. Компьютер жанына қойылатын өсімдік (Кактус)
4. Microsoft Excel мәтндәк редактор ма әлде кестелік редактор ма? (Кестелік)
5. Операциялық жүйе дегеніміз не? (Компьютер бірден іске қосылғанда жүктелетін бағдарлама)
6. Компьютердің бетін не деп айтады? (Жұмыс үстелі)
3 оқушы
1. Өздігінен жұғуға және көбеюге қабілетті, көлемі шағын бағдарламалар?
(компьютерлік вирус)
2. Операциялық жүйелер түрлері (MS DOS, NORTON COMMANDER, WINDOWS)
3. Internet Explorer, Netscape Navigator, Opera деген не? (браузерлер)
4. Дербес компьютердің ең маңызды құрылғысы (жүйелік блок)
5. Стандартты программаларға қандай программалар жатады? (Блокнот, Word Pad, Paint)
6. Бас әріп режиміне қосу пернесі (Caps Lock)
4 оқушы
1. Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)
2. Дербес компьютердің ақпаратты сақтайтын магниттік диск қалай аталады? (винчестер немесе жедел жад)
3. Дисплей басқаша қалай аталады? (монитор)
4. Сурет салуға арналған бағдарлама (графиктік редактор)
5. Абзацқа қоб пернесі (Enter)
6. Windows 95/98/2000/XP/Vista деген не? (операциялық жүйе)
5 оқушы
1. Дыбыс шығару құрылғысы (колонка)
2. Ақпарат дегеніміз не? (Қандай да бір мәлімет)
3. Электронды пошта мен кәдімгі поштаның айырмашылығы қандай? (электронды пошта желі арқылы тез жиберіледі)
4. Жұмыс үстелінде буманы (папка) қалай құрамыз? (Создать - папка)
5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (Монитор)
6. Мәліметтер қорын құратын программа (Microsoft Access)
6 оқушы
1. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
2. Ақпаратты тарату каналдары (газет, журнал, интернет, радио, теледидар)
3. Ұяшық дегеніміз не? (баған мен жолдың қиылысуы)
4. Адам мен компьютер арасындағы қашықтық қандай болу керек? (70 см)
5. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (Интернет)
6. Microsoft Power Point программасы не үшін қолданылады?
3-бөлім Дода
/5 пәннен тұрады әр пәндер 10, 20, 30, 40 блокқа бөлінген/
3-бөлімнің соңында жоғары балл жинаған 1 оқушы жеңімпаз болады.
Microsoft Word
10. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу командасы қалай?
20. Microsoft Word мәтіндік редакторында колонка дегеніміз не?
30. MS WORD мәтіндік редакторының жұмыс терезелерін ата.
40. Microsoft Word мәтіндік редакторында формуламен жұмыс жасайтын редактор қандай?
Microsoft Excel
10. Microsoft Excel кестесінде қанша бағана бар және олар қалай белгіленеді?
20. Microsoft Excel кестесінде қанша жол бар және олар қалай белгіленеді?
30. Microsoft Excel бағдарламасында мәліметтердің қандай типін қабылдайды?
40. Microsoft Excel бағдарламасының ерекшелігі қандай?
Microsoft Access
10. Мәліметтер қоры дегеніміз не?
20. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің құрылымын ата.
30. Microsoft Access объектілерін ата.
40. Microsoft Access-те құрылатын кесте өрістерінің типтері қандай?
Дербес компьютер архитектурасы
10. Дербес компьютер архитектурасын ата
20. Принтер дегеніміз не және қандай түрлері бар?
30. Дербес компьютердің енгізу және шығару құрылғыларын ата
40. Драйвер дегеніміз не?
Әр түрлі
10. Асты сызылған сөздің орысша және ағылшынша аудармасын тап.
Адам ақпаратты сақтай алады.
20. Асты сызылған сөздің орысша және ағылшынша аудармасын тап.
Сурет салу алаңы
30. Жұмбақтың шешімін тауып,орысша, ағылшынша аудармасын тап
Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың?
40. Жұмбақтың шешімін тауып,орысша, ағылшынша аудармасын тап
Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.
Сонымен 3-ші айналымнан ең жоғары балл жинаған оқушымыз ХХІ ғасыр көшбасшысын құттықтаймыз!
Барлығыңызға келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |