ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
негіздеу мақсатында: «Сентимента-
лизм мен романтизм бағытына әу-
реленбей, қазақ еңбекшілерінің қа-
зіргі керегіне жауап, келешегіне
демесін болатын ашық тілек, айқын
ұғыммен суреттелген нағыздық (реа-
лизм) бағытындағы және осы ба-
ғыттың жан серігі, бұрынғы, соң ғы,
бүгінгі өмірдің деректерінен туа-
тын, болашақтағы тегістік тұр мысты
суреттейтін төңкерісшіл сарын да-
малық (романтизм) бағыттағы әде-
биет жұрнақтарын молайту керек.
Бұл – көптің тілегі, қазіргі за-
манымыздың тілегі. Сондықтан бұ-
дан былай әдебиетімізде айтыл ған
нағыздық пен төңкерісшіл са рын-
дамалық бағыты көркеймек. Сын-
шылар ұсынып отырған ескі са-
рындамалық (реакционный роман-
тизм) бағыты жасырынып жан сақ тау,
жатыпатарлық қылу жолына түспек
(«Еңбекші қазақ», 09.10.1926), – деп
жаза келіп, романтизмді революция-
шыл және реакцияшыл деп екіге
жіктеп тастады. Әдеби-теориялық
ой-пікірге қазақ әдебиетінің ендігі
даму бағытындағы ұстар жолы ре-
ализм мен революцияшыл роман-
тизм болуы керек деген қисынды
орнықтырды. Бұл пікір арнасы –
«1930 жылдардың бас кезінде айқын
тұжырымдалған «социалистік реа-
лизм» атауы болғанымен, 190 жыл-
дардың екінші жартысы үшін осы
теориялық ой-пікірдің өзі үнемді
ізденіс екенін аңғармау ағаттық
болар еді. Түркі тілдес әдебиетте
алғаш айтылған осы қисын орыстың
пролетарлық әдебиетінде 1928-1929
жылдары айрықша дау туғызды.
Жаңа әдебиетке көркемдік әдіс іздеу
қажеттігі туған кезде «динамич ный
реализм», «революционный реа-
лизм», «диалектический реализм»
де ген сияқты терминдер оңды-солды
са пырылыстырғаны да тарихтан бел-
гілі» [2, 243].
Әдеби-теориялық ой-пікірдің 1920
жылдардағы ғылыми ізденістерін
саралаған уақытта оның мәнді ар-
на іздеп жоғары биіктіктерге қол
созғанын, поэзияны жеке ақын шы-
ғар малығына теориялық талдау жа-
сай отырып тексерудің қолға алынға-
нын дәлелдейтін ғылыми-зерттеуші-
лік сипаты айқын екі еңбекті айта
кету орынды болмақ. Олар – М. Жұ -
ма баевтың «Ақан сері сөздері»,
Ж. Ай мауытовтың «Мағжанның ақын -
дығы» аталатын мақалалары. Бұ лар
теориялық ұғымдар мен тү сініктерді
меңгеру жолында әр түрлі айтыс-
тартысқа түсуге душар болған әдеби-
теориялық ой-пікірдің жеке ақын
поэзиясына ғылыми талдау жасау-
дағы жаңаша бастамасы болды. Екі
автор да сөз етіп отырған ақынның
өнерпаздық тұлғасын бағалау жо-
лында олардың шығармалары ар-
қылы дүниетанымдық көзқарасын
зерттеуді басты мақсат тұтқан.
1923 жылы «Сана» журналында
«Ақан сері» атты мақала жариялаған
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
234
Достарыңызбен бөлісу: |