ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Сонда ғана тарихи шындыққа сай
пікір айта аламыз.
С. Мұқанов оқулығында В. И. Ле-
ниннің әр ұлттың мәдениетінде екі
түрлі мәдениеттің элементі болаты-
ны, мәдени-әдеби мұраны зерттеген-
де қай таптың идеологиясы тұрғы-
сынан жазылғанына ерекше назар
аудара отырып тексеруді басты мақ-
сат етіп қойғандықтан, «ұлтшылдық-
байшылдық дәуір», «пролетарлық
дәуір» деп жіктеп әкеткен. Бұлай
бөлуге сол кездегі қатты өріс алған
«ұлтшыл-алашордашыларға» қарсы
күрес ерекше ықпал жасап, ақын-
жазушылардың шығармаларын тал-
дау барысында обьективтілік пози-
ция ұстауға мәжбүр болған. Ленин-
нің әдеби мұра туралы пікірлері мен
сталиндік социализм жеңген сайын
тап күресінің күшейе түсетіні ту-
ралы көзқарастың әсерінен туын-
даған көркем әдебиет саласындағы
қателіктер бұл оқулықта да орын
алған. «Ұлтшыл-алашордашылар»
деп жала жабылған дарындарды бы-
лай қойғанда, С. Торайғыров, С. Дө-
нентаев, Б. Күлеев, М. Әуезовтер де
ұлтшылдық әдебиеттің өкілі ре тінде
көрсетіліп кеткен. Бүгінге «ұлт-
шыл-алашордашыл» атанған қа-
зақ зиялылары ақталғаннан кейін
бұл оқулыққа ғылыми дәйексіз пі-
кірлер де айтыла бастады. «ХХ ға-
сырдағы қазақ әдебиетіне» баға
бер
генде Қазақстанда «ұлтшыл-
алаш ордашыларға» қарсы күрес
тек қазақ әдебиеттану ғылымында
ға на емес, мәдениеттің барлық са-
лаларында жүргенін және оны
тудырған С. Мұқанов емес екені есте
ұсталуы қажет. Әдебиеттегі «ұлт-
шыл-алашордашыларды» әшкере леу
сол кездегі барлық мақалаларда,
Ғ. Тоғжановтың, Е. Бекеновтің, т.б.
еңбектерінде, М. Қайыпназаровтың
баяндамаларында ғана емес, Қа-
зақстан өлкелік партия ұйымының
қаулы-қарарларында да айтылып
қалып отырылды. Ендеше бұл кү-
рестің С. Мұқанов оқулығында кө-
рінуін сол дәуірдегі идеологиялық
күрестің әсерінен, заман ағымынан
деп түсінген жөн. Бірақ, біздің оқу-
лықтағы артық-кем пікірлерді за-
манға жауып, С. Мұқановты ақ-
тап алайық деген ойымыз жоқ.
Ең бекте ақын-жазушылардың шы-
ғар ма ларының мазмұны мен идея-
сы бұрмаланып, шектен тыс қаза
тексеріліп ұлтшылдық сарын із деу
айқын сезілетіні рас. Тіпті С. То-
райғыровтың «Кедей» поэмасын
ұлт шылдық көзқараста деп талдауы,
М. Әуезовтің «Қилы заман» по-
весіндегі он алтыншы жылғы ұлт-
азаттық көтеріліс кейін социалистік
заманға қарсы күреске жалғасты де-
ген сияқты пікірлерін кейінірек автор-
дың өзі де, басқа әдебиетші-ғалым-
дар да түзетті. Ал А. Байтұрсынов,
М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Айма-
уытов шығармашылығы туралы кел-
сек, олар жайында «ХХ ғасыр басын-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
193
Достарыңызбен бөлісу: |