ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
мен, үлкен іс болар еді. Екіншіден,
асығыстық істеуге тура келеді. Сон-
дықтан әдебиетіміздегі пролетариат
дәуірінің өркендеуін алдыңғы күн-
нің міндетіне қалдырдық», – деп
ашық жазды. Бұл пікірге тереңірек
мән беретін болсақ, жиырмасын-
шы жылдардың бас кезінде қазақ
әдебиетінің қазақ тарихын ауызша
және жазба әдебиет деп қана бөле
алған ғылыми-зерттеушілік ой-пікір
М. Әуезов пен Х. Досмұхамедовтің
еңбектерінде «ХV-XVІ ғасырлар-
дағы әдебиет және XVІІІ-XІX ғасыр
ақындары» деген ғылыми термин-
дік ұғыммен толықса, С. Мұқановта
«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» де-
ген дәуірге тармақталған. Әдеби мұ-
раны зерттеуге деген оң бағыттағы
көзқарас 1925 жылдан бастап өріс
ала бастағанын ескеретін болсақ,
қазақ әдебиеттану ғылымының туу
кезеңінде әдебиет тарихын дәуірге
бөліп тексеру жолындағы жаңа қадам
екенін атап айтпауға болмайды.
С. Мұқановтың еңбегін сөз еткен-
де сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік хал-
ахуалға тарихи шындық тұр ғы сы -
нан қарамаса болмайды. Ұлттық ғы-
лы ми-зерттеушілік ой-пікірге маркс-
тік-лениндік әдіснаманың үс тем ді-
гі толық орнап, В. И. Ленин нің «екі
түрлі мәдениеттің элементі бола-
тыны туралы» қате қағидасына сай
оларды әдебиет тарихынан та бу орын
алып жатқан болатын. «Ұлтшылдық-
буржуазиялық әдебиетті» іздегенде
оған кеше ғана «Алаш орда» құра-
мында болған ақын-жазушылар-
дың ілінгеніне еш таңдануға бол-
майды. Өйткені, оқулық шығардың
алдында ғана олар социалистік қо-
ғамға жат элементтер ретінде алас-
татылды, сотталды, атылды. Сая-
сат пен идеология қатаң талап етіп
отырғанда, бұған яғни, «ұлтшыл-
алашордашыларды» әшкерелеуге, төң -
керісшіл бағыттамын деп есеп тей-
тіндердің бәрі қатысты. Олар жина-
лыстарда, жарыссөзде сөйледі, ма-
қалалар жазды, айыптағыш баянда-
малар жасады. Оған ҚазАПП тарапы-
нан болған әпербақандықты айтсақ та
жеткілікті. Міне, осындай жағдайда
оның барлығына С. Мұқановты кінәлі
санап, қазірде кейбір мақалаларда ай-
тылып жүргендей, олар туралы кітап
жазғанын тілге тиек ете берудің жөні
жоқ. Жалпы Сәбең оқулығына пікір
айтқан уақытта біріншіден, «ұлт шыл-
алашордашыл» атанған арыстары-
мыз кітап шыққанға дейін-ақ атыл-
ғаны атылып, қалғаны айдалып кет-
кені есте ұсталуы керек. Екіншіден,
маркстік-лениндік әдіснама негізінде
еңбек жазған, пікір білдірген жалғыз
С. Мұқанов емес екенін ұмытпаған
жөн, «ұлтшыл-алашордашылдыққа»
деген қате көзқарас бертінге дейін
жалғасып келді. Сәбеңді кінәлағыш
«білгіштердің» қалған елу жылға тар-
та уақыт ішінде бұл кемшілікті неге
түзетіп алмағанын тіке сұрау керек.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
192
Достарыңызбен бөлісу: |