ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
зерттеушілік ой-пікірдің өсу, толысу
жолын көрсетеді.
Ж. Аймауытұлымен бірігіп жаз-
ған «Абайдан соңғы ақындар» ма-
қаласындағы ұлт әдебиетін тарихи
тұрғыдан тану жолындағы баста-
маны М. Әуезов 1923 жылы жазған
«Қа зақ әдебиетінің қазіргі дәуірі»
атты мақаласында тереңдетіп әкетті.
Автор ұлттық әдебиет қашан, кімнен
бас талды (мақалада жазба әдебиет. –
Ж. С.
) деген проблемалық сұраққа
1920 жылдардың бас кезіндегі ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдің өресі-
мен жауап беруге талпынған.
Біздің ойымызша, М. Әуезовтің
ғылыми жаңашылдығы қазақ әде-
биетінің тарихын дәуірге бөліп тек-
серуге жасаған тағы бір қадамында
жатыр. Алдыңғы мақалада бір дәуір
ақындарын Абайдан соңғы ақындар
деп алса, бұл еңбегінде Абайдың
алдындағы ақындар деп бірнеше да-
рындарды атайды. Соған қарағанда,
М. Әуезов қазақ әдебиетінің тари-
хын Абайға дейінгі және кейінгі
әдебиет деп бөліп қарастыруға кө-
ңіл аударған. Нақты айтсақ, жаз-
ба әдебиет Абайға дейін басталды
дейді де, оны «көшпелі дәуір» деп
атап, басты сарыны қайғы-зар бол-
ғанын тілге тиек етеді. Ал Абайдан
бері басталған дәуірінің сарыны
реа лизм екенін дәлелдейді. Бұған
қарағанда М. Әуезов әдебиет та-
рихын көркемдік әдіс тұрғысынан
дәуірлеуді мақсат тұтқан. Р. Мәр-
сековтің мақаласындағы ауыз әде-
биетінен кейінгі «жазудың қазақ
арасына көбірек тараған заманын-
дағы әдебиет» деп атаған кезеңді
М. Әуезов «көшпелі дәуір» деп
өзгертеді. Оны кейінірек «Әдебиет
тарихы» еңбегінде «Зар заман ақын-
дары» деп нақтылағаны да бел-
гілі. «Абайдың алдындағы адам-
дар деп Шортанбай, Алтынсарин,
Нарымбеттерді алу керек. Бұл адам-
дардың қайбірінің Абайдан жас бол-
ғандығын есеп қылуға болмайды.
Бәрінің жазған сөздеріндегі бетті,
белгілі сарынды есепке алу керек.
Осы соңғы екі сипатынан қарағанда
әл гі төртеуі қазақ әдебиетінің көш-
пелі дәуірінің ақындары деп саналуы
керек... Бұл дәуірдің ақындары жаз-
ба әдебиеттің басы екендігі даусыз»
деген пікірін проффессор Т. Кәкішев
«ғылыми-көркемдік жағынан ұшқа-
ры пікір» деп бағалайды [35]. Бұған
біз де келісеміз. Бірақ, мәселе жазба
әдебиетінің қашан басталғаны тура лы
пікірдің қате айтылуы мен көркем дік
әдіс тұрғысынан дәуірленуінде емес,
қазақ әдебиетінің тарихын дәуір ге
бөле отырып зерттеу проблемасы-
ның сол кездің өзінде көтеріліп,
оған тың бағыттағы ізденістер жаса-
уында. Сонымен қатар, сол кез-
де айтылып жүрген қазақ жазба
әдебиеті Абайдан басталады деген
пі кірге қарсы шығып, әдебиет тари-
хын тереңірек, Абайдың алдындағы
дә уірлерден бастап тексеру керек
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
151
Достарыңызбен бөлісу: |