Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
49
екен. алғашқы күндері алла елшісінің қасынан
табылған сенімді адаммен кездесуге бәрі қатты
қуанды. сөйтіп, барлығы бірге мәдинаға қарай жол
тартты.
Бір кезде айша анамыз мінген түйе құтырып,
керуеннің қатарынан бөліне қашты. анасы Үммү
румән бұған алаңдап, қорқып кетті. мүминдердің
анасы әрі алла елшісінің болашақ жары айша (р.анһа)
асыл аманат болатын. сондықтан ешқандай залал
тигізбей, иесіне тапсыру керек еді. Қатты алаңдап:
– Қызым бірдеңеге ұшырап қалмасын, – деп да-
уыстады. Дауысынан қызына деген сүйіспеншілігі
мен аналық мейірімін байқау қиын емес еді
44
. алайда
аласұрған түйе ешкімге жеткізбей шауып бара жатты.
артынан қуалағанменен жеткізбесі анық еді. Үммү
румән қызы көштен алыстап бара жатқан сайын
жарұшыра дауыстап:
– Бұйданы жерге таста! – деді.
Жерге түскен бұйда бір нәрсеге ілініп қалса, түйе
алысқа кете алмас деп ойлады.
айтқандай, жерге тасталған бұйда жолда
бір бұтаға оралып қалды да, түйе алысқа ұзамай
тоқтады
45
.
абыржып азан-қазан болған көштегілер құтырған
түйені тізгіндеп, керуенге қайта қосып, сапарды қайта
жалғастырды.
44
Қараңыз: Хаким, мүстадрак 4\5, 6 (6716); Ибн сағд, Табақат 2\63;
Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\183 (296); Хәйсәми, мәжмәуз
зәуәид 9\366; Зәһәби, сияр 2\152; Ибн абдулбарр, Истиғаб 4\1936.
45
Қараңыз: Табарани, әл-мұжамул кәбир 23\183 (296); Хәйсәми,
мәжмауз-зәуәид 9\366; Тахмаз, әс-сәйидәту айша 27
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
50
Бұл сапар аяғы ауыр Әсма анамызға ауыр тиді.
Кубаға келген кезде тіпті жүруге әл-дәрмені қалмады.
Толғақ қысқан Әсманың жағдайын байқаған
көштегілер мәдинаға аз қалса да тоқтауға мәжбүр
болды. сөйтіп, осы сапар үстінде дүниеге абдуллаһ
деген ұл келді. Дүние есігін жаңа ашқан хазірет
абдуллаһ һижрет жолаушыларынан бұрын мәдинаға
жеткізіліп, бәрінен бұрын алла елшісінің алдына
әкелінді. Бұл нәресте хазірет мұхаммед (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) пен Әбу Бәкір жанұясының
мәдинаға жеткенін білдіретін хабар еді.
Жүзі
жадырап,
қолына
баланы
алған
пайғамбарымыз нәрестенің атын абдуллаһ деп
қойды. сосын бір құрма алдырып, шайнады да,
баланың таңдайына дәм татқызды (тахниқ). айша
анамыздың жиені хазірет абдуллаһтың алғаш татқан
дәмі пайғамбарымыздың мүбәрак сілекейі араласқан
құрманың осы суы болды. Осыдан кейін кішкентай
абдуллаһқа жақсылық тілеп, дұға етті
46
. Бұл сәби аты
әйгілі сахаба абдулла ибн Зүбәйр болатын.
Оба
Бұл мүбәрак көш үш айлық сағынышын арқалап,
алып-ұшып мәдинаға да жетті. Бұл кезде алла елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешіт құрылысымен
айналысып жатты.
меккедегі қиындықтар артта қалып, қыспақтан
құтылған мұхажирлердің қуанышын төтеннен келген
46
Қараңыз: Бұхари, мәнақибул ансар 45 (3909, 3910); мүслим, Әдәб
25-26 (2146); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\54, 206
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
51
ауру сап тыйғандай болды. мәдина қаласының
ауасына үйренбеген мұхажирлер белгісіз ауруға
шалдыға бастады. Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) де ауруға
шалдықты. ыстығы көтеріліп, еш нәрсеге зауқы
соқпады. Өзіне көмек қолын созатын әлдекімді күтіп
жатқандай еді. Оба мұхажирлерді баудай түсіріп
жатты. Тіпті, сахабалардың кейбірі намазды отырып
оқуға мәжбүр болды. мекке мүшріктерінің әр түрлі
қысымына қарамай тік тұрып намаз оқыған намаз-
дарын енді отырып оқығанын көрген расулалла са-
хабаларына қарап, сонда да түрегеп тұрып оқудың
артықшылығын білдірді:
– мынаны жақсы біліңдер, намазын отырып
оқыған адамға түрегеп оқыған сауаптың жартысы
ғана беріледі
47
. Бұны естігенде, сахабалар намазды
барынша түрегеп оқуға күш салды.
Бір күні айша анамыз жарынан рұқсат сұрап,
төсекте науқас тартып жатқан әкесінің қасына келді.
мәдина обасының құрығына іліккен амир ибн фу-
хайра мен Біләл Хабаши да сол жерде екен. меккеде
көрмегені жоқ екеуін исламды қабылдағаннан кейін
әкесі хазірет Әбу Бәкір (р.а.) мүшрік қожайындарынан
сатып алып, азат еткені бар.
Әлі хижаб жайлы аят түспегендіктен, жанын-
да екі ер кісінің болғанына қарамастан айша (р.а.)
әкесіне еркін келіп-кететін. Әуелі әкесінің қасына
барды. Бірақ түрін көрген кезде шошып кетті. Төсекте
адам емес тірі әруақ жатқандай. ыстығы көтеріліп, есі
47
Қараңыз: Тирмизи, салат 247; Ибн мажә, салат 141; ахмад ибн
Ханбал, мүснәд , 2\192, 203, 214; Ибн Кәсир, әл-Бидая 3\224
|