Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет15/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   152
Айша

Қасиетті көш
Бұл неке туралы келісім жасалғанмен айша 
анамыз әлі де әкесінің үйінде тұрып жатты. Бұл 
кездері алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
айналадағы тайпаларды исламға шақыра бастады. 
Жәрмеңкелерді аралап жүріп, ақиқатты қабылдайтын 
көзі ашық адамдарды іздеді. Осы мақсатта Таифқа да 
38
Хаким, мүстадрак 4\6 (6716)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
43
барғаныменен көп кедергіге ұшырап, кері қайтуға 
мәжбүр болды. 
алла елшісінің өмірінен орын алған, барлық 
қайғы-қасіретін ұмыттыратындай зор ілтипатқа 
жеткізген миғраж оқиғасы да осы кезде жүзеге асты. 
Қою түннің ортасында әл-ақсаға барып, ол жерден 
жеті көктің арғы жағына сапар шегіп, сол түні қайтып 
оралды. Бұл оқиға меккеліктердің дінге шабуыл 
жасаудағы жаңаша ұранына айналды. Өздерінің 
саяз саналарымен ойлап, терең иманның не екенінен 
мақұрым болған бұл бейбақтар мұны мүмкін емес 
деп біліп, адамдарды алланың пайғамбарынан суыту 
үшін таптырмас мүмкіндік деп ойлады. 
Бірақ, олар тағы да жаңылған еді. Иман мен 
күпірліктің арасындағы пердені алып тастап, мүминді 
одан да күшті иманға жеткізген, ал кәпірді күпірліктің 
тұңғиығына тарта түскен осы оқиғаның нәтижесінде 
хазірет Әбу Бәкір өзінің кіршіксіз адалдығын 
дәлелдеді. Болған жағдайларға осы отбасының бір 
мүшесі және болашақ пайғамбар жары ретінде айша 
анамыз да куә болды. 
меккелік мүшріктер бұған да мұрын тыжы-
райтты. соншама мұғжизаға куә болғандарына 
қарамастан тағы да қарсылық танытып, қысым жа-
сауды доғармады. Бұл жағдайлар пайғамбарымыз 
бен жолдастары үшін меккедегі күндердің 
аяқталғанын көрсетті. расулалла түс көріп, меккедегі 
мүшріктердің қоқан-лоққысынан құтылу үшін саха-
баларына мәдинаға көшуді бұйырды. Бірақ бұл көш 
соншалықты оңай жүзеге асатын нәрсе де емес еді. 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
44
алланың елші (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Әбу Бәкірдің үйін өз үйіндей көретін. Бұл үйге бас 
сұқпай кеткен күні жоқ. Болып жатқан мәселелердің 
барлығында жан жолдасымен ақылдасып шешуге ты-
рысатын. 
Бір күні әдеттегіден тыс түсте бас сұқты. Бәрі 
таңданып қалды, балалары жүгіріп барып әкелеріне 
хабар берді. 
Хазірет Әбу Бәкір досына сыралғы еді. Үйіне 
қай уақытта келіп, қай уақытта кететіні де өзіне бес 
саусақтай мәлім. Оның үстіне хазірет мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қылдай қиянатқа жол 
бермейтін жан. сондықтан, дем алатын уақытта 
өзгелерді мазаламағанды жөн санайтын, адам құқын 
құрметтеу керектігін іспен көрсететін. Осылардың 
барлығына сақтықпен қарайтын алланың елшісі 
тал түсте үйіне келіп тұрған болса, міндетті түрде 
маңызды мәселе бар деген сөз. 
Ішке кіре сала алланың елшісі үйдегілерді меңзеп 
Әбу Бәкірге (р.а.): 
– Оңаша әңгімелессек деп едім, – деді. Дегенмен, 
Әбу Бәкірдің жанұясы сыр сақтауды жақсы білетін. 
Олар расулалланың қасында жүрген аса сенімді 
жандар болатын. сол себепті Әбу Бәкір (р.а.): 
– Жолыңа жаным құрбан, уа, алланың елшісі! 
Олар өзіңе жақын адамдар, – деді. 
расында, Әсма да, айша да пайғамбарлықтың 
алғашқы жылдарынан бастап оларға ең жақын болып, 
ешкімге ләм-мим деп сыр ашқан емес. 
Өте маңызды мәселеге осылай екі қыз да куә 
болды. алайда, хазіреті Әбу Бәкір (р.а.) әлі де 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
45
досының келу себебін білмей, таңдана қарады. сонда 
адамзаттың ардақтысы:
– меккеден шығып, һижрет жасауға маған да 
рұқсат берілді, – деді. Бұл хазірет Әбу Бәкірдің көптен 
бері күтіп, бірақ уақытын шамалай алмай жүрген 
нәрсесі еді. меккенің ауыр күндері артта қалып, 
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сенімді бір жерге көшетінін естіген сәтте толқып 
кетті. Бірақ, бұл сапарда өзін алла елшісі (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) серік ете ме, жоқ па біле алмай 
алаңдады. Толқығанын жасыра алмай қобалжыған 
дауыспен:
мен сенімен біргемін бе? – дегенде, 
– Иә, екеуміз бірге көшеміз, – деген қуанышты 
хабарды естіді. 
Қуанғаннан көзінен жас сорғалап, іштейгі 
толқынысын көз жасымен шығарғандай болды. Төбесі 
көкке жеткендей, айрықша сезімді бастан кешті. 
Әкесінің бұл қуанғаны екеуін мұқият бақылап 
тұрған айша анамыздың назарынан тыс қалмады. 
Әкесіне қарағанда, оның қуаныштан көзіне жас 
алғанын көрді
39
.
Ендігі жағдай күрт өзгерді. алланың елшісі де 
һижрет жасауға дайындалды. Осы сәттен бастап Әбу 
Бәкірдің жанұясында һижреттен басқа ештеңе айтыл-
майтын болды. айша анамыз әпкесі Әсма
40
мен анасы 
Үммү румәнмен бірге жол дайындығына кірісіп кетті. 
Хазірет Әсма мен одан он жас кіші сіңлісі хазірет 
айша анамыз қасиетті көшке ең алғаш куә болған екі 
39
Табари, Тарих 1\569; Ибн Һишам, сира 3\11
40
Ол кезде жиырма жеті жастағы хазірет Әсма Зүбәйр ибн аууаммен 
некеде болатын. Тіпті, һижрет кезінде абдуллаһ ибн Зүбәйрге алты 
айлық жүкті еді. 



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау