Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет141/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   152
Айша

«Турасы, олардың 
негізгі кездесу уақыттары қиямет уақыты, қиямет 
сағатының қорқынышы айтып жеткізе алмастай 
күшті және ащы!» 
(Қамар, 54\46) деген аят түсті»
752
дейді. 
Бұл сөздер бізге оның жасына қатысты біраз де-
ректер береді. мысалы:
анамыз тілге тиек еткен аят «Қамар» сүресінің 46-
аяты және тұтастай түскен бұл сүренің пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ибн Әрқамның үйінде 
және пайғамбарлықтың төртінші (614)
753
, сегізінші 
(618) немесе тоғызыншы (619)
754
жылы түскеніне 
қатысты түрлі риуаяттар бар. Әсіресе, айдың екіге 
бөліну оқиғасын және сол күні осындай мұғжизаға 
деген қажеттілікті ескерген кейбір ғалымдар сол 
жылдың 614 жыл екенін айтады. Бұл мерзімді негізге 
алатын болсақ, айша анамыз әлі дүниеге келмеген 
немесе енді ғана туылған деген сөз. 618 немесе 619 
752
Бұхари, фадаилул Құран 6 (4707), Тәфсиру сура 54\6 (4876), нәсәи, 
фадаилул Құран 1\65, абдурраззақ ибн Хаммам, мұсаннаф 3\352, 
айни, Умдәтул Қари20\21, Ибн Хажар, фәтхул Бари 1\319, 9\39. 
мәселеге қатысты түрде кітаптың басындағы «мекке естеліктері» 
деген тақырыпқа және №20 сілтемеге қарауға болады.
753
суюти, Итқан 1\29, Доғрул, асры саадат 2\148
754
сегізінші немесе тоғызыншы жыл болуы ай айырмашылығынан ту-
ындайды. Өйткені, кейбір риуаяттарда сегізінші жылдың сегізінші 
айы сияқты мәлімет бар.


Айша анамыздың некелескендегі жасы
427
жыл негізге алынатын болса да жағдай онша өзгере 
қоймайды. себебі бұл жағдайда ол әлі төрт немесе 
бес жаста деген сөз. Бұл екі жас та аталмыш оқиғаны 
ұғынып, бірнеше жылдан кейін айтатындай жас 
емес. айша шамамен пайғамбарлық келген кездерде 
туылған болса керек
755

Осы жерде анамыздың айтқан бір сөзі айрықша 
назар аудартады. айша алла елшісіне некелескен кезі 
жайлы «Ол күндері мен ойын ойнап жүрген қыз едім» 
дейді. Бұл жерде қыз сөзіне арабтың сөзін қолданған. 
Жария сөзі бойжеткенді білдіретін сөз. ал кішілерге 
«тыфла», одан кішілерге «сыбия» делінеді. Жариядан 
кейін жастарға фития немесе футия сөзі қолданылады. 
Бұл жастағы қыз балалар орамал тағып, балалармен 
ойнауды қойып, үй шаруасына айналысады
756
. араб 
ақыны ибн яра осы жастағы біреуді меңзеп, былай 
дейді: «сегіз жасқа келгенде енді ол мен үшін бір 
жария емес, Утба немесе мұғауиямен некелестіруіме 
болатын қалыңдық».
ал ғалымдардың бір бөлігі жария сөзінің он бір 
жастан жоғары қыз балалар үшін қолданылғанын 
айтады
757

755
Қазіргі кезде бұл деректерді саралап, есеп жүргізген ғалымдар 
айша анамыздың үйленген кездегі жасының кем дегенде он төрт 
болғанын, мұның жиырма екі, жиырма үш, жиырма төрт немесе жи-
ырма сегіз болуы да ықтимал екенін айтады. Бұл ешқандай негізге 
сүйенбейтіндіктен мұндай жорамалдарды жазбадық.
756
Ибн манзур, лисанул араб 15\145, Забиди, Тажул арус, «ж-р-у» 
бабы. негізінде теңізде кемелердің тез жүрісін көрсететін бұл сөз 
уақыт өте келе үй істерінде шапшаң қимылдайтын қызметші немесе 
қыз үшін қолданыла бастаған. Қараңыз: Ибн манзур, лисанул араб, 
Забиди, Тажул арус «ж-р-у» бабы.
757
Ибн манзур, лисанул араб 10\128 14\139


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
428
Бұл сөздің қай жастағы қыз балаға қолданылғанын 
айша анамыздың мына оқиғасы да көрсетеді. 
мысалы:
Бір жолы анамыз Үммү Талхатәт Талахатқа 
барады. Ол жерде балиғат жасындағы қыздардың ора-
малсыз намаз оқығанын көріп, дереу:
– Бұлардан жас қыздар (жария) орамалсыз намаз 
оқымасын! – дейді.
сосын оларға мынаны айтады:
– Бір жолы расулалла (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) келгенде қасымда бір жас қыздың (жария) 
намаз оқығанын көріп, маған бір пердені ұсынып:
мынаны екіге бөл де, онымен Үммү сәләмәнің 
бөлмесінің арасына тұт, – деді. Ол қыз бала да (жария) 
балиғат жасына енді толған қыз еді деп ойлаймын
758
.
Балаларға жеті жасқа келгенде намаз үйретіп, он 
жасқа келгенде одан да қаталырақ талап етуді айтқан 
алла расулының сөзі
759
және ауа райының ыстығы 
адамды ерте жетілдіретінін ескеретін болсақ, жария 
сөзінің жас мөлшері ең кемі жеті жас және оның он жас 
болуы да ықтимал. негізінде қай аяттың қай жерде 
түскенін біліп, оны басқаларға түсіндіре алатын жас 
та осы кездер. Олай болса, анамыз пайғамбарлықтың 
төртінші жылы емес, пайғамбарлықтан кем дегенде 
бірнеше жыл бұрын дүниеге келген дегенді білдіреді. 
«Қамар» сүресі түскен уақыт 614 жыл десек және 
жария сөзінің жас мөлшерінің ең азы жеті десек
анамыздың пайғамбарлықтан кем дегенде үш жыл 
бұрын туылғаны анықталады. Бұл 607 жылға сай 
758
ахмад ибн Ханбал, мүснад, 6\96 (24690)
759
Әбу Дәуіт, салат 26 (495)



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау