Халықты жұмыспен қамту туралы



жүктеу 271,81 Kb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата10.03.2018
өлшемі271,81 Kb.
#12095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

әлеуметтік қатер жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына 

әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және төлемдерді жүргізетін заңды тұлға;

      28) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке 

мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;

      29) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), 

жұмыстар мен қызметтер көрсетумен дара айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, 

отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы 

жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар;

      РҚАО-ның ескертпесі!

      30) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 

 Заңымен.

№ 482-V


      30) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама – халықты 

жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан 

Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларындағы (экономикалық

қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі 

сәйкес келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін белгіленген нысандағы құжат;

      31) ұзаққа созылған жұмыссыздық – ұзақтығы он екі және одан да көп айға созылған 

жұмыссыздық;

      32) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек 

нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын 

айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар 

қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      33) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық

үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      34) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар 

қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді 

шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және осы Заңға сәйкес жұмыспен 

қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

      35) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік 

корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір 

терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін 

қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық 

нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      36) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында 

еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің

шекті саны;



      37) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат – Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн 

тарту үшін жұмыс берушiге жергілікті атқарушы орган беретiн белгiленген нысандағы құжат.



2-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан 

Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де 

нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады.

      2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан 

Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерге, 

азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады 

және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, 

тiкелей қолданылады.



3-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары

      Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат толық, өнімді және еркін таңдап 

алынған жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және:

      1) жұмыс күшін дамыту, оның ұтқырлығын арттыру;

      2) ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси ұстанымына, дінге деген 

көзқарасына және кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, еңбек ету бостандығына және қызмет 

пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығын іске асыруда тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;

      3) азаматтардың еңбек және кәсiпкерлiк бастамашылығын қолдау, олардың өндірістік, 

шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесу;

      4) еңбек нарығының қажеттіліктеріне және оның даму перспективаларына сәйкес кадрлар 

даярлауға бiлiм беру жүйесiн бағдарлау;

      5) жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін 

іс-шараларды жүзеге асыру;

      6) жаппай жұмыссыздықтың алдын алу және ұзаққа созылған жұмыссыздықты қысқарту;

      7) жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру және жұмыссыздықтан 

әлеуметтік қорғау;

      8) еңбек нарығына қатысушылардың күш-жігерін біріктіру және халықты жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде олардың әрекеттерінің келiсілуі;




      9) халықты жұмыспен қамту орталықтары және жұмыспен қамтудың жекеше агенттiктерi арқылы 

еңбек делдалдығын ұйымдастыру;

      10) iшкi еңбек нарығын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу арқылы қорғау;

      11) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi 

атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру;

      12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу 

мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiру мен реттеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге

асыру;


      13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан 

Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты

жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;

      14) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатпен келісілген, жұмыс орындарын 

және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруды ынталандыратын қаржы, 

салық және инвестиция саясатын жүргізу жолымен іске асырылады.



4-бап. Жұмыспен қамтылған халық

      Жұмыспен қамтылған халыққа:

      1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты ақы үшiн толық не толық емес 

жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (еңбек функциясы) бар;

      2) өзін-өзі жұмыспен қамтыған;

      3) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;

      4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери 

құралымдарында, құқық қорғау органдарында және арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткерiп 

жүрген адамдар жатады.

5-бап. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары

      Мемлекет:

      1) жұмыс түрін және жұмысты таңдау еркіндігіне;

      2) кемсітушіліктің кез келген нысандарынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда, жұмыспен 

қамтылу мен еңбек жағдайларын таңдауда мүмкіндіктер теңдігіне;



жүктеу 271,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау