"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жӛніндегі шаралар туралы



жүктеу 279,99 Kb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата14.05.2018
өлшемі279,99 Kb.
#13016
1   2   3   4   5   6   7   8

      

Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2014 

№ 170

 қаулысымен (алғашқы 



ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      19. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада 



белгiленген тәртiппен салық салынады.  

      20. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, 

жарақаттануынан немесе денсаулығының ӛзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды ӛтеу 

жӛнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы тӛлеудi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс берушi 

жүргiзедi.  

   5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың  

 тәртiбiн бақылау  

      21. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн бақылауды 

мемлекеттiк органдар заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.  

   6. Қоғамдық жұмыстар бойынша есепке алу және есептiлiк  

        22. Жұмыспен қамту жӛнiндегi уәкiлеттi орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:  

       1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;  

      2) статистика жӛнiндегi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар 

жӛнiнде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептердi жүргiзедi;  

      3) белгiленген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi жӛнiндегi орталық атқарушы органға 

қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жӛнiнде есептiлiктi ұсынады. 

      Ескерту. 22-тармаққа ӛзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 

№ 600

 Қаулысымен.



 

  Қазақстан Республикасы       

 Yкiметiнiң            

 2001 жылғы 19 маусымдағы      

 N 836 қаулысымен         

 бекітілген            



   Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы 

      Ескерту. Қаулы Қағидамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.27 N 972 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі); ӛзгеріс енгізілді 

- ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1772 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн 

ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

 

 1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Қағида әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қаржыландыру және оларға 

халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды 

(бұдан әрі - Қағида). 



      2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтар  және әлеуметтік жұмыс 

орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» 

автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады. 

   2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру 

      3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан 

ұйымдастырылады. 

      4. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және 

мынадай ерекшеліктері бар: 

      1) арнайы нысаналы топтарға арналған; 

      2) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта  болады және оны 

ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс  орындарын пайдалануға болмайды. 

      5. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы: 

      1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері 

бойынша консультация береді; 

      2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын 

жұмыс берушілерден осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӛтінім жинауды жүзеге 

асырады; 

      3) барлық ұсынылған ӛтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті 

ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органына қарауға 

және бекітуге ұсынылады. 

      


Ескерту. 5-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 

N 378


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 

      6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органы 



жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде ӛзінің шешімімен ӛңірлік еңбек 

нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс 

берушілердің тізбесін бекітеді және қажеттігіне қарай оны жаңартып отырады. 

      


Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 

№ 1772


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 

      7. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес 



жұмыс берушімен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс 

орындарын қаржыландыру туралы шарт жасайды. 



   3. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына жәрдемдесу 

      8. Уәкілетті органдар және/немесе халықты жұмыспен қамту орталықтары: 

      1) азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға байланысты мәселелер бойынша 



консультация береді; 

      2) жасалған шарттарға сәйкес халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды 

ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін жұмыс берушілерге жібереді. 

      9. Азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасу үшiн жiберу 

кезiнде мыналар ескерiледi: 

      1) жіберілетін азаматтар уәкілетті органда немесе халықты жұмыспен қамту орталығында 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан 

Республикасының Заңына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген және халықтың нысаналы 

топтарына жатуға тиіс, сондай-ақ еңбекпен оңалтуға мұқтаж ретінде мүгедектер қатарындағы 

азаматтар; 

      2) жолдама беру сәтiнде жiберiлетiн азаматтар үшiн уәкiлеттi органда және/немесе халықты 

жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек. 

      

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 



№ 1772

 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 

      10. Азаматтар ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына он екі айлық кезеңде бір рет 



қана орналаса алады және тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. 

      11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азамат 

жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Бұл 

ретте жұмыс беруші уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты 

жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың кӛшірмесін жолдайды. 

   4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру 

      12. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа 

орналасқан азаматтарға еңбекақы тӛлеуге жұмыс берушінің шығыстарын ӛтеуге мемлекеттік 

бюджеттен субсидия беруді қамтиды. 

      13. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар 

негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға 

аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде 

кӛзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады. 

      14. Уәкілетті орган ай сайын, жұмыс берушінің осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан 

бойынша ұсынған мәліметтері негізінде, жұмыс берушінің жұмысқа орналастырылған азаматтарға 

еңбекақы тӛлеуге жұмсаған шығындарын ӛтеуге арналған соманы жұмыс берушінің есеп айырысу 

шотына аударуды жүргізеді. 

      15. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарға еңбекақы 

тӛлеуді ай сайын, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мӛлшер 




жүктеу 279,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау