"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жӛніндегі шаралар туралы



жүктеу 279,99 Kb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата14.05.2018
өлшемі279,99 Kb.
#13016
1   2   3   4   5   6   7   8

      Осы Ереже жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың 

тәртiбiн белгiлейдi.  



   1. Жалпы ережелер  

      1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын 

талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және Қазақстан Республикасының азаматтарын 

уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті 

органның жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар 

деп түсініледі. 

      

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 



N 1188

 қаулысымен (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      2. Ақы тӛленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, 



зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады. 

      


Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2014 

№ 170


 қаулысымен (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      3. Қылмыстық және әкiмшiлiк заңнамада кӛзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жӛнiндегi 



құқықтық қатынастарды ереже реттелмейдi.  

        4. Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да тӛтенше жағдайлардың 

зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға 

жатпайды.  

      5. Жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды қоғамдық 

жұмыстарға олардың келісімімен жібереді. 

      

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 



N 1188

 қаулысымен (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

   2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру  

      6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және олар 

жергілікті бюджеттердің және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың ӛтінімдері бойынша 

қаржыландырылады. 

      


Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 

N 1188


 қаулысымен (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      7. Аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қоғамдық 



жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның кӛлемі туралы 

шешімдер қабылдайды. 

      

Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 



N 1188

 қаулысымен (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).

 



        8. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде:  

       қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;  

       қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, кӛлемi 

мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мӛлшерi және оларды 

қаржыландырудың кӛздерi бекiтiледi.  

        9. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жұмыспен қамту мәселелерi жӛнiндегi 

уәкілеттi органдар жұмыс берушiмен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт 

жасасады.  

      Жұмыспен қамту мәселелерi жӛнiндегi уәкiлеттi орган мен жұмыс берушi арасындағы 

қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарттың нысанын орталық атқарушы орган 

бекiтедi.  

        10. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және 

олардың мынадай ерекшелiктерi болады:  

       1) жұмыссыздарға әдейi арналған;  

       2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және 

оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға 

болмайды;  

       3) толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру 

мүмкiндiгi;  

       4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдалы;  

       5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк берiледi.  

        11. Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырған 

кезде қаржыландырудың тәртiбi мен шарттарын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.  

       Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да тӛтенше жағдайлардың зардаптарын 

жоюға қатысы жоқ жұмыстар мен қызметтер кӛрсетудi мемлекеттiк сатып алуды, ғылыми 

талдамалар мен эксперименттердi жүргiзген кезде конкурстық құжаттамаға қызметкердiң алдын 

ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды тарту туралы 

талаптар және осындай жұмыстардың тiзбесi енгiзiледi.  

       Конкурсқа қатысушы ӛзiнiң конкурстық ӛтiнiмiнде алдын ала кәсiби даярлықты талап 

етпейтiн жұмыстардың кӛлемiн (санын) және қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздар 

санын мiндеттi түрде кӛрсетедi.  

       Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңiмпазымен шарт жасасқан кезде шартта қоғамдық 

жұмыстардың құнын жеке жолға жазып кӛрсетедi.  

       Конкурсты ұйымдастырушы шартты тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аумағында 




жұмыстар орындалатын облыстың (қаланың) жұмыспен қамту мәселелерi жӛнiндегi уәкiлеттi 

органына қоғамдық жұмыстардың құнын, мердiгер(лер)дiң атау(лар)ын, қоғамдық жұмыстарға 

жатқызылған жұмыстардың тiзбесiн, мердiгер тартатын жұмыссыздардың санын кӛрсете отырып, 

жасалған шарттар туралы хабарлайды.  

       Конкурс жеңiмпазы - мердiгер жұмыспен қамту мәселелерi жӛнiндегi уәкiлеттi органдарға 

алдын-ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн қоғамдық жұмыстардың тiзбесi, оларды 

ұйымдастыруға бӛлiнетiн қаражат сомасы, жұмыссыздарға қажеттiлiк туралы мәлiметтердi 

жеткiзуге және қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасуға мiндеттi.  

      Жұмыспен қамту мәселелерi жӛнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды мердiгерге конкурсты 

ұйымдастырушының және мердiгердiң ақпаратында кӛрсетiлген қажеттiлiкке сәйкес жiбередi. 

      

Ескерту. 11-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 



N 1188

 қаулысымен (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

        12. Қоғамдық жұмыстарды ӛзiнiң жеке қаражаты есебiнен, ӛзiнде ұйымдастыруға тiлек 



бiлдiрген жұмыс берушiлер жергiлiктi атқарушы органдарға ӛтiнiм бередi.  

   3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу  

        13. Жұмыспен қамту мәселелерi жӛнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздарды ұйымдардағы 

қоғамдық жұмыстарға жiберудi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүзеге 

асырады.  

      14. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберудi жұмыспен қамту мәселелерi жӛнiндегi 

уәкiлеттi орган тiркелу күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырады. 

        15. Мақсатты топтарға кiретiн жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен 

қатысуға құқығы бар.  

      16. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек 

заңнамасына сәйкес еңбек шарты жасалады. 

      

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2014 



№ 170

 қаулысымен (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      17. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен, ӛз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар 



жұмыспен қамту мәселелерi жӛнiндегi уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай 

ӛткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкiн. 



   4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы  

 тӛлеу  

      18. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы тӛлеу еңбек шартының 

негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын 

жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады. 




жүктеу 279,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау